Азаматтық құқықтық реттеудің пәні және әдістемесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2014 в 22:11, реферат

Описание работы

Азаматтық құқық пәні бұл – өзі реттейтін қоғамдық қатынастар. Бұл қатынастар былайша бөлінеді:
Мүліктік қатынастар, яғни материалдық игілік жағынан адамдар арасындағы қатынастар.
Жеке мүліктік емес қатынастар- адамдар арасында қалыптасатын бейматериалдық игіліктер жағынан және экономикалық мазмұны жоқ қатынастар.

Файлы: 1 файл

Азаматтық құқықтық реттеудің пәні және әдістемесі.docx

— 229.38 Кб (Скачать файл)

Басқа тасталған заттар, егер осы адамның арызы бойынша оларды сот иесiз деп таныса, оларды иеленуге кiрiскен тұлғаның меншiгiне кiредi. 

 

 34)Заңсыз құрылыс. 244-бап. Өз бетiмен салынған құрылыс

1. Заңдарда  белгiленген тәртiппен осындай  мақсаттарға арнап бөлiнбеген  жер учаскесiнде салынған, сондай-ақ  қажеттi рұқсат алынбай салынған  тұрғын үй, басқа қора-қопсы, құрылыс, немесе өзге де қозғалмайтын  мүлiк өз бетiмен салынған құрылыс  болып табылады.

2. Өз бетiмен  құрылыс салуды жүзеге асырған  адам оған меншiк құқығын алмайды. Оның құрылысқа билiк етуге - сатуға, сыйға тартуға, жалға беруге, басқа  да мәмiлелер жасауға - құқығы  жоқ.

Өз бетiмен салынған құрылыс, осы баптың 3 және 4-тармақтарында көзделгеннен басқа реттерде, оны жүзеге асырған адамның есебiнен бұзылуға тиiс.

3. Өзiне тиесiлi емес жер учаскесiне құрылысты  жүзеге асырған адамға бұл  учаске салынған құрылысты орналастыру  үшiн осы адамға белгiленген  тәртiп бойынша берiлген жағдайда  ғана өз бетiмен салынған құрылысқа  меншiк құқығы танылады.

Сот сондай-ақ құрылыс салынған жер учаскесi өзiнiң заңды пайдалануында болған адамның өз бетiмен салынған құрылысқа меншiк құқығын тануы мүмкiн. Бұл ретте құрылысқа меншiк құқығы танылған адам оны жүзеге асырған адамды сот белгiлеген мөлшерде құрылысқа жұмсаған шығындарын өтейдi.

Егер құрылысты сақтап қалу басқа адамдардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн бұзуға әкелiп соқтырса не азаматтардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiретiн болса, аталған адамдардың өз бетiмен салынған құрылысқа меншiк құқығын тануға болмайды.

4. Ерекше  жағдайларда әлеуметтiк-экономикалық  тиiмдiлiгi ескерiле отырып, өз бетiнше  салынған құрылыс сот белгiлеген  мөлшерде құрылыс шығындары өтелiп, коммуналдық меншiкке берiлуi мүмкiн.

Көмбе. 247-бап. Көмбе

1. Көмбе, яғни  жерге көмiлген немесе басқа  әдiспен жасырылған, меншiк иесiн  анықтау мүмкiн болмайтын не  заңдарға сәйкес оларға құқығынан  айрылған ақша немесе өзге  де бағалы заттар көмбе жасырылған  жер учаскесi иесiнiң немесе қозғалмайтын  затты меншiктенушiнiң және көмбенi тапқан адамның, егер олардың  арасындағы шартта өзгеше белгiленбесе, меншiгiне тең мөлшерде түседi.

Көмбе жасырылған жер учаскесiн пайдаланушының немесе қозғалмайтын мүлiктi меншiктенушiнiң келiсiмiнсiз қазған немесе бағалы заттар iздестiрген адам көмбенi тауып алған жағдайда көмбе сол меншiк иесiне берiлуге тиiс.

2. Тарих және  мәдениет ескерткiштерiне жататын  заттардан тұратын көмбе табылған  ретте олар Қазақстан Республикасының  меншiгiне берiлуге тиiс. Бұл орайда  ондай көмбе табылған жер учаскесiн  пайдаланушы немесе қозғалмайтын  мүлiктi меншiктенушi және көмбенi тапқан  адам осы көмбе құнының елу  процентi мөлшерiнде сыйақы алуға  құқылы. Сыйақы бұл адамдар арасында  осы баптың 1-тармағында көзделген  ережелер қолданыла отырып бөлiнедi.

Иесіз жануарлар. 246-бап. Қараусыз жануарлар

1. Қараусыз  немесе қаңғып жүрген малды  және басқа да үй жануарларын  немесе қолға үйретiлген жануарларды  ұстап алған адам оларды меншiк  иесiне қайтаруға, ал егер оның  өзi немесе тұрған жерi белгiсiз  болса, осындай жануарларды ұстаған  кезден бастап үш күннен кешiктiрмей  табылған жануарлар туралы iшкi iстер  органдарына немесе қаладағы  аудан, облыстық, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмiнiң аппаратына мәлiмдеуге мiндеттi, олар меншiк иесiн iздестiру шараларын қолданады.

Жануарлардың меншiк иесiн iздестiру кезеңiнде жануарларды ұстаушы адам оларды өзiнiң бағуында және пайдалануында қалдыруы, не ол бағу мен пайдалану үшiн қажеттi жағдайы бар басқа адамға тапсырылуы мүмкiн. Жануарларды ұстап алған адамның өтiнiшi бойынша оларды бағу мен пайдалану үшiн қажеттi жағдайы бар адамды iздеп табуды және оларға жануарларды берудi қаладағы аудан, облыстық, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмiнiң аппараты жүзеге асырады.

2. Жануарларды  ұстап алған адам және олар  бағуы мен пайдалануына берiлген  адам жануарлардың өлiм-жiтiмi мен iске жарамай қалғаны үшiн бұған  кiнәсi болған кезде ғана және  сол жануарлардың құны мөлшерiнде  жауапты болады.

3. Егер жұмыс  малы мен iрi қараны ұстап алғаны  туралы мәлiмделген кезден бастап  алты ай iшiнде және басқа үй  жануарлары жөнiнде - екi ай iшiнде  олардың меншiк иесi табылмаса  және оларға өзiнiң құқығы туралы  мәлiмдемесе, бұл жануарларға меншiк  құқығы жануарларды баққан және  пайдаланған адамға көшедi.

Бұл адам бағуында болған жануарларды меншiгiне алудан бас тартқан жағдайда олар коммуналдық меншiкке түседi және тиiстi қаладағы аудан, облыстық, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмiнiң аппараты белгiлейтiн тәртiп бойынша пайдаланылады.

4. Жануарларды  меншiк иесiне қайтарған ретте  жануарларды ұстап алған адам  және жануарларды бағып, пайдаланып  келген адам сол меншiк иесiнен  жануарларды пайдаланудан алынған  пайданы есепке жатқыза отырып, оларды бағуға байланысты өз  шығындарына өтем алуға құқылы.

5. Қараусыз  немесе қаңғып жүрген малды  және басқа да үй жануарларын  немесе қолға үйретiлген жануарларды  ұстап алған адам олардың меншiк  иесiнен осы Кодекстiң 245-бабының 6-тармағына сәйкес сыйақы төлеудi талап етуге құқылы.

6. Жануарлар  басқа адамның меншiгiне көшкеннен  кейiн олардың бұрынғы меншiк  иесi келген ретте сол жануарлардың  өзiне үйiрсектiгi сақталғанын немесе  жаңа меншiк иесiнiң оларға қатал  не өзгедей мейiрiмсiз қарағанын  дәлелдейтiн жағдайлар болған  кезде меншiк иесi жаңа меншiк  иесiмен келiсiм бойынша белгiленетiн  шарттармен, ал келiсiмге келмеген  кезде - сот арқылы оларды өзiне  қайтарып берудi талап етуге құқылы.

Меншік құқығының туындау және тоқтау негіздері. 235-бап. Меншiк құқығына ие болу негiздерi

1. Егер шартта  немесе заңдарда өзгеше көзделмесе, жаңа затқа меншiк құқығы оны  дайындаған немесе жасаған тұлғаға  тиедi.

Мүлiктi пайдалану нәтижесiнде алынған жемiстерге, өнiмге, табысқа меншiк құқығы осы Кодекстiң 123-бабына сәйкес алынады.

2. Меншiк иесi бар мүлiкке меншiк құқығына  басқа адам сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту немесе осы мүлiктi иелiктен айыру туралы өзге  мәмiленiң негiзiнде ие болуы  мүмкiн.

Азамат қайтыс болған ретте оған тиесiлi мүлiкке меншiк құқығы өсиетке немесе заңға сәйкес мұрагерлiк бойынша басқа адамдарға көшедi.

Заңды тұлға қайта ұйымдастырылған ретте оған тиесiлi мүлiкке меншiк құқығы қайта құрылған заңды тұлғаның құқықты мирасқорларына заңды тұлғаларға көшедi (осы Кодекстiң 46-бабы).

Меншiк иесiнiң мүлкiн меншiк иесiнiң еркiнен тыс басқа тұлғаға беруге осы Кодексте көзделгеннен басқа реттерде жол берiлмейдi.

3. Осы Кодексте  көзделген реттер мен тәртiп  бойынша тұлға меншiк иесi жоқ  мүлiкке, меншiк иесi белгiсiз мүлiкке, не меншiк иесi бас тартқан немесе  өзге негiздер бойынша ол меншiк  құқығын жоғалтқан мүлiкке меншiк  құқығын алу мүмкiн.

4. Тұтыну (тұрғын  үй, тұрғын үй-құрылыс, саяжай, гараж  немесе өзге) кооперативiнiң мүшелерi, жарна жинақтауға құқығы бар, пәтер, саяжай, гараж және кооператив  осы адамдардың пайдалануына  берген өзге де үй-жай үшiн  өзiнiң үлестiк жарнасын толық  төлеген басқа да адамдар аталған  мүлiктiң меншiк құқығына ие  болады.

 249-бап. Меншiк құқығының тоқтатылу негiздерi

1. Меншiк құқығы  меншiк иесi өз мүлкiн басқа  адамдарға берген, меншiк иесi меншiк  құқығынан бас тартқан, мүлiк қираған  немесе жойылған және заң құжаттарында  көзделген өзге де реттерде  мүлiкке меншiк құқығынан айрылған  жағдайда тоқтатылады.

2. Мүлiктi меншiк  иесiнен ықтиярсыз алып қоюға  жол берiлмейдi, бұған мына реттер:

1) меншiк иесiнiң  мiндеттемелерi бойынша мүлiкке өндiрiлiп  алынған ақы айналымға түскен;

2) заң құжаттарына  сәйкес белгiлi бiр адамға тиесiлi бола алмайтын мүлiктi ықтиярсыз  иелiктен айырған;

3) реквизицияланған;

4) тәркiлеген;

5) жер учаскесiн  алып қоюға байланысты қозғалмайтын  мүлiктi иелiктен айырған;

5) күтiмсiз  ұсталған мәдени немесе тарихи  қазыналар сатып алынған реттер;

7) осы Кодексте  көзделген өзге де реттер кiрмейдi.

3. Мемлекеттік меншіктегі мүлік:

1) азаматтар мен заңды тұлғаларға жекешелендіру туралы заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда, шарттарда және тәртіппен;

2) мемлекеттік меншік объектілерін заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын төлеуге (қалыптастыруға немесе ұлғайтуға) беру арқылы;

3) Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген өзге де жағдайларда иеліктен шығарылып, жеке меншікке беріледі.

3-1. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тек мемлекеттік меншікте ғана болатын мүлік, сондай-ақ мемлекеттік меншіктегі және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес иеліктен шығаруға жатпайтын мүлік иеліктен шығару объектісі бола алмайды.

4. Азаматтар  мен заңды тұлғалардың жеке  меншiгiндегi мүлiктi мемлекеттiк меншiкке  айналдыру туралы Қазақстан Республикасының  Заңы қабылданған ретте (ұлт меншiгiне  алу) осы Кодекстiң 266-бабында белгiленген тәртiп бойынша оларға шығындары өтеледi.  

 

 35)Меншік және өзгеде заттық құқықтардың қорғалуы. 265-бап. Меншiк иесi емес адамның заттық құқықтарын қорғау

Меншiк иесi болмағанымен, шаруашылық жүргiзу, оралымды басқару, тұрақты жер пайдалану құқығымен не заң құжаттарында немесе шартта көзделген өзге де негiзбен мүлiктi иеленушiнiң де осы Кодекстiң 259-264-баптарында көзделген құқықтары болады. Бұл адамның өз иелiгiн меншiк иесiнен де қорғауға құқығы бар.

Виндикациялық және негаторлық талап ұғымдары. Егер меншік құқығы бұзылса немесе бұзылуы мүмкін болса онда меншік иесі өз құқығын қорғауға жүгінеді. Меншік құқығы екі жолмен бұзылуы мүмкін: меншік иесінё өз мүлкін қолдануына және иелік етуіне кедергі жасау. Бірінші жағдайда, меншік иесі құқық бұзушыға бөтен біреудің иелік етуінен өз мүлкін алу туралы виндикациялық талап кояды. Екінші жағдайда, меншік иесі өз мүлкін қолдануға және иелік етуге тосқауыл болатын заңсыз кедергілерді жою туралы заң бұзушыға негаторлық талап қояды.

Виндикациялық талапқа сай меншік иесі өз мүлкін бөтен біреудің заңсыз иелік етуіне қарсы талап қоя алады. Виндикациялық талап қойылғанда, мүліктің жаңа иесінің (иеленуші) адал немесе адал емес екендігі анықталады. Егер мүлікті иеленуші мүліктің заңсыз алынғанын білмесе және білуге мүмкіндігі болмаса, онда ол адам адал деп есептелінеді. Керісінше, егер мүлікті иеленуші мүліктің заңсыз алынғанын білсе жәнө білуге тиісті болса, онда ол адам адал емес деп есептелінеді. Негаторлық талап— бұл мүлік иесінің үшінші тұлғаға меншік құқығын дұрыс жүзеге асыруға кедергі жасайтын бөгеттерді жою туралы талабы. Егер виндикациялық талап қойылған кезде талап қоюшы жауап берушінің заңсыз иелігіндегі затқа иелік етпесе, негаторлық талапта талап қоюшы өз мүлкіне иелік етеді, бірақ та жауап беруші өзінің құқыққа қарсы мінез- құлқымен талап қоюшыға өзінің меншік құқығын дұрыс жүзеге асыруға кедергі жасайды. Талап қоюшының талабы өзінің меншік құқығын дұрыс жүзеге асыруына жауап беруінің құқыққа қарсы мінез- құлқы мен кедергі жасамауына ғана емес, сонымен қатар, құқық бұзушылықтың салдарын жоюға, яғни шығындарды қайтаруды талап етуге бағытталған. Бұл талапқа талап ету мерзімі қолданылмайды.

    • Сонымен, меншік құқығы — белгілі бір тұлғаның заңмен танылған өзіне тиесілі мүлкін өз қалауынша, өз мүддесіне саи кез келген шаруашылыққа пайдалану құқығы.

Құқықтық жағдайларына байланысты елімізде меншік: мемлекеттік және жеке меншік деген нысандарға бөлінген. Мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың меншігі жеке, ал мемлекеттің меншігіндегі мүліктер, т.б, мемлекеттік меншік болып табылады. Елімізде нарықтық қатынастар меншік түрлерінің ер алуандығыи қажет етеді. Сондықтан да елімізде мемлекеттік меншікті жеке меншікке айналдыру үшін жекешелендіру жүргізілуде.[1]

Міндеттеме ұғымы және түрлері. 269-бап. Мiндеттеме тараптары

2. Мiндеттемеде  оның әр тарабы - несие берушi немесе  борышқор ретiнде бiр мезгiлде  бiрнеше адам қатыса алады. Мұндай  реттерде осы Кодексте белгiленген  ережелерге сәйкес үлестi, ынтымақты  немесе жәрдем берушiлiк мiндеттеме  пайда болады (осы Кодекстiң 286-288-баптары).

Борышқор жағынан мiндеттемеге қатысушы адамдардың бiрiне несие берушi қойған талаптардың жарамсыз болуы, сол сияқты мұндай адамға қойылатын талап бойынша талап қою мерзiмiнiң өтiп кетуi несие берушiнiң өзге да осындай адамдарға қоятын талаптарына өздiгiнен әсер етпейдi.

3. Егер мiндеттемеге  сәйкес тараптардың әрқайсысы  басқа тараптың пайдасына мiндет  алса, бұл оның пайдасына жасауға  мiндеттi басқа тараптың борышқоры  және сонымен бiрге оған талап  қоюға құқығы бар оның несие  берушiсi болып есептеледi.

 Бірлескен, үлесті, сусидиарлы және регресті  талаптар. 288-бап. Субсидиялық мiндеттеменi орындау

Негiзгi борышқор несие берушiнiң мiндеттеменi орындау туралы талабын қанағаттандырмаған жағдайда бұл талап орындалмаған бөлiгiнде басқа борышқорға (субсидиялық борышқорға) мәлiмдеуi мүмкiн екендiгi заң құжаттарында немесе несие берушi мен борышқордың арасындағы мiндеттеме ережелерiнде көзделуi мүмкiн.  

289-бап. Регрестiк талаптар

1. Басқа адамның  мiндеттемесiн орындаған борышқор  орындалған мiндеттеме мөлшерiнде  сол адамға керi талап (регресс) қоюға  құқылы.

Үшiншi адамның әрекеттерi салдарынан мiндеттеменi орындамаған борышқор осы адамнан залалдарын талап етуге құқылы.

2. Ортақтасқан  мiндеттеменi орындаған борышқор  қалған борышқорлардың әрқайсысына  оның өзiне тиесiлi үлесiн шегерiп, тең үлеспен керi талап қоюға  құқылы.

Борышқорлардың бiреуi ортақтасқан мiндеттi орындаған борышқорға төлемегенi осы борышқорға және қалған борышқорларға тең үлесте түседi.

Информация о работе Азаматтық құқықтық реттеудің пәні және әдістемесі