Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Сентября 2013 в 19:47, дипломная работа
Коммерциялық банктің коммерциялық кәсіпорын ретінде басқа кәсіпорындардан басты бір ерекшелігі, оның ресурстарының өте көп бөлігі сырттан тартылған қаражаттар есебінен кұралатыны мәлім. Нарықтық қатынастар жағдайында депозиттік банк мекемелерінің рөлі өсе түседі. Бұл операциялардың есебін және ұйымдастырылуын дұрыс және тиімді жүргізу банк қызметінің коммерциялық мақсатпен пайда табуын қамтамасыз ету үшін қажет.
Кіріспе
Банк жүйесі - нарықтық экономиканың ең маңызды және ажырамас құрылымдарының бірі болып табылады. Қазақстанның қаржылық жүйесінің тұрақты дамуы ең алдымен банктердің дамуымен түсіндіріледі.
Банктік ресурстар - қандай да бір болмасын коммерциялық банктің заңды қызметін жүзеге асыру үшін керекті ресурстар жиынтығы болып табылады. Бұл ресурстар әртүрлі көздерден құралады және әртүрлі мақсатқа жұмсалынады. Ресурстарды орналастырудағы банк мақсатының бір-ақ шарты бар - ол табыс көзін молайту арқылы банктің өтімділігін өте жоғары деңгейде ұстап тұру. Өз мақсаттарын жүзеге асыру үшін банктер бір қатар іс-әрекетті жүзеге асыруы керек, олар банктік операциялар деп аталады.
Банктік
операцияларды жүргізілу
Банктердің
екі негізгі мақсаты бар
Депозиттік операциялар коммерциялық банктің пассивті операцияларының ең басты және негізгі бағыты болғандықтан банктердің ресурстарының көп бөлігі осы депозиттік операциялар есебінен құралады.
Депозиттік
нарық дегеніміз – заңды
Коммерциялық банктер тұрғындардың уақытша бос ақша қаражаттарын өздеріне тарту бойынша депозиттік саясат істеп шығулары керек. Банктің депозиттік саясаты – салымдар бойынша белгіленетін сыйақы мөлшерлемесін және салымдарды тарту әдістерін икемді жүргізу жолымен, депозиттердің сақталу мерзімін ұзарту, қызмет ұсыну саласын кеңейту, маркетингілік жұмыстар жүргізу және тұтынушыға қызмет көрсету процесіне технологиялық жаңартулар енгізу. Депозиттік саясат банктің депозиттік нарықтағы қызметін одан әрі дамытады, кемшіліктерін жоюды қарастырады.
Депозиттік саясат - коммерциялық банктердің нарықты ортада сырттан қаражаттарды тарту мақсатында және өзінің қалыптасқан депозиттік портфелін тиімді басқару үшін ұйымдастырылатын іс әрекеттердің жиынтығы. Депозиттік саясат ғылыми негізде құрылып, тиімді жүзеге асырылатын болса, коммерциялық банктердің қаржылық жағдайы да соғұрлым орнықты болады. Яғни, депозиттік саясаттың мақсаты – банк өтімділігін демей отырып табыс деңгейін арттырып, банктің қаржылық жағдайын тұрақты ету.
Депозиттік саясат бірнеше принциптерге негізделіп құрастырылады. Ол әрбір банккке дербес қалыптастырылып, ғылыми негізделуі тиіс, сонымен қатар жеделдігі, икемділігі және тиімді болуы негізінде құралады.
Депозиттік саясаттың келесі үлкен мазмұны – коммерциялық банктердің депозиттік базасын орнықты ету. Әрине, коммерциялық банктердің балансындағы депозиттердің барлық түрі де олардың депозиттік базасына жатпайды. Депозиттік база банктердің депозиттерінің белгілі бір тұрақты бөлігі болып келетін, нарықтық ортаның конъюнктуралық өзгерістерінің ықпалы нәтижесінде өзгерістерге ұшырамайтын және сыйақы мөлшері басқа депозит түрлерімен салыстырғанда төмен болып келетін депозиттердің бөлігін айтамыз.
Кейбір ғылыми көзқарастарға сүйенсек, коммерциялық банктердің депозиттік базасының орнықтылығын мерзімді депозиттердің үлес салмағының жоғары болуымен байланыстырады.
Банктердің депозиттік базасын нығайту мәселесін шешуде әртүрлі депозиттердің көлемін ұлғайту ғана емес, сонымен қатар депозиттік операциялардың ұйымдастырылуын жақсарту және салымдарды тартуды ынталандыру жүйесін арттырудың да үлкен маңызы бар. Бұл ең алдымен банктердің дәстүрлі емес банктік құралдарын: депозиттік және жинақтау сертификаттарды, чек депозиттерді, банктік вексельдерді шығару есебінен қол жеткізілуі мүмкін.
Қазіргі уақытта елімізде 39 коммерциялық банк қызмет көрсетеді, олар бүгінгі таңда тұтынушыларға депозиттік операциялардың сан алуан түрлері мен формаларын ұсынады. Олар елдер бойынша айтарлықтай сараланған. Алайда, әрбір қаржы институтының депозиттік базаларды кеңейтіп, салымшыларды көптеп тарту бойынша өзінің ерекшеліктері бар.
Соңғы жылдары еліміздегі депозиттік нарықта тұрғындардың банк жүйесіне деген сенімі артуымен бірге олар салған салымдар көлемі артып келеді.
Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкі банк
жүйесінің тұрақтылығын сақтау мен
тұрғындардың банктерге сенімін
оятуда алдына қойған мақсаттарын табысты
орындап келеді. Бірақ та, депозиттік
қызмет түрін таңдау барысында салымшы
оңтайлы шешім қабылдай алмайды.
Осындай салымшыларға банкті таңдау
мен олардың құқықтары мен
өкілеттерін түсіндіру
Содан бері
еліміздің банктік жүйесі нығайды
және қызмет көрсету деңгейі жоғарылады.
Қазіргі уақытта отандық
Дипломдық
жұмысымның мақсаты «Цеснабанк»
АҚ мысалында Қазақстан
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі «Цеснабанк» АҚ болып келсе, зерттеу нысаны депозит болып табылады.
Осы дипломдық жұмысты жазу барысында келесідей міндеттерді шешу алға қойылды:
─ депозиттік операциялардың мәні мен олардың түрлерін қарастыру;
─ дамыған елдер мен Қазақстан Республикасындағы депозиттік нарықтың даму кезеңдерінің ерекшеліктерін қорытындылау;
─ Қазақстандағы коммерциялық банктердің депозиттік операцияларының жағдайын «Цеснабанк» Акционерлік Қоғамы мысалында бағалау;
─ депозиттік нарықтағы мәселелер мен оларды жетілдіру жолдарын қарастырып шығу.
Дипломдық жұмысты жазу барысында банктік қызмет көрсетуге қатысы бар Қазақстан Республикасының Заңдары, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің нормативтік-құқықтық актілері мен статистикалық деректері, отандық және шетелдік оқу әдебиеттері, мерзімді басылымдарда жарияланған банктің білікті мамандарының еңбектері, тәуелсіз сарапшылар мен аудиторлардың және «Цеснабанк» АҚ-ның мәліметтерімен бірге басқа да ақпараттар пайдаланылды.