Қазақстанның инвестициялық саясаты және оның тиімділігінің факторы ретіндегі инвестициялық климат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2014 в 15:09, курсовая работа

Описание работы

Экономиканың нақты секторының инвестициялық тартушылық мәселесiн шешудi талап ету мен қаржылық-экономикалық талдау нәтижелерiмен сәйкес жүзеге асырылуы қажет. Нақты сектордың инвестициялық тартушылығының маңызды жағдайлары болып, инвестициялық жобаның мақсатын дұрыс анықтау, iшкi өндiрiс үшiн потенциалға ие жаңа өнiмдi шығаруда мүмкiндiктердi көрсету. Бәрiмiзге мәлiм, инвестициялық салымның негiзгi мақсаты – бұл шығарылатын өнiм көлемiн максимизациялау немесе тұтынатын ресурстарға шығынды минимизациялау емес, жобаның техникалық тиiмдiлiгi немесе пайданы максимизациялау да емес, яғни өндiрiстi (бизнестi) ұзақ мерзiмдi бағдарлаудың мақсаты болуы тиiс техникалық және экономикалық аспектiлердiң оптималды үйлесiмдiлiгi.

Содержание работы

КІРІСПЕ.......................................................................................................................3

І ЭКОНОМИКАНЫ ИНВЕСТИЦИЯЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
АСПЕКТІЛЕРІ.............................................................................................................7

1.1 Инвестицияның экономикалық мәні, классификациясы және құрылымы.....................................................................................................................7

1.2 Шетелдік инвестициялар және олардың Қазақстан экономикасындағы атқаратын ролі...........................................................................................................14

1.3 Шетелдік инвестицияларды тарту бойынша мемлекеттік реттеу механизмдері және инвестициялық стратегиялары...............................................24

ІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МҰНАЙ-ГАЗ СЕКТОРЫНДАҒЫ
ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ.....................30

2.1Ұлтттық мұнай компаниялары және олардың инвестициялық процестерді жандандыруда атқаратын рөлі.................................................................................30

2.2 Қазақстанның инвестициялық саясаты және оның тиімділігінің факторы ретіндегі инвестициялық климат.............................................................................41

2.3 Шетелдік инвестицияларды қолданудың тиімділігін жетілдіру жолдары......................................................................................................................45


ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................59

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...........................................................................62

Файлы: 1 файл

Дип.-МҰНАЙ-ГАЗ-СЕКТОРЫНДАҒЫ-ШЕТЕЛДІК-ИНВЕСТИЦИЯЛАР.doc

— 565.00 Кб (Скачать файл)

      Мұнай-газ  кешенінің өнімдері елдің экспорттық  потенциалының негізін қалайды. Еңбекті халықаралық бөлуде Қазақстанның  тек қана көмірсутектер мен  металлдарды жабдықтаушы ретінде  қатысады. Мұнайды  әлемдік өндіруде  Қазақстан үлесіне 1%-ке жуығы ғана келеді.

     Қазақстан  экономикасына экспорттың әсері  ішкі нарықтың тарлығымен күшейе  түсуде. Шикізат пен жартылай  фабрикаттарды экспорттау мүмкіндігі  Қазақстанның өтпелі кезеңдегі  дағдарыстан шығуына үлкен ықпалын  тигізді және экономикалық өсу мен құрылымдық өзгерістер базасын құрды.  4-кесте мәліметтері бойынша саладағы жұмысбастылар саны және орташа айлық жалақы өнеркәсіп саласына қарағанда жоғарырақ.

     Статистикалық  мәліметтер бойынша республикалық, әсіресе, аймақтық деңгейде, мұнай-газ кешені қосымша жұмыс күші көп тартылатын сала болуы мүмкін деп есептейді және бұл тенденция жақын арадағы жылдарда сақталады.

     Мұнай өнеркәсібі  экономиканың табысты саласына  айналуда, сәйкесінше мемлекеттік  бюджетке ірі салықтық түсімдерді қамтамасыз етеді. Әлемдік нарықта мұнай мен мұнай өнімдеріне жоғары баға – бұл  саланың барлық экономиканың, сондай-ақ өнеркәсіптің табыстылығының қалыптасуына  рөлінің жоғарылауына әкелді.

     5-кестеде берілген  мәліметтерге қарасақ, шикі мұнай мен табиғи газды өндіруден түскен табыс республиканың барлық  өнеркәсібі табысының үлкен үлесін құрайды. 2002 жылдан бастап барлық өнеркәсіптің табысында саланың үлесі көбейіп жатыр: 2002 жылы  56%-дан 2004 жылы  71,7%-ға дейін. Мұнай мен табиғи газды өндірудегі пайдалылық деңгейі өнеркәсіптегіге қарағанда екі есе жоғары.  Мысалы, 2002 жылы саланың пайдалылығы елдің барлық өнеркәсібінің пайдалылығынан 2,2 есе, 2003 жылы – 2,1есе, 2004 жылы – 2,3 есе жоғары болды. Бұл жағдай тек мұнай секторының ғана емес, сондай-ақ бүкіл өнеркәсіптің инвестициялық потенциалының көбеюіне көмектесті. 

  

Кесте 5 – 2002-2004 жылдардағы ҚР-сының өнеркәсібінің жиынтық қаржылық нәтижелеріне мұнай саласының салымы 

 

2002

2003

2004

Өнеркәсіптің негізгі қызметінен түскен табыс (шығын), млн. теңге

140068

356077

288244

Шикі мұнай мен табиғи газ өндірудің негізгі қызметінен түскен табыс (шығын), млн.теңге

78473

246451

206737

Жалпы өнеркәсіп өнімінің табысынан саланың %-дық есептегі табысы (шығыны), %

56,0

69,2

71,7

Өнеркәсіп өнімінің пайдалылық деңгейі,%

15,8

26,5

20,0

Шикі мұнай мен табиғи газ өндіру өнімінің пайдалылық деңгейі, %

35,1

55,6

46,0

Қайнар көзі: 2001-2003 жылдардағы Қазақстанның және оның аймақтарының өнеркәсібі – Алматы, 2004 – 39бет;


 

     Елдің мұнай-газ  кешенінің жоғары табыстылығы басқа сфераларда жоғары іскелік және инвестициялық белсенділікті мультиплицировать ете отырып біздің экономикамыздың инвестициялық өсу қарқындылығын жоғарылатуды ұйғарады. 6-кестеде көрсетілгендей, бүкіл экономиканың инвестиция ағымының көп бөлігі мұнай-газ кешеніне бағытталған. Мысалы, 2001 жылы барлық салалық инвестициялар экономика салаларының инвестиция көлемінің 38,8%-ын құрады, сәйкесінше 2002 жылы – 46,2%, 2003 жылы – 41,1%, 2004 жылы – 38,9%-ды құрады.

 

Кесте 6 – 2000-2004 жылдардағы мұнай-газ кешенінің негізгі капиталындағы инвестициялар динамикасы

 

2000

2001

2002

2003

2004

Жалпы экономиканың негізгі капиталына инвестициялар, млн. теңге

264204

369084

595664

943398

1099987

Соның ішінде, мұнай-газ саласында, млн.теңге

86166

143359

275387

387952

428826

Экономикадағы инвестициялардың жалпы  көлемінде сала инвестицияларының үлесі, %

32,6

38,8

46,2

41,1

38,9

Автормен статистика бойынша ҚР-ның Агенттігінің мәліметтері негізінде құрылған: Қазақстан:2000-2004 жылдар. Ақпараттық-аналитикалық жинақ. Алматы,2004 - 440бет. ҚР-ның инвестициясы жөніндегі мәліметтер. Инвестициялар сериясы, 1-бөлім. – Алматы, 2004 – 18бет.


      2003 жылдың  қаңтар-тамыз айларында  Қазақстан  экономикасына инвестиция түрінде 612 млрд. теңге  тартылды. Индустрия мен сауда министрлігінің мәліметтері бойынша өткен жылы республика экономикасына инвестиция түрінде 1трлн. 193 млрд. теңге тартылды. Қазіргі уақытта өндірісте 340 инвестициялық келісімшарттар бар. Бұл келісімшарттардың 60%-ы отандық инвесторлармен  келісімшарттар.

     Өнеркәсіп  салалары бойынша негізгі капиталдағы  инвестициялар құрылымы инвестицияның  көп көлемі мұнай-газ кешеніне  салынатынын көрсетті. ҚР-ның статистика  бойынша агенттігінің мәліметтері  көрсеткендей, 2001 жылы өнеркәсіпке  салынған барлық инвестициялардың 65,3%-ы мұнай және газ өнеркәсібіне бағытталған, сәйкесінше 2002 жылы – 71,4%,2003 жылы – 70,5%, 2004 жылы – 72,9% болды (7-кесте).

 

     Кесте 7 – 2000-2004 жылдардағы ҚР-сы өнеркәсібінің салалары бойынша негізгі капиталға инвестициялар құрылымы, қорытындысы %-дық есеппен  

 

2000

2001

2002

2003

2004

Өнеркәсіп, барлығы

100

100

100

100

100

соның ішінде

         

Мұнай және газ өнеркәсібі

62,6

65,3

71,4

70,5

72,9

Электроэнергетика

8,8

8,9

4,5

5,0

4,5

Көмір өнеркәсібі

1,5

2,0

1,4

1,0

1,1

Өңдеуші өнеркәсіп

23,7

20,5

18,6

19,0

17,5

Өнеркәсіптің басқа да салалары

3,4

3,3

4,1

4,5

4,0

Автормен статистика бойынша ҚР-ның Агенттігінің мәліметтері негізінде құрылған: Қазақстан:2000-2004 жылдар. Ақпараттық-аналитикалық жинақ. Алм.,2004 – 28-31бет. ҚР-ның инвестициясы жөніндегі мәліметтер.Инвестициялар сериясы,1-бөлім. – Алм.,2004


    Талдау көрсетіп  отырғандай, инвестициялық ресурстар  үшін саланың тартымдылығы  әлемдік  тауарлы-шикізат нарықтарының қолайлы  конъюнктурасымен, сондай-ақ экономиканың мұнай-газ секторына бағытталған мемлекеттік инвестициялық саясаттың бағытталуымен байланысты.

    Тартылған инвестициялардың  көлемін үлкейту – үкіметтің  инвестициялық саясатының нәтижесі, шетелдік және отандық инвесторлар  үшін сала тартымдылығының  айғағы, бірақ та Қазақстанда қаржы қорларының белсенді өсуі кезінде  саланың жеке ресурстарын қолдануды жандандыру қажет.

 

 

2.2 Қазақстанның  инвестициялық саясаты және оның  тиімділігінің  факторы ретіндегі  инвестициялық климат

 

 

     Кәсіпорынның  инвестициялық саясаты - оның шаруашылық іс-әрекетінің маңызды бөлігі. Кәсіпорын экономикасында инвестиция маңыздылығын анықтап, бағалау қиын. Қазіргі заманғы өндірістің сипаты ол - үнемі өсіп отыратын капитал сыйымдылығы мен ұзақ мерзімді факторлар болмақ. Кәсіпорын өзінің өнімінің сапасын жақсарту үшін шығындарын төмендету, өндіріс күштерін ұлғайту, бәсекелестік жағдайында нарықтан өз орнын табу үшін үнемі капитал салып отыруы тиіс.

    Сондықтан да  оған үнемі өте жақсы жасалған  инвестициялық стратегия жасап, оған жету үшін қолдан келгеннің бәрін жасауы тиіс.

     Мемлекеттің  инвестициялық саясатының сәтті  жүзеге асырылуы елдегі қолайлы  инвестициялық климаттың болуын  ұйғарады. Және сол ғана экономиканың  сол немесе басқа саласына, секторына  инвестициялар тарту шарттарын анықтайды.

     Инвестициялық  климат өз кезегінде, басқа елдер, аймақтармен салыстырғанда берілген  елдің капитал салымдарының тиімділік  көрсеткіштерімен және тәуекел  дәрежесімен анықталатын оның  қолайлығы дәрежесімен сипатталады. Ол бес фактордың әрекет етуімен түсіндіріледі:

   1)Елдің, аймақтың геосаяси жағдайы және оның табиғи-ресурсты потенциалы. Олар, ереже бойынша, елдің басқа елдермен (өндірістік дамыған елдермен көршілес болу) қарым-қатынасы бойынша географиялық жағдайлармен, оның территориясы арқылы маңызды транспорттық жолдардың өтуімен, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру үшін, теңіз порттарының және жеке шикізат базасының болуымен анықталады. Бұл фактор елдің инфрақұрылымдық тартымдылығын дамыту қажеттігін ескертеді.

   2)Елдің өндірістік потенциалы және аймақтық тауарлық нарықтардың жағдайы. Бұл фактордың инвесторлар үшін ең тартымды элементтері болып дамыған жол-көліктік, телекоммуникациялық инфрақұрылымға, жеткілікті біліктілікке ие арзан жұмысшы күшіне, өндірістік-техникалық бағыттағы өнімдер  және халық тұтынатын тауарлары бар аймақтық нарықта еркін «таушаға» ие аймақтар табылады.

   3)Қаржылық инфрақұрылым дамуының деңгейі. Бұл фактор банктердің, биржалардың, көтерме-делдалдық фирмалардың, сауда үйлерінің, сақтандыру, инвестициялық, лизингтік компаниялардың, инвестициялық қорлардың және т.б. даму деңгейімен анықталады. Олардың болуы мен даму деңгейінен капиталдың аймақтық нарықтарының қалыптасуы, шаруашылық жүргізуші субъектілер, халық, құнды қағаз шығару, банктің несиелік ресурстарының қорларын тарту есебімен инвестициялау үшін қаржылық ресурстарды жию мүмкіндігіне тәуелді болып келеді.

   4)Салық саясаты. Бұл факторды жүзеге асыру салық салу жағдайларын реттеу, елдің экономикасының приоритетті сферасына инвестициялар тарту мақсатында қосымша жеңілдіктер енгізу, бюджет қорларының есебімен жеке инвестицияларды сақтандыру жолымен жүзеге асырылады.

   5)Экономикадан тыс тәуекелдер: дамудың арнайы бағдарламаларын талап ететін елдегі  әлеуметтік-саяси жағдайлар тұрақты еместігі, жағымсыз экологиялық жағдайлар және т.б.

    Қазақстанның инвестициялық климатын жоғарыда көрсетілген факторлар бойынша бағалайтын болсақ, онда ол бірнеше дәстүрлі жағымды жақтарымен ерекшеленетінін көруге болады: мазмұнсыз нарық, КСРО-ның бұрынғы республикаларының нарыққа шығуы, сәйкесінше арзан жұмыс күші,  бай ғылыми-техникалық потенциал.

     Шетелдік инвесторлар  үшін ең тартымды болып табиғи  ресурстардың бай қорлары есептеледі. Қазақстан ең ірі  вольфрам  өндіруші болып табылады, ол оның  қорлары бойынша әлемде бірінші орынды алады, екінші орынды – хром және фосфор рудалары бойынша алады, төртінші – қорғасын мен молибден қорлары бойынша, сегізінші – Бразилия, Австралия, Канада, АҚШ, Үндістан, Ресей және Украинаға орын бере отырып темір рудалары қоры бойынша алады. Республика минералды-шикізат нарығының белсенді қатысушысы болып табылады.

     Республикадағы  инвестициялық климаттың жағымды  жақтарын қарай отырып, мынаны  ескеру керек: салалық және аймақаралық  айырмашылықтар болады. Соңғы жылдары  инвестициялық іс-әрекет елдің барлық аймақтарында жандандырылды. Мысалы, 2003 жылы елдің 13 аймағында негізгі капиталға  инвестициялардың ерекше өсуі байқалды: Жамбыл (4есе), Қызылорда, Алматы, Павлодар, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан, Атырау (1,3 – 1,7 есе), Ақтөбе облысы және Астана қаласы (1,2 есе). 2-13%-ке өсу Маңғыстау, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында байқалды. Негізгі капиталға инвестицияның ерекше төмендеуі 2002 жылмен салыстырғанда Батыс Қазақстан (32%-ға), Ақмола облысы (7%-ға) және Алматы қаласында (17%-ға) болды. Сонда да инвестиция салу үшін тиімді болып елдің батыс аймағы табылады. 2003 жылдың қорытындысы бойынша Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының үлесі республиканың негізгі капиталындағы шетелдік инвестициялардың барлығы 82%-ды құрады.

     Қазақстан  Республикасының  дербес, тәуелсіз  мемлекет ретінде он жылдық  даму кезеңінде  мұнай-газ саласы  ел экономикасында бірінші орынға  ие болды. Ол өз басынан өтпелі  кезеңнің және нарықтық реформалардың  барлық қиыншылықтарын, басқару жүйесіндегі құрылымдық өзгерістерді, сондай-ақ әлемдегі қаржылық-экономикалық дағдарыстың жағымсыз салдарларын  кешірді. Бірақ та қиыншылықтар мен сынақтарға қарамастан, республиканың мұнай-газ кәсіпорындары қарқынды дамып келе жатыр.

Информация о работе Қазақстанның инвестициялық саясаты және оның тиімділігінің факторы ретіндегі инвестициялық климат