Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 11:13, курсовая работа
Өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау және өңдеу кезеңдеріндегі сақтауды, сапаны жоғарылату мен шығынды азайтуды қамтамасыз ету. Дәнді, бұршақты және майлы дақылдарды, тамыр жемістілерді өңдеу және сақтау ерекшеліктері. Өсімдік шаруашылығындағы ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау және өңдеудің дәстүрлі және қазіргі әдістері. Сақтау кезіндегі өнімнің шығын нормасы. Өсімдік шаруашылығы шикізаттарын бағалау әдістері мен көрсеткіштері.
Жоспар.......................................................................................................................4
Кіріспе........................................................................................................................5
І. Астық массасы мен астық өнімдерінің физикалық қасиеттері........................7
1.1 Астық массасының сусымалылығы мен өздігінен сұрыпталынуы.....7
1.2 Астық массасының қуыстылығы.................................................................9
1.3 Астық массасының сорбциялық қасиеттері.............................................10
1.4 Астық массасының жылулық-физикалық және масса айырбастау
қасиеттері............................................................................................................12
Негізгі бөлім
ІІ. Астық қорының зиянкестері............................................................................14
2.1 Микрофлораның тегі және оның қалыптасуы.........................................14
2.1.1 Дәнді дақылдардың микрофлорасының түр құрамы...........................14
2.2 Астық қорының зиянкестері......................................................................16
2.2.1 Қоңыздар (қатты қанаттылар, Coleoptera).......................................16
2.2.1.1 Қарақоңыз (Tenebrionidae)...................................................................17
2.2.1.2 Жалпақ қоңыздар (Cucujidae).............................................................18
2.2.1.3 Қулықшыл қоңыз (Ptinidae)................................................................19
2.2.1.4 Бізтұмсықтар (Curculionidae)...............................................................20
2.2.2 Кеміргіштер..............................................................................................21
2.2.2.1 Тышқан тәрізді кеміргіштер (Мuridae)...............................................21
2.2.2.2 Кеміргіштер (Anobildae).......................................................................21
2.2.2.3 Бұрама (Bostrychidae)...........................................................................22
2.2.3 Көбелектер (қабыршақ қанаттылар, Lepidoptera)..............................22
2.2.3.1 Дән қоңыр көбелегі (Hadena basilinea Shiff)......................................22
2.2.3.2 Күйелер..................................................................................................23
2.2.3.3 Қанкөбелек............................................................................................24
2.2.4 Кенелер.....................................................................................................25
ІІІ. Астық қорының зиянкестерімен күресу шаралары......................................29
3.1 Агротехникалық күресу шаралары...........................................................29
3.1.1 Өсімдік қорғаудағы ауыспалы егістің рөлі...........................................29
3.1.2 Дақылдардың зиянкестермен зақымдануын төмендетуде тыңайтқыштардың рөлі.....................................................................................30
3.1.3 Зиякестердің дамуына топырақты баптау жүйесінің тигізетін әсері..30
3.1.4 Дақылдардың зиянкестермен зақымдануына егін егудің тәсілі мен мерзімінің тигізетін әсері..................................................................................31
3.1.5 Зиянкестердің сан мөлшері мен зияндылық әрекетіне өнімді жинау тәсілі мен мерзімінің әсері................................................................................31
3.1.6 Арамшөптермен күресу...........................................................................31
3.1.7 Зиянкестердің зақымдауына төзімді сорттарды пайдалану................32
3.2 Биологиялық күрес шаралары...................................................................32
3.2.1 Интродукция және акклиматизация (жерсіндіру)................................33
3.2.2 Ареал ішінде тарату.................................................................................33
3.2.3 Маусымды колонизациялау....................................................................33
3.2.4 Жергілікті этномофагтарды қорғау және оларды пайдалану..............34
3.2.5 Жыныс аттрактанттары...........................................................................34
3.2.6 Жәндіктердің гормондары......................................................................34
3.2.7 Микробиологиялық препараттарды қолдану........................................35
3.3 Генетикалық күрес шаралары....................................................................35
3.3.1 Сәулемен стерилизациялау.....................................................................35
3.3.2 Химиялық стерилизация.........................................................................35
3.3.3 Цитоплазмалық сыйыспаушылық..........................................................36
3.4 Химиялық күрес шаралары........................................................................36
3.5 Механикалық күрес шаралары..................................................................37
3.6 Физикалық күрес шаралары......................................................................37
3.7 Өсімдік карантині.......................................................................................38
3.8 Интегралды күрес шаралары.....................................................................39
IV. Астық – Ұн тағамдарын стандарттау.............................................................40
4.1 Өсімдік тектес өнімдердің сапасын бағалау және сынау........................41
4.1.1 Астық сапасын бағалау әдістері.............................................................41
4.1.2 Астық дайындаудағы сапа көрсеткіштері.............................................41
4.1.3 Астық сапасын анықтау тәсілдері.........................................................47
4.1.4 Астық қоспасын анықтау........................................................................48
4.1.5 Астық ылғалдылығын анықтау..............................................................49
4.1.6 Астықтың қамба зиянкестерімен залалдануын анықтау......................51
4.1.7 Астықтың шынылығын анықтау............................................................51
4.2 Бидайды бағалаудың әдістері....................................................................52
4.2.1 Қатты және жұмсақ бидайдың айырмашылығы...................................52
4.2.2 Бидайдың типтері мен подтиптері.........................................................53
4.2.3 Жұмсақ ақ және қызыл бидайды айырып алу әдістері........................53
4.2.4 Бидайдың подтипін эталон арқылы анықтау........................................54
4.2.5 Стандарт арқылы талдау.........................................................................54
4.3 Азық-түлік тауарларын сертификаттау....................................................55
Қорытынды..............................................................................................................57
Дайындау кәсіпорындарымен қабылданатын астықтың сапасы белгілі - бір талаптарға сәйкес келуі тиіс. Сапа астықтың арнаулы мақсатқа қолдануына мүмкіншілік беретін қасиеттер мен белгілердің жиынтығы. Әрбір астық тобының сапасын массасы 2 кг-нан аспайтын шағын үлгілер, ал жекелеген сапа көрсеткіштерін мүлде азғантай шөкім бойынша белгілейді. Мысалы, ылғалдылықты массасы 5 г шөкіммен, қоспалар құрамын 5-тен 200 г-ға дейінгі шөкіммен анықтайды. Осының нәтижесінде алынған деректер бүкіл зерттеліп отырған астық тобын қамтиды. Нәтижелердің анықтығы үлгілерді мұқият сұрыптауға, біріктірілген үлгіні құрастыруға, орташа үлгі мен талдауға алынатын шөкімді бөлуге тікелей байланысты. Қазіргі уақытта өсімдік шаруашылығы өнімдерінің сапасын анықтауда қолданылатын әр түрлі түсініктер мен оларды сұрыптауға арнаулы мемлекеттік стандарттар (МСТ) жасалған. Сондықтан орташа үлгіні талдаудан бұрын азық-түлік, жемазық және техникалық мақсатқа пайдаланылатын астықтан үлгі сұрыптау мен шөкім бөлудің әдістемесіне арналған Мемлекеттік стандартты (МСТ 13586,3-90) күні бұрын оқып-үйрену керек. Мұнда негізгі түсініктерге (астық тобы, нүктелік үлгі, біріктірілген үлгі, шөкім) және үлгілерді қалыптастырудың әдістемесі берілген, оларды талдау кезінде мұқият қолданған жөн.
Астық тобының сапасын
сол топтан сұрыпталған орташа
үлгіні талдаудың нәтижесінде анықтайд
Астық өнімдерінен орташа үлгісін алуда МЕМСТ 27668 стандарт талабында келесідей негізгі түсініктерге: астық тобы, нүктелік үлгі, біріктірілген үлгі, шөкім және үлгілерді қалыптастырудың әдістемесі берілген.
Топ – сапасы бойынша (иісі, дәмі, түсі) бір мезгілде қабылдауға, сатуға, жөнелтуге немесе бір жерде, қоймада, қамбада сақтауға арналған астықтың кез-келген мөлшері.
Нүктелік үлгі – біріктірілген үлгіні құрастыру үшін астық тобынан бір қимылмен алынған астықтың шағын бөлігі.
Біріктірілген үлгі – астық тобынан сұрыптап алынған барлық нүктелік үлгілердің жиынтығы.
Орташа үлгі – зертханада (лабораторияда) зерттеу үшін біріктірілген үлгіден немесе тәуліктік орташа үлгіден бөлініп алынған бір бөлігі. Шамалы астық тобынан сұрыпталған біріктірілген үлгі, бір мезгілде орташа үлгі болып табылады.
Шөкім – астық сапасының жекелеген көрсеткіштерін анықтауға арналған орташа үлгінің бір бөлігі.
Бидай өнімдерінен үлгіні іріктеу МЕМСТ 27668 - 88 «Бидай өнімдерін қабылдау ережелері және олардан үлгі алу» стандарт талабына сай жүргізіледі.
Нүктелік үлгіні
сұрыптау үшін әртүрлі
Қуыс бұрғының көмегімен үлгілер астықтың жоғарғы және төменгі қабаттарынан, ал механикалық тәсілмен бүкіл өн бойынан алынады.
Бір жерден бір жерге ауыстырылып төгіліп жатқан астықтан нүктелік үлгілер механикалық үлгі сұрыптағышпен немесе ожауқалақшамен ағымды бір уақытта кесіп, ауысатын 1 т астықтан 0,1 кг кем емес үлгі алады.
Қоймада сақталатын 1,5 м дейін биіктіктегі астықтан үлгіні вагондық қуыс бұрғымен, ал биіктігі одан биік болса конустық бұрғымен алады. Нүктелік үлгілерді аларда астықтың үстін жуықтап 100 шаршы метрлік секцияларға бөледі. Әр секциядан нүктелік үлгілерді үйіндінің 5 нүктесінен (4 бұрышынан және ортасынан) және олардың әрқайсысының 3 қабатынан алады. Әр секциядан алынған нүктелік үлгілердің массасы 2 кг болғаны жөн.
Қаптағы астық тобынан нүктелік үлгілерді қаптық қуыс бұрғымен алады. Ауызы сөгілген қаптардың үш жерінен – аузынан, ортасынан және түбінен, ал ауызы тігүлі қаптардан нүктелік үлгілерді қаптық қуыс бұрғымен бір бұрышынан алады. Бұрғының науасын төмен қаратып қапқа көлбейлеу сұғып, 180 ºС бұрайды да суырып алады. 10 қапқа дейінгі топтан үлгіні әрбір екінші қаптан, 10-нан 100-ге дейінгіден – 5 қаптан барлық қаптың 5 пайызынан алады.
Біріктірілген үлгіні құрастыру. Әр топтан сұрыпталған астықты мұқият қарап шығады. Біртекті болса, барлық нүктелік үлгілер таза ыдысқа салынады. Нүктелік үлгілердің осы жиынтығы біріктірілген үлгіні құрайды.
Егер нүктелік үлгілерді
салыстырған кезде бірінен-бірі
Біріктірілген үлгі бар ыдысқа төмендегідей көрсеткіштер келтірілген этикетка салынады:
- дақылдың атауы;
- сорттың атауы, типі, тип тармағы;
- өнімнің жиналған жылы;
- астық иесі-мекеменің атауы;
- қойманың нөмірі;
- топтың массасы, кг;
- біріктірілген үлгінің массасы және алынған күні;
- үлгіні сұрыптаған адамның қолы.
Тәуліктік орташа үлгіні құрастыру. Шаруашылықтардан, басқа астық өндірушілерден қабылдаған біртектес астық топтарының сапасын орташа тәуліктік үлгі бойынша бағалайды.
Орташа тәуліктік үлгіні тек тәулік бойы, немесе бір шаруашылықтан, немесе астық өндірушіден түскен біртектес астық топтарынан құрастырады. Ылғалдылығы мен залалдануын лабараториялық талдаумен, сорттығын сорттық құжаттардың негізінде анықтайды.
Тәуліктік орташа үлгіні
әр автомобильден алынған
Бір шаруашылықтан қабылданған, біртекті топтан тәуліктік орташа үлгіні қарастыруға алынған астықты жеке, саңылаусыз шыны ыдысқа салады. Тәуліктік орташа үлгіден астық сапасын анықтау үшін орташа үлгі сұрыпталады. Шаруашылықтардан, басқа астық өндірушілерден алғашқы қабылданған астықтан алынған үлгінің натуралық массасын анықтап, тәуліктік орташа үлгі сақталған ыдыстағы талдау кәртішкесіне жазады. Орташа үлгіден шөкім алады және орташа үлгіні араластыруды қолмен немесе БИС-1 бөлгіш аппаратында жүргізеді.
Орташа үлгіні құрастыру. Орташа үлгі біріктірілген үлгіден бөлініп алынады. Массасы 2 кг дейінгі біріктірілген үлгі сонымен бірге орташа үлгі де бола алады.
Біріктірілген үлгінің массасы 2 кг-нан асса орташа үлгіні қолмен немесе бөлгіштің көмегімен бөліп алады. Егер бөлгіш болмаса, біріктірілген үлгіні тегіс үстел үстіне төгіп, мұқият араластырып, шаршы жасайды. Жасалған шаршыны диагоналі бойымен төрт үшбұрышқа бөледі. Қарама-қарсы екі үшбұрыштың астығын шығарып қояды да, қалған екеуін тағы да мұқият араластырады. Тағы да шаршы жасап, диагоналі бойынша бөледі. Бұл жұмыс қарама-қарсы екі үшбұрышта массасы 2 кг орташа үлгі қалғанша жалғасады. Орташа үлгіні қарап шығады, өлшейді, тіркейді, кезекті нөмірін белгілейді және осылардың барлығын талдау кәртішкесіне, осы үлгіге тән құжаттардың бәріне қойып өтеді.
Шөкімдерді бөлу. Орташа үлгіден астық сапасына талдау жүргізу үшін бөлгіш аппаратта немесе қолмен шөкім бөлініп алынады.
Шөкімді бөлгіш аппаратта бөлу. Соңғы кезде зертханада кеңінен қолданып жүрген бөлгіш аппаратқа БИС-1 жатады. Бұл аппараттың көмегімен үлгіні араластыруға, одан қажетті мөлшердегі (25,50 және 100 г) шөкімді бөліп алуға және үлгіні екіге тең бөлуге болады. Барлық осы операцияларға небәрі 0,5 мин. уақыт кетеді.
Аппарат салмағы 11 кг, биіктігі 105 см болатын цилиндр түрінде жасалған. Оның жоғарғы бөлігі шар тәрізді ысырмасы бар май құйғышқа ұқсас ұңғыдан тұрады. Аппарат қабында тік бұрышты үш саңылаулар (5,6,7) бар, олар бөлгішті бақылауға және тазалауға арналған. Аппараттың жоғарғы бөлігінде цифрлы шәкіл орналасқан, ол бойынша қажетті мөлшердегі шөкім көрсеткішін табады. Шәкілдің жоғарғы бөлігінде кг-мен үлгінің салмағы көрсетілген, сол жағынан – шөкімнің мөлшері граммен (25, 50, 100), ал олардың қиылысында аппараттың төменгі бөлігінде орналасқан жылжымалы шәкіл 9 тілін тағайындайтын көрсеткіштер келтірілген.
Үлгілерді араластыру және талдауға қажетті шөкімді бөлу аппарат қабының ішінде бірінің үстіне бірі орналасқан үш бөлгіш-араластырғыш қондырғыда іске асырылады.
Бірінші бөлгіш-араластырғыш қондырғы бірдей диаметрлі конустан және қиық құйғыш ұңғыдан тұрады. Олар бір-бірімен үлкен диаметрлі құйғыш ұңғының астынан жалғанып бекітілген. Құйғыш ұңғымен жалғасқан конуста біртекті сегіз ұстағыш ойық орналасқан.
Екінші бөлгіш-араластырғыш қондырғының құрылысы да біріншіге ұқсас, бір айырмашылығы-төменгі құйғыш ұңғыда бұру жеңі (қолтығы-8) бар, сол арқылы аппараттан астық үлгісінің жартысы шығарылады да, төменнен келтірілген цилиндрге құйылады және оны астықтың натуралық массасын анықтауға пайдаланады.
Үшінші бөлгіш-араластырғыш қондырғы конустан, құйғыш ұңғыдан және құйғыш ұңғының ішкі жағында орналасқан екі жапқыштан тұрады. Бүйір жағынан құйғыш ұңғының өткізгіш қимасы жапқыштың жылжуымен қарсы тәуліктік орташа үлгіге қалдыратын астық бөлігінің шүмегі орналасқан.
Аспапты биіктігі 40 см салмақты орындықтың үстіне орнатады да, оның аяқтарын орындыққа бұрап бекітеді. Шөкімді бөлерде үлгіні өлшейді де, жабық ысырманың көмегімен құйғыш ұңғыға төгеді. Соңынан цифрлы шәкілден үлгінің тиісті массасы мен қажетті шөкім мөлшеріне сәйкес келетін жылжымалы шәкілдің тілі қойылған көрсеткішті табады.
Тілді келтіргеннен кейін
оңға бұрып ысырманы ашады. Астық
құйғыш ұңғыдан бірінші бөлгіш-
Екінші бөлгіш араластырғыш қондырғыда тағы араласады және бірдей қос бөлікке бөлінеді. Олардың бірі бұрылмалы жең арқылы түтікке құйылады және натуралық масса анықтауға пайдаланылады, ал екінші жартысы үшінші бөлгіш-араластырғыш қондырғының конусына келіп түседі. Мұнда астық тағы да араласады, одан белгіленген мөлшердегі шөкім бөлінеді де бұрғыш тетігімен ұзартылған ожауға түседі: қалдық астық имек құбыр арқылы аспаптың басындағы дөңгелек ожауға құйылады.
Бөлінген астық шөкімін таразыға өлшеп тексереді. Егер ол қажетті мөлшерден артық болса, әр жерінің бүкіл қабатынан артығын алып тастайды.
Бөлгіш аппаратта бөлуге рұқсат етілген шөкімнің ең аз мөлшері 50 г. Мөлшері 50 грамнан төмен шөкімді бөліп алу үшін, әуелі бөлгішпен 50 г шамасында астық шөкімін бөледі, содан кейін оны талдау тақтасына салып жүйелі түрде крест тәсілімен қажетті мөлшердегі шөкім бөлінеді.
4.1.3 Астық сапасын анықтау тәсілдері
Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнім сапасын бағалауда, стандарт бойынша оны топтастыруда және есеп айырысуда өнімнің сапалық қасиеттеріне ұйымдастырылып жүргізілген зерттеулердің маңызы өте зор. Азық-түлік сапасын анықтайтын барлық тәсілдер екі топқа бөлінеді: сенсорлық немесе сезіммүшелік және аспапты немесе зертханалық тәсілдер.
Тарихи даму сатысында бірінші орынды сенсорлық (сезім мүшелері арқылы) тәсілдер иеленеді. Тұтынушы ретінде адам өзінің сезім мүшелерін пайдалану арқылы көптеген жағдайда тауардың құндылығы жөнінде қажетті ақпарат жинақталады. Оның үстіне, ең алдымен басқа тәсілдермен анықтауға болмайтын сапа көрсеткіштері, атап айтқанда астықтың түсі, иісі, дәмі анықталады. Бұл тәсілдердің өзіндік кемшіліктері де жоқ емес.
Ғылым мен техниканың
дамуына қарай тауартану
Зертханалық зерттеу тәсілдерін физикалық, химиялық, физикалық-химиялық, биологиялық және технологиялық деп бөлуге болады.
Физикалық тәсілдерге өнім массасының құрамы мен оған кіретін құрауыштардың ірілігі мен біртектігін (мәселен, картоп түйнектерін ірілігіне қарай фракцияға бөлгенде), крахмал, қант мөлшерін поляриметриялық анықтау, құрғақ заттар мөлшерін (түйнектерде, тамыр жемістерде) рефрактометрлік анықтау, электрлік тәсілмен ылғал мөлшерін (астық өнімдерінде) т.б. анықтауларды жатқызуға болады.
Өндірімнің азық-түліктік және технологиялық құндылығы оның құрамына кіретін органикалық және минералдық заттардың (дәннің шикі ақуызының мөлшері мен сапасы, дәндегі ақсыл мөлшері және т.б.) мөлшері мен құрамына тікелей байланысты, ал бұл көрсеткіштерді химиялық талдау тәсілімен анықтайды, басқаша айтқанда, химиялық зерттеу тәсілдерімен іске асырылады.
Физикалық-химиялық тәсіл де (ұнның суды сіңіру қабілетін анықтау және басқалар) кеңінен қолданылады.
Биологиялық зерттеу
тәсілдерінің де қолдану ауқымы кең.
Мәселен, микробиологиялық зерттеу
тәсілімен азық-түліктегі
Соңғы жылдары азық-түлікті талдаудың кең тараған технологиялық тәсілдерін атап өтуге болады. Мысалға, арнаулы зертханалық диірменде астық үлгісінің тәжірибелік тартылуы астықтың технологиялық қасиеттерін, оның ішінде ұнның шығымын анықтауға мүмкіндік береді, ал тәжірибелік нан үлгісін пісіру арқылы ұнның нандық қасиеттері туралы түсінік алуға болады.
Огранолептикалық көрсеткіш. Астық сапасын анықтайтын барлық тәсілдер екі топқа бөлінеді: сенсорлық немесе органолептикалық және инструментальді немесе зертханалық тәсілдер.
Астықтың түсі, иісі, дәмі оның жаңа астық екенін білдіреді. Бұл көрсеткіштерді анықтау үшін шөкімді бөлуді мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Түсі. Кез-келген дақылдың қалыпты астығы өзіне тән иіске және жылтырлыққа ие болады. Астық түсінің өзгеруі көбінесе микроағзалардың, жәндіктер әрекетінің, астықты өңдеуді дұрыс атқарудың нәтижесі болып саналады. Астықтың түсін арнаулы стандартпен немесе типтік нұсқаулармен салыстыру арқылы анықтайды. Астықтың түсін және оның реңін анықтаудың ең дұрысы қара түсте күннің әлсіз жарығында анықтау болып табылады.