Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2014 в 11:45, доклад
Жұмыстың көкейтестілігі: Дипломдық жұмыстың тақырыбы «Алдын ала тергеудің аяқталуы» болып табылады.
Диплом жұмысының әдістемелік негізін Қазақстан Республикасының заңдары, ережелері, шетелдік және отандық заңгерлердің ғылыми еңбектері, оқулықтар, мерзімді басылымдардың мәліметтері құрайды.
Дипломдық жұмыс кіріспеден 3 тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралған.
Кіріспе. …………………………………………………………………………... 6
І. АЛТЫН АЛА ТЕРГЕУДІҢ АЯҚТАУЛЫ. АЛДЫН АЛА ТЕРГЕУ ҰҒЫМЫ, ОНЫҢ НЫСАНДАРЫ МЕН КЕЗЕҢДЕРІ
1.1. Алдын ала тергеу ұғымы. ........................................................................ 8
1.2. Алдын ала тергеудің аяқталу институтының жалпы сипаттамасы. .... 11
ІІ. АЙЫПТАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ЖАСАП ТЕРГЕУДІ АЯҚТАУ
2.1. Айыптау қорытындысын ресімдеудің негіздері. .................................. 15
2.2. Қылмыстық істі қысқарту. ...................................................................... 24
2.3. Алдын ала тергеу кезінде түзілетін құжат үлгілері. ............................ 30
Қорытынды. .......................................................................................................... 59
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. ...................................................................... 60
Анықтаудың бұл түрі алдын ала тергеу сатысын аяқтамайды, сондықтан да өзінен кейін жалғасатын алдын ала тергеуден бөлініп алдын ала тергеудің нысаны деп аталынбайды. Бұл жағдайда алдын ала тергеу екі элементтен тұрады:
- алдын ала тергеу міндетті болып табылатын істер бойынша анықтау;
- анықтау органы істі
Алдын ала тергеу дегеніміз — мазмұны алдын ала тергеу сатысын басынан аяғына дейін қамтитын қызмет. Алдын ала тергеу дәлелдеуге жататын барлық мән-жайларды сотқа дейін анықтауға бағытталады (ҚІЖК-нің 117-бабы). Тек алдын ала тергеуде ғана қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатыларында адамның құқықтары мен заңды мүдделерін сақтаудың заңда көзделген кепілдіктері көбірек көзделген.
Анықтауға қарағанда қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеуді тергеушілер жүргізеді, оларда, жоғарыда атап өткеніміздей, іс жүргізу дербестігі болады. Тергеу бөлімшелері қазіргі кезде ішкі істер органдарында, қауіпсіздік қызметі органдарында және салық полициясы органдарында бар.
Алдын ала тергеу, ҚІЖК-нің 126 және 404-баптарына сәйкес, неғұрлым күрделі істер бойынша және өзінің дене немесе ақыл-ой кемістігіне байланысты өз құқығын қорғай алмайтын кәмелетке толмаған адамдар жасаған қылмыстар туралы, сондай-ақ есі дұрыс еместердің қоғамға қауіпті іс-әрекеттері туралы істердің барлығында міндетті түрде жүргізіледі.
Алдын ала тергеу оны жүргізу заң бойынша міндетті емес қылмыстар бойынша да жүргізілуі мүмкін. Мұндай жағдайда тергеуші, оны сот немесе прокурор қажет деп санағанда ғана, қылмыстық процеске кірісуге құқылы.
М.С.Строговтың пікірінше, «анықтау мен алдын ала тергеудің бір бірінен айырмашылығы сонда, алдын ала тергеу дегеніміз - тергеудің маңызды, елеулі қылмыстар туралы істерде қолданылатын жоғарғы және неғұрлым күрделі нысаны. Анықтау — алдын ала тергеуге қатысты алғанда қосымша болып табылатын тергеу нысаны, онын мақсаты - қылмыстың іздерін бекіту және алдын ала тергеуде іс толық және жан-жақты тергелуі үшін алғашқы және шұғыл тергеу әрекеттерін жасау». Алдын ала тергеу ұғымына анықтама беруге байланысты бір тарихи жайға назар аударып көрейік. Бір кездері тергеушілер соттардың жанында болған, ол кейбір іс жүргізушілердің, мысалы. А.Я.Вышинский сияқтылардың, алдын ала тергеуді тергеуші соттардың немесе сот тергеушілерінің, яғни соттың қызметі деп айтуына мүмкіндік берді. Ал қазіргі көптеген қымыстылар алдын ала тергеудің соттан тысқарылық сипатын мойындап отыр. Тарихи фактілерге мұндай апелляцияның қажеті не? Ол дәлелдемелерді зерттеуге соттың қазірде құқығы бар екендігін көрсету үшін қажет. Сот талқылауының бір бөлігі сот тергеуі деп те аталады. Ал бұл ұғым мен «алдын ала тергеу» ұғымын ажырата алу керек, олар қызметті жүзеге асыратын субъектілер бойынша ғана емес, қызметтің бұл түрлерінің қылмыстық процестегі амалына, мақсатына, орнына және рөліне қарай да ерекшеленеді.
Алдын ала тергеу, алдын ала тергеудің кез келген басқа нысаны сияқты, іс жүргізу әрекеттерінен және іс жүргізу шешімдерінен тұрады. Ол өзіне тергеу әрекеттерін жүргізуді. мәжбүрлеу шараларын қолдануды, адамды айыпталушы ретінде тартуды, қорғаушыны, заңды өкілдерді, азаматтық талапкерлерді және қылмыстық процестің басқа субъектілерін қылмыстық процеске қатысуға жіберуді, қатысушыларды іс материалдарымен таныстыруды және т.б. қамтиды.
Алдын ала тергеудің алғашқы мерзімі екі ай шамасында белгіленген. Бірақ оны заңда белгіленген тәртіпте прокурор ұзарта алады.
Сонымен, алдын ала тергеудің ең аз дегенде үш нысаны бар:
1) алдын ала тергеу;
2) аралас алдын ала тергеу, ол
өзіне анықтауды (алдын ала тергеу
міндетті болып табылатын
3) алдын ала тергеу міндетті емес істер бойынша «анықтау».
1.2. Алдын ала тергеудің аяқталу институтының жалпы сипаттамасы
Алдын ала тергеудің аяқталуы дегеніміз – алдын ала тергеу сатысының қорытынды бөлімі (кезеңі). Ол істің мән-жайын толық, жан-жақты және объективті зерттеу бойынша барлық тергеу (іс жүргізу) әрекеттері аяқталып, істің ары қарайғы тағдыры туралы шешім қабылдау қажет болғанда туындайды. ҚІЖК-нің 289-бабының редакциясы бұл талданып отырған кезеңнің басталу және қадағалаушы прокурордың жазбаша нұсқауы бойынша қылмыстық істі тоқтату мүмкіндігінің бар екендігін көрсетеді. Алдын ала тергеудің аяқталуы бірқатар іс жүргізу әрекеттерін қамтиды, оларды іс жүргізу шешімдері тиісінше рәсімделгенге дейін орындау қажет. «Алдын ала тергеудің аяқталуы» термині кейде басқа мазмұнда пайдаланылады:
аттас кезеңде жүзеге асырылатын анықтаушы органның, тергеушінің, прокурордың іс жүргізу қызметі және қылмыстық-іс жүргізу қызметі.
Алдын ала тергеу саты ретінде тіптен
отызыншы жылдары бөліктерге (кезеңдерге)
бөлінді. Мысалы, В.И.Громов (1930 ж.) тергеу
барлық материал аяқталған тергеу бойынша
жинақталып қорытылғаңда, Н.В.Крыленко
А.Я.Дубинскийдің (1984 ж.) пікірінше, бұл аталған кезеңдердің алтыншысы тергеуден тыс жатыр, ал бесінші кезең төртіншіні өзіне сіңіріп алады. Соңдықтан да ол қорытынды кезеңнің мазмұнына қылмыстық іс материалдарын біржола жүйелеу, жинақталған дәлелдемелерді бағалау, процеске қатысушыларды тергеу әрекеттерін жүргізудің аяқталғаны туралы хабардар ету, оларға танысу үшін қылмыстық іс материалдарын ұсыну, түскен өтініштерді шешу, ақтық шешімді қалыптастыру, қорытынды іс жүргізу құжатын рәсімдеу және істі сотқа жіберу жөніндегі әрекеттерді жатқызған. Әдетте, бұл кезеңде, тек, іс жүргізу және ұйымдық-техникалық әрекеттер ғана жүргізіледі. Анықтау органының жедел іздестіру қызметі тек кейбір жағдайларда: жасырынып қалған қылмыскерді және тығып қойған құндылықтарды іздестіргенде, жаңа қылмыстардың алдын алғанда және алдын ала тергеу сатыларының қалыпты аяқталуына кедергі келтіру ниетін тыюда қажет болуы мүмкін.
Кейбір іс жүргізушілер бұл кезеңнің басталуын жүргізілген тергеудің жан-жақтылығын, толықтырған және әділдігін тексеру және қылмыстық процеске қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету кезеңіне жатқызады. Бірақ, олардың іс жүргізу процесін жүзеге асыру, не жан-жақтылық, толықтық және әділдік, сондай-ақ қылмыстық процеске қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жайын сөз қылғанда нені діттегені түсініксіз. Қажетті тергеу әрекеттерін жүргізудің аяқталуын және мәжбүрлеу шараларының қолданылуын басталу деп алумен келісуге болады, бірақ сол әрекеттер жиынтығын емес. Соңғылар тергеудің бастапқы кезеңдерінің мазмұнына толықтай кіреді.
Қылмыстық істі қысқартқанда, кейбір ғалымдардың пікірінше, бұл кезеңге мыналарды да жатқызуға болады:
- прокурорды және заңда көрсетіл
- қылмыстық істі қысқарту
- прокурордың қылмыстық істі қысқартудың зағдылығын және дәлелділігін тексеруін;
- прокурордың қылмыстық істі
кәмелетке толмағандарға
Сонымен, ақтық кезең алдын ала тергеуді аяқтайтын материалды жүйелеуден басталады. Практикада жүйелеудің негізгі екі түрі: хронологиялық және тақырыптық түрлері қолданылады. Хронологиялық тәртіпте материалдар тергеуші жинастырған және оған келіп түскен ретімен жинақталады, ал тақырыптық тәртіпте қылмыстық іс материалдары қылмыстар бойынша топтастырылады. Әдетте, көп эпизодты істер тергелгенде сондай болады. Мұнда құжаттар қылмыстардың ауырлығына қарай емес, келіп түскен ретімен тігіледі. Бірнеше эпизодтарға ортақ хаттамалар мен қаулылар, айыпталушылардың, жәбірленушілердің жеке басын сипаттайтын құжаттар, тінту, ұстау құжаттары, т.б. өзінше бөлек, хронологиялық тәртіпте тігіледі.
Іс материалдарын жүйелеу тергеушіге, одан кейін қорғаушыға, айыпталушыға, оның заңды өкіліне, жәбірленушіге, азаматтық жауапкерге, азаматтық талапкерге және олардың өкілдеріне, прокурорға, сотқа, судьяға іс бойынша жинақталған дәлелдемелерді тікелей мұқият талдуға, сондай-ақ алдын ала тергеудің қорытынды актісін жасағанда іс материалдарын жедел пайдалануға мүмкіндік береді. Осы кезеңде тергеуші істің мәнісі бойынша қорытынды жасап, оны негіздейді, оның болашақ тағдыры жайында шешім қабылдайды.
ҚІЖК-нің 24-36-тарауларының мазмұнына сүйене отырып алдын ала тергеуді аяқтаудың кемінде үш түрін бөліп алуға болады:
- айыптау қорытындысын жасау:
- қылмыстық істі қысқарту
- медициналық сипаттағы
Өткен параграфта келтірілген ережеге сүйеніп автор тергеудің аяқталуының тағы да бір түрі - қылмыстардың мән-жайы туралы хаттама ресімдеу жайында айта алады. Іс жүргізушілер алдын ала тергеу міндетті болып табылатын істер бойынша анықтауды, көбіне алдын ала тергеудің нысаны деп атайды. Қылмыстық іс жүргізу қызметінің бұл түрінде де ақтық кезең бар, ол қылмыстық іс материалдарын тергеу орнына жіберу туралы мәселе шешілетін уақыт аралығы (ҚІЖК-нің 36-тарауы). Материалдарды әкімшілік жазалау шараларын қолдану үшін сотқа жібере отырып істі қысқарту туралы шешім қылмыстық істі қысқартудан бөлек айтылады. Қазіргі кезде қылмыстық істі қысқартудың бұл түрін заң шығарушы алып тастады. Ондай ҚІЖК-нің 37-бабында қарастырылған кезде де ол алдын ала тергеуді аяқтаудың өзінше бір түрі болған емес. Мысалы, Орал қаласы мен облыс бойынша статистика мынаны көрсетті: бір жылда ІІМ тергеушілері сотқа айыптау қорытындысымен 7171 іс жіберген, бұл олардың аяқтаған барлық алдын ала тергеулерінің 76,5%-і. 2141 іс қысқарған (аяқталған істердің жалпы санының 22,8%-і). Жыл бойы медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселені қарауы үшін істі сотқа жіберу жөнінде бар болғаны 60 (0,7%) қаулы шығарылған. Статистикаға жүгінсек — жүргізілуі аяқталған қылмыстық істер санының жыл сайын өсіп отырғандығын және де айыптау қорытындысымен сотқа жіберілген істердің көбейгендігін көреміз.
Тергеудің аяқталу кезеңі барлық мемлекеттерде бірдей біздегідей емес. Бірқатар мемлекеттерде сотқа дейінгі тергеуді аяқтау туралы шешімді прокурор шығарады, ал алдын ала тергеу жүргізген орган тек қандай да бір шешімді ұсына алады. Мысалы, Чехияның ҚІЖК-не сәйкес, тергеуді аяқтаған тергеуші қорытынды жасайды да, оны іс материалдарымен бірге прокурорға жібереді. Айыптау қорытындысын жасап, істі сотқа жолдайтын (жіберетін) прокурор ғана. Румынияның Қылмыстық іс жүргізу кодексінде тергеу аяқталғаннан кейін тергеу органы істі өзінің қорытындысымен, атқарылған істің мазмұнын көрсететін рефератпен (баяндамамен) қоса прокурорға жібереді. Венгрияда тергеу органы, алдын ала тергеуді аяқтау туралы қаулы шығарғаннан кейін материалды, айыптау актісін шығаруы үшін прокурорға жібереді, ал айыптау актісін прокурор шығарады, өзі сотқа жібереді.
Көптеген еуропа елдерінде қылмыстық іс жүргізу заңнамасы алдын ала тергеуді аяқтаудың психикасы бұзылған адамның іс-әрекеті туралы істі тергеушінің медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселені шешуі үшін сотқа жіберуі сияқты өзінше бөлек нысанын қарастырмайды. Венгрия ҚІЖК-і, егер жауап алғаннан кейін оның жасаған қылмысының басқа жасаған ауыр қылмысына қарағанда елеусіз екендігі анықталса, ары қарай тергеу жүргізбеу мүмкіндігін ерекше ескертеді.
Сонымен,
1. Алдын ала тергеудің, оның аяқталуы деп аталатын кезеңі қылмыстық іс материалдарын (сотқа кейінгі тексеру материалдарын) біржола жүйелеуден басталады.
2. Тергеудің аяқталуы мына шешімдердің біреуімен тамамдалады:
а) айыптау қорытындысымен;
б) қылмыстық істін қысқаруымен:
в) медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселені қарауы үшін істі сотқа жіберумен.
Өзінің мазмұны жағынан мұндай хаттама жеке және жария айыптау істері бойынша бірдей емес.
ІІ. АЙЫПТАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ЖАСАП ТЕРГЕУДІ АЯҚТАУ
2.1. Айыптау қорытындысын
Айыптау қорытындысын жасап тергеуші іс бойынша өз қызметін аяқтауға құқылы, егер:
- дәлелденуге жататын барлық мән-жайлар анықталса;
- айыпталушының кінәсі
- оның қылмыстық жауаптылығын жоққа шығаратын (қылмыстық істі қысқартуға негіз болатын) мән-жайлар болмаса.
Айыптау қорытындысын жасау алдында тергеуші бірқатар іс жүргізу әрекеттерін орындауы тиіс. Енді соларға тоқталайық.
ҚІЖК-нің 274-бабында былай делінген: «Алдын ала тергеуді аяқталған, ал жинақталған дәлелдемелерді айыптау қорытындысын жасау үшін жеткілікті деп танып, тергеуші ол жайында жәбірленушіні және оның өкілін, азаматтық талапкерді, азаматтық жауапкерді немесе олардың өкілдерін хабардар етуге және, сонымен қатар оларға іс материалдарымен танысуға құқылы екендігін түсіндіруге міндетті». Мұндай хабар беру ауызша да, жазбаша да болады. Бұл жағдай істе жазбаша ресімделген хабарлама қағаздың, телефонограмманың немесе жәбірленушінің, азаматтық талапкердің, азаматтық жауапкердің немесе олардың өкілдерінің құқықтары ауызша түсіндірілгендігі туралы анықтаманың көшірмесін тіркеу арқылы көрініс табады. Практикада бұл адамдардың іс материалдарымен танысқысы келетін-келмейтіндігі ертерек анықталады. Бұл оларды азаматтық талапкер, жәбірленуші, т.б. ретінде таныған кезде болады. Олар өздерінің іс материалдарымен танысқысы келетін-келмейтіндігін тиісті қаулыда жазады. Хабар беруден өздері тікелей бас тартқанымен тергеуші оларға тергеудің аяқталғандығы туралы хабарлауға міндетті.