Қазақстанның инвестициялық саясаты және оның тиімділігінің факторы ретіндегі инвестициялық климат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2014 в 15:09, курсовая работа

Описание работы

Экономиканың нақты секторының инвестициялық тартушылық мәселесiн шешудi талап ету мен қаржылық-экономикалық талдау нәтижелерiмен сәйкес жүзеге асырылуы қажет. Нақты сектордың инвестициялық тартушылығының маңызды жағдайлары болып, инвестициялық жобаның мақсатын дұрыс анықтау, iшкi өндiрiс үшiн потенциалға ие жаңа өнiмдi шығаруда мүмкiндiктердi көрсету. Бәрiмiзге мәлiм, инвестициялық салымның негiзгi мақсаты – бұл шығарылатын өнiм көлемiн максимизациялау немесе тұтынатын ресурстарға шығынды минимизациялау емес, жобаның техникалық тиiмдiлiгi немесе пайданы максимизациялау да емес, яғни өндiрiстi (бизнестi) ұзақ мерзiмдi бағдарлаудың мақсаты болуы тиiс техникалық және экономикалық аспектiлердiң оптималды үйлесiмдiлiгi.

Содержание работы

КІРІСПЕ.......................................................................................................................3

І ЭКОНОМИКАНЫ ИНВЕСТИЦИЯЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
АСПЕКТІЛЕРІ.............................................................................................................7

1.1 Инвестицияның экономикалық мәні, классификациясы және құрылымы.....................................................................................................................7

1.2 Шетелдік инвестициялар және олардың Қазақстан экономикасындағы атқаратын ролі...........................................................................................................14

1.3 Шетелдік инвестицияларды тарту бойынша мемлекеттік реттеу механизмдері және инвестициялық стратегиялары...............................................24

ІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МҰНАЙ-ГАЗ СЕКТОРЫНДАҒЫ
ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ.....................30

2.1Ұлтттық мұнай компаниялары және олардың инвестициялық процестерді жандандыруда атқаратын рөлі.................................................................................30

2.2 Қазақстанның инвестициялық саясаты және оның тиімділігінің факторы ретіндегі инвестициялық климат.............................................................................41

2.3 Шетелдік инвестицияларды қолданудың тиімділігін жетілдіру жолдары......................................................................................................................45


ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................59

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...........................................................................62

Файлы: 1 файл

Дип.-МҰНАЙ-ГАЗ-СЕКТОРЫНДАҒЫ-ШЕТЕЛДІК-ИНВЕСТИЦИЯЛАР.doc

— 565.00 Кб (Скачать файл)

     Кәсiпкерлiк  капиталдың тiкелей нысанында  пайдаланылуы тiкелей инвестицияларды бiлдiрсе, ал жанама нысандарында пайдаланылуы портфелдiк инвестицияларды сипаттайды. Тiкелей инвестициялар өндiрiстiк кәсiпорындарға тiкелей қаражат жұмсаумен байланысты экономикалық қатынастар жиынын бiлдiрсе, ал портфелдiк  инвестициялар - бұл инвестициялық процеске қатысушы банктердiң, әртүрлi қорлардың, кәсiпорындардың, ұйымдардьң немесе мекемелердiң бағалы қағаздарын, акция, облигацияларын, сертификаттарын сатып алу негiзiнде қаржы жұмсаумен байланысты экономикалық қатынастар жиынтығын бiлдiредi.

     Қазақстанның  экономикалық дамуына жұмсалған  инвестициялардың нысандарына байланысты  үлес салмағын талдау нәтижесi портфельдiк инвестициялардың пайдалануы  өте төмен көрсеткiшке ие болуын  сипаттайды. Әрине, бұл жағдай елiмiздегi бағалы қағаздар нарығының аса дамымауымен байланысты.

     Сонымен қатар, инвестицияларды меншiк нысанына  байланысты келесiдей түрде бөлiп  қарайды:

  • Мемлекеттiк меншiк нысанындағы инвестициялар мемлекеттiк бюджет есебiнен қаржыландыруды сипаттайды, оның жұмсалу бағыты әлеуметтiк сала болып табылады.
  • Жеке меншiк капитал нысанындағы инвестициялар кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын ұлттық шаруашылық субъектiлерiнiң өз қаражаттары мен тартылған қаражаттарының жиынтығын сипаттайды. Мұндай мемлекеттiк және жеке меншiк нысанындағы инвестицияларды бiр сөзбен отандық инвестициялар деп те атайды.
  • Шетелдiк капитал нысанындағы инвестициялар шет мемлекеттерден, оның iшiнде халықаралық қаржы ұйымдарынан таратылатын қаражаттар болып табылады.

     Жалпы  инвестициялардың барлық түрлерiн төмендегi 1-сурет бойынша жүйелеп, топтастырып көрсетуге болады /7/.

1 сурет – Инвестициялардың  жіктемесі


     Инвестицияларды  анықтауда инвестициялардың тек  мазмұндық сипатына ғана көңіл  бөліп ғана қоймай, сонымен бірге  оның мақсатты бағыттылығын да  ескеру керек. Осы тұрғыдан алғанда  инвестициялар табыстың ЖҰӨ-ді  өндіруге кеткен бөлігін құрайды және жаңа технологияларды, материалдарды және басқа еңбектің  құралдары мен заттарын енгізуге байланысты өндірісті кеңейту мен жаңартуға жұмсалған шығындар болып табылады,  яғни ақша капиталдарынан айырмашылығы ол физикалық капиталды кеңейтумен  және капитал құрумен байланысты инвестицияларды статикада емес, динамикада, яғни меншік формасының ауысу процесінде және  олардың осы мерзімдегі инвестициялық қызметтің соңғы өніміне айналуында қарастырған жөн. Бұл мағынада инвестициялар салымдарын табыс алуға дейінгі  түрленулер тізбегін көрсетеді, осы түрленулер болмаса инвестициялауға деген ынта болмайды.

 

1.2 Шетелдік  инвестициялар  және  олардың  Қазақстан  экономикасындағы  атқаратын  қызметі

 

     Қазақстан  Республикасы ашық рыноктың экономикасы жүзеге асыруға бағытталған саяси және экономикалық бір жүйелілікке беталыспен келеді. Бұл Республика Президенті мен Үкіметінің республикаға шетелдік капиталдың құйылуы ынталандырудағы іс-әрекеттерінен, қолданып жатқан шараларынан көрінуде.

     Инвестициялық  саясат ел экономикасында маңызды  рөл атқарады және оның мақсаты  мен алға қойылған міндеттерін  білу қажет. ҚР үкіметі соңғы  жылдардағы жинақталған тәжірибені негізге ала отырып, шетелдік ин-весторлар мүддесінің белгілі шеңбері туралы мәліметтер алды.

     Қазақстанда  шетелдік иинестицияны тартуды  мақсатты түрде басшылыққа ала  отырып, оның екі негізгі мүмкіншіліктерін  ескеру керек:

     1)Қазақстанның  табиғат ресурстарына байлығы. Қазақстан  территориясы Еуропа мен Азияның  түйіскен жеріндегі стратегиялық маңызды жерде орналасқан және Еуропа мен Азияның кең ауқымды рыногының байланысын жеңілдетуге мүмкіндігі мол.

     2)Қазақстанда  оқымыстылар, техниктер, маманданған  және жартылай маманданған жұмысшыларды  қосқанда адам ресурстарының  жақсы білімді және әртүрлі ұлт-ұлыстық резервінің (қорының) жеткіліктілігі. Бірақ та әрбір айтылған факторлардың өз деңгейінде шектелулері бар, оны мойындай және ескере білу керек:

  • Қазақстан құрғақ құрлықта орналасқан және ыңғайлы, арзан, көлемді мұхиттың сауда флотына жақын орналаспаған;
  • Табиғат ресурсы өндірілген пайдалы қазбаны өңдеуге, тазалауға, бөлшектеуге, тасымалдауға қосымша қажетті шығындарды да есептеу қажет/6/.

     Шетелдік инвестиция  халық шаруашылығының барлық  бөліктерінде қажет, нақты айтқанда  мұнай зерттеу мен өндіру, өңдеуге, металл өңдеуге және телеқатынастың жердегі және әуедегі транспортқа дейін, тамақ өнеркәсібінде, өнеркәсіп тауарларын өндіруде халық тұтынатын тауарларға және бөлшек саудаға қажет. Шетелдік инвестицияны елдің қауіпсіздігіне тікелей байланысты қару-жарақ өндіруге, есірткі заттар шығаруға және т.б. салаға колдануға болмайды.

     Шетелдік инвесторлар  көмегімен, біздің ойымызша, мынадай  міндеттерді орындауға болады:

   1)аймақтық жоғары бағаланған жаңадан табылған салалардың дамуын ынталандырып қолдау (негізгі іс атқарғыш күштерді аймақ территориясына орналастыру);

   2)өндірістің бірқатар  тұйықталған жүйесін құру (мүмкіндігінше  дайын өнім өндіру);

   3)белгілі салалардағы  ұлттық және шетелдік кәсіпорындарға 
өзара тиімді бәсекеге түсуді қамтамасыз ету үшін қолайлы 
арақатынасқа жағдай жасау.

     Бұл міндеттердің  орындалуы, жалпы басқа өте маңызды  экономикалық қиындықтарды шешуге  әсер еткен болар еді:

        1)  жұмыспен толық қамтамасыз ету;

     2) жоғарғы деңгейдегі капитал (күрделі қаржы) қайтарымына жету;

        3) бұрын  өндірісте өндірістік мақсатқа  жарамайды деп пайдаланылмаған  жергілікті шикізат пен материалдарды, ресурстарды шаруашылық айналысына  игеру;

        4) пайдалану шығындырын төмендету.

     Тікелей шетелдік  инвестициялар экономикалық реформаға әсер етуде экономикалық басқа нысаналарымен салыстырғанда бірсыпыра маңызды, үстемдігі бар: тауар өндіру мен қызметтер атқаруға, күрделі қаржы тауып салудың қайнар көзі, жаңа технологияны пайдаланға, ноу-хау, басқарудың алдыңғы қатардағы әдістері, және маркетингті (өндірісті сұранысты қанағаттандыруға бейімдеу) дамытуға қолайлы. Онымен бірге қарызды өтеуге қаржы жинақтау керек.

     Шетелдік қызметінің  зор тиімділігін ынталандыра  отырып, тәуекелінің толық ақталуы  жобаларының жетістікке жеткізу инвесторлардың өздеріне жүктеледі. Қорытындысында өндіріс пен ғылыми-техникалық кооперацияның тығыз байланысы қалыптасуының нәтижесінде тікелей шетелдік инвестиция ұлттық экономика мен дүние жүзілік шаруашылықтың өте тиімді байланысуын қамтамасыз етеді. Қазақстанда біріккен   кәсіпорын   ашу   процесі өте тез жүріп жатыр /7/.

     Егер 2000 жылы  республикада барлығы 491 біріккен  кәсіпорын болса,   2001 жылы 736-ға  жетті,  ал бүгінде оның саны 1/3-ке өсіп біріккен кәсіпорын 1 мыңнан асып отыр. Рыноктың қайта қалыптасу кезеңінде біздің республикаға шетелдік капиталдың әкелінуінің өте көлемді және басты түрі (әдісі), бұл мемлекеттік қауіпсіздендірумен (кепілдікпен) алынатын экспорттық несие деп аталатын мемлекеттік емес несие. 2000 жыл мен 2003 жыл аралығында республикаға әлемнің 17 елінен АҚШ-тың 9 млрд. доллары көлемінде экспортты несие алынды. Соның ішінде ірі көлемде мына елдерден несие алынған: Германия (1 млрд. доллар), Түрік мемлекеті (800 млн. доллар), Австрия (458 млн. доллар) және Ұлыбритания (400 млн. доллар).

     Шетелдік капиталдың  құйылуын көбейту үшін біздің  елімізде бірінші кезекте жақсы  дамыған инфрақұрылым және коммуникация (қатынас) қажет. Сондықтан Республика  Үкіметі Қазақстанның дамуына  ресми көмек ретінде келіп  жатқан шетелдік капиталды қазіргі кезенде тарту мен тиімді пайдалануға көп көңіл бөліп отыр /17/. Бұның шеңберінде Қазақстан көптеген Халықаралық қаржы ұйымдарымен қаржылық қарым-қатынасты дамытып отыр. Атап айтсақ, МВФ,МБРР,АБР, ЕБРР,ИБР және көмекші елдер, Жапония,  АҚШ,   Германия,   Франция  және  басқа  елдер үкіметтерімен байланыста.

     Қазақстан  Республикасы барлығы 1996 жылдан  бүгінгі күнге дейін 5,6 млрд. АҚШ  долларымен қарыз қаржыларын  МФЭО мен көмекші елдерден  алған, оның төрт млрд.тан астамы  игерілген, ол дегеніміз 65 проценті құрайды.

     Токиода өткізілген  Қазақстанға көмекші елдер тобының  түсінушілік кездесуінде жарияланғанындай 1999-2001 жж. аралығында қаржы міндеттемелеріне  сәйкес республикаға 4,35 млрд. АҚШ  доллары көлемінде несие қаржысы  берілді. Оның ішінде 140 млн. АҚШ доллары тікелей төлеусіз, техникалық көмекке беріледі.

     Республикаға өте қажетті ондаған жобалар жүзеге асырылып жатыр. Мысалы: Астанада ағылшындар 300 орындық аурухана салуды қолға алды. Сызғанов атындағы Хирургия Ғылыми Орталығы балалардың денсаулығын қалпына келтіру орталығына ЦБР-дің несиесі, ауылшаруашылығында жекешелендіру мен реформаны қолдау және фермерлік шаруашылықты дамытуға МБРР жобасы, шағын және орта бизнес кәсіпорындары үшін Германияның несие беру бағыты және көптеген басқа жобалар.

     Жан-жақты техникалық көмек жүйесінен мынаны атап көрсетсек, ТМД елдеріне техникалық көмек бағдарламасы шеңберінде Еуропалық Одақ (ЕО) жобасы, ол экономикалық реформа процесіне қолдау көрсетуге бағытталған. Іс-жүзінде қолданылып жатырған жалпы жобалар саны 49, олар жалпы саласы, 77,9 млн. АҚШ доллары.

     Жалпы алғанда  соңғы жылдарда Қазакстан экономикасына  шетелдік инвестицияның (соның ішінде  тура, портфельді, қарыз қаржылары, сыртқы несиелер) жалпы сомасы 22 млрд. АҚШ доллары тартылған. Соның ішінде тікелей инвестиция - 9,4 млрд.АҚШ доллары, оның 46,7 проценті мұнай-газ кешеніне, 29,7 проценті металлургияға.

     Болжап есептеуге қарағанда, жыл сайынғы Қазақстанның шетелдік инвестицияны   жалпы   қажетсінуі   4-6 млрд.   АҚШ доллары көлемінде. 2000 жылы шетелдік капиталды тарату 4,3 млрд.доллар деп болжанған, оның ішінде тікелей инвестиция 7,1% және 24% несиелік /23/.

     Біріккен кәсіпорын өз қызметтерін ішкі рынокқа да атқарып келеді. Ішкі рынокта біріккен кәсіпорын өнімдерін өткізу, бөлшек сауда тауар айналысының 16%-ын құрады. Шетелдік инвесторлар инвестицияны Қазақстан экономикасының  шикізаттық салаларына бірінші кезекте тау-кен өнеркәсібі және отын-энергетика кешеніне көп көңіл аударуда.

     Тау-кен өнеркәсіптік кешеніндегі тура шетелдік инвестиция арқылы Біріккен кәсіпорынның ең ірі және өте белгілісі Семей облысы, Бақыршақ кен орнында ашылған алтын мышьякты руданы өндіру мен өңдейтін фирма «Минпрон-Чилевич» және НАК «Алтын Алмас». Инвестицияның болжамдағы көлемі 212 млн. АҚШ доллары. Ол 30 жылға аралықтағы қызметінде 930 млн. АҚШ доллары көлемінде таза табыс алынады  деп күтілуде, оның 230 млн. доллары мемлекетке беріледі, ал  НАК "Алтын Алмас" үлесі сыбағасы 490 млн. АҚШ доллары.

     Қазіргі кезеңде 18 біріккен кәсіпорын көмірсутегін зерттеп табу мен өндіруде қызмет атқарып жатыр. Оның қатарында белгілі Тенгиз және Королев мұнай орындарын игеріп жатқан "Шеврон Оверсиз" (АҚІІІ) компаниясының "Тенгиз Шевройл" біріккен кәсіпорны және Қазақстанның батыс облыстарында мұнай орындарын зерттейтін және өндіретін Түрік ұлттық компаниясымен біріккен кәсіпорын  "Қазақтүрікмұнай". Одан басқа өз қызметтерін табыспен жүргізіп жатқан біріккен кәсіпорындарға: Орикс (АҚШ) компаниясымен Маңғыстау облысындағы Арман мұнай кен орнын игеріп жатқан біріккен кәсіпорын "Арман", Канада фирмаларымен "Канадиен Оксидентал" және "Харикейн-Хайдрокарбон" ашылған. «Тұран Петромум» Қызылорда облысындағы Қызыл-Қия, Майбұлақ және Арыскұм кен орындарында, "Вега Ойл ГМБХ" германия компаниясымен ашылған "Казгермұнайы Ақшабұлақ", Нуралы және Ақсай кен орындарын игеріп жатыр/ 20 /.

     Сонымен қатар қазіргі мұнайды зерттеп табатын және өндіретін Қазақстандық біріккен кәсіпорындар қазіргі экономикалық жағдайлар мен инвестициялық мүмкіндіктерімен жер ресурстарының иесі ретіндегі мемлекеттің өте тиімді пайда табуға мүмкіндік болса да, бұл біріккен келісімдер мақсатқа сәйкес емес. Мемлекет үшін тиімді келісім-шарт өнімді бөлу болды.

     Қазақстан мұнай-газ ресурстарына, өте мол мұнай-газ кен орны Қарашығанақ туралы өнімді бөлу келісім  шартына кол қойылып бекітілгеннен кейін күрделі қаржыны салу мен игеру әжептеуір ұлғаяды деп үміттенуге болады. Қарашығанақ  орнында "Бритиш Газ" ( Ұлыбритания) және "Аджип" (Италия) альянсы және Каспий теңізі шельфінде барлау мен өндірумен келісімге ниет білдіруші консорциум мүшелері ("Шел","Бритиш Ретоулем","Статойл","Бритиш Газ", "Мобил", "Аджип" және "Тоталь").

     Мемлекеттік меншікті "жекешелендіру процесіне шетелдік инвесторлар қатысуы туралы" бекітілген ережеге сәйкес республикада шетелдік инвесторлар жекешелендіру процесінің барлық түрлеріне қатысуына болады. Нақты айтқанда жекешелендіруге  қатысатындары:

  • өзінің  жобаларымен;
  • жалпы көпшілік жекешелендіруге;
  • кіші жекешелендіруге.

     Өндіріс бөлігіндегі  қызметтің артуы (Қазақстан кәсіпорындарының акциясын алу) шетелдік компаниялардың саясатында өнім өткізу рыногын қолға алудағы жаңа бағытты (ағымды) көрсетеді.

     Қазіргі уақытта "Филипп Моррис" компаниясына Алматы темекі фабрикасының акциясы сатылған. Жобаның жалпы сомасы 302 млн.долл. болады. Шымкенттің кондитерлік фабрикасын жекешелендіру туралы американың "Набиско" компаниясымен келісім шартқа қол қойылған. Бұл жобаның жалпы сомасы 74,6 млн.долл./22/.

Информация о работе Қазақстанның инвестициялық саясаты және оның тиімділігінің факторы ретіндегі инвестициялық климат