Астықты сақтау және өңдеу өндірісіндегі нан қоры зиянкестерімен күресу іс-шаралары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 11:13, курсовая работа

Описание работы

Өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау және өңдеу кезеңдеріндегі сақтауды, сапаны жоғарылату мен шығынды азайтуды қамтамасыз ету. Дәнді, бұршақты және майлы дақылдарды, тамыр жемістілерді өңдеу және сақтау ерекшеліктері. Өсімдік шаруашылығындағы ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау және өңдеудің дәстүрлі және қазіргі әдістері. Сақтау кезіндегі өнімнің шығын нормасы. Өсімдік шаруашылығы шикізаттарын бағалау әдістері мен көрсеткіштері.

Содержание работы

Жоспар.......................................................................................................................4
Кіріспе........................................................................................................................5
І. Астық массасы мен астық өнімдерінің физикалық қасиеттері........................7
1.1 Астық массасының сусымалылығы мен өздігінен сұрыпталынуы.....7
1.2 Астық массасының қуыстылығы.................................................................9
1.3 Астық массасының сорбциялық қасиеттері.............................................10
1.4 Астық массасының жылулық-физикалық және масса айырбастау
қасиеттері............................................................................................................12
Негізгі бөлім
ІІ. Астық қорының зиянкестері............................................................................14
2.1 Микрофлораның тегі және оның қалыптасуы.........................................14
2.1.1 Дәнді дақылдардың микрофлорасының түр құрамы...........................14
2.2 Астық қорының зиянкестері......................................................................16
2.2.1 Қоңыздар (қатты қанаттылар, Coleoptera).......................................16
2.2.1.1 Қарақоңыз (Tenebrionidae)...................................................................17
2.2.1.2 Жалпақ қоңыздар (Cucujidae).............................................................18
2.2.1.3 Қулықшыл қоңыз (Ptinidae)................................................................19
2.2.1.4 Бізтұмсықтар (Curculionidae)...............................................................20
2.2.2 Кеміргіштер..............................................................................................21
2.2.2.1 Тышқан тәрізді кеміргіштер (Мuridae)...............................................21
2.2.2.2 Кеміргіштер (Anobildae).......................................................................21
2.2.2.3 Бұрама (Bostrychidae)...........................................................................22
2.2.3 Көбелектер (қабыршақ қанаттылар, Lepidoptera)..............................22
2.2.3.1 Дән қоңыр көбелегі (Hadena basilinea Shiff)......................................22
2.2.3.2 Күйелер..................................................................................................23
2.2.3.3 Қанкөбелек............................................................................................24
2.2.4 Кенелер.....................................................................................................25
ІІІ. Астық қорының зиянкестерімен күресу шаралары......................................29
3.1 Агротехникалық күресу шаралары...........................................................29
3.1.1 Өсімдік қорғаудағы ауыспалы егістің рөлі...........................................29
3.1.2 Дақылдардың зиянкестермен зақымдануын төмендетуде тыңайтқыштардың рөлі.....................................................................................30
3.1.3 Зиякестердің дамуына топырақты баптау жүйесінің тигізетін әсері..30
3.1.4 Дақылдардың зиянкестермен зақымдануына егін егудің тәсілі мен мерзімінің тигізетін әсері..................................................................................31
3.1.5 Зиянкестердің сан мөлшері мен зияндылық әрекетіне өнімді жинау тәсілі мен мерзімінің әсері................................................................................31
3.1.6 Арамшөптермен күресу...........................................................................31
3.1.7 Зиянкестердің зақымдауына төзімді сорттарды пайдалану................32
3.2 Биологиялық күрес шаралары...................................................................32
3.2.1 Интродукция және акклиматизация (жерсіндіру)................................33
3.2.2 Ареал ішінде тарату.................................................................................33
3.2.3 Маусымды колонизациялау....................................................................33
3.2.4 Жергілікті этномофагтарды қорғау және оларды пайдалану..............34
3.2.5 Жыныс аттрактанттары...........................................................................34
3.2.6 Жәндіктердің гормондары......................................................................34
3.2.7 Микробиологиялық препараттарды қолдану........................................35
3.3 Генетикалық күрес шаралары....................................................................35
3.3.1 Сәулемен стерилизациялау.....................................................................35
3.3.2 Химиялық стерилизация.........................................................................35
3.3.3 Цитоплазмалық сыйыспаушылық..........................................................36
3.4 Химиялық күрес шаралары........................................................................36
3.5 Механикалық күрес шаралары..................................................................37
3.6 Физикалық күрес шаралары......................................................................37
3.7 Өсімдік карантині.......................................................................................38
3.8 Интегралды күрес шаралары.....................................................................39
IV. Астық – Ұн тағамдарын стандарттау.............................................................40
4.1 Өсімдік тектес өнімдердің сапасын бағалау және сынау........................41
4.1.1 Астық сапасын бағалау әдістері.............................................................41
4.1.2 Астық дайындаудағы сапа көрсеткіштері.............................................41
4.1.3 Астық сапасын анықтау тәсілдері.........................................................47
4.1.4 Астық қоспасын анықтау........................................................................48
4.1.5 Астық ылғалдылығын анықтау..............................................................49
4.1.6 Астықтың қамба зиянкестерімен залалдануын анықтау......................51
4.1.7 Астықтың шынылығын анықтау............................................................51
4.2 Бидайды бағалаудың әдістері....................................................................52
4.2.1 Қатты және жұмсақ бидайдың айырмашылығы...................................52
4.2.2 Бидайдың типтері мен подтиптері.........................................................53
4.2.3 Жұмсақ ақ және қызыл бидайды айырып алу әдістері........................53
4.2.4 Бидайдың подтипін эталон арқылы анықтау........................................54
4.2.5 Стандарт арқылы талдау.........................................................................54
4.3 Азық-түлік тауарларын сертификаттау....................................................55
Қорытынды..............................................................................................................57

Файлы: 1 файл

Астық сақтау және өңдеу өндірісіндегі нан қоры зиянкестерімен күресу іс-шаралары (2).doc

— 1.11 Мб (Скачать файл)

Бидайдың түсін анықтау үшін 20 г дән алып, осы көрсетілген әдістердің бірімен анықтап, оның ішіндегі қызыл немесе ақ бидайды санап, оның процентін табады. Ол үшін алдымен бір дәннің орташа салмағын табу керек.

Кейде бидай өзінің түсі бойынша бір подтипке жатқанымен, оның әйнектүстестігі бөлек болуы мүмкін. Мұндай жағдайда документтерге оның типін, подтипін жазып, әйнектүстестігін бөлек көрсетеді.

 

4.2.4 Бидайдың подтипін эталон арқылы анықтау

 

Әр жылы дайындау министрлігі мен мемлекеттік астық инспекциясы бидайдың подтипін анықтау үшін эталон жасайды. Оны органикалық әйнек пен картоннан жасайды. Онымен зертханада танысуға болады. Оларды күн тимейтін жерде сақтау керек. Осыған сәйкес астық дайындау мекемелерінде жұмыс эталондары жасалады. Ол 5 бөліктен тұрады. Оның ортасындағы бөлігіне келіп түскен астықты салып, қалған 4 бөлігіндегі дәннің түсімен салыстырады да, бидайдың қай подтипке жататынын табады. Басқа осы пішінді эталон арқылы бидайдың типін де анықтауға болады.

 

4.2.5 Стандарт арқылы талдау

 

Бидайға бір стандарт жазылған. Ол ГОСТ 9353-85 «Бидай. Техникалық шарттар» деп аталады. Бұл стандарт бойынша колхоз, совхоздарда дайындалатын бидай екі топқа бөлінеді: базистік кондицияның талабына сай бидай. Мұндай бидайды дайындағанда оны мемлекеттік жоспарға бірге бір есебімен қабылдап, өз құнын толық төлейді; ылғалдылығына, бір литр дәннің салмағына, шөп-шалаң дәнді қалдықтардың өлшеміне қарай базистік кондициядан айырмашылығы бар, бірақ оны қабылдауға болатындығын көрсететін ең жоғарғы шек. Мұндай астықты қабылдағанда, оларды тиісті астықтай (натуралды) салмағына кемітіп қабылдап немесе құнын кемітіп төлейді. Астықтай (натурал) кеміткенде оның зачеттық салмағын табады да, осы табылған салмақты мемлекетке қабылданған астықтың мөлшері ретінде документтерге жазады.

Базистік және шекік (ограничительная) кондициялар (Қазақстан бойынша)

 

Көрсеткіштер

Базистік

Шектік

1

2

3

Бір литр бидайдың салмағы, г/л: жұмсақ бидай

қатты бидай

750

760

-

-

Ылғалдығы, проц.: Оңт. Қазақстан үшін

                                 Солт.Қазақстан үшін

14

15

17

19

Шөп-шалаң қалдықтар, проц.

Оның ішінде: тас

адамға зиянды қалдықтар

оның ішінде: спорынья

                       горчак, мия, термопсис

                       вязель

                       гелиотроп

                      триходесма

                       қара күйе, про.

1

-

-

-

-

-

-

болмайды

-

5

1,0

1,0

0,5

0,1

0,1

0,1

болмайды

10,0

Дәнді қалдықтар: күздік жұмсақ бидай үшін жаздық жұмсақ, қатты бидай

3

2

15,0

5,0

Зиянды жәндіктермен зақымданған дән

болмайды




 

Азық-түліктік бидай 4 ылғалдық күйге бөлінген: құрғақ бидай – ылғалдығы 14 %-ке дейін; орташа ылғалды – 14-15,5 % дейін; дымқыл бидай – 15,5-17,0% дейін және су бидай - 17%-тен жоғары болса.

Мемлекет қорына тапсырылған  бидайды 4 класқа бөледі.

Толық талдау жасалып  болған соң оның сапасын мына талдау карточкасына толтырады да, сол астық партиясымен бірге сақтайды.

 

4.3 Азық-түлік тауарларын сертификаттау

 

Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасы - халықтың денсаулығын  сақтаудың басты факторы. Адам бойындағы зиянды заттардың 70%-ы тағамдар арқылы, ал қалған 30%-ы су мен ауа арқылы енеді. Осы себепті азық-түлік тауарлары міндетті сертификаттау аясына алғашқы қатарда енгізілді.

Сертификаттау жүйесінде  тамақ өнімдері 15 біркелкі өнім топтарына  бөлінеді. Сертификаттау жүйесінің нормативтік негізін заң актілері, мемлекеттік стандарттар, санитарлық нормалар мен ережелер құрайды. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі деп оның құрамындағы химиялық, биологиялық және табиғи текті лактардың белгіленген деңгейден аспауын айтады.

Қауіпсіздік көрсеткіштерінің тізімі көптеген өнім топтары мен түрлеріне қатысты жалпы көрсеткіштер (улы элементтердің, пестицидтердің, радионуклидтердің, микотоксиндердің мөлшері) және тамақ; өнімдерінің ерекшеліктеріне сәйкес көрсеткіштер (антибиотиктер, гормондық препараттар, нитраттар, метил спирті, т.б.) болып бөлінеді.

Ережелер бойынша сәйкестік  сертификаты кейбір органдардың  рұқсаты болған жағдайда ғана беріледі: азық-түлік шикізаттары, тағам өнімдері, тағам қоспалары, т.б. бойынша Мемсанэпидқадағалау  мекемесінің санитарлық қорытындысы болса, мал шаруашылығы өнімдері мен шикізаттары бойынша мал дәрігерлерінің сертификаты (куәліктері) болса, өсімдік өнімдері мен шикізаттары (жаңадан өндірілген жеміс пен көкөніс, астық, жарма, ұн, т.б) - жер паспорты немесе жер бөлімдерінің сапа сертификаты болса.

Сертификаттау кезінде  үлгілерді ұқсастандыру маңызды  мәселе болып табылады. Кейбір өнім топтарының (ет, ет өнімдері, өсімдік  майлары) үлгілерін ұқсастандыру үшін олардың түр-түріне сәйкес көрсеткіштер белгіленген. Бірақ жиі бұрмаланатын көптеген тамақ өнімдерінің топтарына (азық концентраттары, шай, кофе, сүт, сүт өнімдері, балық, шырын, сусын, арақ-шарап) ұқсастандыру көрсеткіштері анықталмаған. Осыған байланысты келтірілген тауар топтарына көрсеткіштер тағайындау күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі.

           Сертификаттау сызбасын таңдап алуда басты көрсеткіш – өнім мен шикізаттың сақталуы. Жарамдылық мерзіміне байланысты оларды екі топқа бөледі:

-   тез бұзылатын  - жарамдылық мерзімі 30 тәулікке  дейін;

-   ұзақ уақыт сақтауға болатын - кепілді сақталу мерзімі 30 тәуліктен астам.

Тамақ өнімдерін сертификаттауда  көптеген мәселелер шешімін таппай отыр. Олардың бірі - сертификаттау  тек қана дайын өнімді қамтиды, ал сапасыз шикізаттан қауіпсіздік  талаптарына сәйкес өнім алу мүмкін емес.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Зиянкестер – адам мен жануарлар организмінде әр түрлі  ауру қоздырғышын таратып, өсімдіктерді зақымдайтын жәндіктер мен жануарлар  тобы. Зиянкестер адамға, малға, орман  және ауыл шаруашылығына үлкен зиян келтіреді.

Зиянкестер – өздерінің  биологиялық ерекшелігімен, түрлерінің көптігімен, өсімталдығының жоғарылығымен  және өсіп-өну процесінің шапшандығымен  ерекшеленеді. Зиянкестердің таралуы  және олардың кешенді түрлерінің бірлестігі, бір егістікте қалыптасуы, қоршаған ортаның жағдайына және сол ортаға бейімделуіне байланысты. Астық дақылдарының зиянкестері астық өнімдерін күзде тасығанда және қыста сақтау кезінде зақымдайды. Зиянкес кеміргіштер Қазақстанда өте көп таралған. Олар астық дақылдарын, көкөністер мен жеміс-жидектерді зақымдайды, қоймада сақталатын азық-түлік қорына шығын келтіреді, сондай-ақ жұқпалы аурулар таратады. Зиянкестер жыл бойы жиналатын тұқымның жартысына жуығын жеп, шаруашылыққа 25 — 50%-ке дейін шығын келтіруі мүмкін. Ауыл шаруашылығы зиянкестерімен күресу мәдени өсімдіктердің зиянкестерге төзімді сорттарын шығару, ауыспалы егісті қолдану, зиянкестерге қарсы биологиялық тәсілдерді (трихограмма, афелинус т.б.), микробиологиялық препараттарды, химиялық заттарды (акарицидтер, инсектицидтер, зооцидтер т.б.) қолдану арқылы жүргізіледі.

Табиғаттағы белгілі  биологиялық құбылыстар өсімдіктің өсуін тежейді, әр түрлі ауруларға шалдықтырады және өмір сүру белсенділігін төмендетеді. Бұның бәрі егістің сапасын төмендетеді. Егісті дұрыс емес жинау, сақтау және өңдеу нәтижесінде үлкен кері әсер береді.

Өсімдіктегі ауру өзгерістері  өнімнің санын төмендетеді және оның сапасын нашарлатады. Өсімдік аурулары дәнді өндіріске үлкен шығын келтіреді. Аурудың қоздырғышы болып өсімдікті паразиттер табылады: фипотогенді паразиттер; саңырауқұлақтар, бактерия және сүзетін вирустар, сонымен қатар гүлді паразиттер.

Саңырауқұлақпен қатты  зақымдалған бидаймен жануарларды  қоректендіру кезінде ас қорыту жүйесі және жүйке жүйесінің бұзылуы басталады. Жылқыларда уақытша құтыру байқалады. Жылқы, шошқа, ит аз мөлшерде бидаймен зақымданғанда ауырады, ал үй құсы мұндай ауруға шалдықпайды бидайды жей береді.

Өсімдіктерге ең көп  кеміргіштер зиян келтіреді (суыр, тышқандар, атжалман) және жәндіктер ( қоңыздардың  әртүрлері, көбелек, шыбындардың түрлері).

          Дәнді – дақылдарда, тарыда және тасымалдау заттарда зиянды аурулар мен зиянкестердің табылуы кезінде оларды химиялық және т.б. әдістермен уын қайтару керек. Оларды қолдану, экспорттау елдеріне оралу немесе жою белгілі ретпен орындалады, ол карантинді және арамшөп өсімдіктер туралы тарауда айтылған әдістер бойынша жүргізіледі.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1. Аюпов Қ. Қ. «Жеміс және жидек шаруашылығы». «Қайнар», Алматы, 1993ж.

2. Өсімдік шаруашылығы. Ақмола, 1993 ж.

3. Можаев Н. И., Аринов К. К., и др. «Растениеводство». Ақмола, 1993 г.

4. Саудабаев Т., Қадырғалиев А., Шаддыбаев Л. «Жармалық дақылдар». «Қайнар» баспасы, Алматы, 1985 ж.

5. Сулейменов И. С. «Культура пшеницы в Казахстане». «Наука», Алма-Ата, 1973 г.

6. Әріпов Қ., Нағымтаев А., Ысқақов М., Серікпаев Н., Жұмағұлов И. «Агрономия негіздері», Астана, 2007 ж.  

7. Исаичев В. В. «Защита растений от вредителей». «Колос», Москва, 2002 г.

8. «Справочник по защите леса от вредителей и болезней», Москва, 1980 г.

9. «Қазақ Энциклопедиясы», 4 том 3 бөлім

10. Казаков Е. Д. Кретович В. Л. «Биохимия дефектного зерна и пути его использования». «Наука», Москва, 1979 г.

11. Казаков Е. Д., Кретович В. Л. «Биохимия зерна и продуктов его переработки», «Колос», Москва, 1980 г.

12. Семин О. А. «Стандартизация и управление качеством продовольственных товаров», «Экономика», Москва, 1979 г.

13. Сейітов И. «Агрономия негіздері». Алматы, 1996 ж.

14. Саудабаев Т. «Табиғаттағы және егіншіліктегі жасыл өсімдіктер». Алматы, 1991 ж.

15. «Өсімдіктер және олардың тіршілік жағдайлары». Алматы, 2001 г. 

16. Сағитов А. О., Джаймурзина А. А., Туленгутова К. Н., Карбозова Р. Д. «Ауылшаруашылық фитопатологиясы». Алматы, 2000 ж.

17. «Справочник по защите растений». Алматы, 2004 г.

18. Тілменбаев Ә. Т., Жармухамедова Ғ. Ә. «Энтомология». «Қайнар», Алматы, 1994 ж.

19. Мельник Б. Е., Лебедев В. Б., Веников Г. А., «Технология  приемки, хранения и переработки зерна». Москва, 1990 г.

20. Нозьминой Н. П. «Хранение  зерна». «Колос», Москва, 1975 г.

21. Пиленганор М. А., Уналов В. С. «Обработка и хранение семян». «Колос», Москва, 1980 г.

22. Казанов Е. Д. «Методы  оценки качества зерна». «Агропромиздат», Москва, 1987 г.

23. Нарпов Б.А. «Технология послеуборочной обработки и хранения зерна». «Агропромиздат», Москва, 1987 г.

24. Укалов М. А., Кузьмин И. И. «Обработка и хранение семян». «Колос», 1980ж.

25. Перисвянский Л. А., Мельник Б. Е. «Технология приема обработки, хранения зерна, и продуктов его переработки». «Колос», Москва, 1983 г.         

26. Перисвянский Л. А. «Хранение зерна». «Агропромиздат», Москва, 1986 г.

   




Информация о работе Астықты сақтау және өңдеу өндірісіндегі нан қоры зиянкестерімен күресу іс-шаралары