Коммерциялық банктердің депозиттік саясаты: құрылу негіздері мен дамуы («Цеснабанк» АҚ мысалында)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Сентября 2013 в 19:47, дипломная работа

Описание работы

Коммерциялық банктің коммерциялық кәсіпорын ретінде басқа кәсіпорындардан басты бір ерекшелігі, оның ресурстарының өте көп бөлігі сырттан тартылған қаражаттар есебінен кұралатыны мәлім. Нарықтық қатынастар жағдайында депозиттік банк мекемелерінің рөлі өсе түседі. Бұл операциялардың есебін және ұйымдастырылуын дұрыс және тиімді жүргізу банк қызметінің коммерциялық мақсатпен пайда табуын қамтамасыз ету үшін қажет.

Файлы: 12 файлов

1-ТИТУЛКА.docx

— 14.03 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

10-?ОСЫМША.docx

— 25.09 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

11-ГРАФИКА.docx

— 61.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

2-АННОТАЦИЯ.docx

— 15.90 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

3-ЖОСПАР.docx

— 12.32 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

4-К_Р_СПЕ.docx

— 19.62 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

5-1 Б?Л_М.docx

— 91.35 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

6-2 Б?Л_М.docx

— 127.14 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

7-3 Б?Л_М.docx

— 49.96 Кб (Скачать файл)

3 Қазақстан Республикасындағы депозиттік нарықтың мәселелері және оларды жетілдіру жолдары

 

 

3.1  Қазақстан Республикасында депозиттік нарықтың мәселелері

Тұрғындардың  бос ақша қаражатын тарту мәселесі бүгінгі күнде өзекті болып келеді. Экономиканың көтерілуінде ішкі инвестициялар  анықтаушы рөл атқарады. Сол үшін де банкирлердің мақсаты тұрғындардың бос ақша қаражатын тартуды күшейту және оларды болашақта экономикаға инвестициялау болып табылады.

Осы жерде  банкирлер сенімді қор базасынсыз тұрақты және бір қалыпты дамуы  мүмкін еместігін айтып кеткен жөн. Олар шектеулі ресурстар жағдайында несиелік операцияларды дамыта алмайды. Сондықтан да банкирлердің тиімді депозиттік саясатты құрастыру және орындау  мәселесі жақын арада өзінің шешілуін күтіп тұрған өте тиімді мәселелермен бір қатарда тұр.

Банк бүгінгі кезде ақша қаражатын тартуға және оларды ресурс ретінде қолдануға бағытталған белсенді саясатын жүргізуі керек. Ол салымшылардың қызығушылығына сүйенуі шарт. Олардың бас ерекшелігі болып әрине депозит бойынша төлем талабы болып келеді, оның көлемі инфляция көлемінен жоғары болуы тиіс. Ғылыми негізделген сыйақылық саясаттың жоқ болуы - депозиттерді тарту ісінде негізгі тежеуіш болып табылады.

Тұрғындардың  салымы — бұл коммерциялық банк үшін ең бір сенімді, тұрақты қорлардың  қайнар көздері, яғни оның өтімділігін  жоғарылатуға көмектеседі. Банктерге  тұрғындардың ақша қаражаттарын тартуға  жасалатын жасанды шектеулер  төмендегілерге әкеледі:

  • мүмкін болатын банк өтімділіксіздігі, ол дегеніміз оған ешқандай сақтандырушы қорлар көмектесе алмайды;
  • уақытша бос ақша қаражатын депозитке салуға ұмтылған бірақ коммерциялық банктерден бетбұрыс алған салымшылар жағынан дұрыс емес түсінбеушіліктерге;
  • саяси және әлеуметтік тырысушылық - инфляциялық тенденцияларды жақсартады, тұтынушылық нарыққа ақша массасының жетіспеушілік қысымына әкеледі.

Қазіргі уақытта банктер жеке тұлғалармен толық нәтижелі жұмыс алып бармай жатыр және тұрғындардың қаражатын банкке тарту үшін барлық мүмкіншіліктерді пайдалана алмауда. Тәжірибе мен анкеталық сұрақ жүргізу нәтижесі көрсеткендей тұрғындардың қаражатын банкке тарту жүйесінің осал жері халықтың тұтыну қажеттіліктерін жақсы үйренбеу болып табылады.

Осы жерде  елімізде банк жүйесінде депозит  саясаты бойынша ұшырасатын негізгі  мәселерге кеңірек тоқталып өтейік:

  1. Еліміздің коммерциялық банктері тұтынушыларға ұсынатын депозит түрлері аз.

Көптеген банктер депозиттің тек  бірнеше түрінде ғана операция алып барады. Мысалы «Цеснабанк» АҚ-да қазіргі күнде депозиттің 3 түріне ғана салым қабылданады. Бұл депозиттің үшеуі де мерзімді салымдар. Жинақ салымдары мүлдем жоқ. Басқа көптеген коммерциялық банктердің ахуалы да осыған ұқсас, яғни тұтынушыларға депозиттің көп түрлерін ұсына алмайды.

Бұл жағдай тұрғындардың уақытша бос  ақша қаражаттарын тартуда өзінің кері әсерін тигізуі сөзсіз. Тұтынушы өз қаражатын белгілі бір мерзімге салу үшін келгенде, шарты көңіліне қонымды депозит түрі болмаса  ол қаражатын салмайды.

  1. Депозит түрлері бойынша жұмыстар мен іс-шаралар дұрыс жолға қойылмаған.

Халықтың салымдарын депозит түрлері  бойынша саралап қарағанда мерзімді салымдардың үлес салмағы жоғары, ал талап етілгенге дейін мен жинақ салымдарының үлесі төмен екендігі байқалды. Талап етілгенге дейінгі депозиті банктің ағымдағы операцияларын жүзеге асыруда рөлі зор, ал жинақ салымдарының маңызы одан кем емес деуге болады.

Біріншіден, жинақ салымдары белгілі бір  уақытқа салынғандықтан банк оны  сол уақытқа дейін өз мақсаттарына пайдалана алады. Екіншіден, бұл  салымдарда міндетті жарна есепке алынғандықтан банктер үшін аннуитет сияқты қызмет атқаруы мүмкін, яғни әр айда белгілі бір мөлшерде қаражаттың тұрақты түсіп тұруы.

Банктер арасында 2011 жылдың 1 қаңтарына «Цеснабанк» АҚ-да жинақ салым қалдығы 3 022 млн. теңгені құрап, депозиттік портфелдегі үлесі 5,1% болса, «Казкоммерцбанк» АҚ-да салым қалдығы 1685 млн. теңге болып, банктің жалпы депозитінің 0,4% ғана иеленіп отыр.

«Центр Кредит Банкінің» жинақ салымдары 2010 жыл соңына 50 млн. теңге болып отыр. Ал «Еуразиялық Банк» тұтынушылардың 35 млн. теңге қаражатын депозиттің бұл түріне тарта алғандығы мәлім. Аталған екі банкте де жинақ салымдары жалпы депозиттердің 1 пайызын да құрамай отыр.

Жалпы айтқанда депозиттің бұл түріне тұтынушыларды  қызықтырудың, олардың бос ақша қаражаттарын тартудың түрлі жолдарын істеп шығу тиіс.

  1. Валюта түрлері бойынша депозиттерге төленетін сыйақы мөлшерлемесі. Елімізде қызмет көрсетіп жатқан көптеген екінші деңгейлі банктердің шетел валютасындағы депозиттер қабылдауға құқықтары бар. Бұл банктер еліміздің резиденттері және де резидент емес тұлғалардың да салымдарын қабылдайды. Салымды шетел валютасында қабылдау үшін валюталық кассасы бар филиалдар тартылады.

Елімізде көптеген Халықаралық  ұйымдар, бірлескен кәсіпорындар жұмыс  істеуде. Коммерциялық банктер оларға қызмет көрсетумен қатар депозиттер ұсынады. Коммерциялық банктерде тұтынушылар үшін әртүрлі валюталық және мультивалюталық депозиттер түрлері істеп шығылған. Алайда, ұлттық валютаның тұрақтануы мен дүниежүзілік дағдарыстың салдарынан тұтынушылардың шетел валютасына деген сенімі соңғы жылда төмендегенін байқап отырмыз. Екінші деңгейлі банктердегі шетел валютасындағы депозит көлемі 1998-2002 жылдар аралығында ұлттық валютада ашылған депозиттерден көп болып келген болса, ал 2009 жылдың желтоқсанынан 2011 жылдың қаңтар айы аралығында 10 пайызға төмендеген.

3.1 кестеде  еліміздегі коммерциялық банктер  тарапынан тартылған депозиттердің  валюта түрлері бойынша көрсеткіштері  келтірілген.

 

Кесте 3.1.

1997-2011 жылдар аралығында Қазақстандағы депозиттердің валюта түрі бойынша мәлімет             млн. теңге

 

жылдар

ұлттық валютада

шетел валютасында

жалпы

заңды тұлға

жеке тұлға

жалпы

заңды тұлға

жеке тұлға

01.01.1998 жыл

61565

40817

20748

18639

11767

6872

01.01.1999 жыл

50309

29389

20920

29512

20031

9481

01.01.2000 жыл

89022

60737

28285

81373

56631

24742

01.01.2001 жыл

142810

109973

32837

147777

92334

55443

01.01.2002 жыл

160280

110342

49938

284569

149642

134927

01.01.2003 жыл

241532

173394

68138

361721

179178

182543

01.01.2004 жыл

387781

260158

127623

345424

137636

207788

01.01.2005 жыл

721461

465519

255942

549382

364148

185234

01.01.2006 жыл

960758

648054

312704

692778

418136

274642

01.01.2007 жыл

1993770

1306286

687484

1082959

750739

332220

01.01.2008 жыл

2645750

1741443

904307

1244392

716101

528291

01.01.2009 жыл

3492694

2627786

864908

1916666

1308598

608068

01.01.2010 жыл

3699522

2865073

834449

2874341

1815327

1059014

01.01.2011 жыл

4807902

3567475

1240427

2589990

1635512

954478


 

Салымшылар  өз жинағын ұлттық валютаға ауыстырған сайын банктерге шетел валютасындағы операцияларды қамтамасыз ету қиынға соғады. Бұл коммерциялық банктердің шетел валютасымен операция жасауына кедергі келтіруі мүмкін. Банктер үшін тұтынушылардан түсетін шетел валютасы арзан және өте қажет ресурс болып табылатыны сөзсіз.

Алайда банк қызметкерлерінің өзі тұрғындарға өз жинағын ұлттық валютада жинақтауға кеңес беріп жатады. Сонымен бірге шетел валютасында ашылған депозиттерге төленетін сыйақы мөлшерлемесі де төмен болып келеді.

  1. Аудандық жерлерде банк филиалдары қызмет көрсетпейді. Депозиттік    саясатты  жүзеге асыру кезінде аумақтық факторларды ескере отырып, біркелкі жүйені сақтау тиіс.

Елімізде  банктік бәсекелестік негізінен қалалық жерлерде бар. Аудандық жерлерде халықтың депозиттері үшін бәсекелестік күрес жоқ. Банктің бөлімшелері ашылмаған, қызмет көрсетпейді. «Қазақстан Халық Банкінің» Қазақстандағы депозиттік портфелі ең жақсы банк болып табылатынының бір себебі оның кең тармақты болып банктің ауданды жерлерде көптеп филиалдары мен бөлімшелерінің қызмет көрсетуінде болуы жатыр.

Бірақ та, салымшылар үшін жоғары пайыздық саясат ұстанып отырған басқа банктер де баршылық. Бірақ бұл банктердің бөлімшелері аталған жерлерде мүлдем жоқ, немесе филиалдары аз. Депозиттік саясаттың негізгі қағидаларының бірі – банктің қолжетімділігі екенін ескеретін болсақ, бұл банктер үшін ойланатын жағдай.

  1. Қазіргі тәжірибеде көпшілік банктің бәсекеге қабілеттілігі мәліметтерін банк маркетологтары емес банк жүйесі қызметкерлері жинайды.

Банк қызметкерлері көбінесе тек  үш көрсеткіш бойынша мәлімет  жинайды: сыйақы мөлшерлемесі құны, жарнама  және тұтынушыларға қызмет көрсету  сапасы.  Ал тұрғындардың банк секторына  деген көзқарасы одан да терең екенін, оны үйрену, талдау және қажетті жағдайларда жүзеге асыру қажеттігін ұғыну керек.

Банк қызметтері туралы жарнамалардың  едәуір көпшілігі тек несие беруге арналған. Банк депозиттері туралы жарнама өте аз. Ал банк ұсынатын басқа да қызметтер туралы жарнама  жасалынбайды.

Негізінде бұл мәселемен лайықты  білімі бар банктің арнайы маркетинг  бөлімі шұғылдануы қажет. Ал банк қызметкерлері жинаған мәліметтер сыни емес патриоттық реңк ала жөнеледі.

  1. Ұлттық банктің резервтік талабы мөлшерлемесі.

Резервтік талап пайда  болу тарихынан бері салымшылар мен  несиешілер алдында банктің міндеттемелерін  қамтамасыз ету қызметін атқарып  келеді.

Коммерциялық банктер  тартылған депозиттер үшін Ұлттық Банкке резерв сомасын аударады. Ол депозиттің түрі бойынша әртүрлі болып келеді.

Бірақ банктер үшін тартылған қаражаттың бір бөлігін резервтік қор  шотына аудару табыс әкелетін операцияларға  жұмсалуы мүмкін қаражат көлемінің  кемуі  болып табылады. Резервтік  аударым мен депозиттерге кепілдік беру қорына жасалатын аударымдар тартылған  қаражаттардың «қымбаттауына» әкеледі.

Нәтижесінде банктер белгілейтін  депозиттер үшін төленетін сыйақылық  мөлшерлеме деңгейі жоғары бола алмайды.

  1. Депозиттер бойынша ұтыс ойынын өткізу. Соңғы кездері коммерциялық банктерде белгілі депозит қалдығы мөлшерінде салымшылар арасында ұтыс ойындарын өткізу кең үрдіс алғаны белгілі. Бұл жерде де кемшіліктер ұшырасып жатыр.

Ұтыс  ойынын жалпы масштабтық деңгейде үлкен  эфирде өткізіп салымшылардың сенімін  қазанудың орнына, банктер болатын  үлкен шығыннан қашып ұтысты жасырын  түрде өткізеді. Бұл салымшылар арасында теріс пікірдің тууына, банкке деген  сенімсіздіктің орын алуына әкеп соғуы  әбден мүмкін. Сонымен бірге ұтыс ойынына қатысатын депозит мөлшерін де жоғары белгілеп қойған.

8) Депозиттерге  кепілдік беру қоры туралы  мәліметтер аз. Сонымен бірге халықтың банк секторына деген сенім деңгейіне тікелей әсер ететінен тағы бір маңызды факторды атап өту қажет, ол - жеке тұлғалардың депозиттері бойынша кепілдік беру қорының жұмыс жасауы. Бірақ бұл қордың жұмысы туралы мәліметтер жеткілікті дәрежеде тұтынушыларға жетіп бармай жатыр.

 

 

3.2 Депозиттік саясатты жетілдіру жолдары

Ақша қаражатын тартуда  таңдау құқығы тұтынушыда қалады, ал банк салымшы үшін бәсекелік күрес  жүргізуі тиіс, өйтпеген жағдайда салымшыны  жоғалтып алу оңай. Банк бәсекесіне қатысты ресурстардың шектеулігі тұрақты  салымшылармен тығыз қарым-қатынаста  болуға мәжбүр етеді.

Егер де бұл салымшылардың  шеңбері тар болса, банктің оларға тәуелділігі жоғары болып келеді. Осы жағдайдан құтылып, ресурстық  қор құру мәселесін шешу үшін салымшылар шеңберін кеңейту бойынша жұмыстар алып бару қажет.

Салымшылар қаражаты үшін бәсекелестік банктердің тартылған  қаражаттарды басқарудың әдістерін  жетілдіруге баса назар аудару қажеттігін көрсетеді.

Қаражаттарды депозиттерге тарту бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметі жүргізіп отырған ақша-несие  саясаты да өз септігін тигізері сөзсіз. Заңнамалық база қаражаттарды тарту  бойынша банктің негізгі қызметтерін  айқындап береді.

8-?ОРЫТЫНДЫ.docx

— 21.01 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

9-?ДЕБИЕТТЕР.docx

— 19.57 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

Информация о работе Коммерциялық банктердің депозиттік саясаты: құрылу негіздері мен дамуы («Цеснабанк» АҚ мысалында)