Алдын ала тергеудің аяқталуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2014 в 11:45, доклад

Описание работы

Жұмыстың көкейтестілігі: Дипломдық жұмыстың тақырыбы «Алдын ала тергеудің аяқталуы» болып табылады.
Диплом жұмысының әдістемелік негізін Қазақстан Республикасының заңдары, ережелері, шетелдік және отандық заңгерлердің ғылыми еңбектері, оқулықтар, мерзімді басылымдардың мәліметтері құрайды.
Дипломдық жұмыс кіріспеден 3 тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралған.

Содержание работы

Кіріспе. …………………………………………………………………………... 6

І. АЛТЫН АЛА ТЕРГЕУДІҢ АЯҚТАУЛЫ. АЛДЫН АЛА ТЕРГЕУ ҰҒЫМЫ, ОНЫҢ НЫСАНДАРЫ МЕН КЕЗЕҢДЕРІ
1.1. Алдын ала тергеу ұғымы. ........................................................................ 8
1.2. Алдын ала тергеудің аяқталу институтының жалпы сипаттамасы. .... 11

ІІ. АЙЫПТАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ЖАСАП ТЕРГЕУДІ АЯҚТАУ
2.1. Айыптау қорытындысын ресімдеудің негіздері. .................................. 15
2.2. Қылмыстық істі қысқарту. ...................................................................... 24
2.3. Алдын ала тергеу кезінде түзілетін құжат үлгілері. ............................ 30

Қорытынды. .......................................................................................................... 59
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. ...................................................................... 60

Файлы: 1 файл

Дип.-Алдын-ала-тергеудің-аяқталуы.doc

— 455.00 Кб (Скачать файл)

А. Қоғамға қауіпті зардап бар, бірақ ол біреудің жасаған қылмысының нәтижесі емес, яғни қылмыс құрамының объективтік жағының белгілерінің біреуі - қоғамға қауіпті тұрмақ, ешқандай іс-әрекет жоқ. Мысалы, ашық алаңға жай түскенде зиян келсе, онда қандай іс-әрекет бар?

Б. Іс-әрекет бар, бірақ маңыздылығы шамалы, қоғамға қауіпті емес, адамға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтірген жоқ, қауіп төндірген жоқ. Мысалы, ешқандай құндылығы жоқ қоқысты қасақана жою.

В. Егер нақты жасалған іс-әрекетте басқа қылмыстың құрамы болмаса, қылмысты аяғына дейін жеткізуден еркімен бас тарту (ҚК-тің 2б-бабы).

Г. Қауіпті емес, қоғамға пайдалы іс-әрекет орын алады – қажетті қорғану, өте қажеттілік немесе қылмыс жасаған адамды ұстау кездерінде зиян келтіру (ҚК-тің 32-37-баптары).

Д. Қоғамға пайдалы мақсатқа жету үшін дәлелді тәуекелге барғанда зиян келтіруді заң шығарушы қоғамға қауіпті іс-әрекеттер қатарына жатқызбайды. Бұл ретте тәуекел негізді деп саналады, егер ол мақсатқа тәуекелмен байланысты емес басқа әрекетпен (әрекетсіздікпен) жету мүмкін болмаса, ал ол тәуеекелге барған адам болған зиянның алдын алуға барлық мүмкіндікті пайдаланса (ҚК-тің 35-бабы).

Қылмыстың әрбір құрамының міндетті белгілерінің өз тізбесі бар. Сол белгілерінің біреуінің болмауы дәл осы қылмыстың жоқтығын көрсетеді.

А. Бұл әрекет (әрекетсіздік) үшін ұзақ уақыт бойы (ешқашан да) қылмыстық жауаптылық көзделген емес. Оған өзін өзі өлтіру мысал бола алады. Өзін өзі өлтіруден адам өлімі болады, бірақ оны құқыққа қайшы деуге болмайды.

Б. Зерттеліп отырған уақиға қылмысқа жатпайды. Мысалы, қылмыс туралы айтпау. 01.01.1997 жылдан бастап қылмыс туралы жеткізбеудің барлық түрі қылмыс деп танылмайды.

В. Кішігірім және орта ауырлықтағы қылмыстарды жасыру, оған әдейі қылмыстық жолмен тапқан мүлікті алу немесе сату, яғни ҚК-тің 175-бабыңда көзделген қылмыстық жауапкершілік жатпайды.

Г. Қызметтік міндетін атқарумен байланысты өзіне мәлім болған мән-жайлар бойынша Сенат, Мәжіліс депутаттарының жауап беруден бас тартуы.

Қылмыс құрамы болмағандықтан қылмыстық іс нақты адамның әрекетіне (әрекетсіздігіне) қатысты және басқа мән-жайларға байланысты қысқаруы мүмкін. Сонымен, ҚК-тің 40,- 42-баптарына сәйкес, қылмыстық заңмен қорғалатын мүдделерге зиян келтіру қылмыс деп танылмайды, егер ол:

- күш көрсетіп мәжбүрлеу нәтижесінде  болса, адам ондай мәжбүрлеу салдарынан  өз әрекетін (әрекетсіздігін) басқара  алмаса, сондай-ақ;

- адам өзі үшін міндетті болып  табылатын бұйрықты немесе өкімді  орындау мақсатында әрекет жасаса.

Мұндай зиянды келтіргендік үшін қылмыстық жауаптылықты қылмыс жасауға мәжбүрлеген немесе заңсыз бұйрық (өкім) берген адамдар көтеруі тиіс. Бұл аталғандардан басқа қылмыс құрамының болмауы ҚІЖК-нің                   37-бабында бекімін тапқан, іс бойынша іс жүргізуді болдырмайтын, басқа да арнайы мән-жайларды қарастырады. Олар - қылмыс оқиғасының болмауы, адамның қоғамға қауіпті іс-әрекетті жасаған кезде қылмыстық жауаптылық мүмкін болатын жасқа жетпеуі (ҚІЖК-нің 37-бабы), тәубеге келуден өзіне белгілі мән-жай бойынша жауап беруден діни қызметкердің бас тартуы (ҚІЖК-нің 37-бабы), осы факты бойынша ақтаушы негіздерде қымыстық істі қысқарту туралы бұзылмаған (заңды күшіне енген) қаулының немесе ақтау үкімінің болуы (ҚІЖК-нің 37-бабы). Мұндай фактылар анықталғанда қылмыстық іс қылмыс құрамының болмауына байланысты емес, арнайы мән-жайлар бойынша қысқарады. ҚІЖК-нің 37-бабына тиісті қаулыда қосымша сілтеме жасау қажет емес.

Қылмыс оқиғасының болмауы да қылмыстық істі қысқартудың толық ақтаушы негізі бола алады. Қылмыс оқиғасының жоқтығына (біздің тізбедегі екінші негіз) елдің кейбір аймақтарында ҚІЖК-нің 37-бабын (қылмыс құрамының болмауы) басшылыққа алу керек болған жағдайда сілтеме жасайды. Ал, дегенмен, қылмыс құрамы болмағандықтан қылмыстық істі қысқарту туралы шешімді тергеу үшін қылмыстық іс қозғалған факты болмағанда қабылдау тиімді.

Ескіру мерзімінің өтуі - біз талдап отырғандардың ішіндегі ақтамайтындардың біріншісі және қылмыстық істі қысқартудың үшінші негізі (ҚІЖК-нің 37-бабы). Егер ҚК-тің 69-бабында бекітілген ескіру мерзімі өткен болса — қылмыстық іс міндетті түрде қысқаруға жатады.

Осы нормаға сәйкес адам қылмыстық жауаптылықтан босатылады, егер:

а)  ауырлығы кішігірім қылмыс жасағаннан кейін екі жыл;

б) орташа ауырлықтағы қылмыс жасағаннан кейін алты жыл;

в) ауыр қылмыс жасағаннан кейін он жыл;

г) аса ауыр қылмыс жасағаннан кейін он бес жыл өтсе. Алдын ала тергеу сатысында бұл аталған негіз қолдануға жатпайды, егер бұл тағылған қылмысты жасағаны үшін елім жазасы немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру тағайындалуы мүмкін болса. Сомымен қатар, ҚК-тің 4-тарауында көзделген, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы қылмыс жасаған адамдарға ескіру мерзімі ешқашан да қолданылмайды. Қылмыстық істі ҚІЖК-нің 37-бабы бойынша қысқарту туралы қаулы шығарғанда тергеуші ескіру мерзімінің қылмыс жасалған күннен бастап үкім заңды күшіне енгенге дейін саналатынын ескеруі керек. Адам жаңа қылмыс жасаған жағдайда ескіру мерзімі әр қылмыс бойынша бөлек есептелінеді. Ескіру мерзімінің өтуі қылмыс жасаған адамның тергеуден немесе соттан жасырынып жүрген кезінде тоқталады. Ескіру мерзімінің өтуі, бұл жағдайда, оны ұстаған немесе оның өзі кінәсін мойындап келген кезінен жалғасады.

Ол, келесі – төртінші негіз (ақтамайтын). Рахымшылық актісінің нәтижесінде жасалған іс-әрекет үшін жаза қолдану болмайды. ҚК-тің 76-бабына сәйкес жеке дара анықталмаған адамдарға қатысты рахымшылық актісін Парламент шығарады. Қылмыс жасаған адам рахымшылық туралы акті бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

Рахымшылық актісі сол актіде көрсетілген нақты қылмысты жасағаны үшін айыпталушы адамдарға қатысты қолданылады. Қылмыс жасаған адам құқық қорғау органдарына белгісіз болса да қылмыстық істі қысқарту мүмкіндігі рахымшылық актісінің өзінде көзделген жағдайлар практикада көздескен. Мұндай қылмыстық істер ҚІЖК-нің 37-бабы бойынша қысқаруға жатады.

Егер айыпталушы қылмыстық істің осы негіз бойынша қысқаруына қарсы болса, онда іс айыптау қорытындысымен сотқа жіберіледі.

ҚІЖК-нің 37-бабының қарастырылып отырған тармағында, рахымшылық актісімен қатар, кешірім туралы да айтылған кешірімді жеке, белгілі бір адамдарға қатысты Президент жасайды.

Қылмыс жасағаны үшін сотталып кеткен адамдарға кешірім жасалады. Олар жазаны ары қарай өтеуден босатылады, не оларға тағайындалған жаза қысқарады немесе жазаның жеңілірек түрімен алмастырылады, немесе олардан соттылық алынады (ҚК-нің 76-бабы). Әрине, алдын ала тергеу сатысында кешірім жасау мүмкін емес.

Бұл - бесінші, ақтаушы негіз. Оның ерекшелігі сонда, ҚІЖК-нің жобасында мұндай негіз көзделмеген.

Қылмыс жасағанға дейін он алты жасқа толған адамдар қылмыстық жауапкершілік көтереді, ал қоғамдық қауіптілігі айқын кейбір қылмыстар үшін он төрттен бастап жауаптылық болады (ҚК-тің 15-бабы). Заң шығарушының ойынша он төрт жасқа толған адам мына қылмыстарды жасағанын ұғына алады: адам өлтіру (ҚК-тің 96-бабы), денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (103-бап), денсаулыкқа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру (104-бап), адамды ұрлау (125-бап), зорлау (120-бап), нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану (121-бап), ұрлық (175-бап), тонау (178-бап), қарақшылық (179-бап), қорқытып алушылық (181-бап), авомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иемдену (185-бап), бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру (187-бап), терроризм (233-бап), адамды кепілге алу (234-бап), бұзақылық (257-бап), тағылық (258-бап), қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен жару құрылғыларын ұрлау не қорқытып алу (255-бап), есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды ұрлау не қорқытып алу (260-бап), көлік құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа келтіру (299-бап).

Кәмелетке толмасанның тууы туралы куәлігі, төлқұжаты немесе оның жасын растайтын басқадай құжаты болмаса, оған сот-медициналық сараптама жасалынады (ҚІЖК-нің 70-бабы). Мұндай жағдайда сараптама туған жылы деп атаған жылдың ең соңғы күні зерттелген адамның туған күні деп саналады, ал ең төменгі және ен жоғарғы жасы көрсетілсе тергеуші сараптама болжаған ең төменгі жасты алуға тиіс.

Кәмелетке толмаған қалыпты жағдайларда қылмыстық жауапкершілікке тартуға болатын жасқа жеткен күннің өзінде, заң оның психикалық даму жағынан құрбыларынан қалып қоймағандығын және, тиісінше, өз әрекетінің (әрекетсіздігінің) сипаты мен қоғамға қауіптілігін толық ұғына алғандығын не оны басқара алғандығын қосымша тексеруді талап етеді.

Бұл қажет, себебі ҚІЖК-нің 37-бабына сәйкес ҚК-тің 15-бабының 1,2-бөліктерінде көзделген жасқа жеткен, бірақ психикалық қобалжу мен байланысты емес психикалық кемістігі салдарынан қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған кезде оның нақты сипаты мен қоғамға қауіптілігін толық көлемде ұғына алмаса не өз әрекетін (әрекетсіздігін) басқара алмаса қылмыстық іс міндетті түрде қысқаруға жатады.

Тағы да бір, жетінші негіз.

Жеке айыптау істері бойынша жәбірленушінің шағымының болмауы дегеніміз, бұл – қылмыстық процестің басталуын болдырмайтын мән-жай. Ол жорта белгіленуі мүмкін емес. Жәбірленушінің арызы не бар, не жоқ. Егер жәбірленушіден арыз түспесе, ал қылмыстық іс қозғауға негіз бар болса, онда адамның қылмыс жасағаны орын алған, яғни жәбірленушінің шағымынсыз-ақ істің қозғалуы мүмкін. Мұндай факты бойынша (мұндай қылмыстың объективтік жағының белгілерін табу) қылмыстық іс қозғалуға тиіс. Тиісінше, кейін оны қысқартуға қандай да бір негіз табылса, ол - ҚІЖК-нің 37-бабы емес, не де болса баска мән-жай, мысалы, ҚІЖК-нің сол бабының 2-тармағы (қылмыс құрамының міндетті белгілерінің біреуінің болмауы). Ал, анықтау органы немесе тергеуші қылмыстық процеске заңсыз кірісіп, тіптен қылмыстық іс қозғап, сондықтан алдын ала тергеу қысқарса, онда мәселе басқа. Мұндай жағдайда қылмыстық істі ҚІЖК-нің 37-бабының 7-тармағы негізінде қысқартудың заңды екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Бұл ерекше жағдай, сондықтан оны ереже ретінде қабылдауға болмайды.

Дегенмен, практикада мұндай шешімдер қабылданады, сол себепті сот әділдігін жүзеге асырушы жоғарғы орган мына жағдайға назар аударды. Қылмыстық іс ҚІЖК-нің 37-бабы бойынша қысқаруы мүмкін. бірақ сотқа бұл шешімнің заңды еместігі туралы шағым түседі. Сот не істеу керек? Бұл сұрақтың жауабы біреу: жәбірленушінің шағымы болмағандықтан тергеушінің істі қысқартуы ондай шағым түскен жағдайда соттың оны қайта қозғауына кедергі болмайды.

Сегізінші негіз, өзінің атынан көрініп тұрғандай, ақтамайтын негіз.

Қылмыстық істі қысқартудың бұл негізі пайда болудан бұрын тергеуші өлген адамның қылмыс жасағандығы, сондай-ақ оның тірі, қылмыстық жауапқа тартылатын, сыбайластарының жоқ екендігі туралы мәліметтер жинақтауға тиіс. Оны

 өлгендігі тиісті куәліктің  көшірмесімен расталады, көшірмені түпнұсқадан тергеушінің өзі түсіреді, оған қолын қояды, өзі жұмыс істейтін мекеменің мөрін басады.

Тоғызыншы - сол негіз бойынша істі қысқарту туралы сот ұйғарымы немесе қаулысы бар адамға қатысты. Бұл негіз ақталушы да, ақтамаушы да болуы мүмкін. Егер соттың қылмыстық істі қысқарту туралы ұйғарымы немесе қаулысы ақтаушы негіздер болғандықтан шығарылса, онда ол ақтаушы деп танылады. Керісінше, егер тергеуші (прокурор, анықтау органы) қабылдаған шешімнің негізіне қабылданған сот ұйғарымы (қаулысы) азаматты ақтамаса, онда тергеушінің (прокурордың, анықтау органының) қаулысының негізі ақтамайтын болады.

Осы негіз бойынша қылмыстық істі қысқарту туралы қаулыда ҚІЖК-нің 37-бабын еске салудан басқа соттың жоғарыда аталған ұйғарымды немесе қаулыны шығарғанда басшылыққа алған мән-жайларына қосымша сілтеме жасаудың қажеті жоқ.

Оныншы негіз - қылмыстық істің жүргізілуін қолына алған сот іс қозғау қажет деп таныған жағдайлардан басқа ретте сол айыптау бойынша істі қысқарту жөнінде анықтау органының, тергеушінің прокурордың ол жайында бұзылмаған қаулысы бар адамға қатысты. Байқалатын бір жағдай – қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулыны заң шығарушы іс бойынша іс жүргізуді болдырмайтын негіз деп танымайды, ал бұл ҚІЖК-нің жобасында өз шешімін тапқан. Мұнда қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы қаулының болуы да іс бойынша іс жүргізуді болдырмайтын мән-жайлар деп танылған.

Қылмыстық істі ҚІЖК-нің 37-бабы бойынша қысқартқандағы сияқты тергеушінің (прокурордың, анықтау органының) алдын ала тергеуді аяқтататын қаулысы ақтаушы да, ақтамаушы да болуы мүмкін. Онда ҚІЖК-нің 37-бабын еске салудан басқа анықтау органына, тергеушіге, прокурорға өз қаулысын шығарғанда басшылыққа алған мән-жайларға қосымша сілтеме жасау керек емес.

ҚІЖК-нің 37-бабында аталған мән-жайлардың ең соңғысы діни қызметкердің тәубе келтіруден өзіне белгілі мән-жайлар бойынша жауап беруден бас тартуы. Қылмыстық істі қысқартудың бұл он бірінші негізі де ҚІЖК-нің жобасында көзделмеген.

Бұл мән-жайдың болуына «Діни сенім бостандығы туралы» Заңның қабылдануы ықпалын тигізді, онда діни қызметкер азаматтың тәубе жасағанынан өзіне белгілі болған мән-жайлар бойынша сұралмайды және кімге болса да түсініктеме беруге міндетті емес. Тәубе келтіру құпиясы заңмен қорғалады. Құқықтың осы күшіндегі нормасына сәйкес тергеуші діни қызметкерді, егер ол қандай да бір дерек тәубе келтіргенде өзіне мәлім болды деп хабарласа, оны жауап беруден бас тартқаны үшін жауапқа тарту емес, одан жауап алуға да құқылы емес. Бұл ереженің бұзылуына кінәлі адам қылмыстық, әкімшілік және басқа да жауаптылыққа тартылады.

Сондықтан да діни қызметкердің тәубе келтіруден өзіне мәлім болған мән-жайлар бойынша жауап беруден бас тартуы заңда бекімін тапқан, ол қылмыстық істі қысқартудың ақтаушы негізі болып табылады. ҚІЖК-нің жобасында келтірілген ережелер күшіне енгеннен кейін діни қызметкердің тәубе келтіруден өзіне мәлім болған мән-жайды хабарлаудан бас тартқаны бойынша істер қылмыстық құрам болмағандықтан қысқарады.

Информация о работе Алдын ала тергеудің аяқталуы