Азаматтық құқықтық реттеудің пәні және әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2015 в 11:53, дипломная работа

Описание работы

Аталған мақсатқа жету үшін жүзеге асырылатын зерделеу-зерттеу процесіне байланысты шешілуге тиіс мынадай міндеттер туындайды:
- Қазақстан Республикасындағы ҚР Азаматтық құқығы институтын құқықтық реттеу мәселесін жалпы тұрғыда қарастыру;
- ҚР Азаматтық құқығы ұғымына салыстырмалы құқықтық негізіде зерттеу;
- ҚР Азаматтық құқығы жөніндегі заңдылықтарды қамтамсыз ету;
- ҚР Азаматтық құқығы, оның түсінігі, пәні және әдісі жөнінде туындайтын мәселелерге қатысты құқықтық негізінде зерттеу ұсыныстарын қамтамасыз ету;

Файлы: 1 файл

Азамматық құқық.docx

— 135.01 Кб (Скачать файл)

        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                        3.2  Азаматтық заңдарыдң құрамы

 

          АК-нің  3-бабы азаматтық заңдардың құрамына, біріншіден ҚР Азаматтық кодексі, оған сәйкес республиканың өзге де заңдары, ҚР Президентінің Заң күші бар жарлықтары, Парламенттің және оның палаталарының қаулылары; екіншіден ҚР Президентінің нормативтік жарлықтары және Үкіметтің қаулылары кіреді деп анықтайды.

           Аталған нормативтік актілердің  бірінші тобы заң актілері  деген ұғымға бірігеді. Екініші  тобы, заң актілерімен қатар, заңдар  деген едәуір кең ұғымға кіреді. Заң актілерімен, заңдармен және  өзге нормативтік құқықтық актілердің  арасын межелеудің зор практикалық  маңызы бар, өйткені ол белгілі  бір құқықтарды немесе міндеттерді  нақ қандай нормативтік актілердің  белгілеуге құзыретті болатынын  тікелей көрсетуге мүмкіндік  береді. Мәселен, заң актілерін сілтеме  жасау тиісті норманы тек Парламент  немесе Президенттің заң күші бар жарлығы қабылдай алатынын білдіреді (АК-ның 8-бабының 2-тармағы). Егер заңдарға сілтеме жасалатын болса, онда тиісті норма Президенттің Жарлығында да, не Үкіметтің қаулысында да болуы мүмкін (АК-ың 5-бабы).

       ҚР Конституциясының 61-бабы заң актілері реттей  алатын қоғамдық қатынастардың  шеңберін шектейді. Бұл шеңбер  азаматтар мен заңды тұлғалардың  құқық субъектілігін азаматтық  құқықтар мен бостандықтарды, азаматтар  мен заңды тұлғалардың міндеттері  мен жауапкершілігін, меншіктің  және өзге де заттық құқықтар  режимін, кәсіпорындарды және олардың  мүліктерін жекешелендіруді, мемлекеттің  Қорғанысы мен қауіпсіздігін  қамтамасыз етуді және басқа  да кейбір мәселерді қамтиды. Өзге қатынастардың барлығы заңға  тәуелді актілермен реттелуі  тиіс: Президенттің жарлықтар да, ҚР Үкіметінің қаулылары да, әлбетте, осыларға жатады. Бұл конституциялық  қағидалар, сөз жоқ, азаматтық заңдарға  да таралады.

        Ресей  Федерациясының Модельдік Азаматтық  кодексі мен Азаматтық кодексі  “заң актісі” терминінің орнына “заң” терминін қоладанатын атап көрсету керек, бұл бізідң пікіріміз бойынша, осы терминді бұлыңғыр ете түседі. РФ АК-ның 3-бабы заңдардың құрамына Федерация Президенті мен Үкіметтің нормативтік актілерін енгізбейді, олар заңға тәуелді нормативтік актілердің жалпы ұғымы ішінде қала береді.

          Азаматтық заңдардың норманы  императивтік және диспозивтік  болып бөлінуі мүмкін. Мұның алғашқысы  міндетті түрде қолданылады, тараптардың  келісімімен өзгертілмейді. Мысалы  АК-ның 178-бабы талап қоюдың жалпы  мерзімі үш жыл болып белгінеді  деп көрсетеді (1-тармақ). Бұл-сөзсіз  талап, сондықтан тараптар шартта  талап қою мерзімінің өзгеше  ұзақтығын көздей алмайды. Егер  олар осылай істеген болса, дау  туатын жағдайда бәрі бір 3-жылдық  талап қою мерзімі қолданылады.

           Заң кейде ұйғарымның императивтік  сипатын арнайы атап көрсетеді. Мәселен, АК-ның 2-бабының 2-тармағында  былай деп жазылған:

       “Сенімхатты берген адам сенімхаттың немесе сенім күшін кез келегн уақытта жоя алады, алсенімхат берілегн адам оны бас тарта алады. Бұл құқықтан бас тарту туралы келісім жарамсыз болады”.

           Ал азаматтық заңдардың диспозивтік нормалары құқық қатынастарына қатысушылардың келісімі (шарт) арқылы ондағы ережелерді өзгертуге рұқсат етеді (АК-ның 359-бабының 1-тармағы). Құқықтық нормалардың диспозивтіксиапты азаматтық шарттың еркіндігі принципімен толығымен үйлеседі.

          Азаматтық заңдардың толып жатқан  актілерінің ішінен және жүйе  түзуші заң актісі-Қазақстан Республикасының  Азаматтық кодексін бөліп көрсету  керек.

         Ак-ның Жалпы бөлімі 1995 ж. 1 наурызда, ал Ерекше бөлімі-1999 ж. 1 шіледен  қолданысқа енгізілді. 1124 баптан  тұратын. Қазақстан Республикасының  көлемі жөнінен ең үлкен заң  актісі-Азаматтық кодекс азаматтық-құқықтық  реттеу нысанасының құрамына  кіретін-жалпы ережелер бөліміндегі  және жеке институттардың ерекшеліктері  бөліміндегі- қоғамдық қатынастардың  барлық салаларындағы маңызды  барлық азаматтық-құқықтық нормаларды  қамтып, жүйелеп отырады. Нақ осы  әрекет азаматтық құқықты біртұтас, іштей үйлестіретірілген құқық  саласы ретінде дамытуға мүмкіндік  береді. Ал бұл, өз кезегінде, Азаматтық  кодекстен басқа заң актілерінде  қамтылған азаматтық-құқықтық нормалардың  оған қайшы келмеуін талап  етеді, АК-ның 3-бабының 2-тармағында  бұл жөнінде тікелей айтылған.

           АК-ның өзінде көрстеілген қоғамдық  қатынастардың белгілі бір саласын  реттеу ерекшеліктерін актілердің  үйлемсімсіздігін айыра білу  керек. Мәселен, Ак-ның 1-бабының 3-тармағы және 3-бабының 2-тармағы мынаны көздейді: азаматтық, отбасылық және еңбек қатынастары, сондай-ақ табиғат ресурстарын пайдалану және қоршаған ортаны қорғаку жөніндегі қатынастардың құқықтық реттеу ерекшеліктері тиісінше отбасылылқ, еңбек және т.с.с. заңдарда баян етіледі, олар бұл тұрғыдан алғанда,АК-ның нормаларын басымдылыққа ие болады.

         Азаматтық және банк заңдарының  арақатынасы белгілі бір өзгерістерге  ұшырады. ҚР Президентінің 1195 ж. 31 тамыздағы  заң күші бар жарлығымен АК-ның 3-бабының 3-тармағына өзгеріс енгізілілді, ол бойынша азаматтық және  банк заңдары арасында туатын  қарама-қайшылықтарда банк заңдарына  басымдылық беріледі.Ак-ның бұлайша  өзгеруі азаматтық және құқықтың  өзге де салалары арасындағы  межелену принципін айқын бұзып  тұрды. Сондықтан 1998 ж. 2 наурыздағы  Заң арқылы АК-ның 3-бабының 3-тармағының  қазіріг қолданыстағы редакциясы  қабылданып, бұл принциптерді қалпына  келтірді. Қолданыстағы редакцияға  сәйкес, жария құқық қамтыған  вертикальдық банк қатынастарын  банк заңдары реттеп отырады, ал банктердің өз клинеттерімен  горизонталдық қатынастарын, сондай-ақ  банк клиентерін арасындағы банк  арқылы қатынастарды-азаматтық заңдар  реттейді.

           Ак-ның 3-бабы азаматтық қатынастарды  әдеттер арқылы реттеуге жол  береді, мұнда әдеттер ретінде  осы жерде, халықтың осы этникалық (әлеуметтік) тобында қалыптасқан, азаматтық-құқықтық  реттеумен қамтылған мінез-құлқы ережелерін түсіну керек болар. АК “әдеттер” ұғымынан іскерлік айналым әдеттерін, яғни кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру барысында қалыптасқан ержелерді (мысалы, сатып алынған тауарларды жеткізу шығындарын әр түрлі мемлекеттерде тұратын сатушы мен сатып алушы арасында бөлкутуралы) бөліп көрсетеді.

      Іскерлік  айналымның барынша маңызды және  кең тарлаған әдеттері көбіне  ұағазағ түсіріліп, жүйеленеді жарияланады  және қолдану үшін ұсынылады. Мысалы, Халықаралық сауда палатасы  жасап шығарған Сауда терминдерінтүсіндірудің  халықаралық ережелері- “Инкотермс” ережелері тауарларды халықаралық жеткізіп беру саласында кеңінен белгілі. Бұл, шын мәнінде, тауарларды жеткізіп беруші мен сатып алушы арасында тауарларды жеткізу жөніндегі міндеттерді бөлетін іскерлік айналым әдеттері. Тауарларды тасымалдауға, олардың шекарадан, кедеңдік рәсімдерден өтуіне, сақтандыруға және т.с.с. байланысты шығындарды бөлу де осында баяндалады. Мұндай әдеттер тұтас жинақтар түрінде жарияланып, оқтын-оқтын қайта қаралады және нақтыланады, беделді органдардың қолдануы үшін ұсынылады.

        Мысалы  ҒОВ терминіне сәйкес шығындар  мен тәуекелдің тауарларды жеткізіп  берушіден сатып алушыға тауарларды  портта осы тауарлардытасымалдауға  тиісті кемеге тасудан басталады. СІР термині сатып алынған  тауарларды жеткізу жөніндегі  барлық шығындарды жеткізіп берушіге  жүктейді және т.с.с. сатып алу-сату  шартын жасаса отырып, тараптар  өзара келісім бойынша осы  терминдердің біреуін тандай  алады. Шартты орындауда көрсетілген  термин ережелері тараптар үшін  міндетті болады.

           Әдеттер (іскерлік айналымдар әдеттері) заңға немесе шартқа қайшы  келмейтінжағдайда АК-ның 3-бабы  оларды қолдануға жол береді. Сонымен, әдеттер заңға бағындырылған  және диспозивтік сипатта болады.

       Қазақстан  Республикасы мойындаған әрі  қатысушы болып табылатын халықаралық  құқық нормалары бойынша барлық  халықаралық шарттар (конвенциялар) Қазақстан заңдары алдында басымдылыққа  ие болады. Бұл халықаралық шарт  пен Қазақстанның заң актілері  арасында қарама-қайшылықтар туатын  жағдайда халықаралық шарттың  нормалары қолданылуы тиіс дегенді  білдіреді.

          Мұнда Қазақстан Республикасы  бекіткен мемлекеттер арасындағы  шартты халықаралық шарт деп  түсіну керек (Конституцияның 4-бабының  –твһармағын қараңыз). Кейде ҚР  Үкіметінің әр түрлі шетелдік  корпоциялармен жасасатын түрлі  үкіметаралық немесе ведомсвоаралық  келісімдері бұған жатпайды. Бұл  секілді келісімдер АК-ның 3-бабының 7-тармағына сәйкес келетін халықаралық  шарттар болып табылмайды, сондықтан  қазақстандық азаматтық заңдардың  императивтік нормаларына бағынуы  тиіс.

          Қазақстан Республикасы құрамына  азаматтық құққытың нормалары  енгізген көптеген халықаралық  конвенциялар мен екіжақты шарттардың  қатысушысы болып табылады. Мысалға, халықаралық жүктерді тасымалдау  шарты туралы Конвенцияның,Еуразия  патентік конвенциясының, Женвалық  вексель конвенцияларын, күрдклі  қаожы жұмсауды мадақтау және  өзара қорғау туралы Қазақстан Республикасы мен АҚШ арасындағы шартты, Сауда қатынастары туралы Қазақстан Республикасы мен АҚШ арасындағы Келісімді басқаларын атауға болады.

          Халықаралық шартың ұлттық заңнан  басымдылығы туралы ереже 1969 ж. 23 мамырдағы Халықаралық шарттар  құқығы туралы Вена конвенциясынан  туындайды. ҚР Жоғарғы Кеңесінің 1993 ж. 31 наурыздағы Қаулысы бойынша  қосылған болатын.

       ҚР аумағында  бұрынғы КСРО заңдарының қолданылуы  жөніндегі мәселе әлі де толық  шешілмеген. ҚР тәуелсіздік алған  алғашқы48 жыладры, егер олар Қазақстан  заңдарына қайшы келмейтін болса, республикада КСРО заңдары қолданылатын: ҚР Жоғарғы Кеңесінің 1993ж. 30 қаңтардағы  “”Экономикалық реформалар жүргізу кезеңінде азаматтық-құқықтық қатынастарды реттеу  туралы” Қаулысымен КСР Одағы мен одақтық республикалардың Азаматтық заң негізінде ҚР азаматтық заңдарының жүйесіне енгізілген болатын.

        Қазіргі  уақытта жағдай өзгерді; республикада  мемлекеттік реттеуде қажет ететін  қоғамдық қатынастардың басым  көпшілігін қамтитын өзінің кең  құқықтық жүйесі құрылған. Сондықтан  ҚР Конституциясының 4-бабы Қазақстанның  қолданыстағы құқығының негізгі  элементтері арасында бүрынғы  КСРО заңдарын атамайды.

        Белгілі  бір қатынастарды реттеуде Қазақстанның  нормативтік актілерінде оқулықтар  кездесетін жағдайда бұрынғы  КСРО заңдарының нормаларын қолдануға  жол беріледі, бірақ мұнда олардың  ҚР заңдарына қайшы келмеуі  міндетті түрде ескерілуі керек.

        Конституцияның 4-бабы Конституциялық Кеңес пен  Жоғарғы сотың нормативтік Қаулыларының  Қазақстанда қолданылатын құқыққа  жатқызады.

        ҚР  Конституциялық Кеңесі өзінің  нормативтік қаулылармен, әдетте, жаңа  құқықтық  нормалар шығармайды, Парламенттің  жаңа заң нормаларын қабылдауын  мақұлдайды не қазіргі қолданыстағы (оның ішінде –азаматтық-құқықтық) заң актілеріне, ең алдымен олардың  ҚР Конституциясына сәйкестігіне  міндетті түсіндірме береді. Мәселен, ҚР Конституциялық Кеңесінің 1996ж. 2желтоқсанлдағы №8 Қаулысы банктер  мен банк емес қаржы мекемелерінің  акцияларын мәжбүрлеп сатып алу  мүмкіндігін белгіленген АК-ның 86-бабаның 6-тармағының қосымшасын  заңды деп таныды, ал Конституциялық  Кеңестің 1996 ж. 8 шілдедегі №2/1 Қаулысы Парламент депутаты үшін қызметтің кәсіпкерлік, шығармашылық және басқа кейбір түрлерімен шұғылдану мүмкіндіктері немесе оған шектеулерге қатысты АК-ның 10 және 34-баптарының мазмұнын түсіндіреді.

        ҚР  Жоғарғы Соты Пленумның  бірқатар  қаулылары азаматтық заңдары  қолдану тәжірбиесіне арналған  және айқын тұжырымдалған құқықтық  ережелер не әр түрлі заң  актілерінде қамтылған азаматтық-құқықтық  нормаларды қолдану жөніндегі  міндетті нұсқаулар береді. Мысалы, ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 1996 ж. 25 шілдедегі “Сотарыдың тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі заңдарды Қолдану тәжірбиесі туралы №7 Қаулысында былайша көзделен: оның жасалуы кезінде толтырылған бөлшектеп сатып алу-сату шартының болуын куәгердің айғақтарымен дәлелдеуге  болады, егер шарт жасасу жөніндегі жазбаша ұсыныс онда көрсетілген шарттардың орындау жөніндегі іс-әрекеттерді алған адам жасайтын тәртіппен қабылданған болса, сатып алу-сату шарттың жазбаша түрі сақатлаған деп есептеледі (10 тармақ). Осы Қаулының 8-тармағында АК-ның 141-бабына сәйкес құқық бұзушылардың кінәсына қарамастан, тұтынушылардың мүліктік емес өзіндік құқықтары қорғалады деп түсідіріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.3 Азаматтық заңдардың  уақытқа қарай және кеңістікте  қолданылуы

 

        АК-ның 4-бабы азаматтық заң актілері олар күшіне енгізілгеннен кейінгі қатынастарға таралады деп көрсетеді. Бұған дейінгі құқықтық қатынастарға олар пайда болған сәтте жасалған актілердің заңдық күші таралады. Егер осы қатынастар шарттың негізінде пайда болса, кейінірек шығарлған заңдар осы түрдің шарттық қатынастарына өзгеше міндеттемелік талаптар көздейтіне қарамастан, шарттың талаптары күшін сақтайды (АК-ның 383-бабы).

        Азаматтық заңдардың уақытқа қарай қолданылуы туралы ережелердің практикалық маңызы мынадай бірнеше принциптік қағидаларға саяды.

        а) егер  азаматтық құқықтар мен міндеттерді  туғызатын, өзгертетін немесе тоқтатын  заң актілері жаңа заң бойынша  оның құқықтық қатынастар пайда  болғанға дейінгі түрінен өзгеше  анықталған болса, онда мұндай  құқықтық қатынастардың заңдылығы  олар пайда болған кезде қолданылған  заңдармен бағаланады;

         б) заңдардың өзгеруі өздігінен  азаматтық-құқықтық қатынастарды  өзгерте бермейді, олар заңды  түрде пайда болған күйінде  сақталады;

       в)  егер  заң бұған дейін тыйым салынбаған  әлде бір әрекеттерді жасауға  тыйым салатын болса, онда мұндай  әрекеттер тоқталуы тиіс.

       Бұл  ережелер “заңның кері күші болмайды” деген принциптің мазмұнын құрайды.

         Алайда аталған принциптен мынадай  кейбір ауытқуларға жол беріледі, оларды заң белгілейді:

Информация о работе Азаматтық құқықтық реттеудің пәні және әдістемесі