Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 11:13, курсовая работа
Өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау және өңдеу кезеңдеріндегі сақтауды, сапаны жоғарылату мен шығынды азайтуды қамтамасыз ету. Дәнді, бұршақты және майлы дақылдарды, тамыр жемістілерді өңдеу және сақтау ерекшеліктері. Өсімдік шаруашылығындағы ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау және өңдеудің дәстүрлі және қазіргі әдістері. Сақтау кезіндегі өнімнің шығын нормасы. Өсімдік шаруашылығы шикізаттарын бағалау әдістері мен көрсеткіштері.
Жоспар.......................................................................................................................4
Кіріспе........................................................................................................................5
І. Астық массасы мен астық өнімдерінің физикалық қасиеттері........................7
1.1 Астық массасының сусымалылығы мен өздігінен сұрыпталынуы.....7
1.2 Астық массасының қуыстылығы.................................................................9
1.3 Астық массасының сорбциялық қасиеттері.............................................10
1.4 Астық массасының жылулық-физикалық және масса айырбастау
қасиеттері............................................................................................................12
Негізгі бөлім
ІІ. Астық қорының зиянкестері............................................................................14
2.1 Микрофлораның тегі және оның қалыптасуы.........................................14
2.1.1 Дәнді дақылдардың микрофлорасының түр құрамы...........................14
2.2 Астық қорының зиянкестері......................................................................16
2.2.1 Қоңыздар (қатты қанаттылар, Coleoptera).......................................16
2.2.1.1 Қарақоңыз (Tenebrionidae)...................................................................17
2.2.1.2 Жалпақ қоңыздар (Cucujidae).............................................................18
2.2.1.3 Қулықшыл қоңыз (Ptinidae)................................................................19
2.2.1.4 Бізтұмсықтар (Curculionidae)...............................................................20
2.2.2 Кеміргіштер..............................................................................................21
2.2.2.1 Тышқан тәрізді кеміргіштер (Мuridae)...............................................21
2.2.2.2 Кеміргіштер (Anobildae).......................................................................21
2.2.2.3 Бұрама (Bostrychidae)...........................................................................22
2.2.3 Көбелектер (қабыршақ қанаттылар, Lepidoptera)..............................22
2.2.3.1 Дән қоңыр көбелегі (Hadena basilinea Shiff)......................................22
2.2.3.2 Күйелер..................................................................................................23
2.2.3.3 Қанкөбелек............................................................................................24
2.2.4 Кенелер.....................................................................................................25
ІІІ. Астық қорының зиянкестерімен күресу шаралары......................................29
3.1 Агротехникалық күресу шаралары...........................................................29
3.1.1 Өсімдік қорғаудағы ауыспалы егістің рөлі...........................................29
3.1.2 Дақылдардың зиянкестермен зақымдануын төмендетуде тыңайтқыштардың рөлі.....................................................................................30
3.1.3 Зиякестердің дамуына топырақты баптау жүйесінің тигізетін әсері..30
3.1.4 Дақылдардың зиянкестермен зақымдануына егін егудің тәсілі мен мерзімінің тигізетін әсері..................................................................................31
3.1.5 Зиянкестердің сан мөлшері мен зияндылық әрекетіне өнімді жинау тәсілі мен мерзімінің әсері................................................................................31
3.1.6 Арамшөптермен күресу...........................................................................31
3.1.7 Зиянкестердің зақымдауына төзімді сорттарды пайдалану................32
3.2 Биологиялық күрес шаралары...................................................................32
3.2.1 Интродукция және акклиматизация (жерсіндіру)................................33
3.2.2 Ареал ішінде тарату.................................................................................33
3.2.3 Маусымды колонизациялау....................................................................33
3.2.4 Жергілікті этномофагтарды қорғау және оларды пайдалану..............34
3.2.5 Жыныс аттрактанттары...........................................................................34
3.2.6 Жәндіктердің гормондары......................................................................34
3.2.7 Микробиологиялық препараттарды қолдану........................................35
3.3 Генетикалық күрес шаралары....................................................................35
3.3.1 Сәулемен стерилизациялау.....................................................................35
3.3.2 Химиялық стерилизация.........................................................................35
3.3.3 Цитоплазмалық сыйыспаушылық..........................................................36
3.4 Химиялық күрес шаралары........................................................................36
3.5 Механикалық күрес шаралары..................................................................37
3.6 Физикалық күрес шаралары......................................................................37
3.7 Өсімдік карантині.......................................................................................38
3.8 Интегралды күрес шаралары.....................................................................39
IV. Астық – Ұн тағамдарын стандарттау.............................................................40
4.1 Өсімдік тектес өнімдердің сапасын бағалау және сынау........................41
4.1.1 Астық сапасын бағалау әдістері.............................................................41
4.1.2 Астық дайындаудағы сапа көрсеткіштері.............................................41
4.1.3 Астық сапасын анықтау тәсілдері.........................................................47
4.1.4 Астық қоспасын анықтау........................................................................48
4.1.5 Астық ылғалдылығын анықтау..............................................................49
4.1.6 Астықтың қамба зиянкестерімен залалдануын анықтау......................51
4.1.7 Астықтың шынылығын анықтау............................................................51
4.2 Бидайды бағалаудың әдістері....................................................................52
4.2.1 Қатты және жұмсақ бидайдың айырмашылығы...................................52
4.2.2 Бидайдың типтері мен подтиптері.........................................................53
4.2.3 Жұмсақ ақ және қызыл бидайды айырып алу әдістері........................53
4.2.4 Бидайдың подтипін эталон арқылы анықтау........................................54
4.2.5 Стандарт арқылы талдау.........................................................................54
4.3 Азық-түлік тауарларын сертификаттау....................................................55
Қорытынды..............................................................................................................57
Тірі организмдердің басым көпшілігіне әсер ететін пестицидтердің кейбіреулерін шектеусіз, шамадан тыс қолданғанда олар зиянды түрлермен қатар, зиянкестердің көбейіп кетуін тежеп отыратын пайдалы организмдерді де құртатыны белгілі. Химиялық тәсілдің тағы бір кемшілігі – синтезделіп алынған органикалық пестицидтерге қарсы зиянкестерде төзімділік қасиет пайда болады, әсіресе ол поливольтинді түрлерде байқалады.
Системді пестицидтер деп аталатын улы химикаттарды бүріккенде олар өсімдік тканьдарының ішіне енеді де зиянкесті қоректенген кезінде уландырады. Пестицидтерді осындай тәсілмен пайдалануды өсімдіктің ішкі терпиясы немесе интокасациясы деп атайды. Оны топыраққа отырғызатын материялды және тұқымды себер алдында пестицидтермен баптау үшін қолданылады.
Зиянкестердің кейбіреулерімен күресу үшін уландырылған еліктіргіш заттарды көбінесе қоректік пестицидпен баптап, зиянкестер мекендейтін учаскелерге шашады.
Күрестің механикалық тәсілі көп еңбек сіңіруді қажет етеді. Сондықтан қазіргі уақытта оны өсімдік шаруашылығының қарқынды салаларында (интенсивті) мысалы, жеміс шаруашылығына немесе күрес тәсілінің басқа түрлерін пайдалануға болмайтын жағдайда қолданады.
Механикалық тәсілді пайдаланудың мына төмендегідей жолдары бар. Дақылдарды зиянкестен қорғау үшін егістіктің шет-шетін арнаулы ор қазықшы соқамен зиянкестердің жолын бөгейтін ор қазады. Одан соң сол орға түскен бізтұмсықтарды инсектицидтермен құртады. Алма жемісінің жұлдызқұрттарын ұстағыш белбеумен ұстайды.
Физикалық тәсіл негізнен ауыл шаруашылық дақылдарының өнімдерін және олардан жасалған азық түрлерін зиянкестерден қорғау үшін қолданылады. Мысалы, бұршақтың дәніне қыстап шығатын дәнек қоңызын құрту үшін қоймадағы бұршақ тұқымын 10-11℃-қа дейін салқындатады. Сонда бұршақ қоңызы 6 тәуліктен кейін, ал үрмебұршақ қоңызы 10℃ шамасында 12 сағаттан кейін өледі.
Кейбір жағдайларда зиянкестермен зақымданған дәнді дезинфекциялау үшін оны электр тоғының жоғары жиілігінің немесе басқа тәсілмен қыздырады.
Күрестің физикалық тәсіліне сақтық ретінде және бірқатар аса қауіпті қойма зиянкестерін, қойма кенелері, қойма және күріш бізтұмсықтары және басқаларды құрту үшін астық дәнін және одан жасалған өнімдерді кептіру жатады. Зиянкестердің шығу динамикасын есепке алу мақсатымен жарық ұстағышты қолдану да физикалық тәсілге жатады. Көптеген көбелектер, жарғаққанаттылар және тағы басқа жәндіктер жасанды жарық көздеріне жақсы ұшады. Осыны ескере отырып, егіс танаптарында, бақтарда және басқа станцияларда жарыққа ұшып келетін жәндіктерді ұстау үшін әртүрлі тесіктермен жабдықталған күшті жарық көздерін электр шамдарын, ультракүлгін сәулелерін таратушыларды және басқаларды орнатады. Жарық ұстағыштарға түскен жәндіктерді күн сайын қарап тұру зиянкестердің түр құрамын, ұшу динамикасын және сан мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл шараны жүзеге асыру зиянкестермен күресуді дер кезінде дұрыс ұйымдастыру үшін өте қажет.
Өсімдік карантині елміздің өсімдік байлығын аса қауіпті карантин зиянкестері мен ауру қоздырғыштардың және арамшөптердің басқа мемлекеттерден біздің елге әкелуінен және еніп кетуінен қорғауға, ал карантин объектілері еніп кеткен жағдайда олардың ошақтарын кеңейтуге және жоюға бағытталған мемлекеттік шаралар жүйесін алдын ала қарастырады. Осы міндеттерге байланысты ол сыртқы және ішкі өсімдік карантині болып екіге бөлінеді. Революцияға дейінгі жылдарда карантин қызметінің болмауы салдарынан көптеген қауіпті зиянкестер Ресейге шеттен әкелінетін жүзім филлоксерасы, қанды біте және басқалар 1875, 1881, 1910 жылдарда және одан кейінгі кейбір жылдарда жаңа өсімдіктерді, бақ топырағын және басқа материалдарды шеттен әкелуге тыйым салынған заңдар қабылданғанымен, бұрын әкелінген зиянкестердің одан әрі таралуына кедергі жасай алмады.
Елімізге әкелінетін карантиндік маңызы бар барлық жүктер карантин экспертизасынан өтеді. Карантин объектілерінің бар екендігі мәлім болған жағдайда ол жүктер дереу дезинфекцияланады немесе оларды құртады. Үкіметтің карантин туралы жарлығы және карантин органдарының нұсқаулары барлық шаруашылықтар, ұйымдар, кәсіпорындар, мекемелер үшін міндетті болып саналады. Еліміз өзімен шектес елдердің барлығымен дерлік арнаулы конвенциялар жасаған. Сол бойынша әр ел карантинді зиянкестердің бір елден екінші елге өтіп кетуден сақтандыру үшін өз елінде карантин шараларын іске асыруға міндетті.
Карантин қызметінің дұрыс қойылуы арқасында мақта қызғылт құрты, немесе мақта күйесі (Pectiophora gossypiella saund.), ақ жиекті қоңыз (Graphognatus leucoloma boh.), картоп күйесі (Phthorimaea operculella Zell.) сияқты қауіпті зиянкестер біздің елде кездеспейді.
Интегралды күрес химиялық, биологиялық, агротехникалық физикалық және басқа шараларды үйлестіріп қолдануды көздейді. Өйткені қазіргі жағдайда жеке шаралар арқылы зиянкестермен күресу тиімсіз.
Ауылшаруашылық дақылдарын күтіп баптап өсіруде және оны сақтауда зиянкестерден қорғаудың маңызы өте зор. Сондықтан олармен күресу шаралары әлі де болса жетілдіріле түсуде.
IV. Астық – Ұн тағамдарын стандарттау
Халық шаруашылығының барлық салаларында, әсіресе машина, қару-жарақ, құрал-сайман өнеркәсіптері, үй салу өндіріс салаларында стандартсыз жұмыс істеу мүмкін емес. Стандарттарында осы өндіріс салаларында керекті барлық бөлшектер, олардың сызықтық өлшемдері, қандай материалдан істелетіні т.б. керекті мәліметтер түгелдей көрсетіліп жазылған. Сондықтан оларды бір мекемеде жасап, екінші мекемеде құрастырып шығара береді. Жаңа зауыт, фабрикалар: тұрғын үй салу, машина жасау т.б. қару – жарақтар шығару тек стандарт бойынша жасалады.
Стандарттардың ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібінің барлық салаларын бірге үйлестіріп, олардан алынатын тағамдардың сапасын арттыра беру үшін де маңызы өте зор. Былайша айтқанда, адамның өмір сүруіне керекті бұйымдар, тағамдар, оларды шығару технологиясы түгелдей стандартталған. Астық сапасы жақсы болса, одан алынатын ұнның да, жарманың да, нанның да, құрама жемнің де сапасы жоғары болады. Сондықтан олардың өзіндік құны төмен болып, жоғары сапалы түрлі тағамдар алуға мумкіндік береді, олардың экономикалық нәтижелігі де жоғарылайды. Сондықтан астықты қабылдау, кептіру, тазалау, ұн тарту, жарма, құрама жем жасау, нан пісіру т.б. жүйелері түгел стандартталған. Барлық жүргізілетін технологиялық операциялар тек стандарт бойынша, өз уақытында сапалы жүргізілу керек.
Стандарттарды жасайтын және оларды басқару органдары. Мемлекеттік стандарттау институты және басқа ғылыми - зерттеу институттары.
Стандарт жасаудың тәсілдері. Үйлестіру, агрегаттау, құрама бөлшектерді бірімен бірін айырбастау туралы жалпы ұғымдар.
Стандарттау жұмыстарын басқару, жоспарлау. Көпжылдық және бесжылдық жоспарлар. Бір жылдық жоспарлардың ерекшеліктері. Стандарттың бірінші және екінші жобаларын жасау, пікір алысу, бекіту және өндіріске енгізу. Мекемелік стандарттар.
Мал шаруашылығы өнімдерінен алынатын қосындылар – ет, ет-сүт, сүйек, ет-сүйек, балық, шұжық, қан ұндары, құрғақ сүт, жұмыртқа т.б. қоспалар.
Минералды заттар – бор, әк тас, ас тұзы, травертин ұны, молюска қабықтарының ұны т.б. Витаминді, ферментті заттар.
Құрама жемнің түрлері, олардың толық бағалығы. Түйіршектелген, кесектелген және шашыраңқы құрама жемдер. Ақуыз – витаминді қоспалар, премисктер, карбомид т.б. қоспалар және оларды пайдаланудың ерекшеліктері. Құрама жемнің рецептері.
Нан шаруашылығы. Нанның және ұннан істелген тағамдардың түрлері және сорттары. Ашытқы, ас тұзы, ауыз судың сапасына қойылатын шектер. Қосымша шикізаттар – қара бидай уыты, өсімдік майлары – мақта, күнбағар, қыша, жүгері майлары, сарымай, жұмыртқа т.б. нанның сапасы және оны бағалаудың тәсілдері.
Дайын тағамдардың сапасын
жақсартудың тәсілдері. Квалиметрия
туралы түсініктер. Сапалық дәрежелер.
Дайын тағамдардың сапасын
Өлшемдер жүйелерінің негіздері. Өлшегенде кететін қателіктер. Астық өнімдерінде қолданылатын өлшем үлгілері.
4.1 Өсімдік тектес өнімдердің сапасын бағалау және сынау
4.1.1 Астық сапасын бағалау әдістері
Астық өнімінің сапасы төменде
келтірілген нормативтік
1. ҚР СТ 1046-2001 Бидай. Техникалық шарт.
2. МЕМСТ 10840-64 Дән. Табиғи болмысын анықтау әдістері.
4.1.2 Астық дайындаудағы сапа көрсеткіштері
Астықтың сапасы деп, оны белгілі бір мақсатқа пайдалануға және ұзақ уақыт сақтауға мүмкіншіліктің бар жоғын анықтайтын белгілі бір қасиеттердің жиынтығын айтады.
Қазіргі кезде сапаның үш дәрежесі қарастырылады.
Бірінші дәрежедегі сапа – бұл абсолюттік сапа. Мұндай сапа ғарышты игеруге пайдаланылатын құралдарда, қондырғыларда болуы керек, ол мол шығынды талап етеді.
Екініші дәрежедегі сапа техникалық қауіпсіздендірудің талабымен анықталады. Бұл техникалық көрсеткіштер экономикалық көрсеткіштерден маңыздырақ бұйымдарға тән. Мысалы, ұшақтық техника, көптеген транспорттық қондырғылар және т.б.
Үшінші дәрежедегі сапаны ең қолайлы сапа деп атау келісілген, яғни техникалық және экономикалық дәрежедегі ең тиімді сапа. Астық тобын және әр түрлі дақылдардың тұқымдарын әр алуан пайдалануына байланысты, халық шаруашылығының талабын ескере отырып, олардың мүмкіншіліктерін анықтауға тура келеді. Бұл астық пен тұқымның сапасын анықтайтын көптеген көрсеткіштері мен әдістерін дайындауды талап етеді. Әр көрсеткіштердің маңыздылығы бірдей емес. Олардың көбі өте ерекше және қатаң бір мақсатқа пайдаланылатын дақылдардың астық тобы үшін анықтау өте қажет.
Бірақ әмбебап көрсеткіштер де бар, олар арқылы кез-келген астық тобының азықтық және техникалық сапалылығы жөнінде түсінік алуға болады.
Сапаның осы көрсеткіштерінің негізінде маңыздылығы және міндеттілігіне байланысты, әр түрлі астық тобын бағалаған кезде оларды үш топқа бөлуге болады:
1. Кез - келген мақсатқа пайдаланатын астық және тұқым тобы үшін міндетті көрсеткіштер. Бұл топтың көрсеткіштері астық айналымының барлық кезеңдерінде, астықты жинау, оны жеке-жеке топтастырған кездерде анықталынады. Бұл көрсеткіштер мыналар: егіннің жаңа өнімі, толық пісіп жетілуі (сыртқы түрі, иісі, дәмі) астық қоры зиянкестермен залалдануы, ылғалдылығы және қоспаның мөлшері. Мемлекеттік стандартқа, дайындау (базистік және шектеу) кондициясына енгізілген. Менеджер-технолог, агроном бұл топтың көрсеткіштерін және олардың табиғатын толық біліп, астық тобын мемлекетке сатқан кезде соны ескере отырып дайындауы керек. Кейбір дақылдардың астық тобын белгілі бір мақсатқа дайындағанда міндетті сапа көрсеткіштері белгіленеді.
2. Астық
немесе кейбір дақылдардың
Сыра қайнатқанда және спирт өндіргенде арпаның көктеу энергиясын анықтайды және мөлшерлейді. Осы көрсеткіштер спирт өндіргенде қара бидай, сұлы және тары үшін де міндетті болып саналады.
Бидайдың ерекше көрсеткіштерінің (шынылығы, дымқыл дән уызының сапасы және мөлшері т.б.) маңызы өте зор, олардың кейбіреуі мемлекеттік стандартта көрсетіледі. Бұл топтың барлық көрсеткіштерінің астық өндірушілер үшін де маңызы зор. Өндірісте бір көрсеткіштің базистік кондициясының талабына сай келмеуіне байланысты, астық қабылдау орындарының сатып алу бағасына тиісті қосымша бағаның төлемеуі, жиі кездеседі.
3. Сапаның
қосымша көрсеткіштері. Оларды
астық айналымы кезінде
Қазіргі кезде астықтың және одан өндірілетін өнімдердің сапасын күрт арттыру міндеті қойылып отырғанда, осы топқа жататын көрсеткіштердің барлығын да астық өндірушілер де ескеруі керек. Бұл көрсеткіштерді көбінесе астық дайындау мекемелерінде, тамақ өнеркәсібінде мемлекеттік ауылшаруашылығы өнімдерінің шикізат сапа инспекциясының, ауыл шаруашылығы мекемелеріне жататын технологиялық, мал дәрігерлік және басқа зертханада, денсаулық жүйесінің арнаулы зертханаларында анықталынады.