Коммерциялық банктердің депозиттік саясаты: құрылу негіздері мен дамуы («Цеснабанк» АҚ мысалында)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Сентября 2013 в 19:47, дипломная работа

Описание работы

Коммерциялық банктің коммерциялық кәсіпорын ретінде басқа кәсіпорындардан басты бір ерекшелігі, оның ресурстарының өте көп бөлігі сырттан тартылған қаражаттар есебінен кұралатыны мәлім. Нарықтық қатынастар жағдайында депозиттік банк мекемелерінің рөлі өсе түседі. Бұл операциялардың есебін және ұйымдастырылуын дұрыс және тиімді жүргізу банк қызметінің коммерциялық мақсатпен пайда табуын қамтамасыз ету үшін қажет.

Файлы: 12 файлов

1-ТИТУЛКА.docx

— 14.03 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

10-?ОСЫМША.docx

— 25.09 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

11-ГРАФИКА.docx

— 61.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

2-АННОТАЦИЯ.docx

— 15.90 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

3-ЖОСПАР.docx

— 12.32 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

4-К_Р_СПЕ.docx

— 19.62 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

5-1 Б?Л_М.docx

— 91.35 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

6-2 Б?Л_М.docx

— 127.14 Кб (Скачать файл)

2 Коммерциялық банктердің депозиттік саясатының депозит нарығындағы рөлі

 

 

2.1 «Цеснабанк» АҚ-ның сипаттамасы

1992 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан  Республикасы Ұлттық банкінде  «Цеснабанк» коммерциялық банкі  тіркелді. Ал 1997 жылы 6 ақпанда ашық түрдегі «Цеснабанк» Акционерлік Қоғамы болып қайта тіркеуден өтті.

«Цеснабанк» АҚ бас офисі біздің республикамыздың астанасы – Астана қаласында орналасқан еліміздегі жалғыз коммерциялық банк болып табылады. Қазіргі кезде «Цеснабанк» АҚ активінің көлемі 209 млрд. теңге, немесе 1,4 млрд. доллар болып еліміз бойынша банктер арасында алдыңғы ондыққа кіреді.

Банк заманауи банктік  технологиялар және құрылғылармен  жабдықталған, шамамен 2936 білікті маман тұтынушыларға сапалы қызмет көрсетеді.

«Акционерлік Қоғамдастықтар туралы» 1998 жыл 10 шілдедегі Заңға сәйкес банк қайта тіркеуден өтіп ашық түрдегі «Цеснабанк» Акционерлік Қоғамы ретінде 1999 жылғы 12 ақпанда №4078-1900-АО Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу куәлігін алды.

Коммерциялық  банктің акционерлерінің жалпы  саны 531. Бұл туралы толық мәлімет 2.1 кестеде келтірілген.

 

Кесте 2.1.

2011 жылдың 1 қаңтар жағдайына «Цеснабанк» АҚ акционерлері туралы мәлімет

 

Банктің  акционерлері

Акционерлер саны

үлесі, %

Заңды тұлғалар

125

23,5

Жеке тұлғалар

406

76,5


 

Акционерлік қоғамы акцияларының 76,5% жеке тұлғаларға тиесілі болса, 23,5% заңды тұлғалардың иелігінде болып отыр.

Банктің негізгі қызметі  Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі 2002 жыл 27 қыркүйекте берген №74 лицензиясы банк заңнамасымен бекітілген ұлттық  және шетел валютасында банктік операциялар жүргізу болып табылады. Олар:

  • заңды тұлғалардан депозит қабылдау, банктік шот ашу және оны жүргізу;
  • жеке тұлғалардан депозит қабылдау, банктік шот ашу және оны жүргізу;
  • банк операцияларының бөлек түрлерін жүргізетін банктер мен ұйымдарға корреспонденттік шот ашу және оны жүргізу;
  • кассалық операциялар жүргізу: қабылдау, беру, қайта есептеу, айырбастау, банкноталар мен монеталарды сақтау;
  • аударым операциялары: заңды және жеке тұлғалардың талабы бойынша аударым жасау;
  • есеп жүргізу: заңды және жеке тұлғалардың вексель және басқа да борышты міндеттемелері есебін жүргізу;
  • несие операциялары: ақылы, мерзімді және қайтарымды негізде ақшалай түрде несиелер ұсыну;
  • заңды және жеке тұлғалардың банктік шоттары бойынша есеп-айырысу талаптарын орындау;
  • сейфтік операциялар: тұтынушылардың құжат түрінде шығарылған бағалы қағаздарын, құжаттары мен құндылықтарын сақтау бойынша қызмет көрсету, сонымен бірге сейфтік жәшіктер мен шкафтарды жалға беру;
  • ломбардтық операциялар: тезөтімді бағалы қағаздар мен жылжымалы мүлікті кепілдікке ала отырып қысқамерзімді несие ұсыну;
  • төлем карточкаларын шығару;
  • банкнота, монета мен құндылықтарды инкассациялау және жеткізіп беру;
  • шетел валютасын айырбастау операцияларын ұйымдастыру және т.б.

Банк бухгалтерлік есеп жүргізеді  және Қазақстан Республикасының  заңнамалары және басқа да нормативтік-құқықтық актілермен бекітілген тәртіпте қаржылық және басқа есептерді ұсынады.

Банк Жарғысы, акционерлердің жалпы жиналысымен бекітілетін  ішкі құжаттар, банктің жылдық есебі, аудиторлік шешімдер, акционерлердің жалпы жиналысына дайындық үшін акционерге ұсынуға шарт құжаттар банктің интернет желісіндегі ресми web-сайтында жариялып отырады.

Банк  қызметінің кезеңдік қорытындылары  ай бойыша, тоқсандық және жылдық бухгалтерлік баланстарда, табыс пен залал  туралы есептерде және басқа да есептік  құжаттарда көрініс табады.

Тұтынушылардың кең аудиториясына  қызмет көрсету мақсатында 1993 жылы – Алматы мен Қостанайда, 1997 жылы – Степногорск және Павлодарда «Цеснабанк» филиалдары тұрғындарға қызмет көрсете бастады. 2004 жылы Астана қаласында Астаналық филиал, Қарағанды қаласында филиал, 2005 жылы Өскемен, Петропавл, Көкшетауда филиалдар ашылды. 2006 жылы Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Орал, Шымкент қалаларында, 2007 жыл бір ай ішінде 3 филиал – Таразда, Қызылордада және Алматыдағы екінші филиалын ашты.

Банктің филиалдар желісі түрлі аймақтарда орналасқан ірі  кәсіпорындар, холдингтер, қаржылық-өндірістік топтардың бөлімшелеріне бірыңғай стандартта комплексті қызмет көрсетуге  мүмкіндік береді. Бірыңғай желі озық тәжірибені алмасу мен енгізуде, басқару, өндіріс пен технологиялардың типтік құрылымын көбейтуге оңтайлы  жағдай жаратады.

Қазіргі уақытта банктің филиалдық желісі Қазақстанның облыстары мен аймақтық орталықтарында 19 филиал және 70-ке жуық тұтынушыларға қызмет көрсету пункттері жұмыс істейді. Банкте 100 мың жеке тұлғаға және 15 мыңнан астам корпоративті тұтынушылар мен шағын және орта бизнес өкілдеріне сапалы қызмет көрсетілуде.

«Цеснабанк» ТМД-ның қаржылық нарығында да белсенді жұмыс атқарып келеді. 2007 жылы қарашада Ресейдің Мәскеу қаласында «Цеснабанк» АҚ-ның өкілдігі ресми түрде тіркелді. Өкілдіктің бірінші дәрежелі мақсаты: Ресей Федерациясындағы банктік сектордағы жағдай мен экономикалық ахуалды зерттеу, банктің тұтынушыларына ақыл-кеңес беру, халықаралық ынтымақтастықты дамытумен қатар ресейлік несиегер ұйымдармен байланысу және қарым-қатынасты кеңейту.

«Цеснабанк» АҚ-ның басқару құрылымы 2.1 суретте көрсетілген.

 

 



 



 

 


 

                                                   


Сурет 2.1. «Цеснабанк» АҚ басқару жүйесінің құрылымы

 

«Цеснабанк» АҚ-ның негізгі органдары мыналар болып табылады:

  1. Жоғары орган – Акционерлердің жалпы жиналысы;
  2. Басқару органы – Банктің Директорлар Кеңесі;
  3. Атқарушы орган – Банк Басқармасы;
  4. Бақылау органы – Ішкі аудит қызметі.

Банк 1996 жылы Орталық Азия–Американдық кәсіпкерлерді қолдау қорымен (Азиялық Кредит Компаниясы) шағын және орта бизнесті қаржыландыру жөнінде келісім жасады.

1998 жылы Азия Даму банкімен  ауылшаруашылығы секторы үшін  несиелік желісі ашылды. Осы жылы  Европалық Реконструкция және  Даму банкімен орта және шағын  бизнеске арналған несие желісі  жұмысын бастады.

1998-2001 жылдары – Банк «Rabobank» (Нидерланд) банкімен бірге «Твиннинг» индустриалдық даму бағдарламасына қатысып келеді. Бұл бағдарламаның басты мақсаты банк бизнесінің халықаралық стандарттарына қол жеткізу. «Рабобанк» кеңесшілері негізгі үш бағыт бойынша техникалық көмек көрсетті, олар: стратегия, қаржылық менеджмент және ақпараттық технологиялар. Осы жылдарда «Цеснабанктің» көптеген қызметкерлері Голландияда «Рабобанкте» кәсіби біліктілігін жетілдірумен қатар тәжірибе жинақтап қайтты.

2000 жылы банк жеке тұлғалардың салымдарына кепілдік беретін Қазақстандық қордың мүшесі болды.

2001жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қорытындысымен «Цеснабанк» «Екінші деңгейлі банктердің Халықаралық стандарттарына өту тәртібі туралы Ереже» талаптарын орындаған деп танылды.

2003 жылы Ауыл шаруашылығы министрлігі өткізген мониторингтің нәтижелері бойынша Дүниежүзілік Банктің несие беру желісін жүзеге асыруға қатысушы банктердің арасынан ең таңдаулы деп танылды.

Осы жылы Еуропалық жаңғырту және даму Банкі «Цеснабанкті» ең сапалы несие портфелі бар банк деп атады.

2005 жылы банк «VISA» халықаралық карточкаларды шығарды. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі «Цесна» Корпорациясы» АҚ-ына «Цеснабанк» АҚ Банктік холдинг мәртебесін алуға келісімін берді.

2006 жылы «Цеснабанктің» Ақпараттық анықтамалық қызметі – «Call-Center» құрылды, онымен Қазақстанның кез келген нүктесінен 8-800-080-25-25 телефон нөмірі арқылы тұтынушыларға жедел ақпарат беріледі.

Осы жылы банк тұтынушылармен неғұрлым тығыз байланыс орнату үшін, банк өнімдерін жеке сату арқылы оларды жылдам қанағаттандыру және қажеттіліктерін анықтау мақсатында Менеджерлер қатынастары институтын құрды. Банк Қазақстан аумағындағы «Western Union» таңдаулы қызмет көрсету пункттерінің рейтингісінде алғашқы орынды алды.

«Цеснабанк»  Қазақстандағы бірінші мөлдір банк болды. 2006 жылғы маусым айында Қазақстанның қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі Агенттігі мен банк «Банк қызметіндегі мөлдірлікті жоғарылату жөніндегі мәселелер бойынша ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл туралы» меморандумға қол қойды. Әлеуетті инвесторлар, тұтынушылар және басқа да мүдделі тұлғалар үшін ақпараттардың қол жеткізімділігі мен сенімділігін қамтамасыз ете отырып банк меншіктің құрылымын толық ашты.

«Цеснабанк» АҚ Қазақстандағы төмендегі ұйымдарға мүше болып табылады:

  • Қазақстандық Қор Биржасының мүшесі, 1-ші санатты брокер-диллердің лицензиясына ие;
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және Қаржы министрлігінің алғашқы агенті;
  • жеке тұлғалардың салымдарына кепілдік беру қорының қатысушысы;
  • ипотекалық несие сақтандыру қорының қатысушысы;
  • Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының мүшесі;
  • Қазақстан Республикасы Банк қауымдастығының мүшесі;
  • Қазақстанның салық төлеушілер ассоциациясының мүшесі;
  • алғашқы Несие Бюросы құрылтайшыларының бірі болып табылады.

Сенімді әрі тұрақты қаржы мекемесінің  атақты беделін банктің Қазақстандағы  тұтынушылары ғана емес, шетелдегі серіктестері де мойындады. Қаржыландыру қорын әртараптандыруға бағытталған банктің стратегиясына сәйкес 2006 жылы банк капиталдың халықаралық нарығына қаржыны белсенді жұмылдыра бастады. 2006 жылдың мамырында сомасы 22 млн. АҚШ долларының бірлестірілген дебюттік несиесін жұмылдыруды жүзеге асырды. Осы жылдың желтоқсанында сомасы 50 млн. АҚШ долларының бірлескен екінші несиесін жұмылдырды. Екі жағдайда да несиенің алғашқы сомасы шетел инвесторларының жағынан сұраныстың көптігіне байланысты жоғарылатылды. 2007 жылғы шілдеде сомасы 54 млн. АҚШ долларының бірлестірілген үшінші несиесі жұмылдырылды.

2007 жыл әлемнің ірі қаржы институттарында және «HSBC Bank» сияқты халықаралық даму институттары мен Еуропаның Қайта құру және Даму Банкінде жұмыс істеген үлкен тәжірибелері бар екі тәуелсіз директорды – Қазақстан Республикасының бейрезиденттерін (Ұлыбритания мен Австрия азаматтарын) Директорлар кеңесі құрамына қабылдау туралы «Цеснабанк» АҚ-ның акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының шешімімен ерекшеленді. Атап айтқанда банктің тәуелсіз директорлығына Еуропа, Азия және Таяу шығыстағы елдердің «HSBC» банкінің бөлімшелерінде 30 жылдан астам уақыт жұмыс істеген Джеффри Брэмптон Манди (Jeffrey Brampton Mundy) сайланды. Соңғы бірнеше жыл ішінде (1997-2004 жылдар) ол Қазақстанның «HSBC» банкінің Басқарма төрағасы, сондай-ақ Шығыс Индияда «HSBC» аймақтық директоры болып жұмыс істеген. Банктің тәуелсіз директорлығына сондай-ақ, бұрын Лондонда, кейіннен Алматыда өкілдіктің жетекшісі ретінде Еуропалық Қайта құру және Даму Банкінде, сондай-ақ бірқатар австриялық банктер мен инвестициялық компанияларда жұмыс істеген Яцек Бржежински (Jacek Brzezinski) сайланды.

Халықаралық менеджмент стандарттарына сәйкестікті  растаудың, сондай-ақ стратегиялық міндеттердің, табысты операциялық қызметтің  сенімді әрі дәйекті орындалуының, қаржылық есеп-қисаптың мөлдірлігінің, банктің инвесторлар мен талдампаздарға ашықтығының арқасында, беделді халықаралық қаржы «Euromoney» журналы «Цеснабанкті»  Орталық, Шығыс Еуропа және Орталық Азиядағы «Best Managed Companies 2007» номинациясы бойынша үздік менеджментті банктердің бірі деп таныды.

2007 жылдың  қаңтарында «Цеснабанк» өзінің еншілес «Tsesna International B.V.» компаниясы арқылы дебюттік 125 млн. АҚШ долларындағы еврооблигациясын 2010 жылы ақпанда өтеу мерзімімен нәтижелі орналастырды. Қарыз алушы Қазақстандық банктер санының көптігіне қарамай, мәміле сәтті аяқталды.

Коммерциялық банктің  тұрақты серіктестері «ГНПФ» жинақтаушы зейнетақы қоры және «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ болып табылады.

Банктің қызмет көрсетуінің  негізгі бағытына заңды тұлғаларды несиелеу жатады, оның ішінде республиканың  түрлі аймағында орналасқан ірі  сауда, құрылыс, өндірістік кәсіпорындар бар. «Цеснабанк» АҚ «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры АҚ  және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ ынтымақтастығы аясында шағын және орта кәсіпкерлікті несиелейді. Сонымен бірге банктің ауылшаруашылық өнімдерін өндіру мен қайта өңдеуді несиелеуге арналған бағдарламалары бар.

 «Цеснабанктің» шетелдік серіктестері қатарына дүниежүзіне атағы мәлім гигант банктер кіреді, олар – «Deutsche Bank», «Trust Company Americas», «Commerzbank AG», «Dresdner Bank AG», «Citibank N.A», «Union Bank of Swizerland», «Raiffeisen Bank International AG», «Wells Fargo Bank», «Сбербанк России», «Банк ВТБ», «Промсвязьбанк» және «Банк ЗЕНИТ».

Қазіргі күнде «Цеснабанк» АҚ «Reuters», «Visa», «Swift», «Western Union», «American Express», «Unistream» сияқты халықаралық ұйымдардың тұрақты мүшесі болып табылады.

«Цеснабанк» АҚ төмендегідей халықаралық бағдарламаларға қатысады:

  • Қазақстан ауылшаруашылығын жекешелендіруді қолдау бойынша Әлемдік Банк бағдарламасы;
  • Қазақстанда шағын және орта бизнесті дамыту бойынша Еуропалық қайта құру және даму банкінің бағдарламасы;
  • Қазақстанның ауылшаруашылығын дамыту бойынша Азия даму банкінің бағдарламасы.

«Цеснабанк» «Western Union», «Unistream» және «Лидер» халықаралық аударымдарымен жұмыс істеп тұтынушыларға қызмет көрсетеді.

 

 

2.2  Коммерциялық банктің қаржылық жағдайына талдау жасау

Кез келген кәсіпорынның, сонымен  бірге коммерциялық банктердің де жұмысының  жағдайы туралы маңызды ақпарат  оның қаржылық көрсеткіштері болып  табылады.

7-3 Б?Л_М.docx

— 49.96 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

8-?ОРЫТЫНДЫ.docx

— 21.01 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

9-?ДЕБИЕТТЕР.docx

— 19.57 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

Информация о работе Коммерциялық банктердің депозиттік саясаты: құрылу негіздері мен дамуы («Цеснабанк» АҚ мысалында)