Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Мая 2013 в 11:46, отчет по практике
Нарықтық экономикалы елдердiң, оның iшiнде Қазақстан Республикасының заңдары бюджет қаражатын жеке кәсiпорындарға қаржы және инвестициялық қолдау көрсетуге жұмсауға тыйым салады. Осыған сәйкес нақты жеке компанияларға қаржылық қолдау көрсету мемлекеттiк сыбайлас жемқорлықтың көрiнiсi ретiнде бағаланады. Тәжiрибе осындай көзқарастың дұрыстығын көрсеттi.
Әдетте, мемлекет нақты компанияларға тiкелей қаржылық қолдау көрсете алмайды және онымен айналыспауға тиiс, бiрақ экономиканың бәсекелестiк қабiлетiн арттыру мәселелерiнде, жеке кәсiпорындарды жаңғыртуға, инновациялық процестерге қатысуға және осы арқылы өзiнiң өндiрiстiк және бәсекелестiк әлеуетiн құруға және жақсартуға ұмтылуға ұйытқы әрi бастамашы болуы мүмкiн және болуы тиiс.
КІРІСПЕ..........................................................................................................3
1 НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1 Ұйымның жалпы сипаттамасы......................................................................6
1.2 Ұйымның есептеу – талдау қызметтерінің жұмысы..................................11
2 БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ .....................................12
2.1 Ағымдағы активтерді есепке алу: ақша қаражаттары және олардың эквиваленттері................................................................................................19
2.2 Ағымдағы активтерді есепке алу: алуға шоттар және өзге де дебиторлық қарыздар..........................................................................................................23
2.3 Қорларды есепке алу.................................................................................... 24
2.4 Негізгі қаражаттарды және материалдық емес активтерді есепке алу....29
2.5 Міндеттемелерді есепке алу........................................................................ 35
2.6 Еңбекті және оған ақы төленуін есепке алу...............................................36
2.7 Өзіндік капиталды есепке алу..................................................................... 37
2.8 Инвестицияларды есепке алу...................................................................... 40
2.9 Өндіруге кеткен шығындарды есепке алу.................................................. 41
2.10 Дайын өнімді шығару мен сатуды есепке алу....................................... 47
2.11 Қаржылық есеп беруді ұсыну.................................................................. 49
3. ЖЫЛДЫҚ ТҮГЕНДЕУДІ ЖҮРГІЗУ...................................................... 52
4 ТАЛДАМАЛЫҚ ЖҰМЫС.........................................................................54
5 ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҰМЫС.............................................................................. 59
6 САЛЫҚ САЛУ............................................................................................. 60
7 АУДИТ........................................................................................................... 61
7.1 Ақша қаражатының аудиті......................................................................... .63
7.2 Ұзақ мерзімді активтердің аудиті............................................................... 64
ҚОРТЫНДЫ................................................................................................ 66
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗМІ................................................68
ҚОСЫМША
Бухгалтерлік есептің жалпы қабылданған қағидаларына сәйкес негізгі құралдардың бастапқы құны - бұл негізгі қүралдарды сатып алуга, жүргізуге, өңдеуге немесе жақсарту үшін негізгі құралдарды сатып алумен, жеткізумен немесе жақсартумен тікелей байланысты, арнайы пайдалану үшін қажетті жағдайда орнатуды қоса есептегендеғі барлық шығындарды қамтитын төленген сомалар.
Негізгі құралдардың
құрылысы шаруашылық немесе мердігерлік
әдіспен жүргізіледі. Капитал құрылысы
бойынша келісімшартта
Ұйымның бас бухгалтериясы әрбір мердігер бойынша
төленген аванстардың сомасы есебінде
бөлек дербес шоттар ашады. Капитал құрылысы
бойынша жүргізілетін шығындар есебі
негізгі құралдардың сәйкес топтары арқылы
жүргізіледі. Келісімшарт қосымшаларымен
бірге құрылыс және жөндеу бойынша мердігерлік
жұмыстармен қатар тарифтерді, калькуляцияларды,
еркін сметалық есеп айрысуларды бас бухгалтер
немесе оның бухгалтерия басшылары тексеріп,
қолдарын қоюлары керек.
Ұйым қарыздың нақты сомасын төлеу нұсқауларымен
қатар, негізгі құралдарды кірістеудің
нүсқауларын береді, сонымен бірге келесі
жағдайларды көрсетеді:
- негізгі құралдардың жалпы сомасын;
- амортизациялық аударым әдісін;
- пайдалану мерзімі мен аударылған амортизация мөлшерін;
- өтімділік қүнын;
- негізгі құралдарды өндірістік және өндірістік
емес салада
пайдалануын.
Егер құрылыс компания алған материалдар есебінен жүргізілсе, онда бөлімше материал құнын төлеу үшін материал алуға мердігердің хаты мен сенім хатының жазбаша көшірмесін банкке жібереді. Егер күрделі жөндеу қызметінің мерзімін көбейтсе, жүргізілген жұмыстар немесе негізгі құралдардың көрсеткіштері айтарлықтай жақсарса, одан оған кеткен шығындарға мыналар жатады:
• ғимарат және құрылыс бойынша:
Дт 1652 «Жер үйлер және ғимараттар»
1860 «Басқа да дебиторлар»
Кт 1851 «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу» - ҚҚС сомасында.
• автомобиль көлігі бойынша:
Дт 1654 «Өзге негізгі құрал-жабдықтар»
Кт 1860 «Басқа да дебиторлар»
1851 «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетгі төлемдер бойынша есеп айырысу» - ҚҚС сомасында.
Негізгі қүралдардың тозуы. Амортизацилық
аударымдар мен негізгі қүралдарды қайта
бағалау құны өндірістің ағымдағы жылға
қабылдаған бухгалтерлік есеп (есеп саясаты)
әдістеріне сәйкес жүргізіледі.
ХҚЕС сәйкес амортизацияларды есептеу
үшін келесі әдістер қолданылуы мүмкін:
құнды бір қалыпты (түзу сызық-ты) есептен
шығару, құнды орындалған жұмыс көлеміне
үйлесімді түрде есептен шығару (өндірістік
әдіс), құнды сан бойынша есептен шығару
(шоғырланымдық әдіс), қалдықтың кему әдісі.
Қүнды бір қалыпты (түзу сызьіқты)
есептен шығару әдісі. Осы әдіске
сәйкес объектінің амортизацияланатын
қүны оны пайдалану мерзімі ішінде
бір қалыпты есептен
Егер келешекте негізгі
болса, онда өндіріс өткізу сомасына келесі
өткізбелерді жүргізеді:
Дт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»
Кт 4852 «Негізгі кұрал-жабдықтарды- және
материалдық емес
активтерді өткізуден түскен табыс».
Бұзу және қайта жөндеу нәтижесінде алынған бөлшектер, байлаулар мен басқа да материалдық құндылықтар комиссляның бекіткен құнымен кірістеледі:
Дт 1602 «Басқа тауар-материалдық қорлар»
Кт 4920 «Басқа да кірістер».
Негізгі қүралдарды түгендеу
Негізгі құралдардың нақты қолда болуын анықтау және олар-дың сақталуына бақылау жасау мақсатында нормативтік, құқықтық және басқа да актілерге сәйкес негізгі құралдарға түгендеу жасалынады.
Бухгалтерлік есепте материалдық емес активтердің анықтамасы негізгі құралдардың анықтамасына сәйкес келеді, яғни жай қызметтер үрдісінде сатуға арналмаған және ұзақ мерзімге пайдалану мақсатымен сатып алынады.тЕгер оларды пайдаланудан болашақта табыс алынады деген ықтималдылық болса және егер оларды сенімді бағалауға болатын болса ғана олар танылады.
Халықаралық қаржылық есеп
беру стандарттарына сәйкес (ХҚЕС) материалдық емес активтер
басқа тараптарға жалға өткізу немесе
әкімшілік мақсаттар үшін өндірісте немесе
тауарлар мен қызмет көрсетуде физикалық
мәні жоқ сәйкестендірілетін ақшалай
емес активтер болып табылады.
Сонымен қатар материалдық емес активтер
ретінде ішкі пікірді қалыптастыруға,
жарияланатын атауларды, клиенттердің
тізімі және сәйкес сипаттың ұқсас баптарын
қабылдаудың қажеті жоқ. Патенттер, авторлық
құқықтар, франшизалар, тауар таңбалары,
ұйымдық және жедел шығындар айтарлықтай
кең тараған материалдық емес активтер
болып табылады.
Материалдық емес активтерді бағалау
кезінде бастапқы құн принципі қолданылады.
Яғни материалдық емес активтер, активтерді
сатып алумен байланысты барлық шығындарды
қосатын сатып алу құны бойынша бағаланады. Сатып алу кұны - бұл барлық төлемдер
немесе алынған активтердің ағымдағы
нарықтың құны. Материалдық емес активтерді
есепке алу кезінде өте маңызды сұраққа
материалдық емес активтерді пайдалану
мерзімін анықтау жатады. Қызмет ету мерзімін
анықтағанда келесі факторлар ескерілу
қажет:
• қызмет ету мерзімін ең жоғары
шектейтін заңды, реттеуші
және келісілген ереже;
• болжалды қызмет мерзімін
өзгертуі мүмкін жаңарту немесе
ұзарту үшін шарттар;
• қызмет ету мерзімін азайтатын
тозу, сұраныс және басқа да
экономикалық факторлар;
• жұмыстардың орындалуының
күтілген мерзімге сәйкес
келетін қызмет мерзімі;
• материалдық емес активтің
бар бәсеке қабілеттілігін
шектейтін бәсекелестердің және басқа
да субъектілердің
күтілген әрекеті;
• материалдық емес активтердің
жиынтығына кіретін басқа
активтердің қызмет ету мерзімі.
Материалдық емес активтердің құны активтердің қызмет ету мерзімінде жүйелі түрде жазылу керек. Материалдық емес активтердің амортизациясы оның пайдалы қызмет ету мерзімі жүйелік негізде жүзеге асырылады. Амортизацияны пайдалану әдісі активтердің экономикалық тиімділігін банктерде пайдалану моделің сипаттау керекі Егер мұндаи үлгі нақты анықталған болмаса, амортизацияшя теңбе тең аудару әдісін пайдалану керек. Материалдық емес активтердің тиімді қызмет ету мерзімің қарастыру керек. Халыкаралық стандартқа сәйкес материалдық емес активті пайдалануда оның ағымдық, баланстық құны кәсіпорын үшін экономикалық тиімділігін жоғарылатуы мүмкін. Бұндай жағдайда амортизациялық емес қүнды жазу керек және активтің бағамын азайтуды көрсететін шығынды мойындау керек. Сату кезінде айырбастауда немесе материалдық емес активтердің қандаң да басқа жолымен келуі, түсімнен пайданы сипаттай 'отырып материалдық емес активтің шотымен оның амортизациялык емес қүны жазылу керек. Материалдық емес активтерде келесідей бухгалтерлік жазулар жасалынады:
• алынған материалдық емес төлемге:
Дт 1856 «Күрделі қаржы салымы бойынша дебиторлар»
Кт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»
2010 «Сыйақы аудармай талап еткенге дейінгі депозиттер»
• материалдық емес активтерді кірістегенде:
Дт 1659 «Материалдық емес активтер»
Кт 1856 «Күрделі қаржы салымы бойынша дебиторлар»
2856 «Күрделі қаржы салымы бойынша кредиторлар»;
• амортизацияларды есептеу:
Дт 5788 «Материалдық емес
активтер бойынша амортиза-
циялық аударымдар»
Кт 1699 «Материалдық емес активтерге есептелген аморіизация»;
• есептелген амортизация
сомасына материалдық емес актив-
терді есептен шығару кезінде: .
Дт 1699 «Материалдык емес активтерге есептелген амортизация»
Кт 1659 «Материалдық емес активтер»;
• қалдық құнға:
Дт 5852 «Негізгі құрал-жабдықтарды және материалдық емес активтерді сату шығыстары»
Кт 1659 «Материалдық емес активтер»
Дебиторлык берешек
деп көрсетілген қызмет, жабдыктаушыларға
тауарлар және қызмет көрсстулері және
т.б. үшін алдын ала төлем жүргізу нәтижесінде
туындаған банк әріптестерінің қарызын
айтады.
Күрделі қаржы жұмсалымы бойынша дебиторлык
берешек ссебі жондеу-кұрылыс материалдары,
жабдықтар мен құрал-саймандар үшін жабдықтаушылармен;
есеп айырысу, сатып алу және күрделі жұмсалым
мен күрделі жөндеу бойынша шығындар үшін
есеп беретін адамдарга аванс нәтижесін
көрсететін І856 «Күрделі салымдар бойынша
дебитсрлар» баланстык шотында жүргізіледі.
Қандай да болмасын шаруашылық субъектілерін олардың қандай салада қызмет атқаратындығына қарамастан алып қарайтын болсақ, олардың барлығының да міндеттемелері болады. Кез келген өндірісен айналысатын субъекті сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттар мен материалдар үшін жабдықтаушыларының алдында міндетті болса, саудамен айналысатын шаруашылық субъектісі сол сататын тауарларын жеткізіп беруші яғни жабдықтаушы субъектінің алдында міндетті болуы мүмкін. Тіпті өндіріспен де саудемен де айналыспайтын субъектілердің өзі қарамағында жұмыс істейтін жұмысшы қызметкерлерге олардың істеген еңбегі үшін, сондай – ақ бюджетке түрлі салықтар үшін қарыз немесе оның алдында міндеттемесі болуы мүмкін. Қазіргі таңда қаржының жетіспеушілігінен банктер, банктен тыс мекемелерден, шетелдерден қарыз, несие алып өздерінің жұмысын жандандырып жатқан, сондай – ақ міндеттемелерін ешктен тыс көбейтіп алып, оны қайтаруға мүмкіншілігі болмай жабылып, аукционға салынып, сатылып жатқан субъектілер көптеп кездеседі. Осы айтылғандар туралы толық түсінік беретін қаржылық есептің ең негізгілерінің бірі болып саналатын тақырыптардың бірі – міндеттемелер есебі.
Міндеттемелер есебі қаржы – шаруашылық қызмет бас шоттар кестесінің алтыншы міндеттемелер деп алынатын бөлім шоттарында есептелініп жүргізіледі. Бұл бөлімде
3010 «несиелер»
3520 «алдағы кезең кірістері»
3030 «дивидендтер бойынша есеп айырысу»
3110 «бюджетпен есеп айырысу»
3320 «еншілес (тәуелді) серіктестікпен есеп айырысу»
3410 «бюджеттен тыс төлемдер бойынша есеп айырысу»
3510 «алынған аванстар»
3310 «жабдықтаушы мердігерлермен есеп айырысу»
3350 «басқа да несиелік борыштар бойынша есеп айырысу» -
Деп аталатын бас шоттарының тиісті бөлімше шоттары орналасқан.
Мысалы. Компания бөлшек сауда арқылы сатылған тауарлардан алынған түсімнің 5% сатушыларға комиссиялық сыйақы ретінде төлейді. Тамыз айында бөлшек сауда түсімі 1 220 000теңгені құрады. Есептелген комиссиялық сыйақылар келесі айда төленеді.
Комиссиялық сыйақы есептеу операциясын көрсетіп, комиссиялық соманы есептеуге тиіспіз.
Тамыз айындағы сыйақы мөлшері: 1 220 000 * 5%=61 000 теңге
Бөлшек сауда сатушыларына тамыз айында есептелген комиссиялық сыйақы. Дт 7110 61 000 теңге
Кт 3350
Еңбекақының мәнін қарастырған кезде оның жалдамалы жұмыскерлерге, яғни өз еңбегі үшін ақы алатын адамдарға қатысты екенін ескеру қажет. Ал экономикалық категория ретінде еңбек ақы деген не? сұрағы тууы мүмкін.
Еңбекақы - бұл жалдамалы жұмысшының табыс алу элементі, өзіне қатысты еңбек ресурсын экономикалық жүзеге асыру нысанының құқығы. Сонымен бірге жұмыс берушіге, яғни еңбек ресурсын өндіріс факторларының бірінің сапасын жақсарту үшін, сатып алушыға жалдамалы жұмысшыларға еңбек ақыны төлеу өндіріс шығындарының элементтерінің бірі болады.
Нарықтық экономика жағдайында еңбекақы көлеміне нарықтық және нарықтық емес бірқатар факторлар әсер етеді.
Нарыққа өткеннен кейін еңбек ақыға қатысты жаңа қатынастар пайда болады. Яғни, нарық ресурсы болатын еңбек нарығы пайда болады. Оның субъектілері ретінде мыналар болады: жұмыс беруші (жеке кәсіпкер, біріккен кәсіпкерлер). Олар белгілі еңбек ресурсы санына сұраныс білдіреді. Сонымен бірге жалдамалы жұмысшылар – еңбек ресурсының меншіктері. Олар еңбек нарығындағы еңбек ресурсының сапалы санын ұсынады. Ал объекті, ол белгілі бір уақыт аралығында сапалы еңбек ресурсы санын қолдану құқығы болады.
Еңбек бірлігінде нарықтық баға - уақыт бірлігіне нақты кәсіби сипаттамасы бар келісім шартқа негізделген және ақы мөлшерлемесі. Маркс бойынша жалақы мөлшерлемесі жұмысшы күшінің құнымен анықталады,яғни жұмыс күнін жақсы өндіру үшін қажетті тұтылу тауарлары, қызметтері және өмір қаражаттары. Бірақта қазір нарықтық экономикасы дамыған елдерде жалақы мөлшерлемесі өндіруші минимумынан асып кетеді және ол сол елде, салада нақты сападағы еңбек ақы деңгейінен құрылады. Одан басқа жалақы мөлшерлемесін кейде «теңестіру айырмашылығы» деп айтуға болады – төлемдер, жұмыс орнын ауыстырғандағы айырмашылақтарды көрсетеді.