Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Сентября 2013 в 19:47, дипломная работа
Коммерциялық банктің коммерциялық кәсіпорын ретінде басқа кәсіпорындардан басты бір ерекшелігі, оның ресурстарының өте көп бөлігі сырттан тартылған қаражаттар есебінен кұралатыны мәлім. Нарықтық қатынастар жағдайында депозиттік банк мекемелерінің рөлі өсе түседі. Бұл операциялардың есебін және ұйымдастырылуын дұрыс және тиімді жүргізу банк қызметінің коммерциялық мақсатпен пайда табуын қамтамасыз ету үшін қажет.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Инновациялық Еуразия университеті
«Қаржы» кафедрасы
«Қорғауға жіберілді»
«Қаржы» кафедрасының
меңгерушісі, э.ғ.к.
Д. Ж. Тұрсынханов
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Коммерциялық банктердің депозиттік
саясаты: құрылу
050509 мамандығы бойынша – «Қаржы»
Орындаған Қ. А. Тангирбаев
Ғылыми жетекшісі
Павлодар 2011
Аңдатпа
Дипломдық жұмыстың тақырыбы: «Коммерциялық банктердің депозиттік саясаты: құрылу негіздері және дамуы «Цеснабанк» АҚ мысалында».
Дипломдық жұмыстың зерттеу объекті «Цеснабанк» АҚ болып табылады.
Зерттеу нысаны – депозиттер.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – коммерциялық банктердің депозиттік саясатын жетілдіру жолдарын қарастыру.
Көзделген мақсатқа жету үшін төмендегі мәселелер қарастырылады:
Дипломдық жұмыс кіріспе, үш бөлім және қорытындыдан тұрады.
Кіріспеде таңдап алынған тақырыптың маңыздылығы негізделеді, алға қойылған мақсат айқындалып, зерттеудің объектісі, нысаны және мәселелері анықталады.
Бірінші бөлім теориялық сұрақтарды зерттеуге арналған. Бұл бөлімде таңдалған тақырыптың мәні, түсінігі, оның түрлері және дамыған елдер мен Қазақстандағы даму ерешеліктері туралы сөз болады.
Екінші бөлім тәжірибелік бөлім болып, онда «Цеснабанк» АҚ-ына сипаттама беріледі. Банктің қазіргі күндегі қаржылық жағдайына талдау жүргізіліп, депозиттік операцияларының ахуалымен таныстырылады.
Үшінші бөлім қазіргі уақытта коммерциялық банктердің депозиттік саясатындағы ұшырасып тұратын мәселелер мен оларды шешу, жетілдіру жолдарына арналған.
Қорытындыда жүргізілген талдаулар негізінде қазіргі уақыттағы депозиттік саясаттың жағдайына баға беріледі.
Аннотация
Тема дипломной работы: «Депозитная политика коммерческих банков: основы формирования и развития на примере АО «Цеснабанк».
Объектом исследования дипломной работы является АО «Цеснабанк».
Предмет исследования – депозиты.
Цель дипломной работы – найти путь усовершенствования депозитной политики коммерческих банков.
Для достижения поставленных целей в дипломной работе решаются следующие задачи:
Дипломная работа состоит из введения, трех глав и заключения.
Во введении обосновывается актуальность выбранной темы, формулируются цель и задачи исследования, указывается объект и предмет исследования.
Первая глава посвящена исследованию теоретических вопросов. В этой главе раскрываются понятие, сущность и виды депозитов. Будет идти речь об особенностях развития депозитной политики в развитых странах и в Республике Казахстан.
Вторая глава будет практическая работа и в ней дается характеристика деятельности АО «Цеснабанка». Будет исследоваться депозитные операции и финансовое состояние коммерческого банка.
В третьей главе будет рассматриваться проблемы депозитной политики коммерческих банков, пути ее решения и усовершенствование.
Заключение содержит основные выводы и предложения современной депозитной политики на основе сделанных исследований.
Annotation
The theme of the graduation work is «Deposit policy of commercial banks: basis of formation and development on example of joint-stock company Tsesna bank».
The object of research of graduation work is joint stock company «Tsesna bank».
The subject of research is deposits.
The aim of graduation work is to find the way of improvement deposit policy of commercial banks.
The achieve the stated aims in the graduation work will be solved the following tasks:
The graduation work consists of introduction, three chapters, and conclusion.
The introduction based on the actuality of chosen theme, formulated aim and tasks of investigation, showed the object and the subject of research.
The first chapter is dedicated to research of theoretical tasks. In this chapter will be revealed concept, essence and forms of deposits. Will be talked about the peculiarity of development deposit policy in developed countries and the Republic of Kazakhstan.
The second chapter is about practical work and was given the description to the activity of joint stock company «Tsesna bank». Were researched deposit operations and financial position of commercial banks.
In the third chapter were discussed the problems of deposit policy of commercial banks, the ways of their decision and improvement.
The conclusion consists to main conclusions and suggestions about contemporary deposit policy on the basis of made researches.
Жоспар
Кіріспе |
7 | ||
1 |
Депозиттік операциялардың теориялық негізделуі |
10 | |
1.1 |
Банктердің дәстүрлі операцияларының бірі – депозиттік операциялардың экономикалық мәні |
10 | |
1.2 |
Депозиттік операциялардың түрлерін қарастыру |
15 | |
1.3 |
Дамыған елдер мен Қазақстан Республикасындағы депозиттік нарықтың даму кезеңдерінің ерекшеліктері |
24 | |
2 |
Коммерциялық банктердің депозиттік саясатының депозит нарығындағы рөлі |
37 | |
2.1 |
«Цесна банк» АҚ-ның сипаттамасы |
37 | |
2.2 |
Коммерциялық банктің қаржылық жағдайына талдау жасау |
42 | |
2.3 |
«Цесна банк» АҚ-ның депозиттік операцияларын талдау |
50 | |
3 |
Қазақстан Республикасындағы депозиттік нарықтың мәселелері және оларды жетілдіру жолдары |
59 | |
3.1 |
Қазақстан Республикасында депозиттік нарықтың мәселелері |
59 | |
3.2 |
Депозиттік саясатты жетілдіру жолдары |
63 | |
Қорытынды |
71 | ||
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі |
74 | ||
А қосымшасы |
2010 жылдың 1 қаңтары бойынша «Цеснабанк» АҚ-ның жылдық бухгалтерлік балансы |
76 | |
Б қосымшасы |
2010 жылдың 1 қаңтары бойынша «Цеснабанк» АҚ-ның жиынтық табыс туралы есебі |
77 | |
Графикалық бөлім |
Кіріспе
Банк жүйесі - нарықтық экономиканың ең маңызды және ажырамас құрылымдарының бірі болып табылады. Қазақстанның қаржылық жүйесінің тұрақты дамуы ең алдымен банктердің дамуымен түсіндіріледі.
Банктік ресурстар - қандай да бір болмасын коммерциялық банктің заңды қызметін жүзеге асыру үшін керекті ресурстар жиынтығы болып табылады. Бұл ресурстар әртүрлі көздерден құралады және әртүрлі мақсатқа жұмсалынады. Ресурстарды орналастырудағы банк мақсатының бір-ақ шарты бар - ол табыс көзін молайту арқылы банктің өтімділігін өте жоғары деңгейде ұстап тұру. Өз мақсаттарын жүзеге асыру үшін банктер бір қатар іс-әрекетті жүзеге асыруы керек, олар банктік операциялар деп аталады.
Банктік операцияларды жүргізілу сипатына байланысты активті және пассивті операциялар деп бөліп қарастырады. Пассивті операциялар арқылы банктер өздеріне қажетті ақша қаражаттарын жинақтаумен, яғни айналым қорларын толықтырумен айналысса, ал активті операциялардың көмегімен сол қорларды өзіне пайда әкелетіндей етіп орналастырады.
Банктердің
екі негізгі мақсаты бар
Депозиттік операциялар коммерциялық банктің пассивті операцияларының ең басты және негізгі бағыты болғандықтан банктердің ресурстарының көп бөлігі осы депозиттік операциялар есебінен құралады.
Депозиттік
нарық дегеніміз – заңды
Коммерциялық банктер тұрғындардың уақытша бос ақша қаражаттарын өздеріне тарту бойынша депозиттік саясат істеп шығулары керек. Банктің депозиттік саясаты – салымдар бойынша белгіленетін сыйақы мөлшерлемесін және салымдарды тарту әдістерін икемді жүргізу жолымен, депозиттердің сақталу мерзімін ұзарту, қызмет ұсыну саласын кеңейту, маркетингілік жұмыстар жүргізу және тұтынушыға қызмет көрсету процесіне технологиялық жаңартулар енгізу. Депозиттік саясат банктің депозиттік нарықтағы қызметін одан әрі дамытады, кемшіліктерін жоюды қарастырады.
Депозиттік саясат - коммерциялық банктердің нарықты ортада сырттан қаражаттарды тарту мақсатында және өзінің қалыптасқан депозиттік портфелін тиімді басқару үшін ұйымдастырылатын іс әрекеттердің жиынтығы. Депозиттік саясат ғылыми негізде құрылып, тиімді жүзеге асырылатын болса, коммерциялық банктердің қаржылық жағдайы да соғұрлым орнықты болады. Яғни, депозиттік саясаттың мақсаты – банк өтімділігін демей отырып табыс деңгейін арттырып, банктің қаржылық жағдайын тұрақты ету.
Депозиттік саясат бірнеше принциптерге негізделіп құрастырылады. Ол әрбір банккке дербес қалыптастырылып, ғылыми негізделуі тиіс, сонымен қатар жеделдігі, икемділігі және тиімді болуы негізінде құралады.
Депозиттік саясаттың келесі үлкен мазмұны – коммерциялық банктердің депозиттік базасын орнықты ету. Әрине, коммерциялық банктердің балансындағы депозиттердің барлық түрі де олардың депозиттік базасына жатпайды. Депозиттік база банктердің депозиттерінің белгілі бір тұрақты бөлігі болып келетін, нарықтық ортаның конъюнктуралық өзгерістерінің ықпалы нәтижесінде өзгерістерге ұшырамайтын және сыйақы мөлшері басқа депозит түрлерімен салыстырғанда төмен болып келетін депозиттердің бөлігін айтамыз.
Кейбір ғылыми көзқарастарға сүйенсек, коммерциялық банктердің депозиттік базасының орнықтылығын мерзімді депозиттердің үлес салмағының жоғары болуымен байланыстырады.
Банктердің депозиттік базасын нығайту мәселесін шешуде әртүрлі депозиттердің көлемін ұлғайту ғана емес, сонымен қатар депозиттік операциялардың ұйымдастырылуын жақсарту және салымдарды тартуды ынталандыру жүйесін арттырудың да үлкен маңызы бар. Бұл ең алдымен банктердің дәстүрлі емес банктік құралдарын: депозиттік және жинақтау сертификаттарды, чек депозиттерді, банктік вексельдерді шығару есебінен қол жеткізілуі мүмкін.
Қазіргі уақытта елімізде 39 коммерциялық банк қызмет көрсетеді, олар бүгінгі таңда тұтынушыларға депозиттік операциялардың сан алуан түрлері мен формаларын ұсынады. Олар елдер бойынша айтарлықтай сараланған. Алайда, әрбір қаржы институтының депозиттік базаларды кеңейтіп, салымшыларды көптеп тарту бойынша өзінің ерекшеліктері бар.
Соңғы жылдары еліміздегі депозиттік нарықта тұрғындардың банк жүйесіне деген сенімі артуымен бірге олар салған салымдар көлемі артып келеді.
Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкі банк жүйесінің тұрақтылығын
сақтау мен тұрғындардың банктерге
сенімін оятуда алдына қойған мақсаттарын
табысты орындап келеді. Бірақ
та, депозиттік қызмет түрін таңдау
барысында салымшы оңтайлы
Содан бері
еліміздің банктік жүйесі нығайды
және қызмет көрсету деңгейі жоғарылады.
Қазіргі уақытта отандық