Қазақстан Республикасында банктік қызметтер нарығын дамыту бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Сентября 2013 в 13:53, курсовая работа

Описание работы

Зерттеудің әдіснамалық негізі еліміздің және шетелдік ғалымдардың, экономистер мен қаржыгерлердің кәсіпорындарды басқару және қаржылық қызмет көрсетулер саласы бойынша жасалынған теориялық зерттеулері мен қаржылық менеджмент жөніндегі жаңаша көзқарастар, осы бағыттарда жазылған ғылыми – зерттеу еңбектері, оқулықтары, оқу құралдары, әдістемелік және монографиялық еңбектері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің заңдары мен жарлықтары, Үкіметтің бағдарламалары, еліміздің 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының әлеуметтік – экономиалық бағыттағы тұжырымдамалары, газет – журналдар беттерінен алынған мақалалар, статистикалық деректер, интернет сайтында, баспасөз құралдарында жарияланған қызмет бағыттарының қорытындысы болып отыр.

Файлы: 1 файл

Сырым диплом.docx

— 198.73 Кб (Скачать файл)

Электронды ақшалай есеп айырысу жүйесінің қалыптасу  процесінде батыста ІSO (Іnternatіonal Standarts Organіsatіon) ұйымы құрылды, ол пластикалық  карточкалардың сыртқы түріне белгілі  бір стандарттарды, шоттарды номерлеу тәртібін; магнитті сызық форматын, хабарлау форматын өңдеп жасады. ІSO мүшелері болып  VІSA, Master Card, Amerіcan Express  сияқты карточкалардың ірі элементтері  табылады.

Қазіргі кезде элементтердің 200-ден астам елінде төлемдік айналымда  пластикалық карточкаларды қолданады, ол пластикалық карталар банктік  істегі “технологиялық революцияның”  маңызды элементі болып табылатынын  айқындайды. Пластикалық карточкалар  көп жағдайда электронды банктік  жүйенің негізгі элементі болып  табылады.

Барлық пластикалық карточкалар  жеке және корпоративті болып бөлінеді. Банктер жеке карточкаларды жеке тұлғаларға береді: өздерінің төлем  қабілетті клиенттеріне және басқа  да тұлғаларына. Корпоративті карточкалар  заңды тұлғалардың төлем қабілеттілігін талдағаннан кейін кепілдікпен  заңды тұлғаларға беріледі. Корпоративті карточкаларды карточка алған ұйым қызметкерлері пайдалана алады.

Оларды функционалдық  белгісі бойынша шартты түрде  бірнеше топқа бөлуге болады:

Пластикалық карталардың  негізгі түрлері 

Магнитті 

1.Несиелік карталар

2.Төлемдік (дебиторлык) карталар

3.Экзекъютивті (атқарушы) карталар

4.Чектік кепілденген карталар

5.Нақты сатып алу қабілетті карталар

Электронды көп функциялы  карталар

6.Микропроцессорлы: Жадылы карталар, интеллектуалды карталар, суперинтеллектуалды

7.Лазерлі карталар

Нақты сатып алу қабілеті бар карталар-бұл ең қарапайым  карточкалар. Оларға дайындаушының  аты-жөні, оның фирмаларының белгісі, иеленушісілерінің  аты-жөні және оның жеке коды жазылған. Осылардың барлығы карточкалардың беткі жағында рельефпен жазылған. Екінші беті иеленушісінің қолынан  тұрады.

Магниттік карточкалар осылайша болады, бірақ, 2-ші бетінде 100 символға жуық ақпаратты сақтауға қабілетті  магнитті соңынан тұрады. Магнитті сызықтағы ақпарат карталарының 1-ші бетіндегі жазу мен сай келеді (аты, шот номері, әрекет ету мерзімі) және өңдейтін машиналарда арнайы есептеуші  құрылғымен есептеледі.

Магниттік карточкалар 30 жыл  бұрын пайда болған, жол жүретін  бизнесменге қызмет көрсету үшін қолданылады. 1993 жылы батыс елдерде  айналымда 2 млрд жуық осындай карточкалар  жүрді.

Микропроцессорлы карта 70 жылдың ортасында ойланып шығарылды, бірақ тек 80-ші жылдардың аяғында  ғана оны іс жүзінде пайдалану  мүмкіндігі туды. 93 жылдың соңында 250 млн. электронды пластикалық карточкалар  шығарылды. 96 жыл олардың саны 1 млрд-ға жетті.

Клиенттердің көзқарасы  тұрғысынан карочкалардың тартымдылығы:

- бір жағынан, тәуекелділіктің төмендеуі, 2-ші жағынан-сатып алған затқа сол кезде төлеу мүмкіндігі

- валюталардың конвертациялануы туралы ойландырылмауы. Оны банк орындайды, клиент дүкендегі айырбастау бағасымен банк жүргізетін конвертация бойынша бағамы арасындағы айырманы ұтады.

- Бюджетті бақылау және жоспарлау   тек банкке хабарлау керек

- Банкке салынған ақша қаражаттарынан пайыздар алуға болады

- Беделінің жоғарлығы

Клиент үшін несиелік карточкалардың кемшіліктері

- карточкаларды кез келген дүкен, ұйымдарда қабылдай бермейді

Магазин ұтысы 

- жағдайы бар көп клиенттерді тартуға болады және товар айналымын ұлғайтуға көмектеседі

- түсімінің инкассациялануы және ақшаның конвертациялануы туралы ойлану керек емес

- қауіпсіздік мәселелерін шешу оңай

- карточкасы бар адам қолма-қол ақшасы бар адамға қарағанда товарларды көп сатып алуға икемді

- дүкен беделі, престижі жоғарлайды

Сонымен қатар дүкенге  кейбір қосымша шығындарды жүргізуге  тура келеді:

- сәйкес жабдықтарды сатып алу немесе жалға алу үшін бастапқы қаржылар және оны жұмыс жағдайында ұстау үшін ағымды шығындар қажет;

Банк келесілерге байланысты карточкалармен жұмыс істеуге мүдделі:

- олар, яғни карточкалар тартылған ресурстар көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. 1-ден, карточкалар иелері банкке өздерінің арнайы шоттарына салуға қажетті соммасы.; 2-ден, бұл сақтандыру депозиттері болуы мүмкін.

- Карточкалармен жүргізілетін барлық операциялардан банк комиссиялық ақы болады. Сонымен бірге карточкалардың өзін алғанда клиент төлем төлейді.

- қолма-қол ақшаны, чектерді төлемдік айналымнан шығарудың жалпы элементтік тенденцияны есепке ала отырып, банктің бәсекелестік потенциалы жоғарлайды, инновациялық процестерге қатысушы ретте банктің беделі де өседі.

Банк, үшін карточкалардың бизнес жоғары шығындарымен байланысты, әсіресе  карточкамен жүргізілетін жұмысының  басында.

Қазіргі кезде әлементтердің 200-ден астам елінде несиелік карточкалар  негізінде банктік қызметтерді  дамытуда, ал товарлар мен қызметтерді  қолма-қолсыз төлеу көптеген елдерде  барлық ақшалы операциялар құрылымында 90 пайызды құрайды.

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Дипломдық жұмыста банктің  қаржылық қызмет көрсетулер жүйесін  жетілдіру мәселесі қарастырылды.

Жұмыстың міндеттері орындалды:

- кәсіпорынның қаржылық  қызмет көрсетулер жүйесінің  теориялық негіздерін айқындалды;

- «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның жалпы сипаттамасы және технико-экономикалық көрсеткіштеріне талдау жасалды;

- «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-дағықаржылық қызмет жүйесін сипатталды;

- «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-дағы қаржылық қызмет көрсетулер жүйесін жетілдіру бойынша шаралар ұсынылды.

Қарастырылған объектінің қаржылық қызмет көрсетулер жүйесі жеткілікті дамыған. Бұл банк еліміздің жүйе құраушы банктерінің бірі болғандықтан, қаржылық қызмет көрсету жүйесі үздіксіз жетілдіруді қажет етеді.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның қызмет көрсету жүйесіне талдау жасау нәтижесінде келесідей  ұсыныстар жасалды:

- Қазақстан Республикасында банктік қызметтер нарығын дамыту бағыттары;

- Банктің проблемалық активтерін басқару тәжірибиесін жетілдіру;

- Электронды есеп айырысу жүйесінің қызметін жетілдіру.

Себебі, экономиканың қызмететіп отырған барлық салалары мен құрылымдары негізінен әр түрлі деңгейдегі қаржылар арқылы қызмет етеді. Ал осы қаржыларды шоғырландыратын, оларды тиімді салаларға бағыттайтын, бос ақша қаражаттарды айналысқа жіберіп, ұлттық экономиканы жалпы қаржылық реттеп отыратын осы банк жүйесі болып табылады. Ал бүгінде экономикасы қарқынды дамып келе жатқан, ұлттық экономиканы шикізаттық бағыттан индустриялы бағытқа бет бұруға кіріскен және аз арада БСҰ-на кіргелі отырған Қазақстан үшін банк жүйесін тиімді жетілдірудің маңызы зор болып табылады.

Клиенттерге кешенді қызмет көрсету тәжірибесі клиенттердің аса  күрделі қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып жаңа қызметтерді (трастық, лизингтік  және т.б.) жүзеге асыра бастаған отандық коммерциялық банктермен бірте-бірте енгізілуде. Қазақстанның қазіргі заман талабына сай экономикалық шарттарында бәсекелестік  күреске клиентке көрсетілетін қызмет  диапазонын тұрақты түрде кеңейтіп, олардың өзіндік құнын төмендете алатын банк қана  төзе алады. Әйтпесе, банкте несиелік ресурстар көлемі бірден қысқарады, оның құрылымы сәйкесінше баланс өтімділігі нашарлайды. Нәтижесінде, бұндай банк үлкен зиян әкеліп,  бәсекеге қабілетсіз болып қалуы мүмкін.

Нарыққа өту шарттарында  банктердің жұмысы ақша нарығы принциптерінің негізінде құрастырылуы  қажет, олардың  бірі болып нақты тартылған ресурстар  шегіндегі банктердің жұмысы саналады.

Банк жүйесін жетілдіріп отыру жалпы экономикалық тиімді өсудің кепілі Әлемдік қаржылық дағдарысты қалпына келтіру үшін ендігі жерде ұлттық экономиканы әлемдік экономикаға бағыныштылығын азайту, отандық инвестициялардың тартылуын ынталандыру, экономиканың шикізаттық бағытынан арылу, өңдеу өнеркәсібін дамыту, банк жүйесін одан әрі жетілдіру және Ұлттық Банк пен еліміздің екінші деңгейлі банктердің өзара ықпалдастықпен қызмет етуін ұйымдастыру болып табылады. 

Әлемдік қаржы нарықтарындағы және тұтастай алғанда әлемдік экономикадағы 2010 жылдың екінші жартысындағы қолайсыз жағдайлар еліміздің басшылығынан экономиканы тұрақтандыру және сауықтыру  жөнінде ең шешуші шаралар қабылдауды талап етті. Әлемдік экономикадағы  қазіргі ахуалдың маңыздылығы елдің  өсіп отырған дағдарысқа жалғыз қарсы  тұруға анық қабілетсіздігін, олардың  дағдарыс үрдістерін игеру және экономикада  рецессияға жол бермеу үшін бірігуге ұмтылуын дәлелдейді.

Экономикалық дағдарыстар  мен құбылыстар кезеңінде мемлекет өз мойнына қарапайым уақытпен салыстырғанда  реттеуші қызметтердің көп бөлігін  алатындығын тарих көрсетіп отыр. Өз азаматтарының табыстарын жоғарылату мен олардың меншігін қорғауға сүйенетін  қоғам мен экономиканың қалыптасуына бағытталған саясатты жүргізуде  мемлекеттің жауапкершілік деңгейі  өседі.

Қазақстанның банктік жүйесінің даму перспективалары  көп жағдайда экономика дамуында макроэкономикалық тұрақтылықты сақтаумен байланысты. Өндірістің тұрақтылығы мен өсімі,  қаржылық нарықтардың дамуы елдік банктік секторына әртүрлі банктік қызметтерге өспелі сұранысты қамтамасыз ету тапсырмаларын қояды. Сонымен қатар, әлемдік қаржылық нарықтарда жағдайдың күрделенуіне байланысты мағыналы түрде банктік жүйенің қаржылық тұрақтылығына талаптарда ұлғайды. Қазіргі кезде өтімділіктің және сенімділіктің икемді деңгейін сақтау кезінде банктердің қызметтердің талап етілетін көлемін қанағаттандыруға қабілеттілігі ашық нарықтық өзгермелі шарттарында институционалды және құрылымдық қайта құру қабілеттілігіне тәуелді.

Қазақстанның Ұлттық Банкінің қызметі жуық арадағы болашақта құзырлы екінші деңгейлі банктердің қатайтылуына, олар ұсынатын қызметтер шеңберінің кеңейтілуіне бағытталатын болады.

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың     «Қазақстан 2030» атты стратегиялық бағдарламасы.  Алматы, 1997 ж.

2.Қазақстан Республикасының   «Қазақстан Республикасындағы банктер        және  банк қызметі туралы»  заңы. 1995 жыл.

3.Сейтқасымов Г.С. «Ақша, Несие, Банктер». Алматы, 2007ж.- 356 б.

4.Колесникова В.И. Банковское дело. М. 2009. – 334 с.

5.Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2011 – 2014жылдарға арналған стратегиялық жоспары.

6.Банковское дело: Учебник / под ред. О.И. Лаврушина // Москва “Финансы и стататистика” 2008.

7.Банковское дело: учебник / под ред. Г.Г.Коробовой. М.:Юристь, 2006.

8.Основы банковской деятельности: учебник / под ред. Тагирбекова К.Р. – Москва.: Инфра М,2000

9.Томас Земерхайм. Пособие по кредитной политике и кредитным  процедурам. Алматы, 2008 г – 239 с.

10.Управление деятельностью коммерческого банка (Банковский менеджмент): учебник / под ред. О.И. Лаврушина // Москва .: Юристь, 2009.

11.Банковское дело: соврменная система кредитования / под ред. О.И. Лаврушина // Москва .: КНОРУС, 2009.

12.Мақыш С.Б., Ілияс  А.Ә. Банк ісі: Оқу құралы. Алматы. Қазақ университеті 2010ж.

13.Ж.К. Бекболатұлы. Қазақстанның коммерциялық банктері: мәселелер         және әлеуеттер // Қазақстан   экономикасы, 1997г., № 9-10.

14.Давлетов М.Т. Кредитная деятельность банков в Казахстане: Учебное пособие – Алматы: Экономика, 2009г. – 230 с.

15.Ілиясов А.А., Гилимов А.К. «Дағдарыстың ұлттық экономикаға әсері //«Вестник КазНУ» журналы. Экономикалық серия. №4(26). 2010г.

16.Көшенова Б.А. Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары. Оқу құралы Алматы, Экономика 2005 ж.327б

17.Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие: Оқу құралы. Алматы. Издат-маркет. 2008. “ҚР-ғы Ұлттық банк туралы” ҚР заңы 30.03.1995.247б

18.Мақыш С.Б. Коммерциялық банктердiң операциялары: Оқу құралы. Алматы. Издат-маркет. 2008“ҚР-ғы банктер және банктiк қызмет туралы” ҚР заңы / 31.08.1995.266б

19.“Camel” ақпараттық жүйесінің мәліметтері.

20.“Бағалы қағаздар нарығы туралы” ҚР заңы// 06.08.2007.

21.Валюталық бақылау және реттеу туралы ҚР заңы. 18 декабрь 2009ж

22.“Қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды мелекеттік реттеу және қадағалау туралы” ҚР заңы. 04.07.2007.

23.“Ақшалай төлемдер мен аударымдар туралы” ҚР заңы 29.06.1998

24.2009 жылы 3 маусымдағы Ұлттық банк Басқармасының № 213 қаулысымен бекітілген “Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциялық нормативтер туралы” ереже.

25.“Қазақстан Республикасы аумағында төлем құжаттарын пайдалану және қолма-қолсыз төлемдер мен ақшалай аударымдарды жүзеге асыру ережесі” туралы ҚР Ұлттық банк Басқармасының 2010 жылға 25 сәуірде бекіткен N 179 қаулысы.

26. Давлетов М.Т. Кредитная деятельность банков в Казахстане: Учебное пособие – Алматы: Экономика, 2009г. – 230 с.

27.Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Ұлттық Банкінің және Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 – 2011 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары

28.Ілиясов А.А., Гилимов А.К. «Дағдарыстың ұлттық экономикаға әсері //«Вестник КазНУ» журналы. Экономикалық серия. №4(26). 2010г.Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2009 – 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары.

Информация о работе Қазақстан Республикасында банктік қызметтер нарығын дамыту бағыттары