Астықты сақтау және өңдеу өндірісіндегі нан қоры зиянкестерімен күресу іс-шаралары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 11:13, курсовая работа

Описание работы

Өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау және өңдеу кезеңдеріндегі сақтауды, сапаны жоғарылату мен шығынды азайтуды қамтамасыз ету. Дәнді, бұршақты және майлы дақылдарды, тамыр жемістілерді өңдеу және сақтау ерекшеліктері. Өсімдік шаруашылығындағы ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау және өңдеудің дәстүрлі және қазіргі әдістері. Сақтау кезіндегі өнімнің шығын нормасы. Өсімдік шаруашылығы шикізаттарын бағалау әдістері мен көрсеткіштері.

Содержание работы

Жоспар.......................................................................................................................4
Кіріспе........................................................................................................................5
І. Астық массасы мен астық өнімдерінің физикалық қасиеттері........................7
1.1 Астық массасының сусымалылығы мен өздігінен сұрыпталынуы.....7
1.2 Астық массасының қуыстылығы.................................................................9
1.3 Астық массасының сорбциялық қасиеттері.............................................10
1.4 Астық массасының жылулық-физикалық және масса айырбастау
қасиеттері............................................................................................................12
Негізгі бөлім
ІІ. Астық қорының зиянкестері............................................................................14
2.1 Микрофлораның тегі және оның қалыптасуы.........................................14
2.1.1 Дәнді дақылдардың микрофлорасының түр құрамы...........................14
2.2 Астық қорының зиянкестері......................................................................16
2.2.1 Қоңыздар (қатты қанаттылар, Coleoptera).......................................16
2.2.1.1 Қарақоңыз (Tenebrionidae)...................................................................17
2.2.1.2 Жалпақ қоңыздар (Cucujidae).............................................................18
2.2.1.3 Қулықшыл қоңыз (Ptinidae)................................................................19
2.2.1.4 Бізтұмсықтар (Curculionidae)...............................................................20
2.2.2 Кеміргіштер..............................................................................................21
2.2.2.1 Тышқан тәрізді кеміргіштер (Мuridae)...............................................21
2.2.2.2 Кеміргіштер (Anobildae).......................................................................21
2.2.2.3 Бұрама (Bostrychidae)...........................................................................22
2.2.3 Көбелектер (қабыршақ қанаттылар, Lepidoptera)..............................22
2.2.3.1 Дән қоңыр көбелегі (Hadena basilinea Shiff)......................................22
2.2.3.2 Күйелер..................................................................................................23
2.2.3.3 Қанкөбелек............................................................................................24
2.2.4 Кенелер.....................................................................................................25
ІІІ. Астық қорының зиянкестерімен күресу шаралары......................................29
3.1 Агротехникалық күресу шаралары...........................................................29
3.1.1 Өсімдік қорғаудағы ауыспалы егістің рөлі...........................................29
3.1.2 Дақылдардың зиянкестермен зақымдануын төмендетуде тыңайтқыштардың рөлі.....................................................................................30
3.1.3 Зиякестердің дамуына топырақты баптау жүйесінің тигізетін әсері..30
3.1.4 Дақылдардың зиянкестермен зақымдануына егін егудің тәсілі мен мерзімінің тигізетін әсері..................................................................................31
3.1.5 Зиянкестердің сан мөлшері мен зияндылық әрекетіне өнімді жинау тәсілі мен мерзімінің әсері................................................................................31
3.1.6 Арамшөптермен күресу...........................................................................31
3.1.7 Зиянкестердің зақымдауына төзімді сорттарды пайдалану................32
3.2 Биологиялық күрес шаралары...................................................................32
3.2.1 Интродукция және акклиматизация (жерсіндіру)................................33
3.2.2 Ареал ішінде тарату.................................................................................33
3.2.3 Маусымды колонизациялау....................................................................33
3.2.4 Жергілікті этномофагтарды қорғау және оларды пайдалану..............34
3.2.5 Жыныс аттрактанттары...........................................................................34
3.2.6 Жәндіктердің гормондары......................................................................34
3.2.7 Микробиологиялық препараттарды қолдану........................................35
3.3 Генетикалық күрес шаралары....................................................................35
3.3.1 Сәулемен стерилизациялау.....................................................................35
3.3.2 Химиялық стерилизация.........................................................................35
3.3.3 Цитоплазмалық сыйыспаушылық..........................................................36
3.4 Химиялық күрес шаралары........................................................................36
3.5 Механикалық күрес шаралары..................................................................37
3.6 Физикалық күрес шаралары......................................................................37
3.7 Өсімдік карантині.......................................................................................38
3.8 Интегралды күрес шаралары.....................................................................39
IV. Астық – Ұн тағамдарын стандарттау.............................................................40
4.1 Өсімдік тектес өнімдердің сапасын бағалау және сынау........................41
4.1.1 Астық сапасын бағалау әдістері.............................................................41
4.1.2 Астық дайындаудағы сапа көрсеткіштері.............................................41
4.1.3 Астық сапасын анықтау тәсілдері.........................................................47
4.1.4 Астық қоспасын анықтау........................................................................48
4.1.5 Астық ылғалдылығын анықтау..............................................................49
4.1.6 Астықтың қамба зиянкестерімен залалдануын анықтау......................51
4.1.7 Астықтың шынылығын анықтау............................................................51
4.2 Бидайды бағалаудың әдістері....................................................................52
4.2.1 Қатты және жұмсақ бидайдың айырмашылығы...................................52
4.2.2 Бидайдың типтері мен подтиптері.........................................................53
4.2.3 Жұмсақ ақ және қызыл бидайды айырып алу әдістері........................53
4.2.4 Бидайдың подтипін эталон арқылы анықтау........................................54
4.2.5 Стандарт арқылы талдау.........................................................................54
4.3 Азық-түлік тауарларын сертификаттау....................................................55
Қорытынды..............................................................................................................57

Файлы: 1 файл

Астық сақтау және өңдеу өндірісіндегі нан қоры зиянкестерімен күресу іс-шаралары (2).doc

— 1.11 Мб (Скачать файл)

Кішкентай қара зауза (Tribolium destructor Vutt)

 

Кішкентай қара зауза әлемнің барлық елдеріне тараған. Біздің елімізде 50-жылдары пайда болған. Үй жағдайында және сауда жүйесінде кездеседі. Зауза денесі ұзынша, ұзындығы 5,5 мм шамасында. Түрі қара қоңырдан қараға дейінгі аралықта. Ұрғашысы 1000-ға дейін жұмыртқа салады.  Ересек қоңыздар 3 жылға дейін тірішілік етеді. Олар үшін неғұрлым қолайлы температура 25-28°C және өнімнің ылғалдығының 15% болуы. Қауіпті температураның төменгі шегі 13-14°C, жоғарғы шегі 30°C. Кішкентай қара зауза қоңызы мен балапан құрт көп қоректілер қатарына жатады, бірақ бәрінен де гөрі ұнды, жарманы тәуір көреді, осы өнімдерден жағымсыз крезол иісі шығып тұрады.

 

2.2.1.2 Жалпақ  қоңыздар (Cucujidae)

 

Жалпақ  қоңыздар әлемнің барлық елдеріне тараған және түрлері де көп. Бұл семья қоңыздары ұсақ, денесі ұзынша да жалпақ, ашық қоңыр немесе қызыл қоңыр түсті. 

Қоңыз бен балапан  құрт көп қоректі, әртүрлі өсімдік  тектес азықтармен қоректенеді. Балапан  құрт ұсақ жәндіктер немесе олардың  құрттарын да қорек етеді. 

Жалпақ қоңыздар, әдетте өзге жәндіктермен қосарласа жүреді (мысалы, бізтұмсықтармен). Ылғалдығы 15 %-тен төмен бүтіндерді зақымдайды. Астықта тіршілік еткенде зақымданған, жарылған дәндермен қоректенеді. 

Әсіресе, сары, суринам  және қысқа мұртты ұнжегіштер кең  тараған.

 

Сары  ұн жегіш (Placonotus testaceus F.)

 

Сары  ұн жегіш - таттың түсіндей сары кішкентай ғана қоңыз, ұзындығы 1,5-2,5 мм, мұрты ұзын, жақсы ұшады, тартылған дән өнімдерінде, көбіне-көп өңдеуші кәсіпорындарда тіршілік етеді. Басқа ұн жегіштермен салыстырғанда қолайсыз төменгі және қолайлы жоғарғы температураға аса сезімтал. 0 °C температурада қоңыз 112 тәулікке дейін, -5°C температурада 32 тәулік тіршілік етеді. Өнімдерде қоңыздар топтарымен бірге жиналып орналасады да, олардың өздігінен қызуына себепші болады.

 

Суринам ұн жегіші  (Oryzaephilus surinamensis L.)

 

Суринам ұн жегіші табиғатта, ағаш қабығының астында кездеседі, астық кәсіпорындарында, қоймаларда тіршілік  етеді және де кондитер, макарон өндіретін мекеме орындарында кездесіп отырады. Денесінің ұзындығы 3,5 мм, пішіні жапырылған секілді, қара қоңыр түсті, мұрты қысқа. Қоңыздың кеудесі денесінің өзге бөлігінен бунақталып бөлініп тұрады, үсті бұдырмақ. Алдыңғы кеуденің екі бүйірінде 6-дан тістері болады. Қоңыздың денесін түк басып жатады, ол оған жібек секілді рең береді. Ұрғашысы 300-ге дейін жұмыртқа салады. Суринам ұн жегіші үшін қолайлы температура 25-27°C. Еліміздің оңтүстік аудандарында ол жылына 4-5 ұрпақ, орталық аудандарда 2-3 ұрпақ, ал не жылу берілетін орындарда 7-ге дейін ұрпақ береді. Температура 16°C-тан төмен болса қоңыз жетілмейді. Ол ұн, жарма, кепкен жеміс, сондай-ақ ұсатылған және дымқыл дәнмен қоректенеді.

 

Қысқа мұртты ұн жегіш (Cryptolestes ferrugineus Steph)

 

Қысқа мұртты ұн жегіш еліміздің оңтүстік аудандарында тараған. Табиғат жағдайында ағаш қабығының астында кездеседі, көп мөлшерде дән қалдықтарында, қырман маңайында тіршілік етеді, егістегі, қырмандағы дәнді зақымдайды. Астықта топ-топ болып жиналып, оның өздігінен қызуына әкеп соқтырады.

Қысқа мұртты ұн жегіш дене құрылысы мен  түсі бойынша сары ұн жегішке ұқсас, тек мұрты ғана қысқа. Денесінің  ұзындығы 2,2 мм, жақсы ұшады. Бір ұрпағы температураның қандай болғанына қарай 36-75 күн аралығында дамып жетіледі.

 

2.2.1.3 Қулықшыл  қоңыз (Ptinidae)

 

Бұл тұқымдастар өкілдері мұндай атаққа өздері тіршілік ететін дәнді және басқа да өнімдерді  қозғалтқан жағдайда өтірік өлген сияқты болып қалатын аяқтары мен мұртшаларын бауырына тығып, бүрісіп қалатын қабілетіне байланысты ие болған.

 

Қулықшыл-ұры (Ptinusfur L)

 

Қулықшыл-ұры ең көп тараған зиянкес өкілдерінің бірі. Қоңыз бен балапан құрт көп қоректі: олар дәнді, әртүрлі дән өнімдерін және олардан жасалған бұйымдарды зақымдайды, пішенде, қураған емдік шөптерде дамып жетіледі.

Еркегі  мен ұрғашысының  сыртқы пішіндері әртүрлі. Еркегінің денесі ұзынша, ұзындығы 4,3 мм-ге дейін жетеді, түсі қоңыр. Ұрғашысының  пішіні сопақша, ұзындығы 3,1мм шамасында, қара қоңыр түсті, үстіңгі қанатында  симметриялы орналасқан 4 ақшыл дағы бар. Қоңыздың аяқтары ұзын, талтақ, бұл оны өрмекші секілді етіп көрсетеді. Денесін түк басқан.

Қулықшыл-ұры  суыққа төзімді жәндіктер қатарына жатады. Қоңыздың дамуы үшін қолайлы  температура 20°C. Ұрғашысы 170 жұмыртқаға дейін салады. Температураның қандай болғанына қарай қоңыз жылына 1-ден 3-ке дейін ұрпақ береді.

 

2.2.1.4 Бізтұмсықтар (Curculionidae)

 

Бұлардың өкілдерінің  басы ұзын, түтік болып келеді, қоңыздың бізтұмсық деген аты да осыдан  шыққан. Ұрғашылары жұмыртқаларын  тұмсығымен дәнге арнайы ұя салып, оның аузын өзі бөліп  шығаратын  жабысқақ сұйық затпен  бітейді. Бізтұмсықтар жұмыртқаларының  ылғалдығы 10%-тен төмен дәнге  салудан қашады, бірақ жарма мен қатты нығыздалған ұнда да өсіп-өне алады. Дән ішінде  жатқан жұмыртқадан эндосперммен  қоректену арқылы балапан құрт өсіп шығады. Оның денесі терең  көлденең қатпарлардан тұрады, аяқтары жетілмеген, денесі – ақ , басы – қоңыр.  Тіршілік ету кезінде балапан құрт төрт рет қабық түсіреді, белгілі бір шамаға жеткенде ақ немесе ақшыл қоңыр түсті қуыршаққа айналады. Қуыршақтан  шыққан жас қоңыз 3-4 күн дән ішінде жатып, эндосперм қалдығымен  қоректенеді, одан соң қабықты тесіп, сыртқа шығады. Бізтұмсық түскен бидай дәні салмағының 50%-ке жуығы, сондай-ақ, тағамдық қасиеті мен өнгіштігін жоғалтады.

 

Қамба бізтұмсығы (Sitophilus granarius L.)

 

Қамба бізтұмсығы бидай, қара бидай, арпа, күрішті зақымдайды; сұлыны, жүгеріні, ақталған тары мен қарақұмықты зақымдауы сирек. Тары дәнінде, майлы және бұршақ тұқымдас дақылдарда дами  алмайды.                                                                                             

Бізтұмсық денесі жылтыр, пішіні  ұзынша және жіңішке, түсі қоңыр, қарақоңыр, жас қоңыздардың түсі ақшыл қоңыр болып келеді. Тұмсығын қосқандағы денесінің ұзындығы 3-4 мм, басы сүйірленіп біткен қоңыз. Күн жылығанда жылына 5 ретке дейін ұрпақ береді. Бізтұмсық ұша алмайды, өйткені, астыңғы қанаттары жетілмген. Бізтұмсық ұрғашысы 50-300-ге дейін жұмырқа салады. Температура 24-25°C дән ылғалдығы 15%-тен жоғары болса бір ұрпақтың дамып-жетілуі 36 күн, температура 12°C болғанда жетілу мерзімі 209 күнге созылады. Температура 15-13°C немесе 35°C жоғары болса, жұмыртқа салуын тоқтатады. Ылғалдығы 15%-тен төмен дәнде қойма бізтұмсығы жетілмейді.

Бізтұмсық қоңыздары  жарықты, өтпе желді көтермейді, күн  сәулесінен тез өледі. Астық тасымалдау кезінде бізтұмсық аяқтары мен  мұртшаларын бауырына тығып, бүрісіп  қалады, ал өлген қоңыздың аяғы мен  мұртшалары керісінше жазылып жатады.

Күріш бізтұмсығы (Sitophilus oryzae L.)

 

Күріш бізтұмсығы ауа райы жылы елдерде тараған. Қамба бізтұмсығына өте ұқсас, одан айырмашылығы кішілеу 3,5мм, денесі күңгірт қоңыр түсті, үстіңгі қанаттарында 4 симметриялы қызғылт сары немесе қызыл түсті теңбілдері бар, қоңыздың қанаттары жақсы дамығандықтан ұша алады, сөйтіп тек қойманы ғана емес, егістікті де зақымдайды. Ұрғашысы 300-500 жұмыртқа сала алады.

Ол еліміздің оңтүстік өңірлерінде жылына 4-5, ал кейде жетіге дейін ұрпақ береді. Оңтүстіктен солтүстікке қарай  ауысқан сайын ұрпақ саны 3-ке дейін кеми береді. Қолайсыз температураға (-5°C) 4-5 күн ғана шыдайды. Күріш бізтұмсығының  тәуір көретін қорегі – қауызы аршылған күріш. Бірақ, ол қамба бізтұмсығы тіршілік ететін өзге де барлық дақыл  дәндерінде көбейе алады. Күріш бізтұмсығының  жауы да шаншар.

 

2.2.2 Кеміргіштер

2.2.2.1 Тышқан тәрізді кеміргіштер (Мuridae)

 

Хайуандардың  бұл тобына егеуқұйрық, тышқан, аламан, сұртышқандар жатады. Бұлар  әлемнің  барлық елдеріндегі азық қорына орасан нұқсан келтіретін қауіпті  зиянкестер. Олар өнімнің көп бөлігін  құртады, оларды ластайды, жұқпалы аурулар  таратады, ыдыстарды, қоймаларды бүлдіреді.

 

2.2.2.2 Кеміргіштер (Anobildae)

 

Дән кеміргіші (Stegobium paniceum L.) қоңызның ұзыны ұзындығы 3,7 мм-ге дейін жетеді, түсі ақшыл қоңыр мен қою қоңыр аралығында, денесін жылтылдаған қалың түк басқан. Сыртқы пішіні цилиндр тәрізді, басын жалбағай секілденген алдыңғы кеуденің жалғасы қаптап жатады. Ересектері қоректенбейді, балапан құрттар жинаған қоры есебінен тіршілік етеді.

Ұрғашысы 140 жұмыртқаға дейін салады. Жылына қоңыз 2-ден 4-ке дейін ұрпақ  береді. Кеміргіштің, әсіресе, балапан  құрты  көп зиян келтіреді. Ол ағаштарды, кітап  мұқабасын, дәнді, кепкен нанды  және басқаларды кеміріп, шұрық-шұрық тесіп  тастайды. Дән кеміргіші үшін қолайлы температура 26-27°C. Ылғалдығы 6%-тен төмен өнімдерде де дамып жетіле алады.

 

 

2.2.2.3 Бұрама (Bostrychidae)

 

Бұрама бұның ішінде астық қоры үшін ең қауіптісі – дән кеміргіш (Rhizopertha dominica F).

Қоңыздың  ұзындығы 2,5-3,0 мм, денесі цилиндр пішінді, түсі сарғыш қызыл, егеу секілді қысқа  мұрты  бар. Алдыңғы кеуде жалбағай болып аяқталып, басты түгел қаптап тұрады. Кеміргіш күндіз және жарықта  жақсы ұшады.  Ұрғашылары тіршілік кезеңінде дән бетіне 500-ге дейін жұмыртқа салады. Жұмыртқадан шыққан балапан құрт дәнді тесіп өтіп, соның ішінде дамып жетіледі. Қуыршақтан пайда болған жас қоңыз бірнеше күн сол дән ішінде жатып, эндосперм қалдығымен қоректенеді. Балапан құрттар мен қуыршақтардан кейін әрдайым ақ ұнтақ пайда болады, мұны олар дәндегі өздері кірген тесіктен тырмалап шығады. Дән арасында ұн ұнтағының пайда болуы оның зақымданғанының белгісі. Мұндай ұнтақ малға беруге жарамайды.

Кеміргіш бидай, қара бидай, сұлы, күріш, тары, қонақ жүгеріні (соргоны) жүгері мен қарақұмықты зақымдайды. Оның тіршілігі үшін ең қолайлы температура 32°C, ал ең қолайлы ылғалдық 14-15% (ылғалдығы 8% дәнде де дамып-жетіле алады). Температура 6 °C болған кезде қоңыз мұздап қатып қалады. Қолайлы жағдайда жылына 8-9 ұрпақ береді.

 

2.2.3 Көбелектер (қабыршақ қанаттылар, Lepidoptera)

 

Бұлардың ішінде астық  қорының зиянкестеріне күйе, қанкөбелек, қоңыркөбелек тұқымдастарының өкілдері жатады. Барлық көбелектерде қоңыз  секілді даму сатысынан өтеді: жұмыртқа, балапанқұрт (жұлдызқұрт), қуыршақ, көбелек. Екі жұп қанаты болады. Оны да денесі секілді қабыршақ қаптап тұрады. Ауыз аппараты жалауға лайықталған, сондықтан көбелектер дәнмен қоректенбейді, балапан құрттардың жинағандарының есебінен тіршілік етеді. Жұлдызқұрттың аузы кеміруге лайықталып, жақсы жетілген. Кеудесінде 3, бауырында 2-ден 5-ке дейін қос аяқтары болады. Тірі жәндік сұйық зат бөліп шығарады, ол ауада қатады да, өрмек құралады. Жұлдызқұрт қуыршақтанар алдында одан тіллә жасап, онымен өздері зақымдаған өнімді толтырып тастайды. Астық қорының ең қауіпті зиянкес көбелегіне дән және қойма күйесі, ұн көбелегі, дән қоңыр көбелегі жатады.

 

2.2.3.1 Дән қоңыр көбелегі (Hadena basilinea Shiff)

 

Дән қоңыр көбелегі егіс зиянкесі,  бірақ дәнмен бірге қоймаға түссе, сақтауға қойылған  өнімге елеулі нұқсан келтіреді. Бұл ірі көбелек, денесі түкті, жуан, ұзындығы 20мм, қанаттарының аумағы 42 мм-ге жетеді. Алдыңғы қанаттары ақшыл сұр түстен қоңырқай сұрға дейінгі аралықта, сақина және бүйрек тәрізді дақтары бар, алдыңғыдан артқы қанаттары қысқа.  Көбелек өте өсімтал. Ұрғашысы 3000 жұмыртқаға дейін салады, әдетте бұл астық тұқымдастарда дән толыса бастаған кезге тура келеді. Көбелек масақ қабыршықтарына жұмыртқалайды. Жұлдызды құрттар дәнді масақта тұрған кезде-ақ жей бастайды. Ол өте жебір, бидайдың 200-ге дейін дәнін зақымдайды, негізінен өзі түнде қоректенеді. Өнім жинау кезінде жұлдызқұрттардың бір бөлігі дәнмен бірге қоймаларға түсіп, күз, қыс бойы дәнде қалып қояды немесе топыраққа кетіп, сонда қуыршақтанады. Құрғақ дәннің ішіндегі ұрығын жейді. Жыл бойы көбелек бір ұрпақ қана береді.

 

        1. Күйелер

Дән күйесі (Sitotroga cerealella oliv)

 

Дән күйесі ойық қанатты күйелер семьясына жатады. Денесінің ұзындығы 9 мм, қанаттары 11-19 мм. Артқы қанатының ұш жағында оймасы бар. Алдыңғы қанаттары сұрғылт сары түсті, қоңырқай жолақтары бар, артқы қанаттары сұр, жиегі шашақты.  Көбелек дән ішінде жасырын өсіп-жетіледі, сөйтіп елеулі нұқсан келтіреді.

Ұрғашы көбелек 150 жұмыртқаға дейін салады. Жұмыртқадан  шыққан жұлдызқұрт дәнді тесіп, ішіне  өтеді, онда ол қуыршақтанып, одан көбелек  ұшып шыққанша дамып-жетіледі.

Дән күйесі дәнді егістікте  тамырынан, үймелерде және қоймаларда (бидай, арпа, жүгері, қарақұмық, күріш, қара бидай) зақымдайды. Қолайлы жағдайда (27-28 °C) бір ұрпағы 25-35 күнде дамып жетіледі. Жылына бірнеше ұрпақ береді. Төмен температурады өте сезімтал. Оның 10°C-тан төмен түсуі күйе үшін өте қауіпті.

 

Қамба күйесі (Tinea granella L.)

 

Көбелек денесінің ұзындығы 8 мм-ге дейін жетеді, қанаттары 9-14 мм-дей. Алдыңғы қанаттары күмістей сұр түсті, қошқыл қоңыр көлденең жолақтары және қоңыр дақтары бар, артқы қанаттарының түсі қоңыр немесе сұр, жиегі шашақты.

Қойма күйесінің ұрғашысы түнде  қойма  ішінде ұшып жүріп, дән бетіне  160 жұмыртқаға дейін сала алады. Одан жұлдызқұрт пайда болады, дәнді мүжіп, эндоспермнің біраз бөлігін жеп қояды. Зақымданған  дәндерді жұлдызқұрт торлап жентектеп тастайды. Дән үйіндісінде осындай  жентектердің болуы – оның қамба  күйесімен зақымданғанының белгісі. Ол қарабидайды, бидайды, арпаны, жүгеріні, сояны, кепкен жемістер және басқаларды зақымдайды. 13°C-та өсіп-дамуы 5 айға созылады, жылына екі-үш ұрпақ береді, көбелектер ерте көктемде және жаз соңына қарай  ұшып шығады. 2-ші ұрпақ жұлдызқұрты  қауашақ ішінде қоймаларда қыстайды. Даму кезеңі аяқталмаған жұлдызқұрттар  қауашақсыз дән арасында қалып, температура 6-8°C болған жағдайда өліп қалады.

 

        1. Қанкөбелек

Диірмен қанкөбелегі (Ephestla  Kuchniella Zell)

 

Диірмен қанкөбелегі ұн тартатын, құрама жем кәсіпорындарда, жүгері зауыттарында, кондитер фабрикасында, нан зауыттарында тіршілік етеді. Ұзындығы 14 мм, қанаттары 27 мм. Алдыңғы қанаттары сұр түсті, майда шұбарлары және көлденең қисық жолақтары бар, артқы қанаттары ашық сұр, жиегі қоюлау түспен көмкерілген.                                                                                             

Жұлдызқұрт ұзындығы 27 мм-ге дейін жетеді, жылдам қозғалады  және өте қомағай, түрлі өнімдермен қоректене береді: астық тұқымдастар  дәні, ұн, көбелек, жарма, кепкен нан, макарон, күнбағыс тұқымы, т.б.  Ол өрмектерімен өнімді торлап, жем, нәжіс және балапан құрт қабығынан тұратын жентекке айналдырады. Бұл жентектерді жұлдызқұрттар тұрбаларда, норияларда, технологиялық машиналарда жасайды да, олар дайын өнімді зақымдау көзіне айналады. Өтпе жел мен ауа ағыны ұн қанкөбелегі жұлдызқұртының дамуына кедергі бола алмайды.

Информация о работе Астықты сақтау және өңдеу өндірісіндегі нан қоры зиянкестерімен күресу іс-шаралары