Физиология қалыпты және қалыпсыз деп екіге белінеді

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Января 2014 в 18:55, реферат

Описание работы

1 "Адам физиологиясы" (жалпы және жастық) пәні.
2 Қимыл әрекеттің маңызы, физиологиялық мәні.
3 Өздігінен реттелу механизмі.
4 Өсу және даму процестері, оларға ортақ жалпы заңдылықтар.

Файлы: 1 файл

4.doc

— 819.50 Кб (Скачать файл)

Прессоқабылдағыштар тек  қана қолқа мен күре тамырларда емес, сонымен қатар, дененің басқа  аймақтарындағы тамырларда да бар (өкпеде, ішекте, бауырда және т.б.).

Хемоқабылдағыштар көк  бауырдың, бүйрек үсті безінің, бүйректің, жілік майының тамырларында орналасқан. Бұл хемоқабылдағыштар қандағы көмір қышқыл газы мен оттегінің мөлшерін ғана емес, адреналин және т.б. заттардың концентрациясын сезеді.

Сопақша ми мен жұлындағы  тамыр қимылдатқыш орталықтарынан басқа, тамыр өзегін реттеуге аралық ми (гипоталамус) мен үлкен ми қатысады. Гипоталамустың кейбір дәндерін тітіркендіргенде тамырлар тарылып, қан қысымы көтеріледі.

Үлкен ми қыртысының тамырлардың  ширығуын реттеуге қатысуын гипоталамус-ми тұтқасы-жұлын вазомоторлық жолдар дәлелдейді. Үлкен жарты шар тәрізді мидың кейбір бөлімдерін тітркендірсе немесе зақымдаса тамырлар жағдайы өзереді.

Ми қыртысының вазомоторлық реакцияларының дәрежесі мен маңызы бірдей емес. Ми қыртысының реттеуші рөлі тамырлардың шартты реакциясын жасауда  айқын байқалады.

Адамның тамырлар реакциясына сезім толқындары қатты әсер етеді. Бұл терінің реңі өзгерумен білінеді (бозару, қызару) және қан қысымы көтеріледі.

Тамырларға гуморальдық  әсерлер. Кейбір химиялық заттар (гармондар, медиаторлар)тамырлар қабырғаларына  төтенше әсер етіп, олардың өзегін тарылтады немесе ашады. Мысалы, бүйрек үсті безінің гармоны- вазопрессин тамырларды тарылтады. Адреналин мен норадреналин ішкі мүшелер, тері және өкпе қылтамырлары мен қызылтамыршаларын тарылтады. Осы гармондар концентрациясының көбеюі қан қысымының күрт көтерілуіне әкеледі. Вазопрессин қызылтамырлар мен қылтамырларды тарылтады.

Едәуір тамыр тарылтушы  әсерді бүйректе пайда болатын ренин  атты зат береді. Рениннің көптеп пайда  болуы бүйректің қанмен қамтамасыз етілуінің нашарлауымен және артериялық қан қысымының күрт төмендеуімен байланысты.

Тамырларды тарылтушы  затқа серотанин де жатады. Ол қан  кеткенде тамырларды тарылтып, организмді қансыраудан сақтайды.

Тамырлардың өзегін ашатын заттарға апцетилхолин, гистамин, медуллин, простагландин, брадикинин, аденозинүшфосфор қышқылы, сүт қышқылы, көмір қышқылы жатады.

Апцетилхолин парасимпатикалық жүйке талшықтарының ұшында пайда  болады. Ол ұсақ артерияларды ашады. Қанда  ол тез бұзылады да, жергілікті әсер етеді. Гистамин қарын мен ішек қабырғаларында, теріде, қаңқа еттерінде пайда болып, қызылтамырлар мен қылтамырлардың қанға толуын қамтамасыз етеді, әсіресе, құрсақ ішіндегі тамырлардың. Мысық көктамырына 1-2 мг гистамин жіберсе, қылтамырлар күрт ашылып, қан қысымы төмендеп, жануар өледі. Медуллин бүйректің милы қабатында пайда болады. Брадикинин - өте белсенді тамыр ашқыш зат. Ол қызылтамыршалар өзегін қатты ашады.

 

Жұмыс гиперемиясы

 

Жұмыс істеуші мүшедегі тамырлар өзегінің кеңеюінің және ондағы қан ағысының көбеюін жұмыс гиперемиясы  деп атайды. Бұл құбылысты тұңғыш байқап баяндаған Задлер (1875) және Гаскелл (1877). Оны жұмыс істеуші бұлшық етте  жиналған зат алмасу өнімдері әсерімен түсіндірген. Осы көзғарасты қазіргі замандағы зерттеушілер де ұстанады. Бұлшық еттер жұмыс істеген кезде онда гистамин, аденил, сүт және көмір қышқылдары пайда болады, калий иондарының концентрациясы көтеріледі. Айтылған заттар қызылтамыршалар қабырғаларына әсер етіп, ұзын салалы еттерінің босауына әкеліп, өзегін ашады. Ашылған қылтамырлар саны көбейіп, жұмыс гиперемиясы пайда болады. Жұмыс істеуші бұлшық еттерде пайда болған метоболиттер, тек қана қызылтамырлардың ұзын салалы еттеріне әсер етіп қана қоймай, ұлпалардың қабылдағыштарына да әсер етеді. Пайда болған қозу тамырлар өзегін тарылтатын орталыққа беріліп дененің қозғалысы белсенді емес аймақтарының тамырларын рефлекторлық жолмен тарылтады. Бұл процесті өтеу вазоконстрикциясы деп атайды, өйткені   жұмыс істеуші мүшеде қан ағысын жақсартады.

Еттегі тамырлар өзегі  жұмыс басталысымен бірге қолма-қол  ашылады. Қозғалтқыш тітіркеністердің бастапқы кездегі жиілігі қаңқа еттерінде жұмыс гиперемиясына әкеледі. өте жиі берілетін тітіркеністер еттердің тек қана жиырылу кезінде қанайналымын жақсартпайды, сонымен қатар, кейін олар босаған кезде де қанайналымын үдетеді.

Қорыта айтқанда, жұмыс гиперемиясы күрделі химиялық жүйкелік және механикалық факторлардың жиынтығымен туындайды. Бұлшық ет жұмысы кезінде қанның бөлініп таралуы организмнің жоғары жұмыс қабілетін қамтамасыз ету үшін қажет.

 

Жүктеме кезіндегі қанайналымы

 

Бұлшық ет жұмысына қажетті энергия негізінен органикалық заттардың толқуынан босайды. Сондықтан жұмыс кезінде оттегіге деген мұқтаждық көтеріледі. Ал оттегі қан арқылы жеткізілетін болғандықтан, қаңқа еттері мен жүрек етін қамсыз ету жоғары деңгейде болуы керек. Жүрек-қантамыр жүйесінің жоғары талаптарға сай бейімделуі, жүйкелік және гуморальдық реттелу жолдарымен іске асырылады.

Қанның айналымында  өзгерістер сөре алдында (жұмыс басталмай  тұрып) байқалады. Болашақ жұмыс  туралы ой ойлағанның өзінде, жүрек  пен тамырлардың функционалдық қайта құрылуы пайда болады. Қайта құрылу күрделі шартты және шартсыз рефлекстер механизмімен іске асады.

Жұмысқа дайындалу кезеңіндегі  симпатикалық жүйкелер орталықтарының қозуы және катехоламиндердің (адреналин, норадреналин) көптеп шығуы жүрек қызметінің күшеюіне, қанның қайта бөлінуіне  және қызылтамырлар қан қысымының көтерілуіне алып келеді. Осылардың барлығы қаңқа еттеріне, жүрекке, өкпеге келуші қанның көлемін көбейтеді.

Жұмыстың бастапқы кезеңінде  қанайналымын реттеуге қосымша рефлекторлық, гуморальдық және физткалық факторлар  қосылады. Ми қыртысы өзінің эфференттік  тітіркеністерін қимыл аппаратына жібере отырып, сол сәттерде вегетативтік жүйке жүйесінің  орталықтарына  да әсер етеді. Осыған орай симпатикалық жүйке орталықтарында қозу ары қарай күшейе түссе, пасимпатикалық жүйке орталықтарында тежелу жүреді. Жұмыс істеуші бұлшық еттерде қызылтамыршалар қабырғаларының ұзын салалы еттері және қылтамырлар алдындағы сфинктерлер босайды, нәтижеде тыныштықта іске қосылмай жатқан қылтамырлар ашылып, кеңейеді. Осылардың барлығы жергілікті жердегі қанайналуын күшейтеді.  Жұмыс істеуші бұлшық еттер тамырларының кеңеюі, ішкі мүшелер тамырлары мен жұмыс істемей тұрған дене бөлімдегі еттер тамырларының өзегі тарылуымен қабат жүреді.

Жұмыс істеліп жатқан кездегі жүрек пен тамырлар өзгерістері  қимыл аппараты проприоқабылдағыштарынан, тамырлар хемоқабылдағыштарынан, қандағы  қышқыл өнімдер концентрациялары жөніндегі  ақпарат беруші тітіркеністермен күшейеді.

Қаңқа еттерінің жұмысы, әсіресе динамикалық жұмыстар, веноздық қайтымды көбейту арқылы, жүректің жиырылғыштық қасиетін арттырады. Бірақ, жүрек жұмысы қуатының артуында механикалық  жағдайлардан гөрі, симпатикалық жүйкелердің  қуаттандыруы маңыздырақ. Жүрек етінің жиырылуы күшейгенде қанның систолалық көлемі көбейеді. Систолалық көлемінің көбеюі жүрек соғысының жиілеуімен қабат келіп, өнімділігінің артуына әкеледі. өте қуатты күш салып істеген жұмыс кезінде систолалық көлем 150-180 мл дейін, жүрек соғысының жиілігі 200 дейін және одан да жоғары болып, қанның минуттік көлемі-25-35 л дейін көтеріледі. Қаңқа еттеріне келетін қан мөлшері 22-25 л болуы мүмкін.

Бақылау сұрақтары:

1 Жұмыс гиперемиясы  дегеніміз не?

2 Жүрек-тамыр жүйесінің реттелу механиздерін сипаттаңыз.

 

2.2.3 Тыныс алу және оның жас ерекшеліктері

Мақсаты:

Жоспар:

1 Тыныс алу және оның қызметтері.

2 Тыныс алу биомеханикасы.

3 Тыныс алудың реттелуі.

 

Тыныс алу дегеніміз  организмнің қоршаған ортадан отгегін  сіңіріп, өзінеы көмір қышқыл газды бөлуін қамгамасыз ететін процестер жиын-тығы. Демек^ тыныс алудың мәні организм торшаларын оттегімен қамтамасыз ету арқылы қоректік затгар қүрамыңдағы энергияны био-логиялық қүңды түрге айналдьфьш, денеде пайда болған көмір қыш-қыл газды бөліп шығаруда.

Адам мен жоғары сатыда дамығын омыртқалыларда тыныс алу  процесі бірнеше кезеңде атқарылады: 1) сыртқы орта мен өкпе аль-веолалары  арасындағы ауа алмасуы, немесе сыртқы тыныс; 2) өкпе альвеолалары мен кіші қан айналым шеңбері капиллярлары арасын-дағы газ алмасу, немесе өкпедегі газ алмасу; 3) газдардың қанмен тасымаддануы; 4) үлкен қан айналым шеңбері капиллярлары мен ұлпа және мүше торшалары арасындағы газ алмасу - ішкі тыныс; 5) торшалардың отгегін пайдаланып, көмір қышқыл газды бөлуі, неме


Информация о работе Физиология қалыпты және қалыпсыз деп екіге белінеді