Қазақстанның инвестициялық саясаты және оның тиімділігінің факторы ретіндегі инвестициялық климат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2014 в 15:09, курсовая работа

Описание работы

Экономиканың нақты секторының инвестициялық тартушылық мәселесiн шешудi талап ету мен қаржылық-экономикалық талдау нәтижелерiмен сәйкес жүзеге асырылуы қажет. Нақты сектордың инвестициялық тартушылығының маңызды жағдайлары болып, инвестициялық жобаның мақсатын дұрыс анықтау, iшкi өндiрiс үшiн потенциалға ие жаңа өнiмдi шығаруда мүмкiндiктердi көрсету. Бәрiмiзге мәлiм, инвестициялық салымның негiзгi мақсаты – бұл шығарылатын өнiм көлемiн максимизациялау немесе тұтынатын ресурстарға шығынды минимизациялау емес, жобаның техникалық тиiмдiлiгi немесе пайданы максимизациялау да емес, яғни өндiрiстi (бизнестi) ұзақ мерзiмдi бағдарлаудың мақсаты болуы тиiс техникалық және экономикалық аспектiлердiң оптималды үйлесiмдiлiгi.

Содержание работы

КІРІСПЕ.......................................................................................................................3

І ЭКОНОМИКАНЫ ИНВЕСТИЦИЯЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
АСПЕКТІЛЕРІ.............................................................................................................7

1.1 Инвестицияның экономикалық мәні, классификациясы және құрылымы.....................................................................................................................7

1.2 Шетелдік инвестициялар және олардың Қазақстан экономикасындағы атқаратын ролі...........................................................................................................14

1.3 Шетелдік инвестицияларды тарту бойынша мемлекеттік реттеу механизмдері және инвестициялық стратегиялары...............................................24

ІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МҰНАЙ-ГАЗ СЕКТОРЫНДАҒЫ
ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ.....................30

2.1Ұлтттық мұнай компаниялары және олардың инвестициялық процестерді жандандыруда атқаратын рөлі.................................................................................30

2.2 Қазақстанның инвестициялық саясаты және оның тиімділігінің факторы ретіндегі инвестициялық климат.............................................................................41

2.3 Шетелдік инвестицияларды қолданудың тиімділігін жетілдіру жолдары......................................................................................................................45


ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................59

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...........................................................................62

Файлы: 1 файл

Дип.-МҰНАЙ-ГАЗ-СЕКТОРЫНДАҒЫ-ШЕТЕЛДІК-ИНВЕСТИЦИЯЛАР.doc

— 565.00 Кб (Скачать файл)

     Әлемдік экономикалық жүйенің  интеграциясы (экономикалық одақтың құрылуы) шетелдік инвестиция құқықтық жағдайын жасамау мүмкін емес,   бұл біркелкі салық және тарифтік белгіленген баға нарықтық көрсеткіш жүйесі шетелдік серіктердің талабына, қажеттілігіне сәйкес келетін және ұлттық мүддені қорғауды қамтамасыз ететін, шетелдік инвестицияны республика экономикасына тарту болашақ   мақсатқа   жақсы үйлестіріп  нақты белгілеусіз орындалмайды /21/.

     Қазіргі кезде ҚР-да шетелдік инвестицияның қызметтері және сыртқы экономикалық байланысты 30-ға жуық заңдар мен заң күшіндегі  актілермен реттелуде. Ең бір басты инвестициялық климаттың қалыптасуына керектісі "Шетелдік инвестиция туралы" заң. Бұл заң бұрынғы КСРО-да Қазақстан Республикасында алғашқы болып қабылданды және бұнда біріккен кәсіпорын қызметтері мен құрудың жағдай шаралары анықталып, оның кепілдігі, салық салу тәртібі мен келіспеушілікті шешу бірінші редакциясында қабылданған.

     Бұл заңды  қабылдағанына 5 жыл өтті. Осы кезеңде  Қазақстан алғашқы қадамынан бастап шетелдік капиталды тартуда біртіндеп үлкен көлемде жүргізіліп келеді. Осы заң шетелдік инвестицияны тартуға, тікелей инвестицияға ыңғайлы және жеңілдік жасауымен қатар өте жайлы жағдай жасауда басты орын алды және өз уақытындағы басты, үлгілі болып саналады.

     Еліміздің инвестициялық климатын бағалаудың басты бір жағы оның заңдарды талдау болып саналады. Экономикалық реформаның даму дәрежесіне сәйкес оның зандық қоймасы одан әрі жетілдіріліп тұруы қажет.

     Республика Президентінің заң шығару жоспарында ынта көрсетуіне сәйкес 1994 жылы "Шетелдік инвестиция туралы" заң жобасы жасалды, ол 1994 жылы желтоқсан айында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінде қабылданды /10/.

     Бұл заңның жаңа редакциясы шетелдік инвесторлар қызметтеріне мүмкіндігінше ыңғайлы жағдай жасады, шетел инвестициясы түсінігін кеңейтіп, республикадағы қызметтеріне мүмкіндіктер жасаумен қатар кең көлемде кепілдіктер жасау мақсатын көздейді.

     Заңның жаңа редакциясында инвестиция түсінігі кең ұғымдағы сөз ретінде қарала отырып, оған мүліктік бағалықтардың (құндылықтардың) бар түрлері мен оған деген құқықтарды, шетелдік инвесторлар үшін ұлттық тәртіпті тарату саясаты жалғасын табады, халықаралық арбитраж туралы қаралған. Жарлықтың қорға және оның СКВ арқылы қалыптасуына және т.б. шектеу жойылды.

     Заң бойынша кез-келген шетелдік инвестиция түрлері  және соған байланысты қызметтер ұлттық инвесторларға – жасаған жағдайлардан кем түспейді.   

     Бұл ережеден шетелдік инвесторларға тиімді ерекшеліктері халықаралық шарттарға сәйкес үстемдік (жеңілдік), сонымен қатар шетел инвестициясы жекешелендіруге қатысу мүмкіндігі және ол арнаулы заңмен реттеліп отырылады. Бұнан басқа шетел инвестициясы экономиканың жаңадан ашылған бөлігінде қосымша жеңілдіктер жасалуы мүмкін /23/.

     Заң шетел инвестициясына әртүрлі кепілдіктер береді, олар нақты айтқанда ұлттықтандыру (мемлекет меншігіне айналдыру) мен еріксіз тартып алу, мемлекеттік мекемелер мен билік иесінің заңсыз әрекеттерінен кепілдік, саяси жағдайдың өзгерісінен кепілдік және т.б. кепілдіктер.

     Сонымен шетел инвестициясы мемлекет иелігіне және еріксіз шартын алу тек қоғамдық мүддеге байланысты болмаса, басқа барлық жағдайда болмайды (жүзеге асырылмайды). Егер мұндай жағдай болып қалғанда шетел инвестициясын тез арада тепе-тең және тиімді дәрежеде олардың шығынын өтеп беру орындалады.

     Шетелдік инвесторлар инвестиция жұмысы басталғаннан 10 жыл бойына Заң өзгерістерінен кепілдік беріледі. Мемлекет кез-келген жағдайға байланысты, соның ішінде соғыс жағдайы, үкімет ауысуы немесе мемлекеттік құрылымның өзгеруінде халықаралық қазы шешіміне бағынып, инвестор алдындағы барлық мүліктік, заттың міндеттемелерін орындайды.

     "Шетелдік инвестиция туралы" (7.12.99) бұрынғы заңда шетел инвесторларына белгілі бір жағдайда "Салықтық каникулдер" берілген болатын - бұл инвестиция іске асқаннан кейінгі алғашқы бес жылда табысқа салынатын салықтан босату және осы салықты кейінгі бес жылда 50 % төмендету. Алайда жаңа занда (20.01.03) "Салықтық каникулдер" қарастырылмаған, өйткені көптеген елдердің, соның ішінде АҚШ-тың салық заңында трансұлттық компаниялар үшін салықты елдегі кірістен, пайдадан алынған төлем тең көлемде азайту қарастырылған.

     Қазір көптеген елдер арасында қосарлы салықты болдырмау туралы үкімет аралық келісімдерге қол қойылды. Солай болса да іс жүзінде жаңа заңға сәйкес экономиканың нақты секторында Қазақстан үшін алынған инвестициялар үшін салықтың жеңілдіктерін шетел инвесторларына Парламент немесе Президент бере алады / 9 /.

     Қазақстан аумағында шетелдік инвестиция ұлттық инвесторлар үшін барлық рұқсат етілген ұйымдық құқықтық нысанда шетел инвесторының толығымен тиесілі біріккен кәсіпорында, сондай-ақ шетелдік заңды тұлғалардың бөлімшелері мен өкілдіктерін құру жолымен жүзеге асырылады.

     Бұл жағдайда осы кәсіпорындарды тіркеу республика занды тұлғалары үшін белгіленген жалпы ереже бойынша жүргізіледі.

     Республика жүргізілген мемлекет иелігінен айыру саясаты жаңа "Шетел инвесторлары туралы" заңда толық ашылған. Шетел инвестициясы мемлекеттік кәсіпорындарды, аяқталмаған құрылыс объектілерін жекешелендіруге қатыса алады. Шетел инвестициясына, шетелдік қатысатын кәсіпорынға мүлікті жалға беруші жалға беру шарты бойынша жүргізіледі.

     Шетел инвестициясына қосымша кепілдікті заңдық қорғаумен қатар үкімет аралық екі жақты шетел инвестициясын ынталандыру және өзара қорғау туралы келісімдер жасалады. Қазақстан үкіметі Егемендік алған уақытта 18 елмен осындай шарт жасады. Бұл: АҚШ, Англия, Египет, Түркия, Франция, Швейцария және басқалар. Қазіргі уақытта 20 елмен келісім жобалары талқылану үстінде /24/.

     Біздің ойымызша заңда, Республика экономикасына инвестициялардың тартылуына белгілі бір деңгейде ықпал ететін кедергілер бар. Бұл:

   1)Заңды және жеке  тұлғалардан алынатын салықтың  жоғарылығы;

   2)Елдегі еркін  экономикалық аймақ санының жеткіліксіздігі;

   3)Төлем мәселесі - шетел валютасына қол жеткізу қиындығы;

   4)Үнемі өзгеретін  және дәйексіз заңдар;

   5)Заңдық базаның  жалпы тұрақсыздығы.

   6)"Кепілдік туралы" заңның икемсіздігі, әсіресе шетел  несиесіне арналған кепіл ретінде  қозғалмайтын мүлікті пайдалануға  қатысты бөлім; 

   7)Жеке меншіктің  бүкіл институтының негізі болатын  жер үшін жеке меншіктің жоқтығы;

   8)Дамымаған қаржы  секторы, шетелдік жобалар үшін  қаржының жоқтығы, кепілдік алу  қиындығы;

   9)Экологиялық нормаларды  сақтауда кәсіпорынның жауапкершілігі  туралы мәселеде нақты саясаттың болмауы;

   10)Жетілмеген  банк  туралы   заңдар   және өте  тұрпайы банк жүйесі;

   11)Қазақстан мен  сыртқы дүние арасындағы әуе  желісінің жеткіліксіздігі;

   12)Сыртқы рынокқа  Қазақстаннан құрлық бойынша  тауар тасымалдауға арналған  жермен тасымалдау жүйесінің икемсіздігі (“Мұнай және газ” құбырын қоса алғанда).

     Шетел инвесторын тарту саясатының негізгі мақсаты - ұлттық экономиканы жетілдіру мен құрылымдық тұрғыдан өзгертуде шетел капиталын пайдалану негізінде экономикалық артта қалушылықты жою, ел өмірінің жоғарғы деңгейін қамтамасыз ету болып табылады. Республика шетел капиталының ағылуын жалпы оң сипаттай отыра негізгі кредитор елдердің белгіленбегенін атап өткен жөн. Келісімшарттарды жасау шарты нашар әзірленеді және олар жүзеге аспайды. Берілген несиелік ресурстар республиканың болашақтағы мүдделерін ескермейді, облыстар мен аймақтарға ретсіз бөлінеді.

     Бұдан басқа нашар дамыған елдерге шетел капиталының жұмсалуы, әдетте, онша жақсы нәтиже бермейді, кейбір жағдайда жағымсыз салдарға алып келеді. Мысалы, нашар дамыған елдерде қонақ үймен құрылыс кешендерін салуда елдің ұтатын, бірақ артықшылығы салынған қонақ үйінде тұрғындардың белгілі бір бөлігі жұмысқа орналасады, алайда бұл адамдар ең ауыр және қолайсыз жұмыстарды істейді, ал қомақты жұмыс орындарында әрдайым шетелдіктер істейді. Сондықтан, бүкіл жалақының мардымсыз бөлігі ғана елде қалады. Сонымен катар қонақ үйін салуда барлық қажетті құрылыс материалын ғана емес, сондай-ақ жиһаз, тіпті шетелдік туристерді тамактандыру үшін қажетті азық-түліктерде сырттан әкелінеді, ал бүкіл пайда шетелге аударылады.

     Біріккен кәсіпорын құру кезінде койылған мақсаттардың бірі Қазақстан кәсіпорнының жаңа технологияны, "Ноу-Хауды" алу, саланың жалпы техникалық деңгейін көтеру болатын, алайда жүре келе бұл мақсат ұмтылады, мысалы, негізгі міндет ретінде тек мұнай өндіру қалады. Қазіргі уақытта бірде бір бірлескен кәсіпорын кен орындарын терең зерттеу, мұнай қайтарымының ең жоғарғы коэффициентінің және өндірілген өнімді толық пайдалануды қамтамасыз ететін технологиялық сызбаларды әзірлеу туралы жұмыстарды орындамайды. Жер қойнауы саласында Біріккен кәсіпорындарды құруда қазақстандық қатысушылар тәжірибесіздігінен осы біріккен кәсіпорын қызметін қиындататын, ал кейбір жағдайда тоқтауына алып келетін кемшіліктерге жол берді /25/.

     Басты кемшілік тіркеу (құрылтайшылық) мәселелерді ақырында көптеген құрылтайлық құжаттарды қамтитын құрылтайшылар құзіретіне кірмейтін салық салу және басқа экономикалық көрсеткіштер мазмұндау болып табылады. Біріккен кәсіпорын қызметін талдау құзіретті орган мен бөлек біріккен кәсіпорын арасында үлгілік (модельдік) келісім шарт әзірлеу қажеттігін анық көрсетті, онда барлық салықтың және тараптардың басқа қаржылық міндеттемелері мазмұндалатын болды.

     Қазіргі уақытта экономика министрлігі газ және мұнай министрлігімен бірге осы жоба бойынша жұмыс істеуде.

    Сондықтан, инвестиция саясатын жүзеге асыруда ұлттық мүддені жан- жақты ескеру қажет. Мұндай мүдделерді іске асыруда бірінші кезекте республика экономикасына тартылған капитал көлемі ықпал етуі мүмкін. Олардың жиынтық саны ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін белгілі көлемнен аспауы тиіс. Қазақстан эконкомикасына шетел инвестициясын  тартуды ынталандыру мақсатына шетел инвесторлары үшін түсінікті ұзақ мерзімді саясатқа негізделген жаңа іскерлік, ахуалдық жасау қаупіне Республика Үкіметі үлкен күш жігер жұмсауда. 1999 жылы Президенттің заң күші бар мынадай жарлықтары қабылданды:

    1)"Шетел инвесторлары  туралы" ( 30.03.99);

    2)"Банкрот туралы" ( 07.04.99);

    3)"Заңды тұлғаларды  мемлекеттік тіркеу туралы" (17.04.99);

    4)"Қазақстан Республикасының  ұлттық банкі туралы"(30.03.99);

    5)"Лицензиялау  туралы" (17.04.99);

    6)"Шаруашылық  серіктестіктер туралы" (02.05.99);

    7)"Салықтар  және бюджетке басқа міндетті  төлемдер туралы"(24.04.99).

     Қазақстан кешенінің минералдық шикізатының, отын-энергетика ресурстарының, сирек кездесетін асыл металдардың, орасан зор қорына пайдалы қазбаларды өндірудің және бастапқы ұқсатудың қуатты индустриясына ие бола отыра көп салалы, осы заманғы машина жасау базасына, жоғары сапалы тауар өнімдерін шығару жөніндегі өндіріссіз қалып отыр. Іс-жүзінде ғылыми мәнді техникалық күрделі өнімдерді шығаратын сала жоқ, халық тұтынатын тауарлар өндірісі мыналар дамыған: химия өнеркәсібі, ауыл шаруашылығының өнімдерін ұқсату нашар пайдаланылады, өнеркәсіптің  жетекші саласы қара және түсті металлургияда, химия кешенінде энергия көп кететін экологиясы лас технологияны әбден тозған қондырғыны пайдаланудың үлес салмағы жоғары, осыған байланысты өнеркәсіп кешендерін дамытудың артықшылықты инвестициялық жобаларын, ұзақ мерзімді багдарламасы жасалды /11/.

     Артықшылық ретінде мыналарға бағытталған жобалар танылады:

   1)өнімдердің дәстүрлі  экспорттың түрлерін шығаратын  өнеркәсіптің базалық салалары  өндірісінің көлемін күрт ұлғайту (түсті металл, болат прокаты, ақ  қаңылтыр, хром кені, темір кені, сары фосфор, тыңайтқыш және т.б.);

   2)металдан жасалынған өнімдердің тауарлық әзірлігін көтеретін мұнай құбырлары өндірісін құру;

   3)өнімнің жаңа  түрлерінің өндірісін ұйымдастыру (ауыл шаруашылық машиналары, тау-кен  көлігі техникасы, электр қозғалтқыштар, аккумуляторлар, көмір қышқылы негізіндегі  композициялық материалдар, полиэтилен және полипропилен, бастапқы алюминий және т.б.);

   4)күрделі ғылыми  мәнді өнімдерді және халық  тұтынатын тауарларды шығаратын  өндірісті құру (телевизор, магнитафон, тоңазытқыш, улы газды тоқтатқыш, сирек металдар негізіндегі бұйымдар және т.б.).

     Өнеркәсіп қалдықтарын тереңірек ұқсататын өндірістің экологиялық мақсатын шешу. Шетел кредиті үшін министрлік ұсынған артықшылықты тізбеге 206 жоба кіреді. Ол жоба бойынша бөлінген және инвесторларға, жобаға, кредитке мұқтаждық жобаны енгізу мерзімі, техникалық экономикалық негізделе, қаржыландыру ерекшеліктері, шетелдік әріптестердің саны туралы қысқаша ақпарат береді /26/.

     Соңғы жылда Министрліктің шетелдік серіктестермен жұмысы көрсеткендей, іскерлік қатынас Германия, Турция,. Жапония, АҚШ, Финляндия фирмаларымен және банктерімен қалыптасты. Италия, Франция, Австрия, Англия; Швеция, Канада және басқа елдердегі серіктестер  мен достық қарым-қатынас дамып, нығайып келеді.

     Бүгінде республикада  экономикалық достық қарым-қатынасы көлемді түрде өзара тиімді дамытуды және нығайтуды қалыптастыруға барлық мүмкіндік бар. Оның негізгі түбірі Қазақстанның шетелдік инвестицияны тарту болашағына сеніммен қарау.

     Экономикаға шетел инвестицияларын тартудың артықшылықтары келесiдей:

  • Шетел инвестицияларын қолдану бюджетке салық түсiмдерiн көбейтiп, өнеркәсiптiк өндiрiстiң тиiмдiлiгiн жоғарылатуға септiгiн тигiзедi. Атап өткен жөн, еуропалық типтегi экономикалық жүйеде мемлекет өңдейтiн және қайта өңдейтiн өндiрiс кәсiпорындарынан және экспортқа бағытталатын дайын өнiмдi шығаратын салаларды инвестициялаудан өз табыстарының 50%-ына дейiнгi көлемiн алады, сонымен бiрге елге шетел валютасының енуiне жол ашады;
  • Шетел капиталы мен инвестициялар жергiлiктi бюджет түсiмдерiн де ұлғайтады. Шетел инвесторы, әдетте, жергiлiктi тұрғындарды жұмысқа алып, оларға еңбекақы төлейдi, ал салықтары бюджетке түседi. Сондай-ақ, қоғамдағы жаңа қосымша тұтыну қабiлетiнiң туындауы жаңа тауарлар мен қызметтерге сұранысты туындатады. Демек, шетел инвесторы инвестицияны орналастырған мемлекетiнде тiкелей және жанама түрде байлық құрады;
  • Алғы шептегi технологиялық тәжiрибенi тарту жолымен шетел инвестициясы елдiң ғылыми-техникалық потенциалын жоғарылатады;
  • Iшкi көздердiң шектелген жағдайында халықаралық капитал экономиканы қайта құруға, ғылыми-техникалық артта қалуды жоюға, инновациялық iс-әрекеттiң кеңеюiне, нарықтық инфрақұрылымның қалыптасуына септiгiн тигiзедi;
  • Шетел капиталын импорттау ұлттық экономикада жаңа жұмыс орындарын құруға көмектеседi. Егер инвестор жалдаған адамдар жұмыс тапса, онда бұл мемлекет әлеуметтiк қамсыздандыру төлемдерiн үнемдейдi. Сондай-ақ, жаңа жұмыс шарттары қызметкерлердi қайта оқытып, олардан жаңа бiлiм мен жаңа дағдыларға ие болуды талап етедi. Басқарушылық (маркетинг, қаржылық басқару, ақпаратты технологиялар аясында) және технологиялық дағдының дамуы жергiлiктi жұмыс күшiнiң сапасын жоғарылатады;
  • Шетел инвесторлары түрлi ғылыми мәдениеттердi, алғы шептегi басқарушылық, техникалық, бiлiм мен iлiмдi енгiзе отырып, экономиканы жаңа сапалы деңгейге көтередi;
  • Инвестициялар отандық, кәсiпорындардың экспорт пен бәсеке қабiлетiн жоғарылатуға және әлемдiк нарыққа шығу процесiн тездетуге мүмкiндiк туғызады;
  • Инвестициялар өнеркәсiптiң жаңа салаларының негiзiн құрап, олардың дамуына жағдай жасайды. Аймақтағы шетел инвестициясы негiзiнде құрылған жаңа өнеркәсiптiк бағыт жаңа салалардың дамуының шешушi факторы және қозғаушы күшi болуы ықтимал. Сонымен қатар, өзiнiң инвестициясының нәтижесiне қанағаттанған инвестор мiндеттi түрде басқаларға да өз қорытындысын хабар етедi. Белгiленген нарықта қызметiн атқарған осындай инвестордың пiкiрi жаңа инвестор үшiн беделдi, сенiмдi болады.

Информация о работе Қазақстанның инвестициялық саясаты және оның тиімділігінің факторы ретіндегі инвестициялық климат