Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Сентября 2013 в 19:47, дипломная работа
Коммерциялық банктің коммерциялық кәсіпорын ретінде басқа кәсіпорындардан басты бір ерекшелігі, оның ресурстарының өте көп бөлігі сырттан тартылған қаражаттар есебінен кұралатыны мәлім. Нарықтық қатынастар жағдайында депозиттік банк мекемелерінің рөлі өсе түседі. Бұл операциялардың есебін және ұйымдастырылуын дұрыс және тиімді жүргізу банк қызметінің коммерциялық мақсатпен пайда табуын қамтамасыз ету үшін қажет.
1 Депозиттік операциялардың теориялық негізделуі
1.1 Банктердің дәстүрлі операцияларының бірі – депозиттік операциялардың экономикалық мәні
Коммерциялық банктің коммерциялық кәсіпорын ретінде басқа кәсіпорындардан басты бір ерекшелігі, оның ресурстарының өте көп бөлігі сырттан тартылған қаражаттар есебінен кұралады.
Банктер
өзінің активті операцияларын жүргізу
үшін пассивтi операцияларды өткізу
нәтижесінде пайда болатын
Сырттан тартылған қаражаттар құрамына қарай әртүрлі болады. Олардың негізгі түрлеріне банктің тұтынушылармен жұмыс процесі кезінде тартылған және басқа да несиелік мекемелерден қарызға алынған қаражаттар жатады. Осыған байланысты банктің сырттан тартылған қаражаттары үлкен екі топқа бөлінеді:
1. Депозиттік қаражаттар;
2. Депозиттік емес қаражаттар.
Депозит (depozitum) - латын сөзі болып, қазақшада сақтауға берілген зат деген мағынаны білдіреді. Банкке сақтауға берілген, бірақ та белгілі бір шартқа сәйкес және мерзімі жеткен кезде қайтарылуға жататын бағалы қағаздардың ақша қаражаты. Сонымен қатар қайтарылуға жататын депозит сомасымен бірге депозиттік келісім-шартта белгілеген сыйақылық мөлшерлемені төлеу.
Депозиттік операциялар алғашқыда алтын тиынды сақтаудың формалары түрінде, яғни оларды ақша сарайларында, менялдарда (айырбастауларда) көбірек жинақтау мақсаттарында пайда болды. Сақталғаны үшін иесі белгілі бір мөлшерде сыйақы төлеуі қажет болатын. Тұтынушының тілегі бойынша менялдарда өзіне сеніп тапсырылған тиынның нақ өзін сақтауға кепілдік беретін. Мұндай жағдайда олар алынған тиындармен ссудалық операцияларды жүзеге асыра алмайтын, иелеріне ақша пайызын төлейтіндей пайда ала алмайтын. Уақыт өте келе сақтау мерзімі ұзартылып, егер осыған дейін менялдар несиені тек өз капиталына қарай беріп келген болса, ендігі жерде несие ұсыну, ссудаға пайыз алу және ақша иелеріне өз сомасының бір бөлігін төлеу үшін қарыз қаражатын пайдаланудың мүмкіндіктеріне ие болды.
Затты, яғни құндылықтарды сақтау операцияларының 2 түрі болады, олар – ашық және жабық сақтау операциялары. Құндылықтарды сақтаудың ашық түріне депозиттер жатады. Ал жабық депозиті кезінде банк конверттегі құндылықтарды сақтауға қабылдайды. Бұл жерде депозит объектісі болып бағалы қағаздар мен қандай да бір құжаттар немесе бағалы тастар болуы мүмкін. Банк оларға арнайы жәшік ұсынады және сақтағаны үшін кішігірім төлемдер алады. Жабық депозиттер үшін банк жанбайтын жәшіктерді жалға береді. Бұл жәшік әртүрлі екі кілтпен жабылады. Оның бірі тұтынушыда болса, екіншісі банкте сақталады.
Қазақстан Республикасының 1995 жылы 31 тамызда шыққан «Банктер және банк қызметі туралы» заңында депозитке келесідей анықтама берілген: депозит дегеніміз – бұл бір тұлғаны, яғни депозиторды екінші тұлға – банкке олардың талап етуі бойынша, немесе белгілі бір уақыт өткеннен кейін толығымен немесе бөлшектеп, алдын-ала келісілген сыйақы немесе сыйақысыз тікелей салымшыға қайтарылуы тиіс ақша сомасы.
Ақша - жинақтау функциясын атқара отырып, халықтың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің және басқалардың қаражатын жинақтар секілді депозиттерге түрлендіреді. Тұтынушылардың барлық салым ақшалары депозит деп түсініледі. Оған орналастырылған қаражат көздері әр түрлі болып келеді. Бұл корпорациялық тұтынушылардың, мемлекеттік мекемелердің және кәсіпорындардың шоттарындағы қаражат пен уақытша пайдаланылмайтын жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақысы.
Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты, сондай-ақ ескі банктік жүйе үшін дәстүрлі емес, уақытша бос ақша қаражаттарын тарту тәсілдерінің болуы сырттан тартылған қаражаттар көлемін толығымен өзгертті десе де болады. Депозиттер банктер үшін бірден-бір арзан ресурс көзі болып табылады. Тұрғындардан салымдарды қабылдай отырып, банктер өздерінің айналым қаражатын қалыптастырады және олар арқылы ұлттық экономикаға инвестициялар жасайды.
Нарықтық
экономикаға өткенге дейін
Жинақталған жиналымдар кәсіпкерлерге өндірістік қуаттылықты кеңейту үшін және тұтынушыларға тұтынушылық тауарлар, үйлер сатып алу үшін пайдалы бола алады. Осы ақша қаражатының көп бөлігі коммерциялық банктердің жинақталым бөлімінде шоғырландырылады. Қазіргі кездегі депозиттер банктердегі сақтау келісім-шартында және оларды содан кейін айналымға шығарған ақша негізінде пайда болғаны сөзсіз факторлардан шығып отыр.
Депозиттік операция - салымдарды қабылдау және капиталы бар, бірақ оны уақытша қолданбайтын немесе онымен өзі жұмсау жолын таппаған тұлға мен банктің арасында жасалатын қарыз операциясы болып табылады. Яғни, банкке сақтауға берілген, бірақ та белгілі бір шартқа сәйкес және мерзімі жеткен кезде қайтарылуға жататын бағалы қағаздардың ақша қаражаты. Сонымен қатар қайтарылуға жататын депозит сомасымен бірге депозиттік келісім-шартта белгілеген сыйақылық мөлшерлемені төлеу.
Депозиттік операциялар банктің қызметін, банктік қорларда еркін ақша нарығындағы қорларды тұтыну үшін қаражатты пайдаланушылар мен инвесторлар арасындағы делдалдық қызметті айқындайды. Депозиттерді тарту арқылы банк, басқа банктердің және тұтынушылардың несиелік ресурстарға деген мүмкіншіліктерін кеңейтеді, сол арқылы өзінің табыс табу базасын ұлғайтады.
Бүгінгі таңда депозиттік операциялардың сан алуан түрлері мен формалары бар. Олар елдер бойынша айтарлықтай сараланған. Алайда, әрбір қаржы институтының артықшылықты міндеттерінің біріне — бұрынғыша несиелік ресурстардың негізгі көзі ретіндегі депозиттік базаларды кеңейтіп, салымшыларды көптеп тарту жатады.
Депозиттік операциялар коммерциялық банк үшін оның ресурсын қалыптастырудың ең негізгі көзі болып табылады. Жеке тұлғалар, іскерлік фирмалар, акционерлік компаниялар, жеке кәсіпорындар, коммерциялық емес ұйымдар, үкіметтік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар мен жергілікті билік органдары қаражаттарды коммерциялық банктерге ынтамен орналастырады. Бұл бірнеше себептермен түсіндіріледі. Біріншіден, банктер салымдардың үлкен сенімділігін қамтамасыз етеді, екіншіден, салымшылар өз салымдарын кез келген уақытта қайтаруды талап етіп қана қоймай одан асатын сомада қарыз ала алады, үшіншіден бұл салымдар табыс әкеледі.
Банктерге орналастырылған уақытша бос ақша қаражаттары салымшы үшін 2 рөл атқарады, яғни біріншіден, салымшының қаражатын сақтап береді, екіншіден, салымшыға табыс әкелетін капитал рөлін атқарады.
Сонымен банктердің депозиттік операциялары - тұтынушылардың ақша қаражаттарын салым түрінде орналастырумен байланысты операциялар. Жинақтардың қауіпсіздігін және сенімділігін қамтамасыз етуде адамдар өздерінің құндылықтарын сақтау үшін банкке орналастырғаны тиімді.
Сақталу операциялары ежелден келе жатқан тарихи операция екендігі белгілі, келе-келе ақша қаражаттарын сақтау, қауіпсізденуден сақтауға өсіп кетті. Адамдар өздерінің ақша қаражатын банкке тек қана ыңғайлы, қауіпсіздігі үшін ғана емес, сонымен бірге пайда алу және құнсызданудан сақтау мақсатында орналастырған. Ақшаны депозитке орналастырғаны үшін тұтынушылар банктен ссудалық сыйақы алады. Осы операцияның дәстүрлі операция ретінде айқындалуын ежелден көптеген уақыт аралығында мұраға қалған секілді, бұл бір банктен екінші банкке қалып отырған және депозиттік операциялар банк дәрежесінің сақталуына жағдай жасаған.
Депозитке салымды ең алдыменен өздерінің сәйкес білімі және қабілеттілігі жетпейтіндіктен өзінің қаражатын белсенді қолдана алмайтын адамдар салады. Сондықтан олар өздерінің қаражатын банкке салым түрінде береді, олар онда айтарлықтай көп уақыт болады. Бұл салымдар тұрақты деген атқа ие, ал банк бұндай қаражаттарды өзіндік капиталы ретінде қолдана алады.
Содан кейін екінші деңгейдегі капитал болады, олардың иелері ақша қаражаттарын жұмсауға өте икемді. Олар қаражаттарын тек қана алдын-ала белгіленген, белгілі бір уақытқа ғана банкте сақтайды. Яғни, бұл өздерінің жиналымдарын қалай жұмсауды шешпеген жеке тұлғалардың жиналымдары. Коммерсанттар, олардың айналымдары барлық капиталды қолдануды қажет етпейді, сондықтан олар банкке өздеріндегі белгілі бір уақытта тұтынусыз жатқан соманы береді. Бұндай салымдар мерзімді болып саналады.
Бос ақшаның үшінші түрі - оның иелері ақша қаражаты қашан қажет болатынын нақты анықтай алмаған капиталдар. Иелері оларға тиімді орналастыруларды іздестіреді. Сондықтан да осындай қаражаттар қозғалысты сақтауы керек, ал олардың иелерінің салымды кез-келген уақытта алуға құқығы болуы керек. Осындай капитал банкте қысқа мерзімге сақталады, олар мерзімсіз деп аталады.
Коммерциялық банктер ақшалай жинақтардың жинақталуын қамтамасыз ету арқылы, болашақта оларды әртүрлі экономикалық және әлеуметтік қажеттілікке қолдануы мен экономиканың барлық салалары үшін шекті маңызды қызметті жүзеге асырады. Жоғары деңгейлі толық қауіпсіз банкке орналастырылған жиналымдарға салымшы өсімақы түрінде сыйақы алады. Жинақталған жиналымдар кәсіпкерлерге өндірістік қуаттылықты кеңейту үшін және тұтынушыларға тұтынушылық тауарлар, үйлер сатып алу кезінде пайдалы бола алады. Осы ақша қаражатының көп бөлігі коммерциялық банктердің жинақталым бөлімінде шоғырландырылады. Заңды тұрғыдан салым - ол ақшаны қарызға алу келісім шарты, бұл жерде қарыз алушы ретінде банк, ал қарыз беруші ретінде салымшы болып табылады. Бұдан басқа депозит қарызға қарама-қайшылық, әдеттегідей тұлға ақшаға мұқтаж болғандықтан қарыз берушіні іздеуден пайда болмайды, керісінше бұл жағдайда қарыз алушыға өзі ақшаны ұсынушы кредитордың бастамасы болады.
Арзан қаражатты қарызды қолдану арқылы соның ішінде депозиттерді қолдану арқасында банктік операциялардан сәйкесті кішігірім табыс, соңында акционерлерге айтарлықтай табысты қамтамасыз ететін көлемде болуы керек.
Депозиттік
операциялар мынадай
Депозиттік операциялардың объектілері мен субъектілері болады.
Депозиттік операциялардың субъектілеріне мыналар жатады:
Депозиттік
операциялардың объектілеріне - депозиттік
операциялар субъектілерінің
Банктермен тартылатын депозиттердің көлемі негізінен 4 факторға тәуелді болып келеді:
Ресурстарды тарту үшін банктер арасында күрес құралы пайыздық саясаттың көп түрлілігі болып табылады. Өйткені салынған қаражат үшін табыс алу тұтынушының салым салуына негіз болады. Депозиттік пайыздық мөлшерлеме деңгейін банк дербес белгілейді. Оған көптеген факторлар әсер етеді:
1.Ұлттық Банктің есептік мөлшерлемесі.
2. Ақша нарығының жағдайы.
3. Банктің жеке депозиттік саясаты.
Табысты төлеудің жиілігі де мәнді фактор болып табылады. Төлем сирек болған сайын пайыздық мөлшерлеме деңгейі жоғары болады. Салымшыларды өз қаражаттарын банкке салуға қызықтыру мақсатында банкке пайыз төлеудің және есептеудің түрлі әдістері қолданылады. Сонымен бірге коммерциялық банктерде депозиттік операцияларды дұрыс ұйымдастыру оның табыс алу деңгейіне тікелей әсер етеді.
Депозиторлар ретінде резиденттер мен резидент емес заңды және жеке тұлғалар, банктің тұтынушылары және тұтынушы еместері бола алады. Депозит ретіндегі салымдар ұлттық және шетел валютасында қабылданады.