Астықты сақтау және өңдеу өндірісіндегі нан қоры зиянкестерімен күресу іс-шаралары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 11:13, курсовая работа

Описание работы

Өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау және өңдеу кезеңдеріндегі сақтауды, сапаны жоғарылату мен шығынды азайтуды қамтамасыз ету. Дәнді, бұршақты және майлы дақылдарды, тамыр жемістілерді өңдеу және сақтау ерекшеліктері. Өсімдік шаруашылығындағы ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау және өңдеудің дәстүрлі және қазіргі әдістері. Сақтау кезіндегі өнімнің шығын нормасы. Өсімдік шаруашылығы шикізаттарын бағалау әдістері мен көрсеткіштері.

Содержание работы

Жоспар.......................................................................................................................4
Кіріспе........................................................................................................................5
І. Астық массасы мен астық өнімдерінің физикалық қасиеттері........................7
1.1 Астық массасының сусымалылығы мен өздігінен сұрыпталынуы.....7
1.2 Астық массасының қуыстылығы.................................................................9
1.3 Астық массасының сорбциялық қасиеттері.............................................10
1.4 Астық массасының жылулық-физикалық және масса айырбастау
қасиеттері............................................................................................................12
Негізгі бөлім
ІІ. Астық қорының зиянкестері............................................................................14
2.1 Микрофлораның тегі және оның қалыптасуы.........................................14
2.1.1 Дәнді дақылдардың микрофлорасының түр құрамы...........................14
2.2 Астық қорының зиянкестері......................................................................16
2.2.1 Қоңыздар (қатты қанаттылар, Coleoptera).......................................16
2.2.1.1 Қарақоңыз (Tenebrionidae)...................................................................17
2.2.1.2 Жалпақ қоңыздар (Cucujidae).............................................................18
2.2.1.3 Қулықшыл қоңыз (Ptinidae)................................................................19
2.2.1.4 Бізтұмсықтар (Curculionidae)...............................................................20
2.2.2 Кеміргіштер..............................................................................................21
2.2.2.1 Тышқан тәрізді кеміргіштер (Мuridae)...............................................21
2.2.2.2 Кеміргіштер (Anobildae).......................................................................21
2.2.2.3 Бұрама (Bostrychidae)...........................................................................22
2.2.3 Көбелектер (қабыршақ қанаттылар, Lepidoptera)..............................22
2.2.3.1 Дән қоңыр көбелегі (Hadena basilinea Shiff)......................................22
2.2.3.2 Күйелер..................................................................................................23
2.2.3.3 Қанкөбелек............................................................................................24
2.2.4 Кенелер.....................................................................................................25
ІІІ. Астық қорының зиянкестерімен күресу шаралары......................................29
3.1 Агротехникалық күресу шаралары...........................................................29
3.1.1 Өсімдік қорғаудағы ауыспалы егістің рөлі...........................................29
3.1.2 Дақылдардың зиянкестермен зақымдануын төмендетуде тыңайтқыштардың рөлі.....................................................................................30
3.1.3 Зиякестердің дамуына топырақты баптау жүйесінің тигізетін әсері..30
3.1.4 Дақылдардың зиянкестермен зақымдануына егін егудің тәсілі мен мерзімінің тигізетін әсері..................................................................................31
3.1.5 Зиянкестердің сан мөлшері мен зияндылық әрекетіне өнімді жинау тәсілі мен мерзімінің әсері................................................................................31
3.1.6 Арамшөптермен күресу...........................................................................31
3.1.7 Зиянкестердің зақымдауына төзімді сорттарды пайдалану................32
3.2 Биологиялық күрес шаралары...................................................................32
3.2.1 Интродукция және акклиматизация (жерсіндіру)................................33
3.2.2 Ареал ішінде тарату.................................................................................33
3.2.3 Маусымды колонизациялау....................................................................33
3.2.4 Жергілікті этномофагтарды қорғау және оларды пайдалану..............34
3.2.5 Жыныс аттрактанттары...........................................................................34
3.2.6 Жәндіктердің гормондары......................................................................34
3.2.7 Микробиологиялық препараттарды қолдану........................................35
3.3 Генетикалық күрес шаралары....................................................................35
3.3.1 Сәулемен стерилизациялау.....................................................................35
3.3.2 Химиялық стерилизация.........................................................................35
3.3.3 Цитоплазмалық сыйыспаушылық..........................................................36
3.4 Химиялық күрес шаралары........................................................................36
3.5 Механикалық күрес шаралары..................................................................37
3.6 Физикалық күрес шаралары......................................................................37
3.7 Өсімдік карантині.......................................................................................38
3.8 Интегралды күрес шаралары.....................................................................39
IV. Астық – Ұн тағамдарын стандарттау.............................................................40
4.1 Өсімдік тектес өнімдердің сапасын бағалау және сынау........................41
4.1.1 Астық сапасын бағалау әдістері.............................................................41
4.1.2 Астық дайындаудағы сапа көрсеткіштері.............................................41
4.1.3 Астық сапасын анықтау тәсілдері.........................................................47
4.1.4 Астық қоспасын анықтау........................................................................48
4.1.5 Астық ылғалдылығын анықтау..............................................................49
4.1.6 Астықтың қамба зиянкестерімен залалдануын анықтау......................51
4.1.7 Астықтың шынылығын анықтау............................................................51
4.2 Бидайды бағалаудың әдістері....................................................................52
4.2.1 Қатты және жұмсақ бидайдың айырмашылығы...................................52
4.2.2 Бидайдың типтері мен подтиптері.........................................................53
4.2.3 Жұмсақ ақ және қызыл бидайды айырып алу әдістері........................53
4.2.4 Бидайдың подтипін эталон арқылы анықтау........................................54
4.2.5 Стандарт арқылы талдау.........................................................................54
4.3 Азық-түлік тауарларын сертификаттау....................................................55
Қорытынды..............................................................................................................57

Файлы: 1 файл

Астық сақтау және өңдеу өндірісіндегі нан қоры зиянкестерімен күресу іс-шаралары (2).doc

— 1.11 Мб (Скачать файл)

 

Дәнді дақылдардың өнімін жерге төгіліп, ысырап болудан сақтайтын дән ұстағыш тесіктерді қолдана отырып, ерте және қысқа мерзім ішінде жинап алу зиянкестердің төгілген дәннен өніп шыққан өсімдік көмегімен қоректену мүмкіншілігін едәуір азайтады және дән көбелегі, зиянды бақашақ қандала, астық шыбындары сияқты зиянкестердің қоректену мерзімін қысқартады. Егін өнімін бөлшектеп жинаған кезде дән көбелектерінің жұлдызқұрттары, астық қанадалары және оның личинкалалары десте арасына еніп шоғырланады. Сондықтан оларды құрту үшін дестені дер кезінде жинап бастыру керек.

 

3.1.6 Арам шөптермен күресу

 

Арам шөптер ауылшаруашылық зиянкестерінің көптеген түрлерінің өсіп-өніп көбеюіне мүмкіндік туғызады. Мысалы, ерте көктемде шығатын крестгүлдердің бүрге қоңыздары алғашында крестгүлді арам шөптерде қоректеніп, одан соң турнепс, тарна, шалқам, қырыққабат сияқты крестгүлді дақылдарға көшіп едәуір зиян келтіреді. Қырыққабат және басқа крестгүлді көкөніс дақылдарына орасан зор зиян келтіретін қырыққабат бітесінің де көктемгі өсіп-өніп көбеюі жабайы өсетін крестгүлді өсімдіктерде өтеді. Дәнді дақылдардың көптеген қауіпті зиянкестері, мысалы, астық шыбындары жаздық егінді орып жинау мен күзде себу арасындағы кезеңде тек астық тұқымдас арамшөптерде дамиды. Гүлденген кезде арамшөптер көбелектің түрлері үшін нектар көзі болып есептеледі. Нектармен жеткілікті түрде қоректенген көбелектердің өсімталдығы жоғары болады да, олардың зияндылығы едәуір көтеріледі. Көптеген жәндіктер көбінесе жұмыртқаларын арамшөптерге салады, одан соң олардан шыққан жұлдызқұрттар қызылшаға көшеді. Күздік көбелек туралы да осыны айтуға болады. Отамалы дақылдардың егістігінде ол жұмыртқаларын дала шырмауғының жапырағына салуды көбірек ұнатады. Зиянкестердің кейбір түрлері арамшөптерді қысқы мекен ретінде де пайдаланады.

Арамшөптермен күресудің негізгі шараларына жататындар тұқымды тазалау және сорттау, ауыспалы егісті енгізу, сол зона үшін топырақты баптауды рационалды қолдану, ауыспалы егіске отамалы дақылдар мен қара парды енгізу, жүйелі түрде арамшөптерді отап, соңынан оларды құрту, химиялық күрес тәсілін қолдану.

 

3.1.7 Зиянкестердің зақымдауына төзімді сорттарды пайдалану

 

Бидайдың, арпаның күнбағыстың  және басқа дақылдардың зиянкестердің  зақымдануына төзімді келетін сорттарын  еккенде шаруашылықтың өсімдік қорғау саласына жұмсайтын қаражаты едәуір дәрежеде азаяды. Мысалы, қатты бидайдың бірқатар сорттарына гессен шыбынының личинкалары айтарлықтай зиян келтірмейді. Сондықтан шыбынның зияндылығы жоғары болатын аудандарға ондай сорттарды пайдалану өте тиімді болып есептеледі. Швед шыбыны көбінесе жұмсақ бидайда жиі кездеседі және оның тіршілік қабілеттілігі онда жоғары болады. Дамуының бас кезінде сабағы тез өсіп, тканьдары тез қатаятын бидай сорттары жасыл көзді шыбынның личинкаларының зақымдануына едәуір төзімді келеді. Астық егеушілердің личинкалары бидайдің бітеу сабақты сорттарын аз зақымдайды. Ондай сабақтың ішінде личинканың қозғалуы қиындайды. Күнбағыстың сауытты сорттарын күнбағыс көбелегінің жұлдызқұрттары зақымдай алмайды. Себебі бұл сорттардың тұқымының қабығында жұлдызқұрттар кеміре алмайтын қатты қабыршақты қабат болады. Сондықтан зиянкес күнбағыс зәмбілінің түбін, орам жапырақшаларын кеміріп жеуге мәжбүр болады да, оның өніміне зиян келтірмейді.

 

3.2 Биологиялық күрес шаралары

 

1971 жылы қабылданған  биологиялық күрестің Халықаралық  ұйымның уставы бойынша зиянды организмдердің зақымдауынан болатын шығынды азайту үшін немесе оны болдырмау үшін тірі организмдерді немесе олардың тіршілік әрекеттерінің өнімдерін пайдалануды биологиялық күрес тәсілі деп атайды.

Зиянкестер, аурулармен күресуде зиянкестердің табиғи жауларына: жыртқыш паразиттік тіршілік ететін жәндіктер мен кенелер, нематодтар мен қарапайым жәндіктердің түрлері, сүтқоректілер мен құстар, ауру тудыратын бактериялар, вирустар мен саңырауқұлақтар жатады. Ал тірі организмдердің тіршілік өнімдерінен қолданылатындар жыныс аттарктанттары немесе жыныс феромондары, сонымен қатар гормондар және олардың синтетикалық аналогтары.

Зиянкестердің табиғи жауларын биологиялық күресте пайдаланудың мынадай жолдары бар интродукция және акклиматизация, ареал ішінде тарату, маусымды колонизациялау, сонымен қатар жергілікті энтомофагтарды қорғау және оларды пайдалану.

 

3.2.1 Интродукция және акклиматизация(жерсіндіру)

 

Интродукциялауда тиімділігі жоғары энтомофагтарды өздерінің бұрынғы  ареалынан жаңа, олар кездеспейтін аймаққа әкеліп жібереді. Ал акклиматизациялауда басқа аймақтан әкелінген энтомофагтарды жаңа аймақтың жағдайларының азды-көпті ерекшеліктеріне жерсіндіреді. Интродукцияланған этномофагтардың көмегімен шет елдерден әкелінген зиянкестерге қарсы биологиялық күрес, жергілікті зиянкестерге қарсы биологиялық күреспен салыстырғанда көпшілік жағдайда өте тиімді болады. Мысалы, алма ағашының аса қауыпті зиянкесі шет жерлік қанды бітемен күресу үшін оның паразиті афелинус (aphelinus mali Hald.) 30-жылдары КСРО-ға интродукцияланған болатын. Қысқа мерзім ішінде ол қанды бітенің барлық ареалына түгел таралып, жақсы көндікті де, оның зияндылығын онша сезілмейтіндей дәрежеге төмендетті. Цитрус ағаштарының қауіпті зиянкесі австралиялық сымыр ицериямен күресу үшін жыртқыш қоңыз родолиді және цитрустың мұды сымырымен күресу үшін оның паразиті сары коккофагусты интродукциялау да өте жақсы нәтиже береді.

 

3.2.2 Ареал ішінде тарату

 

Нәтижелері жоғары этномофагтар мен ауру қоздырғыштары зиянды организмдердің көп мөлшерде таралған ескі ошақтарынан, олардың табиғи жаулары кездеспейтін, болмаса кейбір себептермен жеткілікті мөлшерде қорланып шоғырланбаған жаңа ошақтарына әкеліп жіберуге негізделген. Алма және жеміс күйелерінің тиімді паразиті агениасписті (Ageniaspis fuscicolais Dalm.) Қырғызстаның солтүстік тау бөктеріндегі аудандарынан оның оңтүстігіндегі жаңғақты-жеміс ормандарына әкеліп тарату осы тәсілді пайдаланудың сәтті мысалы бола алады.

 

3.2.3 Маусымды колонизациялау

 

Зиянды организмдердің табиғи жауларын қолда өсіріп табиғатқа оқтын-оқтын жіберіп тұруға негізделген. Ол үшін этномофагтарды арнаулы биологиялық лабораторияларда немесе биофабрикаларда жаппай қолдан өсіреді де, одан соң оларды жыл сайын зиянкестер шыққан кезде егістік жерлерге, жеміс бақтарына, көкөніс плантацияларына, теплицаларға таратып жібереді. Маусымды колонизациялау жергілікті жердің табиғи этномофагтары мен патогендік микроорганизмдері әртүрлі себептермен жылдық циклінің иесінің дамуымен синхронды болмауы, суыққа төзімділігінің төмендеуі нәтижесінде көп мөлшерде қырылып қалуы, пестицидтердің әсерінен популяциясының едәуір бөлігінің құрып кетуі және т.б. зиянкестердің өсіп-өніп, көбеюін бақылай алмайтын жағдайда қажет болады. Сондықтан зиянкес көбейер алдында этномофагтарды жаппай жіберу немесе өсімдіктерді микробиологиялық препараттармен өңдеу оның зияндығын күрт азайтуға мүмкіндік туғызады.

 

      1. Жергілікті этномофагтарды қорғау және оларды пайдалану

 

Биологиялық күресті жүзеге асырудың бұл бағыты пестицидтерді тек дақылдардың өніміне тікелей қауіп төнген кезде ғана пайдалануды қарастырады. Мұндай жағдайда өсімдіктерді пестицидтермен баптау жұмысы мүмкіндігінше талғап әсер ететін препараттар мен этномофагтар үшін қауіпсіз кезеңде жүргізіледі. Сонымен қатар этномофагтардың белсенділігін арттыратын бірқатар агротехникалық шаралар жүзеге асырылады. Ондай шараларға жататындар паразиттердің және кейбір жыртқыштардың қосымша тамақтануы үшін қорек базасын жасау. Мысалы, жеміс бақтарының аралықтарына, жол бойымен жер суарғыш канал жағасында нектары мол өсімдіктер егу, отамалы дақылдардың егістіктерінде топырақты қопсытып жұмсарту және т.б.

 

      1. Жыныс аттрактанттары

 

Жыныс аттрактанттары, немесе жыныс феромондары өсімдік қорғау ісіне екі бағытта қолданылады: агробиоценозда популяцияның күйін  бақылау, сигнал беру және зиянкестермен  тікелей күресу үшін. Мұнда көбінесе синтетикалық арзан фермонодтар пайдаланылады. Бұған алма жеміріне қарсы инсектицидтерді қолдану мерзімін хабарлау үшін осы зиянкестің синтетикалық жыныс феромонын пайдалану мысал бола алады.

 

      1. Жәндіктердің гормондары

 

Қазіргі кезеңге дейін  белгілі болған гормондардың ішінде зерттеушілердің назарын өзіне көбірек аударғаны ювениль гормоны және оның аналогтары – ювеноидтар. Оларды жәндіктерге гормонның әсеріне сезімтал болатын кезінде пайдаланғанда мысалы, жұмыртқалау кезінде ұрық дамуының тежелуі, тіршілік етуге қабілетсіз личинкалардың тууы, немесе сыртынан қарағанда дені сау личинкалардың метаморфоз процесінде  өліп қалуы байқалады. Жоғары жастағы личинкаларға қолданғанда тез өліп қалатын аралық имагиналды-личинка формалары шығады. Егер препарат ересек жәндіктердің денесіне тисе, онда дамудың бастапқы кезінде ұрғашы жәндіктердің стерилизациялануы немесе керісінше пісіп жетілген кезде оның өсімталдығының көтерілуі мүмкін. Сондықтан ювеноидтарды өсімдік қорғау саласында пайдалану белгілі бір қиыншылықтарды тудырады.

 

      1. Микробиологиялық препараттарды қолдану

 

Зиянкестерге қарсы  биологиялық күресте микропрепараттарды пайдаланудың да маңызы өте зор. Мысалы, энтобактерин және дендробациллин сияқты бактериялық препараттар қырыққабат және шалқан ақ көбелектеріне, қырыққабат алма және жеміс күйлеріне, жұпсыз сақиналы және сібірлік көбелектерге және басқа зиянды қабыршақ қанаттыларға қарсы кең түрде қолданылады.

 

3.3  Генетикалық күрес шаралары

 

Өсімдік қорғаудың генетикалық  немесе автоцидтік тәсілі зиянды организм популяциясында сол түрдің өлімімен аяқталатын немесе сыйыспайтын факторлардан тіршілік етуге қабілетсіз, бедеу особьтарын енгізуге бағытталған. Бұл тәсілді қолданудың нәтижесінде зиянкестің табиғи популяциясының сан мөлшері күрт төмендейді немесе ол жаппай қырылады. Генетикалық тәсілді қолданудың әртүрлі жолдары бар. Оларға жататындар химиялық заттармен және сәулемен стерилизациялау, цитоплазамалық сыйыспаушылықты пайдалану, диапаузасыз популяцияларды алу және басқалары.

 

3.3.1  Сәулемен стерилизациялау

 

Ионизациялаушы сәулелердің жоғары дозасы – 1000-1500 гр жәндіктердің тіршілік процестерін тежеп, олардың өлуіне себеп болады. Ал ондай сәулелердің төменгі дозасы – 100-300 гр(10-30 крад)организмдердің бөлінетін клеткаларында не бірінші жыныс клеткаларында әртүрлі өзгерістер тудырады. Дозасы дұрыс алынған сәулелердің әсерінен соматикалық клеткалар бұзылмайды, ал жыныс клеткаларында хромосомалардың үзілуі, одан соң дұрыс бітіспеуі, яғни транслокациясы және де олардың мутацияға ұшырауы, бір-бірінің жабысуы байқалады. Сәуле түсірілген жәндіктердің шағылысу мүмкіншілігі сақталған жағдайда осындай түзілмейтін генетикалық өзгерістер жәндіктерді сәулемен стерилизациялау тәсілінің негізі болып есептеледі.

 

3.3.2 Химиялық стерилизация

 

Жәндіктерді химиялық стерилизациялауда хемостерилянттар, немесе организмдердің көбею қабілеттілігін толық жоятын немесе оны нашарлататын химиялық заттар пайдаланылады. Химиялық стерилизацияның әсері сәулемен стерилизациялаудың әсеріне ұқсас – мұнда да жыныс клеткаларының цитоплазмасы мен хромосомаларында қайта қалпына келмейтін өзгерістер байқалады. Хемостерилянттарды екі түрлі бағытта пайдалануға болады: сол заттармен бапталған жәндіктердің популяциясын табиғатқа жіберу немесе жәндіктердің табиғи популяциясын олардың шоғырланған жеріне хемостериляттармен баптау. Сыннан өткен бірнеше мың қосылыстардың ішінде жәндіктерді стерилизациялау үшін тиімділігі ең жоғарғылары тэф, тиоэтир, афолаш және басқалары. Мысалы, АҚШ-та томатқа зиян келтіретін дрозофилмен күресу үшін афолатты пайдаланған. Сонда стерилизацияланған шыбынның 1 фертильді шыбынға жіберілетін нормасы 20-25 болғанда дрозофильдің популяциясы 49 күн ішінде 82 % кеміген.

 

3.3.3 Цитоплазмалық сыйыспаушылық

 

Аллопатритті, яғни репродуктивті  оқшауланған, бірге кездеспейтін популяциялар шағылысқанда ұрықсыз өсіп-өнуге қабілетсіз ұрпақ береді. Бұл құбылыс еркек жыныс клеткасының сперманың гаплоидты жұмыртқаның ядросымен қосылар алдында тоқтап қалуына байланысты цитоплазмалық үйлеспеу туады. Цитоплазмалық үйлеспеу ұрғашы жәндіктер арқылы келесі ұрпақтарға беріледі. Ол ұрпақтардың ұрғашлары бедеу болады. Цитоплазмалық сыйыспаушылықты пайдаланудың далалық тәжірибесі филяриоз ауруын тарататын масамен (Culex pipiens fatigans.) күресу үшін Бирмада ұйымдастырылған. Бұл тәжірибеде масалардың табиғаттағы сан мөлшері 4 мыңнан 20 мыңға дейін болғанда, соның ішінде ұрғашы жәндіктер 50%,52 күн бойы күн сайын гистоплазмалық сыйыспайтын будан еркек жәндіктердің 5 мыңы жіберіліп отырған. Сонда масалардың саны тәжірибенің 5-жұмасына дейін 9 есе өскенмен, салынған жұмыртқалардың тіршілік етуге қабілетсіздігі 5 жұмада – 19,4%, 8 жұмада – 39%, 9-10 жұмада – 100% болған (Рукавишников, 1971).        

 

    1.   Химиялық күрес шаралары

 

Қазіргі кезде ауылшаруашылық дақылдарын зиянкестерден қорғау шараларының комплексінде басты орынды химиялық тәсіл алады. Оны қолдануда әртүрлі химиялық заттар – пестицидтер енгізген зиянкестер үшін у пайдаланылады. Химиялық тәсілдің тиімділігі өте жоғары және ауылшаруашылық дақылдардың барлығында дерлік  оларды зақымдайтын зиянкестердің көпшілігіне қарсы қолдануға болады. Сонымен қатар бұл тәсіл өте жоғары өнімді келеді. Себебі оны жүзеге асыру үшін әртүрлі машиналар мен механизмдер комплексі бүрккіштер, тозаңдатқыштар, аэрозоль генераторлары, тұқым дәрілегіштер және т.б. пайдаланылады. Көпшілік жағдайда егінді пестицидтермен баптау үшін авиацияны қолданады. Күрестің химиялық тәсілінің ең бір артықшылығы – өте көбейіп кеткен зиянкестерді құрту қажеттілігі туған жағдайда оны жылдам және тиімді түрде ұйымдастыруға болады. Осы айтылғандардың бәрі өсімдік қорғаудың бұл тәсілінің тек елімізде ғана емес, сонымен қатар шет елдерде де өте кең тарауына себеп болады.

Химиялық күрес тәсілінің елеулі кемшіліктері де аз емес. Мысалы, оны жүзеге асыру үшін пестицидтерді, машиналарды, аппаратураларды қолдану белгілі бір қаражатты керек етеді. Көптеген  пестицидтер тек зиянкестер үшін ғана емес, сонымен қоса пайдалы организмдер этномофагтар, жылы қанды жануарлар және адам үшін де улы болады. Сондықтан зиянкестермен химиялық күресті жүргізгенде қауіпсіздік ережесінің талаптарын бұлжытпай орындау керек. Көпшілік пестицидтердің қолдану мерзіміне белгілі бір дәрежеде шек қойылады.

Информация о работе Астықты сақтау және өңдеу өндірісіндегі нан қоры зиянкестерімен күресу іс-шаралары