Қазақстанның инвестициялық саясаты және оның тиімділігінің факторы ретіндегі инвестициялық климат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2014 в 15:09, курсовая работа

Описание работы

Экономиканың нақты секторының инвестициялық тартушылық мәселесiн шешудi талап ету мен қаржылық-экономикалық талдау нәтижелерiмен сәйкес жүзеге асырылуы қажет. Нақты сектордың инвестициялық тартушылығының маңызды жағдайлары болып, инвестициялық жобаның мақсатын дұрыс анықтау, iшкi өндiрiс үшiн потенциалға ие жаңа өнiмдi шығаруда мүмкiндiктердi көрсету. Бәрiмiзге мәлiм, инвестициялық салымның негiзгi мақсаты – бұл шығарылатын өнiм көлемiн максимизациялау немесе тұтынатын ресурстарға шығынды минимизациялау емес, жобаның техникалық тиiмдiлiгi немесе пайданы максимизациялау да емес, яғни өндiрiстi (бизнестi) ұзақ мерзiмдi бағдарлаудың мақсаты болуы тиiс техникалық және экономикалық аспектiлердiң оптималды үйлесiмдiлiгi.

Содержание работы

КІРІСПЕ.......................................................................................................................3

І ЭКОНОМИКАНЫ ИНВЕСТИЦИЯЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
АСПЕКТІЛЕРІ.............................................................................................................7

1.1 Инвестицияның экономикалық мәні, классификациясы және құрылымы.....................................................................................................................7

1.2 Шетелдік инвестициялар және олардың Қазақстан экономикасындағы атқаратын ролі...........................................................................................................14

1.3 Шетелдік инвестицияларды тарту бойынша мемлекеттік реттеу механизмдері және инвестициялық стратегиялары...............................................24

ІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МҰНАЙ-ГАЗ СЕКТОРЫНДАҒЫ
ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ.....................30

2.1Ұлтттық мұнай компаниялары және олардың инвестициялық процестерді жандандыруда атқаратын рөлі.................................................................................30

2.2 Қазақстанның инвестициялық саясаты және оның тиімділігінің факторы ретіндегі инвестициялық климат.............................................................................41

2.3 Шетелдік инвестицияларды қолданудың тиімділігін жетілдіру жолдары......................................................................................................................45


ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................59

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...........................................................................62

Файлы: 1 файл

Дип.-МҰНАЙ-ГАЗ-СЕКТОРЫНДАҒЫ-ШЕТЕЛДІК-ИНВЕСТИЦИЯЛАР.doc

— 565.00 Кб (Скачать файл)

     Баяндалған  қағидаларға порблемалардың спектрі  жатады, оларды шешу отандық өндірістің  тиімділігін жоғарлатуға, өнеркәсіптің  приоритетті салаларын құрылымдық  қайта құруға, мемлекет мүдделеріне  және қолданыстағы заңнамаға  қайшы келмейтін шетелдік инвестициялар ағыны үшін жағымды жағдайларды құруға бағытталған.

     Осылайша, инвестициялық  процесте шетелдік капиталды  тарту және меңгеру Қазақстандағы  тұрақтылық пен экономикалық  өсуді қамтамасыз етуде, оны салалар  экономикасын көтеруде, инвестициялаудың табыстылығы мен қауіпсіздігін нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету мен жағымды жағдайларды, сенімді басқарудың, инвестициялық жобаларды өткізудің, ұлттық экономиканың стратегиялық салалары мен объекьілеріне шетелдік капиталдың кіруін экономикалық, қаржылық және ұйымдастырушылық регламентациялаудың жағдайларын құруда басты бағыттырдың бірі болып табылады. 

     Жүргізілген  зерттеудің негізінде инвестициялық  климатты едәуір жақсартуға және  инвестицияларды пайдаланудың тиімділігін  жоғарылатуға мүмкіндік беретін бірқатар ұсыныстар құруға болады. Төмен инвестициялық белсенділіктен өту үшін және инвестициялық климатты жақсарту үшін қызметті келесі бағыттардда күшейту қажет:

  • қайтарымды негізде жеңілдік несиелеу негізінде орталықтандырылған инвестициялар есебінен приоритетті өндірістерді мемлекеттік қолдау жолымен. Шетелдік капитал белгілі бір кәсіпорындар қызметіне немесе белгілі бір инвестициялық жобаларды өткізуге мемлекеттің реакциясына өте сезімтал. Жеңілдік несиелеу формасында мемлекеттің қатысуы шетелдік инвесторлардың тәуекелін төмендетіп, пайда нормасын көбейтеді;
  • жеңілдік салық салу мен жағымды инвестициялық ортаны құру;
  • мемлекеттік бюджеттен инвестициялық қаражаттар мен шетелдік капиталды мақсатты және тиімді пайдалануды мемлекеттік бақылауды күшейту мен жетілдіру;
  • сәйкес басқарушылық шешімдерді жасау мақсатымен Қазақстан Республикасы экономикасы дамуының приоритетті бағыттарын анықтау.

     Шетелдік капиталды  реттеудің экономикалық механизмінің  басты құрамдас бөлігі болып  салықтық преференциялар табылады, олар: табыс салығынан жартылай босату, инвестицияларға салықтық жеңілдіктер немесе инвестициялық салықтық несие, жылдамдатылған амортизация, жанама салықтардың бірқатарынан босату.

     Шетелдік инвестицияларды  тартуға мемлекеттің тікелей  әсер ету әдістерінің негізгі бөліктерінің бірі нормативтік-құқықтық база болып табылады. Оған анықтаушы талап – бұл тұрақтылық, қол жеткізушілік, меншікті экспроприациялауға қарсы үкіметтің кепілдігі, инвестициялық қызметтің кепілдігі. Әдетте, әр мемлекетте шетелдік инвестициялар туралы заңнама болады. Оның мазмұны мемлекет шетелдік капиталды және инвестицияларды тарту мен пайдаланудағы өз рөлін қалай түсінетінін көрсетеді.

     Мемлекет шетелдік  инвестицияларды тарту және пайдалану  жағдайында қолдана алатын маңызды әдістердің бірі бақылау болып табылады. Мемлекет пен шетелдік инвестор қатынастарының маңызды элемент болып мемлекеттің бақылау функциясы қызмет етеді. Бұл әсіресе шетелдік заңды және жеке тұлғалардың қатысуымен қызмет етір тұрған ұлттық клмпаниялардың басқаруына беру, қосылу, жұту және сатып алумен байланысты шетелдік инвесторлар үшін маңызды.

     Мемлекеттік  бақылау әдісі елде шетелдік  инвестициялар туралы заң бар  немесе жоқ екеніне тәуелсіз  барлық өндірістік дамыған елдерде  шетелдік инвестицияларды реттеуде кең қолданылады. Бірақ та бұл жағдайда мемлекеттің бақылауы әкімшілік сипатта  емес, Антимонопольды реттеу формасына енеді. Нақты инвестициялық жобалардың салдарынан  нарықты монополизациялау дәрежесі бақылау процесіндегі жалғыз критерий болып табылады.

     Шетелдік инвестициялар  жөніндегі қазақстандық заңдарда, сондай-ақ ТМД басқа елдерінің  заңдылықтарында бақылау критерийі  қолданыс таппады. Оның себебі  – шетелдік капиталдың ұйғарымды  жүйесінің жоқ болуы.

     Сонымен, жоғарыда  айтылғанға қарасақ, шетелдік инвестицияларды тартудың механизмін жетілдірудің негізгі бағыттары болып:

   1)барлық шаруашылық  жүргізуші субъектілердің экономикалық  қызметін реттеуші нормативті-құқықтық  базаны жетілдіру және тұрақтандыру;

   2)инвестициялық белсенділікті  ояту үшін қолайлы жағдайлар құру;

   3)республикада капитал  нарығын реттеуге қажетті институционалды  және инфрақұрылымдық элементтерді  дамыту;

   4)шетелдік инвесторлар  мен серіктестер сенімін қамтамасыз  ету, стратегиялық инвесторлар үшін  Қазақстанның тартымдылығын жоғарылату,   Қазақстанның несиелік рейтингін жоғарылату, шетелдік кредиторлар алдындағы міндеттерді уақытында орындау;

   5)кадрлық қамтамасыз  ету жүйесін қалыптастыру және  т.б.

     Қазіргі уақытта  республиканың экономикалық дамуын  қолдай отырып, мұнай өнеркәсібі, сондай-ақ оның барлық құрылымдық  жүйелері болашақта Қазақстан экономикасының басты секторының біріне ие болу мүмкіндігі бар.

     Мұнай-газ секторында  орындалатын экономикалық маңызды  инвестициялық бағдарламаларды  жүзеге асыру механизмі, жоғары да көрсетілген қаржылық және ұйымдық қамту өлшемдеріне байланысты, өзінің құрамына аймақтық инвестициялаудың стратегиялық міндеттерін шешудің бір ізділігін қамтиды.

     Аймақ деңгейін  инвестицияларды бағдарламалау  механизмін қайта құруға, қайта ұйымдастыруға бағытталған стратегиялық сипаттағы міндеттер деп есептеуге болады:

  • аймақтық инвестициялық нарықтың тиімді қалыптасқан инфрақұрылымын  құру;
  • сұраныстың төлем қабілеттілігін кеңейту, соның ішінде аймақтың шаруашылық жүргізуші субъектілерінің өнімі және инвестициялық ресурстарға сұранысты  қанағаттандыру;
  • шаруашылық кәсіпорындардың ішкі ресурстары есебінен инвестициялауды қамтамасыз ету жағдайларын құру, яғни амортизация және табыс;
  • халықаралық капитал нарығына  және басқа да инвестициялық ресурстардың аймақтық инвестициялық нарыққа интеграциялануы;
  • нақты аймақ экономикасына шетелдік капитал мен отандық инвестицияларды тарту үшін қолайлы жағдайлар қалыптастыру.

     Қазіргі уақытта  Қазақстанда қалыптасқан экономикалық  жағдайларға байланысты мынадай стратегиялық міндеттер елдің барлық аймақтарына жалпы қажет деп есептейміз:

  • аймақтық инвестициялық субъектілер арасында аймақ кешенінің деңгейінде есептеулер қалыптастыру, соның ішінде әртүрлі төлем құралдарын қолдану  және де  республикалық заңнамамен белгіленген шектерде коммерциялық вексельдер айналымын қоса алғанда, вексельдік айналымды ұйымдастырудың әдістері мен амалдарын қолдану;
  • аймақ экономикасының өндірістік секторын өтімділіктің жоғары деңгейімен қамтамасыз ету, соның ішінде корпоративтік бағалы қағаздарды шығару, вексельдік айналым есебінен;
  • аймақтардың шаруашылық жүргізуші субъектілері үшін сыртқы  қаржылық көздерді мобилизациялау;
  • тартылған капиталдарды инвестициялау үшін тұрақты каналдарды анықтау;
  • шаруашылық айналымға аймақтағы бар ресурстарды, соның ішінде жылжымайтын мүлікті, ғылыми-техникалық потенциалды енгізу.

     Инвестициялау  бағдарламаны жасау кезінде келесідей  құрамдас элементтер ескерілуі  қажет:

  • құрылымдық – құрам мен мөлшерді бекіту, тапсырыс беруші мен атқарушының міндеттері мен құқықтарын анықтау, олардың өзара қатынастарының принциптерін анықтау;
  • процедуралық – бағдарлама бойынша жұмыстарды орындау тәртібі мен мерзімдерін анықтау.

     Инвестициялық  бағдарламаның басты проблемаларын  анықтау үшін жобаға дейінгі  талдау жүргізу қажет, оның негізінде Қазақстанның нақты алынған аймағындағы инвестициялық қызметтің даму стратегиясын анықтайтын мақсатты блок жасалуы мүмкін.

     Мақсатты бағдарламаларды  құру процесінде жасау алгоритмі  сызба түрінде көрсетілуі мүмкін.

     Инвестициялау бағдарламасының стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін нақтылау, оларды ранжирлеу, инвестициялық бағдарламаның жалпы стратегиялық мақсатына үшін мақсаттардың әрқайсысының салыстырмалы маңыздылығын бағалау жолымен жүзеге асырылуы мүмкін (сурет 4). Бұл бағалау өз кезегінде сараптамалық талдау процедурасына негізделуі мүмкін. Бұл кезде мақсаттарды өткізу шаралар кешенін жүзеге асырумен қамтамасыз етілуі мүмкін.

     Экономикалық  стратегияны жүзеге асыру, біздің  ойымызша, жалпы аймақтық инвестициялық  бағдарламалар және олардың қосалқы бағдарламалары шеңберінде қамтылуы керек.

     Бұл жағдайда  инвестициялық қосалқы бағдарлама  мынадай негізгі талаптарға сәйкес  болуы керек:

  • қосалқы бағдарлама мақсаты кәсіпкерлікке қатысты мемлекеттік аймақтық саясаттың жалпы мақсаттарына сәйкес болуы керек;
  • қосалқы бағдарламаны құрайтын іс-шаралар кешені қайшылықтардан, қосарланушылықтан, сондай-ақ қаржыландырудан қашып құтылу үшін аймақта әрекет ететін басқа әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша шаралармен бірге болуы керек.

 


 

 



 

 


 

 


 


 

 

 


 



 

 

 

 

 

 

Сурет 4 - Инвестициялық бағдарламаларды мақсатқа сай орындауды қайта дайындау және қалыптастыру бойынша бір ізді шаралардың сызбасы.

 

     Экономиканың нақты  секторындағы инвестициялық сфера, әсіресе өндірістің техникалық дамуы шаруашылық қызметтің қатысушысы ретінде әлі де артта қалып келеді. Шаруашылық субьектілердің өздерінің жеке жинақтауына негізделген, инвестицияны қаржыландырудың көздерін іздестіру мен реттеу арқылы басқа да аспектілері – ұзақ мерзімді қаражат салымына тұрақты ынталандырушы механизмді құру, өндірістік аппаратты жаңарту да шаруашылық субьектілердің әрдайым қажеттілігін көрсететін және инвестицияға бейімделген қолайлы рыноктық ортаны қалыптастыру.

     Өндірістің техникалық  дамуында инвестицияға деген сұраныстың қалыптасу заңдылықтары зерттелген, яғни ең алдымен жүйелік, рыноктық және институционалды өзгерістерді жүзеге асыру үшін ұсынылған арнайы техно аудандар мен техно парктер, қаржы-несие саясаты мен инвестицияны қаржыландыру көздерін өзгерткен жеке инвесторлардың дамуы және жаңа меншік формаларының динамикалық дамуы. Бұл белгілі бір деңгейде осы сферадағы рыноктық жағдайға адекватты тұжырымдалған инвестициялық шешімдерді жасауға әрекет етеді. Өндіріске инвестициялаудың рационалды стратегиясын қалыптастыру мен инвестициялық жобаларды қаржыландырудың жағдайларын жасау үшін тәжірибеде шаруашылық субьектілер экономикалық критерийлер мен инвестициялық климатты бағалау көрсеткіштері түрінде шешім қабылдаудың жаңа әдістемелік құралдарын пайдалану бойынша ұсыныстар тұжырымдалған. Ұсынылған әдістемелік құралдарды қолдану компанияның, кәсіпорынның қызметін ішкі-өндірістік жоспарлау тәжірибесінде тұжырымдалған инвестициялау стратегиясын жасауға мүмкіндік береді, сондай-ақ қабылдайтын инвестициялық шаруашылық шешімдердің іс-әрекетін сандық бағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар шаруашылық етудің рыноктың жағдайына бейімделген экономиканың нақты секторындағы инвестициялық сұранысты қысқа мерзімді болжаудың жаңа әдістемелік қағидалары – жасалған және ұсынылған.

     Қаржы-несие және  басқа да рынок капиталында  әрекет ететін басты параметрлер  мен инвестициялық қаржыландырудың  обьективті жинақталатын жағдайлармен  сәйкес келетін өндірісті инвестициялаудың  экономикалық тартымдылығын бағалаудың жасалған әдістемелік негізгі экономиканың нақты секторының инвестициялық дамуының ғылыми тұжырымдалған болжамдарын қалыптастырумен неғұрлым тиімді капитал салынатын сфераны таңдау және инвестициялық жоспарлаудың экономикалық тұжырымдалған парадигмасын жасау үшін нақты негізі ретінде  қызмет етуі мүмкін.

     Бұл аспектіде арнайы  техно аудандар мен техно парктер  капитал салымының табыстылығының  нақты ішкі нормасын анықтау  қағидаларында өндірісті экономикалық  тәуекелсіз инвестициялаудың критериясы  тұжырымдалған; инвестициялық жобаларды тәуекелсіз қаржыландыру үшін капитал салымының минималды тиімділігін бағалаудағы берілген әдістеме инвестициялық несие және басқа да қаржылық параметр бойынша пайыздық қойылымдар мен инфляция деңгейін есептеу арқылы экономиканың нақты секторына инвестицияның тиімділігі мен қаржылық жағдайын және инвестициялық тартымдылықты сандық бағалау үшін мүмкіндіктерді ашады. Инвестициялық іс-әрекеттегі жоғарғы нәтижелерге жету мен инвестициялаудың жаңа қағидаларын тәжірибеде жүзеге асыру мақсатында, сондай-ақ ынталандырушы механизмді күшейтуді жүзеге асыру мақсатында шаруашылық субьектілердің инвестициялық белсенділігін салықтың ынталандырудың оптималды жүйесі тұжырымдалады.

     Шаруашылық субьектілер өзгерген инвестициялық ортаға тез бейімделуі қажет және осы өзгерістерге әсер ете білу немесе оларды бақылай білу керек, ал инвестициялық жобалар ортаның болашақта өзгеруіне бейімделуі қажет. Бәсекелік ортада аман қалу үшін шаруашылық субьектілер бәсекелестерді озу мүмкіндігін беретін анықталған қабілеттермен иелік ету қажет. Оларға жаңа өнімді жасау және өндіріс шығындарын төмендетуге көңілін жинақтай отырып өзінің қабілеттілігін дамыту қажет. Инвестициялық стратегияны жасау мен оны пайдалану үлкен мәнге ие. Стратегиялық шешімдерді қабылдау ерекшелігі мынада, яғни олар бәсекелік ортадағы шаруашылық субьектілердің оптималды позициясын сақтау мен жетуге бағытталуы қажет. Корпоративтік стратегия шаруашылық субьектілердің маркетинг, өндіріс, инвестициялау және инвестиция алу сияқты салаларындағы қызметін шарттастырады.  Техникалық-экономикалық тұжырымдауды дайындау кезінде дайындығын шарттастыратын орталық стратегияны дұрыс таңдауға мүмкіндік беретін жақын жатқан мақсаттарды анықтау керек. Шаруашылық субьектілердің инвестициялық тартымдылығы – инвестиция тиімділігіне қарағанда кең түсінік, ол инвестордың тәуекелдігіне ескерту қажет. Сондықтан шаруашылық субьектінің инвестициялық мүмкіндігін анықтау кезінде инвесторлардың өздерінің инвестициялық потенциолына жеткілікті көңіл бөлу қажет. Шаруашылық субьектілердің қаржылық-экономикалық қызметінің негізгі бағыттарын қарастыра отырып төлем қабілетіне, негізгі қаражаттар мен шығындарды пайдалануға және қалыптастыруға, ақша қаражаттарының жағдайына, есептеулер мен басқа да активтерге, қаражат көздерінің құрылымына және оларды пайдалануға, қаржылық тұрақтылыққа, кәсіпорынның тәуекелсіздігіне және оның негізгі қаражаттарын тиімді пайдалануға баға беру қажет.

Информация о работе Қазақстанның инвестициялық саясаты және оның тиімділігінің факторы ретіндегі инвестициялық климат