Қазақстанның инвестициялық саясаты және оның тиімділігінің факторы ретіндегі инвестициялық климат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2014 в 15:09, курсовая работа

Описание работы

Экономиканың нақты секторының инвестициялық тартушылық мәселесiн шешудi талап ету мен қаржылық-экономикалық талдау нәтижелерiмен сәйкес жүзеге асырылуы қажет. Нақты сектордың инвестициялық тартушылығының маңызды жағдайлары болып, инвестициялық жобаның мақсатын дұрыс анықтау, iшкi өндiрiс үшiн потенциалға ие жаңа өнiмдi шығаруда мүмкiндiктердi көрсету. Бәрiмiзге мәлiм, инвестициялық салымның негiзгi мақсаты – бұл шығарылатын өнiм көлемiн максимизациялау немесе тұтынатын ресурстарға шығынды минимизациялау емес, жобаның техникалық тиiмдiлiгi немесе пайданы максимизациялау да емес, яғни өндiрiстi (бизнестi) ұзақ мерзiмдi бағдарлаудың мақсаты болуы тиiс техникалық және экономикалық аспектiлердiң оптималды үйлесiмдiлiгi.

Содержание работы

КІРІСПЕ.......................................................................................................................3

І ЭКОНОМИКАНЫ ИНВЕСТИЦИЯЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
АСПЕКТІЛЕРІ.............................................................................................................7

1.1 Инвестицияның экономикалық мәні, классификациясы және құрылымы.....................................................................................................................7

1.2 Шетелдік инвестициялар және олардың Қазақстан экономикасындағы атқаратын ролі...........................................................................................................14

1.3 Шетелдік инвестицияларды тарту бойынша мемлекеттік реттеу механизмдері және инвестициялық стратегиялары...............................................24

ІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МҰНАЙ-ГАЗ СЕКТОРЫНДАҒЫ
ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ.....................30

2.1Ұлтттық мұнай компаниялары және олардың инвестициялық процестерді жандандыруда атқаратын рөлі.................................................................................30

2.2 Қазақстанның инвестициялық саясаты және оның тиімділігінің факторы ретіндегі инвестициялық климат.............................................................................41

2.3 Шетелдік инвестицияларды қолданудың тиімділігін жетілдіру жолдары......................................................................................................................45


ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................59

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...........................................................................62

Файлы: 1 файл

Дип.-МҰНАЙ-ГАЗ-СЕКТОРЫНДАҒЫ-ШЕТЕЛДІК-ИНВЕСТИЦИЯЛАР.doc

— 565.00 Кб (Скачать файл)

     Республика территориясында мұнай мен газдың ірі барланған қорларының болуы шетелдік инвесторлардың табысты қызметі үшін маңызды жағдай болып табылады. Тартылатын инвестициялардың көп бөлігі Қазақстан экономика-сының минералды-шикізат секторының дамуына бағытталған (8-кесте ).

    Сонымен, 2006 жылы  мұнай-газ секторына инвестициялар  көлемі 4810 млн.долларды құрады, соның  ішінде шетелдік және отандық  инвесторлардың салымдары 4365,2 млн. (90,7%) және  444,8 млн.  (9,2%) құрады.

 

Кесте 8 - 2005-2006 жылдардағы ҚР-сының минералды шикізаттар түрі бойынша минералды-шикізат секторына инвестициялардың динамикасы  

                                                                                                                        (млн.долл.)                                                                                                                                                                                                                                                                       

Минералды шикізаттардың түрлері

2003ж.

2004ж.

2005ж.

2006ж.

1

2

3

4

5

Мұнай, газ және газ конденсаты

2129

2990,7

3492,7

4810

Полиметалдық рудалар

185,5

224,6

287,7

306,9

Көмір

216,3

175

251

276,5

Мыс

206,7

213,6

287,7

306,9

Темір және марганец

110,5

15,8

187,1

189,6

Алтын

43,7

60,6

68,2

78,9

Хромиттер

38,9

52,3

57,5

46,9

Уран

25,4

31,6

37,9

46

Алюминий (бокситтер)

22,7

30,6

44,8

32,4

Никель, кобальт

0,1

0,4

0,45

0,53

Шикізаттың басқа түрлері

41,8

44,8

24,9

27,3

Кең таралған пайдалы қазбалар

26,2

31,3

43,06

56,4

Жер асты сулары

35,3

31,5

42,1

42,6

Барлығы

3082,1

4043,1

4743,9

6090,7

Қайнар көзі: письмо Министерства энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан №06-02-1662 от 13.03.2007г


 

     Қазақстанда  құрылған инвестициялық климат  жалпы қолайлы болып табылады. Осыған  және сондай-ақ, елдің негізгі инвестициялық потенциалы болып табылатын бай табиғи ресурстардың болуына байланысты республика шетелдік инвестицияларды тарту көлемі  бойынша ТМД және Батыс Еуропа елдері арасында алдыңғы орындарға ие болды.

    Отандық инвесторлардың  рөлін жоғарылату жобаларды мемлекеттік  қаржыландыруды жақсарту есебінен, сондай-ақ кәсіпорындардың өзінің  инвестициялық қызметінің тиімділігін  көтеру есебінен де жүзеге  асуы керек.  Бұл жақсару, әлемдік  тәжірибе көрсеткендей, қаржы нарығы мен ссудалық капитал нарығының қалыптасу тиімділігін көтеру салдарынан жетуге болады. Бірінші жағдайда есептің шешуде: біріншіден, нақты секторға  несиелерді бағыттау жолымен несиелендіру тиімділігін  күшейту есебімен және қол жетімді несиелік ставкалар арқылы  банктік жүйенің жұмысын жақсарту; екіншіден, мемлекеттік қаржыландыру рөлін күшейту; үшіншіден, кәсіпорынның инвестициялық қызметіндегі портфельді инвестициялар мәнділігін күшейту. Тек қана олар, әлемдік тәжірибе көрсеткендей, қор нарығында  өз акциялары мен облигацияларын өндіру және өткізу негізінде, сондай-ақ басқа кәсіпорындардың акцияларын сатып алуда қатысу негізінде дивидендтер алу жолымен  кәсіпорынның жеке капиталын жоғарылатудың негізгі механизмі  болуы керек.

    Отандық инвестицияларды дамыту қажеттілігін айта отырып, мынаны ескеру керек: республикадан “капиталдың қашуы” сияқты жағымсыз құбылыстың болуын тоқтату есебімен  жүзеге  асырылады.  Тек қана эмиграция бойынша республикадан капиталдың төгілуі, мысалы 2003 жылы 229,6 млн.долл. құрады. Қазіргі кезде ол  қазақстан экономикасының әртүрлі сферасына көп жоспарлы тікелей және жанама әсер  етеді. Жалпы капитал төгілуі  келесідей салдардан тұрады:

  • шетелден оның шығындарының орнын толтырмайтын капиталдың шығуы ішкі инвестициялардың көлемінің қысқару себептерінің бірі  болып табылады;
  • халықаралық несиелік ресурстардың жасанды сұранысын дамыту және ішкі капитал салымдарының  қысқаруы;
  • капитал шегінен  ”қашып” кеткен  пайда елге инвестицияланбайды;
  • капиталдың  төгілуі қаржы нарықтарының тұрақтылығын бұзады және оның сегменттерінің асимметриясына әкеледі;
  • үлкен көлемде капиталдың шығуы  Қазақстанның төлем балансының жағдайына қарсы әсерін тигізеді;
  • теңге курсына жанама әсер ететін валюталық резервтердің қысқаруы. Егер де капитал шегіне қашып кеткен бөлігі республикада қалғанда, елдің валюталық резерві  90-жылдар аяғына қарағанда маңыздырақ болар еді;
  • капиталдың төгілуі Қазақстанның  көптеген макроэкономикалық көрсеткіштеріне әсер етеді және өз кезегінде әлемдік нарықтағы елдердің инвестициялық бәсекеге қабілеттілігіне  әсер етеді.

     Қазақстаннан  “капиталдың қашып кетуі”  заңды, сондай-ақ заңсыз түрде жүзеге  асырылады. Заңды түрге  басқа  қаржылық бөлімшелердің ссудалық  формадағы банк депозиттері мен  әртүрлі шоттарында заңды және жеке тұлғалар капиталын орналастыру жатады.

    Шетелге капиталды  аударудың заңсыз түріне экспорттан  түскен шетелдік банктер  табысының  есебінен депонирлеу; экспорттық бағаларды төмендетіп, импорттық бағаларды жоғарылату; оффшорлы компанияларды қолдану.

    Капитал салымдарының  тиімділігін  бағалаудың 3 тәсілі  бар:

  • Салыстырмалы шығындармен шығарылым бағасы арқылы салыстырылады, яғни, қаржылық талдау. Әлемдік тәжірибе бойынша инвестициялау тиімділігін бағалауда қаржылық жағдайды ғана ескеру аздық етеді. Мысалға болжанбаған инфляция жағдайы орын алса құрдымға алып келеді.
  • Тиімділікті қаржылық-техникалық критерийі бойынша да есептейді. Дұрыстап қарайтын болсақ инвестициялық жобаға салынған салымдар сол технологияның өзіне тәуелді. Технология арқылы біз кәсіпорынның күштілігін байқаймыз және технология инвестициялық мақсатқа қол жеткізуде тікелей әсер етеді.
  • Тиімділікті бағалаудың техникалық әдісі.

 

 

2.3 Шетелдік инвестицияларды  қолданудың тиімділігін жетілдіру  жолдары

 

 

     Көптеген батыс  елдері үшін Қазақстан бұрынғы посткеңестік кеңістіктегі ең жағымды климат құрылған аймақ болып қалып отыр. Сыртқы нарықтардағы жағдайларға қарамастан, республикада қаражаттарын мұнай, телекоммуникациялау, энергетикалық және экономиканың басқа секторларындағы жобаларға салатын әлемдік трансұлттық компаниялардың бар болуы өзгеріссіз. Сонымен бірге, республикадағы инвестиция климатын келешекте жақсарту үшін шетел капиталының ағу жолында күрделі бөгеттер әлі де бар. Объективті себептер санына республиканың континентальдығын, дәстүрлі сыртқы нарықтардан, негізгі инвестор елдерден салыстырмалы қашықта болуы, көліктік коммуникациялардың және бүкіл инфрақұрылымның төмен дамуын жатқызуға болады.

    Инвестициялық  процесті жандандыру үшін субъективті  сипаттағы бөгеттер жеке жағдайларда заңнаманы орындамау немесе оның кемшіліктеріне байланысты пайда болады.

    Инвесторларды  таңдау және тарту кезінде  тек қана халықаралық қаржылық  ұйымдарға емес, Қазақстандағы көзделген  экономикалық түрлендірулерді жүзеге  асыруға жағдайы бар өнеркәсібі дамыған елдердің үкіметтік құрылымдарына да бағытталу керек.

    Шетел инвесторлары  салымдар тартымдылығы мен түрде  және басқа елдерге қаражаттарды  қауіпсіз табысты салу мүмкіндіктерімен  салыстыруда инвестициялардың экономикалық  тәуекел дәрежесін анықтайтын факторларды қабылдайды. Бұдан шыға отырып, инвестициялық процесті мемлекеттік реттеу белгілі бір талаптар мен шарттарға жауап беру қажет, олар шаруашылық жүргізуші субъектілердің ағымдағы және перспективадағы жоспарларына сай көлемдерде капиталдың тұрақты ағынының негізін қалауы мүмкін.

    Инвестициялық  процесін тұрақтандыру мен жылдамдатудағы  бұл талаптардың бастылары келесілер:

  • заңнаманың тұрақтылығы, қаржылық, салықтық, кедендік реттеудің нормативтік-құқықтық базасын құру;
  • салықтық алымдар, тарифтер мен белгіленетін жеңілдіктерді рационализациялау;
  • Қазақстанның өндірістік күштері дамуының приоритетті мақсаттарына жетуді қамтамасыз ететін салалық және территориалдық қатынастардағы иілгіш қаржылық реттеудің болуы;
  • шетелдік инвестицияларға қатысты, әртүрлі министрліктер мен ведомствалар тарапынан инвестициялық процесті реттеу шараларын қайталауды жоюға байланысты проблемаларды шешу кезінде мемлекеттік органдар компетенциясының жоғары деңгейде болуы.

     Өкінішке орай, мұндай прецеденттер кейбір мұнай-газ кен орындарын жасақтау кезінде орын алады және ол шетелдік компаниялардың өндірістік циклге өте үлкен емес материалдық және қаржылық ресурстарды нақты кіргізетінін білдіреді, ол ресурстар есебінен тек ағымдағы өндіруді жүргізуге болады, бірақ кейінгі шығыны көп жұмыстарды – пласттық қысымды қолдау, қалдықтарды жою, шикізатты кешенді пайдалану және т.б. жүзеге асыру мүмкін емес. Осылайша, келісім бойынша алынған кен орындарды минималды шығындармен және қоршаған орта үшін едәуір залалмен жасақтай отырып, кейбір инвесторлар жер қойнауын перспективада рациональды пайдалану үшін одан да көп шығынды қажет ететін жағдайға дейін жеткізеді.

    Әлемнің барлық  елдерінде шетел капиталын белгілі  бір формада салу регламенттеледі. Көптеген елдерде шетелдік капитал  үшін жағымды режим белгіленгенмен, мемлекет антимонопольды заңнамаларды қолдану жолымен және басқа да нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа ала отырып, экономиканың кейбір салаларына оны салуды экономикалық, қаржылық және басқа шектеулерді енгізіп оның ағынын реттейді. Шетелдік капиталды тартуда қызығушылық таныта отырып, оны салу үшін жағымды шарттар құра отырып, ол үшін жағымды режим туралы жариялай отырып, мемлекет заңға қарсы келетін іс-әрекеттерді болдырмай, өндірістің бір салаларына салынуын қолдап және екіншілеріне салынуын шектеп отыруы керек.

    Әрине, шетелдік  инвестицияларды тарту экономиканың  өсу факторы ретінде оң мәнге  ие, бірақ олардың көлемдері сыртқы  борышты өтеу мүммкіндігімен  қатаң байланысты болуы керек.

    Ұлттық экономикаға  сыртқы қарыздың кез келген түсімдері есептелген пайыздарды төлеу, кәсіпкерлік пайданы аудару, сыртқы қарыздың негізгі бөлігін өтеу формасында экономикалық ресурстардың кері ағынын тудырады. Мөлшері бойынша бұл төлемдер шетелдік инвестицияларды пайдалану масштабтарына байланысты және валюталық түсімдердің едәуір бөлігін жұтады. Сондықтан шетелдік қарыздық қаражаттардың максималды мүмкін ағынын анықтау үшін ұлттық экономикаға шетелдік инвестициялардың жеткіліктілік коэффициентін қолдану қажет, ол халықаралық тәжірибеде қарыз бойынша жыл сайынғы төлемдердің экспорттың жылдық көлеміне қатынасы ретінде есептеледі:

К = S / N · 100

мұндағы, К – жеткіліктілік коэффициенті; S – сыртқы қарыз бойынша жыл сайынғы төлемдер; N – экспорт көлемі.

     Әлемдік тәжірибеде, егер ұлттық экономикаға шетелдік инвестициялардың жеткіліктілік коэффициенті 20-25%-дан асса, елге экономикалық тәуелсіздікті жоғалту қаупі барын білдіреді деп саналады.

     Қазақстан  үшін бұл сан едәуір аз болуы  керек. Бұл отандық экспорт құрылымы  бірқатар елеулі кемшіліктерге ие болуымен байланысты, ал валюталық түсімдердің көп бөлігі тауарлар экспорты есебінен құралып отыр.

     Экономикалық  тәуелсіздікті қамтамасыз ету  экономика дамуының ұлттық мүдделерін  қорғау механизмдерін құруға  және өткізуге мемлекеттің дайындығы мен қабілеттілігін білдіреді. Ел экономикасының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды элементі экономика қауіпсіздігінің ішкі және сыртқы қатерлерін анықтау және алдын алу бойынша, мұнай-газ кешенінің барлық буындары кіретін стратегиялық салаларға шетелдік инвестицияларды тартудың негізгі принциптерін сақтау бойынша іс-әрекет болып табылады.

     Ел қауіпсіздігіне  белгілі бір қатерлердің әсер  етуі оларды сипаттайтын кқрсеткіштер  негізінде анықталады. Осы кезде  көрсеткіштердің мәндері емес, олардың шекті шамалары маңызды болады, оларды орындамау өндірістің әр түрлі элементтері дамуының нормальды жүрісіне кедергі келтіреді, экономикалық қауіпсіздік облысында жағымсыз, талқалдау тенденцияларының құрылуына алып келеді. Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз  ету үшін барлық көрсеткіштер кешені өз шекті мәндерінің мүмкін шекарарларында болуы қажет, ал бір көрсеткіштің шекті шамасы екіншілеріне залал әкелмеу керек. Шетелдік инвестицияларды тартудың жалпы принциптеріне назар аудара отырып, біз оларды мұнай-газ кешеніне қатысты нақтылауға тырыстық (9-кесте).

     Кесте 9 - Қазақстан  Республикасының мұнай-газ кешеніне  шетелдік инвестицияларды тартудың  қағидалары

Қағидалар

Сипаттамасы

Азаттықтың экономикалық және экологиялық қауіпсіздігі

Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қамтамасыз ету мақсатымен экономикалық және экологиялық қауіпсіздік

Экономикалық мақсаттылық

Шетелдік инвесторлардың қатысуымен инвестициялық жобалардың, Қазақстан Республикасы үшін несиелер мен займдар алудың экономикалық мақсаттылығы

Әлеуметтік-экономикалық тиімділік

Шетелдік инвесторлардың қатысуымен инвестициялық жобалардың, несиелер мен займдар берудің әлеуметтік-экономикалық тиімділігі

Экономикалық саясат мақсаттарымен корреляция

Елде жүргізілетін құрылым мен инвестициялық саясатқа сәйкес приоритетті объектілерге шетелдік инвестицияларды салу

Донор-елдерді приоритетті таңдау

Қазақстан Республикасының экономикасы үшін шетелдік инвестициялардың залалсыз болуы мен олардың беделіне сенімділік негізінде  донор-елдерді приоритетті таңдау

Минималды коммерциялық тәуекел

Ұлттық және шетелдік серіктестіктердің қаржылық жағдай ткралы, заңнамалық-құқықтық инвестициялық режимге сәйкес құқықтар мен міндеттер туралы өзара ақпараттанудың негізінде жетілетін коммерциялық тәуекелдің минимизациясы

Информация о работе Қазақстанның инвестициялық саясаты және оның тиімділігінің факторы ретіндегі инвестициялық климат