Қазақстан Республикасында президенттік институттың қалыптасу кезеңдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Мая 2013 в 22:56, курсовая работа

Описание работы

Өзін нақты мемлекетке ауыстырған СОКП шексіз өкілетті СССР сияқты үлкен мемлекеттердің сыртқы және ішкі қызметтерінің барлық сипаттамаларын анықтады, ол мақсатына және қатаң өз шарттарын күштеп таңу орталығының міндетін өзіне тәуелді етті. Қоғамдық өмірдің барлық сферасында таралған бұл өкілеттілік қазақ ССР мемлекетінің егемендігі басқа одақтық республика сияқты тең, кеңестік кезеңінде шынында үстірт болғандығын көрсетеді және дәлелдейді. Қазақстандық зерттеушілер қалай әділетті белгілейді: «...Республика ішкі саяси өмірде ешқандай құқық болған жоқ, толығымен СССР-ға тәуелді болды. Ол өзінің байлығын, экономикалық ресурстарын қолдануына құқығы болмады – барлық құқық экономиканы басқару бойынша СССР жүргізуде қолданылды». Берілген мәселені талдауда осындай тұжырымдаманы белгілі Қазақстандық заңгер Сапарғалиев Г.С. шығарды: «...Қазақ ССР егемендігі тек әлеуетті жағдайында ғана болды. Біртұтас мемлекет деп мойындаған болашақта СССР одағы құрамында болатын Қазақ ССР барлық белгілері мен егемендік құрылымы бар болса да, ерікті тәуелсіз болған жоқ»

Содержание работы

КІРІСПЕ...................................................................................................................4

1 МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ПРЕЗИДЕНТТІК ҮЛГІСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІСІ....................................................................................9
1.1 Басқарудың республикалық үлгісінің тарихы мен түсінігі...........................9
1.2 Президенттік республиканың ерекшелігі.....................................................10
1.3 Қазақстан Республикасында президенттік институттың қалыптасуының құқықтық алғышарты............................................................................................15
1.4 Қазақстанда басқарманың президенттік үлгісі.............................................19

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ СТАТУСЫ..............................................................................................................30
2.1 Қазақстан Республикасында президенттік институттың қалыптасу кезеңдері.................................................................................................................30
2.2 ҚР Президентінің құқықтық жағдайы...........................................................39
2.3 Президентті таңдаудың тәртібі және оны қызметтен босату......................45
2.4 Президент Әкімшілігі және басқа органдар.................................................47

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІ МЕН ПРЕЗИДЕНТТІҢ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ....................................................................58

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................64

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................

Файлы: 1 файл

КР ПРЕЗИДЕНТ дип.doc

— 519.50 Кб (Скачать файл)

Республика Президентінің  өкілеттігі жаңадан сайланған Республика Президенті қызметіне кіріскен кезден бастап, сондай-ақ Президент қызметінен мерзімінен бұрын босатылған немесе кетірілген не ол қайтыс болған жағдайда тоқтатылады. Республиканың бұрынғы Президенттерінің бәрінің, қызметінен кетірілгендерден басқасының, Қазақстан Республикасының экс-Президенті деген атағы болады.

Бір адам қатарынан екі  реттен артық Республика Президенті болып сайлана алмайды.Бұл шектеу Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне қолданылмайды. 

Қазақстан Республикасының Президенті науқастануына байланысты өзінің міндеттерін жүзеге асыруға қабілетсіздігі дендеген жағдайда қызметінен мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін (Қазақстан Республикасының Конституциясы 47 б.). Бұл ретте Парламент әр Палата депутаттарының тең санынан және медицинаның тиісті салаларының мамандарынан тұратын комиссия құрады. Мерзімінен бұрын босату туралы шешім Парламент Палаталарының бірлескен отырысында комиссияның қорытындысымен белгіленген конституциялық рәсімдердің сақталғаны туралы Конституциялық Кеңес қорытындысы негізінде әр Палата депутаттары жалпы санының кемінде төрттен үшінің көпшілігімен қабылданады.

Республиканың Президенті өзінің міндеттерін атқару кезіндегі  іс-әрекеті үшін тек қана мемлекетке опасыздық жасаған жағдайда жауап  береді және бұл үшін Парламент оны қызметінен кетіруі мүмкін. Айып тағу және оны тексеру туралы шешім Мәжіліс депутаттарының кемінде үштен бірінің бастамасы бойынша депутаттардың жалпы санының көпшілігімен қабылдануы мүмкін. Тағылған айыпты тексеруді Сенат ұйымдастырады және оның нәтижелері Сенат депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен Парламент Палаталары бірлескен отырысының қарауына беріледі. Бұл мәселе бойынша түпкілікті шешім айып тағудың негізділігі туралы Жоғарғы Сот қорытындысы және белгіленген конституциялық рәсімдердің сақталғаны туралы Конституциялық Кеңестің қорытындысы болған жағдайда әр Палата депутаттары жалпы санының кемінде төрттен үшінің көпшілік даусымен Парламент Палаталарының бірлескен отырысында қабылданады. Айып тағылған кезден бастап екі ай ішінде түпкілікті шешім қабылдамау Республика Президентіне қарсы тағылған айыптың күші жойылған деп тануға әкеп соғады. Республиканың Президентіне мемлекетке опасыздық жасады деп тағылған айыптың қабылданбауы оның қай кезеңінде де осы мәселенің қаралуына себепші болған Мәжіліс депутаттарының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкеп соғады.

Республика Президентін  қызметінен кетіру туралы мәселе ол Республика Парламентінің немесе Парламент Мәжілісінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату жөнінде мәселе қарап жатқан кезде қозғалмайды13

Қазақстан Республикасының  Президенті қызметінен мерзімінен бұрын  босаған немесе кетірілген, сондай-ақ қайтыс болған жағдайда Республика Президентінің  өкілеттігі қалған мерзімге Парламент Сенатының Төрағасына көшеді; Сенат Төрағасының өзіне Президент өкілеттігін қабылдауы мүмкін болмаған ретте ол Парламент Мәжілісінің Төрағасына көшеді; Мәжіліс Төрағасының өзіне Президент өкілеттігін қабылдауы мүмкін болмаған ретте ол Республиканың Премьер-Министріне көшеді. Өзіне Республика Президентінің өкілеттігін қабылдаған тұлға тиісінше Сенат Төрағасының, Мәжіліс Төрағасының немесе Премьер-Министрдің өкілет-тігін тапсырады. Бұл жағдайда бос тұрған мемлекеттік лауазымдарды иелену Конституцияда көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Коституциясының 48 бабының 1-тармағында көзделген негіздерде және тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін өзіне қабылдаған тұлғаның Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар туралы бастамашылық жасауға құқығы жоқ .

 

 

2.4 Президент Әкімшілігі және басқа органдар

 

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Қазақстан  Республикасының Президенті құратын, оған тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган болып табылады. Әкімшілік пен оның қызметкерлері өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы  Президентінің актілерін, осы Ережені, сондай-ақ өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады. Әкімшілік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өзінің атауы жазылған мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ банктерде шоттары, соның ішінде валюталық шоттары болады. Әкімшіліктің құрылымы мен штат санын Президент айқындайды. Әкімшіліктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. 

 Президент Әкімшіліктің  миссиясы Президенттің қызметін  ақпараттық-талдамалық, құқықтық, хаттамалық-ұйымдастырушылық, құжаттамалық және өзгедей қамтамасыз ету болып табылады.

Президент әкімшілігінің негізгі міндеттері:

1) Президенттің мына  салалардағы:

- сыртқы саясаты;

- әлеуметтік-экономикалық және ішкі саясаттың өзге де бағыттарындағы;

- қорғаныс қабілеттілігі мен мемлекеттің қауіпсіздігі;

- құқықтық саясат, заңдылық пен құқық тәртібі;

- кадр саясаты;

- Қазақстан Республикасы Парламентіне қатысты;

- Қазақстан Республикасы Үкіметіне және орталық атқарушы органдарға қатысты;

- Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесіне қатысты;

- соттар мен судьяларға қатысты;

- Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына қатысты;

- жергілікті өкілді және атқарушы органдарға, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдеріне қатысты және өңірлік саясат саласында;

өзіне тікелей бағынатын  және есеп беретін мемлекеттік органдарға қатысты;

2) Қазақстан Республикасы  Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан халқы Ассамблеясының,  Жоғары Сот Кеңесінің және Президент жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін қамтамасыз ету;

3)  Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген және (немесе) Президент айқындайтын  өзге де міндеттер болып табылады. 

Президенттің сыртқы саясат саласындағы  өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету үшін Әкімшілік мынадай функцияларды орындайды: 

1) әлемдік даму процестеріне, сондай-ақ халықаралық қатынастардың  өзекті проблемаларына мониторинг, талдау мен болжам жасауды, Президентке оның сыртқы саясаттағы өкілеттіктерін іске асыру жөнінде ұсынымдар тұжырымдауды   жүзеге асырады;

2) Президент қатысатын  халықаралық іс-шаралардың мазмұндық бөлігін ұйымдастыруды жүзеге асырады;

3)   Президенттің шет елдердің мемлекеттік органдарымен және олардың лауазымды тұлғаларымен, шетелдің саяси және қоғам қайраткерлерімен, халықаралық және шетелдік ұйымдармен өзара   іс-қимылын қамтамасыз етеді;

4) Президентке:

- сыртқы саясаттың негізгі бағыттары,  шетел мемлекеттерімен саяси және экономикалық ынтымақтастықты жетілдіру және шетелдерде Қазақстан Республикасының беделін нығайтту жөнінде;

- халықаралық ұйымдардың шешімдерін іске асыру;

- Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, олардың қолданысын тоқтата тұру және тоқтату мәселелері жөніндегі ұсыныстар енгізеді.

11. Президенттің  әлеуметтік-экономикалық және ішкі саясаттың өзге де бағыттары саласындағы өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету үшін Әкімшілік мынадай функцияларды орындайды: 

1) Президентке:

мемлекеттің  әлеуметтік-экономикалық және өзге де ішкі сасясатын, оның ішінде  мемлекеттік жастар және ақпарат саясатын, білім, ғылым, денсаулық сақтау, көші-қон, демография, мәдениет, тіл саясаты мен спорт саласындағы саясатты, қазақстандық отансүйгіштік тұжырымдамасын қалыптастыру мен жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

елдегі ішкі саяси  тұрақтылықты, оның ішінде ұлтаралық  және конфессияаралық қатынастар мәселелерінде  қамтамасыз ету;

2) елдегі экономикалық  және әлеуметтік-экономикалық ахуалдың  дамуы процестеріне мониторинг, талдау және болжам жасау процестерін жүзеге асырады;

3) азаматтық қоғам  институттарымен өзара іс-қимылды  қамтамасыз етеді.

12. Президенттің мемлекеттің  қорғаныс қабілеттілігі мен қауіпсіздігі  саласындағы өкілеттіктерін іске  асыруын қамтамасыз ету үшін Әкімшілік мынадай функцияларды орындайды:

1) Президентке елдің  әскери саясатының, мемлекеттің  қорғаныс қабілеттілігі мен ұлттық  қауіпсіздігі, жұмылдыру мен жұмылдыру  дайындығы саласындағы саясаттың  негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар  енгізеді;

2) Президенттің Қазақстан  Республикасы азаматтарын мерзімді  әскери қызметке шақыру және  мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді  запасқа шығару туралы шешім  қабылдауы кезіндегі қызметін  қамтамасыз етеді;

3) Қазақстан Республикасы  Қарулы Күштерінің,  басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардың ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметіне мониторингті, оны үйлестіру мен бақылауды жүзеге асырады.

13. Президенттің  құқықтық саясат, заңдылық пен құқық тәртібі саласындағы өкілеттіктерін іске асыруын қамтамасыз ету үшін Әкімшілік мынадай функцияларды орындайды:

1) Президентке:

- құқықтық саясаттың негізгі бағыттары мен оны жетілдіру жөнінде;

- құқықтық реттеу тетіктерінің тиімділігін арттыру жөнінде;

- заңдылықты нығайту және құқық тәртібін қамтамасыз ету жөнінде;

- Парламенттің заңнамалық құзыретіне кірмейтін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген Үкіметтің және басқа да мемлекеттік органдардың құзыретіне жатпайтын мәселелерді оның жарлықтарымен құқықтық реттеу туралы.

2) тиісті кезеңге арналған  Қазақстан Республикасының заңдылықты  және құқықтық тәртіпті қамтамасыз  ету, құқықтық саясаты саласындағы  мемлекеттің бағдарламалық құжаттарын  әзірлеу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.

Президенттің  кадр саясаты саласындағы өкілеттіктерін іске асыруын қамтамасыз ету үшін Әкімшілік мынадай функцияларды орындайды:

1) Президентке Қазақстан  Республикасындағы кадр саясаты  жөнінде ұсыныстар енгізеді;

2) Президенттің кадр  саясатын іске асыруы жөнінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын үйлестіреді және қызметіне бақылау жасайды;

3) мемлекеттік саяси  қызметшілердің кадр резервін  қалыптастыру жөніндегі қызметін  үйлестіреді;

4) Президент тағайындайтын  және онымен келісілетін лауазымды  адамдардың мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты мәселелерді шешуді ұйымдастырады, олардың жеке істерін жүргізеді.

15. Президенттің  Парламентке қатысты өкілеттіктерін іске асыруын қамтамасыз ету үшін Әкімшілік мынадай функцияларды орындайды:

1)  Президенттің заң шығарушылық бастамашылығы құқығын іске асыру мақсатында заңнамалық актілер жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады, оларға құқықтық және өзге де сараптама жүргізіп, әзірлейді, олардың Парламент Мәжілісіне   енгізілуін қамтамасыз етеді және оларға Парламентте өкілдік етеді;

2) Президентке:

заңдар жобаларының  басымдылығын айқындау, Парламенттің  оларды қарауын шұғыл деп жариялау  жөнінде;

Парламент палаталарының  бірлескен немесе бөлек отырыстарына қатысуы жөнінде;

Президенттің Парламент, партиялық фракциялар басшылығымен және депутаттық топтармен, Парламенттің жекелеген депутаттарымен кездесуін өткізу бойынша  ұсыныстар енгізеді;

3) Президентке қол  қоюға енгізілетін Қазақстан  Республикасы заңдарына құқықтық  және өзге де сараптаманы жүзеге  асырады;

4) Президенттің шешімі бойынша қайталап талқылап, дауыс беру үшін заңдарды немесе олардың жекелеген баптарын Парламентке қайтаруды қамтамасыз етеді;

5) Парламенте Президент  мүддесін, соның ішінде қол қоюға  ұсынылған заңдарға қарсылықтар  бойынша Парламенте Президенттің  ұстанымын білдіреді;

6) Парламенттегі заңнамалық  үдерістің жай-күйі және олар  қарайтын мәселелер туралы Президентті  тұрақты хабардар етіп отырады,  Президенттің заңдар жобалары  бойынша ұстанымын түсіндіреді.

16. Үкімет пен орталық  атқарушы органдарға қатысты  Президент өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету үшін Әкімшілік мынадай функцияларды орындайды:

1) белгіленген тәртіппен  орталық атқарушы органдар қызметінің  тиімділігін бағалауды ұйымдастырып, өткізуді қамтамасыз етеді;

2) Президентке:

Үкіметтің құрылымына кіретін орталық атқарушы органдар жүйесін жетілдіру туралы;

Парламент Мәжілісіне заң  жобасын енгізу туралы Үкіметке тапсырмалар  беру туралы;

Қазақстан Республикасының  Конституциясы мен заңдарында белгіленгеннен басқа, соған сәйкес Үкіметке атқарушы функциялар жүктелетін актілер шығару туралы;

Информация о работе Қазақстан Республикасында президенттік институттың қалыптасу кезеңдері