Қазақстанның инвестициялық саясаты және оның тиімділігінің факторы ретіндегі инвестициялық климат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2014 в 15:09, курсовая работа

Описание работы

Экономиканың нақты секторының инвестициялық тартушылық мәселесiн шешудi талап ету мен қаржылық-экономикалық талдау нәтижелерiмен сәйкес жүзеге асырылуы қажет. Нақты сектордың инвестициялық тартушылығының маңызды жағдайлары болып, инвестициялық жобаның мақсатын дұрыс анықтау, iшкi өндiрiс үшiн потенциалға ие жаңа өнiмдi шығаруда мүмкiндiктердi көрсету. Бәрiмiзге мәлiм, инвестициялық салымның негiзгi мақсаты – бұл шығарылатын өнiм көлемiн максимизациялау немесе тұтынатын ресурстарға шығынды минимизациялау емес, жобаның техникалық тиiмдiлiгi немесе пайданы максимизациялау да емес, яғни өндiрiстi (бизнестi) ұзақ мерзiмдi бағдарлаудың мақсаты болуы тиiс техникалық және экономикалық аспектiлердiң оптималды үйлесiмдiлiгi.

Содержание работы

КІРІСПЕ.......................................................................................................................3

І ЭКОНОМИКАНЫ ИНВЕСТИЦИЯЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
АСПЕКТІЛЕРІ.............................................................................................................7

1.1 Инвестицияның экономикалық мәні, классификациясы және құрылымы.....................................................................................................................7

1.2 Шетелдік инвестициялар және олардың Қазақстан экономикасындағы атқаратын ролі...........................................................................................................14

1.3 Шетелдік инвестицияларды тарту бойынша мемлекеттік реттеу механизмдері және инвестициялық стратегиялары...............................................24

ІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МҰНАЙ-ГАЗ СЕКТОРЫНДАҒЫ
ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ.....................30

2.1Ұлтттық мұнай компаниялары және олардың инвестициялық процестерді жандандыруда атқаратын рөлі.................................................................................30

2.2 Қазақстанның инвестициялық саясаты және оның тиімділігінің факторы ретіндегі инвестициялық климат.............................................................................41

2.3 Шетелдік инвестицияларды қолданудың тиімділігін жетілдіру жолдары......................................................................................................................45


ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................59

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...........................................................................62

Файлы: 1 файл

Дип.-МҰНАЙ-ГАЗ-СЕКТОРЫНДАҒЫ-ШЕТЕЛДІК-ИНВЕСТИЦИЯЛАР.doc

— 565.00 Кб (Скачать файл)

     Субъективті сипаттағы кедергілер заңдылықтардың орындалмау жағдайында немесе оларды орындау жеткіліксіз болғанда пайда болады. Шетелдік инвесторларды, сондай-ақ, жеке шенеуніктердің келісімшарт жасағанда көрінетін жемқорлық алаңдатады. Маңызды емес себептердің ішінде, сондай-ақ, қазіргі уақытта Қазақстанның Үкіметі несиелерді пайызбен қайтару кепілін беруді тоқтатты, ал басқаларынан бұрынғы кепілдік міндеттемелерді қайтарып алды.

     Шетелдік инвесторлар кешендегі капитал салымдарының экономикалық тәуекелінің дәрежесін және инвестициялық климатты анықтайтын факторларды, басқа елдерде капитал салыну мүмкіндіктерімен салыстыра отырып қабылдайды. Осыдан келе, мемлекеттік инвестициялық стратегия және саясат капиталдың тұрақты ағымының негізін қалауға арналған нақты талаптар мен шарттарға жауап беруі керек, және ағымдық және перспективті жоспарларда көрсетілген көлемге байланысты.

     Осы талаптардың  негізгісі болып мыналар табылады:

   - Заңдылықтардың тұрақтылығы, қаржылық, салықтық және кедендік реттеудің нақты  құқықтық базасын құру;

   -   Салықтардың, тарифтердің және жеңілдіктердің  бәсеке қабілетті деңгейі;

   -  Қазақстанның  өндіргіш күштерін дамытуға приоритетті  мақсаттарға жетуді қамтамасыз етуші салалық және территориялық аспектіде икемді қаржылық саясаттың болуы;

   - Шетелдік инвестицияларға  қатысты сұрақтарды шешуде мемлекеттік  органдардың біржақты біліктілігі  және әртүрлі министрліктер мен  ведомсвалар жағынан қайталауды  алып тастау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МҰНАЙ-ГАЗ СЕКТОРЫНДАҒЫ ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ

ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ

 

2.1 Ұлттық мұнай  компаниялары және олардың инвестициялық  процестерді жандандыруда атқаратын  рөлі

 

     Қазіргі кезде  Қазақстанның мұнай-газ кешені ең қарқынды дамып келе жатқан саласы болып табылады және экспорттық өнімнің көп үлесін өндіреді. Инвесторлар үшін ол жоғары табысты ұзақ мерзімді инвестиция салымдарының сферасы болып табылады.

     2002-2004 жылдардағы  Қазақстан Республикасының шикі мұнай мен табиғи газды өндіруге шетелдік инвестицияларды тарту мынадай көрсеткіштерге ие болды: 2002 жылы 2070,85 млн.АҚШ доллары, 2003 жылы 2113,62 млн.АҚШ доллары, 2004 жылы 5345,31 млн.АҚШ долларын құрады.

     Қазіргі кезде  мұнай өнеркәсібі елдің экономикалық дамуын қолдап отыр және болашақта Қазақстан экономикасының басқарушы саласының бірі болуға мүмкіндігі бар. Сәйкесінше Қазақстан мұнай мен  газды болашақта ірі өндіруші және экспорттаушы ретінде, сондай-ақ инвестиция салудың перспективті нарығы ретінде де әлемдік қоғамдастықпен қарастырылуы керек.      

    Мұны инвесторлар, әрине, жақсы біледі, бірақ та  шетелдік монополиялық капитал  экспансиясы кезінде құрылған  араб елдерінің мұнай өнеркәсібі  бойынша тәжірибені талдау жасай  отырып. Анық көрініп отырғандай, бұл барлық іс-әрекеттер араб елдерінің өз мүдделері үшін қабылданған жоқ, олардың табиғи байлықтарын жаулап алу, үлкен табыстар мақсатында жасалынды. Сондай-ақ, мұнай-газ саласының дамуы үшін салынған барлық шетелдік капиталдар инвестициялық концессияны ұлттандыруға дейін бірнеше рет сатып алынған болатын.

    Әлемдік тәжірибеде  шикі мұнайды өндіру мен экспорттаудың  көп бөлігі ұлттық мұнай компаниялары (ҰМК) арқылы жүзеге асады, яғни  мемлекетке тиесілі компаниялар  арқылы. Сондықтан мемлекеттік компаниялардың стратегияларын компанияның, әрі кен орындарының меншігі болып табылатын сол немесе басқа елдің стратегиясы ретінде қарастыруға болады.

    Мұнай нарығындағы  ұлттық компаниялар қызметін  айта отырып мына жағдайды  ескеру қажет, «ұлттық» термині, ереже бойынша, компания атауларында мемлекет акция пакетіне ие болғандықтан қолданылады емес, сондай-ақ  мемлекеттік басқару саласында да берілген компанияларға бірнеше қызметтер жүктелгеніне байланысты. Яғни, жалпы әлем елдерінде (Бразилия, Мексика, Индонезия, Үндістан және т.б.) ұлттық компаниялар шетел мұнай компаниялары мен жеке сектордың өзара қатынастары арқылы мемлекеттің мүдделерін қарастырады және лицензионды келісімдердің шарттарын сақтау үшін бақылау жүргізумен байланысты қызметтерді жүзеге асырады (техникалық, сондай-ақ инвестициялау бағдарламаларын орындау үшін, салықтарды төлеу үшін қаржылық-экономикалық қызметтер). Көріп отырғанымыздай, ұлттық компаниялардың дәрежесі жалпы жағдайда өз ішінде екі түрлілік элементті құрайды – бір жағынан, тек қана коммерциялық функциялар мен міндеттерді орындау, екінші жағынан, мемлекеттік басқару органдарының функцияларын орындау.

    Қазіргі уақытта  ҰМК әлемдік мұнай секторындағы  басымды компания болып табылады. Бірақ та олардың орны мен  рөлі ақырындап төмендеуде (бұл процестер, әсіресе, 90-жылдарда күшейген болатын).

    ҰМК құру кезіндегі  мемлекеттің мақсаттары. ҰМК рөлі  мен орнын талдау және бағалау  кезінде ұлттық деңгейге ие  сол немесе басқа компаниялардың  құрылу шарттарын қарастырған  жөн.

    Ереже бойынша, ҰМК-ны құрудың негізгі мақсаттары ішінде басты үшеуі маңызды болып келеді:

   1)Мұнай-газ секторындағы  операцияларды мемлекеттік бақылаудың  тиімді жүйесін құру;

   2)Алдағы техникалық  тәжірибе мен білімдерді жинау  мен тарату үшін жағдайлар  мен алғы шарттар құру;

   3)Мемлекет пен  қоғам мүдделеріндегі, мұнай кешені  қамтамасыз ететін қосымша табыстарды  тиімді бақылау мен тиімді  шоғырландыру.

    Әртүрлі елдер  ҰМК қалыптасуының мақсаттарына  әртүрлі приоритеттер береді. Және  де таңдау тек экономикалық  мақсаттардың қиылысуы бойынша (тұрақты және болжамдалатын табыстар алу) және тек қана саяси мақсаттар бойынша (яғни, ұлттық экономикалық дербестік сияқтылар, себебі мұнай кешеніндегі ұлттық меншіктің болуы оның негізінде жатыр).

    Көптеген мемлекеттер  ҰМК-ны құру кезінде мұнай кешенін басқару өте ерекше және маңызды екендігін жақсы білді. Оның ерекшелігі тек қана мұнай кешені қалыптасуының сыртқы факторлары мен шарттарының күштілігімен (ең бастысы, мұнайға деген баға динамикасы) ғана түсіндіріліп қоймайды, сондай-ақ бір кен орындарының шығуымен, басқасының кіруімен, ғылыми-техникалық жаңалықтардың енуімен және т.б. байланысты оның сипаттамаларының жиі өзгеріп отыруымен де түсіндіріледі.

    Екінші жағынан, ҰМК мынадай жағдайларда қалыптасады:

  • Елдердің ұлттық (сондай-ақ, саяси және экономикалық) дербестік алуы - ҰМК-ның қалыптасуы кезіндегі «жарылыс» 1970-жылдарға келуі кездейсоқ емес;
  • Елдердің мұнай өндірушілер «клубына» кіруі (бұл 1960-1970 жылдары болды, мысалы, Норвегия және Біріккен Патшалықпен).

    ҰМК-ның екі түрлі дәрежесі – коммерциялық және мемлекеттік басқару функцияларының байланысуы – болашақ қақтығыстардың  негізін құрайды. Қақтығыстар ішкі, сондай-ақ сыртқы себептермен болуы мүмкін. Ішкі себептер компания шеңберінде коммерциялық және мемлекеттік приоритеттердің балансын қолдаудың басты қиыншылықтарынан болады. Сыртқы себептер екі жағдаймен байланысты:

  • ҰМК-ның рөлі мен орнын басқа мұнай компанияларымен ұқсастырудың маңызды қиыншылығымен, және өз функцияларын дамыту мен орындауға олардың қарсы тұруымен байланысты;
  • Компания мен мемлекет мүдделерінің балансын сақтау қиындығы.

    Бірінші сыртқы  себеп – бұл ҰМК-ға қарапайым  компаниялар жағынан қарсылық  көрсетуімен байланысты, себебі  олар оны жоғары деңгейлі бәсекелесті  көреді. Бұл қарсылықтан ешқашан қашып құтылуға болмайды, бірақ қарсылықты кішкене жұмсартуға болады.

    Екінші сыртқы  себеп – мемлекеттің сектордағы  ерекше позицияларынан алынған  ҰМК-ны жүзеге асыруға байланысты. Ереже бойынша, ҰМК өте тез  түрде оны жасаған мемлекетпен  өзінің қаржылық-экономикалық  қуаттылығымен салыстырмалы болып келеді. Бұл соңынан компания қызметіне және де оның бөлімшелеріне әртүрлі шектеулер қоя отырып, ҰМК мен мемлекеттің қақтығыстарын шақыртады және күшейтеді.

    Араб елдерінің  мұнай өнеркәсібі шетелдік монополистік капиталдың, сондай-ақ Халықаралық мұнай картеліне қатысушыларының экспансиясы кезінде қалыптасты. Шетелдік компаниялар көмірсутектерді барлауды ұйымдастырды, өндіріс жолдарын орналастырды, тұрба төсемдерін салды, мұнай өңдеуші зауыттар мен порттар салды, сұйық отынның экспортын жөндеді. Қазіргі жоғары технологиялық мұнай-газ шаруашылығына ірі қаржылық және материалдық құрал-жабдықтар, инженерлердің, техниктердің, АҚШ, Англия, Франция, Голландия және тағы да басқа Батыс мемлекеттерінен келген білікті жұмысшылар мен өндірісті ұйымдастырушылардың аз емес еңбектері жұмсалды. Бұл үлкен және маңызды салымды жоққа шығару дұрыс болмайтын еді. Бірақ та шетелдік инвесторлардың өте дүниеқорлық ынталарын көрмеу дұрыс болмас еді. Монополияның барлық бұл іс-әрекеттер тек араб елдерінің мүдделері үшін қабылданған жоқ, олардың табиғи байлықтарын жаулап алу, үлкен табыстармен қамтамасыз ету мақсатында қабылданды. Сондай-ақ, мұнай-газ саласының дамуы үшін салынған барлық шетелдік капиталдар инвестициялық концессияны ұлттандыруға дейін бірнеше рет сатып алынған болатын.

    Қазақстанның  мұнай-газ саласын  қазіргі кезеңдегі  дамуы 1991 жылы, республика дербестік  алуымен басталды. Экономиканың  ашықтығына арналған, Қазақстан  Үкіметімен өткізілген беталыстар  саланың дамуы үшін ірі сыртқы салымдардың түсуіне мүмкіндік берді. Шетелдік инвестициялар  кен орындарын жетілдірумен, іздеу-барлау жұмыстарымен, өңдеуші кәсіпорындарды қайта құрумен, мұнай мен газды тасымалдаумен байланысты 26 ірі жобаларға тартылды. Мұнай-газ өнеркәсібіне бірлескен шетелдік инвестициялар 1996 жылы 1,88 млрд.АҚШ долларын құрады.  Шетелдің қатысуымен жүзеге асырылып жатқан жобаларға түскен потенциалды инвестициялар 35 млрд. долларға жуық деп бағаланды.

    Қазақстан Республикасының  экономикалық дамуы үшін мұнай-газ секторы маңызды екенін ескере отырып және көмірсутектерді барлау, өңдеу және өндіру, қайта өндірумен бойынша келісімдерде оның мүдделерін қорғау мақсатында 1997 жылы 4-наурызда Президент Жарлығымен «Казахойл» ҰМК ұйымдастырылды. Құрылған компанияға өнімді бөлу туралы, роялти туралы және көмірсутектерді барлау, өңдеу, өндіру және қайта өңдеу бойынша басқа да келісімдердегі республиканың үлестері, соның ішінде Қазақстан Республикасының шаруашылық серіктестіктері мен бірлескен кәсіпорындарының Каспийлік құбыр төсеу концорциуміндегі үлестері, өндіретін және қайта өңдейтін АҚ-дағы акциялардың мемлекеттік пакеттері берілген. «Казахойл»ҰМК-ның негізгі мақсаты мұнай-газ саласында мемлекеттік саясат жүргізе алатын, елдің энергетикалық қауіпсіздігін және оның мұнай-газ ресурстарын тиімді қайта өңдеуді қамтамасыз ете алатын әлемдік нарықта қуатты бәсекеге қабілетті ұлттық компанияны қалыптастыру болып табылады. Компаниялардың бірігуі әлемдік жаһанданудың негізгі тенденциясы болып табылады. 2001 жылдың сәуірінде мұнайды тасымалдау бойынша Ұлттық компания «КазТрансОйл» және мемлекеттік газ транспорттық компания «КазТрансГаз» мұнай-газ транспорттық сферада бірыңғай вертикалды интеграцияланған құрылым құру туралы бірлескен талаппен Қазақстан Үкіметіне үндеу жіберді. Және 4-мамырда Қазақстанда мемлекеттік компаниялар негізінде мұнайды және газды тасымалдау бойынша бірыңғай ұлттық компания құрылған. Ол холдинг ретінде құрылған және мұнай тасымалдау және газ тасымалдау бөлімшелер  қызметін бақылайтын болған. Жаңа компанияның құрамына мемлекеттік «КазТрансОйл», «КазТрансГаз» компанияларының активтері (бұл компаниялар құрылатын холдингке «бірдей құқықтармен» кіреді) және ұлттық теңіз «Казмортрансфлот» компаниясының акцияларының 50%-дық пакеті мен мұнай және газ тасымалдаушы компанияның тиімді қызмет етуі үшін қызметтер мен инфрақұрылымды ұсынатын басқа бірқатар құрылымдардың да акциялары берілген. Атап айтқанда, «Мұнай-газ тасымалдаушы» ұлттық компаниясының жарғылық капиталына келесілер кірген:

  • «Ақтөбемұнайбайланыс» АҚ – акциялар пакетінің 90%-ы;
  • «Мұнай-Импэкс» АҚ – 99%;
  • «КазТрансБайланыс» АҚ – 90%;
  • «Атырау халықаралық аэропорты» АҚ – 100%;
  • «Байланыс» АҚ – 3,5%.

     2000 жылдың 20-ақпанында  ҚР Президентінің №811 «Ел экономикасының  мұнай-газ секторындағы мемлекет  мүдделерін келешекте қамтамасыз ету бойынша шаралар туралы» жарлығына сәйкес мемлекеттің 100%-дық үлесі бар жабық акционерлік қоғам ретінде «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы құрылған. Жарлыққа сәйкес «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мұнайды стратегиялық маңызды ұлттық өндіруші мен көмірсутектерді барлау, өндіру, қайта өңдеу және тасымалдау бойынша өкілетті орган болуы қажет еді. Сонымен қатар, Қазақстанның мұнай өнеркәсібінде мемлекет мүдделерін көздеу керек еді. Компанияның жарғылық капиталы «Мұнай-Газ Тасымалдау» мен «Казахойл» мемлекеттік компанияларының акциялар пакеттері негізінде құрылған.

     «ҚазМұнайГаз»  ұлттық компаниясы өз қызметін  Қазақстанның мұнай-газ кешенінің  ажырамас бөлігі, елдің экономикалық  дамуын басқарудың ұлттық жүйесінің  қажетті компоненті мен отандық және халықаралық бизнестің белсенді қатысушы ретінде жүзеге асырды.

     Компанияның  ұзақ мерзімді дамуын көру  мемлекеттік мүлікті ұстаушының, мердігерлермен келісімдердегі  мемлекет мүдделерінің өкілі  мен мұнай-газ секторының ірі  инвестициялық жобалары бойынша оператордың өкілеттіліктерін үйлестіруге негізделген.

     Компания толық  өндіріс циклын жүзеге асыратын  вертикалды интеграцияланған мұнай-газ  операторы болып табылады. «ҚазМұнайГаз»  ұлттық компаниясы Қазақстанда  және шетелде жұмыс жасайтын 50-ден астам еншілес және тәуелді ұйымдардың қатысушысы немесе акционері болып табылады. Компанияның жарияланған және төленген жарғылық капиталы 47 873 627 500 теңгені құрайды.

     Компанияның  негізгі еншілес ұйымдары келесілер: мұнайды өндірумен айналысатын «Ембімұнайгаз» және «Өзенмұнайгаз»; мұнайды қайта өңдейтін зауыт «Атырау мұнай өңдеу зауыты» және мұнай мен газды тасымалдауды жүзеге асыратын «КазТрансОйл» және «КазТрансГаз».

     «ҚазМұнайГаз»  ұлттық компаниясы көптеген бірлескен  кәсіпорындардың, соның ішінде Қазақстандағы мұнай және газды ірі өндірушілердің бірі – «ТенгизШевройл» ЖШС-ның серіктесі болып табылады.

     Өткізу шарттары  өте маңызды макроэкономикалық  параметрлер мен басқарушылық  шешімдерге байланысты, олардың  шегінде компанияның даму жоспарының барлық техникалық-экономикалық есептеулері мен негіздемелері жүргізіледі. Өткізудің берілген шарттарын орындау даму жоспарының нақты атқарылуына әсер етеді және төменде көрсетілген параметрлерден ауытқу кезінде түзетулерді, қайта есептеулерді және нақтылауларды қажет етеді.

Информация о работе Қазақстанның инвестициялық саясаты және оның тиімділігінің факторы ретіндегі инвестициялық климат