Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2015 в 11:53, дипломная работа
Аталған мақсатқа жету үшін жүзеге асырылатын зерделеу-зерттеу процесіне байланысты шешілуге тиіс мынадай міндеттер туындайды:
- Қазақстан Республикасындағы ҚР Азаматтық құқығы институтын құқықтық реттеу мәселесін жалпы тұрғыда қарастыру;
- ҚР Азаматтық құқығы ұғымына салыстырмалы құқықтық негізіде зерттеу;
- ҚР Азаматтық құқығы жөніндегі заңдылықтарды қамтамсыз ету;
- ҚР Азаматтық құқығы, оның түсінігі, пәні және әдісі жөнінде туындайтын мәселелерге қатысты құқықтық негізінде зерттеу ұсыныстарын қамтамасыз ету;
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының бір түтас құқық жүйесі бірнеше салаға бөлінетіндігі бәлімізге мәлім. Сол салалардың бірі болып табылатын –азаматтық құқық. Азаматтық құқық сала ретінде қалыптасып келе жатқан нарықтық экономиканың бірде-бір негізі десекте болат. Өйткені бұл саланың реттелетін құқық қатынастарының шеңбері кең. Азаматтық құқығымен реттелінетін қатынастардың түсінігі беру үшін құқық теориясында қолданылып жүрген ережелерге сүйенуміз қажет. Яғни айтқанда, реттеу пәні мен реттеу тәсілдері. Осы жоғарыда көрсетілген екі категорияның, негізінде азаматтық құқығына сала ретінде тек анықтама ғана емес, оның басқа құқық салаларынан ерекшелігін де көрсетуге болады. Азаматтық кодекстің 1-ші бабында 1-ші тармағында көрсетілгендей, азаматтық заңдармен тауар-акты қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік жеке қатынастар реттеледі. Сонымен қатар мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастарға азаматтық заңдармен реттеледі, өйткені олар заң құжаттарында өзгеше көзделмеген, не мүліктік емес жеке қатынастар мәнінен туындамайды. Жоғарыда көріп отырғанымыздай, азаматтық құқығымен реттелінетін қоғамдық қатынастардың негізгісі болып табылатыны-мүліктік қатынастар. Сондықтан да айтып кеткен жөн болар, кез келген мүліктік қатынастар емес, қоғамның негізін қалайтын тауар-ақша қатынастары, яғни азаматтық субъектілерінің кез келгенінің қатысумен және әр түрлі көріністерде ( мүлік беру, жұмыс, қызмет) байқалатын мүліктік қатынастар.
Сонау
рим құқығы заманынан бері
қоғамдық қатынастарды
Жария
құқық мемлекеттік немесе
Жеке құқық,
керісінше оқшауланған жеке
Қазақстан
Республикасының азаматтық
Қазақстан
Республикасының қолданыстағы
Республикадағы
құқықтың барлық салалары
Қазақстан
Республикасының жалпы құқық
жүйесіне, заматтық құқықтан басқа,
құқықтың өзге де салалары- мемлекеттік,
қылмыстық, әкімшілік және басқа
да салалар кіреді. Азаматтық
құқық бұлардан өзінің айрықша
белгілермен ерекшеленеді, яғни
реттеу нысанасы мен әдістерін
сипаттайтын және негізінде
Тақырыптың зерттеулер деңгейлі. Кәзіргі таңда Ресей Федерациясы мен басқа да шет мемлекеттерде бұл тақырып жөнінде көптеген ғылыми жұмыстар шықты. Қазақстан мемлекетеміз үшін әлі күнге дейін зерттелу үстінде деуге болады. Қазақстан Республикасы Азаматтық құқығының түсінігі, пәні және әдісі жөніндегі мәселе Ю.Г. Басиннің, Ғ.А. Жайлиннің, М.К. Сүлейменовтың, С.В. Скрябиннің, Е.А. Сухановтың, Ю.К. Толстойдың, А.А. Ерошенконың, А.М. Сергевтың, М.Н. Малеинанның, Л.А. Соловьеваның, О.М. Романовтың, және т.б. ғалымдардың еңбектері арналған.
Зерттеу объектісі. Жұмыстың ізденіс-зерделеу және зерттеу объектісіне қоғамдық қатынастар, ондағы ҚР Азаматтық құқығы мәселесіндегі құқықтық қорғау мен жүзеге асыруды мемлекеттік реттеу болып табылады.
Зерттеу пәні болып ҚР Азаматтық құқығы, оның түсінігі, пәні жіне әдісі жөніндегі мәселелерді қамтитын Қазақстан Республикасының заңнамалары, сондай-ақ зерттелетін проблемаға қатысты мемлекеттік органдармен, азаматтар және ұйымдармен қатынастарын реттейтін құқықтық актілер кіреді.
Зерттеу мақсаттары мен міндеттері. Дипломдық зерттеу жұмысының негізгі мақсаты- Азаматтық құқық ұғымына және қалыптасу тарихына талдама (анализ) жасау, тәжірбиеде осы салаға қатысты кездесетін мәселерді талқылау; зерттеу мәселесі бойынша заңнамаларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар келтіру болып табылады.
Аталған
мақсатқа жету үшін жүзеге
асырылатын зерделеу-зерттеу
Зерттеу жұмысының методологиясы мен методикасы.
Метедоголиялық негіздері ретінде, ғылыми танымның материалистік,
жүйелі-құрылымды және салыстырмалы-құқықтық әдістері пайданылады. Ал теориялық негіздері ретінде, мемлекет және құқық теориясы, азаматтық құқық және конституциялық заңдарға байланысты мемлекеттік және ресми тілде жарық көрген қазақстандық ғалымдардың еңбектерінде, сондай-ақ таяу және қашық шет елдердің, әсіресе Ресей ғалымдардың ҚР Азаматтық құқығы саласы бойынша жасалынған теориялық байлам-түйіндері, соларға қатысты жаңаша көзқарастар мен тұжырым-ұсыныстарды айқынлдауға, дипломдық жұмыс тақырыбының өзекті мәселелерінің өзіндік нақты, дербес шешімін табуға арқау болып, ұтымды көрініс тапты. Сонымен бірге дипломдық тақырыптың өзекті мәселелерін жеткілікті көлемде ашып көрсетуге азаматтық құқықтық заңдар, арнайы ҚР Азаматтық құқығы саласына арналған заңдар, сондай-ақ тақырыпқа сәйкестүрлі басқа да нормативтік құқықтық актілер айтарлықтай септігін тигізді.
Дипломдық зерттеу
Дипломдық жұмыстың көлемі
1 Қазақстан Республикасында Азамматық құқық ғылымының
Азаматтық құқық ғылымының аясын зерттелуі Қазақстандағы заң білімінің тарихынан бөліп қарауға болмайды. Ғылыми зерттеудің қайсысы болмасын, ұқсастық пен айырмашылықтарды саралап, жинақтауды талап етеді. Зерттелетін объект белгілі бір уақыт аралығын қамтитын болса, оны топтастыру да белгілі бір кезеңге сай жүргізіледі. Осы тұрғыдан келгенде Қазақстандағы заң білімінің дамуы барысын мынадай 5 кезеңге бөлуге болады: көне дәуірдегі заң білімі[2], дербес Қазақ хандығының заң білімі, патшалық Ресейдің отары болған кездегі заң білімі, социалистік заң білімі, ұлттық заң білімі.
Қазақстандағы заң білімі мен құқықтану, оның ішінде азаматтық құқық ерекше тарихи сипатқа ие десек қателеспейміз. Өйткені, Қазақстан ұзақ жылдар бойы өзге мемлекеттің құрамына еніп, яғни оның құрамдас бөлігі болып саналды. Соның салдарынан заң білімі мен құқықтануы өз тізгініне өзі ие бола алмағаны да түсінікті. Ұлттық юриспруденцияға ең алдымен бөгде елдің ғылыми дәрежесіне көтерілу міндеті тұрды. Міне, сондықтан да ұлттық азаматтық құқықтың ғылыми тұрғыдан дамуы орыс азаматтық құқығының тағдырымен тығыз байланысып жатыр. Әділіне жүгінсек, орыс цивилитикасы өзінің ықшамдылығымен, кереметтей қарапайымдылығымен азаматық теориясын сомдап берді. Дәл қазір де ол ұлттық цивилитиканы азаматтық құқықтың биік шыңына көтеруде оң әсерін тигізуде. Егеменді Қазақстанға бүгінгі талапқа толық жауап беретіндей азамматық құқық ғылымын қалыптастыру өзекті мәселе болып отыр.
Тарихқа
жүгінсек, қазақ халқы өз алдында
ел болып, дербес мемлекет құрғалы
бірнеше күрделі заң
Бұл заң құжаттарының бәрі де сол заманның қажеттілігінен дүниеге келгені сөзсіз. Өкінішке орай мәселенің байыбына бармай тұрып Қазақстанда құқықтық мәдинет болғанына күмән келтірушілер де кездеседі. Әлі күнге дейін кейбір бұқаралық ақпарат құралдары мен академиялық еңбектерде ұлттық құқықтың кенде қалғанын дәлелдеп бағуға тырысушылық байқалады, тегінде құқықсыз мемлекет болуы мүмкін емес, өйткені, онсыз жария-құқықты реттеу мүмкін еместігі түсінікті жәйт.
Кезінде Ресейдің отары болған Қазақстанда арнайы жоғарғы заң білімін беретін оқу орындарының неліктен болмағаңын тәптіштеп айтып жатудың өзі артық болар. Ол кездер қазақтар үшін жоғарғы білім алу таптық және топтық тұрғыдан алғанда мүмкін еместұғын. Сонымен қатар талапкердің оқуға қыруар қаржы жұмсау керектігі тағы да қолын байлады. Мәселен, орыс университіне түсу үшін 25 сом жарна талап етілді, содан кейін лекция тындауға, сынақ, емтихан тапсыруға және тағы басқа төлемдер төлеу керек болды. Тек ауқатты адамдардың балалары ғана Ресей университерінде білім ала алды.
Осы арада мына бір жағдайды айта кеткен жөн, Қазақстан Ресейге отар болуды бастаған, яғни 1731 жылы 19 ақпанынан-ақ патшалық Ресей қазақтардың құқықтық жүйесіне өзінің заңын енгізіді қолға алды. Қазақтардың әдеп-ғұрып құқықтарын қалайда өзгертуге патша өкіметі жанын салып бақты, сөйтіп орыс мемлекетінің құқық нормалары оның орнын біртіндеп баса берді. Ақырында отаршылдық саясат өз дегенің істеп, айтқанға көндіріп, айдауға жүргізе білді. Дейтұрғанмен қоғамның құқық өмірінің кейбір салаларында орыс заңы мен қазақтардың әдеп-ғұрып құқықтары тоғысты[4.17]. Демек қазақтардың әдеп-ғұрып құқықтарын түбірімен өзгертемін деген патша өкіметінің пиғылы жүзеге аса қойған жоқ, соған байланысты Қазақстанда екі құқық жүйесі де қолданылып келеді
Кешегі
социалистік дәуірде заң
Қазақстанда жоғарғы заң білімін дамытуға 1931 жылы 20 сәуірде қабылданған РСФСР Бүкіл одақтық Орталық Атқару комитетінің “ Кеңес құрылысы қызметкерлерінің кадрларын даярлау және қайта даярлау жөніндегі шаралар туралы” қаулысы үлкен мән бергенін айтпасқа болмайды. Аталған құжатқа институттың кеңестік құқық және кеңестік құрылыс деп аталатын екі түрін көздеді. Осы қаулы негізінде 1932 жылы Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалістік Республикасы Орталық Атқару Комитеті (ОАК) жанынан республика аппаратына кадрлар даярлау үшін алты айлық курс ұйымдастырылады, кейінірек ол бір жылдық курс болып қайта құрылды.
Информация о работе Азаматтық құқықтық реттеудің пәні және әдістемесі