Алдын ала тергеудің аяқталуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2014 в 11:45, доклад

Описание работы

Жұмыстың көкейтестілігі: Дипломдық жұмыстың тақырыбы «Алдын ала тергеудің аяқталуы» болып табылады.
Диплом жұмысының әдістемелік негізін Қазақстан Республикасының заңдары, ережелері, шетелдік және отандық заңгерлердің ғылыми еңбектері, оқулықтар, мерзімді басылымдардың мәліметтері құрайды.
Дипломдық жұмыс кіріспеден 3 тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралған.

Содержание работы

Кіріспе. …………………………………………………………………………... 6

І. АЛТЫН АЛА ТЕРГЕУДІҢ АЯҚТАУЛЫ. АЛДЫН АЛА ТЕРГЕУ ҰҒЫМЫ, ОНЫҢ НЫСАНДАРЫ МЕН КЕЗЕҢДЕРІ
1.1. Алдын ала тергеу ұғымы. ........................................................................ 8
1.2. Алдын ала тергеудің аяқталу институтының жалпы сипаттамасы. .... 11

ІІ. АЙЫПТАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ЖАСАП ТЕРГЕУДІ АЯҚТАУ
2.1. Айыптау қорытындысын ресімдеудің негіздері. .................................. 15
2.2. Қылмыстық істі қысқарту. ...................................................................... 24
2.3. Алдын ала тергеу кезінде түзілетін құжат үлгілері. ............................ 30

Қорытынды. .......................................................................................................... 59
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. ...................................................................... 60

Файлы: 1 файл

Дип.-Алдын-ала-тергеудің-аяқталуы.doc

— 455.00 Кб (Скачать файл)

Куә А.В.Омаров мынаны көрсетті: 1998 жылғы 14 мамырда өзінің досы Владимир Кипрушевпен қыдырып жүріп бұрын мектепте бірге оқыған Потапинге жолыққан. Бірге ішімдік ішіп, сонан соң тағы да арақ сатып алу үшін Потапиннің үйіне ақшаға келген. Олар Потапин тұратын 5-қабаттан төмен түсіп келе жатқанда өздеріне бұрын таныс емес, кейін анықталғандай Вулнев пен бір қызды кездестіреді. Ол ең артында келе жатқандықтан Вулнев пен Потапин арасында неліктен жанжал болғанын білмейді. Потапин оған "мен осында тұрамын, керек болса бір шөлмек араққа бос тігемін" деген. Сонда тұратынына Вулневтің көзін жеткізіп Потапин, Вулнев, куә, Кипрушев және қыз бесеуі дүкенге араққа барған. Жол жөнекей Вулнев пен Потапин арасында жанжал болмаған. Олар басқалардан оқшау жүріп отырған, куәға олар ұрысып келе жатқан сияқты болып көрінген. Сатып алған шөлмегін Вулнев бұған берген. Бұлар алдыға озып кеткен, Вулнев қызбен екеуі кейін деп қалған. Потапин оларды «татуласамыз» деп өз пәтеріне шақырған. Онда барып арақты бөлісіп ішкен. Вулнев қыз екеуі дәлізге шыққан, Потапин ілесе шыққан. Біраздан соң ол Кипрушев екеуі де дәлізге шыққанда олар Вулнев пен Потапиннің жұдырықтасып, тепкілесіп төбелесіп жатқанын көрген. Омаров пен Кипрушев оларды ажыратқан, бірақ олар еденге жығылса да төбелесті жалғастыра берген. Вулневтің беті, қолы қан болған. Сонан соң Потапин ас үйге кетіп қалған. Қыз ваннада болған. Оның ойынша төбелесті бастаған Потапин, себебі Кипрушев оларды ажыратып ортасына тұрғанда Вулнев тынышталған, ал Потапин Кипрушевтің арғы жағында тұрып-ақ Вулневтің басынан жұдырықпен ұруға ұдайы талпынған. Бірнеше минуттан кейін Потапин ас үйден шығып Вулневке жақындап келген. Потапиннің не істегенін ол көрмеген, бірақ оның көргені — Вулневтің төсіндегі үлкен қан дағы болған. Потапин бірден басқа бөлмеге кетіп қалған. Омаров пен Кипрушев екеуі қорыққандарынан баспалдақ алаңына шығып кеткен. Ол жерге Вулневте шыққан. Потапин есікті жауып алған, онда тек қыз қалған. Вулнев өз аяғымен тұрған соң бұлар айтарлықтай ешнәрсе бола қойған жоқ деп санап, үйлеріне кетіп қалған (30-31-і. п.).

Куә В.В. Кипрушев те осындай көрсетулер берген (34-35-і. п.)

Оқиға болған жерде: Томар қаласы Вересаев көшесіндегі 20-үйдің 5-подъезін қарау хаттамасы (41-і. п.).

Оқиға болған жерді: Томар қаласы Вересаев көшесіндегі 20-үйдің 44-пәтерін қарау хаттамасы (7-8-і. п.).

Оқиға болған жерді: Томар қаласы Вересаев көшесіндегі 20-үйдің 56-пәтерін қарау хаттамасы (5-6-1. п.).

Заттай дәлелдемелерді қарау хаттамасы және оларды қылмыстық іс материалдарына қосу (11-14-і. п.).

Сот-медициналық сараптама қорытындысы, ол бойынша жәбірленуші Вулневке мынадай дене жарақаттары салынған: "кеудесінің сол жағындағы тесілген-тілінген жарақат өкпені зақымдаған, пневмогемоторокске ұласқан, сол құлақ қалқанындағы тесілген-тілінген жарақат нәтижесінде денсаулығына ауыр зиян келген" (16 і. п.).

Омаров пен Потапин арасындағы беттестіру хаттамасы, онда олар өздерінің бұрынғы көрсетулерін толығымен растаған (24 і.п.).

Кипрушев пен Потапин арасыңдағы беттестіру хаттамасы, онда олар өздерінің бұрынғы көрсетулерін толығымен растаған. Кипрушев Потапиннің өзіне және Омаровқа Вулневті пәтерден шығаруға көмектес деп өтінбегенін, егер ол өтінгенде үшеулеп шығаруға болатынын айтқан (27-і. п.).

Анмсимова мен Потапин арасындағы беттесу хаттамасы, оңда олар өздерінің бұрынғы көрсетулерін толығымен растаған (33-і. п.).

Айыпталушының жеке басы:

Роман Владимирович Потапин, тұрған жері және бұрынғы оқыған жері бойынша жағымды да, жағымсыз да сипатталады, тергеу процесінде өзін жағымсыз жағынан көрсетті, өзінің кінәсін жеткілікті дәлелдемелер жинақталған және жеке беттестірулер өткеннен кейін ғана мойындады. Психоневрологиялық жене наркологиялық диспансерлерде есепте жоқ, сот-психиатриялық сараптаманың қорытындысына сәйкес танылған қылмыстық әрекетке қатысты есі дұрыс деп танылған. Қазіргі кезде жұмыс істемейді, сотталмаған, Томар қаласы Вересаев көшесі 20-үйдің 44-пәтерінде тұрады (50-59-і. п.).

Потапиннің қылмысты мас күйде жасағандығы оның жазасын ауырлататын мән-жай болып табылады. Потапиннің жазасын жеңілдететін мән-жай іс бойынша жоқ.

Осы баяндалғандар негізінде:

Потапин Роман Владимирович,

1975 жылы 21 қарашада туылған,

Томар қаласында туып-өскен,

Орыс, білімі орта, бойдақ,

жұмыс істемейді, әскери міндетті,

сотталмаған, Томар қаласының

Вересаев көшесіндегі 20-үйдің

44-пәтерінде тұрады, айыпталады,

себебі ол, 1998 жылғы 15 мамыр күні таңертеңгі сағат 6 шамасында Потапин, Томар қаласының Вересаев көшесіндегі 20 үйдің №44-өз пәтерінде, мас күйде, Омаров пен Кипрушевтің көзінше, өз пәтерінде тұрған Д.В.Вулневке тиіскен, сонан соң кенеттен күш қолданған: жұдырығымен бетіне ұрған, денесінің әр жеріне, оның ішінде өмірлік маңызды орган басына жұдырығымен ұрған, аяғымен тепкілеген. Алған соққыдан Вулнев еденге құлаған, ал Потапин осы кезде денсаулыққа зиян келтіру үшін арнайы дайындалған пышағын алып, онымен Вулневтің құлағының тұсынан ұрған, сол құлақ жарғағына сұғылған-кесілген жарақат келтірген. Содан кейін де Потапин, өзінің бұзақылық әрекетін жалғастырып жәбірленуші Вулневтің денесіне, басына аяқпен, қолмен көптеген соққы жасаған. Осы кезде пәтерде болған Кипрушев пен Омаров Потапиннің қоғамдық тәртіпті бұзатын әрекетін тоқтатуға тырысқан, бірақ ол бұларға ырық бермеген, Вулневті ұруын жалғастырып оның кеудесінің сол жақ тұсына тесілген-кесілген жарақат салған, өкпесін зақымдаған, ол пневмогемоторокске ұласқан, сонымен Вулневтің денсаулығына ауыр дене жарақатын салған.

Өзінің әрекетімен Р.В.Потапин ҚК-тің 213-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмысты - бұзақылық жасаған, қоғамды құрметтемейтінін анық білдіріп қоғамдық тәртіпті тым ерескел бұзу, қоғамдық тәртіп бұзған, тыйым салушыға қарсылық көрсеткен, денсаулыққа зиян келтіру үшін арнайы бейімделген зат қолданған және ҚК-тің 103-бабында көзделген қылмысты жасаған - денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірген.

ҚІЖК-нің 207-бабы негізінле бұл қылмыстық іс Томар қаласы Ақсай ауданының прокурорына айыптау қорытындысын бекітуі және сотқа жіберілуі үшін беріледі.

Айыптау қорытындысы Томар қаласының Ақсай АІІБ-нің ТБ-інде 14 шілде 1998 жылы жасалды.

 

Томар қаласы Ақсай АІІБ-нің

ТБ-нің тергеушісі әділет лейтенанты                                          Т.А.Көпенов

"Келісемін"

Томар қаласы Ақсай АІІБ-нің

ТБ бастағынын орынбасары

әділет капитаны                                                                           С.Н.Ғазизов

 

Сот отырысына шақыруға жататын адамдардың

ТІЗІМІ

 

1. Айыпталушы:

Потапин Роман Владимирович. ІІБ-нің СИЗО-1 мекемесінде қамауға алынған, (17-18, 24, 27 і. п.).

2.  Жәбірленуші:

Вулнев Дмитрий Викторович. Томар қаласы, Вересаев 20,

56 пәтер (19-20 і.п.).

3.  Куә:

Вулнева Людмила Николаевна. Томар каласы, Вересаев 20,

56 пәтер (22-23 і.п.).

Анисимова Алина Александровна. Томар қаласы, Пешков 22,

87 пәтер (25-26 і.п.).

Омаров Андрей Владимирович. Томар каласы, Вересаев 12.

16 пәтер (24-30 і.п.)

Кипрушев Владимир Валерьевач. Томар қаласы, Пузанов 60,

16 пәтер (27, 34-35 і. п.)

 

Томар қаласы Ақсай АІІБ-нің

ТБ-нің тергеушісі

әділет лейтенанты                                                                     Т.А. Көпенов

 

 

Қылмыстық іс бойынша анықтама №939435 қылмыстық іс бойынша

АНЫҚТАМА

 

1. Қылмыстық іс 1998 жылы 02 қазанда қозғалды (т. 1, 1 і.п.)

2. іс жүргізуге қабылданып, қылмыстық  іске қосылды:

1998 жылы 23 қазанда - Б.В. Цыбулиннің  автомобильді ұрлап айдап кету фактысы бойынша қозғалған №22683 қылмыстық іс:

- 1998 жылы 15 қарашада - В.А.Сериков пен А.И.Зиядановтың автомобильдерді ұрлап айдап кету фактілері бойынша қозғалған №44032 қылмыстық іс;

- 1998 жылы 27 қарашада - жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қозғалған №88041 қылмыстық іс;

- 1998 жылы 30 желтоқсанда - В.П.Ложниковтың  автомобильді ұрлап айдап кету фактісі бойынша қозғалған №47956 қылмыстық іс;

- 1998 жылы  22 сәуірде - автомобильдің қосалқы бөлшектерін ұрлау фактісі бойынша қозғалған №22958 қылмыстық іс.

3. Алдын ала тергеу және айыпталушыны  қамауда ұстау мерзімі 1998 жылғы 30 сәуірге дейін ұзартылды.

4. Айып тағылды: В.В. Калинковичке - 1998 жылы 23 сәуірде (т. 1, 158-159 і. п.), айып  қайта тағылды — 1998 жылы 24 мамырда (т. 3,256-256 і.п.);

С.Н.Запрудневке – 1998 жылы 21 сәуірде (т. 3, 241-243 і. п.);

С.Н.Безручкоға – 1998 жылы 20 сәуірде (т. 3, 247-248 т. п.);

В.В. Лузянинге – 1998 жылы 26 сәуірде (т. 3, 317-318 і. п.).

5.  Бұлтартпау шарасы таңдалды: - қамауда ұстау - В.В.Калинковичке, 1998 жылы 30 желтоқсанда (т. 1, 173 і. п.,т. 2,4 і.п.);

– ешқайда кетіп қалмау туралы қолхат:

С.Н. Запрудневке — 1998 жылы 16 сәуірде (т. 3, 239 і. п.)

С.Н. Безручкоға — 1998 жылы 17 сәуірде (т. 3, 371 і. п.)

В.В. Лузянинге - 1998 жылы 15 сәуірде (т. 3, 341 і. п.

6. Өтелген зиян ескеріле отырып азаматтық талап мәлімдеді: "Бүркіт" ААҚ - 15 500 теңгеге (т. 2, 311 і. п.);

Б.А. Садуақасов – 2670 теңгеге (т. 2, 121 і. п.);

Б.С. Байсалов – 2130 теңгеге (т. 2, 161 і. п.);

Е.Т. Қасымов – 315 теңгеге (т. 2, 291 і. п.);

С.Ж. Аманов – 419 теңгеге (т. 2, 327 і. п.);

М.П. Харибонов – 516 теңгеге (т. 2, 516 і.п).

7.  Іспен бірге жіберілетін заттай дәлелдемелер мен құжаттар:

–  В.В. Калинковичтің атына жасалған екі еңбек кітапшасы;

–  Г.А. Баядилованың атына жазылған санитарлық-емдеу кітапшасы;

– "Ортау" кеңшары кадрлар бөлімінің мөрі түсірілген фото қағаз;

– В.М. Сериковтың төлқұжаты (VII- ФР №592364) мен әскери билеті (МН №297770).

–  төлқұжаттар:

«Электроника-324» магнитофонына, "Весна-205" магитофонына, "АБ-302 стерео" магнитолына, "Электромика 12-23" сағатына;

– С.Н. Запрудновтың еңбек кітапшалары (2 дана).

8. Мүлкіне тыйым салынады:

– айыпталушы С.Н.Запрудаовтың жалпы сомасы 13110 теңге

   (т. 3,271 і.п.);

– айыпталушы С.Н. Безручконың жалпы сомасы 9510 теңге (т.2. 127 і.п.);

– В.В. Калинкович пен В.В. Лузянинде тізімдейтін мүлік табылмаған

    (т. 3, 27 і і.п.).

9. Қылмыстық ізге түсу мыналарға  қатысты қысқарды:

-  Е.Ж. Еркінбековке (т. 3, 121 і. п.);

-  Ж.С. Балажановқа (т. 3, 116 і. п.);

- Ж.Б. Шабақовқа, Р.Т.Саурановқа (т. 3, 129 і. п.). олардың әрекетінде қылмыстық  құрам болмағандықтан;

-  В.М.Борожинге (т. 3, 251 і. п.), оның қылмыс жасауға қатысқандығы дәлелденбегендіктен;

-  Н.А. Несіпбековке (т. 2, 301 і. п.), рахымшылық  актісі бойынша.

10. ҚІЖК-нің 201-бабының талаптарына  айыпталушылар С.Н.Запрудонов, С.Н. Безручко, В.В. Лузянин және қорғаушы И.В.Рыжакова - 1998 жылы 23 сәуірде, В.В.Калинкович - 1998 жылы 24 сәуірде орындады (т. 4, і-4 і. п.).

11. Істе В.В.Калинковичтің жеке басын куәландыратын дактилос-копиялық карта бар (т. 3, 333 і. п.).

 

Тамды облысы ІІБ-нің тергеу

басқармасының тергеушісі

әділет лейтенанты                                                                  Н.С. Лекеров

 

Қылмыстың істі қысқарту туралы

ҚАУЛЫ

 

Тамар қаласы                                                                    12 маусым 1998 жыл

 

Ақтас облысы ІІБ-нің тергеу басқармасының тергеушісі әділет лейтенанты А.П.Манаев, Г.И.Сәлімованың қаза табуы фактысы бойынша қозғалған №45435 қылмыстық істің материалдарын қарап

 

АНЫҚТАДЫМ:

 

1998 жылы 26 мамырда, 12 сағат 30 минутта  Ю.А.Омаров мемлекеттік нөмірі 58-59 ОМХ "Тулица" моторолерімен Ақтас облысы Томар қаласындағы Ленин көшесінің бойымен "Родина" кинотеатрына қарай онша жоғары емес жылдамдықпен келе жатқан. Мир көшесімен қиылысқан жақындағанда он жақтағы жол жиегінен жолдың көлік жүретін жолағына шығып кеткен, арғы беттегі дүкенге бағытталған Г.И.Салимованы 18 м қашықтықтан көріп қалады.

Г.И.Сәлімова өзіне жақындап қалған мотороллерді көрген шығар деп ойлап Ю.А.Омаров оны айналып өту үшін оңға қарай алады. Бірақ, Г.И.Сәлімова, жолдың көлік жүретін жолағына шығардың алдында жан-жағына қарамағандықтан, жақындап келе жатқан мотороллерді байқамаған. Араларында 2,5 метрдей ғана қашықтық қалғанда ол мотороллерді көріп, артқа қарай ұмтылған. Омаров бұлай болады деп мүлде ойламаған еді. Ол мотороллерді тежегішпен тоқтатпақшы болды, бірақ ара қашықтық өте аз болғандықтан оны қағып кетпеу мүмкіндігі болмады. Сәлімова ауыр дене жарақатын алып, сол жарақаттан қаза тапты. Жол-көлік оқиғасының бұл мән-жайларын барлық іс материалдары растайды:

Қағып кету фактісін тек Ю.А.Омаровтың өзі ғана сипаттап айтқанмен (7-8 і.п.), ол мән-жайларды басқа деректер де растайды.

Куә Н.П.Алмашева (43-44 і. п.) басып кеткен сәтті көрмесе де, мотороллердің онша қатты келе жатпағанын, Сәлімованың оны байқамағанын, қамсыз екенін көрген.

Информация о работе Алдын ала тергеудің аяқталуы