Қазақстан Республикасында президенттік институттың қалыптасу кезеңдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Мая 2013 в 22:56, курсовая работа

Описание работы

Өзін нақты мемлекетке ауыстырған СОКП шексіз өкілетті СССР сияқты үлкен мемлекеттердің сыртқы және ішкі қызметтерінің барлық сипаттамаларын анықтады, ол мақсатына және қатаң өз шарттарын күштеп таңу орталығының міндетін өзіне тәуелді етті. Қоғамдық өмірдің барлық сферасында таралған бұл өкілеттілік қазақ ССР мемлекетінің егемендігі басқа одақтық республика сияқты тең, кеңестік кезеңінде шынында үстірт болғандығын көрсетеді және дәлелдейді. Қазақстандық зерттеушілер қалай әділетті белгілейді: «...Республика ішкі саяси өмірде ешқандай құқық болған жоқ, толығымен СССР-ға тәуелді болды. Ол өзінің байлығын, экономикалық ресурстарын қолдануына құқығы болмады – барлық құқық экономиканы басқару бойынша СССР жүргізуде қолданылды». Берілген мәселені талдауда осындай тұжырымдаманы белгілі Қазақстандық заңгер Сапарғалиев Г.С. шығарды: «...Қазақ ССР егемендігі тек әлеуетті жағдайында ғана болды. Біртұтас мемлекет деп мойындаған болашақта СССР одағы құрамында болатын Қазақ ССР барлық белгілері мен егемендік құрылымы бар болса да, ерікті тәуелсіз болған жоқ»

Содержание работы

КІРІСПЕ...................................................................................................................4

1 МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ПРЕЗИДЕНТТІК ҮЛГІСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІСІ....................................................................................9
1.1 Басқарудың республикалық үлгісінің тарихы мен түсінігі...........................9
1.2 Президенттік республиканың ерекшелігі.....................................................10
1.3 Қазақстан Республикасында президенттік институттың қалыптасуының құқықтық алғышарты............................................................................................15
1.4 Қазақстанда басқарманың президенттік үлгісі.............................................19

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ СТАТУСЫ..............................................................................................................30
2.1 Қазақстан Республикасында президенттік институттың қалыптасу кезеңдері.................................................................................................................30
2.2 ҚР Президентінің құқықтық жағдайы...........................................................39
2.3 Президентті таңдаудың тәртібі және оны қызметтен босату......................45
2.4 Президент Әкімшілігі және басқа органдар.................................................47

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІ МЕН ПРЕЗИДЕНТТІҢ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ....................................................................58

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................64

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................

Файлы: 1 файл

КР ПРЕЗИДЕНТ дип.doc

— 519.50 Кб (Скачать файл)

24) осы Ережеде көзделген,  сондай-ақ оған Президент жүктеген  басқа да өкілеттіктерді жүзеге  асырады.

Әкімщілік Басшысы орнында  болмаған жағдайда оның міндеттерін  Әкімшілік Басшысы белгілеген орынбасарларының бірі атқарады.

Әкімшілік Басшысының орынбасарларын, Президенттің көмекшілерін, Президент Кеңсесінің бастығын, Президенттің кеңесшілерін, Әкімшіліктің жекелеген хатшылықтарының басшыларын қоспағанда, Әкімшілік құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын Әкімшілік Басшысының ұсынуы бойынша Президент қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

Әкімшілік Басшысының орынбасарлары, Президенттің көмекшілері, Президент  Кеңсесінің бастығы:

1) Президенттің, Әкімшілік  Басшысының актілері мен тапсырмаларының  орындалуын ұйымдастырады;

2) Президентті елдегі  істің жағдайы туралы хабардар етеді, оны ақпараттық-талдау материалдарымен қамтамасыз етеді;

3) Бөлініске сәйкес  өздерінің құзыретіне кіретін  мәселелер бойынша мемлекеттік  органдардың қызметін үйлестіреді;

4) Бөлініске сәйкес  Әкімшіліктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді жүзеге асырады, олардың мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;

5) Президент пен Әкімшілік  Басшысы белгілеген өзге де  функцияларды жүзеге асырады.

Президенттің кеңесшілері:

1) қадағалайтын саладағы істің жағдайы туралы Президентті хабардар етеді, оны ақпараттық-талдау материалдарымен қамтамасыз етеді;

2) Президент пен Әкімшілік  Басшысы белгілеген өзге де  функцияларды жүзеге асырады.

Президент міндеттердің бірінші кезектілігіне және маңыздылығына қарай осы ережеде көзделгендерден ерекше өзге де міндеттер мен өкілеттіктерді көмекшілері мен кеңесшілеріне жүктеуі мүмкін. Мемлекет басшысы көмекшілері мен кеңесшілерінің санын және олардың қызметінің бағыттарын айқындайды.

Әкімшіліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары:

1) құрылымдық бөлімшеге  жүктелген міндеттерді орындауды,  Президенттің актілері мен тапсырмаларын,  Әкімшілік Басшысының тапсырмаларын  уақтылы және егжей-тегжейлі орындауды  ұйымдастырады;

2) өз орынбасарлары  арасында міндеттерді бөледі, құрылымдық бөлімше мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

3) еңбекті ұйымдастыруды  және тиісті еңбек тәртібін  қамтамасыз етеді, сондай-ақ Әкімшілікте  белгіленген ережелерге сәйкес  іс қағаздарын жүргізуге жауап  береді;

4) Әкімшіліктің өзі  басқаратын құрылымдық бөлімшесінің  қызметкерін қызметке тағайындау  және қызметтен босату, оны көтермелеу  және тәртіптік жаза қолдану  туралы ұсыныстар енгізеді;

5) мемлекеттік органдар  құзырындағы ақпараттық мәліметтер  банкін белгіленген тәртіппен пайдалануға құқылы;

6) Үкіметтің отырыстарына, мемлекеттік және консультативтік-кеңестік  органдардың алқа отырыстарына  қатысуға құқылы;

7) Әкімшіліктің құрылымдық  бөлімшелерінің құзырына жатқызылған  мәселелер бойынша мемлекеттік  органдармен, лауазымды тұлғалармен және ұйымдармен қызметтік хат жазысуға құқылы;

8) Президент пен Әкімшілік  басшылығы белгілеген өзге де  функцияларды жүзеге асырады.

 Әкімшілік қызметкерлері  Әкімшіліктің алдында тұрған  міндеттерді шешу жөнінде өкілеттіктер  берілген мемлекеттік қызметшілер болып табылады.

 Осы Ережеде көзделген  функцияларды іске асыру үшін  Әкімшілік:

1) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне;

министрліктерге және өзге де орталық атқарушы органдарға;

облыстардың, республикалық  маңызы бар қалалардың және Республика астанасының әкімдеріне;

тиісінше сот төрелігін  жүзеге асыру, қылмыстық қудалау, анықтау, алдын ала тергеу және жедел іздестіру  қызметі функцияларын жүзеге асыруға  байланысты емес мәселелер бойынша  - Жоғары Сотқа, Бас прокуратураға, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне (қаржы полициясы); Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментіне (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратына);

Ұлттық Банкке, Республикалық  бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі  есеп комитетіне, Президентке тікелеей бағынатын және есеп беретін өзге де мемлекеттік органдарға тапсырма беруге;

2) мемлекеттік органдардан  және лауазымды тұлғалардан қажетті ақпарат, құжаттар мен өзге де материалдарды сұратуға және алуға құқылы.

Әкімшіліктің қажетті  ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды  беру жөніндегі мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар үшін міндетті болып табылатын тапсырмалары мен  сауалдарына, егер Әкімшілік өзгеше мерзім белгілемесе, оларды алған күннен бастап екі апта мерзімде жауап қайтарылады;

3) тиісті мемлекеттік  органдар мен лауазымды тұлғалардың  қызметін үйлестіру мен бақылауға,  Президент пен оның Әкімшілігінің  актілері мен тапсырмаларының орындалуына, оның ішінде Үкіметтің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, әкімдердің және мемлекеттің өзге де лауазымды тұлғалары актілерінің Конституцияға, Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкестігі мәніне тиісті тексерулер ұйымдастыруға;

4) Республика заңдарының, Президент актілері мен тапсырмаларының  орындалуы барысында анықталған  жолсыздықтар мен кемшіліктерді  жоюды талап етуге;

5) анықталған кемшіліктерді,  Қазақстан Республикасы заңдарының, Республика Президенті актілерінің сақталмауы және оның тапсырмаларының орындалмауы фактілерін болдырмау жөнінде ұсынымдар әзірлеуге;

6) тиісті лауазымды  тұлғалардың ауызша түсініктерін  тыңдау және жазбаша түсінік  берулерін талап етуге;

7) Әкімшілік жүргізген тексерулердің нәтижелерін Республика Президентіне жүйелі түрде баяндауға құқылы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Президентінің өзара іс-қимылының мәселелері

 

ҚР Конституциясының 64-бабына сәйкес Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асыратын атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды. Кез келген мемлекетте Үкімет атқарушы биліктің жоғары алқалық органы болып табылады.

ҚР Үкіметінің құқықтық мәртебесі ҚР Конституциясының V бөлімінде “Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы” 1995 жылы 18.10 Конституциялық заңда, ҚР 1997 жылы 24.02 және 1999 ж. 06.05, 2007 жылығы Конституциялық заңдарымен енгізілген өзгерутелер және толықтыруларымен бекітілген. Оларда ҚР Үкіметінің заңдарының табиғаты ашылды, оның мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі орны айшықталды және оның қызметі сипатталады. Атқарушы биліктің жоғары алқалық органы ретінде Үкімет мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады, ол оның өкілеттіктерімен қамтамасыз етіледі.

Үкімет министрліктердің, атқарушы биліктің комитеттері және басқа да орталық органдардың  жұмысының негізгі бағыттарын айқындайды және ұйымдастырады.

Атқарушы органдар жүйесін  басқара отырып, ҚР Үкіметі оның жүргізуіне ҚР Конституциясымен, конституциялық заңдармен заңдық күші бар Президент жарлықтарымен жатқызылған мәселелерді өз алдына дербес шешеді. Ол өз құзыреті шеңберінде Конституцияның ,республикалық заңдардың, ҚР Президенті жарлықтарының, ҚР халықаралық шарттарының орындалуын ұйымдастырады. Өзінің барлық қызметінде Үкімет Республика Президенті алдында жауап береді.

“Қазақстан Республикасының Үкіметі  туралы” Конституциялық заң Үкіметтің  құрылу тәртібін, құрамын, өкілеттік  мерзімін анықтайды және оның Президентпен, Парламентпен, жергілікті өкілді, сондай-ақ атқарушы органдармен қарым-қатынасын сипаттайды.

Үкіметті Республика Президенті құрады және Президент өкілеттігі шеңберінде қызмет етеді және жаңадан  сайланған Республика Президенті алдында  өз өкілеттігін доғарады (ҚР Конституциясы 70-б, 1-т). Дегенмен, Республика Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Республика Үкіметі өз міндеттерін атқара береді.

Президент Үкіметті Парламенттің қатысуымен  құрады. Бұл Премьер-Министрді Парламенттің келісімімен тағайындаудан көрінеді. Егер Президент Парламент ұсынған Премьер-Синистрді тағайындауға екі мәрте келісім бермегенде Парламентті тарата алады және жаңа сайлау тағайындайды. Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы ұсыныстарды Премьер-министр тағайындалғаннан кейін 10 мерзімде Премьер-Министр Республика Президентіне енгізеді. Үкімет мынадай құрамда құрылады:

  • Республика Премьер-Министрі;
  • Премьер-Министрдің орынбасары;
  • Республика Үкіметі Аппаратының жетекшісі;
  • Министрлер;
  • Республиканың мемлекеттік комитеттерінің төрағалары.

Қр Президенті Үкіметті Конституцияда көзделген тәртіппен  құрады.

Республика Премьер-Министрі тағайындалғаннан кейін он күн мерзім ішінде Премьер-Министр Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы Республика Президентіне ұсыныс енгізеді. Үкімет мүшелері Қазақстан халқы мен Президентіне ант береді.

Үкімет мүшелері өз құзыреті шегінде шешімдер қабылдауда дербестікке  ие, әрі өздеріне байланысты мемлекеттік органдардың жұмысы үшін ҚР Премьер-Министрінің алдында жеке-дара жауап береді. Үкіметтің жүргізіп отырған саясатымен келіспейтін немесе оны жүргізбейтін Үкімет мүшесі орнынан түсуге өтініш береді не ол лауазымынан босатылуға тиіс.

Үкімет мүшелерінің  өкілді органның депутаттары болуға, оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтерді қоспағанда, өзге де ақы  төленетін жұмысты атқаруға, кәсіпкерлік  іспен щұғылдануға, заңнамаға сәйкес өздерінің лауазымдық міндеттері болып  табылатын жағдайларды қоспағанда, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруге құқығы жоқ.

Премьер-Министр өзі  тағайындалғаннан кейін бір ай мерзім ішінде Парламентке Үкімет бағдарламасы туралы баяндама табыс етеді. Үкімет бағдарламасы қабылданбаған жағдайда Премьер-Министр екі ай ішінде бағдарлама жөнінде қайтадан баяндама табыс етеді. Республика Парламентінің Үкімет бағдарламасын қайта қабылдамауы әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екісінің көпшілік даусымен жүзеге асырылуы мүмкін және Үкіметке сенімсіздік вотумының білдірілгенін көрсетеді.

Заң егер өздеріне жүктелген  функцияларды одан әрі жүзеге асыруы мүмкін емес деп санайтын болса, Үкімет толық құрамда немесе оның кез  келген мүшесі Республика Президентіне өзінің орнынан түсуі туралы мәлімдеу мүмкіндігін қарастырады. Үкімет жүргізіп отырған саясатпен келіспейтіннемесе оны жүргізбей отырған Үкімет мүшелері де орнынан түседі.

Парламент Үкіметке сенімсіздік  вотумын білдірген жағдайда Президентке  өзінің орнынан түсетіні туралы Президентке мәлімдеуге тиіс. Президент орнынан түсуді қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселені он күн мерзімде қарайды. Орнынан түсуді қабылдау Үкіметтің немесе оның тиісті мүшесінің өкілеттігі тоқтатылғандығын білдіреді.

Үкімет өз қызметінде заңдылық, жариялылық, биліктерді бөлу және басқаркшылық кәсіпқойлық принциптерін басшылыққа алады.

Үкіметтің Президентпен қатынасы. Үкіметті Президент кұрады; ол Үкіметтің құрылымы мен құрамын бекітеді. Үкімет мүшелері Қазақстанның халқы мен Президентіне ант береді.

Үкімет өзінің бүкіл  қызметінде республика Президентінің  алдында жауапты болады. Үкімет өз бағдарламасының, Президент тапсырмаларының  орындалуы туралы өз қызметінің басқа  да бағыттары туралы Президентке  үнемі хабарлап тұрады. Үкімет Президент  актілерінің атқарылуын ұйымдастырады және ол актілерді министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдардың қалай орындап жатқанын бақылап отырады. Үкімет Президенттің Парламент Мәжілісіне заң жобасын енгізу жөніндегі тапсырмасын орындайды. Үкіметтің өзі де әлеуметтік-экономикалық және ғылыми -техникалық бағдарламалар жасап, оларды Президенттің бекітуіне ұсынады. Ол Президентпен заң шығару жұмыстарының жоспарларын келіседі. Президент Үкімет актілерінің қүшін түгелдей немесе ішінара тоқтатып қоя алады. Бұл жұмысты Президент өздігінен де, Бас прокурордың ұсынысымен де жүзеге асыруы мүмкін.

Үкіметтің Парламентпен қатынасы. Үкіметтің заң шығару жөнінде бастама білдіруге құқығы бар. Үкіметтің бұл құқығы Парламент Мәжілісінде ғана жүзеге асырылады, яғни Үкімет заң жобасын Мәжіліске тиісті қаулысын шығару арқылы енгізеді. Үкімет өзінің жұмысын Парламентте қабылданған конституциялық және жай зандарға сүйеніп құрады. Сондықтан Үкімет Конституцияны ғана емес, сонымен бірге заңдарды да орындауға, ол заңдарды министрліктердің, мемлекеттік комитеттер мен басқа да атқарушы органдарының орындауын бақылап отыруға тиіс. Үкімет жыл сайын республикалық бюджетті жасап, оны Парламенттің бекітуіне тапсырып отырады.

Үкіметтің министрліктермен, мемлекеттік комитеттер мен және өзге де органдармен қатынасы. Республика Үкіметі министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің және Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардын қызметіне басшылықты жүзеге асырады. Ол аталған органдардың Президенттің және Үкіметтің өзінің заңдары мен актілерін орындауын бақылайды, Үкімет министрліктер, мемлекеттік комитеттер және үкіметке кірмейтін орталық органдар туралы ережелерді, олардың құрылымын, орталық аппараттары мен жергілікті органдарын ұстауға республикалық бюджеттен бөлінетін қаржынын көлемін бекітеді. Бұған жатпайтын тек инвестициялық комитет қана. Ол үкіметке кірмейді. Оңың мәртебесін Үкімет емес, заң қабылдау жолымен Парламент анықтайды. Мұндай ерекшелік экономиканы өркендетудегі инвестициялардың айырықша маңызымен және инвестициялық қаржыларды бір органның қолында шоғарландыру қажеттігімен байланысты.

Информация о работе Қазақстан Республикасында президенттік институттың қалыптасу кезеңдері