Азаматтық құқықтық реттеудің пәні және әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2014 в 22:11, реферат

Описание работы

Азаматтық құқық пәні бұл – өзі реттейтін қоғамдық қатынастар. Бұл қатынастар былайша бөлінеді:
Мүліктік қатынастар, яғни материалдық игілік жағынан адамдар арасындағы қатынастар.
Жеке мүліктік емес қатынастар- адамдар арасында қалыптасатын бейматериалдық игіліктер жағынан және экономикалық мазмұны жоқ қатынастар.

Файлы: 1 файл

Азаматтық құқықтық реттеудің пәні және әдістемесі.docx

— 229.38 Кб (Скачать файл)

2. Берiлген күнi көрсетiлмеген сенiмхат  жарамсыз болады. 

Сенімнің ауысуы. 169-бап. Сенiм ауысуы

1. Сенiм бiлдiрiлген  адам өзiне уәкiлдiк берiлген  әрекеттi өзi жасауға тиiс. Алған сенiмхат  бойынша сенiм ауыстыруға уәкiлдiк  берiлген не сенiм бiлдiрушiнiң  мүдделерiн қорғауға мәжбүр болған  ретте ғана ол осы әрекеттердi жасау сенiмiн басқа адамға  аудара алады.

2. Сенiм бiлдiрiлген  адамның өз өкiлеттiгiн басқа  адамға беруi жөнiндегi сенiмхатты, осы  Кодекстiң 167-бабының 4-тармағында көзделгеннен басқа реттерде, нотариат куәландыруға тиiс.

3. Сенiм ауыстыру  жөнiнде берiлген сенiмхаттың қолданылу  мерзiмi ол негiзге алынып берiлген  алғашқы сенiмхаттың қолданылу  мерзiмiнен аспауы керек.

4. Өз өкiлеттiгiн  басқа бiреуге берген сенiм  бiлдiрiлген адам бұл жөнiнде  сенiм бiлдiрушiнi дереу хабардар  етуге және оған әлгi адам туралы, оның тұрғылықты жерi туралы қажеттi мәлiметтердi хабарлауға тиiс. Бұл  мiндеттiң орындалмауынан, сенiм бiлдiрiлген  адамға нақ өз әрекеттерi үшiн  жауапкершiлiк жүктелетiнi сияқты, өз  өкiлеттiгiн берген адамның әрекеттерi үшiн де жауапкершiлiк жүктеледi.  

Сенімхаттың тоқтауы. 170-бап. Сенiмхаттың тоқтатылуы

1. Сенiмхаттың  қолданылуы:

1) сенiмхат  мерзiмiнiң өтуi;

2) сенiмхатта  көзделген әрекеттердiң жүзеге  асуы;

3) сенiмхатты  берушi адамның оның күшiн жоюы;

4) сенiмхат  берiлген адамның одан бас тартуы;

5) өз атынан  сенiмхат берген заңды тұлғаның  тоқтатылуы;

6) атына сенiмхат  берiлген заңды тұлғаның таратылуы;

7) сенiмхат  берген адамның қайтыс болуы, оның әрекет қабiлеттiгi жоқ, әрекет  қабiлеттiгi шектеулi немесе хабар-ошарсыз  кеттi деп танылуы;

8) сенiмхат  берiлген азаматтың қайтыс болуы, оның әрекет қабiлеттiгi жоқ, әрекет  қабiлеттiгi шектеулi немесе хабар-ошарсыз  кеттi деп танылуы салдарынан  тоқтатылады.

2. Сенiмхатты  берген адам сенiмхаттың немесе  сенiм ауысуының күшiн кез келген  уақытта жоя алады, ал сенiмхат  берiлген адам одан бас тарта  алады. Бұл құқықтан бас тарту  туралы келiсiм жарамсыз болады.  

 

28)Азаматтық құқықта мерізім ұғымы, түрлері және оны есептеу.  

172-бап. Мерзiм белгiлеу

1. Заңдармен, мәмiлемен белгiленген не сот  тағайындайтын мерзiм күнтiзбелiк  күнмен немесе сөзсiз болуға  тиiстi оқиға көрсетiлiп белгiленедi.

2. Мерзiм жылдармен, айлармен, апталармен, күндермен немесе  сағаттармен есептелетiн уақыт  кезеңi ретiнде де белгiленуi мүмкiн.  

Мерізімнің басталуы, бітуі және соңғы күні жасаудың ерекшелігі. 175-бап. Мерзiмнiң жұмыс iстемейтiн күнде аяқталуы

Егер мерзiмнiң соңғы күнi жұмыс iстемейтiн күнге тура келсе содан кейiнгi ең таяу жұмыс күнi мерзiмнiң аяқталған күнi болып саналады.  

176-бап. Мерзiмнiң соңғы күнiнде әрекет жасау тәртiбi

1. Егер мерзiм  қандай да бiр әрекет жасауға  белгiленген болса, ол әрекет мерзiмнiң  соңғы күнiндегi сағат жиырма төртке  дейiн орындалуы мүмкiн.

Алайда, егер бұл әрекет ұйымда жасалуға тиiс болса, онда мерзiм осы ұйымда белгiленген ережелер бойынша тиiстi операциялар тоқтатылған сағатта бiтедi.

2. Мерзiмнiң  соңғы күнiндегi сағат жиырма төртке  дейiн почтаға, телеграфқа немесе  өзге де байланыс мекемесiне  тапсырылған жазбаша мәлiмдемелер  мен хабарламалар мерзiмiнде жасалған  болып саналады.

  Талап мерізімі ұғымы, маңызы және түрлері. 177-бап. Талап қою ұғымы

1. Талаптың  ескiруi - адам құқығының немесе  заңмен қорғалатын мүдденiң бұзылуынан  туындайтын талаптың қанағаттандырылуы  мүмкiн болатын уақыт кезеңi.

2. Талап  қою мерзiмдерi және оларды есептеу  тәртiбi заңмен көзделедi және оларды  тараптардың келiсуiмен өзгертуге  болмайды. 178-бап. Талап қою мерзiмдерi

1. Талап қоюдың  жалпы мерзiмi үш жыл болып белгiленедi.

2. Талаптардың  жекелеген түрлерi үшiн заң құжаттарымен  талап қоюдың жалпы мерзiммен  салыстырғанда қысқартылған немесе  неғұрлым ұзақ арнаулы мерзiмдерi белгiленуi мүмкiн.

3. Осы Кодекстiң 177, 179-186-баптарының ережелерi, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, талап қоюдың арнаулы мерзiмдерiне де қолданылады.  

179-бап. Талап қоюдың қолданылуы

1. Талап қою  мерзiмiнiң өтiп кетуiне қарамастан  бұзылған құқықты қорғау туралы  талапты сот өз қарауына алады.

2. Талап мерзiмiн  сот шешiм шығарғанға дейiн  дауда тарап жасаған мәлiмдеме  бойынша ғана сот қолданады.

3. Талап қойғанға  дейiн талап қою мерзiмiнiң өтiп  кетуi соттың талаптан бас тарту  туралы шешiм шығаруына негiз  болады.

Басты талап бойынша талап қою мерзiмiнiң бiтуiне байланысты қосымша талаптар (айыптарды өндiрiп алу, кепiлдiк берушiнiң жауапкершiлiгi және т.б. туралы) бойынша да талап қою мерзiмi бiтедi.  

181-бап. Мiндеттемедегi адамдар өзгерген кездегi талап қою мерзiмi

Мiндеттемедегi адамдардың өзгеруi талап қою мерзiмi мен оны есептеу тәртiбiн өзгертуге әкелiп соқтырмайды.

182-бап. Талап қою мерзiмiнiң өтуiн тоқтата тұру

1. Талап қою  мерзiмiнiң өтуi:

1) егер талап  қоюға төтенше және бұл жағдайда  болмай қоймайтын оқиға (бой бермейтiн  күш) кедергi жасаса;

2) мiндеттемелердiң  бұл түрiн орындау Қазақстан  Республикасы Президентiнiң жариялауымен  кейiнге қалдырылуына байланысты (мораторий):

3) егер талапкер  немесе жауапкер соғыс жағдайына  көшiрiлген әскери бөлiмшелер құрамында  болса;

4) егер әрекет  қабiлеттiгi жоқ адамның заңды  өкiлi болмаса;

5) тиiстi қатынасты  реттейтiн заңдардың қолданылуын  тоқтатуға байланысты тоқтатыла  тұрады.

Азаматтың өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянның орнын толтыру туралы талаптар бойынша талап қою мерзiмiнiң өтуi азаматтың зейнетақы төлемдерiн тағайындау және/немесе жүзеге асыру туралы немесе жәрдемақы тағайындау туралы тиiстi ұйымдарға жолдануына байланысты зейнетақы төлемдерi тағайындалғанға және/немесе жүзеге асырылғанға немесе жәрдемақы тағайындалғанға не зейнетақы төлемдерiн тағайындаудан және/немесе жүзеге асырудан немесе жәрдемақы тағайындаудан бас тартылғанға дейiн тоқтатыла тұрады.

2. Талап қою  мерзiмiнiң өтуi, егер осы бапта  көрсетiлген мән-жайлар талап  мерзiмiнiң соңғы алты айы iшiнде  пайда болса немесе бұрынғысынша  қала берсе тоқтатыла тұрады, ал егер бұл мерзiм алты айдан  аспаса - талап мерзiмiнiң өтуi кезiнде  тоқтатыла тұрады.

3. Тоқтата  тұруға әкелiп соқтырған мән-жайлар  тоқтатылған күннен бастап талап  қою мерзiмiнiң өтуi одан әрi жалғасады. Бұл орайда мерзiмнiң қалған  бөлiгi алты айға дейiн, ал егер  талап қою мерзiмi алты айдан  аспаса - талап мерзiмiне дейiн  ұзартылады. 

183-бап. Талап қою мерзiмiнiң өтуiндегi үзiлiс

1. Талап қою  мерзiмiнiң өтуi белгiленген тәртiппен  талап қою, сондай-ақ мiндеткер  адамның борышты немесе өзге  мiндеттердi мойындағандығын дәлелдейтiн  әрекеттер жасауы арқылы үзiледi.

2. Үзiлiстен  кейiн талап қою мерзiмiнiң өтуi қайтадан басталады; үзiлiске дейiн  өткен уақыт жаңа мерзiмге есептелмейдi.  

184-бап. Талапты қараусыз қалдырған ретте талап қою мерзiмiнiң өтуi

1. Егер талапты  сот қараусыз қалдырса, талап  қойылғанға дейiн басталған талап  қою мерзiмi жалпы тәртiппен одан  әрi жалғаса бередi.

2. Егер сот  қылмыстық iсте қойылған талапты  қараусыз қалдырса, талап қоюға  дейiн басталған талап қою мерзiмiнiң  өтуi талапты қараусыз қалдырған  үкiм заңды күшiне енгiзiлгенге  дейiн тоқтатыла тұрады. Мерзiмi тоқтатыла  тұрған кездегi уақыт талап қою  мерзiмiне есептелмейдi. Бұл орайда, егер мерзiмнiң қалған бөлiгi алты  айдан аз болса, ол алты айға  дейiн ұзартылады. 

Талап мерізімі қолданылмайтын талаптар. 187-бап. Талап қою қолданылмайтын талаптар

Талап қою:

1) заң құжаттарында  көзделгеннен басқа реттерде  материалдық емес игiлiктер мен  мүлiктiк емес өзiндiк құқықтарды  қорғау туралы талаптарға;

2) салымшылардың  банкiге банктiк салымдарды беру  туралы талаптарына;

3) азаматтың  өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген  зиянның орнын толтыру туралы  талаптарға қолданылмайды. Алайда, талап қою мерзiмi өтiп кеткеннен  кейiн қойылған талаптар талап  қойыла бастаған соң үш жылдан  асырмай қанағаттандырылады;

4) егер меншiк  иесiнiң немесе өзге заң иеленушiнiң  өз құқығының кез келген бұзылуы  иелiктен айыруға байланысты болмаса (осы Кодекстiң 264, 265-баптары), олардың осы құқық бұзушылықты жою туралы талабына;

5) заң құжаттарында  белгiленген реттерде басқа талаптарға  да қолданылмайды. 

 

29)Талап мерізімінің тоқтауы және қалпына келтіру. 180-бап. Талап қою мерзiмiнiң өтуi

1. Талап қою  мерзiмiнiң өтуi адам құқық бұзушылық  туралы бiлген немесе бiлуге  тиiс болған күннен басталады. Оларды бұл ережеден айыру  осы Кодекспен және өзге де  заң құжаттарымен белгiленедi.

2. Белгiленген  орындау мерзiмiне байланысты  мiндеттемелер бойынша талап қою  мерзiмiнiң өтуi орындалу мерзiмi аяқталғаннан  кейiн басталады.

3. Орындалу  мерзiмi белгiленбеген не талап  ету кезiмен белгiленген мiндеттемелер  бойынша талап қою мерзiмiнiң  өтуi мiндеттеменi орындау туралы  талап қойылған кезден басталады, ал егер борышқорға сондай  талаптарды орындау үшiн жеңiлдiк  мерзiмi берiлсе, талап мерзiмiн есептеу  аталған мерзiм аяқталғаннан кейiн  басталады (осы Кодекстiң 277-бабының 2-тармағы).

4. Регрестiк  мiндеттемелер бойынша талап мерзiмiнiң  өтуi негiзгi мiндеттеменi орындау кезiнен  басталады. 

185-бап. Талап қою мерзiмiн қалпына келтiру

1. Ерекше  жағдайларда, талапкердiң жеке басына  байланысты мән-жайлар (ауыр науқас, дәрменсiз халде болу, сауатсыздық  және т.б.) бойынша талап қою  мерзiмi өтiп кетуiнiң себебiн сот  орынды деп таныған кезде, азаматтың  бұзылған құқығы қорғалуға тиiс. Талап қою мерзiмiнiң өтiп кету  себептерi орынды болып, егер ол  талап мерзiмiнiң соңғы алты  ай iшiнде орын алған болса, ал  егер бұл мерзiм алты айға  тең немесе алты айдан аз  болса - талап мерзiмiнiң өтуi кезiнде  танылады.

2. Белгiлi бiр iс бойынша сот шешiмiн орындаудан  бас тартылуына байланысты заң  құжаттарына сәйкес талапкердiң  тап сол iс бойынша жаңа талап  қою құқығы пайда болған ретте  талап қою мерзiмi қалпына келтiрiледi және қайтадан өте бастайды. 

186-бап. Талап қою мерзiмi бiткеннен кейiн мiндеттердi атқару

Талап қою мерзiмi бiткеннен кейiн мiндетiн атқарған борышқордың немесе өзге мiндеттi адамның тiптi сол мiндеттi атқарған кезiнде талап мерзiмiнiң өтiп кеткенiн бiлмесе де, аталған адамның өзi атқарған нәрсесiн қайтаруды талап етуге құқығы жоқ.

Меншік құқығы ұғымы және мазмұны. 188-бап. Меншiк құқығы ұғымы және оның мазмұны

1. Меншiк құқығы  дегенiмiз субъектiнiң заң құжаттары  арқылы танылатын және қорғалатын  өзiне тиесiлi мүлiктi өз қалауынша  иелену, пайдалану және оған билiк  ету құқығы.

Меншiк құқығы мәмiле жасалған кезде болған барлық жүктемелерiмен басқа адамға берiледi.

2. Меншiк иесiнiң  өз мүлкiн иелену, пайдалану және  оған билiк ету құқығы болады.

Иелену құқығы дегенiмiз мүлiктi iс жүзiнде иеленудi жүзеге асыруды заң жүзiнде қамтамасыз ету.

Пайдалану құқығы дегенiмiз мүлiктен оның пайдалы табиғи қасиеттерiн алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзiнде қамтамасыз етiлуi. Пайда кiрiс, өсiм, жемiс, төл алу және өзге нысандарында болуы мүмкiн.

Билiк ету құқығы дегенiмiз мүлiктiң заң жүзiндегi тағдырын белгiлеудiң заңмен қамтамасыз етiлуi.

3. Меншiк иесi өзiне тиесiлi мүлiкке қатысты өз  қалауы бойынша кез келген  әрекеттер жасауға, соның iшiнде бұл  мүлiктi басқа адамдардың меншiгiне  берiп, иелiгiнен шығаруға, өзi меншiк  иесi болып қала отырып, оларға  мүлiктi иелену, пайдалану және оған  билiк ету жөнiндегi өз өкiлеттiгiн  тапсыруға, мүлiктi кепiлге беруге  және оған басқа да әдiстермен  ауыртпалық түсiруге, оларға өзгеше  түрде билiк етуге құқылы.

4. Меншiк иесiнiң  өз өкiлеттiгiн жүзеге асыруы  басқа тұлғалар мен мемлекеттiң  құқықтарын және заңмен қорғалатын  мүдделерiн бұзбауға тиiс. Құқықтар  мен заңды мүдделердi бұзушылық  басқа нысандарымен қатар, меншiк  иесiнiң өзiнiң монополиялық және  өзге де басымдық жағдайын  пайдаланып қиянат жасауынан  көрiнуi мүмкiн.

Меншiк иесi өз құқықтарын жүзеге асырған кезде азаматтардың денсаулығы мен айналадағы ортаға келтiрiлуi мүмкiн зардаптарға жол бермеу шараларын қолдануға мiндеттi.

5. Меншiк құқығының  мерзiмi шексiз. Мүлiкке меншiк құқығы  осы Кодексте көзделген негiздер бойынша ғана ықтиярсыз тоқтатылуы мүмкiн.

6. Заң құжаттарында  көзделген реттерде, жағдайлар мен  шектерде меншiк иесi өз мүлкiн  басқа адамдардың шектеулi түрде  пайдалануына жол беруге мiндеттi.

Мүліктің кездейсоқ жойылу қаупі. 190-бап. Мүлiктiң кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүлiну қаупi

1. Иелiктен  айырылған заттардың кездейсоқ  жойылу немесе кездейсоқ бүлiну  қаупi, егер заң құжаттарында немесе  шартта өзгеше белгiленбесе, сатып  алушыда меншiк құқығы пайда  болумен бiр мезгiлде соған  көшедi.

Информация о работе Азаматтық құқықтық реттеудің пәні және әдістемесі