Алдын ала тергеудің аяқталуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2014 в 11:45, доклад

Описание работы

Жұмыстың көкейтестілігі: Дипломдық жұмыстың тақырыбы «Алдын ала тергеудің аяқталуы» болып табылады.
Диплом жұмысының әдістемелік негізін Қазақстан Республикасының заңдары, ережелері, шетелдік және отандық заңгерлердің ғылыми еңбектері, оқулықтар, мерзімді басылымдардың мәліметтері құрайды.
Дипломдық жұмыс кіріспеден 3 тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралған.

Содержание работы

Кіріспе. …………………………………………………………………………... 6

І. АЛТЫН АЛА ТЕРГЕУДІҢ АЯҚТАУЛЫ. АЛДЫН АЛА ТЕРГЕУ ҰҒЫМЫ, ОНЫҢ НЫСАНДАРЫ МЕН КЕЗЕҢДЕРІ
1.1. Алдын ала тергеу ұғымы. ........................................................................ 8
1.2. Алдын ала тергеудің аяқталу институтының жалпы сипаттамасы. .... 11

ІІ. АЙЫПТАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ЖАСАП ТЕРГЕУДІ АЯҚТАУ
2.1. Айыптау қорытындысын ресімдеудің негіздері. .................................. 15
2.2. Қылмыстық істі қысқарту. ...................................................................... 24
2.3. Алдын ала тергеу кезінде түзілетін құжат үлгілері. ............................ 30

Қорытынды. .......................................................................................................... 59
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. ...................................................................... 60

Файлы: 1 файл

Дип.-Алдын-ала-тергеудің-аяқталуы.doc

— 455.00 Кб (Скачать файл)

Жағдайдың өзгеруі - он екінші негіз. Ол ақтамайтын негіз. Жағдайдың өзгеруіне байланысты прокурор, не оның келісімімен тергеуші немесе анықтау органы ҚК-тің 68-бабында көрсетілген негіздер бойынша, ең көп қылмыстық жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын, қасақана немесе абайсыз іс-әрекетті алғаш рет жасаған адамға қатысты қылмыстық істі қысқарта алады, егер:

а) алдын ала тергеу аяқталар кезде, жағдайдың өзгеруіне байланысты, жасалған іс-әрекет өзінің қоғамға қауіптілік сипатын жоғалтса;

б) алдын ала тергеу аяқталар кезде, жағдайдың өзгеруіне байланысты, бұл іс-әрекетті жасаған адам қоғамға қауіпті болудан қалса.

Бұл мән-жайлардың кез келгенін қылмыстық істі қысқартудың қарастырып отырған негізінің өзінше бір тармағы деп тануға болады.

«Жағдайдың өзгеруі» деп қоғамға қауіпті іс-әрекет туралы, немесе оны жасаған адам жайында ұғымды едәуір өзгертетіндей және айыпталушыға қылмыстық жаза қолданбауға мүмкіндік беретіндей, қоғам, адамдар тобы, жәбірленуші немесе айыпталушы өміріндегі өзгерістер. Бұған мысал ретінле Шешенстанды алуға болады. Ондағы соғыс бітіп, халық шаруашылығын қалпына келтіру процесі басталса «жағдай өзгеріп», көптегені қылмыстық істер қысқаруға жатады.

Адам қашан қоғамға қауіпті болудан қалады? Кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адам ондай қылмыс жасауға мүмкіндігі болмайтын не оны түзелген субъект ретінде сипаттайтын басқа жағдайға тап болса, ол қоғамға қауіпті болудан қалады. Ондай адамның суға кеткенді құтқару, өрттен мүлікті құтқару, қылмыскерді ұстау және т.б. сияқты қоғамға пайдалы әрекеттер жасау фактысы оның қоғамға қауіптілік дәрежесінің өзгергендігінің мысалы бола алады. Практикада бұл негіз әскер қатарына шақыру кезінде жиі қолданылады. Бірақ, ұрлауды. тергеу кезінде материалдық жауапты адамды бір қызметтен тура сондай басқа қызметке ауыстыруды мұндай негіздер тобына жатқызуға болмайды.

Бұрын аталып өткендей, қылмыстық істі қысқартқанға дейін, іс-әрекетінде кішігірім немесе орта ауырлықтағы қылмыс құрамы байқалған адамға қылмыстық істі қысқартудың негізі және осы негіз бойынша қысқартуға оның қарсы болу құқығы түсіңдіріледі. Егер ол өзін кінәлі емеспін деп санаса және өзіне қатысты қылмыстық істің ақтаушы немесе қандай да бір басқа негізде қысқаруын қаласа, қылмыстық іс ҚІЖК-нің  37-бабы бойынша қысқартуға жатпайды, ал шығарылып қойған қаулы бұзылуға жатады. Мұндай жағдайда қылмыстық іс айыптау қорытындысымен сотқа жіберіледі.

 

2.3. Алдын ала тергеу кезінде  түзілетін  құжат үлгілері

 

Алдын ала тергеудің аяқталғаны туралы хабарлау және қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған адамның заңды өкіліне және қорғаушысына іс материалларын ұсыну

ХАТТАМАСЫ

Томар қаласы                                                        16 ақпан 1997 жыл.

 

Томар қаласы Ақсай АІІБ-нің тергеу бөлімінің аға тергеушісі аға лейтенант Б.П.Болысбеков ҚІЖК-нің 277-бабы негізінде қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған адамның заңды өкілі - Қоныс Нәметұлы Назаровқа және қорғаушысы Ошақты Сәбенұлы Халықовқа №1234278 қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеудің аяқталғаны туралы хабарладым және оларға істің барлық материалдарымен бірлесіп те, жеке-жеке де танысуға құқылы екендігін түсіндірдім, ол жайында ҚІЖК-нің 141, 142-баптарына сәйкес осы хаттаманы жасадым. Заңды өкіл мен қорғаушы іс материалдарымен бірлесіп танысуды қалады. Заңды өкіл мен қорғаушыға іс материалдары 1 томдағы 78 парақта тігілген және нөмірленген қалыпта ұсынылды.

Заңды өкіл мен қорғаушы көрсетілген материалдармен Томар қаласы Ақсай АІІБ-нің №53 бөлмесінде танысты, және олардың ішінде алдын ала тергеу материалдарын қандай да бір толықтыру жөнінде өтініш жасайтыны бар ма? деген тергеушінің сұрағына іс материалдарымен толық танысқаңдарын, ешқандай толықтыру, арыз, шағым, өтініш жасамайтындықтарын айтты.

Хаттаманы қорғаушы дауыстап оқыды, жазылғаны дұрыс.

 

Заңды өкіл

Қ.Н. Назаров

Қорғаушы

О.С. Халықов

Томар қаласы, Ақсай АІІБ-нің

ТБ-нің аға тергеушісі аға лейтенант

 

Б.П. Бек


 

Алдын ала тергеудің аяқталғанын хабарлау және іс

материалдарын айыпталушы мен қорғаушыға ұсыну

ХАТТАМАСЫ

Томар қаласы                                                              7 қаңтар 1999 жыл.

 

Томар қаласы Ақсай ауданы прокуратурасының тергеушісі 1-сыныпты заңгер А.Л.Мамытов ҚІЖК-нің 201-204-баптары негізінде ҚК-тің 105-бабының 1-бөлігі бойынша айыпталушы Серік Нарынұлы Сәпиевке және оның қорғаушысы — Ошақты Сәбенұлы Халықовқа №192934-9 қылмыстық іс бойынша Тергеудің аяқталғанын және қолда бар мәліметтердің сот отырысын тағайындау үшін жеткілікті екендігін хабарлады. Сонымен қатар А.Л.Мамытов айыпталушы С.Н.Сопиев пен оның қорғаушысы О.С.Халықовқа олардың іс матерналдарымен бірлесіп те, жеке-жеке де танысуға құқылы екендігін түсіндірді, ол жайында ҚІЖК-нің 141, 142-баптарына сәйкес осы хаттама жасалды.

Айыпталушы мен қорғаушы іс материалдарымен бірлесіп танысуды қалады. Айыпталушы мен қорғаушыға танысу үшін іс матсриалдары 1 томдағы 91 парақта, тігілген және нөмірленген қалыпта ұсынылды.

Айыпталушы мен оның қорғаушысы іс материалдарымен Томар қаласының №1 Тергеу изоляторының №3 бөлмесінде танысты, және олардың ішінде алдын ала тергеу материалдарын қандай да бір толықтыру жөнінде өтініш жасайтыны бар ма? деген тергеушінің сұрағына олар қылмыстық іс материалдарымен толық танысып шыққандарын айтқан. Олар сот-психиатриялық сараптама тағайындауды сұрайды, себебі С.Н.Сәпиевтің ми қабы екі рет ауыстырылған, кейде қояншығы ұстайды, сонымен қатар онда бірнеше қатты ми шайқалысы болған. Кейде есін жоғалтады, көзіне әрнәрсе елестейді, сандырақтайды.

 

Айшпталушы

С.Н. Сәпиев

 

Қорғаушы

 

О.С. Халықов

Томар қаласы, Ақсай ауданы

прокуратурасының тергеушісі

1-сыныпты заңгер

 

 

А.Л. Мамытов


 

Алдын ала тергеудің аяқталғанын хабарлау және қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған адамның заңды өкіліне іс материаллярын ұсыну

 

ХАТТАМАСЫ

Томар қаласы                                                              7 наурыз 1 998 жыл.

 

Томар қаласы Ақсай АІІБ-нің тергеу бөлімінің аға тергеушісі аға лейтенант Қ.П.Болысбеков ҚІЖК-нің 277-бабының негізінде қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған адамның заңды өкілі Қоныс Нәметұлы Назаровқа №177489 қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеудің аяқталғандығын хабарлады және оның іс материалдарының барлығымен ҚІЖК-нің 72-бабына сәйкес шақыртылған қорғаушымен бірлесіп те, одан бөлек те танысуға құқығы бар екендігі түсіндірілді, ол жайында ҚІЖК-нің 141, 142-баптарына сәйкес осы хаттама жасалды. Заңды өкіл іс материалдарымен қорғаушыдан бөлек танысуды қалады. Заңды өкілдің танысуына іс материалдары 1 томдағы 172 парақта, тігілген және нөмірленген қалыпта ұсынылды.

Көрсетілген материалдармен заңды өкіл Томар қаласының Ақсай АІІБ-нің №13 бөлмесінде танысты және тергеушінің ол тергеуге қандай да бір толықтыру енгізуді өтіне ме деген сұрағына іс материалдарымен толық танысып шыққанын,толықтыру, арыз, шағым, өтініш жасамайтынын айтқан.

Хаттаманы заңды өкіл оқыды, жазылғаны дұрыс.

 

Заңды өкіл

 

К.Н. Назаров

Томар қаласы, Ақсай АІІБ-нің

ТБ-нің ага тергеушісі аға лейтенант

 

 

К.П. Бтысбехов


 

 

 

Айыпталушы мен оның қорғаушысының өтінішін қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулы

Өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы

 

ҚАУЛЫ

 

Томар қаласы                                                          13 мамыр 1998 жыл.


 

Томар қаласы Ақсай ауданы прокуратурасының тергеушісі 1-сыныпты заңгер А.Л.Мамыров. №3192934-9 қылмыстық істің материалдарын қарап

 

АНЫҚТАДЫМ:

 

1998 жылғы 13 наурызда Томар қаласының Пушкин көшесіндегі №35 үйдің ауласында Серік Нарынұлы Сәпиев А.А.Скорпионовты қасақана өлтірген, С.Н.Сәпиевке ҚК-нің 96-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмысты жасады деп айып тағылған.

Алдын ала тергеу аяқталған бойда іс материалдарымен танысып шығып айыпталушы С.Н.Сәпиевпен оның қорғаушысы С.Н.Сәпиевке қатысты сот-психиатриялық сараптама өткізу туралы өтініш мәлімдеді, олар мына жағдайды негізге алған: айыпталушының ми қабы екі рет ауыстырылған, қояншығы ұстайды, есін жоғалтады, елес көреді, жиі сандырақтайды, оның бірнеше рет миы қатты шайқалған.

Бұл өтініш мына негіздерде қанағаттандырыла алмайды:

- Н.С.Сәпиевті невропатологтар  қарағанда осы аталған психикалық  аурулар байқалмаған;

- істегі дәлелдемелер жиынтығымен  мыналар анықталған: ол бас жарақатын 1980 жылы алған, ал 1986 жылы Томар қаласы Ақсай АҚ-нің дәрігерлік комиссиясы оны Қорғаныс Министрінің 1973 жылғы №185 Бұйрығының 12-бабы бойынша соғыс кездері сапқа тұрмайтын қызметке жарамды деп таныған, яғни онда психикалық ауытқу байқалмаған;

- сонымен қатар, қандай да бір  психикалық ауруға шалдыққан  адамға, психиатрия тарапынан Қорғаныс  Министрінің 1973 жылғы №185 Бұйрышның  С.Н.Сәпиевтің әскери билетінде  көрсетілгендей 12-бабы емес, 1-9 баптары  қолданылады;

- қылмыстық істе Томар облыстық  психиатриялық аурухананың психиатр-сарапшысы В.А.Утаевтің консультациялық қорытындысы бар, онда С.Н.Сәпиев сот-психиатриялық сараптама жүргізуді қажет етпейді делінген. Бұл қорытындының дұрыстығына күдіктенуге алдын ала тергеу органдарында негіз жоқ.

Баяндалғандар негізінде қаулы еттім:

С.Н. Сәпиевке сот-психиатриялық сараптама жүргізу туралы өтінішті қанағаттандырудан бас тартылсын.

Бұл қаулы айыпталушы С.Н.Сәпиев пен оның қорғаушысы О.С.Халықовқа хабарлайсын.

 

Томар қаласы, Ақсай ауданы

прокуратурасының тергеушісі

І-сыныпты заңгер                                                                        А.Л. Мамытов

 

Өтінішті қанағаттандырудан бас тартқандықты хабарлау мақсатында жасалатын құжаттар

 

Томар қаласы №1 Тергеу изоляторының

бастығы ішкі қызмет подполковнигі

Г.А.Григорьевке

13.05.1998 ж.

 

Айыпталушы С.Н.Сопиевтің сот-психиатриялық сараптама жүргізу туралы мәлімдеген өтінішін қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулының көшірмесін жіберемін.

ҚІЖК-нің 276-бабының 3-бөлігіне сәйкес осы қаулыны Томар қаласының №1 Тергеу изоляторында отырған Серік Нарынұлы Сәпиевке хабарлауыңызды өтінемін.

 

Тіркеме бір парақта.

Томар қаласы Ақсай ауданы

прокуратурасының тергеушісі

1-сыныпты заңгер                                                                      А.Л.Мамытов

 

Томар қаласы Ақсай ауданының

Заң консультациясының адвокаты

О.С.Халықовқа

 

Томар қаласы, 480073, Алға көшесі, 67

13.05.1998 ж.

 

ҚІЖК-нің 276-бабының 3-бөлігіне сәйкес, сот-психиатриялық сараптама жүргізу туралы Сіз және Сіздің қорғауыңыздағы С.Н.Сәпиев мәлімдеген өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулының көшірмесін жіберіп отырмын.

Тіркеме бір парақта.

Томар қаласы. Ақсай ауданы

прокуратурасының тергеушісі

1-сыныпты заңгер                                                                    А.Л.Мамытов

 

Айыптау қорытындылары

 

«Бекітемін»

Томар қаласы Ақсай ауданының

прокуроры аға әділет кеңесшісі                              И.А.Мусин

10 тамыз 1998 ж.

№020-2341-98 қылмыстық іс бойынша

 

АЙЫПТАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

 

ҚК-тің 24-бабының 2-бөлігінде,

175-бабында көзделген қылмыстарды

жасады деп Вячеслав Васильевич

Коровинді айыптау бойынша

 

Бұл қылмыстық істі Томар қаласы Ақсай ауданының АІІБ-нің Тергеу бөлімшесі 1998 жылғы 11 маусымда қозғады.

Алдын ала тергеу барысында мыналар анықталды: 1998 жылғы 11 маусымда, сағат 4 шамасында В.В.Коровин бөтеннің мүлкін ұрлау мақсатында Томар қаласының Горький көшесіндегі 49-үйде орналасқан «Құрылыс» ААҚ-ның қоймасына келген. Өзімен бірге алып келген қол араның көмегімен ол қабырғада тесік жасап ішке енген, пайдакүнемдік мақсатта сомасы 21500 теңгелік тауар-материалдық құндылықты ұрлап кетпекші болған. Оны қылмыс жасау орнында полиция қызметкерлері ұстаған. Қойманың қабырғасын тесіп Коровин «Құрылыс» ААҚ-ға жалпы сомасы 1600 теңгелік материалдық зиян келтірген.

Информация о работе Алдын ала тергеудің аяқталуы