Алдын ала тергеудің аяқталуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2014 в 11:45, доклад

Описание работы

Жұмыстың көкейтестілігі: Дипломдық жұмыстың тақырыбы «Алдын ала тергеудің аяқталуы» болып табылады.
Диплом жұмысының әдістемелік негізін Қазақстан Республикасының заңдары, ережелері, шетелдік және отандық заңгерлердің ғылыми еңбектері, оқулықтар, мерзімді басылымдардың мәліметтері құрайды.
Дипломдық жұмыс кіріспеден 3 тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралған.

Содержание работы

Кіріспе. …………………………………………………………………………... 6

І. АЛТЫН АЛА ТЕРГЕУДІҢ АЯҚТАУЛЫ. АЛДЫН АЛА ТЕРГЕУ ҰҒЫМЫ, ОНЫҢ НЫСАНДАРЫ МЕН КЕЗЕҢДЕРІ
1.1. Алдын ала тергеу ұғымы. ........................................................................ 8
1.2. Алдын ала тергеудің аяқталу институтының жалпы сипаттамасы. .... 11

ІІ. АЙЫПТАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ЖАСАП ТЕРГЕУДІ АЯҚТАУ
2.1. Айыптау қорытындысын ресімдеудің негіздері. .................................. 15
2.2. Қылмыстық істі қысқарту. ...................................................................... 24
2.3. Алдын ала тергеу кезінде түзілетін құжат үлгілері. ............................ 30

Қорытынды. .......................................................................................................... 59
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. ...................................................................... 60

Файлы: 1 файл

Дип.-Алдын-ала-тергеудің-аяқталуы.doc

— 455.00 Кб (Скачать файл)

 


 


МАЗМҰНЫ

 

 

Кіріспе. …………………………………………………………………………... 6

 

І. АЛТЫН АЛА ТЕРГЕУДІҢ АЯҚТАУЛЫ. АЛДЫН АЛА ТЕРГЕУ ҰҒЫМЫ, ОНЫҢ НЫСАНДАРЫ МЕН КЕЗЕҢДЕРІ

1.1. Алдын ала тергеу ұғымы. ........................................................................ 8

1.2. Алдын ала тергеудің аяқталу институтының жалпы сипаттамасы. .... 11

 

ІІ. АЙЫПТАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ЖАСАП ТЕРГЕУДІ АЯҚТАУ

2.1. Айыптау қорытындысын ресімдеудің  негіздері. .................................. 15

2.2. Қылмыстық істі қысқарту. ...................................................................... 24

2.3. Алдын ала тергеу кезінде  түзілетін  құжат үлгілері. ............................ 30

 

Қорытынды. .......................................................................................................... 59

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. ...................................................................... 60

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ


 

Жұмыстың көкейтестілігі: Дипломдық жұмыстың тақырыбы «Алдын ала тергеудің аяқталуы» болып табылады. 

Диплом жұмысының әдістемелік негізін Қазақстан Республикасының заңдары, ережелері, шетелдік және отандық заңгерлердің ғылыми еңбектері, оқулықтар, мерзімді басылымдардың мәліметтері құрайды.

Дипломдық жұмыс кіріспеден 3 тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралған.

Бүгінгі әлем шапшаң қарқынмен қарқынмен өзгеруде, ғаламдану мен ақпараттық технологиялар дәуірі, күн өткен сайын күш алып барады. Соған сәйкес жаңа яғни бұрын сирек кездесетін қылмыстар орын алуда. Бірақ қылмыстың аты-қылмыс болғандықтан бұл жерде қоғамға қауіптілік немесе құқыққа қайшылық бар. Қазақстан өзінің экономикалық әлеуметін нығайтып, әлемде орнын нақтылауда. Қазақстан құқықтық мемлекет құру жолында.

Бұл мақсатқа жетудің бірден-бір негізі адам мен азаматтық құқықтары мен бостандықтарын қорғау, және оларды құрметтеу болып табылады.

Қылмыстарды тез және толық ашу, айыптыларды әшкерелеу, әрбір қылмыс жасаған адам әділ жазасын алуы және кінәсіз бір де бір адам қылмыстық жауапқа тартылмауы үшін заңын дұрыс қолданылуын қамтамасыз ету - қылмыстық процестің мақсаты болып табылады. Біз қарастырып отырған алдын ала тергеуді аяқтау институты осылардың сонғысының шешімін табуға арналған.

Жұмыстың мақсаты: Дипломдық жұмыста қылмыстық іс жүргізу институтының мақсаты — әділ сот жүргізуші органдарды, сот ісін жүргізудің негізгі мақсаты тұрғысынан алғанда, көрінеу жарамсыз істерді қараудан босату, оларға жеңілдік жасау болып табылады.

Тергеуді аяқтау институты, бұл — іске асырылуы өте күрделі құқықтық нормалар тобы. Заңдылықтың сақталу дәрежесі, барлық алдын ала тергеудің толықтығы мен әділдігі, көбіне, іс бойынша соңғы құжаттың қалай жасалғанына, іс жүргізу процедурасының қалай аяқталғанына байланысты.

Бұл жұмыста алдын ала тергеуді аяқтаудың барлық түрін қарауға талпыныс жасадық. Оның соңғылары дәделдеме келтірілуімен ғана шектелмейді. Бұл жерде алдын ала тергеудің әдебиетте аталған нысандары да, сондай-ақ, аяқтаушы уақыт аралығы — кезеңдер де талданған. "Тергеудің аяқталуы" термині құқықтық институттың атауы ретінде де, іс жүргізу қызметі мен іс бойынша шешім жасау кезеңі ретіңде де қолданылуы мүмкін. Бұл диплом жұмыс тергеудің аяқталуы сотқа дейінгі іс жүргізу кезеңі ретінде қаралады, ол алдын ала тергеудің ажырамас бөлігі болып табылады. Осы уақыт аралығы үшін маңызы бар қандай да бір қылмыстық іс жүргізу шешімін қабылдаудың негізі сипатталады, тергеуші (анықтама органы, прокурор) дайындайтын іс жүргізу құжаттарының формасы мен мазмұнына қойылатын талаптар қаралады.

Мен алдын ала тергеудің аяқталу проблемасын ұзақ уақыт зерттедім. Бұл диплом жұмыстың басты құндылығы дұрыс материалдар, қандай да бір ұғымға деген ғалымдар пікірі, жинақталған тәжірибе ғана емес, Мұңда тергеуді аяқтаудың негізі мен тәртібін реттейтін барлық нормативтік актілерден қажетті үзінділер келтірілген, олар айыптау қорытындысын жасауға, қылмыстық істі қысқартуға және адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану мәселесін қарауы үшін істі сотқа жіберуге қатысы бар нормалар.

Кейде құқықтық ережелер бір мағынада түсінілмейді. Қандай да бір ережені қолдануда прокурор мен тергеушіде әртүрлі көзқарас болуы мүмкін. Алдын ала тергеу органдарының қызметін қадағалай отырып прокурор қылмыстық істі қысқарту немесе оны сотқа жіберу туралы соңғы нұсқау береді. Іс жүргізудегі өзінің дербестігін пайдаланып тергеуші оның нұсқауын орындаудан бас тартады. Бұл жағдайда не істеу керек?

Егер прокурор мен тергеуші, мұндай жағдайларда бұрын қандай шешім болғанын білсе, өзара қайшылыққа бармаған болар еді.

Жұмыстың пәні: Алдын ала тергеу басталған кезден бастап, тергеуші қозғалған қылмыстық істі өз өндірісіне алып тергеу әрекеттерін жасауға кіріседі.

Тергеушінің алдын ала тергеуді жүргізудегі құзіреті, құқықтары мен міндеттері іске қатысушылармен ара-қатынастары қандай болу керектігі қарастырылды.

Атап айтатын болсақ, алдын ала тергеу басталған кезден бастап, тергеуші қозғалған қылмыстық істі өз өндірісіне алып тергеу әрекеттерін жасауға кіріседі.

Сезіктіден жауап алып, бұлтартпау шарасын қолданғаннан кейін, егер оның басына айыпқа тарту үшін жеткілікті дәлелдемелер жиналса айыпталушы ретінде жауапқа тарту, оның жасалу процедурасы толық ашылған.

Алдын ала тергеу кезінде жүргізілетін тергеу әрекеттері олардың заңда көрсетілген тәртіптері атап көрсетілген.

Жұмыстың объектісі: Дәлелдемелер мен жедел-іздестіру арқылы алынған процессуалдық емес ақпараттың арақатынасын зерттеу отырып техникалық құралдарды қолдана отырып, жедел-іздестіру жолымен алынған ақпаратты дәлелдемеге айналдырудың іс жүргізушілік шарттарын анықтауға бағыттаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. АЛТЫН АЛА ТЕРГЕУДІҢ АЯҚТАУЛЫ.

АЛДЫН АЛА ТЕРГЕУ ҰҒЫМЫ, ОНЫҢ НЫСАНДАРЫ

МЕН КЕЗЕҢДЕРІ

 

1.1. Алдын ала тергеу ұғымы

 

Алдын ала тергеу ұғымы саты ретінде заң әдебиеттерінде еш талас тудырмайды, оған барлық іс жүргізушілер бірдей анықтама береді. Алдын ала тергеу дегеніміз — қылмыстық іс қозғалғаннан кейін болатын, өзінің міндеттері мен шекарасы бар қылмыстық процесс.

Бірақ, кейде ғалымдар, қызмет ретіндегі алдын ала тергеу мен алдын ала тергеу сатылары арасындағы айырмашылықты көре алмайды.

А.А.Гарницкий былай дейді: «Алдын ала тергеу - қылмыстық процестің сатысы, ол кезеңде тергеу және анықтама органдары, жұртшылықтың көмегіне сүйене отырып және заңда белгіленген тәртіпте, қылмыстың алдын алу жөніндегі қызметін жүзеге асырады, жасалған қылмыстарды ашу, кінәлілерді жауапқа тарту жұмыстарын жүргізеді, қылмыстық оқиғаның немесе құрамның немесе істі сотқа жіберу үшін негіздің бар-жоғын анықтайды». «Алдын ала тергеу дегеніміз – қылмыстық процестің сатыларының бірі, – деп жазады Н.Ц. Логин мен Ф.Н. Фаткуллин, – Сот ісін жүргізудің бұл сатысы тергеушінің немесе анықтама органының қозғалған істі қабылдап алуынан басталады және ол бойынша айыптау қорытындысын жасап, оны бекітумен немесе қылмыстық істі қысқартумен (есі дұрыс еместерге қатысты материалдар мәжбүрлеп емдеу шараларын қолдану үшін сотқа жіберумен) аяқталады». Бұл анықтау уақыт аралығына (сатыға) қатысты қолданылады, бірақ жалпы қылмыстық іс жүргізу қызметіне қатысты пайдаланылмайды.

Біздің жұмысымызда алдын ала тергеу, негізінен, қызмет ретінде қаралады. Дегенмен, кейде бұл қызметті сипаттағанда автор аттас сатының да, құқықтық институттың да белгілерін анықтауы мүмкін.

Алдын ала тергеу (қызмет ретіңде) екі нысанында жүзеге асырылады деп саналады, олар: анықтау және алдын ала тергеу.

Анықтау және оның түрлері. Бұрын аталып өткендей, қылмыстық іс жүргізу қызметінің екі түрін: анықтау мен алдын ала тергеуді алдын ала тергеудің нысандары деп атау қабылданған.

Анықтау деген не?

Анықтау, алдын ала тергеудің кез келген нысаны сияқты, қылмыстық іс қозғалғаннан кейін басталады. Алдын ала тергеу міндетті емес тергеуден оның айтарлықтай айырмашылығы бар. Анықтаудың түріне қарай ол қылмыстық істі тергеушіге жібергеннен кейін, не алдын ала тергеу сияқты — істі айыптау қорытындысымен сотқа жібергеннен кейін немесе қылмыстық іс қысқарғаннан кейін аяқталуы мүмкін. Заң алдын ала тергеу кезінде жүзеге асырылатын ол қызметтің екеуін де анықтау деп атайды.

Есте сақтайтын бір жай, «қазіргі заңдық регламенттеуде анықтау әртүрлі екі процедураны қамтиды, оларлы бір құқықтық институтқа біріктіру жасанды болып табылады». Сондықтанда Г.И.Мачковскийдің айтқаны өте дұрыс: анықтау — кейінге қалдыруға болмайтын тергеу әрекеттерін жүргізу ғана, яғни А.К.Гавриловтың пікірінше — анықтау тергеудің бастапқы кезеңі (бөлігі) ғана; ал толық көлемді анықтау дегеніміз — азаматтардың құқықтарын шектей отырып анықтау органының алдын ала тергеу жүргізуі. Басқаша айтқанда, егер жаратылысы да, мақсаты да, мерзімі де тіптен басқаша екі қызмет түрі бірдей аталынатын болса және мұндай жағдай дұрыс деп саналса, онда анықтау органдарының қылмыстық іс жүргізу практикасының барлық түрлері дәйекті анықтау деп аталады.

ҚІЖК-нің 288-бабына сәйкес алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес істер бойынша анықтау органы іс қозғайды және қылмыстық іс бойынша дәлелденуі тиісті мән-жайларды анықтау үшін қылмыстық іс жүргізу заңында көзделген барлық шараларды қабылдайды. Алдын ала тергеудің осы түрін жүргізгенде анықтау органы кез келген тергеу, сондай-ақ басқа іс жүргізу әрекеттерін жүргізуге, қажетті іс жүргізу шешімдерін қабылдауға құқылы.

Бұл ретте ол қылмыстық іс жүргізу заңында негізінен алдын ала тергеу үшін белгіленген ережелерді басшылыққа алады.

1) Жәбірленушіні, азаматгық талапкерді, азаматтық жауапкерлі және олардың  өкілдерін анықтау жүргізген  адам анықтаудың аяқталғаны және  істін прокурорға жіберілгені  жайында хабардар етуге міндетгі. Бірақ. анықтау органы, тиісті өтініш болған күннің өзінде, оларды іс материалдарымен таныстыруға міндетті емес.

2) Тергеушіде іс жүргізу еркіндігі  бар, оның мәнісі мынада: прокурор, ҚІЖК-нің 289-бабына сәйкес, тергеушіге (анықтау жүргізуші адамға) орындалуы міндетті нұсқау беруге уәкілетті. Бірақ тергеуші прокурордың:

- айыпталушы ретінде тарту туралы;

- қылмысты саралау және айыптаудың  көлемі туралы;

- сот талқылауын тағайындау  үшін істі жіберу туралы немесе  істі қысқарту туралы нұсқауымен келіспесе, өз қарсылығын жазбаша баяндап жоғары тұрған прокурорға жүгінуге құқылы. Бұл жағдайда прокурор, не төменгі тұрған прокурордың нұсқауын бұзады, не бұл істің тергеуін басқа тергеушіге тапсырады. Анықтау органдарына бұл ереже таралмайды. Прокурордың нұсқауымен келіспеген жағдайда анықтау органы жоғары тұрған прокурорға шағымдануға құқылы. Дегенмен, мұндай шағымдаңу фактысы прокурор нұсқауының орындалуын тоқтата алмайды. Алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес істер бойынша анықтау материалдары істі сотта қарауға негіз бола алады. Оның мақсаты алдын ала тергеудің алдына қойылған мақсатпен бірдей. Мерзімі және жүргізу амалдары жағынан олар да әртүрлі болуы мүмкін. Міне осы мән-жай ғалымдарға анықтаудың осы түрін толық көлемді анықтау немесе «алдын ала тергеудің» ерекше нысаны деп атауға мүмкіндік беріп отыр.

Дау туғызбайтын бір жағдай — алдын ала тергеу міндетті емес істер бойынша анықтау алдын ала тергеудің өзінше дербес нысаны болып табылады, оны алдын ала тергеуден мыналар ерекшелейді:

- оны жүзеге асыратын субъект (тергеуші емес, анықтау жүргізуші адам);

- сол субъектінің құқықтық мәртебссі (анықтау жүргізуші адамда іс  жүргізу еркіндігі болмайды);

- жәбірленушінің, азаматтық талапкердің, адам және жауапкердің және  олардың өкілдерінің тергеу аяқталғаннан кейін іс материалдарымен танысуға құқықтарының жоқтығы.

Қылмыстық іс жүргізу қызметінің осы түрі, басқаларға қарағанда, «анықтау» деп атауға көбірек сәйкес келеді. Ол алдын ала тергеуге қарағанда едәуір өзгеше.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық сот ісін жүргізу негіздерінің 29-бабына сәйкес алдын ала тергеу жүргізу міндтті болып табылатын қылмыстарда қылмыс белгілері болса анықтау органы қылмыстық іс қозғайды және қылмыстық іс жүргізу заңын басшылыққа алып дереу тергеу әрекеттерін жүргізеді, ондағы мақсат — қылмыстың іздерін анықтау және бекіту: қарау, тінту, алу, телефон және басқа байланыстарды тыңдау, мүлікке тыйым салу, сезіктілерді анықтау, ұстау және олардан жауап алу, жәбірленушілер мен куәлерден жауап алу, қажет болған жағдайда сараптама тағайындау.

Анықталған қылмыс және басталған анықтау жайында анықтау органы прокурорға дереу хабар береді. Жедел тергеу әрекеттерін орындағаннан кейін анықтау органы, прокурордың нұсқауын күтпестен және он күндік мерзім біткеннен кейін істі тергеушіге тапсыруға міндетті.

Информация о работе Алдын ала тергеудің аяқталуы