Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2015 в 11:53, дипломная работа
Аталған мақсатқа жету үшін жүзеге асырылатын зерделеу-зерттеу процесіне байланысты шешілуге тиіс мынадай міндеттер туындайды:
- Қазақстан Республикасындағы ҚР Азаматтық құқығы институтын құқықтық реттеу мәселесін жалпы тұрғыда қарастыру;
- ҚР Азаматтық құқығы ұғымына салыстырмалы құқықтық негізіде зерттеу;
- ҚР Азаматтық құқығы жөніндегі заңдылықтарды қамтамсыз ету;
- ҚР Азаматтық құқығы, оның түсінігі, пәні және әдісі жөнінде туындайтын мәселелерге қатысты құқықтық негізінде зерттеу ұсыныстарын қамтамасыз ету;
Осындай өлшемге сүйене отырып, мынадай ереже жасауға болады: иерархиялық сатының неғұрлым жоғары баспалдағында тұрған акті едәуір төмен тұрған баспалдақта тұрған актімен үйлеспейтін жағдайда аталған актілердің алғашқысы қолданылуы керек. Актілердің қабылдану уақыты бұл ережеге ықпал етпейді, олар тек қолданылу сәтінде заңдық күшін жоймаса болғаны .
Екінші өлшемге сәйкес, заң күші тепе-тең актілер өзара үйлеспейтін тұстарда қолданысқа кейін енгізілген акт басымдыққа ие болады.
Заң әдебиеттерінде бірқатар жағдайларда жалпы және арнаулы актілердің арасындағы қарама-қайшылықтар арнаулы актінің пайдасына шешіледі деген пікір айтылады. Бірақ бұл пікір нақтылай түсуді керек етеді, өйткені кейде салыстырмалы екі актінің қайсысы жалпы акт, ал қайсысы-арнаулы акт болып табылатынын анықтауға қиындықтар туады. Сондықтан, егер тиісті норманың мәтінінде « заңдарда немесе өзге заң актілерінде өзгеше көзделмесе »деген ескерту бар болса, онда мұндай норма жалпы норма болады, ал өзгеше, заңдардың басқа актісінде көзделген норма-арнаулы норма болып табылады деп есептуе керек болар.Мысалы, Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы жарлықтың 4-бабының 1-тармағы былайша баяндалған: «пайдалы қазбалардың кейбір түрлеріне және техногендік минералдық түзілімдерге қатысты жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге байланысты ерекшеліктер пайдалы қазбалардың және техногендік минералдық түзілімдердің осы түрлері туралы заң актілерімен анықталады». Бұл, мысалы, мынаны білдіреді: екі жарлықтың нормалары арасынан қарама-қайшылықтар табылғанда, Мұнай туралы жарлық жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы жалпы жарлыққа қатысты да арнаулы жарлық болады.
Өзінің заңдық күші жөнінен жалпы норма иерархиялвқ сатының неғұрлым жоғары баспалдағында тұратын немесе арнайы нормадан кейінірек қабылданатын жағдайларда да осы түсіндіру тәсілін қолдануға болады. Мұндай ескерту болмағанда, бір қарағанда жалпы және арнаулы болып көрінетін актілердегі қарама-қайшылықтар иерархиялық саты баспалдақтарының ережелері және қолдансықа енгізілу уақыты бойынша шешілуі тиіс.
Бір нормативтік актінің азаматтық-құқықтық нормалары арасынан қарама-қайшылықтар байқалғанда, оларды үйлестіру жалпы нормадан гөрі арнаулы нормаға басымдылық беру жолымен шешіледі, мұны актінің құрылымымен (жалпы бөлімінің, тарауларының болуы) анықтауға болады.
Кейде азаматтық заңдарда кездесетін олқылықтардың орнын толтыру үшін АҚ-ның 5-бабы азаматтық заңдардың ұқсастығына қарай қолданылуын арнайы көздейді. Ол азаматтық заңдардың кейбір нақты ережелерінен туындайды. Мәселен, АҚ-ның 7-бабы азаматтық құқықтар мен міндеттер заңда көзделмеген негіздерден пайда болады деп көрсетеді. Әлбетте, мұндай шарттарда тараптардың келісімімен тікелей көзделмеген құқықтар мен міндеттерді анықтау қажеттігі туады. Мұны ұқсас қатынастарды реттейтін заңды қолдану жолымен ғана жасауға болады.
Қылмыстық құқықта ұқсастықты қолдануға жол берілмейді, өйткені бұл заңды бұзбаған адамды қылмыскер деп тануға әкеп соқтыруы мүмкін. Мұнда сотқа заңның тікелей ұйғарымын ғана жүзеге асыруға рұқсат етілген.
Ұқсастықты қолдану азаматтық құқықта пайдалану үшін қажет болады, өйткені мұнда заңмен тыйым салынбаған кез-келген әрекетті істеу заңды болып табылады. Ұқсастықты қолданбайынша, заңды болғанымен , заңда арнайы көзделмеген әрекетті жасаған адам құқық бұзушыларға қарсы қорғансыз қалған болар еді. Мұнда ұқсастықты қолдану заңның олқылығын оны түсіндіру жолымен де, әдет-ғұрыптармен де іскерлік айналым ережелерімен де толықтыруға болмайтын кезде заңның олқылықтарын толтырудың мәжбүрлі шарасы ретінде ғана қолға алынады.
Бір заңды институттың ережелерін басқа заңды институт реттейтін қатынастарға заң жолымен таратуды азаматтық заңдарды ұқсастығына қарай қолданудан айыра білу керек. Мәселен, АҚ-ның 84-бабы қосымша жауапкершілігі бар серіктестікке кейбір ерекшеліктерін ескермегенде жауапкершілігі шектеулі серіктестік туралы ережелердің қолданылуын көздейді. ЖШС туралы Заңның 1-бабының 3-тармағында да осындай норма бар.
АҚ-ның 5-бабы заңның ұқсастығы мен құқықтың ұқсастығын ажыратады. Заңның ұқсатығы кезінде оның олқылығы тікелей өзгеше болғанымен, ұқсас қатынастарды реттейтін нақты заң нормаларын қолдану арқылы жүзеге асырады.
Азаматтық кодекс, мысалы, көптеген мемлекеттердің, оның ішінде Ресей заңдарына мәлім агенттік шартты тікелей реттемейді. Алайда АҚ агенттік шарт жасасуға тыйым салмайды. Егер оларға қатысушылардың іс-әрекеттерін бағалауда тікелей заң ұйғарымдарының жоқтығына байланысты қиындықтар туатын болса, онда ұқсастығына қарй тапсырма шартын немесе комиссия шартын реттейтін нормалар қолданылуы ықтимал.
Дегенмен кейбір жағдайларда ұқсас құқықтық қатынастарды реттейтін нақты нормалардың жоқтығынан заңның ұқсатығын қолдану мүмкін емес. Мұндай жағдайда заңдардың жалпы бастаулары мен мәнін, адал, парасатты және әділ әрекет жасау талаптарын басшылыққа ала отырып, заңдардың олқылықтарын толықтыратын құқық ұқсастығын қолдануға болады (АҚ 8-бабы). Мәселен, заң практикасында, тіпті АҚ-ның Ерекше бөлімі қабылданғанға дейін мүлікті сенімгерлікпен басқару мүліктің меншікті иесі (акцияның меншік иесі) басқа адамға меншік иесінің мүддесі жолында мүлікті басқару ісін тапсырады. Шарт кейде сенімгерлікпен басқарушының мүлікті (акцияны) сату не оны кепілге беру құқығын да көздейді. Жекешелендіру барысында мемлкеттік мүлікті сенімгерлікпен басқаруға беруге қарсы болады. Бұлардың пікірінше , ол меншік иесі болмағандықтан, мүлікті меншіктен алу (шығару) жөнінде мәміле жасауға құқысыз. Жекешелендіруді өмірге әкелген шенеуніктердің пайдакүнемдік іс-әрекеттері фактілері, әдетте, бұған қарсы шығудың себебі болды. Бірақ назарды жекешелендіру ерекшеліктерінен басқа жаққа аударатын болсақ, онда әдеттегі жеке қатынастарда сенімгерлікпен басқарушыға белгілі бір құқықтарды , оның ішінде мүлікті сату, оны кепілге салу және т.б құқықтарды беру меншік иесінің тәуелсіз құзыреті болады да, тараптардың келісімімен баянды етіледі. Мүлікті сенімгерлікпен басқару шартының мазмұнын былайша түсіну құқықтың ұқсастығына-меншік иесі өкілеттігінің абсолюттік сипатына және шарттың еркіндігіне сүйенді. Мұны қазіргі уақытта АҚ-ның 888-бабы растап отыр.
Қорытынды
Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, мынадай тұжырым жасауға болады: азаматтық құқық-құқықтың бір саласы, ол тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты немесе (байланысты жоқ) мүліктік емес жеке қатынастарын реттейтін нормалардың жиынтығы болып табылады.
Бұдан бұрын айтылған құқықтық
реттеудің пәні мен әдістемесі
азаматтық құқықты онымен
Дейтұрғанмен
бұдан азаматтық құқық
Қазақ азаматтық ілімінің
Қазақстан Республикасының
Еліміздің
қазіргі азаматтық құқығы
Әлеуметтік
әділеттілік орта буындағы
парасатлық принциптері пайда болуда, яғни өзгенің мүддесімен санасудың үлкен қажеттілігі туындауда. Сонымен қатар экология үшін жауапкершілік, сатып алушының құқығын қорғау мүдделілігі және т.б күшеюде.
Қазіргі
азаматтық құқық адам құқығын
қорғауға ерекше мән береді, мұның
өзін көптеген мемлекеттермен
өзара және тұрақты байланыс
орнатудың жемісі десе де
Өз ерекшелігі
бар нарықты қатынас азаматтық
құқыққа әсерін тигізбей
Азаматтық
құқық және азаматтық заңдар
ұғымына, жүйесіне және олардың
қолдануылына қатысты барлық
мәселелер көлемін зерттейтін
құқықтық ғылым сласын
Азаматтық құқық ғылымының міндеті-азаматтық-құқықтық нормалар жүйесінің және оның жекелеген буындардың пайда болуы мен мазмұнның ерекшеліктерінен анықтайтын жағдайларды зерттеу, Егер азаматтық-құқықтың пәні қоғамдық қатынастардың белгілі бір саласы болса, азаматтық құқық ғылымының пәні құқықтық нормалардың жиынтығы-нақ азаматтық-құқықтың өзі болып табылады (азаматтық-құқықтың анықтамасы ІІ бөлімде берілген). Әлбетте, бұл пән азаматтық-құқықтық нормалар реттейтін қоғамдық қатынастарды да, бұл нормалардың заңдарда бейнеленуін де, олардың әр түрлі мемлекеттердегі ерекшеліктерін де, оларға сын тарапынан берілген бағаны да және жетілдіру мүмкіндіктерін де қамтиды[29.33].
Азаматтық құқық ғылымы бұрын қолданылып келген құқықтық жүйелерді, олардың жетістіктері мен кемшіліктерін, даму бағыты мен оған ықпал ететін факторлардың бағалай келе, азаматтық-құқықтың даму тарихына айтарлықтай көңіл бөледі. Азаматтық-құқықтың даму тарихын зерттеуде ғылымның өзінің, оның жасаушылары мен зерттеушілердің тарихы, ғылыми тұжырымдамалар мен көзқарастардың тарихы едәуір орын алады. Біздің замандасамыз, қазір АҚШ-та тұратын, Ленинград мемлекеттік университетінде көп жыл жұмыс істеген, Қазақстанның азаматтық-құқықтық ғылымның дамуына тікелей белсене қатысқан профессор О.С.Иоффе азаматтық-құқықтыө ғылымның осы саласына зор үлес қосты[30.131].
Біздің ойымызша Қазақстанның қазіргі азаматтық құқығына қатысты ағымдардың сипаты міне, осындай.
Информация о работе Азаматтық құқықтық реттеудің пәні және әдістемесі