Алдын ала тергеудің аяқталуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2014 в 11:45, доклад

Описание работы

Жұмыстың көкейтестілігі: Дипломдық жұмыстың тақырыбы «Алдын ала тергеудің аяқталуы» болып табылады.
Диплом жұмысының әдістемелік негізін Қазақстан Республикасының заңдары, ережелері, шетелдік және отандық заңгерлердің ғылыми еңбектері, оқулықтар, мерзімді басылымдардың мәліметтері құрайды.
Дипломдық жұмыс кіріспеден 3 тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралған.

Содержание работы

Кіріспе. …………………………………………………………………………... 6

І. АЛТЫН АЛА ТЕРГЕУДІҢ АЯҚТАУЛЫ. АЛДЫН АЛА ТЕРГЕУ ҰҒЫМЫ, ОНЫҢ НЫСАНДАРЫ МЕН КЕЗЕҢДЕРІ
1.1. Алдын ала тергеу ұғымы. ........................................................................ 8
1.2. Алдын ала тергеудің аяқталу институтының жалпы сипаттамасы. .... 11

ІІ. АЙЫПТАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ЖАСАП ТЕРГЕУДІ АЯҚТАУ
2.1. Айыптау қорытындысын ресімдеудің негіздері. .................................. 15
2.2. Қылмыстық істі қысқарту. ...................................................................... 24
2.3. Алдын ала тергеу кезінде түзілетін құжат үлгілері. ............................ 30

Қорытынды. .......................................................................................................... 59
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. ...................................................................... 60

Файлы: 1 файл

Дип.-Алдын-ала-тергеудің-аяқталуы.doc

— 455.00 Кб (Скачать файл)

Мотороллердің қатты жылдамдықпен келе жатпағанын басқа да куәлер - Болатов (61-63 і. п.) пен М. Мақсутов (10. 11 і. п.) та көрген.

Соңғысы, сонымен қатар, жолға шығып кеткен әйелді айналып өту үшін Омаровтың оңға қарай алғанын да көрген. Мотороллер жақындап қалғанда Сәлімова оны көріп артқа қашқан, сүйтіп доңғалақтың астына түскен. Омаров тежегішті басқан.

Оқиға орнын қарау хаттамасы бойынша мотороллердің тежелген жолы 2,5 м; жол жиегінен 2 м қашықтықта, жолдың көлік жүретін бөлігінде және қиылыстан 9 м қашықтықта қан дақтары бар. Куәлер Г.Гасанов пен Н.П.Алмашеваның (64-69 і. п.) көрсетулерін тексеру кезінде жәбірленушінің осында жатқандығы анықталған.

Жүргізілген екі тергеу эксперименті (22-24, 69-71 і. п.) тек Н.П.Алмашеваның көрсеткендеріне сүйеніп-ақ Сәлімова мен мотороллердің арасы, жәбірленуші жолға шыққан кезде 15 м-ден аз болғандығын анықтаған. Басқа куәлердің жауаптарына қарағанда бұл қашықтық одан да аз болған.

Жүргізілген сот-автотехникалық сараптаманың нәтижелері бойынша бұл мотороллердің осы жағдайдағы тоқтайтын жолы 18x22 м-ге тең (31-36 і. п.), ал бұдан біз мотороллер жүргізуші Омаровта Сәлімова жолға шыққан бойда оны басып кетпеу үшін тежегішті қосқан күнде де оны болдырмауға техникалық мүмкіндіктер болмағанын көреміз.

Сәлімованың денсаулығына келген зиянның ауырлығы мен өлімнің себебі сот-медициналық сараптаманың қорытындысында көрініс тапқан (27-28 і. п.). Жоғарыда баяндалғандарды ескеріп және бұл жол-көлік оқиғасының Г.И.Сәлімованың Жол қозғалысы ережесінің 3.3,-3.5,-3.6-тармақтарын бұзғаны себепті болғанын назарға алып, ҚІЖК-нің 5-бабының 2-бөлігін, 269-бабының 1-бөлігін, 270-бабын басшылыққа алып

 

ҚАУЛЫ  ЕТТІМ:

 

1.  Аз. Г.И.Сәлімованың қаза болуы фактісі бойынша қозғалған №4535 қылмыстық іс Ю.А.Омаровтың әрекеттерінде қылмыстық құрам болмағандықтан қысқартылсын.

2. Қабылданған шешім туралы мүдделі адамдар хабарлансын.

3. Қаулының көшірмесі Ақтас облысының прокурорына жіберілсін.

 

Ақтас облысы ІІБ-ның тергеу

басқармасының тергеушісі

әділет лейтенанты                                                                 А.П.Манаев

"Келісемін"

Томар қаласы Ақсай ауданның

прокуроры әділет кеңесшісі                                                И.Ғ. Конанов

 

25 желтоқсан 1998 ж.

 

Қылмыстық істің бөлігін қысқарту туралы

ҚАУЛЬІ

 

Томар қаласы                                                      24 желтоқсан 1998 жыл

 

Томар қаласы Ақсай АІІБ-ның тергеу бөлімшесінің тергеушісі әділет лейтенанты А.П.Вернер, С.В.Можарды ҚК-нің 327-бабының 1 және 3-бөліктерінде көзделген қылмыстарды жасады деп айыптайтын №45435 қылмыстық істің материалдарын қарап

 

АНЬІҚТАДЫМ:

 

Можар Наталья Николаевна, 01.01.1963 жылы туылған, ҚР азаматшасы, орыс, бұрын сотталмаған, асырауында 10 жасар қызы бар, 1997 жылғы май айының аяғында өзінің күйеуі С.В.Можардың өтінішімен, оның дәлелді себептерсіз жұмысқа шықпағаны үшін ЕтЗК-нің 33-бабының 4-тармағы бойынша әскери комендатурадан жұмыстан шығарылған фактісін жасыру мақсатында, оның атына басқа, жаңа еңбек кітапшасын толтырған, жоғарғы жағына «Түпнұсқа» деп жазған. Келесі бетіне ол 13.03.1992 жылғы №23 бұйрықпен ол 15-03.1992 жылдан бастап қалалық көлік басқармасына 2-сыныпты жүргізуші ретінде қабылданды деп жазған. Одан кейінгі жазуларды түсіруі үшін кітапшаны ол күйеуіне берген. Еңбек кітапшасы толық толтырылғаннан кейін оны С.В.Можар жүргізуші ретінде №152 геодезиялық партияға жұмысқа тұруға пайдаланған.

Өз әрекетімен Н.Н.Можар ҚК-нің 327-бабының 1-6өлігінде көзделген қылмысты (пайдалануға құқық беретін жалған ресми құжаттар жасау) жасаған, оны жасағандық үшін санкцияда бостандықты үш жылға дейінгі мерзімге шектеу, не төрт айдан алты айға дейінгі мерзімге қамауға алу, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген.

Баяндалағандарды ескеріп 20-бабына сәйкес, ҚІЖК-нің 37-бабын, 269-бабының 1-бөлігінің 1-тармағын және 270-бабын басшылыққа алып

 

ҚАУЛЫ  ЕТТІМ:

 

1. Наталья Николаевна Можарға қатысты қылмыстық ізге түсу рахымшылық актісінің болуына байланысты қысқартылсын.

2.  Қабылданған шешім туралы  мүдделі адамдар хабарлансын.

3. Қаулының көшірмесі Ақтас облысының  прокурорына жіберілсін.

 

Томар қаласы Ақсай АІІБ-нің тергеу

бөлімшесінің тергеушісі әділет лейтенанты                                А.П. Вернер

 

Қылмыстық істің бөлігін қысқарту туралы

ҚАУЛЫ

 

Томар қаласы                                                           17 шілде 1998 жыл

Ақтас облысы ІІБ-ның тергеу басқармасының тергеушісі әділет лейтенанты А.П. Мақсатов, С.Б.Қостаевты ҚК-тің 222-бабының 1-бөлігі және 228-бабының 1-бөлігінде көздеген қылмысты жасады деп айыптау жөніндегі №45435 қылмыстық іс материалдарын қарап,

 

 

АНЫҚТАДЫМ:

 

С.Б. Қостаев 1998 жылы 25 сәуірде екі мәрте есірткі затын: Шираевтен - 25 гр., Зауырбековтен — 43,5 гр гашиш сатып алған. Осыған байланысты 1998 жылы 26 сәуірде оның пәтерінде тінту жүргізілді, тінту барысында басқа заттармен және мүліктермен қоса одан ВАЗ-2106 маркалы автомашинаның қосалқы бөлшектері алынды.

Алдын ала тергеу жүргізу және жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыру процесінде Томар қаласы мен Ақтас облысы аумағында С.Б.Қостаевтыңн көлік құралын ұрлап айдап кетуге және оны бөлшектеуге қандай да бір қатысы бар екендігін анықтауға мүмкіндік болмады.

Баяндалғандарды ескеріп, ҚІЖК-тің 269-бабының 2-бөлігін және 270-бабын басшылыққа алып,

 

ҚАУЛЫ ЕТТІМ:

 

1.  С.Б.Қостаевтың Томар қаласы мен Ақтас облысы аумағында көлік құралын ұрлап айдап кетуге және бөлшектеуге қатысуымен байланысты оған қатысты қылмыстық ізге түсу, оның қылмыс жасауға қатысқандығы дәлелденбегендіктен қысқартылсын.

2. Қабылданған шешім туралы мүдделі  адамдар хабарлансын.

3. Алынған қосалқы бөлшектер  айыпталушының туыстарына қайтарылсын.

4. Қаулының көшірмесі Ақтас облысының  прокурорына жіберілсін.

 

Ақтас облысы ІІБ-ның тергеу

басқармасының тергеушісі

әділет лейтенанты                                                                А.Л.Манаев

 

Медициналық сипаттағы мәжбурлеу шараларын қолдану туралы мәселені қарауы үшін істі сотқа жіберу туралы қаулы

 

«Келісемін»

Томар қаласы Ақсай ауданының

прокуроры аға әділет кеңесшісі                             

Л.Ж. Дәулетов

29 маусым 1998 ж.

 

Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселені қарауы үшін істі сотқа жіберу туралы

ҚАУЛЫ

 

Томар қаласы                                                        27 маусым 1998 жыл.

Томар қаласы Ақсай АІІБ-ның тергеу бөлімшесінің аға тергеушісі аға әділет лейтенанты В.П.Бек, №123489 қылмыстық істің материалдарын қарап

 

АНЫҚТАДЫМ:

 

1998 жылы 20 мамыр күні Томар қаласының  Май көшесінде, 19 сағат 35 минут шамасында аз. Ниязова Мария Әлиқызы, қоғамдық тәртіпті және кәсіпорындар мен ұйымдардың қалыпты жұмысын өрескел бұзып, еш себепсіз, бұзақылық пиғылмен Томар қаласының Май көшесіндегі 20 үйде орналасқан Томар қаласы Ақсай ауданы әлеуметтік қорғау комитетінің терезесіне тас лақтырып екі қабат терезені сындырған, 600 теңге сомасында материалдық зиян келтірген.

Май көшесінің бойымен ары қарай жүріп отырып, 19 сағат 45 минутта қоғамдық тәртіпті және кәсіпорындар мен ұйымдардың қалыпты жұмысын өрескел бұзып, еш себепсіз, бұзақылық пиғылмен Томар қаласы Май көшесі 16 үйде орналасқан "Тұскиіз" ААҚ ғимаратының терезесін таспен атып сындырған, 3000 теңге мөлшерінде материалдық зиян келтірген.

19 сағат 50 минутта М.Ә. Ниязова қоғамдық  тәртіпті және кәсіпорындар мен ұйымдардың қалыпты жұмысын өрескел бұзып, еш себепсіз, бұзақылық пиғылмен Томар қаласы Май көшесі 16 үйде орналасқан Көрме залының терезесін тас лақтырып сындырған, 15 000 теңге мөлшерінде материалдық зиян келтірген.

Май көшесінің бойымен жүріп отырып сағат 20-лар шамасында, қоғамдық тәртіпті және кәсіпорындар мен ұйымдардың қалыпты жұмысын өрескел бұзып, еш себепсіз, бұзақылық пиғылмен Май көшесі 14 үйде орналасқан "Октябрь" кинотеатрының тағы екі терезесін сындырған, 60000 теңге материалдық зиян келтірген.

Тағы да осы үйде М.Ә.Ниязова қоғамдық тәртіпті және кәсіпорындар мен ұйымдардың қалыпты жұмысын өрескел бұзып, еш себепсіз, бұзақылық пиғылмен "Оскар" фирмасының Сән салонының әйнегін сындырған, жалпы сомасы 18 000 теңге материалдық зиян келтірген.

Өз әрекеттерімен Мария Әлиқызы Ниязова жоғарыда аталған ұйымдарға жалпы сомасы 94 600 теңгелік материалдық зиян келтірген, оның бұл әрекеттерінде ҚК-тің 167-бабының 1-бөлігінде, 213-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстардың белгісі байқалады.

М.Ә.Ниязованың қоғамға қауіпті іс-әрекеттер жасаған фактісі мына дәлелдемелермен расталынады:

"Октябрь" кинотеатрында бақылаушы  болып істейтін куә Зинаида  Ивановна Хусаинова былай деп  көрсеткен: 1998 жылы 20 мамырда, сағат 20-лар  шамасында ол өзінің жұмыс орнында болған, сол кинотеатрдың ішінде тұрып ол Кеңес көшесі жағынан келе жатқан әйелді байқаған, оның үстінде қара жолақты ұзын сары плащ болған. Хусаинова ол әйелдің тас лақтырғанын көрген, сынған әйнектің дыбысын естіген, ал әйел аялдама жаққа қарай қашқан, оның артыңан кинотеатр қызметкері Ақыш Зейнуллаев қуып кеткен, өзі осы кезде полиция шақырған (14-15 і-п.).

Ақыш Зейнуллаев былай деп көрсеткен:

1998 жылы 20 мамырда ол кинотеатрда  өзінің қызметтік міндетін атқарып жүрген. Сағат 20-лар шамасында, ол кассаның жанында тұрғанда, сынған әйнектің дауысын естіген. Не болғанын білу үшін сыртқа жүгіріп шыққанда аялдамаға қарай бара жатқан әйелді көрген, оның қолында тасы болған. Ол таспен аялдамада тұрған киоскінің әйнегін сындырамын деп сындыра алмаған. Зейнуллаев әйелді жетектеп кинотеатрға алып келген, осы кезде полицейлер де келіп жеткен (16-17 і. п.).

"Оскар" фирмасы Сән салонының  директоры Нағима Майлина былай  деп көрсеткен: 1998 жылы 20 мамырда  салонды жапқан кезде әйнектер  сау болатын. 21 мамыр күні сағат 10-да оны үй сыпырушы шақыртып алған. Сағат 12 шамасында салонға келгенде терезе әйнектерінің сынық екенін көрген (5-6 і. п.).

Томар қаласы Ақсай ауданы Әлеуметтік қорғау комитетінің шаруашылық бөлімінің меңгерушісі Субко Мария Ивановна былай деп көрсеткен: 1998 жылы 21 мамырда Май көшесіндегі 20 үйге жақындай беріп Әлеуметтік қорғау комитетінің терезелерінің біріндегі қос қабат әйнектердің біреуінің сынық екенін байқаған. Сол кабинеттің еденінде кірпіш жатқан (29 і. п.).

"Тұскиіз" ААҚ-ның күзетшісі Асхат Баянұлы Орынбеков мынадай көрсетулер берген: 1998 жылы 20 мамыр күні, сағат 20-лар шамасында ол "Тұскиіз" ААҚ-ның ғимаратының ішінде болған. Бір кезде сыртқы терезенің сынған дыбысын естіген. Ішкі терезеден сығалап қарағанда "Октябрь" кинотеатрына қарай кетіп бара жатқан әйелді көрген, үстінде ұзын сары киімі болған (38 і. п,).

Көрме залының директоры Кононов Сергей Александрович 1998 жылы 20 мамырда, 20 сағат 20 минут шамасында өзін күзетшілердің әйнектің сынуына байланысты шақыртып алғанын айтқан (23 і. п.).

М.Ә.Ниязованың қоғамға қауіпті іс-әрекет жасағандығын тағы да мыналар растайды:

оқиға болған жерді мына мекен-жайлар бойынша қарау хаттамалары:

Томар қаласы Май көшесі 16 үйі "Тұскиіз" ААҚ-ы ғимараты, қарау барысында кіре берістің оң жағындағы әйнектің сынғандығы анықталған. Сынған алаңның көлемі 0,3 шаршы метр. Жерде көптеген бөтелке сынықтары жатыр (3-4 і. п.).

Томар қаласы Май көшесі 14 үйдегі "Октябрь" кинотеатры, кинотеатрға Май көшесі жағынан кіретін есіктің сол жағындағы екінші терезенің сынғандығы анықталған, сынған жердің көлемі 0,5 шаршы метр. Терезенің ішкі жағында жұдырықтай қойтас жатыр (10-11 і.п.).

- Томар қаласы Май көшесі 16 үйде  орналасқан Көрме залының ғимараты, онда көрмеге кіре берістегі  оң жақтағы әйнек сынған, төңірегінде бөтелке сынықтары, сондай-ақ гранит тас сынығы жатыр (21 і. п.).

- Томар қаласы Май көшесі 20 үйде  орналасқан Томар қаласы Ақсай  ауданының әлеуметтік қорғау  комитетінің ғимаратын қарағанда  кіре берістегі сол жақтағы  әйнектің сынғандығы анықталған. Сынған жердің көлемі 0,4 ш.м. Еденде қызыл түсті тас жатыр (27 і.п.).

- Томар қаласы Май көшесі 16 үйде  орналасқан Көрме залы. Кіретін  есіктін сол жағындағы үшінші  әйнек сынған. Сынған жердің көлемі 0,15 ш.м. Көрме залының үшбұрышты  тас жатыр (33 і, п.).

М.Ә.Ниязова неше қайтара психиатриялық ауруханада емделгендіктен оған амбулаториялық сот-психиатриялық сараптама тағайындалған болатын.

Сарапшылардың қорытындысы бойынша М.Ә.Ниязова өзіне таңылған іс-әрекеттерге қатысты есуас болып табылады. Психикалық жағдайына қарағанда ол жай бақыланатын психиатриялық ауруханада мәжбүрлеп емдеуді қажет етеді (51 і.п.).

ҚК-тің 21-бабына сәйкес Мария Әлиқызы Ниязова қылмыстық жауапқа тартуға жатпайды, дегенмен, М.Ә.Ниязова жасаған іс-әрекеттің өзінің сипаты жағынан қоғамға қауіпті екендігін және оның осындай ауру қалпында бостандықта жүруі осы сипаттағы іс-әрекет жасауға әкелуі мүмкін екеңдігін ескеріп, ҚІЖК-нің   514-бабының 2-бөлігін басшылыққа алып, қаулы еттім:

Информация о работе Алдын ала тергеудің аяқталуы