Қазақстан Республикасында президенттік институттың қалыптасу кезеңдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Мая 2013 в 22:56, курсовая работа

Описание работы

Өзін нақты мемлекетке ауыстырған СОКП шексіз өкілетті СССР сияқты үлкен мемлекеттердің сыртқы және ішкі қызметтерінің барлық сипаттамаларын анықтады, ол мақсатына және қатаң өз шарттарын күштеп таңу орталығының міндетін өзіне тәуелді етті. Қоғамдық өмірдің барлық сферасында таралған бұл өкілеттілік қазақ ССР мемлекетінің егемендігі басқа одақтық республика сияқты тең, кеңестік кезеңінде шынында үстірт болғандығын көрсетеді және дәлелдейді. Қазақстандық зерттеушілер қалай әділетті белгілейді: «...Республика ішкі саяси өмірде ешқандай құқық болған жоқ, толығымен СССР-ға тәуелді болды. Ол өзінің байлығын, экономикалық ресурстарын қолдануына құқығы болмады – барлық құқық экономиканы басқару бойынша СССР жүргізуде қолданылды». Берілген мәселені талдауда осындай тұжырымдаманы белгілі Қазақстандық заңгер Сапарғалиев Г.С. шығарды: «...Қазақ ССР егемендігі тек әлеуетті жағдайында ғана болды. Біртұтас мемлекет деп мойындаған болашақта СССР одағы құрамында болатын Қазақ ССР барлық белгілері мен егемендік құрылымы бар болса да, ерікті тәуелсіз болған жоқ»

Содержание работы

КІРІСПЕ...................................................................................................................4

1 МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ПРЕЗИДЕНТТІК ҮЛГІСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІСІ....................................................................................9
1.1 Басқарудың республикалық үлгісінің тарихы мен түсінігі...........................9
1.2 Президенттік республиканың ерекшелігі.....................................................10
1.3 Қазақстан Республикасында президенттік институттың қалыптасуының құқықтық алғышарты............................................................................................15
1.4 Қазақстанда басқарманың президенттік үлгісі.............................................19

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ СТАТУСЫ..............................................................................................................30
2.1 Қазақстан Республикасында президенттік институттың қалыптасу кезеңдері.................................................................................................................30
2.2 ҚР Президентінің құқықтық жағдайы...........................................................39
2.3 Президентті таңдаудың тәртібі және оны қызметтен босату......................45
2.4 Президент Әкімшілігі және басқа органдар.................................................47

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІ МЕН ПРЕЗИДЕНТТІҢ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ....................................................................58

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................64

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................

Файлы: 1 файл

КР ПРЕЗИДЕНТ дип.doc

— 519.50 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Премьер-Министрі актілерінің  күшін жою не оларды толық немесе ішінара тоқтата тұру туралы;

Айрықша маңызды мәселелер  бойынша Президенттің Үкімет отырыстарына төрағалық етуі туралы ұсыныстар енгізеді;

3) Президенттің төрағалығымен  өткен Үкіметтің отырыстарында  тұжырымдалған Үкімет шешімдерінің  жобаларын келіседі;

4) Қазақстан Республикасы  заңнамасында белгіленген жағдайларда,  Үкімет пен мемлекеттік органдар  актілерінің жобасын келісуді қамтамасыз етеді;

5) Үкіметте әзірленген  заңнамалық актілер жобаларын  олар Парламент Мәжілісіне енгізілгенге  дейін белгіленген тәртіппен  құқықтық және өзге де сараптамадан  өткізіп, келіседі;

6) Үкіметтің заңжобалық  жұмыс жоспарының жобаларына, Үкіметтің заңжобалық жұмыс жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешімдер жобаларына қорытынды дайындайды, сондай-ақ орындаулына бақылауды жүзеге асырады.

Конституциялық Кеңеске  қатысты Президент өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету үшін Әкімшілік Қазақстан Республикасы Конституциясының  72 бабында көзделген жағдайларда, Президенттің мәлімдемелері мен  Президенттің Конституциялық Кеңес шешімдеріне қарсылықтарын дайындау жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.

Соттар мен судьяларға қатысты Президент өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету үшін Әкімшілік мынадай функцияларды орындайды:

1) Жоғары Сот Кеңесінің  ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасы  Жоғарғы Сотының Төрағасы мен  судьяларын қызметке сайлау және  қызметтен босату үшін Парламент  Сенатына ұсынысы бойынша; Жоғары Сот Кеңесінің ұсынымы бойынша жергілікті және басқа соттардың төрағалары мен судьяларын, тиісті соттар алқаларының төрағаларын Президенттің  қызметке тағайындауы және қызметтен босатуы кезінде; Жоғары Сот Кеңесінің ұсынысы бойынша судьяларды тұтқындауға, оны алып келуге, оған сот тәртібімен салынатын әкімшілік жаза шараларын қолдануға келісім беру туралы шешім қабылдау кезінде Президенттің қызметін қамтамасыз етеді;

2) сот жүйесін жетілдіру  бойынша Президентке ұсыныстар  енгізеді.

Орталық сайлау комиссиясына қатысты Президент өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету үшін Әкімшілік Қазақстан Республикасының  сайлау жүйесін жетілдіру туралы Президентке ұсыныстар енгізу жөніндегі  функциясын орындайды.

Жергілікті өкілді және атқарушы органдарға, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдеріне қатысты және өңірлік саясат саласында  Президент өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету үшін Әкімшілік мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) белгіленген тәртіппен  облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары  қызметінің тиімділігін бағалауды ұйымдастырып, өткізуді қамтамасыз етеді;

2) өңірлердің әлеуметтік-экономикалық  дамуына мониторинг пен талдау  жүргізіп, өңірлердегі істердің жағдайы туралы Президентті хабардар етіп отырады;

3) жергілікті атқарушы  органдар басшыларының халықпен  есеп беру кездесуін өткізуіне  бақылауды жүзеге асырады;

4) Президентке:

  • облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері мен жергілікті атқарушы органдарының  қызметін жетілдіру туралы;
  • облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері актілерінің күшін жою не толық немесе ішінара тоқтата тұру туралы;
  • өңірлік даму стратегиялары мен бағдарламалары, жергілікті өкілді органдар мен атқарушы органдардың сындарлы бірлескен жұмысы, олардың елдің орталық органдарымен өзара іс-қимылы бойынша;
  • қажет болған жағдайда, мәслихаттың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесі бойынша ұсыныстар енгізеді.

Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарға (бекітілген тізбеге сәйкес) қатысты  Президент өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету үшін Әкімшілік мынадай функцияларды орындайды:

1) белгіленген тәртіппен  осы мемлекеттік органдар қызметінің  тиімділігін бағалауды ұйымдастырып, өткізуді қамтамасыз етеді;

2) осы мемлекеттік  органдарды құру, тарату және  қайта ұйымдастыру, қызметін жетілдіру  туралы Президентке ұсыныстар  енгізеді;

3) осы мемлекеттік  органдар қызметін үйлестіру  мен бақылауды қамтамасыз етеді.

Өзге де Президент  өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету үшін Әкімшілік мынадай функцияларды орындайды:

1) Президенттің ар-намысы  мен қадір-қасиетіне қол сұғылмаушылықты  қамтамасыз етеді;

2) Президентке:

  • барлық мемлекеттік билік тармақтарының келісімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету, мемлекеттік органдар қызметін жетілдіру бойынша;
  • мемлекеттік наградалармен марапаттау және құрметті, жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер, дипломатиялық дәрежелер, біліктілік сыныптарын беру; мемлекеттік наградалардан, атақтардан, шендерден, дәрежелер мен сыныптардан айыру бойынша;
  • Қазақстан Республикасының азаматтығы, оны сақтау мен одан шығу, Республика азаматтығындағы қалпына келтірулер, саяси баспана беру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізеді.

3) Президенттің азаматтарға кешірім жасауын жүзеге асыруын қамтамасыз етеді;

4) елдегі жағдай және  Қазақстан Республикасының ішкі  және сыртқы саясатының негізгі  бағыттары туралы жылсайынғы  Президенттің Қазақстан халқына  Жолдауының жобасын дайындауды  жүзеге асырады;

5) Президент қызметін  ақпараттық-талдамалық және хаттамалық-ұйымдық,  соның ішінде оның қатысуымен іс-шаралар өткізуді қамтамасыз етеді;

6) Президент актілерін,  соның ішінде стратегиялық және  бағдарламалық құжаттарды дайындауды  ұйымдастырып, оған қатысады;

7) стратегиялық және  бағдарламалық құжаттарды келісуді, олардың мониторингі мен бақылануын, сондай-ақ мемлекеттік жоспарлау  жүйесінің жұмыс істеуін талдауды  жүзеге асырады;

8) мемлекеттік органдардың  мемлекеттік саясатты, Президенттің, Мемлекеттік хатшының актілері мен тапсырмаларын іске асыруына, соның ішінде тексеру жүргізу арқылы, бақылауды жүзеге асырады;

9) белгіленген тәртіппен  жекелеген мемлекеттік органдар  мен ұйымдар қызметін үйлестіріп, басшылық жасауды жүзеге асырады;

10) Президент жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатты түсіндіреді, Президент қызметінің бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көруін, Президенттің олармен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;

11) Президент қол қойған  заңдарды, сондай-ақ Президент шығарған  актілерді тіркеуді жүргізеді, олардың жариялануын, таратылуы мен сақталуын  қамтамасыз етеді;

12) Президенттің атына  келіп түскен жеке және заңды  тұлғалардың өтініштерін қарайды,  оларға талдау жүргізеді, азаматтарды  қабылдауды ұйымдастырып, жүзеге  асырады;

13) Үкімет,  орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары, лауазымды адамдар қызметі нәтижелерінің  Президентте қаралуына дайындықты қамтамасыз етеді;

14) Президентті құжаттамалық  қамтамасыз етуді, соның ішінде тиісінше құжат айналымын ұйымдастыруды, ақпараттық технологияларды енгізіп, дамытуды, Әкімшіліктің талдау кешенінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету, іс жүргізу ережелерінің сақталуы мен  мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуді бақылау арқылы жүзеге асырады;

15) Мемлекеттік хатшының, Қазақстан халқы Ассамблеясының, Жоғары Сот Кеңесінің, Президент  жанындағы консультативтік-кеңесші  органдардың қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық және құжаттамалық қамтамасыз  етуді, олардың шешімдерінің орындалуына бақылауды жүзеге асырады;

16) Қазақстан Республикасының  заңнамасында белгіленген және (немесе) Президент айқындайтын өзге де  функцияларды жүзеге асырады. 

Әкімшіліктің құрылымына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, Қазақстан  Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы, Әкімшілік Басшысының орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшілері, Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшілері, Әкімшіліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен өзге де қызметкерлері кіреді.

Әкімшілікті Президент  қызметке тағайындайтын және қызметтен  босататын, және оның тікелей басшылық етуімен жұмыс істейтін, оған есеп беріп, бақылауында болатын Әкімшілік Басшысы басқарады.

Әкімшілік Басшысы:

1) Мемлекет басшысына  Әкімшілік туралы ережені бекітуге  ұсынады, Әкімшіліктің құрылымы  мен штат саны жөнінде ұсыныстар  енгізеді, Әкімшіліктің штат кестесін  бекітеді, бекітілген штат саны  шегінде оған өзгерістер енгізеді;

2) Президенттің көмекшілері  мен кеңесшілерінің жұмысын үйлестіреді,  Әкімшіліктің құрылымдық бөлімшелерінің  жұмысын ұйымдастырады және бағыттайды, мемлекеттік органдармен өзара  іс-қимылды қамтамасыз етеді;

3) Әкімшілік Басшысының орынбасарлары мен Кеңсе бастығының арасындағы, сондай-ақ Президентпен келісім бойынша Президенттің көмекшілері мен кеңесшілері арасындағы міндеттер бөлінісін бекітеді;

4) Президенттің қарауына  Әкімшілік Басшысының орынбасарларын, Президент көмекшілерін, Президент Кеңсесі бастығын, Президент кеңесшілерін, Әкімшіліктің жекелеген хатшылықтарының басшыларын  қоспағанда,  Әкімшіліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы ұсыныстар енгізеді;

5) Әкімшіліктің жекелеген хатшылықтарының басшыларын, Әкімшіліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары орынбасараларын, мемлекетттік инспекторларды, сектор меңгерушілері мен Әкімшіліктің өзге де мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

6) Әкімшіліктің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

7) Президент актілерінің  орындалуы мен сақталуын, оның  тапсырмаларының орындалуын, осы  мақсаттарда Әкімшілікте құжаттардың  өтуін бақылау жөніндегі жұмысты  үйлестіреді, сондай-ақ Президент  қатысатын іс-шараларды дайындау мәселелері бойынша Әкімшілік Басшысы сонымен қатар Республиканың тиісті мемлекеттік органдарының басшыларын шақыра отырып, Әкімшіліктің басшы қызметкерлерімен кеңестер өткізеді;

8) Президенттің қол  қоюына Парламент қабылдаған заңдарды, жарлықтардың, өкімдердің жобаларын және қарауына Президентке жолданатын басқа да құжаттар мен материалдарды ұсынады;

9) Әкімшіліктің бұйрықтарын  шығарады;

10) Әкімшіліктегі ішкі  еңбек тәртібін белгілейді;

11) Әкімшіліктің шығыстар  сметасын бекітеді және оның шегінде қаржы қаражатын жұмсауға басшылық жасайды;

12) қызметтік құжаттарға  қол қояды;

13) Әкімшіліктің қызметкерлерін  көтермелейді және оларға тәртіптік  жазалау шараларын қолданады;

14) Әкімшіліктің қызметкерлерін  іссапарларға жібереді;

15) ведомствоаралық жұмыс топтарын құруға, Президенттің тапсырмаларын орындау үшін жұмысқа мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларын тартуға құқылы;

16) азаматтарды жеке  қабылдауды жүзеге асырады;

17) Әкімшілкте Қазақстан  Республикасының мемлекеттік қызмет  туралы заңнамасының орындалуын бақылайды;

18) тұрақты негізде  Әкімшіліктің Парламентпен, оның  палаталарымен, Парламент палаталарының  жұмыс органдарымен және аппараттарымен; Үкіметпен және Премьер-Министр  Кеңсесімен; министрліктермен және  өзге де орталық атқарушы органдармен; Коституциялық Кеңеспен; Жоғарғы Сотпен; Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдармен; облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдерімен, мәслихаттарымен; саяси партиялармен және өзге де қоғамдық бірлестіктермен; бұқаралық ақпарат құралдарымен; жеке және заңды тұлғалармен байланысын қамтамасыз етеді;

19) Парламенттің және  оның палаталарының ашық және  жабық отырыстарына қатысуға  құқылы;

20) Үкіметтің, орталық  атқарушы органдардың, Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың және Президент жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың, Жоғары Сот Кеңесінің, Қазақстан халқы Ассамблеясының отырыстары мен алқа жиналыстарына және Қазақстан халқы Ассамблеясының сессияларына қатысуға құқылы;

21) Президенттің кадр  саясатын іске асыруды ұйымдастырады  және қамтамасыз етеді;

22) басшы лауазымдарға  Президент тағайындайтын немесе  оның ұсынысымен тағайындалатын  кандидатуралар бойынша Президентке  ұсыныстар енгізеді, сондай-ақ Үкімет, өзге де мемлекеттік органдар және мемлекеттің лауазымды тұлғалары басшы лауазымдарға ұсынған кандидатураларды Президентпен келісуді қамтамасыз етеді;

23) өзінің жекелеген  өкілеттіктерін орындауды Әкімшіліктің  өзге де басшы лауазымды тұлғаларына  беруге құқылы;

Информация о работе Қазақстан Республикасында президенттік институттың қалыптасу кезеңдері