Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Мая 2013 в 11:46, отчет по практике
Нарықтық экономикалы елдердiң, оның iшiнде Қазақстан Республикасының заңдары бюджет қаражатын жеке кәсiпорындарға қаржы және инвестициялық қолдау көрсетуге жұмсауға тыйым салады. Осыған сәйкес нақты жеке компанияларға қаржылық қолдау көрсету мемлекеттiк сыбайлас жемқорлықтың көрiнiсi ретiнде бағаланады. Тәжiрибе осындай көзқарастың дұрыстығын көрсеттi.
Әдетте, мемлекет нақты компанияларға тiкелей қаржылық қолдау көрсете алмайды және онымен айналыспауға тиiс, бiрақ экономиканың бәсекелестiк қабiлетiн арттыру мәселелерiнде, жеке кәсiпорындарды жаңғыртуға, инновациялық процестерге қатысуға және осы арқылы өзiнiң өндiрiстiк және бәсекелестiк әлеуетiн құруға және жақсартуға ұмтылуға ұйытқы әрi бастамашы болуы мүмкiн және болуы тиiс.
КІРІСПЕ..........................................................................................................3
1 НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1 Ұйымның жалпы сипаттамасы......................................................................6
1.2 Ұйымның есептеу – талдау қызметтерінің жұмысы..................................11
2 БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ .....................................12
2.1 Ағымдағы активтерді есепке алу: ақша қаражаттары және олардың эквиваленттері................................................................................................19
2.2 Ағымдағы активтерді есепке алу: алуға шоттар және өзге де дебиторлық қарыздар..........................................................................................................23
2.3 Қорларды есепке алу.................................................................................... 24
2.4 Негізгі қаражаттарды және материалдық емес активтерді есепке алу....29
2.5 Міндеттемелерді есепке алу........................................................................ 35
2.6 Еңбекті және оған ақы төленуін есепке алу...............................................36
2.7 Өзіндік капиталды есепке алу..................................................................... 37
2.8 Инвестицияларды есепке алу...................................................................... 40
2.9 Өндіруге кеткен шығындарды есепке алу.................................................. 41
2.10 Дайын өнімді шығару мен сатуды есепке алу....................................... 47
2.11 Қаржылық есеп беруді ұсыну.................................................................. 49
3. ЖЫЛДЫҚ ТҮГЕНДЕУДІ ЖҮРГІЗУ...................................................... 52
4 ТАЛДАМАЛЫҚ ЖҰМЫС.........................................................................54
5 ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҰМЫС.............................................................................. 59
6 САЛЫҚ САЛУ............................................................................................. 60
7 АУДИТ........................................................................................................... 61
7.1 Ақша қаражатының аудиті......................................................................... .63
7.2 Ұзақ мерзімді активтердің аудиті............................................................... 64
ҚОРТЫНДЫ................................................................................................ 66
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗМІ................................................68
ҚОСЫМША
Екіншіден, оперативтік немесе басқару есебі, сыртқа шығарылмай, ұйымның өз ішінде қолданылады. Оның қажеттілігі, оперативті басқару кезінде, кейбір жеке жұмыстар мен операцияларды жүргізу барысында, тікелей бақылауды қамтамасыз етуден туындайды.
Есептің негізгі түрі, меншік иелерін, акционерлерді, әкімшілікті, басқа да ұйымның және құрылымдық бөлімдерінің қаржылық – шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы ақпараттарды пайдаланушыларды өамтамасыз ететін бухгалтерлік есеп болып табылады, сонымен қатар, ол басқару шешімдерін қабылдаудың ақпараттық негізін құрайды.
Бухгалтерлік есепті жүргізудің басты мақсаттары: инвесторлардың, құрылтайшылардың, берушілердің, сатып алушылардың, қарыз берушілердің, мемлекеттңк органдардың, банктердің және де өзге де мүдделі тұлғалардың бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шұғыл басшылық жасау және басқару үшін, сондай – ақ пайдалану үшін қажетті; дара кәсіпкерлер мен ұйымдардың қаржылық жағдайы, қызмет нәтижелері және қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы толық әрі дұрыс ақпараттарды қалыптастыру; шаруашылық операцияларды жүзеге асыру және олар мақсатқа сай болған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуын бақылау үшін қаржы есептілігін ішкі және сыртқы пайдаланушыларға қажетті ақпаратпен қамтамасыз есту; шаруашылық қызметтің теріс нәтижесін болдырмау және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етудің ішкі шаруашылық резервтерін анықтау; материалдық, нңбек және қаржы ресурстарын оңтайлы пайдалана отырып, мүліктің болуы мен қозғалысына бақылау жасау болып табылады.
(Бухгалтерлік есепті жүргізу ережесі ҚР ҚМ 22 маусым 2007 жылғы №221 бұйрығымен бекітілген).
ҚР «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Заңына сәйкес жариялы мекемелер қатарына қаржылық ұйымдар, акционерлік қоғамдар (коммерциялық еместерін қоспағанда), жер қойнауын қолданушы ұйымдар (кең таралған пайдалы қазбаларды өндіретін ұйымдардан басқа) және жарғылық капиталында мемлекеттің қатысу үлесі бар ұйымдар, сондай – ақ шаруашылық жүргізу құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорындар жатады.
Бухгалтерлік есепте мәліметтерді жинау, тіркеу және өңдеу үшін келесі тәсілдерді қолданады: бастапқы құжаттарды деректі түрде жасау және көрсету, инвентаризациялау, ақшалай бағалау, калькуляция жасау, топтастыру, екі жақты есеп жүргізу принципін сақтау, баланс жасау.
Әдетте бухгалтерлік
есеп негізін үйрену үшін, ертеден
қалыптасқан әдістерді
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру, есеп саясатын құрудан басталады.
Есеп саясаты, ұйымда бухгалтерлік есеп пен қаржылық есепті жасау үшін қолданылатын нақты приниптерден, негіздерден, ережелерден, қағидалар мен тәжірбелерден тұрады («Бухгалтертік есеп пен қаржылық есептілік туралы» ҚРЗ).
Бухгалтерлік есеп жүйесі барлық қаржылық – шаруашылық операцияларын міндетті түрде құжаттаудан тұрады. Бухгалтерлік құжатты жасаған кезде жазылған кез келген жазу, немесе, оларды бухгалтерлік есеп регистірлер деп атайды, операцияның жүргізілгенін растайтын құжаттың болуын талап етеді. Оларға тауар құжаттары, төлемдік тапсырыстар, шоттар, актілер және басқалары жатады, бастапқы құжаттар деп аталады. Бұл құжаттар атқарылған операцияла мен оқиғалардың болғандығын растайды және онда құжаттың жасалған уақыты, ұйымның аты, операцияның атауы, құжатты жасаған жауапты тұлғалардың лауазымдары көрсетіліп, қолдары қойылады және т.т. Олардың бәрі құжат деректері (реквизиттер) деп аталады.
ХҚЕС пен ҚЕҰС құжаттың экономикалық мазмұны заңдылық формасынан гөрі басыңқы болу принциптерін басшылыққа алатынын атап өткен жөн. Олай болса, бұл талап, кейбір жекелеген жағдайларда, құжаттың бар жоғына қарамастан, экономикалық деректің есеп жүйесінде міндетті түрде көрсетілуге тиісті екенін көрсетеді. Алайда, соңынан есептегі жазбалар құжат түрінде қуатталуға тиіс. Мысалы, айталық, мекемеге тауар ертерек келіп, бірге жүретін құжаттар кешігіп қалды делік. Есепте тауардың ұйымға келіп түскендігі жайлы экономикалық дерегі сол күнгі уақытпен көрсетілуге тиіс.
Бастапқы құжаттардың барлығы, тәтіп бойынша, операция орындалған кезде жасалады. Қаржалақ құжаттар жайлы айрықша атап айту керек. Ондай құжаттарда қаржы қозғалысы көрсетіледі. Оларға, әдетте, кассалық және банктік құжаттар жатады. Олар міндетті түрде арнаулы журналдарда тіркелуге тиісті. Кассалық және банктік құжаттарға өзгерулер енгізуге тиым салынға.
Ұйым басшысы құжаттарға қол қоюға құқысы бар тұлғаларды анықтап, бұйрығымен бекітеді.
Құжаттардың қозғалысы, оларды жасау немесе сырт мекемелерден алу, есепке кіргізу, өңдеу, мұрағатқа жіберу, құжатайналысы деп аталады.
Берешектер борышы дегеніміз ұйымның алашағы, осыған сәйкес ұйымның берешегі алашақ қарызы деп аталады.
Ұйым есебінің нақты болуын қамтамасыз ету үшін, мүліктер мен қаржылық қоға тугендеу жасалады. Тугендеу – дегеніміз бухгалтерлік есептің бір тәсілі және арнаулы бір уақыттағы бухгалтерлік есеп көрсеткіштерін, нақты бар мүліктермен салыстыру болып табылады.
Ұйымның есеп саясатын дайындаған кезде, бас бухгалтер мен бухгалтерия кызметкерлерінің лауазымдық нұсқамасы қоса дайындалады, онда олардың орнындайтын жұмыстары, міндеттері, құқықтары мен жауапкершіліктері көрсетіледі.
Әрбір іс жүзінде атқарылған экономикалық факт шаруашылық операция деп аталады.
Өлшем бірліктерін пайдалану бухгалтерлік есепті жүргізудуің шаруашылық негізгі шарттарының бірі болып табылады. Өлшем бірліктерін қолдану арқала ұйымның қаржалақ –шаруашылық қызметтерінің өрісіне байланысты сандық, сомалық және басқа да көрсеткіштер анықталады. Өлшем бірілктері натуралдық, еңбек өлшемі және ақшалай өлшем бірліктері болып бөлінеді.
Натуралдық өлшемдер (кг, м, дана, м2 , м3 және басқалар) негізгі құралдар мен құндылықтарды, дайын өнімдерді және т.б. өлшеуі үшін қажет. Меншік түрлеріне қарамастан, натуралдық өлшемдердің көмегімен, олардың сақталуы бақылауға алынады, өнім дайындау барысында өндіру және сату көлемін анықтауға қолданылады. Өндірістік тапсырмалар мен есепптік көрсеткіштер салыстырылып және сараптаулар жүргізіледі.
Еңбек өлшемдер (сағат, күн, ай және т.б.) еңбек етуге кеткен уақытты аныөтауға мүмкіндік береді. Солардың негізінде нормалар белгіленіп, еңбек ақы есептеліп, еңбек өнімділігін анықтау үрдісінде пайдаланылады.
Ақшалай өлшем – ортақ көрсеткіш. Бұрын натуралды және еңбек өлшемдері түрінде есптелген шығындары, ұйымның мүліктік құқығының көлемі, ұлттық валюта арқалы (болмаса стандарт бойвыша көрсетілген, қолданыстағы басқа валюта) анықталып, сметалар, өндірістік тапсырыстар, есептер және баланстар жасаланады.
Шаруашылық қызметін қамтамасыз ететін объектілер құрамына төмендегілер кіреді:
Негізгі құралдар – ғимараттар, машиналар, құралдар, көлік құралдары, инвентарь және басқалар, олар шаруашылық қызметінде, сыртқы түрін өзгертпестен, ұзақ уақыт пайдаланылады (12 айдан артық). Бұл құрадлар бірте – бірте тозатындықтан, олардың бағасын өнімнің және қызметтің өзіндік құнына, пайдалы қолдану кезеңінің нормативтік мерзіміне сәйкес, арнаулы есептеп шығарылған амортизациялық нормалар бойынша біртіндеп қосуға болады.
Материалдық емес активтер – ұзақ мерзімде пайдаланылатын (1жылдан астам), бағалық құны бар және қолмен ұстауға жатпайтын объектілер (жер телімдерін, суды, тағы басқа табиғи ресурстарды пайдалану құқысы, патенттер, авторлық құқық, және басқа да мүліктік құқықтар, оның ішіне өнеркәсіптік және интелектуалдық меншіктер де кіреді). Материалды емес активтер де, негізгі құралдар сиақты,өндірілген жаңа өнімдер үшін жұмсалған шығындар құрамына өзінің бастапқы құнын, ұйым бекіткен норма бойынша амортизация түрінде біртіндеп беріп отырады.
Құндылқтар – шикізат, материалдар, құрамдас заттар, ыдыс, жанар май және басқалары өндірістік үрдіске бір ақ рет қатысады, сондықтан олардың құны толығымен жаңадан өндірілген өнімнің өзіндік құнына қосылады. Осы ерекшелігіне байланысты ұйым құндылықтарды тұрақты түрде сатып алып, толықтырып отыруға тиіс. Бұл топқа сонымен қатар, ұйымның құрылымдылығы аяқталмаған өндірістің қалдығы, дайын өнім мен тауарлардың құны кіреді.
Ақшалай қаражаттар – отандық және шетелдік валюта түрінде, есептегі, арнаулы есеп шоттағы, валюталық шоттағы, кассадағы ақшалар, сонымен қатар аккредивтер, чектер, бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар, векселдер) және басқада ақшалай қаражаттар.
Түсуге тиісті қаржылар – жөнделтілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көсетілген қызметтер, алған вексельдер үшін заңды және жеке тұлғалардың осы мерзімге дейін төлемеген жабдықтаушылардың берешек борыштары.
Жоғарыда атап өтілген шаруашылық қаржылардың барлығы, ұйым балансының активін құрайды. Енді шаруашылық қаржыларының қандай көздерден құралып, алынатынын талдап көрейік.
Жарғылық капитал – құрылтайшылардың (меншік иелерінің), акционерлердің, ұйымды құрған кезде жарғыда көрсетілген экономикалық үрдіске пайдалану үшін, үлес қосу мақсатында, құрылтай құжаттарына сәйкес салған қаражат көздері (негізгі құралдар құны, материалды емес активтер, құндылықтар мен ақшалай қаражаттар).
Пайда – есепті кезең басталып, аяқталғанға дейін ұйымның өнімді сатудан, орындаған жұмыстары мен көрсеткен қызметтерінен, құндылықтар мен басқа да активтерінен түскен табыс мөлшерінің шығынынан асқан бөлігі.
Пайда (залал) ұйымның есепті кезеңдегі барлық шаруашылық операцияларының бухгалтерлік есеп негізінде анықталған, қорытынды қаржылық есебінің нәтижесі болып табылады.
Резервтік капитал немесе
резервтер ұйымның пайдасы
Эмиссиялық табыс – орналастырылған немесе сатылған акциялардың номиналдық бағасынан тыс алынған сомалар.
Бөлінбеген пайда – өткен жылдардан алынған пайда, меншік иелері ұйымды дамыту үшін қалдырады, дивиденттер мен ұйымның қаржылық инвестиция және қаржылық қорының көзі болып табылады.
Меншікті капитал сонымен қатар, төленбеген капиталдың сомасы, өзге де резервтер және меншік иелерінен жинақталған қаражат көзделінен құрылады.
Бухгалтерлік есепті жүргізу кезінде қолданылатын әр түрлі тәсілдер мен амалдардың жиынтығы бухгалтерлік есеп әдісі деп аталады. Бұл әдіс біонеше элементтерден құралады, оның ішінде ең негізгілері құжаттандыру, инвентаризация, счеттар, екі жақты жазу принципі, баланс, есеп беру, бағалау және калькуляция жасау.
Құжаттандыру – атқарыдған операцияларды жазбаша түрде куәландыру. Бастапқы құжаттар ұйымның орындаған шаруашылық қызметін толық жіне үздіксіз түрде көрсетіп отырады.
Есепті құжаттарға қойылатын басты талаптар – ақпараттарды дер кезінде жасау, толық және дәлме – дәл көрсете отырып, ұйымның қаржылық – шаруашылық қызметіне алдын ала, ағымдағы бақылау жасауды қамтамасыз ету.
Құжаттарды рәсімдеу барысында жіберілген қателерді түзету тәртібі. Әсіресе бастапқы құжаттар мен есеп регистірлерінде жіберілген қателерді түзетуге баса назар аудару қажет. Мысалы, бастапқы құжаттар мен есеп регистірлерінің мәтіні мен сандық көрсеткіштерін өшіруге және ескертілмеген түзетулер енгізуге жол берілмейді.
Түгендеу. Ұйымның ішкі бақылау тәсілі ретінде, бухгалтерлік есеп жүйесіндегі қорғау принциптеріне негізделген, оның ішінде екі жақты жазу, баланстық топтастыру, бақылау, аналитикалық талдау және басқа функциялар кіреді. Сонымен қатар, инвентарларды, негізгі құралдарды, ақшалай қаржыны, өндірістік қорларды, ақшалай қаржыны, өндірістік құнжылықтар түріндегі материалды активтерді іс жүзінде тексеру немесе түгендеу принциптері кеңінен қолданылады.
Қазақстан Республикасы қаржы Министрінің 22 маусым 2007жылғы №221 «Бухгалтерлік есепті жүргізу Ережесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, бухгалтерлік есеп деректерінің дәлдігін қамтамасыз ету мақсатында, мүліктер мен ақшалай қаржылардыжылына кем дегенде бір рет түгендеп отыру қарастырылған. Іс жүзінде кей кәсіпкерлер, мекеме басшылары және ұйымның меншік иелері бұл қағиданы естерінен шығарып, түгендеу жұмыстарын тек қана қажетті шара деп санайды. Ал шындап келгенде түгендеу тек қана ішкі шаруашылықтық бақылаудың құрамдас бөлігі ғана емес, сонымен бірге өндірістік резервтерді табуға, ұйым мүлкінің талан – таражға түсуінің алдын алып, қажетсіз шығындарға жол бермеудің амалдарын қолдануға мүмкіндік береді.
Түгендеу жолдары төмендегі жағдайларға байланысты, міндетті түрде жүргізіледі:
Счеттар мен екіжақты жазу. Бухгалтерлік счеттар дебет және кредит деп аталатын екі бөліктен тұрады. Актив счеттарындағы операция дебет бойынша көрсетілсе, онда ол оның көбейгенін, ал кредит бойынша көрсетілсе кемігенін білдіреді. Ал пассив счетында ол керісінше болады. Счеттың дебеті көрсеткіштің азайғанын, ал кредиті көбейгенін көрсетеді. Мысалы: әлі жіберілмеген тауарлар үшін, алдын ала ақшасы келіп түсті делік. Ондай жағдайда ақшалай қаржыла счетының дебеті ұлғаяды, яғни, басқа мекеменің ұйымынан алшақ қарызы көбейеді. Сонымен қатар ол ақшалай қаржы көздерін көбейтеді. Тауар жіберілгеннен кейін, оның ақшалай көлемі азаяды, ол актив счетының кредитінде көрсетіледі, сонымен қатар, ұйым міндеттері счетының дебеті осы сомаға ұлғаяды және ол алашақ қарыздардың немесе міндеттердің өтілгенін көрсетеді.