Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Сентября 2013 в 13:53, курсовая работа
Зерттеудің әдіснамалық негізі еліміздің және шетелдік ғалымдардың, экономистер мен қаржыгерлердің кәсіпорындарды басқару және қаржылық қызмет көрсетулер саласы бойынша жасалынған теориялық зерттеулері мен қаржылық менеджмент жөніндегі жаңаша көзқарастар, осы бағыттарда жазылған ғылыми – зерттеу еңбектері, оқулықтары, оқу құралдары, әдістемелік және монографиялық еңбектері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің заңдары мен жарлықтары, Үкіметтің бағдарламалары, еліміздің 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының әлеуметтік – экономиалық бағыттағы тұжырымдамалары, газет – журналдар беттерінен алынған мақалалар, статистикалық деректер, интернет сайтында, баспасөз құралдарында жарияланған қызмет бағыттарының қорытындысы болып отыр.
Сақтандыру қызметінсақтандыру ұйымдары іске асырады. Сақтандыру ұйымдары (сақтандырушылар) мен жеке заңды тұлғалар арасындағы, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарының өздерінің арасындағы жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау жөніндегі құқықтық қатынастар.
Сақтандыру ерікті және міндетті нысандарда жүзеге асырылады. Ерікті сақтандыру сақтанушы мен сақтандырушы арасындағы шартқа негізделеді. Ерікті сақтандырудың ортақ шарттарын және оның жүргізілу тәртібін айқындайтын ережелерін сақтандырушы дербес айқындайды. Міндетті сақтандыру заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Міндетті сақтандыру – тараптар арасындағы сақтандыру қатынастары заң талаптарына орай пайда болатын сақтандыру нысаны. Міндетті сақтандырутүрлері заңнамалық актілермен белгіленеді, ал тәртібі мен шартын үкімет заңнамалық актілерде көзделмеген шекте белгілейді. Қазақстан Республикасының “Сақтандыру туралы” заңында (1995) егінді, көп жылдық өсімдіктерді, малды, жылжитын және жылжымайтын мүлікті, ауыл шаруашылық өнімдері мен тауарларын қолайсыз табиғат-климат жағдайларынан, індеттен, басқа да дүлей апаттардан міндетті сақтандыру көзделген. Жолаушыларды сақтандыру, міндетті медициналық сақтандыру да сақтандырудың осы түріне жатады. Міндетті сақтандыру кезінде сақтандыру сақтандырушымен сақтандырудың осы түрін реттейтін заңнамалық актіде өкім етілген шартты талаптар негізінде шарт жасасуға міндетті және ол тек сақтандырудың осы түрін жүзеге асыруға лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалады.
Медициналық сақтандыру - бұл
жұмыс берушілердің, азаматтардың сақтық
жарналары мен бюджеттік
Экологиялық сақтандыру – кәсіпорындарды, мекемелерді, ұйымдарды, сондай-ақ азаматтарды, олардың меншік объектілерін және табысын экологиялық және дүлей қасіреттен, түрлі апаттардан сақтандыру. Экологиялық сақтандыру қорлары экология және табиғат апаттары мен өндірістік апаттарды болжауға, болдырмауға, олардың зардаптарын жоюға пайдаланылады. Экологиялық сақтандыру және қорларды пайдалану тәртібін ҚР Үкіметі белгілейді.
Бағалы қағаздар нарығындағы қызметті брокерлер мен кастодиандар атқарады. Ондай құқық брокерлік компания бизнесінің моделін құрастырады, соның ішінде, әсіресе, ұйымдастырушылық құрылым мен кәсіби қызметтерді. Есеп-шоттарды енгізу құқы жоқ брокерлер тек құнды қағаздарды сатып алу және сату амалдарын жүзеге асырады. Ал, есеп-шоттарды енгізуге құқы бар брокерлер құрылымында есептік бөлімше болады, олар сауда-саттық келісімдерін жүргізіп, құнды қағаздар мен клиенттердің қаражатын есептеу жұмыстарын атқара алады. Дилер операцияларын брокер-дилерлер тек өз есебінен және өз мүддесі үшін жүзеге асыратынын ескере келе, мемлекеттік реттеу кезінде монополияға қарсы орган олар бойынша монополиялық жоғары және төмен бағаларды есептеуді жүргізбейді;
Кастодиан қызметі - клиенттердің қаржы құралдары мен ақшаларының есебін жүргізетін және олар бойынша құқықтарды растауды, клиенттердің құжаттамалық қаржы құралдарын сақтау міндетін өзіне қабылдай отырып, оларды сақтауды өзге де қызметтерді жүзеге асыру.
Кастодианның клиенттері – өздерінің бағалы қағаздары мен өзге де активтерінің есебін жүргізу және сақтау үшін есепшот ашатын жеке және заңды тұлғалар.
Кастодианның қызметі:
1) кастодиандық қызмет
көрсетуге берілген ақшаға, бағалы
қағаздарға және өзге де
2) кастодиандық қызмет
көрсетуге берілген ақшаның,
3) клиенттің бағалы қағаздарымен
және кастодиандық қызмет
4) бағалы қағаздармен
жасалатын мәмілелерді тіркеу
және клиенттердің бағалы
5) бағалы қағаздар бойынша
табыс алу және оларды
6) клиенттердің құжаттамалық бағалы қағаздарын сақтау;
7) клиенттердің бұйрықтарын
олардың мазмұнына сәйкес
8) меншікті активтерге
қатысты клиенттердің
9) есепшоттарды жүргізу
және бағалы қағаздар мен өзге
де активтерді есепке алу
10) өз клиенттерінің активтерімен
жасалған мәмілелердің
11) клиенттерге олардың есепшоттарының жай-күйі туралы ақпарат беру.
Жинақтаушы зейнетақы қорлары қызметін жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларына ұсынылатын қызметтер кешені:
- ҚР жинақтаушы зейнетақы жүйесінің барлық мәселелері бойынша тегін кеңес беру;
- зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттарды жасасу және жеке зейнетақы шотын ашу;
- жинақтауларды жеке зейнетақы шотында сақтау, инвестициялау және дербестендірілген есепке алу;
- жинақталған зейнетақы қаражатын күнделікті есепке алу;
- зейнетақы шотының жағдайы туралы интернет арқылы, Call-центрге өтініш білдіру арқылы ақпарат алу және жеке электрондық адреске (E-mail) үзінді-көшірмені алу;
- жинақталған зейнетақы қаражатын есептеу және жинақталған зейнетақы қаражатының төлемі кезінде салымшының көрсеткен жеке шотына аудару.
2 «ҚАЗАҚСТАНХалық Банкі» АҚ-ның қаржылық қызмет көрсетулер жүйесін талдау
2.1«Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның жалпы сипаттамасы
2011 жылы Халық банкіне
88 жыл болады. Қазақстанның Халық
банкінің тарихы – бұл
«Қазақстанның Халық
банкі» Акционерлік қоғамы
1923 жылы Ақтөбеде бірінші
жинақ кассасы ашылған болатын.
Кеңестік қоғамдағы әлеуметтік-
Жинақ кассаларына мемлекеттік
займдардың облигацияларын және басқа
да бағалы қағаздарды кепілге ала
отырып, мерзімді ссудалар беруге рұқсат
етілген болатын. Осы уақытта
жинақ ісі мемлекеттік
1960 жылдың соңына қарай
жинақ кассаларының салымшылар
саны 1770 мыңға, салым соммасы 322,7
млн.соммаға, ал салымның
60-шы жылдардың басында
жинақ кассалары халықтың
Жинақтаушы жүйенің дамуына ақша бірлігінің қатаюы әсер етті. 1961 жылғы реформа ақша бірлігінің өзгеруі мен жаңа сом курсының қалыптасуына әкелді. 1963 жылы жинақ кассалары Қаржы Министрлігінен Мемлекеттік банкке өткеннен кейін халықтың салымдарының қаржысы несиелік ресурстарды көбейтуге бағытталды.
1988 жылғы банк реформасы
екі деңгейлі банктік жүйеге:
орталық банк – арнайы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздікке және егемендікке қол жеткізуі Халық банкісінің үшінші қайта қалыптасу кезеңіне өтуін білдірді.
Қазақстан 1990 жылдың желтоқсанында тәуелсіздік алғаннан кейін нарық экономикасының шарттарына жауап беретін өзінің жеке банктік жүйесін құруға кірісті. 1991 жылдың қаңтарында «Қазақ ССР-ғы банктер және банктік қызмет туралы» заң қабылданды.
1992 жылы Қазақстан
1993 жылы Жинақ банкі
Қазақстан Республикасы
1995 жылы Банк Жабық
типтегі Акционерлік қоғамға
өзгерді. Қайта құру үдерісі
банктің басшылығы мен қызмет
көрсету түрінің өзгеруімен
1995 жылдың соңына қарай
Қазақстанның Халық банкі
2007 жылдың қарашасында
Қазастан Республикасының
Бүгінгі Қазақстанның Халық
банкі – бұл Қазақстан
Халық банкінің тарихы – оның жекешелендіру және құрылымдық қайта құруының үдерісі ғана емес, ол жаңа банктік технологияларды енгізу, банкингтің спекетрін ұлғайту, глобалдық стратегия үдерісі.
Қазақстанның Халық Банкі әртүрлі қаржылық және қоғамдық ұйымдармен іскерлік қатынаста. Банктің серіктестеріболып шетелдік және қазақстандық банктер, инвестициялық қорлар, заңды компаниялар, рейтингтік мекемелер, бизнес-құрылым және компаниялар болып табылады.
Қазіргі таңда «НОСТРО» шоты бойынша 35 банкпен корреспонденттік қатынаста. Олардың 23-і шетел банкісі, 6-уы ТМД банкісі. «ЛОРО» шоты бойынша 89, оның 54 шоты қазақстандық теңгеде, ал қалғаны шетел валютасы мен ресейлік сомда ашылған. Халық Банкінің корреспондент-банктер желісінде жоғары деңгейлі мынадай банктер кіреді: American Express Bank Ltd, CINIBANK N.A., Commerzbank AG, Credit Suisse First Boston, Deutsche Bank AG, Midland Bank plc, The Chase Manhatten Bank N.A., OOO «Дойче Банк Москва» және т.б.
Халық Банкі Moody,s Standard Poor,s , Thomson Bankwatch Bree секілді рейтингтік мекемелермен ұзақ қарым-қатынаста. Жыл сайын осы мекемелермен тексерулер өтеді.
Еншілес компанияларға жататындар: “Қазақстанның Халық Банкінің Жинақтаушы зейнетақы қоры” АҚ, “Казтелепорт” АҚ, “Халық лизинг” АҚ, “HSBK EUROPE B.V.”, “Инвестицияның рентабельділігін зерттейтін Агентство”.
«Қазақстан Халық банкінің Жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ 1998 жылдың 2 ақпанында құрылған және рейтингі бойынша республикамыздың зейнетақы қорлары арасында бірінші орындағы аса ірі қорлардың бірі болып табылады. Қордың акционерлері – «Қазақстан Халық Банкі» (ЖЗҚ акцияларының 50%-нан астамы), «КазТрансОйл» мемлекеттік компаниясы, «КазМұнайГаз» ұлттық мұнай-газ компаниясы және «Қазақстан Темір жолы» ұлттық темір жол тасымалдаушысы. Қор соңғы төрт жыл бойы «Жыл Таңдауы» халықаралық фестиваль-байқауда «Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы қоры» номинациясы бойынша жеңімпаз болды. Қор қызметінің 2012 жылдың 1 қаңтарындағы негізгі көрсеткіштері:
1.Салымшылар саны – 1,069 млн. адам;
2.Зейнетақы активтері – 89 млрд. теңге;
3.Инвестициялық табыс – 21 млрд. теңге;
4.Зейнетақы төлемдері – 4,5 млрд. теңге.
2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қор портфелінде 100 млрд. теңге көлемінде зейнетақы активтері жинақталған. Қазақстан Халық банкінің жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жарналарын тартумен және зейнетақы төлемдерін жүзеге асырумен қатар, өзінің зейнетақы активтерін дербес басқарады және клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз делдалдық-дилерлік қызметпен шұғылданады.
«Қазақшетсақтандыру» АҚ шетелдік сақтандыру компаниясы 10 жылдық серпінді даму кезеңінде елеулі жетістіктерге жетті және соңғы үш жыл бойы Қазақстаннның сақтандыру рыногының көш бастаушысы болып келеді.
«Қазақшетсақтандыру»
Бүгінгі күні «Қазақшетсақтандыру» АҚ республикамыздың сақтандыру компаниялары арасында ең кең таралдған филиалдық желісі бар жетекші сақтандырушы компания болып табылады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша сақтандыру рыногы үлесінің 20%-ы «Қазақшетсақтандыру» компаниясы тиесілі.
«Қазақшетсақтандыру»
1.Жиналған сақтандыру сыйлықтарының көлемі -5,751 млрд. теңге;
2.Активтер – 2,126 млрд. теңге;
3.Сақтандыру резервтері – 697,645 млн. теңге;
Меншікті капитал – 1,064 млрд. теңге.
«Қазақшетсақтандыру» ҚР «Сақтандыру қызметі туралы» заңында қарастырылғандай, жаңа үлгідегі лицензия негізінде Ұлттық Банк берген еркін сақтандырудың 5 сыныбы бойынша сақтандыру қызметінің толық спектрін ұсынады. Жуырда компания қайта сақтандыру қызметіне лицензия алды. Енді жергілікті сақтандыру компанияларының тәуекелдерін «Қазақшетсақтандыру» компаниясында орналастыру мүмкін болды, бұл Қазақстанның сақтандыру рыногында көбірек тәуекел қалдыруға мүмкіндік береді.
Компания корпоративтік сақтандыру секторында кеңінен танымал. EOS Risk, AON Group, Heath Lambert Group, Lloyd,s Sindicates және т.б. жетекші халықаралық қайта сақтандыру және делдалдық топтармен жұмыс істей отырып, шикізат және өнеркәсіптік өндіріс саласындағы ірі компаниялардың тәуекелдеріне қызмет көрсетеді.
Информация о работе Қазақстан Республикасында банктік қызметтер нарығын дамыту бағыттары