Отчет по практике в АҚ «АТФБанк»

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Июня 2015 в 07:59, отчет по практике

Описание работы

«АТФ» АҚ құрылымымен және банк бөлімдерінің қызметтерімен танысу
Банктегі аналитикалық және синтетикалық есебі. Төлем-тапсырмалармен есеп айырысу.
Жеке және заңды тұлғалардың салымдарының операцияларымен танысу. Несиелендіру бойынша ұйым жұмыстары.
Банктің эмиссиялық операциялары. Жарғылық және резервтік капиталдың есебі
Банктегі статистикалық, қаржылық есептіліктің түрлері мен құрылымы. Банк қызметінің қаржылық нәтижелерін талдау

Файлы: 1 файл

АТФ отчет.doc

— 2.54 Мб (Скачать файл)

        11 жылдың  ішінде АТФ Банк барлық банктік  қызмет сферасында едәуір табысқа  жетті және қазіргі типтің  қуатты қаржылық тобына айналды.

         «EUROMONEY» әлемдік жетекші басылымы  АТФБанкке «Корпоративтік басқару  саласында Еуропаның дамушы елдері қатарындағы үздік банк» атағын берді. Ал 2005 жылдың қарашасында «EUROMONEY» әлемдік жетекші басылымы корпоративтік басқару бойынша АТФБанкті «Қазақстан Республикасының үздік қаржы институты және Қазақстанның шағын және орта бизнесі үшін үздік банк» деп таныды.

         2005 жылы  Қазақстан Ұлттық тұтынушылар  лигасы, 2005 жылғы жұмыс қорытындылары  бойынша АТФБанкті - Қазақстанның  кіршіксіз бизнес кәсіпорындар  қауымдастығының мүшесін «Кіршіксіз»  халықтық сапа белгісімен және  «Қазақстанның шағын және орта бизнесін дамытуға көрсеткен қолдауы үшін» сертификатымен марапаттады.

           «АТФБанк» АҚ басшылығы бизнес  жүргізудің жаңа жолдарын және  еліміздің жетекші қаржы институтының  жаңа фирмалық стилін ұсынды: «АТФБанк - сенімді өркендеу банкі!».

          2004 жылы АТФБанк «Отан» ашық жинақтаушы зейнетақы қорының» негізгі акционерлерінің бірі болды және «Кредиттік бюролар және кредиттік тарихтарды қалыптастыру туралы» заңға сәйкес Қазақстанда бірінші кредиттік бюро құрылды. «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС-тің құрылтайшыларының бірі «АТФБанк» АҚ болды.

         «АТФБанк»-тің филиалдары тек  қана Қазақстанның қалаларында  емес, біздің еліміздің тыс жерлерінде  де орналасқан. Қырғыстан Республикасында- АҚ «АТФБанк-Қырғыстан», Ресей Федерациясында (Омскте)- ОКБ ЖАК «Банк Сибирь» және Мәскеуде ресми өкілділігі жұмыс атқарады.

         2005 жылдың қыркүйек айында Қырғыз  Республикасының қолданыстағы заңнамасына  сәйкес, АТФБанктің, жалпы алғанда, «Энергобанк» ААҚ-тың (Қырғыз Республикасы) 72,92% акцияларын сатып алу туралы мәмілелер жасады.

         2005 жылы  қазан айында «Қазақстан  Республикасы Қаржы нарығын және  қаржы ұйымдарын реттеу мен  қадағалау агенттігі» мен Ресей  Федерациясы Орталық банкінің  берген рұқсатнамаларына сәйкес  АТФБанк» АҚ-тың Мәскеуде (Ресей  Федерациясы) ресми Өкілдігін ашты.

         Сондай-ақ сол жылы қараша айында  «АТФБанк» АҚ және «Сибирь»  ОКБ ЖАҚ (Ресей Федерациясы) акционерлері  арасында АТФБанктің «Сибирь»  банкінің 100 % акцияларын сатып алуы  туралы келісімге қол қойылды.

        «АТФБанк»  актив көлемі бойынша Қазақстанның қаржы институтында алдыңғы орында. 1 сәуірдің 2007 жылы банктің активі 7 миллиард  918 миллион доллар АҚШ құрды, өзіндік капиталы 522 миллион 160 мың доллар АҚШ, ал табыс 6 миллион 187 мың доллар АҚШ құрды.

          2007 жылы Орталық және Шығыс Еуропада коммерциялық банктік операциялар жүргізуге арналған ЮниКредит Групп (UniCredit Group) бөлімшесі Кредитанштальт (ВА-СА) Австрия Банкі «АТФБанк» АҚ шығарған акционерлік капиталдың жалпы санынан 91,8% сатып алу үдерісін аяқтады. Мәміленің мөлшерлі бағасы 2,117 млн. АҚШ долларын құрады (ағымдағы бағам бойынша 1,452 млн. еуроға жуық). UniCredit Group-ол көлемі бойынша Европадағы екінші қаржылық институт. Бұл топ 20 елде орналасқан, 7200 бөлімі бар және 35 миллион клиентке жұмыс атқарады.  2006 жылдың аяғында жиынтық актив 823 млрд. евроны құраған.

        АТФБанк  шығыс, азиялық және АҚШ инвесторлар  арасында жұргізуші басты банк  болып саналады, себебі 2004 жылы АТФБанк  халықаралық рынокқа 5 басылым еврооблигацияны  шығарды және 1,150 миллион доллар АҚШ сомасында бағалы қағаздарды орналастырды. Ал 2006 жылдың мамыр айында АТФБанк 5 басылымдағы еврооблигацияны 144А(Ruless144A)   ережесі бойынша және  S(Regulations)  жағдайы бойынша 350 миллион доллар АҚШ орналыстырды. Сонымен қатар АТФБанк 10 қарашада 2006 жылы 100 миллион доллар АҚШ сомасында жедел облигацияны орналастырды.

          АТФБанк  Visa, EuroCard/MasterCard, Diners Club, JCB, American Express төлем карточкаларымен жұмыс  атқарады. VISA-International халықаралық төлем  жүйесі, өзіндік логотипі бар халықаралық төлем карталарын мен Altyn локальді картасын шығарды.

        2007 жылдың 28 желтоқсанында №239 Мемлекеттік  лицензиясында операциялардың келесідей  түрлерін жүргізуге құқық береді:

        1.Банктік  операцияларды ұлттық және шетел валютада:

    • Жеке және заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банк

шоттарын ашу және жүргізу;

    • Банктердің және банк операцияларының  жекелеген түрлерін жүзеге

асыратын  ұйымдардың корреспондеттік шоттарын ашу және жүргізу;

    • Жеке және заңды тұлғалардың метал шоттарын ашу және жүргізу;
    • Касса операциялары: қолма-қол ақшаны ұсақтау, айырбастау, қайта

санау,сұрыптау, буу және сақтауды қоса отырып, қабылдау және беру;

    • Аударым операциялары: төлемдер мен ақша аударымдары бойынша заңды және жеке тұлғалардың тапсырмаларын орындау;
    • Банктік заем операциялары: төлем жасалу, мерзімдік және қайтарылу

шартымен ақшалай кредиттер беру;

    • Шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру;
    • Банкнотталарды, монеталарды және құңдылықтарды инкассациялау;
    • Төлем құжаттарын инкассоға қабылдау;
    • Аккредитивті ашу мен растау және ол бойынша міндеттемелерді

орындау;

    • Лизинг қызметін жүзеге асыру;
    • Құрамында алтын металдар мен асыл тастар бар зергерлік

бұйымдарды сатып алу, кепілге қабылдау;

    • Вексельдермен жасалатын операцияларды орындау;
    • Факторингтік операциялар;
    • Форфейтинг операциялары;
    • Сенім операциялары орындау;
    • Сейфтік операциялар: клиенттердің бағалы қағаздарын, құжаттар мен құңдылықтарын сақтау.

            2. Бағалы қағаздар рыногындағы  қызметті жүзеге асыру:

    • Номиналы ұстаушы ретінде бағалы қағаздар рыногында

клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және дилерлік қызметіне №0401100649;

    • Кастодиандық қызметін атқаруға №0407100197.

 

АҚ «АТФБанк»-тің  акционерлер тізімі (01.01.2011) ж:

Акционерлердің толық атауы

Орналасқан акциялардың қатысу үлесі, %

Жай акциялардың үлесі,%

ЮниКредит Банк Австрия АГ

 

99,622%

 

99,712%

Басқа акционерлер  5%-дан төмен

  0,378%

0,288%


 

2007 жылдың қараша айында  Европадағы жүргізуші қаржылық  топ ЮниКредит Банк Австрия  АГ АТФБанктен 95,6% жай акцияларын және 84,9% орналасқан акциялардың үлесін сатып алды.

          АТФБанктің филиалдары еліміздің 17 экономикалық маңызы бар қалаларында  орналасқан. Бұл қалаларда жалпы 127 офистері жұмыс істейді.

          АТФБанктің бас филиалы Республикамыздың  орталық қаржы центрында, яғни Алматы қаласында, Фурманова көшесі, 100 мекен-жайы бойынша орналасқан. Ал Қарағанды қаласының бас филиалы Ерубаева көшесі 14 мекен-жайында орналасқан.

 

№ п/п

Филиалдардың атауы

Барлық қос. офистер

Олардың ішінде

ЦБО

АТФ

Бизнес

РЦ

VIP-центр

1

Филиал АҚ "АТФБанк"  Астана қ

14

4

 

9

1

2

Филиал АҚ "АТФБанк"  Көкшетау қ

2

1

1

3

Филиал АҚ "АТФБанк"  Алматы қ

21

7

1

12

1

4

Алматы облысының филиалы  АҚ "АТФБанк"     ( Каскелен қ)

5

5

5

Филиал АҚ "АТФБанк"  Атырау қ

7

6

 

1

6

Филиал АҚ "АТФБанк"  Актөбе қ

7

 

1

6

7

Филиал АҚ  "АТФБанк"  Ақтау қ

5

2

1

2

8

Филиал АҚ "АТФБанк"  Орал қ

5

1

4

9

Филиал АҚ "АТФБанк" Өскемен қ

13

4

1

8

10

Филиал АҚ "АТФБанк"  Семей қ

9

3

 

6

11

Филиал АҚ "АТФБанк"  Павлодар қ

5

1

4

12

Филиал АҚ "АТФБанк"  Шымкент қ

10

7

3

13

Филиал АҚ "АТФБанк"  Тараз қ

4

2

2

14

Филиал АҚ "АТФБанк" Қарағанда қ

7

2

 

5

15

Филиал АҚ "АТФБанк" Қостанай қ

7

5

 

2

16

Филиал АҚ "АТФБанк" Қызылорда қ

3

1

2

17

Филиал АҚ "АТФБанк"  Петропавл қ

3

2

 

1

Барлық филиалдар саны - 17

127

53

4

68

2


 

        2010 жылы  АТФБанктің филиалдары келесідей  өзгеріске ұшырады: 3 қосымша офистер  өзгертілді, 9 қосымша офистер жабылды  және 3 қосымша офистер ашылды.

        АҚ  АТФБанк әмбебап банк болып табылады, ол барлық банктік қызметтерді табысты дамытып, соның ішінде экспорттық-импорттық операцияларды қаржыландыруға аса маңызды көңіл аударады.

        Жалпы  қаржылық құрылым, есептік-кассалық, өкілдік және ішкі корпоративтік  сфера банктік қызметтің келесі пунктерінен тұрады:

  • Банктің корпоративтік клиенттерімен жұмыс атқару;
  • Халықпен жұмыс жасау саясаты;
  • Ақша айырбастау;
  • Халықаралық қызметтер;
  • Несие рыногы;
  • Валюта рыногы;
  • Бағалы қағаздар, депозиттер;
  • Бағалы қағаздар операциялармен қызмет көрсету;
  • Инвестициялық программа.

           Директорлар кеңесі АТФБанк қызметіне  жалпы басшылық жүргізеді."АТФБанк" АҚ Басқармасы оперативті басқаруды  және АТФБанктің стратегиялық  жоспарларын жүзеге асырады, 6 адамнан  тұрады. Директорлар кеңесінің Төрағасы: Эрик Хэмпел.  Директорлар кеңесі Төрағасының орынбасары: Карло Вивальди.  Директорлар кеңесінің мүшелері: Стефан Винкельмайер, Ромео Коллина.  Тәуелсіз директорлар: Роберто Тимо, Альберто Роззети болып табылады.

 

Ромео Коллина

2010 жылғы қазан айынан  бастап "АТФБанк" АҚ-тың Басқарма Төрағасы қызметін атқарады. Ол Италия, Рим қаласы “Universita´La Sapienza” оқу орнын Экономика мамандығы бойынша үздік бітіргендігі жөнінде дипломға ие. Коллина мырза қызмет мансабын 1981 жылы «Banco di Roma» банкінде түрлі басқарушылық лауазымдарда бастады және Бөлшек сауда, Банктің инвестициялық қызметі, Коммерциялық ұйымдарға коммерциялық қызмет көрсету, Корпоративтік клиенттерге банктік қызмет көрсету, Саудалық қаржыландыру, Қазынашылық және қарыз капиталы нарықтары, Кредиттік тәуекелдіктерді басқару, Шетелдік желі, Корреспонденттік қарым-қатынастар жүйесі, Итальяндық және шетелдік желілер үшін саудалық қаржыландыру өнімдері, Бөлімшеаралық қарым-қатынас/заңды тұлғалардың ынтымақтастығы және ШОБ-пен байланысты қосымша бизнес, Корпоративтік және халықаралық интернационалдау процесі үшін жауапты болды.

26 жыл ішінде Коллина  мырза «Banco di Roma» банкінде Римде, Лондонда, Нью-Йоркте және Чикагода  жұмыс атқарды. 2007 жылы Ромео Коллина  мырза UniCredit Banca di Roma (UBdR) банкінде Халықаралық нарықтар департаментінің директоры болды. 2008 жылы Коллина мырза Австрия Банкінде ОШЕ-дегі Бөлшектік сауданы өңірлік басқарудың директоры лауазымына тағайындалды. Сонымен қатар, 2009 жылдан бастап "АТФБанк" АҚ-тың Директорлар кеңесі мүшесі.

 

Фон Гляйх Кристоф Александер Ханс-Юрген

Басқарушы директор, 2008 жылғы тамыздан бастап Басқарма мүшесі.

Экономист-заңгер мамандығы бойынша Фридрик Вильгельм атындағы Рейн Университетін бітірді.

1995 жылдан 1998 жылға дейін  ЕҚББ (Еуропалық қайта құру және  даму банкі) Ресейлік шағын бизнесті қолдау қорында аға банк кеңесшісі жұмысын атқарды.

1998 жылдан 2003 жылға дейін - Грузия, Тбилиси Прокредит Банкінің  Бас директоры. 2003 жылы Украина  Прокредит Банкінің бас операциялық  директоры лауазымында жұмыс  атқарды.

2003 жылдан 2006 жылға дейін - қаржыландыру бойынша Халықаралық қаржы корпорациясының Дүниежүзілік банкінде инвестициялар бойынша аға кеңесші, IFC.

2006 жылдан 2008 жылға дейін - «Банк Каспийский» Басқарма  Төрағасының бірінші орынбасары.


Сеитова Мухаббат Болатқызы

Басқарушы директор, 2007 жылғы 12 наурыздан Басқарма мүшесі.

1994 жылы неміс және  ағылшын тілдері мамандығы бойынша  Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық  институтын бітірді. 1997 жылы қаржы  және кредит мамандығы бойынша  Еуразия нарық институтын бітірді. Сеитова ханым банктік қызметін 1994 жылы ӘлемБанкінің Ақтөбе облыстық басқармасында бастады. 1996 жылдан бастап 1999 жылға дейін «ҚазкоммерцБанк» ААҚ Ақтөбе филиалында валюта бөлімінің бастығы, фронт-офис басқармасының бастығы лауазымдарын атқарды. 1999 жылдан бастап 2004 жылғы дейін «ҚазкоммерцБанк» ААҚ Петропавл филиалы директорының м.а. «АТФБанк» АҚ-та 2004 жылдан бері филиалдармен жұмыс бойынша басқарманың өңірлік директоры, Ақтөбе қ. филиалының директоры, Алматы қ. филиалының директоры лауазымдарында жұмыс атқарады.


Иван Радойчич

Басқарушы директор, Басқарма мүшесі

2001 жылы Сербия, Белград  БК Университетінің Сауда және  Банктік менеджмент факультетін  бітірді.

Банктік қызметін 2001 жылы Societe Generale Yugoslav Bank-те бастап, Бөлшек желі (RM) клиенттерімен жұмыс бойынша менеджер, жарнама және қарым-қатынастар бойынша менеджер, Жарнама және қарым-қатынастар департаменті бастығының орынбасары лауазымын атқарды.

 

2003 жылдан 2006 жылға дейін  Сербия және Монтенегро HVB Bank-те  Бөлшек желі (RM) клиенттерімен жұмыс бойынша менеджер, Прайвит Бизнес департаменті бастығы, Бөлшек бизнес басқармасы бастығы лауазымдарында қызмет атқарды.

2006 жылдан бастап бөлшек  бизнес, ШОБ және Прайвит Банкингке  жетекшілік ететін UniCredit Bank Serbia (бұрынғы  Сербия мен Монтенегро HVB Bank) Басқарма мүшесінің лауазымында қызмет атқарды.

Информация о работе Отчет по практике в АҚ «АТФБанк»