Отчет по практике в бухгалтерии

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Мая 2013 в 11:46, отчет по практике

Описание работы

Нарықтық экономикалы елдердiң, оның iшiнде Қазақстан Республикасының заңдары бюджет қаражатын жеке кәсiпорындарға қаржы және инвестициялық қолдау көрсетуге жұмсауға тыйым салады. Осыған сәйкес нақты жеке компанияларға қаржылық қолдау көрсету мемлекеттiк сыбайлас жемқорлықтың көрiнiсi ретiнде бағаланады. Тәжiрибе осындай көзқарастың дұрыстығын көрсеттi.
Әдетте, мемлекет нақты компанияларға тiкелей қаржылық қолдау көрсете алмайды және онымен айналыспауға тиiс, бiрақ экономиканың бәсекелестiк қабiлетiн арттыру мәселелерiнде, жеке кәсiпорындарды жаңғыртуға, инновациялық процестерге қатысуға және осы арқылы өзiнiң өндiрiстiк және бәсекелестiк әлеуетiн құруға және жақсартуға ұмтылуға ұйытқы әрi бастамашы болуы мүмкiн және болуы тиiс.

Содержание работы

КІРІСПЕ..........................................................................................................3
1 НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1 Ұйымның жалпы сипаттамасы......................................................................6
1.2 Ұйымның есептеу – талдау қызметтерінің жұмысы..................................11
2 БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ .....................................12
2.1 Ағымдағы активтерді есепке алу: ақша қаражаттары және олардың эквиваленттері................................................................................................19
2.2 Ағымдағы активтерді есепке алу: алуға шоттар және өзге де дебиторлық қарыздар..........................................................................................................23
2.3 Қорларды есепке алу.................................................................................... 24
2.4 Негізгі қаражаттарды және материалдық емес активтерді есепке алу....29
2.5 Міндеттемелерді есепке алу........................................................................ 35
2.6 Еңбекті және оған ақы төленуін есепке алу...............................................36
2.7 Өзіндік капиталды есепке алу..................................................................... 37
2.8 Инвестицияларды есепке алу...................................................................... 40
2.9 Өндіруге кеткен шығындарды есепке алу.................................................. 41
2.10 Дайын өнімді шығару мен сатуды есепке алу....................................... 47
2.11 Қаржылық есеп беруді ұсыну.................................................................. 49
3. ЖЫЛДЫҚ ТҮГЕНДЕУДІ ЖҮРГІЗУ...................................................... 52
4 ТАЛДАМАЛЫҚ ЖҰМЫС.........................................................................54
5 ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҰМЫС.............................................................................. 59
6 САЛЫҚ САЛУ............................................................................................. 60
7 АУДИТ........................................................................................................... 61
7.1 Ақша қаражатының аудиті......................................................................... .63
7.2 Ұзақ мерзімді активтердің аудиті............................................................... 64
ҚОРТЫНДЫ................................................................................................ 66
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗМІ................................................68
ҚОСЫМША

Файлы: 1 файл

предипломная практика.doc

— 480.50 Кб (Скачать файл)

- төтенше жағдайлар болған кезде;

- негізгі құралды және тауарлы-материалдық  қорларды  қайта бағалауда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.ЖЫЛДЫҚ ТҮГЕНДЕУДІ ЖҮРГІЗУ

 

«Барлей» мейрамханасында түгендеу жылдық түгендеу туралы бұйрық шыққаннан кейін жүзеге асырылады. Бұйрықта көрсетілген белгілі мерзімде есептік жылға түгендеу жүргізілуі тиіс. Бұл түгендеуді директордың орвнбасары немесе бас бухгалтер ұйымдастырады. Осы лауазымды адам тугендеу жүргізілуінің комиссия төрағасы болып табылады. Осы жылдықтүгендеудің дұрыс және уақытылы орындалуын кәсіпорын басшысы қадағалайды.  

Мемлекеттік мекемелер  түгендеуді мынадай мерзімдерде:

1) машиналар мен жабдықтарды, көлік құралдарын, аспаптарды, өндіріс пен шаруашылық құрал-саймандарын, материалдық емес және өзге де ұзақ мерзімді активтерді - жылына кемінде бір рет 1 қыркүйектен кешіктірмей;

2) ғимараттарды, құрылыстарды, өтпелі құрылыстар мен басқа да жылжымайтын активтер объектілерін (жер учаскелерін, көпжылдық өскіндер мен басқа да жер шаруашылығымен тығыз байланысты, оларды ауыстыру, олардың арнаулы мақсаттарына байланысты шығынсыз болмайтын объектілерді) - жылына кемінде бір рет 1 қыркүйектен кешіктірмей;

3) кітапхана қорларын - бес жылда бір рет, сондай-ақ тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері белгілеген мерзімдерде;

4) жұмыс істейтін және өнім беретін малдарды, малдың төлдерін және бордақыдаға малдарды, құстарды, үй қояндарын, терісі бағалы аңдарды, омарталарды, сондай-ақ тәжірибелік жануарларды - тоқсанына кемінде бір рет;

5) аяқталмаған құрылыс - жылына кемінде бір рет, бірақ 1 желтоқсаннан кешіктірмей;

6) оқу, ғылыми және басқа мақсаттарға арналған материалдарды, шаруашылық материалдарын және кеңсе мүліктерін, дәрі-дәрмектер мен байлап-таңу заттарын, отынды, жанар және жағар материалдарын, мал азығы мен жемдерін, ыдыстарды, жолүсті материалдарын, машиналарға арналған қосалқы бөлшектер мен жабдықтарды, өзге де материалдарды, арнайы киімді және өзге де жеке пайдаланатын заттарды - бір жылына кемінде бір рет, бірақ 1 қазаннан кешіктірмей;

7) тамақ және спирт өнімдерін - тоқсанына кемінде бір рет;

8) өндірістік (оқу) шеберханаларындағы және қосалқы (оқу) шаруа қожалықтарындағы аяқталмаған өндірісті және өзіндік жартылай фабрикаттарды, ұйымдармен шарттар бойынша орындалатын аяқталмаған ғылыми зерттеу жұмыстарын - есепті жылдың 1 қазанынан кешіктірмей, және бұдан басқа, кезең-кезеңмен тиісінше бюджеттік бағдарламалар әкімшілері белгілейтін мерзімде;

9) қымбат бағалы металдар мен қымбат бағалы тастарды - 1 қаңтардағы және 1 шілдедегі жағдай бойынша жылына екі рет;

10) ақшаны, ақша құжаттарын, құндылықтар мен қатаң есептегі бланктерді - мемлекеттік мекеменің басшысы белгілеген мерзімдерді, бірақ тоқсанына бір реттен кем емес;

11) ақша қаражаты мен олардың баламаларының есеп шоттарындағы қозғалыстар мемлекеттiк мекемелердiң бухгалтерлiк қызметтерiнiң деректерi бойынша тиiстi шоттарда есепте тұрған сомалардың қалдықтарын қазынашылықтың құрылымдық бөлімшелердің есептi нысандары бойынша деректермен және қызмет көрсететiн екiншi деңгейлi банктердiң үзiндi жазбаларымен салыстыру жолымен - мемлекеттік мекеменің басшысы белгілеген мерзімдерді, бірақ тоқсанына бір реттен кем емес жүргiзiледi;

12) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылатын міндетті әлеуметтік аударымдар бойынша, жинақтаушы зейнетақы қорларына аударылатын міндетті зейнетақы жарналары бойынша бюджетке төленетін төлемдер бойынша, депоненттермен есеп айырысуларды - тоқсанына кемінде бір рет;

13) әр түрлі дебиторлармен және кредит берушілермен есеп айырысуларды - жылына екі реттен кем емес;

14) баланстың басқа да баптарын - 1 қаңтардағы жағдай бойынша - жүргізуге міндетті.

Бұрын жыл бойында жоспардан тыс тексеруге ұшыраған құндылықтар, сол сияқты белгіленген мерзімде түгендеуге жатады.

Түгендеу жүргізу үшін мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығымен тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрылады, түгендеу жүргізудің бастау және аяқтау мерзімдері белгіленеді.

Комиссия бас бухгалтердің тікелей қатысуымен мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің арасынан құрылады.

Түгендеу комиссиясы бас бухгалтерді қоса алғанда, мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің арасынан кемінде 3 адам құрамында құрылады.

Түгендеу комиссиясын мемлекеттік мекеменің басшысы немесе оның орынбасары басқарады.

Мемлекеттік мекеменің басшысы белгіленген мерзімде есептеу объектілерінің іс жүзінде болуын толығымен және нақты тексеру үшін жағдайлар қамтамасыз етеді.

Үлкен номенклатуралық құндылығы бар мемлекеттік мекемелерде аралық түгендеу кезеңінде мемлекеттік мекеме басшысының өкімі бойынша материалдық құндылықтарды оларды сақтау және қайта өңдеу орындарында таңдаулы түгендеу жүргізіледі.

 

 

 

 

 

 

 

  1. ТАЛДАМАЛЫҚ ЖҰМЫС

Төмендегі кестеден компанияның өндіретін негізгі өнім түрлерінің жоспарды орындауын көреміз.

 

Өнім атауы

Жоспарланған есеп кезеңінде

Нақты есеп беру кезеңінде

Жоспар орындалуы

 

Л

Л

%

Макси чай (көк шайы)

10000

8500

85

Макси чай (қара шайы)

8200

8600

104,9

«Funky» лимонады

7600

7600

100,0

«Torpeda» энергетикалық сусыны

5000

6500

130,0

Sevens ауыз суы

10000

10800

92,6

«Сок Березы» шырыны

19200

18200

94,8

«Dellos» сусынндары

18371

18400

100,2

«Milk Up» жеміс – сүтті сусыны

16800

17000

101,2

Барлығы

95171

95600

100,5


Бұл кестеден компания жоспарды орындау коэфициенті 100,5% құрағанын көреміз. Жоспарды орындауда «Torpeda» энергетикалық сусыны ең жоғары көрсеткіш 130,0% болса, Макси чай (көк шайы) жоспар көрсеткішіне жетпей 85% құраған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі технологиялық құрал-жабдықтар.

№ П/п

Атаулары

Түрлері

Сандары

Өнімділігі

Өңдеуші - зауыт

Көлемі, см

Өлшем жылы

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Сүрыптау жабдығы

 

3

1840л

Станд. емес

d-250см

1999

2

Қысым беру жабдығы

 

5

3556

Станд. емес

h-180см

1999

3

Суландыру құрылысы

ШЗВФА

12

8000 л/тәул

3-д, «прогресс»

d-70см h-100 см

1997

4

Бұрыштық бағана

ГСШ-10

12

8000л

3-д, «прогресс»

d-70 см h-430 см

1997

5

Ротаметр

 

4*6

30 – 60

уақ /ұз

Арзамас

   

6

Доведши чан

 

6

5120

Станд. емес

Станд. емес

1997

7

Фильтр-прес «Прогрес»

Прогресс ПР

1

600 л/сағ

3-д, «прогресс»

   

1

2

3

4

5

6

7

8

8

Құрылғы

ХВ-040-2

3

3-6 куб м/сағ

Бийск қ.

   

9

Құю автоматы

ВАР-ˆ

2

6000 л/сағ

     

10

Қораптағы өнімдерді тексеру машинасы

БАЗ

3

6000 л/сағ

Черкасы

   

11

Этикеттілік автоматы

ВЭМ-6

2

6000 л/сағ

Черкасы

   

12

Моноблок

раратуа 24/6

1

6000 л/сағ

Турция

   

13

Этикеттілік автомат

ехтрайх

1

6000 л/сағ

Италия

   

14

Видеоджет

37Е

1

США

     

15

Термоқондырғы автомат

FOPNKS 60/50

2

Турция

     

16

Термотуннель

TOSA та -1-2

1

Турция

     

17

Бу қазаны

ДКВР 2,5/13

2

2,5 т/сағ

Бийск қ.

   

18

Тазалау бөліміндегі ыдыстар

 

2

1500л

     



 

«Galanz Bottlers» акционерлік қоғамының технико-экономикалық көрсеткіштері төменгі кестеде ұсынылған.

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2010 ж

2011 ж

Ауытқуы

+, -

%

1

2

3

4

5

6

7

1

Өткізілген өнім көлемі

мың тг.

251907

307690

55783

122

2

Өткізілген өнімнің өзіндік құны

мың тг.

168818

193264

30446

118

3

Жалпы табыс

мың тг.

89089

114426

25337

128

4

Кезең шығындары

мың тг.

74003

93769

19766

126

5

Негізгі қызметтен түскен табыс

мың тг.

15086

20657

5571

136

6

Негізгі емес қызметтен түскен табыс

мың тг.

9706

13070

3364

134

7

Салық салынғанға  дейінгі табыс

мың тг.

24792

33727

8935

136

8

Таза табыс

мың тг.

17354

23609

6255

136

9

Жұмыскерлер саны

адам

109

122

13

111

10

Жұмысшылар саны

адам

89

106

17

119

11

Жылдық еңбекақы қоры

мың тг.

18712

22258

3546

118

12

Негізгі өндірістік қорлардың жылдық орташа құны

мың тг.

84767

91760

6993

108

13

Қор қайтарымдылығы

тг

2,97

3,35

0,38

112

14

Қор сиымдылығы

тг

0,33

0,29

-0,04

87

15

1 теңгеге өткізілген өнімге шаққандағы шығын

тг

0,94

0,93

0,01

98

16

Өнім рентабельділігі

%

7,3

8,2

0,9

-

17

Өндіріс рентабельділігі

%

8,6

9,4

0,8

-

18

Сату рентабельділігі

%

6,8

7,6

0,8

-


Кестедегі көрсеткіштерді талдау барысы:

 Жоғарыда көрсетлігендей өткізілген өнім көлемі 2011 жылы 55783 мың теңге 1,2есе артып отыр. Бұл кәсіпорынның дайын өнімінің өткізудегі алған жылжуын көрсетеді.

Өткізілген өнімнің өзіндік құны 2011 жылы 30446 мың теңгеге өскенін көреміз. Бұл негізінен өндірілген өнім көлемі және жалпы шикізат бағалары сондай-ақ еліміздегі инфляцияның деңгейінен болуы мүмкін.

Жалпы табыс сәйкесінше есепті жылы 28%-ға яғни 25337 мың теңгеге өскен.

Кезең шығындары көптеген  кәсіпорындарда кезең шығындарының төмен болуын қадағалап, бақылап отыру қазіргі кезең талабы. Осыған сәйкес қарастырып отырған кәсіпорынымызда бұл шығын түрі 26%-ға өскенін аңғарамыз. Алдағы кезеңдерде кәсіпорын басшылығы кезең шығындарын төмендетуге көңіл бөлуі мүмкін.

Есепті жылы 5571 мың теңгеге өсіп, 136%-ді құрады. Яғни негізгі қызметінің табысы 1,3 есеге өскен.

Алкогольсіз сусындар өндіріп, оны өткізуден басқа да қызметтен түскен табыс 3364 мың теңгені көрсетті. Уақытша бос ғимараттар мен транспорттық құралдарын жалға беру есебінен де біршама кірістер алып отыр. Олар есепті жылы 34%-ға өсіп, 13007,0 мың теңге болған.

Кәсіпорынның таза табысы, салыққа дейінгі табыстан коорпоративті  табыс салығын алғаннан кейін шығады. Бұл көрсеткіш 2011 жылы 23609 мың теңге, яғни 2010 жылмен салыстырғанда 6255 мың теңгеге артқан. Бұл кәсіпорын тиімді жұмыс жасау барысын көрсеттеді.

Таза табыс базалық жылы 17354 мың теңгені құраса, есепті жылы 23609 мың теңгені құраған. Яғни есепті жылы 36%-ға өскен.

2010 жылы жұмыскерлер саны 109, ал жұмысшылар саны 89 болса, есепті жылы жұмыскерлер саны 122, ал жұмысшылар саны 106-ға өскен. Осымен қатар жылдық еңбекақы қоры базалық жылға қарағанда есепті жылы 18%-ға өскен.

Компания негізгі өндірістік қорларына көңіл аударудың негізінде, оларды тиімді пайдалануды жолға қойған. Соның нәтижесінде реконструкция жасалынған. 2011 жылы  негізгі өндірістік қорлардың жылдық орташа құны 91760 мың теңгені құрап, 2010 жылмен салыстырғанда 6993 мың теңгеге артқан.

Негізгі өндірістік қордың 1 теңгесіне өнімнің 2010 жылы 2,97 теңгеден, ал 2011 жылы 3,35 теңгеге жоғарылаған. Яғни 12%-ға өскенін көреміз.

Қор қайтарымдылығына кері көрсеткіш -0,04  теңгеге төмендеген (87%),  бұл кәсіпорынның көрсеткішінің оң бағытта екенін көрсетеді.

2010 жылы 1 теңгеге 94 тиын болса, 2011 жылы 93 тиынды құрап, 1 тиынға төмендеген (98%). Шығындарды басқару бойынша бұл көрсеткіштің төмендегені нәтижеге оң әсер береді.

Кәсіпорын өндірген өнімдерінің қаншалықты табысты екенін анықтау үшін - өнім рентабельділігін табамыз. Аталған кәсіпорын бойынша өнім рентабельділігі 0,9 өскен. Негізгі өндірістің табыстылығын таза табысты негізгі және айналым қорларының қатынасы арқылы табамыз. «Барлей» мейрамханасының негізгі өндірісінің табыстылығы 0,8-ге өскен.

Информация о работе Отчет по практике в бухгалтерии