Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Мая 2013 в 22:56, курсовая работа
Өзін нақты мемлекетке ауыстырған СОКП шексіз өкілетті СССР сияқты үлкен мемлекеттердің сыртқы және ішкі қызметтерінің барлық сипаттамаларын анықтады, ол мақсатына және қатаң өз шарттарын күштеп таңу орталығының міндетін өзіне тәуелді етті. Қоғамдық өмірдің барлық сферасында таралған бұл өкілеттілік қазақ ССР мемлекетінің егемендігі басқа одақтық республика сияқты тең, кеңестік кезеңінде шынында үстірт болғандығын көрсетеді және дәлелдейді. Қазақстандық зерттеушілер қалай әділетті белгілейді: «...Республика ішкі саяси өмірде ешқандай құқық болған жоқ, толығымен СССР-ға тәуелді болды. Ол өзінің байлығын, экономикалық ресурстарын қолдануына құқығы болмады – барлық құқық экономиканы басқару бойынша СССР жүргізуде қолданылды». Берілген мәселені талдауда осындай тұжырымдаманы белгілі Қазақстандық заңгер Сапарғалиев Г.С. шығарды: «...Қазақ ССР егемендігі тек әлеуетті жағдайында ғана болды. Біртұтас мемлекет деп мойындаған болашақта СССР одағы құрамында болатын Қазақ ССР барлық белгілері мен егемендік құрылымы бар болса да, ерікті тәуелсіз болған жоқ»
КІРІСПЕ...................................................................................................................4
1 МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ПРЕЗИДЕНТТІК ҮЛГІСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІСІ....................................................................................9
1.1 Басқарудың республикалық үлгісінің тарихы мен түсінігі...........................9
1.2 Президенттік республиканың ерекшелігі.....................................................10
1.3 Қазақстан Республикасында президенттік институттың қалыптасуының құқықтық алғышарты............................................................................................15
1.4 Қазақстанда басқарманың президенттік үлгісі.............................................19
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ СТАТУСЫ..............................................................................................................30
2.1 Қазақстан Республикасында президенттік институттың қалыптасу кезеңдері.................................................................................................................30
2.2 ҚР Президентінің құқықтық жағдайы...........................................................39
2.3 Президентті таңдаудың тәртібі және оны қызметтен босату......................45
2.4 Президент Әкімшілігі және басқа органдар.................................................47
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІ МЕН ПРЕЗИДЕНТТІҢ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ....................................................................58
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................64
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................
1.4 Қазақстанда басқарудың президенттік үлгісі
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, кез келген дамыған мемлекеттің негізін және мемлекеттілігін қалыптастыруда саяси көшбасшының алатын рөлі зор. Өйткені қиын-қыстау кезеңінде көшбасшылар тұрақтылықтың кепілі ретінде ерекше мәнге ие болады және қайта құрулар мен өзгерістердің бастаушысы болып табылады. Сонымен қатар ол идеяларды, бағдарламаны ұсынып қана қоймайды, оны жүзеге асырудың тетіктерін де көрсетеді. Н.Ә. Назарбаевтың озық әрі маңызды шешімдерінің бірі – президенттік институтты енгізу болып табылады. Президенттік билік қазақ мемлекеттілігінің тұғыры, маңызды элементі және кешенді реформалардың бұлжымас тірегі болып табылады. Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер эволюциясының жүйелік логикасын қамтамасыз еткен Президенттік институт қана болды. Елбасымыз түбегейлі терең өзгерістер заманында президент лауазымы қоғамды тиімді демократияландыру мен жаңғыртуда негізгі рөл ойнайтындығын түсінді. Сондықтан Қазақстан КСРО-ның басқа елдерінен президент қызметін бұрын енгізіп, тарихи даналық танытты. Осы уақыттан бастап президент институты – біздің еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігінің кепілі, әлемдік қауымдастыққа сәтті кірудің, әлеуметтік-экономикалық және саяси дамудың басты кепілі. Мемлекеттіліктің негізін қалап, тәуелсіздік жариялаған елін дағдарыстан алып шыққан тарихи тұлғалар көп емес. Олардың қатарына Дж. Вашингтон, Мұстафа Кемал Ататүрік, Ли Куан Ю, Махатхир Мохаммад және т.б. жатқызуға болады. Аталған тұлғалар сияқты мемлекеттіліктің негізін қалап елді тығырықтан алып шыққан тарихи тұлға ретінде Елбасымыз. Н.Ә.Назарбаевтың есімі лайықты деп ойлаймыз. Қазақстан ғаламдық демократиялық тренд пен қоғамдық пікірді ескере отыра, либералды құндылықтар мен қағидаларға негізделген демократиялық, зайырлы және құқықтық мемлекет құру жолын таңдады. Бұл реформаларды жүзеге асыру үшін егемендігіміздің негізі болып табылатын мемлекеттік шекараны толықтай бекіту көзделді. Нақтыланбаған территориялар белгіленіп, еліміздің түбірлі тарихи жерлері халыққа қайтарылып, мемлекеттік шекарамыз заңды негізде бекітілді. Сондықтан саяси реформалаудың негізгі бағыттары ретінде тек қана Президент институтын ғана емес, сонымен қатар парламентаризмді, көппартиялық жүйені қалыптастыру жолға қойылды. Қоғамды реформалауда мемлекеттің жүйешіктеріне «кері байланыс» ретінде ықпал ететін азаматтық қоғамның институттары қаланды. Қазақстанның ілгері шапшаң дамуы және халықаралық аренаға шығуы үшін жаңа Конституцияны қабылдау қажеттілігі туындады. 1995 жылы қабылданған Конституция Қазақстан тәуелсіздігінің құрылу негізін қалап, саяси жүйенің демократиялануына жол ашты. Конституциялық ережелер мен билік бөлінуінің конституциялық қағидасына негізделген мемлекеттің барлық институттары арасындағы келісімдер демократиялық мемлекетте қоғамды тұрақтандырудың кепілі ретінде жетістікке жетудің кілті болып табылады. Конституцияда әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларға жаңа серпіліс беріліп, мемлекеттігіміздің негізі заңдастырылды. Қазақстан – тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда саяси күйзелістен аман шыққан посткеңестік кеңістіктегі жалғыз мемлекет. Елімізде барлық тілдердің теңдігі үшін жағдайлар жасалып, оның шарттары Конституциямен бекітілген. Аса назар аударатын мәселе, тек қана біздің елде үш тұғырлы тілмен бірге кез келген этникалық топтың өзінің ана тілінде еркін сөйлеу мүмкіндігі бар, барлық этностар мәдениетінің дамуына шынайы мүмкіндіктер қарастырылған. Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен құрылған Қазақстан халықтар Ассамблеясы ұлтаралық келісімді қамтамасыз етудің бірегей институты болып табылады. Ассамблеяға әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары баға берілуде, этникааралық татулықтың қазақстандық үлгісі өзінің тиімділігін дәлелдеді, өйткені тәуелсіздік жылдарында біздің елімізде ұлттық немесе діни негіздегі ешбір жанжал болған емес. Астанамыз – Қазақстан мемлекеттілігінің жасампаздығын сипаттайтын символ. Бұл жүзеге сәтті асырылған тағдырлы саяси шешім, Елбасы үшін ұлы ерліктердің бірі болды. Әлемдік саясатта жетекші рөл ойнайтын астаналар сияқты Елордамыз Астананың үлкен геосаяси маңызы бар. Еліміздің қиын қыстау заманнан аман шығып, сәтті дамуы, халықаралық аренада өзіндік беделге ие болып, әлем қызығатындай демократиялық реформалардың жүзеге асырылуы – берік мемлекеттік негіздің толықтай қаланған көрінісі деп пайымдауға болады.
Қазақ КСР-інің Жоғарғы Кеңесі заңды өкілеттігі шеңберінде басқа мемлекеттік органдарының шешетін кез келген мәселелерін өз қарамағына алып, сессиясында тікелей шеше алатын құқығына иелі орган болатын. Ал Президенттің өкілеттігіне мынадай мәселелерді талдау қалдырған:Жоғарғы Кеңеске, Министрлер Кеңесінің Председательдік кандитатурасын ұсыну, оны жұмыстан кетіру мәселесін енгізу, Министрлер Кеңесінің құрамын отставкіге кетіру жөнінде Жоғарғы Кеңестің алдына қою, Үкімет мүшелерін, оның Председателімен келісе отырып, жұмысқа тағайындау, не оларды босату туралы Жоғарғы Кеңестің бекітуіне ұсыныс жасау. Министрлер Кеңестерінің қаулылары мен жарлықтарының, министрліктердің мемлекеттік комитеттердің актілерін Конституцияға және өзге де заңдарға қайшы келген жағдайда олардың күшін тоқтатуға Президенттің хақысы. Ұйымдастырушылық шеңберінде Республика Президентінің Министрлер Кеңесінің отырысын басқаруға, Үкіметке сенбеушілігін Жоғарғы Кеңеске ұсынуға құқылы еді. Қазақстан тарихында ең алғашқы республика Президенті болып Н.Ә. Назарбаев Жоғарғы Кеңестің кезекті сессиясында 1990 жылғы 24 сәуірде алты жылға сайланды. Осындай мемлекеттік ұйымдастырудағы елеулі жаңалықтардың бекітілуі атқарушы билікті нығайтудың қажеттілігінен туындаған деп түсінуіміз керек. Сөйтіп, Жоғарғы атқарушы органның құрылымы екіжақты болды, өйткені, оның құрамына жаңа орган – Республика Президенті (мемлекет басшысы) және коллегиалды үкімет органы енді. Мұндай жағдайдың өзі елімізде экономикалық және саяси тұрақтылығын нығайтпайтындығына әкеп соқтыратындығын көзімізбен көрдік. Екінші кезең 1990 жылғы 20 қарашадағы «Қазақ КСР-індегі мемлекеттік өкімет пен басқарудың құрылымын жетілдіру және Қазақ КСР Конституциясына (негізгі заңына) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын қабылдаудан басталды. Бұл заңда «Қазақ КСР Президенті Қазақ Кеңестік Социалистік Республкасы жоғары атқарушы және өкімші өкіметтің басшысы болып табылады деп белгіленсін»,- делінген. Сөйтіп, Президенттің мәртебесі бірте-бірте беки бастады. Бірақ, әлі де болса да Қазақ
КСР-інің Жоғарғы Кеңесінің кез келген мәселені тікелей өзі шешу құқығының куші ол кезде де сақталып қалған болатын. Солай бола тұрса да 1990 жылғы 20 қарашадағы Заң бойынша жоғары атқарушы өкімет билігінің
жүйесі конституциялық деңгейде біріктіріліп, бір арнаға келтіріле бастады. Президент – ел басшысы, әрі өкімші өкіметтің басшысы болып, заңды түрде жарияланды. Оған Министрлер Кабинетінің қызметін басқару өкілеттігі табыс етілді. Осының салдарынан Үкімет өзінің мәнін жойды. Оған заңда көрсетілген жағдайлар куә. Біріншіден, Қазақ КСР Министрлер Советі Қазақ
КСР Министрлер Кабинеті болып қайта құрылды. Екіншіден, Қазақ КСР Мемлекеттік егемендіктің қалыптасуы өкілетті мемлекеттік-биліктік құрылымдардың қалыптасуынсыз мүмкін емес. Құқықтық мемлекет құру жағдайында мемлекеттік биліктің үш тармағы бірдей күшті болуға және өз функциясын қалыпты орындайтындай жағдайда болуға тиіс. Дегенмен, заң шығарушы және атқарушы билікті байланыстырушы звено тек Президент болуы мүмкін.[22, б118]
Мемлекет басшысы институты
тұңғыш рет Қазақ ССР-інің Президенті
ретінде 1990 жылдың 24 сәуірінде 1978 жылғы
Қазақ ССР Конституциясына
Президенттік институт 1991 жылы 25 тамыздағы «Қазақ ССР Конституциясына (Негізгі заң)» өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заңымен одан әрі дамытылды. Онда өзінің міндеттерін жүзеге асыруға қабілетсіз болған жағдайда Қазақстан Республикасының Президентін мерзімінен бұрын қызметтен босату рәсімі Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен белігіленді.
Сөйтіп, президентік басшылық идеясын жүзеге асыру үшін құқықтық негіздер қалана бастады. Алғашында Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 16 желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңнын 10-бабында «Қазақстан Республикасының басшысы және оның атқарушы өкіметі Президент болып табылады» деген ережені бекітті. 1991 жылдың 01 желтоқсанында жалпы халықтық дауыс беру жолымен Қазақстан Респубикасының тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
Одан әріде Президенттік институттың да, Президенттің жеке басының да көзқарасы қоғамдағы рөлі мен маңызы бірден бірге арта түсті. Президент қызметіне кіріскен сәттен бастап Президент қызметінің құқықтық негіздері қаланып, оның мемлекетік билік органдары құрылымындағы жағдайы сараланды. Президенттік институтқа қатысты заңдылықтардың даму барысына қысқаша қайырым жасасақ, мынандай ой түюге болады: Президенттің барынша байыпты тұлғасы пайда болды, ол нақтылап айтқанда биліктің барлық үш тармағының қалыптасуында шешуші рөл атқарады.
Қазақстанның саяси
жүйесін реформалау кезеңіне шамамен
он жылу уақыт кетті. Конституциялық
– құқықтық институттар дегеніміз қоғамдық
қатынастың бір жақты және өзара байланысын
реттейтін және біршама өзіндік топтар
құрайтын конституциялық құқық нормаларының
жиынтығы.
Президенттік институт, екі палаталых
Парламентпен, Мемлекетпен және Конституциялық
кеңеспен іске асырылады. Осы мемлекеттік
модельде, қазір бейбітті және аман-есен
қазақстандықтар, Коституцияда бекітілгедей
мемлекеті-мізде өмір сүруде. Қазақстан
қоғамының барлық күштерін республиканың
басына түскен экономикалық және әлеуметтік
дағдарысты еңсеру үшін топтастыру мақсатында,
елдің күллі халқының сенім мандатын алу,
бастаған реформаларды жедел әрі табанды
жалғастыру үшін Мемлекет басшысы Қазақстан
Президентін жалпыхалықтық сайлау өткізу
жөнінде адал әрі батыл саяси шешім қабылдады. 1991
жылғы 21 желтоқсанда Қазақстан Президентінің
бастамашылығымен жиналған бүрынғы 11
одақтас республика басшылары жаңа бірлестік
— Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының
н егізін қалаушы құжат болтан Алматы
декларациясына қол қойды.
Тәуелсіз мемлекеттер достастығы тарихындағы
аса жарқын құжаттардың бірі "Қарапайым
адамдарға қарай қарапайым он қадам"
бағдарламасы мен Еуразия одағының моделі
болып табылады, оларда Президент Н.Ә.
Назарбаевтың жан азабы мен ақиқаты —
өз елінің қарапайым адамдары және тарих
пен тағдыр тәлкегіне орай бір сәтте шекараның
екі жағында қала берген бұрынғы КСРО
азаматтары жөніндегі қамқорлығы шоғырланып,
көрініс тапқан. Және де ақиқат пен әділеттілікке
жүгіне отырып, Н.Ә. Назарбаевтың адамдарға
көмек беру және олардың өмірін жеңілдету
тұрғысындағы жарқын идеясы мен шынайы
үмтылысын осынау оң іс-ниет арналған
жандардың жылыұшырай қабыл алғанын есте
сақтаған жөн. Бағдарламаның ТМД-да қабылдануы,
Қазақстан Президентіне жолданған жүздеген,
тіпті мыңдаған алғыс хаттар осының куәсі
болып табылады.
Елдің жаңа мемлекеттілігін құру Қазақстан
тәуелсіздігі мен егемендігінің жаңа
нышандарын әзірлеп, қабылдауды да талап
етті. Осынау жаңа мемлекеттік нышандарға
ие болу тарихи факті Мемлекет басшысы
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
жалауы туралы", "Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік елтаңбасы туралы", "Қазақстан
Республикасы Мемлекеттік гимнінің музыкалық
редакциясы туралы" Қазақстан Республикасының
заңдарына қол қойған 1992 жылғы 4 маусымда
жүзеге асты.1992 жылғы 6 маусымда Республика
Президентінің Резиденциясы үстінде көгілдір
жалау - егемен Қазақстанның жаңа рәмізі
көкке желбіреді. Өткен
онжылдықта Н.Ә. Назарбаевтың "Қазақстанның
егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен
дамуының стратегиясы" (1992 жыл) атты
хрестоматиялық кітабында көрсетілген
президенттік басқару нысаны тән мемлекет
құрылысы, заң шығару және сот билігін
реформалау, экономика мен әлеуметтік
саланы түбегейлі реформалау үшін нормативтік
база жасау жөніндегі стратегиялық міндеттерді
іске асыру мақсатты түрде әрі жоспарлы
жүзеге асырылды. Елде
құқықтық реформаны жүзеге асыру мен жаңа
заңдар базасын жасаудың басталар нүктесі
1993 жылғы 28 қаңтарда өтпелі кезеңдегі
Қазақстан Конституциясын қабылдау болды.
Осы кезеңде республика басшылығы қолға
алған батыл саяси қадамдар "Ресей синдромын"
болдырмауға мүмкіндік берді. Қазақстанның
өкілді және атқарушы органдарын реформалау,
орталық мемлекеттік және жергілікті
органдар өкілеттіктерін бөлу, Халық депутаттары
кеңесі тәрізді коммунистік өткеннің
көнерген көбесін сөгу — осының куәсі.
1993 жылғы 10 желтоксанда "Қазақстан Республикасынын
Президенті мен жергілікті әкімдерге
уақытша қосымша өкілеттіктер беру туралы"
Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.
Алайда бұл да, әлемнің тез өзгеріп жатқан
жағдайларында, жеткіліксіз болып шықты.
1994 жылғы 7 наурызда сайланған Қазақстанның
түңғыш кәсіби парламенті жедел даму үстіндегі
ахуалға барабар оңтайласуға дайын болмай
шықты. Дауыстарды санау тұрғысында сайлау
қорытындылары елдің Конституциялық сотының
1995 жылғы 10 наурыздағы шешімімен заңсыз
деп танылды.1995 жылғы 25 наурызда қоғамның
бірлігін сақтау мен елдегі саяси және
әлеуметтік жағдайдың терең жарықшақтануына
жол бермеу мақсатында, елдің барлық үлттары
мен халықтарының мүдделерін зерделеу
мен есепке алу, сондай-ақ жан-жақты және
тең құқықты дамуы үшін 1994 жылы Мемлекет
басшысының бастамасымен құрылған бірегей
қоғамдық орган – Қазақстан Халықтарының
ассамблеясы Қазақстан Республикасы Президентінің
өкілеттігін 2000 жылғы 1 желтоқсанға дейін
үзарту жөнінде республикалық референдум
өткізудің қажеттілігі туралы қарар қабылдап,
аталған үсыныспен Мемлекет басшысына
өтініш білдірді.
Қалыптасқан ахуалды негізге ала отырып,
сондай-ақ қоғамның жіктелуіне жол бермеуге
Президенттен шаралар қолдануын талап
еткен ел түрғындарының күллі әлеуметтік
топтарының пікірін ескере отырып, Мемлекет
басшысы уақыт талабына орай референдум
өткізуге шешім қабылдады [22, б 96].
1995
жылғы 29 сәуірде өткізілген референдум
қорытындысында Қазақстан Республикасы
Президент! өкілеттігінің мерзімін ұзартуды
жақтап сайлаушылардың 95,46 пайызы дауыс
берді және Н.Ә. Назарбаевтың реформашыл
жолын бүкіл халық болып қолдайтынының
жарқын куәсі болды. Осы кезеңде Президент қызметі әдеттегіден
әлдеқайда қауырт та ауқымды еді. Парламент
тараған кезде Мемлекет басшысы жауапкершілік
жүгін батыл түрде өзі қолға алып, жаңа
әрі жеткілікті нормативтік-құқыктық
база жасау жолымен экономиканы жандандыруға
бағытталған 511 жарлық шығарды, оның 132-сінің
заң күші бар еді. Дәл осы уақытта реформаны
жалғастыру үшін өмірлік қажеттіліктен
туындаған "Жер туралы", "Мүнай
туралы", "Ұлттық банк туралы",
"Акциздер туралы", "Банкроттық
туралы" және басқа заңдар шығарылды.
Мемлекет басшысының "Қазақстан Республикасындағы
сайлау туралы", "Қазақстан Республикасынын
Президенті туралы", "Қазақстан Республикасының
Парламенті және оның депутаттарының
мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасынын
Үкіметі туралы", "Республикалык
референдум туралы", "Қазақстан Республикасындағы
шет ел азаматтарының құқықтык жағдайы
туралы", "Мемлекеттік қызмет туралы",
"Қазақстан Республикасынын соттары
және судьялардың мәртебесі туралы",
"Казакстан Республикасынын прокуратурасы
туралы", "Қазақстан Республикасының
ұлттық қауіпсіздік органдары туралы",
"Қазақстан Республикасының ішкі істер
органдары туралы" және мемлекеттік
құрылыс мәселелеріне арналған көптеген
басқа да актілері жарық көрді. Реформаларды
жалғастыру және тереңдету үшін Қазақстан
Республикасы Президентінің басшылығымен
және тікелей қатысуымен әзірленген елдің
жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі
республикалық референдумның маңызы аса
зор болды.
Жаңа Конституцияны қабылдауды білдірген
1995 жылгы 30 тамыздағы референдумның жагымды
қорытындылары (сайлаушылардың 89 пайызы
жақтап дауыс берген) таңдаған жолдың
дүрыстығын тағы да дәлелдеп берді.
Президенттің Қазақстан Республикасының
егемендігін жариялауымен бірге аумақтық
түтастықты сақтау мен елдің ұлттық қауіпсіздігін
қамтамасыз етудің неғұрлым өткір мәселелері
де шешімін тапты.
Қазақстанның әлемдік аренаға ұмтылуы,
бірінші кезекте, Мемлекет басшысының
белсенді сыртқы саяси қызметіне байланысты.
1990жылдан бергі кезеңде Қазақстан Республикасының
Президенті іс жүзінде әлемнің барлық
іргелі елдеріне 138 мемлекеттік, ресми
және жүмыс сапарларын жүзеге асырды.
Ресей мен АҚШ-қа, ҚХР мен Үлыбританияға,
Францияға, Италия мен Испанияға, Швейцария
мен Австрияға бірнеше мәрте сапарлар
жасалды. Австралияға, Үндістанға, Сауд
Арабиясына және баска да араб елдеріне
сапарлар жүзеге асты. Сауд
Арабиясында исламның екі қасиетті орынының
сақтаушысы король Фахдпен кездесу мен
ислам әлемініц екі ұлы қасиетті орыны
— Мүхаммед пайгамбардың кесенесі мен
мешітіне бірегей зиярат ету рәсімі жасалды.
Ватиканда Қазақстан жетекшісі Н.Ә. Назарбаев
пен римдік-католиктік шіркеудің басшысы
папа Иоанн Павел ІІ-нің екі рет кездесуі
болды. Осы
жылдар ішінде Қазақстан Республикасында
мемлекеттер мен үкіметтер басшылары
- 102 рет, 320-дан астам үкіметтік және парламенттік
делегация, сондай-ақ БҰҰ, ЮНЕСКО, ЕҚЫҰ,
ЕК, БҰҰДБ, ДСҰ, ХААҰ, ЭЫҰ тәрізді басқа
да дүниежүзілік халықаралық институттардың
мүшелері сапармен болды. Президент
шетелдердің елшілері және дипломаттарымен
104 кездесу өткізді. Қазақстанда тіркелген
дипломатиялық корпустардың өкілдерімен
жүздесіп отыру дәстүрге айналды. Қазіргі
уақытта Қазақстан Республикасы әлемнің
100-ден астам мемлекеттеріне танылып, олармен
дипломатиялық қатынас орнатты, БҰҰ-ның
және оның құрылымдарының толық құқықты
әрі белсенді мүшесі болып табылады. Қазақстан
Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен
ЮНЕСКО және НАТО-СЕАП-тың мерейтойлары,
БҰҰ Бас Ассамблеясының арнайы мәжілісі,
ЕҚЫҰ-ның Хельсинкидегі, Лиссабондағы,
Будапештегі және Стамбулдағы тарихи
кеңестері, Екінші Дүниежүзілік соғыстың
аяқталғанына 50 жыл толуына арналып Парижде,
Лондон мен Мәскеуде тойланған мерекелер
тәрізді халықаралық ұйымдардың ірі іс-шаралары
өтті. Мемлекет басшысының ЕҚЫҰ-ның Хельсинкидегі
кеңесінде күн тәртібіне қойылған Азиядағы
өзара іс-қимыл және сенім шаралары жоніндегі
кеңесті шақыру туралы идеяларын іске
асыру жөніндегі жұмыс жоспарлы түрде
жүзеге асуда.
Әлемдік
саясатта Қазақстан жария етіп, жүргізіп
отырған көп векторлыжол өзінің елеулі
нәтижелерін беруде. Бүл түрғыда Америка
Құрама Штаттарымен стратегиялық және
демократиялық серіктестік, Жапониямен
стратегиялык серіктестік туралы келісімдерге,
"Шанхай бестігі" жобасы шеңберіндегі
шекаранын үзына бойында сенім шаралары
туралы келісімге, Ресеймен, Өзбекстанмен,
Қырғызстанмен, Украинамендостық туралы
шарттарға қол қою айрықша орын алады.
Қазақстан Республикасының ҚХР-мен шекарасын
межелеу, Ресеймен, Өзбекстанмен және
Қырғызстанмен шекараны белгілеу туралы
мәселені шешу жөнінде жүмыс жүргізілуде.
Бейбітшілік сүйгіш сыртқы саясат жүргізе
отырып, Қазақстан Таулы Қарабақтағы,
Тәжікстандағы, Шешенстандағы, Югославиядағы
қақтығыстарды тоқтатуды жақтап үн қосты;
"Бейбітшілік жолындагы серіктестік"
қозғалысының халықаралық бітімгершілік
акцияларына атсалысуда.
Ядролық
қару-жарақтан өз еркімен бас тартқан
бірінші мемлекет ретінде Қазақстан дүниежүзі
елдерін, атап айтқанда, Үндістан мен Пәкістанды
ядролықсынақ өткізуден және әскери ядролық
бағдарламалардан бас тартуға шақырды.
Әзірленген ұлттық қауіпсіздік стратегиясы
мен Қазақстанның әскери доктринасы бірінші
кезекте тату-тәтті көршілік қатынастарды
дамытуға, халықаралық проблемаларды
өркениетті шешуге, қару-жарақпен сес
көрсету және күш қолдану көзқарасынан
бас тартуға бағытталған бейбітшілік
сүйгіш жолдың жарқын куәсі.
Мемлекет басшысының сыртқы саяси қызметі
Қазақстанның әлем мемлекеттерімен сыртқы
экономикалық байланыстарын дамыту мәселелерін
шешумен тығыз сабақтасып жатыр.Экономикалық
ынтымақтастық туралы шарттарға іс жүзінде
Шығыс және Батыс Еуропаның барлық мемлекеттерімен,
арабтық Шығыс елдерімен, Үндіқытаймен,
Корей түбегімен, Түркиямен, Иранмен және
Пәкістанмен қол қойылды. Экономикалық
ынтымақтастық үйымы шеңберінде көрсетілген
елдермен ынтымақтастық табысты жүзеге
асырылуда. Қазақстан мен Германия арасындағы
белсенді әрі үзақ мерзімді ынтымақтастық
дамуда, Балтық және Қара теңіз жағалауы
елдерімен байланыс жолға қойылды.
Қазақстанда іргелі әлемдік компания
тар дың пайда болуы — Мемлекет басшысынын
елге шетелдік инвестицияларды тарту
жөніндегі табанды қызметінің нәтижесі.
Қазакстан жетекшісінің Давостағы дүниежүзілік
экономикалық форумның, Кранс-Монтана
мен Зальцбургтағы инвести-циялық саммиттердің
жүмысына белсенді қатысуы да осыған бағытталған.
Қазақстанның Еуропалық қоғамдастық,
Халықаралық валюта коры, Халықаралық
және Еуропалық қайта қүру және даму банктері,
Азиялық банк және басқа көптеген іргелі
әлемдік қаржылық-экономикалық институттармен
ынтымақтастығы нығайып келеді. Н.Ә.
Назарбаевтың шет елдерге сапарлары барысында
Қазақстанда қүрылған жеткілікті нормативтік-құқықтық
база негізінде өзара тиімді ынтымақтастық
жобаларына назарлары ауған әлемдік бизнес-элитаның
өкілдерімен көптеген кездесулер өткізілді.
Қазақстанда Алматы инвестициялық саммиті
және кәсіпкерлер форумы өткізілді; Қазақстан
Республикасы Президенті жанындағы Шетелдік
инвесторлар кеңесі табысты жүмыс істеп
келеді.
Мемлекет басшысының 1996 жылғы Жарлығымен
Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік
комитет қүрылды, ал 1997 жылғы ақпанда Қазақстан
Президенті "Тікелей инвестицияларды
мемлекеттік қолдау туралы" Заңға қол
қойды.
Инвестициялық қызметтің өрістеуі Қазақстан
экономикасын жандандырды. Ахуалды дамытуда
Мемлекет басшысы арнайы нормативтік-құқықтық
актілерді шығару жолымен шағын және орта
кәсіпкерлікті ынталандыруға, әйелдерді
бизнеске тартуға бағытталған шаралар
қабылдады.
Елдегі кәсіпкерлікті дамытуға Мемлекет
басшысының "Шағын кәсіпкерлікті дамытуға
мемлекеттік қолдауды күшейту және оны
жандандыру жөніндегі шаралар туралы",
"Кәсіпкерлік қызмет бостандыгына мемлекеттік
кепілдіктерді іске асыру жөніндегі қосымша
шаралар туралы" Қазакстан Республикасы
Президентінің Жарлығына толықтырулар
енгізу туралы", "Қазақстан Республикасында
шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың
басымдықтары мен аймақтық бағдарламалары
туралы" жарлықтары серпін берді. [23, б 52]
Информация о работе Қазақстан Республикасында президенттік институттың қалыптасу кезеңдері