Қазақстан Республикасында банктік қызметтер нарығын дамыту бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Сентября 2013 в 13:53, курсовая работа

Описание работы

Зерттеудің әдіснамалық негізі еліміздің және шетелдік ғалымдардың, экономистер мен қаржыгерлердің кәсіпорындарды басқару және қаржылық қызмет көрсетулер саласы бойынша жасалынған теориялық зерттеулері мен қаржылық менеджмент жөніндегі жаңаша көзқарастар, осы бағыттарда жазылған ғылыми – зерттеу еңбектері, оқулықтары, оқу құралдары, әдістемелік және монографиялық еңбектері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің заңдары мен жарлықтары, Үкіметтің бағдарламалары, еліміздің 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының әлеуметтік – экономиалық бағыттағы тұжырымдамалары, газет – журналдар беттерінен алынған мақалалар, статистикалық деректер, интернет сайтында, баспасөз құралдарында жарияланған қызмет бағыттарының қорытындысы болып отыр.

Файлы: 1 файл

Сырым диплом.docx

— 198.73 Кб (Скачать файл)

Дара карточканы алуга тек жеке түлғалардыңғана құқы бар,және де олар мүліктік немесе ақшалай келіпдемені сомада немесе валютамен беру қажет. Оның көлемі клиенттің таңдап алган несие лимиті мен карточкасына байланысты болып келеді.

Карточка болған жағдайда клиент сатып алған затты несиеге алуына, сауда жасалған жеріне қарамай алған тауарының ақысын төлеуіне, түрлі дүкендерден алған заттарына есеп айырысуына, түрлі қызметтерге, қонақ үй,әуекомпанияларына, мейрамханаларға, туристік агенттіктерге, автомобильді жалға алуына, май қүю станцияларына, дәрігерлік қызмет көрсету, шетелдік каталогтар бойынша тауарлар сатып алуға және де ТМД мен әлемнің отыздан астам елі бойынша кез-келген валютада түрлі қызметтерге пайдалануға болады.

Отандық пластикалық  карталардың дамуын қарастыра келіп, бірнеше қорытынды жасауға болады.

Біріншіден, банк қызметтері нарығы үлкен өзгерістерді бастан кешіріп жатыр, және соңғы жылдары дамушы елдердіңпластикалық карталарының бар белгілеріне ие болуда. Бір жағынан алдыңғы қатарлы отандық банктер халықаралық төлем жүйесімен жұмыс істеп жатса, екінші жағынан, жоғарғы технологиялар нарығындағы бірінші болу үшін бәсекелестікке өздері түсті. Соған байланысты өздерінің төлеу мен есеп беру электронды жүйесі мен біріккен пластикалық карталар жүйесін жасады. Бұл жерде басында жекеленген көптегенбанктер мен фирмалардың жүйесін бір жан-жақты төлеу жүйесіне біріккенін он қадам екенін айта кеткен жөн.

Екіншіден, отандық пластикалық карталар нарығының маңызды ерекшелігі - жарнамен төлеудің негізгі элемент банктің карточкалары болып табылатыны. Банк-эмитенттер көбірек клиент жинау үшін, бір-бірімен белсенді бәсекелестікке түсуде. Үлкен бәсекелестікті карточка мен оны қолданғаны үшін алатын комиссиондық ақының төмендеуінен байқауға болады.

Үшіншіден, пластикалық  карталар нарығының инфражүйесінің дамуы (есеп айырысуға пластикалық карталарды қабылдайтын сауда-саттық және қызмет көрсету орындар, банкоматтар, есеп айыратын орталықтар және т.б.) банктердің пластикалық карталарды шығару жылдамдығынан артта қалуда.

Төртіншіден, отандык  пластикалық карталардың банк-эмитенттері  көп жағдайда елдегі экономикалық жағдайлардың ерекшеліктеріне байланысты (ақшаның қүнсыздануы, төлемсіздік дағдарысы, экономикалық қауіптің өсуі және т.б.) дебетті карточкалар айналымына шығарады. Пластикалықкарталардың банк-эмитенттері көп жағдайда елдегі экономикалық жағдайларға байланысты дебетті карталарды шығаруда. Банк түрлі жағдайдан өздерін сақтандыру мақсатында әр несие картасын берердің алдында несие лимитін өсіретін сақтандыру депозитін ендіруді талап етеді. Яғни несие келісіміне күдікпен қарап, суррогаттынесие карталары мен төлем карточкалар туралы айтуына тура келеді.

Бесіншіден, біздің елдегі көптеген карточкалар магнитті болып келеді. Ол оны шығару мен қызмет көрсету ақысының өз бағасынан тым төмендігіне байланысты. Әрине, банктер кымбат тұратын инфражүйені құру үшін үлкен қаражат салулары тиіс.

Сонымен қатар, қазақстандағы  несие және басқа да карталарды ендіруді шетелдегі карточкаларды қолдану тәжірибесін, олардың кемшіліктері мен жетістіктерін негізге ала отырып дамыту қажет.

Электронды есеп айырысу  жүйесінің қызмет ету механизмі  пластикалық карточкаларды қолданғанда  негізделеді және тұрғындарды үйінде жұмыс орнында банктік қызмет көрсету жүйелерінің, сауда ұйымдарында  тұрғын мен есеп айырысулардың электронды жүйесі, банкоматтың көмегімен жүзеге асырылатын операциялардан тұрады.

Пластикалық карточка-бұл  өзінің техникалық мүмкіндігі бойынша, мақсаты бойынша әртүрлі карточкалардың барлық түрлерін білдіретін жалпылама  термин.

Барлық пластикалық карточкалардың өздерінің жетілдіру дәрежесіне байланысты емес маңызды ерекшелігі-оларда әртүрлі бағдарламаларда қолданылатын ақпараттардың белгілі бір наборы сақталатындығында. Карточка ғимаратқа  кіруде пропуск ретінде компьбтерге  кіру құралы жүргізуші куәлігі ретте  қолданылады, телефондық байланысты төлеу  үшінде пайдалануға болады және т.б. Ақша айналымы сферасында пластикалық  карточкалар қолма-қолсыз есеп айырысуды  ұйымдастырудың прогрессивті құралдарының бірі болып табылады.

Электронды ақшалай есеп айырысу жүйесінің қалыптасу  процесінде батыста ІSO (Іnternatіonal Standarts Organіsatіon) ұйымы құрылды, ол пластикалық  карточкалардың сыртқы түріне белгілі  бір стандарттарды, шоттарды номерлеу тәртібін; магнитті сызық форматын, хабарлау форматын өңдеп жасады. ІSO мүшелері болып  VІSA, Master Card, Amerіcan Express  сияқты карточкалардың ірі элементтері  табылады.

Қазіргі кезде элементтердің 200-ден астам елінде төлемдік айналымда  пластикалық карточкаларды қолданады, ол пластикалық карталар банктік  істегі “технологиялық революцияның”  маңызды элементі болып табылатынын  айқындайды. Пластикалық карточкалар  көп жағдайда электронды банктік  жүйенің негізгі элементі болып  табылады.

Барлық пластикалық карточкалар  жеке және корпоративті болып бөлінеді. Банктер жеке карточкаларды жеке тұлғаларға береді: өздерінің төлем  қабілетті клиенттеріне және басқа  да тұлғаларына. Корпоративті карточкалар  заңды тұлғалардың төлем қабілеттілігін талдағаннан кейін кепілдікпен  заңды тұлғаларға беріледі. Корпоративті карточкаларды карточка алған ұйым қызметкерлері пайдалана алады.

Оларды функционалдық  белгісі бойынша шартты түрде  бірнеше топқа бөлуге болады:

Пластикалық карталардың  негізгі түрлері 

Магнитті 

1.Несиелік карталар

2.Төлемдік (дебиторлык) карталар

3.Экзекъютивті (атқарушы) карталар

4.Чектік кепілденген карталар

5.Нақты сатып алу қабілетті карталар

6.Электронды көп функциялы карталар

7.Микропроцессорлы: Жадылы карталар, интеллектуалды карталар, суперинтеллектуалды

8.Лазерлі карталар

Нақты сатып алу қабілеті бар карталар-бұл ең қарапайым  карточкалар. Оларға дайындаушының  аты-жөні, оның фирмаларының белгісі, иеленушісілерінің  аты-жөні және оның жеке коды жазылған. Осылардың барлығы карточкалардың беткі жағында рельефпен жазылған. Екінші беті иеленушісінің қолынан тұрады.

Магниттік карточкалар осылайша болады, бірақ, 2-ші бетінде 100 символға жуық ақпаратты сақтауға қабілетті  магнитті соңынан тұрады. Магнитті сызықтағы ақпарат карталарының 1-ші бетіндегі жазу мен сай келеді (аты, шот номері, әрекет ету мерзімі) және өңдейтін машиналарда арнайы есептеуші  құрылғымен есептеледі.

Магниттік карточкалар 30 жыл  бұрын пайда болған, жол жүретін  бизнесменге қызмет көрсету үшін қолданылады. 1993 жылы батыс елдерде  айналымда 2 млрд жуық осындай карточкалар  жүрді.

Микропроцессорлы карта 70 жылдың ортасында ойланып шығарылды, бірақ тек 80-ші жылдардың аяғында  ғана оны іс жүзінде пайдалану  мүмкіндігі туды. 93 жылдың соңында 250 млн. электронды пластикалық карточкалар  шығарылды. 96 жыл олардың саны 1 млрд-ға жетті.

Клиенттердің көзқарасы  тұрғысынан карочкалардың тартымдылығы:

- бір жағынан, тәуекелділіктің төмендеуі, 2-ші жағынан-сатып алған затқа сол кезде төлеу мүмкіндігі

- валюталардың конвертациялануы туралы ойландырылмауы. Оны банк орындайды, клиент дүкендегі айырбастау бағасымен банк жүргізетін конвертация бойынша бағамы арасындағы айырманы ұтады.

- бюджетті бақылау және жоспарлау   тек банкке хабарлау керек

- банкке салынған ақша қаражаттарынан пайыздар алуға болады

- беделінің жоғарлығы

Клиент үшін несиелік карточкалардың кемшіліктері

- карточканы қолданғаны үшін төлеуге тура келеді

- карточкаларды кез келген дүкен, ұйымдарда қабылдай бермейді

Магазин ұтысы 

- жағдайы бар көп клиенттерді тартуға болады және товар айналымын ұлғайтуға көмектеседі

- түсімінің инкассациялануы және ақшаның конвертациялануы туралы ойлану керек емес

- қауіпсіздік мәселелерін шешу оңай

- карточкасы бар адам қолма-қол ақшасы бар адамға қарағанда товарларды көп сатып алуға икемді

- дүкен беделі, престижі жоғарлайды

Сонымен қатар дүкенге  кейбір қосымша шығындарды жүргізуге  тура келеді:

- сәйкес жабдықтарды сатып алу немесе жалға алу үшін бастапқы қаржылар және оны жұмыс жағдайында ұстау үшін ағымды шығындар қажет;

Банк келесілерге байланысты карточкалармен жұмыс істеуге мүдделі:

- олар, яғни карточкалар тартылған ресурстар көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. 1-ден, карточкалар иелері банкке өздерінің арнайы шоттарына салуға қажетті соммасы.; 2-ден, бұл сақтандыру депозиттері болуы мүмкін.

- карточкалармен жүргізілетін барлық операциялардан банк комиссиялық ақы болады. Сонымен бірге карточкалардың өзін алғанда клиент төлем төлейді.

- қолма-қол ақшаны, чектерді төлемдік айналымнан шығарудың жалпы элементтік тенденцияны есепке ала отырып, банктің бәсекелестік потенциалы жоғарлайды, инновациялық процестерге қатысушы ретте банктің беделі де өседі.

Банк, үшін карточкалардың бизнес жоғары шығындарымен байланысты, әсіресе  карточкамен жүргізілетін жұмысының  басында.

Қазіргі кезде әлементтердің 200-ден астам елінде несиелік карточкалар  негізінде банктік қызметтерді  дамытуда, ал товарлар мен қызметтерді  қолма-қолсыз төлеу көптеген елдерде  барлық ақшалы операциялар құрылымында 90 пайызды құрайды.

Банктік несиелік карточка өзімен бірге товарлар мен қызметтерді  сатып алуда төлемді кейінге  қалдыруға оның иеленушісіне мүмкіндік  беретін пластикалық карточкаларды  білдіреді. Карточкалардың әр иеленушісіне банктегі клиенттің қарапайым шотынан  байланысты емес ссудалық шоты бойынша  несиелендіру лимиті анықталады. Банкпен  әкелетін карточкалар үшін шоттар несиелік карточкаларды пайдаланумен есеп айырысуларды ұйымдастыруды жүзеге асыратын арнайы банктік бөлімшелерде жүргізіледі.

Карточкаларды 18 жасқа толған тұлғалар қолдана алады, сонымен  қатар олардың атына банкте ағымды шотты ашу қажет етілмейді. Сондықтан  несиелік карточкаларды банктерде  ағымды шоттары мен салымдары  бар тұлғаларда тең құқықта қолдана  алады.

Несиелік карточкаларды  бермес бұрын банк немесе карточкаларды  шығарушы компания клиентке арнайы форманы  толтыруды ұсынады, онда клиенттің қаржылық жағдайы, несиелік операциялары туралы сұрақтардан тұрады. Содан кейін осы мәліметтер негізінде банк клиент  шотындағы ақша қаражаттарының сальдасын және мүмкін түсімдер сомасын айқындайды. Егер клиенттердің қаржылық жағдайы қанағаттанарлық болса, онда оған несиелік карточка беріледі және несиелендіру лимиті белгіленеді.

Несиелік карточкалар  көмегімен жүзеге асырылатын операцияларға  жатады: товарларды сатып алу, қызметті төлеу, қолма-қол ақшаны ссуда немесе аванс түрінде алу. Несиелік карточкалардың көбісін ел ішінде және шетелде банкоматтар  анықталады қолма-қол ақша алу үшін де пайдалануға болады. Мысалы, американдық RІGGS және Cіtіbank   банктерінің несиелік карточкалары АҚШ аумағында 40-50 мың  автоматтарда ақша алуға мүмкіндік  береді, бірақтан көптеген бонкаматтарда  алынатын қолма-қол ақша қаражаттарының сомасы күнделікті лимитпеншектеледі. Несиелік карточка бойынша ақша бере отырып банк клиентті несиелейді. Бірақ  банкомат банкке қарағанда клиенттердің төлем қабілеттілігі мен оның несиелендіру лимитін тез арада  тексере алмайды. Мұндай шектеулер  тек магнитті карточкаларға қатысты, себебі микропроцессорлы карточкалар  өз жадында барлық қажетті ақпаратты  сақтайды.

Несиелік карточкалар  көмегімен ұсынылатын қыхззметтердің бірі-бұл жол жүруде кездейсоқ  бақытсыз жағдайлардан тегін сақтандыру. Несиелік карточкалар көмегімен  жолдың құнын төлей отырып, оның иесі мүмкін зиян, зақым немесе мерттікпен жағдайлардан автоматты түрде сақтандырылады.

Товарларды төлеу үшін карточка чекпен бірге оны терминалды құрылғыға орналастыратын шығыңқы  шрифпен жазылған карточкадағы ақпарат  чекте жазып шығады. Ірі сатып  атуды толтырғанда сатушы телефон  бойынша немесе факс бойынша карточканы шығарған банкпен хабарласып карточканың  сатып алоу үшін айқындайды, яғни карточка бойынша несиелендіру лимиті. Қажетті  ақпараттарды алған соң сатушы товар  немесе қызметке төлеу үшін карточка қолдануға болатын немесе болмайтынын  шешеді. Мәміле сомасы шотқа жазылып, содан соң сатып алушымен оған қол қойылады. Осы қолды карточкадағы қолмен салыстырылады, сатушы чек көшірмесін сатып алушыға береді. Сатушы чекті  банктің жергілікті бөлімі арқылы  компанияға (банкке) жібереді және осы  түрде төлемді растайды.

Ақша қаражаттарын аударудың  электронды жүйелерін  іске қосу үшін арнайы құроылғылар бөлшек сауда  мекемелерінде белгіәленеді. Бұл  терминалды құрылғылар несиелік карточкаларды  пайдаланумен мәлімелерді жүргізуді  санкциялайды. Несиелік карточка шоты автоматты түрде дебеттеледі  және ақша қаражаттары сатушының  шотына аударылады.

Несиелік карточкалардың компания-элементтері товарлар мен  қызметке төлеу үшін несиелік карточкаларды  қабылдайтын сауда ұйымдарынан  табыс алады. Бұл ұйымдар несиелік карточкалар бойынша төленген товарлар бағасына жеңілдіктерді аударады. Жеңілдіктер  мөлшері ауытқиды және орташа 2-3 пайызды  құрайды. Өз кезегінде сауда ұйымдары товар айналымының өсуімен байланысты жаңа төлем құралы ретте несиелік және басқа да пластикалық карточкаларды  пайдалануға мүдделі. Қазіргі кезде  ірі сауда фирмалары әлемдердің әртүрлі елдерінде меншікті несиелік карточкаларды шығарады. Несиелік карточкалар  талаптама бойынша айналымға  шығарылады және банкпен басқарылады. Мұндай ікші несиелік карточкалар шектеулі дүкендерде ғана қолданады. Кейбір ұйымдар  үшін меншікті карточкалар өте тиімді, себебі тұрақты сатып алушыларды қамтамасыз етеді.

Информация о работе Қазақстан Республикасында банктік қызметтер нарығын дамыту бағыттары