Отчет по практике в АҚ «АТФБанк»

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Июня 2015 в 07:59, отчет по практике

Описание работы

«АТФ» АҚ құрылымымен және банк бөлімдерінің қызметтерімен танысу
Банктегі аналитикалық және синтетикалық есебі. Төлем-тапсырмалармен есеп айырысу.
Жеке және заңды тұлғалардың салымдарының операцияларымен танысу. Несиелендіру бойынша ұйым жұмыстары.
Банктің эмиссиялық операциялары. Жарғылық және резервтік капиталдың есебі
Банктегі статистикалық, қаржылық есептіліктің түрлері мен құрылымы. Банк қызметінің қаржылық нәтижелерін талдау

Файлы: 1 файл

АТФ отчет.doc

— 2.54 Мб (Скачать файл)

 

АТФБанк- корпоративтік (1 жылдан 3 жылға дейін)

сома/күн

730

1095

жылдық

%

(%)*

%

(%)*

KZT

               

(100 мың. - 100 млн.)

8,01

7,70

8,82

8,10

USD

               

(1 мың. - 700 мың.)

5,94

5,80

6,52

6,10

EURO

               

(5 мың. - 500 мың.)

4,26

4,20

4,94

4,70


    

     2010 жылдың 30 желтоқсан  және 2009 жылдың 31 желтоқсан қорытындылары  бойынша заңды тұлғалардың салымдарының  тіркелген сомасы (KZT)

Салым түрі

30.12.2010 ж

31.12.2009 ж

Жедел салымдар

239 271 247

178 015 928

Талап етілгенге дейінгі салымдар

99 562 025

96 828 843

Барлығы

338 833 272

274 844 771


 

     2010 жылы АТФБанкке  заңды тұлғалар  338 833 272 теңге ақша қаражатын орналастырған. Бұл 2009 жылға қарағанда заңды тұлғаларының салым сомасы 63 988 501 теңгеге өскен.

 

7.2 Жеке тұлғалардың салымдарының операциялар ұйымы

     АТФБанк  жеке тұлғалар салымы рыногында 4-ші орын алады. Депозиттік қоржын көлемі 2011 жылғы 1 қаңтарда 131 979 млн. теңгені құрады, депозиттік қоржынның өсімі 69 097 млн. теңгені құрады. Банктің UniCredit құрамына енуі халықтың салымын ұлғайтуға айтарлықтай мүмкіндік туғызды, өйткені ірі еуропалық Банктің және топтың беделі мен рейтингісі біздің халықтың салым қауіпсіздігіне үлкен сенім туғызды.

     АТФБанктің  жеке тұлғаларына ұсынатын депозит  түрлері:

«АТФ-Лидер»

«АТФ-Престиж»

«АТФ-Перспектива»

«АТФ-Корпоративный»

«АТФ-Классик»

     Депозит түрлері  әрқайсысының шарттары мен мүмкіндіктері  бойынша ерекшеленеді. АТФБанктің  қосымша артықшылығы:

  • Салымшының шотында 500 АҚШ доллар ақша сомасы болса, VISA-

Electron пластикалық картасын, жылдық қызмет көрсету үшін бірінші жылға комиссиондық төлемісіз алады.

     «АТФ-Лидер»  депозиті бойынша жеке тұлғалармен  жасалады:

  • Банк салымшылары, яғни депозит иелері немесе депозит ашушылар

келесідей пластикалық карталарын ала алады:

  • VISA-Classic  салым сомасы 500-1000 АҚШ долларына дейін
  • VISA-Gold салым сомасы 1000 АҚШ долларынан астам болса

Депозиттің артықшылығы:  

    • ай сайынғы капиталдандырумен сыйақы төлеу – депозит бойынша сыйақы ай сайын депозит сомасына қосылып отырады, депозит валютасын шарттың қолданыс мерзімі ішінде сыйақыны жоғалтпай өзгерту мүмкіндігі, есептелген сыйақыны жоғалтпай шартты мерзімінен бұрын тоқтату.

      Депозит  мерзімі: 12айдан 5 жылға дейін.

      Депозиттің  ең төменгі сомасы:  45000тг немесе 400АҚШ долларынан бастап.

     Бөлшектеп  алу мүмкіндігі: төмендетілмейтін  қалдықты қолдау шартында сыйақыны  жоғалтпай.

     Толтыру мүмкіндігі: шектеусіз.

     Сыйақы мөлшерлемесі: Теңгеде: 12ай – 10,0%;13-36ай – 11,0% 

                                            АҚШ долларында: 12ай – 7,5%, 13-36ай – 8,5%;

                                    Еурода: 12ай – 5,5%; 13-36ай – 6,5%; 37-60 – 6,5%

     «АТФ-Классик»  депозиті бойынша :

     Депозиттің  артықшылығы: 

    • депозит бойынша сыйақы сомасы банктік салым келісімшартының мерзімінің соңында төленеді, келісімшарт 1жылдан астам уақытқа жасалса, депозит бойынша сыйақы әр квартал сайын төленеді.

      Депозит  мерзімі: 1айдан 10 жылға дейін.

      Депозиттің  ең төменгі сомасы:10000тг немесе 100АҚШ долларынан бастап.

      Бөлшектеп алу мүмкіндігі: қарастырылмаған.

      Толтыру  мүмкіндігі: қарастырылмаған.

      Сыйақы  мөлшерлемесі: жылдық 10%

      «АТФ-Перспектива»  депозиті:

     Депозиттің  артықшылығы:  

    • белгілі бір үшінші тұлғаның атына банктік          шот ашу мүмкіндігі; шартты мерзімінен бұрын бұзған жағдайда, сыйақыны төлеудің икемді схемасы.

       Депозит  мерзімі:  3жылдан 10 жылға дейін.

       Депозиттің  ең төменгі сомасы:  75000тг немесе 500АҚШ долларынан бастап.

       Бөлшектеп  алу мүмкіндігі: қарастырылмаған.

      Толтыру  мүмкіндігі: мөлшерін 15000тг немесе 100АҚШ  доллар/еуро кем емес, шектеусіз.

    Сыйақы мөлшерлемесі: Теңгеде: 3жыл – 10,0%; 5жыл – 10,5%;10жыл –11,0%.

                          АҚШ долларында: 3жыл – 6,5%, 5жыл  –7,0%;10жыл -7,5%

                        Еурода: 3жыл– 5,5%; 5жыл – 6,0%; 10жыл – 6,5%

    АТФБанкте жедел  және талап етілгенге дейінгі  салым түрлері бар.

    Талап етілгенге  дейінгі салымдарды чектік салымдарда  деп атайды. Талап ету салымдары  түрінде қаржы тарту кезінде  банк пен салымшы арасында келісімшарт жасалады. Талап етілгенге дейінгі депозит шотының ерекшеліктіріне мыналарды жатқызуға болады:

  • ақшаны салуға немесе алуға шектеудің болмауы;
  • ақша шоттан қолма-қол түрде сондай-ақ чек көмегімен алынуы мүмкін;
  • шот иесі банктің тұрықты айлық мөлшерде немесе әрбір жазылған чек

үшін комиссия төлейді;

  • Ұлттық Банкке ең аз резервтің мерзімдік депозиттермен салыстырғанда

үлестің сақталуы.

      Жедел салым- бұл классикалық салым, тіркелген ақша сомасы және салымның мерзіміне байланысты табыс табуға және қаражаттарды сенімді сақтайды.

«Жедел» салымның сыйақы ставкасы

Салым мерзімі   (күнге және жылға)

30

90

180

1

3

5

Мың теңге

%

> 15 -750)

0,51 

3,06 

6,10 

8,80 

9,10 

9,96

> 750 -1500)

0,53

3,08

6,30

8,90

9,30

9,98

> 1500          

0,55

3,10

6,50

9,00

9,50

10,00

Мың доллар АҚШ

%

> 0.1 - 5)

0,51

0,88

5,10

6,30

6,80

6,96

> 5 - 10)

0,53

0,90

5,30

6,40

6,90

6,98

> 10

0,55

10,92

5,50

6,50

7,00

7,00

Мың евро

%

> 0.1 - 5)

0,78

0,79

3,80

4,80

5,30

5,81

> 5 - 10)

0,80

0,81

3,90

4,90

5,40

5,83

> 10

0,82

0,83

4,00

5,00

5,50

5,85


 

     Талап етілгенге  дейінгі салымдар- жедел емес  салым, салым сомасы мен мерзімі  шектеусіз, ақша қаражатын еркін  басқаруға мүмкіндік береді.

 «Талап етілгенге  дейінгі» салымның пайыздық ставкасы

Валюта түрі

%

тенге > 2 000)

0.50

 доллар АҚШ > 15)

0.50

 Евро > 15)

0.50


 

     Кіріс және  шығыс операциялар есебінен салым  қаражаты қалдығынан, сыйақы күнделікті  есептелінеді.

«Талап етілгенге дейінгі» салымның тиімді ставкасы

Валюта түрі

%

тенге > 2 000)

0,5

 доллар АҚШ > 15)

0,5

 Евро > 15)

0,5


 

7.3 Төлем карточкалары бойынша операциялар ұйымы. 

      «АТФБанк»  АҚ Интернет арқылы оңай және  сенімді банктік қызмет көрсету  жүйесін ұсынады. Интернет бойынша  банктік қызмет көрсету «АТФБанк» www.atf24.kz сайтында жүзеге асырылады. Тіркелу үшін Банктің облыстық филиалында PIN2 (деребестендірілген сәйкестендіру коды) алу қажет. PIN2 алуға өтінішті Банктің облыстық филиалында, сонымен қатар көрсетілген сайтта толтыруға болады.

      Интернет  арқылы қосылу үшін АТФБанк  ең жаңа технологияларды пайдаланады. Банктің клиенттері Интернет арқылы жүргізілетін операциялардың санкцияланбаған ұстап қалулардан немесе ақпаратты бұрмалаудан толық қорғалғанына нық сенім білдірулеріне болады.

      Мүмкіндіктер:

  • карт-шоттағы қол жетімді ақша сомасы туралы ақпарат алу;
  • карточка бойынша соңғы он операция туралы ақпарат алу;
  • карт-шотты тежеу (мысалы, карточканы жоғалтқанда немесе карточканы

пайдалану арқылы алаяқтық әрекеттерге күдік болған жағдайда);

  • жабдықтаушылардың қызметтеріне төлем жасау;
  • ақшаны карточкадан Банк шығарған басқа карточкаға аудару;
  • көрсетілген айға карт-шот бойынша үзінді көшірмелер алу.

 

8.1 Кредиттеу бойынша  ұйым жұмыстары.

     Несиелік операциялар АТФБанктің ең негізгі операциясы болып табылады. АТФБанктің жалпы актив сомасының негізгі жеке үлесін құрайды. АТФБанк өз клиенттеріне несие беру есебінен көп мөлшерде табыс алады.

     Несие деп  белгілі мерзімге ақылы түрде  уақытша бос қаражатын орналастыру  процесін айтады.

     Несиелер банкпен  және оның клиенті арасынданесиелеу  процесі өз қарым-қатынастар сипатындағы келісімшартта қорытындылады. Яғни несие сомасы, пайыздық ставканың мөлшері, оны ұсыну тәсілі және қайтарылу мерзімі несиелік келісімшарта нақты тіркеледі. Несиелерді тек несие өтеу қабілеттілігі бар қарыз алушыларға береді.

     Банкте әрбір  ұсынылған қарыз бойынша банктік қарыз келісімшартына қол қойылған күні ашылатын және оның іс-әрекет етуі біткен кезде жабылатын несиелік құжат рәсімделеді. Әрбір несиелік құжаттар келесілерден тұрады:

Банктік қарыз келісімшартының түп нұсқасы, кепіл туралы келісімшарт, кепілдіктің келісімшарты, кепілдіктің келісімшарты және тағы басқа құжаттар болуы керек.

     Басқа банктерге, заңды және жеке тұлғаларға  қарызды ұсыну туралы, банктік  қарыздың шарты туралы шешімді  банктің несиелік комитеті қабылдайды. Несиені беру туралы несиелік комитенттің шешіміне сәйкес басқаруға орындалуға береді. Ол басқарма банктің шарт келісімшарттың, кепіл туралы келісімшарттың, кепілдік келісімшартты тіркеу журналына тіркейді және қарыз алушының несиелік  құжаты мен қарыз алушыға жүйеден тыс дербес шоттар ашылады.

     Несиелік саясат  бұл клиент пен банк арасында  мүлделерін іске асыруға бағытталған  қатынастарды реттейтін қызмет. Саясат қағаздарды реттейтін  қызмет. Саясат қағаздарды рәсімдеу, ұсыну және оларды басқаруға  жауапты банк жұмыскерлерімен басқарылуы тиіс объективті стандарттар мен параметрледі анықтайды.

     Несиелік саясат  бұл банктің немесе операциялар  аясындағы стратегиясы мен тактикасы  болып табылады.

     Несиелік саясат  банк стратегиясының бір бөлігі  ретінде несие нарығында өзінің нақты банктің мазмұнды мақсаттарын, қағидаларын және басымдылықтарын таңдайды. Ал тактикасының бөлігі ретінде банктің мақмсаттарын іске асыру үшін несиелік келісімшартты жүзеге асыру үшін несиелік келісімшартты жүзеге асырудағы  несиелік процесті, оларды жасау ережесін қаржылық және басқа құрылымын таңдайды. Осылайша несие саясат банктің несие бөлімшелерінің қызметкерлеріне итиімді жұмыс істеуіне қажетті алғы шарттарды қалыптастырады, жұмыс күшін қалыптастырады және ұйымдарды, сондай-аөқ тиімсіз шешімдермен қателік жіберу ықтималдығын азайтады.

     Несиелік саясат  құрамы келесі жағдайлардане  көрініс табады:

  • Несиелік саясаттың жалпы жағдайы мен мақсаты;
  • Несиелік операцияны басқару аппараты;
  • Қызметкерлердің өкілеттілігі;
  • Несиелік келісімшартты іске асырудың әртүрлі кезеңінде несиелік

Информация о работе Отчет по практике в АҚ «АТФБанк»