Азаматтық құқықтық реттеудің пәні және әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2015 в 11:53, дипломная работа

Описание работы

Аталған мақсатқа жету үшін жүзеге асырылатын зерделеу-зерттеу процесіне байланысты шешілуге тиіс мынадай міндеттер туындайды:
- Қазақстан Республикасындағы ҚР Азаматтық құқығы институтын құқықтық реттеу мәселесін жалпы тұрғыда қарастыру;
- ҚР Азаматтық құқығы ұғымына салыстырмалы құқықтық негізіде зерттеу;
- ҚР Азаматтық құқығы жөніндегі заңдылықтарды қамтамсыз ету;
- ҚР Азаматтық құқығы, оның түсінігі, пәні және әдісі жөнінде туындайтын мәселелерге қатысты құқықтық негізінде зерттеу ұсыныстарын қамтамасыз ету;

Файлы: 1 файл

Азамматық құқық.docx

— 135.01 Кб (Скачать файл)

         Қазіргі азаматтық құқық адам  құқығын қорғауға ерекше мән  береді, мұның өзін көптеген мемлекетермен  өзара және тұрақты байланыс  орнатудың жемісі десе де болады. Азаматтық құқықтың шетелдік  тәжірбиеге бой ұруынан келіп, өзінің ұлттық сипатынан бірте-бірте  айырыла бастағаны да байқалады (мысалы, вексельдік немесе міндеттемелік  құқық). Бірақ ондай ағымға үрке  қарауға да болмайды, өйткені, әрбір ел азаматтық құқығының өзіне тән ерекшеліктерін сақтап қалуға тиіс.

       Өз ерекшілігі  бар нарықтық қатынас құқыққа  әсерін тигізбей қоймайды. Сондықтан  да қазіргі азаматтық құқық  міндеттеменің икемділігімен, қозғалмайтын  мүлікке ие болуымен ерекшеленеді (мәселен, жерге меншік қатынасын  енгізу). Демек қозғалмайтын мүліктің  де қозғалатын мүлік тәрізді  азаматтық айналымға соның тәртібімен  түсуге ұмтылатыны байқалады, сөйтіп, азаматтық құқық нарық сипатын  біртіндеп еншілей береді.

       Біздің  ойымызша, Қазақстанның қазіргі  азаматтық құқығына қатысты ағымдардың  сипаты, міне, осындай.

 

 

 

 

 

        

 

                    2 Азаматтық құқық- құқықтың бір саласы

            2.1 Қазақстан Республикасы азаматтық құқығының ұғымы

 

         ''Азаматтық құқық’’ атауы ежелгі уақыттан бері белгілі, оны римдік заңгерлер Рим азаматтарының құқығы-цивильді құқық деп атаған.

          Тарихтан белгілі римдіктердің құқығы осы атаумен белгіленді(квирттер құқығы). Көне римдегі азаматтардың мемлекеттік, қоғамдық және жеке өзіндік қатынастарын реттеді және қазіргі азаматтық құқыққа қарағанда ұғымы әлдеқайда кең болды. Қазіргі кезде азаматтық құқықтың римдік атауы сақталғанымен оның мазмұны барынша өзгерді. Дейтұрғанмен оған қарамастан “цивиль” атауы еуропалық құқықтануға еніп қана қоймай, заң терминологиясында да кірді. Сондықтан да азаматтық құқықты цивилистік деп атайды, ал бұл саладағы мамандарды-цивилист деп жүр.

        Римде  құқықты жария және жеке деп  екі салаға бөлгенін білеміз. Жария және жеке құқықтардың  классикалық аражігін Ульпиан  былайша ашып көрсетеді “жария құқық дегеніміз рим мемлекетінің  құқықтық мәртебесіне қатысты ал жеке құқық болса жекелеген адамның мүддесіне сай келеді”.

        Қазақстан Республикасының қазіргі құқық жүйесі жария және жеке құқық деп бөлінбейді. Біздің ұлттық азаматтық құқық тек қана өзіне тән және белгілі бір ерекшеліктері бар интитуттардың аясында қалыптасты деп ойлаймыз.

       Сонымен  қатар азаматтық құқықтың әртүрлі  жүйелерінің арасында белгілі  бір дәрежеде ұқсастықтар бар. Сондықтан әлемдік азаматтық  құқықтық жүйелерде болып жатқан  процесстер Қазақстан Республикасының  азаматтық құқық іліміне әсерін  тигізіп отыр.  Бұл орайда “біз жаңа мемлекетті, жаңа нарықтық экономика мен жаңа демократияны көптеген өзге де жас тәуелсіз мемлекеттер осы тәрізді жолды басынан кешіп те үлгерген уақытта құру үстіндеміз”.., ендеше осы бағытта әртүрлі өркениеттердің ең соңғы жетістіктерді пайдалуының маңызы зор.

         Азаматтық құқық- Қазақстан Республикасының  құқық салаларының бірі болғандықтан  күнделікті тыныс-тіршілікпен, сондай-ақ  азаматтардың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің өзімен, оның әкімшілік-аумақтық бөліністермен тығыз байланысты.

         Азаматтық құқықты зерттемес  бұрын азаматтық құқық пәнін  анықтап, басқаша айтқанда, мұның  пәні не екенін белгілеп алуға  тиістіміз. Ал азаматтық құқықтың  пәнін анықтаудың өзі оңай  шаруа емес. Өйткені, азаматтық құқықпен  реттелетін қоғамдық қатынастар  ауқымы өте кең де сан қырлы.

          Құқық жүйесі іштей құқық салаларына  бөлінетіндігі белгілі. Әдетте құқықтың  қандай салаға жататындығын анықтау  үшін оның пәні мен құқықтық  реттеу әдістемес қолданылады. Дәл  осы пән мен әдістеме арқылы  азамматтық құқықты Қазақстан Республикасаның басқа құқық салаларынан ара жігін айыра отырып, сонымен бірге оның салалық ерекшеліктерін де айқындауға болады.

         Қазақстан Республикасы азаматтық  құқығының пәнін тауар-ақша қатынастары  және қатысушылардың теңдігіне  негізделген өзге де мүліктік  қатынастар,сондай-ақ мүліктік қатынастарға  байланысты мүліктік емес жеке  қатынастар құрайды ( Қазақстан Республикасы  Азаматтық кодексінің[14.12] 1-бабының 1-тармағы). Соымен қатар мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар азаматтық заңдармен реттеледі, өйткені олар басқа заң құжаттарында өзгеше көзделмеген не мүліктік емес жеке қатынастар мәнінен туындамайды (АК-тің 1-бабының 2- тармағы). Азаматтық құқықпен реттелетңн қоғамдық қатынастар болып табылады. Материалдық игіліктермен (мүлікпен, жұмыспен, қызмет көрсетумен, ақшамен, құнды қағаздар және басқа да мүліктермен) байланысы бар қоғамдық қатынастар мүліктік қатынастар деп аталады. Мұндай қатынастар иемдену немесе мүліктің тиістілігіне қарай (заттық қатынас), мүліктің бір адамнан екіншісіне ауысуы, өтуі (міндеттемелік қатынас), меншік иесінің қайтыс болуына байланысты заттың тағдырын шешу (мұрагерлік қатынас) тәрізді қатынастар тұрғысыннан көрінсе, онда олар азаматтық заңмен реттеледі. Бір сөзбен айтқанда мүлікітк қатынас дегеніміз мүліктерді сатып алу, иемдену, басқа адамдарға беру мен пайдалану жөніндегі қатынас болып табылды.

        Дей  тұрғанмен бұдан азаматтық құқық  мүліктік қатынастардың бәрін  бірдей деген ұғым тумауы тиіс. Өйткені, олардың өзі әртүрлі  сипатта кездеседі. Сайып кегенде, мүліктілік (имущественность) дегеніміз заңды белгілі болып табылмайды, ол тек экономикалық түсінік[15.11]. Сондықтан да азаматтық құқық пәнінің мазмұны оны біріктіетін әрі мән мағнасын ашатын тұсты бөліп қарауды қажет етеді. Қоғамдық қатынастарды бір-бірінен ажырататын мүліктік қатынастардың мынадай белгілері, атап айтқанда, белгілі бір экономикалық құндылыққа ие болуымен байланысты материалдық объектілері жайында адамдардың арасындағы қатынастар болғандықтан ерік сипатында болатындығы нарықта дербес тауар иеленуші ретінде қимылдауы[16.18], қатысушылардың өзара келісім және өзара шарт жасауы. Міне, осы тәрізді белгілері болады.

        Мүліктік  құндылық қатынастарға ең алдымен  қатысушылардың құн заңына сүйінетін  мүліктік қатынастарының теңдігіне  негізделген тауар ақша қатынастары  және өзге де қатынастар жатады  десек, нарықтық экономика жағдайында  тауар-ақша қатынасы азаматтық  құқықты реттеудің негізгі өзегіне  айналды.

       Мүліктік  қатынас адамдар арасындағы қатынас  болғандықтан ол мүліктік емес  қатынастармен біте қайнасып, ұштасып  жатады.

       Қазақстан Республикасы азаматтық заңдары мүліктік емес қатынастардың екі түрін, атап айтқанда, мүліктік қатынасқа байланысты мүліктік емес жеке қатынастар ( АК-тің 1-бабының 1- тармағы) мен мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастарды (АК-тің 1-бабының 2- тармағы) реттейді. Мүліктік емес жеке қатынастың бірінші тобына мүліктік қатынаспен байланысы бар мүліктік емес жеке қатынастар жатады. Бұл жердегі “байланыстылқ” деген сөз жеке қатынастардың мүлікке бағыныштылығын көрсетпейді, қайта қоғамдық қатынастардың біртұтас бірлекте болуын айқындайды (мәселен, авторлық, өнертабыс және т.б. қатынастар) [17.92]. Мысалы, бір ұйым басқа бір заңды тұлғаның тауарлық белгісін заңсыз қолданса, онда ол әлгі тұлғаға зиянын тигізеді. Мүліктік емес қатынастан келіп, мәселен, шығарманың авторы үшін мүліктік қатыныастың мүмкінділігі пайда болды. Сондықтан мүліктік қатынасқа байланысты мүліктік емес жеке қатынастар азаматтық құқық нормаларымен тәртіптіледі.

       Мүлік  қатынасына байланысы жоқ мүліктік  емес жеке қатынастардың екінші  түрі мүліктік қатынасқа қарағанда  өзге фактілерге орай және  басқа субъектілер арасында да  туындайды. Ол жеке адам мен  ұйымдарға ғана тән әрі олардан  ажырамайтын игілік болвп табылады, сондай-ақ онда мүлік мазмұны  болмайды, ақшамен де бағалауға  келмейді.

          Мүліктік емес жеке қатынас  Қазақстан Республикасы Конституциясымен  реттеледі. Конституциясының ІІ  тарауы адам мен азаматтың  ажырамайтын құқықтарына арналған. Сонымен азаматтық құқықтың реттеу пәніне мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастардың мейлінше кең  ауқымы енеді. Қорыта айтқанда, азаматтық құқықты реттеудің пәні, міне осындай.

        Құқықтың  сабақтас  салаларынан  азаматтық құқықтың   айырмашылығы

        Құқықтың сабақтас салаларынан азаматық құқықтың айырмашылығын оның ұғымы мен өзіндік ерекшелігін анықтайтын белгілер бойынша айқындалады. Ең алдымен-оның нысанасына қарай айқындайды. Құқықтың мүліктік қатынастарды реттемейтін барлық салалары (мысалы, қылмыстық құқық, әкімшілік құқық, іс жүргізу құқығы) ретейтін нысанасына қарай азаматтық құқықтан айқын ажыратылады. Ал мүліктік қатынастарды құқықтың басқа салалары қамтитын тұстарда межеленіп бөліну құқықтық реттеу әдісімен жүргізіледі. Жеке құқықтың жария құқықтан негізгі айырмашылық белгілері бойынша жалпы шекераны анықтайды. Жалпы сипаты бар және қатысушылары теңсіз жағдайда (билік жүргізу және бағыну) болатын, ал реттеу әдісі жалпыға рұқсат ететін емес, тыйым салатын немесе міндеттейтін сипаттағы құқықтық қатынастар жария (азаматтық емес) құқықтық қатынастарға жатады.

 

        Нарықтық экономикаға өту, мемлекеттің меншік иесінің монополисі, елімізде шығарылатын өнімдердің негізгі өндірушісі, бөлушісі және жеткізіп берушісі рөлінен және жеке экономикалық қатынастраға тыйым салудан бас тартуы азаматтық құқық реттеп отыратын қоғамдық қатынастар саласын ұлғайтуға әкеп тірейді. Бұрын толығымен дербес салаға-жер құқыңына бағынып келген жер қатынастары жерге жеке меншік мәселесінің шешілуіне және жерді пайдалану құқығының шығуына байланысты азаматтық құқықтың жеке бөліміне айналуда.

 

          Азаматтық құқық барған сайын  еңбек, отбасы, табиғат ресурстары  қатынастарына терең бойлауда. Мұның  бәрі мемлекеттің құқықтық жүйесін  мемлекеттік және қоғамдық мүдделерді  қорғайтын жария құқыққа және  жеке мүдделерді қанағаттандыратын, қорғайтын жеке құқыққа ғаламдық  бөлу процесі көлемінде өтуде.

            Азаматтық және кәсіперлік құқықтың  ара-жігін ажыратуға арнайы тоқталайық.

            Азаматтық құқық кәсіпкерлік  қызмет саласына жататын және  бұл салға жатпайтын, жоғарыда  қарастырылған барлық құқықтық  қатынастарды құқықтық реттеудің  жалпы негіздерінен анықтайды. АК-ның 10-бабы мұндай қызметті азаматтар мен заңды тұлғалардың тауарларға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, кәсіпкердің атынан, оның есебінен тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын ынталы қызметі ретінде анықтайды. Кәсіпкерлік қызмет рыноктың сұрамына қарай, оны қанағаттандыру үшін және рынок белгілеген жағдайлар бойынша жүзеге асырылады.

              Алайда азаматтық құқық,  жоғарыдай  атап өткеніміздей, азаматтық құқық  субъектілері-кәсіпкерлердің, сол секілді  құқықтық қатынастардың кез келген  жағындағы кәсіпкер емес азаматтардың  тұрмыстық, өзіндік, отбасы, материалдық  және рухани қажеттерін қанағаттандыратын  кәсіпкірліктен тыс жатқан қатынастарды  да қамтиды. Солай бола тұрса  да,ТМД елдерінің құқықтық ғылыми  және аса ғылыми емес әдебиеттерінде  оқта-текте азаматтық құқық пен  кәсіпкерлік (атауы шартты, оны “шаруашылық”, “сауда”, “коммерциялық” құқық деп те атайды) құқық- бұлар құқықтың әр түрлі оқшауланған салалры деген пікір айтылады.

            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                            2.2 Азаматтық құқықтың әдістемесі

 

       Құқықтың салаларына сипатама беру үшін оның нысанасын ғана емес, сонымен бірге, азаматтық-құқықтық реттеу әдісін де анықтаудың маңызы зор. Бұл мәселені “Гражданско-правовой метод регулирования общественных отношений” (Свердловск,1972) деп аталатын іргелі еңбегінде профессор В.Ф.Яковлев барынша терең зерттеген.

       Бұлардың  көмегімен мемлекет осы қатынастарға  қатысушылардың керекті мінез-құлқын  қалыптастыра алатын құралдар  мен әдістер жүйесін реттеу  әдісі деп түсінеді. Тыйым салу  және міндеттеу әдістерінен өзгеше, азаматтық-құқықтық реттеу әдісінің  жалпы сипаттамасы жалпыға рұқсат  ету ретінде түсіндірілуі мүмкін, яғни азаматтық айналымға қатысушылардың өздері қалайтын кез келген іс-әрекетті жасауына мемлекеттің рұқсат етуі ретінде көрсетілуі мүмкін.

         Әдіс, негізінен алғанда нысанаға  қарай анықталады. Белгіленген тәртіппен  мемлекет тыйым салғаннан басқа  іс-әрекеттің бәріне рұқсат етілген. Әлбетте, жалпы ережеге көнбейтін  ерекше жайлар да кездеседі, бірақ  олар жалпы жүйені бұзбастан, кейбір жеке мәселерге қатысты  болып келеді. Жиынтығының азаматтық-құқықтық  реттеу әдісін түзетін жекелеген  әдістерді былайша нақтырақ көрсетуге  болады:

        А. Мемлекет құқықтық қатынастарға қатысушыларға өз еркін күштеп таңбайтындықтан, азаматтық құқық императивтік (тегеруінді) емес, диспозивтік нормаларды кеңінен пайдаланады, императивтік нормаларға тараптардың еркін қалыптастыратын емес, толықтыра түсетін маңыз беріледі;

        Б. Мемлекет  құқықтық қатынастардың пайда  болуы (өзгеруі, тоқталуы), сондай-ақ  олардың мазмұны жөнінде міндеттейтін  реттеу әдісін емес, жалпыға рұқсат  ететін реттеу әдісін қолданатықтан, тараптар да заң тұрғысынан  алғанда өзара тәуелсіз болады, олар өздерінің еркімен ғана  құқықтық қатынастарға түсіп, олардың  мазмұнын өздері жасасқан шартта  көрсетілгендей, өзара ерікті келісімдері  арқылы анықтай алады. Сондықтан  қатысушылардың бастамасы азаматтық  құқықтық қатынастарға түсудің  жетекші себебі болады, ал ерікті шарт-оларды реттеудің негізі әдісі қызметін атқарады;

           В. Азаматтық қатынастарды реттей отырып, мемлекет оларға қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзылған жай-күйін қалпына келтіру жолымен немесе құқық бұзушылық нәтижесінде келтірілген залалды мүліктік өтемақы төлеу арқылы қорғауды қамтамасыз етеді. Мұнда мүмкін болатын қорғану құрадарын және олардың қолданылуын таңдау құқық бұзушылықтан зардап шеккен субъектінің еркіне байланысты;

          Г.  Азамааттық құқық жария  мүддені емес, жеке мүддені қорғауды  қамтамасыз ететіндіктен, оны қорғау  әдісі құқық бұзушының жеке  басына емес, оның мүлкіне қарай  бағытталған;

         Д.  Тараптар бір-біріне немесе  өздерінен жоғары тұрған жалпы  мемлекеттік құрылымға бағынбайтындықтан, ал міндеттерді орындау, құқық  бұзушылық үшін жауапкершілік  секілді, мәжбүрлеу арқылы, негізінен  алғанда, сот арқылы қорғалуы  тиіс.

Информация о работе Азаматтық құқықтық реттеудің пәні және әдістемесі