Азаматтық құқықтық реттеудің пәні және әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2015 в 11:53, дипломная работа

Описание работы

Аталған мақсатқа жету үшін жүзеге асырылатын зерделеу-зерттеу процесіне байланысты шешілуге тиіс мынадай міндеттер туындайды:
- Қазақстан Республикасындағы ҚР Азаматтық құқығы институтын құқықтық реттеу мәселесін жалпы тұрғыда қарастыру;
- ҚР Азаматтық құқығы ұғымына салыстырмалы құқықтық негізіде зерттеу;
- ҚР Азаматтық құқығы жөніндегі заңдылықтарды қамтамсыз ету;
- ҚР Азаматтық құқығы, оның түсінігі, пәні және әдісі жөнінде туындайтын мәселелерге қатысты құқықтық негізінде зерттеу ұсыныстарын қамтамасыз ету;

Файлы: 1 файл

Азамматық құқық.docx

— 135.01 Кб (Скачать файл)

        Заңгердің  беделінің артуы мен оған деген  сұраныстың өсуі көптеген жеке  меншік жоғарғы оқу орныдарының  айтуға алып келді. Тіпті, техникалық, ауыл шаруашылығы және сауда  орындары заңгерлер дайындайтын  болып алды. Мұндай көрініс орта  арнайы оқу орындарында да  қайталанды, тіпті бірқатар коммерциялық  құрылымдар құқықты оқытатын  бизнес мектептерін ұйымдастырды. Көптеген осындай оқу орындарының кәсіби білімі бар педагог кадрлары да, қажетті оқу базасы да жоқ, осыған байланысты олардың сапалы заңгер кадр дайындап шығаратындығына күмән бар. Әрине, мұндай жағдай заң білімін берудің беделін түсіретіні өз алдына, құқықтық нигилизмнің күшеюіне жол береді, заңнан шала-шарпы хабары ғана бар, кәсіби білімі де біліктілігі де жоқ әлгіндей заңгерлер жұртшылықтың заңдылықты сақтауға деген сенімін жоғалтады.

        Міне, сондықтан да, Қазақстан Республикасының  Президенті бекітетін заң білімін  берудің ұлттық кешенді бағдарламасын қабылдаудың орны ерекше болмақ.

Ондай бағдарлама заң білімін Республикада жүргізіліп жатқан реформаларды жүзеге асырудың құралы болып табылады, әрі оған буын мәртебесі берілуі қажет. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін ҚР Президенті жанынан кеңесші орган тәрізді заң білімі бойынша қоғамдық Кеңес құрылғаны жөн.

Тағы да бір маңызды мәселе, заңгер кадрларды даярлауға лицензия берудің жағдайы. Қазіргі кезде жеке меншік жоғары оқу орындарында лицензия беру ісі жұмсартып айтқанда, қанағаттандырмайды. Содан келіп ешқандай дайындығы жоқ заңгерлер даярлайтын жоғары оқу орны қаптап кетіп, жоғарыда айтқанданымыздай, Респуликамызда заңгер кадрларды даярлау ісін босаңсытып жіберді.

Бізге мәлім, «құқықтану» мамандығы бойынша жалпы талап мемлекеттік жалпыға ортақ қалыппен бекітіледі. Біздің ойымызша, «юриспруденция» мамандығы шеңберінде мамандану ерекшелігін айқындай түсу керек. Айталық, оны мынадай топтрға бөлуге болады: а) мемлекеттік басқару бойынша заңгермаман; ә)құқық қорғау қызметі бойынша заңгермаман; б) халықаралық құқық бойынша заңгермаман, одан әрі заң қызметінің нақты салаларына сәйкес мамандандыру (сот, тергеу, прокуратура, адвокатура және т.б). Болашақта мұндай мамандану тізбесін заңгерлерді әр түрлі салаға кәсіби даярлаудың ыңғайлы жүйесіне сәйкестендіре жасаған тиімді.

    Заңгер кадрларды  даярлағанда оны ТМД елдерінің  қалыптасқан талабына сай етіп  даярлау дұрыс. Салыстырмалы түрде  айта кетелік, еуропалық жоғарғы  оқу орындарының заң факульттеріндегі  профессорлық- ұстаздық ұжым оқу  жоспарларын, оқу әдістемесін өздері  реформалай отырып, Еуропа одағының  кез келген елінде шын мәнінде  жұмыс істей алатындай етіп  заңгерлер даярлайды. Біздің мемлекетіміз  үшін де ТМД аумағында жұмыс  істей алатын кадрларды даярлау  қажет.

   Болашақта Қазақстандық  құқықтық білім беру бағдарламасы  әдістемелік жағынан да ойластыруды  талап ететін болады. Қазақстандық  құқықтық білім беру саласын  “еуропалық”, “англо-американдық” жаққа бұрып қана қоймай, әлемдік тәжірбиеге бет бұрыс жасату мәселесін естен шығармаған жөн, дейтұрғанмен құқықты оқытуда ұлттық құқықтық жүйе басым түсе беруіне мән берілуі керек. Сондықтан да құқықты оқытуды мемлекеттік тілде жүзеге асыруға көңіл бөлудің орны ерекше.

  Тұжырым.  Азаматтық құқық ғылымы азаматтық құқық жөніндегі ұғымдардан, көзқарастардан, пікірлер мен жасалған қорытындылардан тұрады. Азамматық құқық ғылымының пәні аталған құқық саласымен ол реттейтін қатынастар, азамматық құқықтың тарихы, оның дамуы келешегі мен тәжірбиеде қолданылуы болып табылады. Азамматық құқық ұғымының өзі құқықтың саласы және заң ғылымының жүйесін белгілеу үшін қолданылуы мүмкін. Оның біріншіден құқықтық нормалардың жиынтығы, екіншіден-білімнің жиынтығы арқау болады.

  Азамматық құқық ғылымы  сол құқық саласын зерттейтін  жүйеге сәйкес келетін жүйені  қамтиды, бірақ олар өз ара  тепе-теңдікте бола қоймайды. Азамматық ғылым жүйесі азаматық заңдарда, сонымен қатар Азамматық кодексте жоқ бөлімдердіде қамтиды. Мысалы, азаматық құқық пәні, азамматық-құқық әдістеме ұғымдары, азамматық құқық қатынастары туралы ілім тарихы, оның субъектілері мен объектілері туралы, меншік құқығы туралы жалпы ілім, міндеттемелер туралы, интеллектуалдық меншік туралы, мұрагерлік құқық қатынастары туралы жалпы ілім жөнінде айтсақ та жеткілікті. Ғылым азамматық құқықтың не екендігін зерттейді. Бұл орайда қоғамдық қатынастарды тиісінше реттейтін құралдар мен әдістерге ерекше мән беріледі. Әдіс туралы ілім ғылымда әдістеме деп аталады.

   Заңгер үшін азамматық-құқықтық  жағдайлардан жол тауып шыға  білуі үшін дағды керек. Мұндай  дағдыларға ғылыми талдау жасау  және азамматық құқықтық жағдайларды  шешудің ғылыми әдістері жатады.

  Цивилистикалық ғылымда  жалпы ғылыми тәсілдермен қатар  талдаудың жеке құқықтық әдістері  де пайдаланылады. Жалпы ғылыми  әдіске материалистік және тарихи  әдістер жатады. Жеке құқықтық  әдіске азамматық құқықта қолданылатын құқықтанудың салыстырмалы әдісі, кешенді талдау, сондай-ақ нақты социалистік зерттеу әдістері ( мысалы, стастикалық мәліметтерді сараптап бағалау) жатады.

Егеменді Қазақстанның азамматық құқық ғылымы одан әрі творчестовалық дами түсуі мақсатында және алда тұрған міндеттерді орындау үшін бүгінде зор мүмкіндіктерге ие.

 

  

 

1.2 Қазақ азамматық  құқығы әдебиеттерінің қысқаша  очеркі

Бұл тарауда біз, қазақ азамматық құқығы ғылым дәрежесіне қалай көтерілгені, қандай жолмен дамығаны жөнінде баяндап көрелік.

Қазақтың көне азамматық құқығында дін, оның ішінде мұсылман діні құқықтың бір бөлігі болды. Мысалы, шариатта азамматық құқықтануға арналған бүтіндей бөлім бар. Әрі оның өзі құдайдың құдіретімен жазылған, түсіндіру мен өзгертуге жол берілмеген. Бұдан келіп құқықтың нағыз формализмі, яғни құқық нормасын дәлме-дәл жеткізі келіп шығады. Міне, сондықтан да біз қазақтың әдеп-ғұрып құқығының нысандары мен салтанатты рәсімдерін кездестіреміз. Мысалы, егер өлтіргені өтірік деп танылса:” Біз діннен безген болайық, Мұхаммедтің үмбеті қазақтың жұрағатына саналмаймын”,-деп қасиетті кітапты ( Құранды ) ұстап, төбесіне қойып ант етеді.

 Қоғам дамуының жоғары  сатысында заңға деген қажеттілік  өседі, азамматық айналым күрделене  түседі. Әдеп-ғұрып өмірге ілесе  алмай, заңға жол береді, сөйтіп  бәрі де өзгеріске ұшырайды.

  Азамматық құқық туралы  алғашқы шығармалар XVIII ғасырда пайда бола бастады. Қазақтың азамматық құқығы бүкіл дүние жүзі халықтарының азамматық құқық тарихына тән көне кезеңдердің бәрін де басынан өткізгендігін дәлелдейді.

 Мәселен, Омбының Уақытша  комитеті жинаған қазақтың  әдеп-ғұрып  құқығы туралы деректерде азамматық  құқыққа байланысты көптеген  деректер кездеседі.

 Қазақтың азамматық  құқығына байланысты бұрын-сонды  жазылып, кезінде баспа жүзін  көрген үлкенді кішілі ғылыми  мақалалар мен монографиялық  еңбектерге, әдеп-ғұрып, құқық туралы  шыққан жинақтарға тоқталайық. XVIII ғасырдың екінші жартысындағы қазақ азамматық құқығы туралы жалпылама болса да біраз түсінік беретін мағлұматарды орыс ғалымдарының еңбектерінен көреміз. Айталық, П.С.Паластың, И.Г.Георгидің, И.П.Фаалькгің және Н.П.Рычоковтың, И.Г.Андреевтің шығармаларын айтуға болады. XIX ғасырда азамматық құқық туралы А.Левшин, Л.Ф.Баллюзек, Г.Загряжский, И.Козлов, П.Е.Маковецкий, Қ.Халиди және Ә.Диваев өз еңбектерін жазды. XX ғасырдың басында қазақ азамматық құқығы туралы И.С.Колбасенко, Е.А.Алекторов, А.К.Белиловский, Г.Балғымбаев, Ишмұхаммет Букин, Отыншы Әлжанов, Мәшһүр Жүсіп Көпеев және К.Жапанов мақаларын жазды.

 Қазан революциясынан  соң қазақ азамматық құқығына  қатысы бар әр түрлі шағын  зерттеулер, мақалалар жарық көрді.

 Осымен қазақтың азаматық  құқығы туралы зерттеулердің  қай қайсысы болса да оның барлық мәселерні толық қамтығанын осы шолудан көруге болады. Міне, сондықтан да азамматық-құқық проблемаларды терең зерттеп, өздерінің бұл саладағы қол жеткен нәтижелерімен ұлттық заң ғылымын байытты дейтіндей осы саладағы ғалымдар ауыз толтырпы айта алмаймыз.

 Дегенмен нақтылы дара  деректердің өзін орынды пайдалудың  маңызы зор.

 Қазақстанның азамматық  құқығын арнайы зерттеу тек  XX ғасырдың 50 жылдарының аяқ шенінде басталды. Мерзімі жағынан алып қарағанда алғашқы болып бастаған Г.М.Степаненко болып табылады, оның еңбегі “ О текстах кодексов, действующих на территории Казахской ССР” деп аталады. Бұл еңбекте Қазақстан аумағында 1955 жылға дейін қолданылып келген кодекстерді РСФСР Азамматық кодексімен салыстыра отырып, оның ерекшеліктерін айқындаған. Бұдан кейін де Г.М.Степаненконың “Законодательства Советского Казахстана о праве собственности в первой фазе  развития социалистического государтсва” (1954 ж.) деген тақырыпта зерттеуі жарық көрді. Осы жылдары С.Зимановтың және А.Ереновтың “О характере феодальный собственности на землю в Казахстане”, Б.В.Покровскидің “Договор управления оросительный системы с колхозм” және басқа еңбектер жарияланды. “ Правовые проблемы организации и деятолносьти совхозов” ( Авторлар тобы, М.А.Ваксберг редакциясымен) атты тұңғыш монография шығарылды( 1959). 1964 жылы ҚазақКСР Азаматтық кодексі қабылдаған соң азамматық құқыққа байланысты тұтастай сериялы еңбектер жарық көре бастады. Оның қатарында мынадай шығармалар бар: Комментарий к ГК Казахской ССР” (авторлар ұжымы 10 адамнан тұрады), осы түсіндірмелердің жаңа басылымы 1990 жылықайтадан жарық көрді.

  60 жылдарда “ Комментарий к Положениям о постаках продукций производственно-техническогоназначения и товаров народного потребления''(1962ж ), ''Правовые вопросы материально-технического обеспечения колхозов и совхозов ( авторлары: М.Г.Масевич, Н.Б.Мухитдинов, М.К.Сүлейменов ) (1969 ж)тәрізді бірқатар еңбектер жазылды.

  Осы кезенде азамматық-құқықтық  зерттеулерді маңызды проблемалар  бойынша құқықтық салалар бойынша  жүргізу өріс алды. Мысалы, эконимиканы  басқару тұтқасын жетілдіру бағытында  мынадай еңбектер жарияланды: “ Правовые вопросы материального стимулирования предпрятий” (1972ж); “ Правовые формы хозяиственного расчета производственных объединении и предприятий” (1975 ж.); “Правовые формы хозяйственного расчета стоительных организаций” (1978 ж); М.К.Сүлейменовтің “ Отвествонность за нарушение сроков исполнения договрных обязательств” ( 1971 ж.), сондай-ақ оның “ Структура договорно-хозяйственных связей” ( 1980 ж.); Ю.Г.Басиннің “ Материальная отвестность предприятий и оргинизаций за невыполнение заданий и обязательтв” (1969 ж.); М.Г.Масаевчтің “Договор поставки и его роль в управлении хозрасчета”, Н.Ғ.Мурзиннің “ Преддоговорный арбитраж по поставке в советском гражданском праве” ( 1964ж.). Сол жылдары күрделі құрылысты құқықтық реттеу маңызды проблема болып саналды. Бұл орайда мынадай еңбектерді атаған жөн: “ Прововые вопросы стоительства в СССР” (1960 ж.); Ю.Г.Басиннің “Правовые вопросы проектирования в строительстве” (1962 ж.), сондай-ақ оның “Проект. Строительтсво. Закон” (1978ж.) еңбегі; Н.М.Мухитдиновтің “Правовые основы хозяйственной деятельности межколхозных строительных организаций” (1968 ж.); А.Г.Днценконың “ Правоые рычаги укрегоіения хозрасчета в строительстве” (1982 ж.); А.Г.Диденко мен Қ.С. Мәуленовтің “Управление капитальним строительством в условиях научно-технического прогресса” ( 1986 ж.) тәрізді зерттеулері.

    Транспорт проблемасын  зерттеу барысында да айтарлықтай  істер атқарылды, бұл орайда мына  төмендегі еңбектерді атамақшымыз: М.К.Александров-Дольник пен Ғ.И.Төлеуғалиевтің  “Правовые вопросы доставки грузов от склада отправителя до склада получателя (от двери до двери)'' атты монографиясы (1969 ж.); Р.И.Төлеуғалиев, Е.Л.Озерянский “Перевозка сельскохозяйственных грузов автомобильным грузов” (1972 ж.); сондай-ақ аталған автордың қазақ тілінде жазылған “Ауыл шаруашылығына транспорттық-экспедициялық қызмет күрсету” (1978 ж.) еңбегі.

     Шығармашылық  қызметті құқықтық реттеу, өнертабыс  мен авторлардың құқықтарын қорғау  тәрізді жетістіктерін енгізу, өнертапқыштар  мен авторлардың құқықтарын қорғау  тәрізді мәселелер маңызды рөл  атқаратыны белгілі. Бұр орайда ғалымдар ішінде көп еңбек сіңіргендер де баршылық, сондықтан да олардың есімдерін атай кетпекшіміз; олар- С.И.Меерзон (“Защита интересов советских изобрателей за границей”); Қ.Н. Нәменгенов (“Абсолютные и относительные изобрательские правоотношения”) (1978 ж.) және “Рационализаторлық ұсыныстарды құқықтық реттеу” (1974 ж.); О.Қ. Ықсанов (“Право авторов произведений изобретального искусства”) (1966 ж.)

    Цивилист-ғалымдар  басқа да проблемаларды қамтыды, бұл орайда Ю.Г. Басиннің “Вопросы советского жилищного права” (1963 ж.); Ю.Г.Басин мен И.И.Поповтың “О жилищных правах советских граждан” (1966 ж.); А.И. Беспалова мен М.А. Ваксбергтің “Правовая охранна личной собственности в СССР’’, А.Г.Диденконың “Право на жилье. Справочник в вопросах и ответах” (1989 ж.) тәрізді зерттеу еңбектерін және “Комментарий Жилищному кодексу Казахской ССР-ін” мысалға келтіруге болады.

   1980-1999 жылдары қазақстандық  цивилистердің ғылыми жұмыстары  кеңінен қанат жая бастады. Атап  айтқанда, мынадай еңбектер жарық  көрді; “Гражданский кодекс Республики Казахстан- толкование и комментирование. Общая часть “(А.Г.Диденконың жалпы редакциясымен); “Комментарий к Гражданскому кодексу” (жалпы бөлім) (М.К.Сүлейменов пен Ю.Г.Басиннің жалпы редакциясымен), екі томдық; І.И.Жанайдаров “Проблемы реализаций права государственной собственности”(1994 ж.); М.К.Сүлейменов, Б.В.Покровский, А.М.Худяков, В.А.Жәкенов “Право и предпринимательство в Республики Казахстан” (1994 ж.); Ғ.А.Ахмадиева ”Правовое регулирование внешнеэкономических контрактов” (1996 ж.); И.В.Романкова “Проблемы правового регулирования предпринимательства граждан в Республике Казахстан” (1997 ж.); Қ.С.Мәуленов “Право иностранных инвестиции в Республике Казахстан” (1998 ж.) және т.б.

   Қазақстан цивилистері  ауқымды мөлшерде кандидатық  және докторлық диссертациялар  қорғалды.

Информация о работе Азаматтық құқықтық реттеудің пәні және әдістемесі