Қазақстанның инвестициялық саясаты және оның тиімділігінің факторы ретіндегі инвестициялық климат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2014 в 15:09, курсовая работа

Описание работы

Экономиканың нақты секторының инвестициялық тартушылық мәселесiн шешудi талап ету мен қаржылық-экономикалық талдау нәтижелерiмен сәйкес жүзеге асырылуы қажет. Нақты сектордың инвестициялық тартушылығының маңызды жағдайлары болып, инвестициялық жобаның мақсатын дұрыс анықтау, iшкi өндiрiс үшiн потенциалға ие жаңа өнiмдi шығаруда мүмкiндiктердi көрсету. Бәрiмiзге мәлiм, инвестициялық салымның негiзгi мақсаты – бұл шығарылатын өнiм көлемiн максимизациялау немесе тұтынатын ресурстарға шығынды минимизациялау емес, жобаның техникалық тиiмдiлiгi немесе пайданы максимизациялау да емес, яғни өндiрiстi (бизнестi) ұзақ мерзiмдi бағдарлаудың мақсаты болуы тиiс техникалық және экономикалық аспектiлердiң оптималды үйлесiмдiлiгi.

Содержание работы

КІРІСПЕ.......................................................................................................................3

І ЭКОНОМИКАНЫ ИНВЕСТИЦИЯЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
АСПЕКТІЛЕРІ.............................................................................................................7

1.1 Инвестицияның экономикалық мәні, классификациясы және құрылымы.....................................................................................................................7

1.2 Шетелдік инвестициялар және олардың Қазақстан экономикасындағы атқаратын ролі...........................................................................................................14

1.3 Шетелдік инвестицияларды тарту бойынша мемлекеттік реттеу механизмдері және инвестициялық стратегиялары...............................................24

ІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МҰНАЙ-ГАЗ СЕКТОРЫНДАҒЫ
ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ.....................30

2.1Ұлтттық мұнай компаниялары және олардың инвестициялық процестерді жандандыруда атқаратын рөлі.................................................................................30

2.2 Қазақстанның инвестициялық саясаты және оның тиімділігінің факторы ретіндегі инвестициялық климат.............................................................................41

2.3 Шетелдік инвестицияларды қолданудың тиімділігін жетілдіру жолдары......................................................................................................................45


ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................59

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...........................................................................62

Файлы: 1 файл

Дип.-МҰНАЙ-ГАЗ-СЕКТОРЫНДАҒЫ-ШЕТЕЛДІК-ИНВЕСТИЦИЯЛАР.doc

— 565.00 Кб (Скачать файл)

     Даму жоспарын  өткізу үшін Компания алдына  келесі мақсаттарды қояды:

   1)«ҚазМұнайГаз» ұлттық  компаниясының қолда бар активтерінің  дамуы өндірістің әртүрлі секторлары  арасында қаржыландыруды қайта  бөлусіз меншікті реинвестициялар есебінен жүзеге асады;

   2)Компанияның жаңа  инвестициялық жорбаларының дамуы  компанияның қолда бар активтерінің  экономикасына әсер етпей қаржыландырудың  сыртқы көздерін тарту есебінен  жүзеге асады;

   3)Қазақстан Республикасының  Үкіметі сәйкес қаулыны қабылдау жағдайында «Атырау МӨЗ-ді» реконструкциялау жобасын қаржыландыру көзі ретінде «ТенгизШевройл» компаниясынан ссудалық пайыздарды және негізгі қарызды өтеу бойынша жалпы сомасы 165 млн.АҚШ долларынан кем емес төлемдерді тарту жоспарланған;

   4)«Амангелді» газ кен орнын меңгеру жобасын өткізу оны  қаржыландыруда мемлекеттік қолдау есебімен жүзеге асырылуы ұйғарылған;

   5)Даму жоспары  Каспий теңізінің солтүстік шельфін  меңгеру кезінде компанияның  инвестициялық тартымдылығы мен  жоғары несиелік рейтингті қамтамасыз ету үшін компанияның қолда бар активтері портфелінің тұрақтылығын көздеген.

     «ҚазМұнайГаз»  ұлттық компаниясы – халықаралық  танымал холдингтік типтегі, оған  мемлекеттің сеніп тапсырған  мүлігін көбейтуші, елдің мұнай-газ  ресурстарын оңтайлы қолданушы  Қазақстан экономикасын дамыту  және әрі қарай оның әлемдік  экономикада интеграциялануына жаңа мүмкіндіктер ашушы компания болып табылады. Компанияның басты міндеті – тұрақты экономикалық өсуге жету үшін және Қазақстан халқының тұрмыс деңгейін жақсарту үшін мұнай-газ кешенінің пропорционалды, тиімді және  транспарентті дамуын қамтамасыз ету.

     Қазақстан  ұлттық мұнай компаниялары алдына  ұзақ мерзімді және стратегиялық  мақсаттар қоюы қажет: рационалды  түрде кендерді қолдану және  жоғары экологиялық стандарттарды  орындау; мұнай-газ саласы үшін  жоғары білікті басқарушы, инженерлі-техникалық және жұмысшы кадрларды даярлау; мұнай-газ кешені үшін өнімдер мен қызметтер бойынша, мұнайхимия және энергетика үшін өнімдер бойынша импортты ауыстыру; экспортты көмірсутектерді диверсифициялы тасымалдау; негізгі қорларды жаңарту, технологиялар және ресурстық базаны дамыту үшін тартылған инвестицияларды басқару.

     «ҚазМұнайГаз»  компаниясы өнімді бөлу жөніндегі, сондай-ақ мұнай операцияларын  өткізу және қолдану саласында  Қазақстан Республикасының заңдылықтары  бойынша жүретін  келісім жағдайларымен  сәйкес Солтүстік-Каспий және Қарашығанақ жобаларында қазақстанның қатысуын жоғарылату бойынша жұмыстар жүргізуде. Қазақстанның қатысуы деп, яғни қазақстан компанияларының мұнай операцияларының мердігердерімен қолданылатын тауарлар, жұмыстар және қызметтерді тасымалдауға қатысуы деп түсінеміз.

     Мұнай компаниялары  қызметінің тиімділігін жоғарылату  үшін және ұлттық мүдделерді  сақтап қалу үшін компания 50%-дан  кем емес үлеспен инвестициялық  жобаларға қатысуы қажет. Сондай-ақ  мұнай-газ шикізаттарын өндіру  және тасымалдау жобаларында операторлық пен қос операторлықты жүзеге асыруы керек; мұнай-газ саласы және аралас салаларының дамуы үшін инвестицияларды тарту мен шоғырландыруды жүзеге асыруы керек; іздеу, барлау және өндіруде жаңа технологияларды қолдануды, кен орындарының қайтарымдылығы мен экологиялық қауіпсіздігін жоғарылатуды қамтамасыз ету; мұнай-газ шикізаттарын кешендік қолдануға, соңғы өнімнің ғылыми сыйымдылығын  жоғарылатуға ұмтылу керек; тасымалдау, мұнай және газдың транзиті мен өтімділігі жөніндегі сұрақтар бойынша халықаралық жобаларға қатысу керек.

     Компания бағдарламаның  кезеңдік қызметі кезінде импортты  ауыстырушы өндірістерді көбейтуде  жеткілікті тәжірибе жинап алды, ал отандық өндірушілер шетелдік  серіктестерден тәжірибе жинауда  және өнімнің жаңа түрлерін меңгеруде. 2000 жылдың шілдесінен 2002 жылға дейін  мұнай-газ жобаларындағы қазақстан үлесі, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның жобаларын қоса алғанда, 14,9%-дан  39,2%-ға дейін өсті. Құндық сипатта айтатын болсақ, қазақстан қатысуының үлесі 2003 жылдың 7 айында 963,2 млн.долларға жетті. Сонымен қатар, мынаған көңіл бөлу керек, бұл өте объективті көрсеткіш емес, себебі оның құрамына отандық фирмалардан алынған өнімдер кіреді. Осыған байланысты Қазақстан компанияларынан алынған импорттық өнімдер (телевизор, автомашиналар) автоматты түрде Қазақстан қатысуының таңбасына түседі. Бұл Қазақстан қатысуының нақты асырып көрсетуіне әкеледі.

     Қазақстан  жақын арада потенциалды мұнайға  бай  Каспий шельфін белсенді  түрде игеруді жоспарлауда және 2015 жылға дейін мұнай өндіруді үш еселеп, жылына 150 миллион тоннаға жеткізбекші.

     Инвестициялық  процестерді жандандыруда басты  рөлді өзіндік ерекшелікке ие, мұнай-газ секторына қолданылатын  амортизациялық саясат атқарады. Амортизациялық саясат инвестициялық  даму үшін кәсіпорындардың қаржылық өзіндік қорының қалыптасуы үшін талап етілетін негізгі капиталдың қарқынды қайта өндірісіне бағытталған болуы керек. Өкінішке орай, бұл механизм мұнай-газ саласында, сондай-ақ бүкіл отандық экономикада да әлсіз қолданылады. 

     Мұнай-газ кешенінің инвестиция ресурстарын басқару мемлекеттен бұл сектордың қазіргі жағдайы мен инвестициялық потенциалды бағалауды талап етеді. Мұнай-газ кешенінің инвестициялық потенциалы экономиканың бұл секторына отандық және шетелдік инвесторларды тарту және қолдану мүмкіндіктерімен сипатталады. Мұнай-газ кешенінің инвестициялық потенциалының негізін елдің жалпы экономикалық потенциалының бір бөлігі ретінде  табиғи-шикі  ресурстар құрайды.

     Мұнай-газ кешенінде  табиғи-шикі потенциал мұнай-газ кен орындарының қорларымен және санымен, сондай-ақ оларды өндіру және тасымалдау жағдайларымен анықталады.

     Қазіргі уақытта  Қазақстан энергоресурсты әлемдік  нарыққа ықпал ете алатын көмірсутектің  бай қорына иеленуші болып  табылады. Елдің табиғи-шикі потенциалын отандық және шетелдік эксперттердің бағалауы бойынша бірнеше айырмашылықтар бар. Мысалы, British Petroleum эксперттерінің мәліметтері бойынша Қазақстанның мұнай қоры 1,1 млрд.тоннаны құрайды және ТМД елдерінің ішінде, ресейден кейінгі екінші орында тұр (кесте 1).  

 

Кесте 2 - ТМД және әлемдік масштабтағы елдердің арасынан Қазақстанның мұнай қоры бойынша алатын орны (2003 жылдың аяғы)

ТМД елдері

Дәлелденген қорлар, млрд.тонна

ТМД елдерінің масштабындағы дәлелденген қорлар үлесі, %

Әлемдік масштаб бойынша дәлелденген қорлар үлесі, %

1

2

3

4

1.Ресей

6.7

73.6

4.7

2.Қазақстан

1.1

12.1

0.8

3.Әзербайжан

1.0

11

0.7

4.Түрікменстан

0.1

1.1

0.1

5.Өзбекстан

0.1

1.1

0.1

6.ТМД-ның басқа елдері

0.1

1.1

0.1

7.ТМД елдері – барлығы

9.1

100

6.4

8.Қалған елдер

133.9

-

93.6

9.Әлемдік қорлар

143.0

-

100

Қайнар көзі: BP statistical review of world energy

 

     Тағы да  осы ақпарат көзінің пайымдауы  бойынша, табиғи газдың қоры 1,84 млрд. тоннаны құрайды және сәйкесінше  төртінші орында тұр, яғни Ресей, Түрікменстан және Өзбекстаннан кейін (кесте 3).

 

Кесте 3 - ТМД және әлемдік масштабтағы елдердің арасынан Қазақстанның табиғи газ қоры бойынша алатын орны (2003 жылдың аяғы)

ТМД елдері

Дәлелденген қорлар, млрд.тонна

ТМД елдерінің масштабындағы дәлелденген қорлар үлесі, %

Әлемдік масштаб бойынша дәлелденген қорлар үлесі, %

1

2

3

4

1.Ресей

47.57

84.7

30.7

2.Түрікменстан 

2.86

5.1

1.8

3.Өзбекстан

1.87

3.3

1.2

4.Қазақстан

1.84

3.3

1.2

5.Украина

1.12

2.0

0.7

6.Әзербайжан

0.85

1.5

0.5

7.ТМД-ның басқа елдері

0.02

0.04

0.01

8.ТМД елдері – барлығы

56.14

100

36.2

9.Қалған елдер

98.94

-

63.8

10.Әлемдік қорлар

155.08

-

100

Қайнар көзі: BP statistical review of world energy

 

     Отандық эксперттер  елдің мұнай-газ кешенінің табиғи-шикі  потенциалына жақсы баға берді. Қазақстан Республикасының статистикалық агенттігінің мәліметі бойынша елдің көмірсутек қорлары 169 көмірсутек кен орындарын құрайды, соның ішінде 87 мұнай, 17 газ,  30 мұнай-газ,  25 мұнай және газ конденсатын, 20 мұнай конденсатын құрайды. Қазақстанда мұнай қорлары  2.8 млрд. тонна мұнай мен  1.8 трлн. куб метр газ, ал жорамал бойынша 12 млрд. тоннаға жуық мұнай мен  3 трлн. куб метрге жуық газ бар.

    Оның көп үлесі  12 өте үлкен кен орындарына  келеді, сондай-ақ жартысы – Тенгиз, Королевское және Қарашығанақ базаларында құрылған біріккен кәсіпорындарға тиесілі. Каспий теңізі шельфін және оның жағалауындағы зонаның болжам бойынша 12 млрд. тоннаға жуық бағалайды. Болашақта «Тенгиз» және «Қарашығанақ» кен орындарынан жыл сайын 40 млн. тонна мұнай мен 30 млрд. куб метр газ өндіріледі деп болжамдалады.

     Республика  экономикасына тікелей инвестицияларды  тарту тенденциясын талдау алдағы 5-жылдықта инвестицияның салалық  құрылымдағы приоритеттер мұнай  газ саласында сақталатынын көрсетіп  отыр.

     Қазақстан Каспий шельфіндегі көмірсутектің үлкен қорларының жақын арада ашылуынан және қайта өңделуіне әсер етуден үлкен үміт күтуде.

     Мұнай-газ кешенінің  бәсекеге қабілеттігі  Қазақстанның  бүкіл экономикасының бәсекеге  қабілеттілігін анықтайды. Берілген  тезис елдің экономикасының жиынтық қорытындыларының қалыптасуында сала қатысуының жоғары және өспелі масштабтарын растайды. 4-кестеде мұнай-газ өнеркәсібінің  және оның экономикадағы рөлінің салыстырмалы сипаттамалары берілген. Көріп отырғанымыздай, сала өнімінің үлесі өнеркәсіптік өнімнің өндірісінің жалпы көлемінде тұрақты өсіп отыр: 2002 жылы 14,6%-дан  2004 жылы  36,1%-ға дейін. Бірақ та 2003 жылмен салыстырғанда 2004 жылы берілген үлес бойынша шамалы ғана ауытқулар байқалуда: 38%-дан  36,1%-ға дейін. Бұл ауытқулар мұнайдың әлемдік нарығының конъюнктурасының өзгерулерімен байланысты. Бірақ та саланың өндіріс өнімдерінің көлемі елдің өндіріс өнімдерінің  жалпы көлемінде маңызды үлесті алады, яғни бұл сала экономикада маңызды рөл атқаратынын көрсетеді.

  

  Кесте 4 - 2000-2004 жылдардағы жалпы экономикадағы және мұнай-газ кешеніндегі көрсеткіштер динамикасы

 

2000

2001

2002

2003

2004

Саланың өнеркәсіп өндірісіндегі көлемі, млн. теңге

118275

332573

683279

721294

876528

Елдің жалпы өндірісінің өнеркәсіп өнімдері көлеміндегі сала өнімінің үлесі, %

14,6

29,1

38,0

36,1

38,2

Елдің жалпы экспор-тындағы саланың үлесі, %

37,7

34,2

58,0

45,7

 

Жалпы экономикадағы өнеркәсіптік-өндірістік персоналдың саны, мың адам

756,3

668,3

653,8

664,5

 

Жалпы саладағы өнеркәсіптік-өндірістік персоналдың саны, мың адам

34,4

31,4

32,5

37,0

 

Өнеркәсіптің өнеркәсіптік—өндірістік персоналының жалпы санындағы саланың өнеркәсіптік-өндірістік персонал жұмысбасты-ларының үлесі,%

4,5

4,7

5,0

5,6

 

Өнеркәсіптік-өндірістік персоналдың орташа айлық жалақысы,теңге

32576

42172

65142

79084

 

Саланың өнеркәсіптік-өндірістік персоналының орташа айлық жалақысының өнеркәсіптің өнеркәсіптік-өндірістік персоналының орташа айлық жалақысына қатынасы,%

241,9

271,6

315,5

332,8

 

Қайнар көзі: жинақтардағы статистикалық мәліметтер негізінде: 2001-2003 жылдардағы Қазақстанның және оның аймақтарының өнеркәсібі – Алматы, 2004 – 58бет; ҚР-сының сыртқы саудасы және біріккен кәсіпкерлігі.Статистикалық жылнама.- Алматы,2002. – 7,20-53бет; Қазақстанның қысқаша статистикалық жылнамасы. – Алматы, 2005. 

Информация о работе Қазақстанның инвестициялық саясаты және оның тиімділігінің факторы ретіндегі инвестициялық климат