Коммерциялық банктердің депозиттік саясаты: құрылу негіздері мен дамуы («Цеснабанк» АҚ мысалында)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Сентября 2013 в 19:47, дипломная работа

Описание работы

Коммерциялық банктің коммерциялық кәсіпорын ретінде басқа кәсіпорындардан басты бір ерекшелігі, оның ресурстарының өте көп бөлігі сырттан тартылған қаражаттар есебінен кұралатыны мәлім. Нарықтық қатынастар жағдайында депозиттік банк мекемелерінің рөлі өсе түседі. Бұл операциялардың есебін және ұйымдастырылуын дұрыс және тиімді жүргізу банк қызметінің коммерциялық мақсатпен пайда табуын қамтамасыз ету үшін қажет.

Файлы: 12 файлов

1-ТИТУЛКА.docx

— 14.03 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

10-?ОСЫМША.docx

— 25.09 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

11-ГРАФИКА.docx

— 61.00 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

2-АННОТАЦИЯ.docx

— 15.90 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

3-ЖОСПАР.docx

— 12.32 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

4-К_Р_СПЕ.docx

— 19.62 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

5-1 Б?Л_М.docx

— 91.35 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

6-2 Б?Л_М.docx

— 127.14 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

7-3 Б?Л_М.docx

— 49.96 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

8-?ОРЫТЫНДЫ.docx

— 21.01 Кб (Скачать файл)

Қорытынды

 

 

Коммерциялық  банктің коммерциялық кәсіпорын  ретінде басқа кәсіпорындардан  басты бір ерекшелігі, оның ресурстарының  өте көп бөлігі  сырттан тартылған  қаражаттар есебінен кұралатыны мәлім. Нарықтық қатынастар жағдайында депозиттік банк мекемелерінің рөлі өсе түседі. Бұл операциялардың есебін және ұйымдастырылуын дұрыс және тиімді жүргізу банк қызметінің коммерциялық мақсатпен пайда табуын қамтамасыз ету үшін қажет.

Депозиттік  есепшоттар әртүрлі болуы мүмкін және олардың жіктелуінің негізінде  салымдар көздері, оларды мақсатты пайдалану, табыс табу дәрежесі және тағы басқа да көрсеткіштер жатыр. Кең тараған депозит түрі - талап етілгенге дейінгі депозиттер. Бұл салым иелерінің бастапқы талап етуіне байланысты әр түрлі төлем құжаттары арқылы ақшаларын қолма-қол алатын әр түрлі шоттардағы қаражаттар. Бұл салым көп жағдайда ағымдағы операциялар үшін пайдаланылады.

Елімізде  кең қолданыста мерзімді депозиттер болып отыр. Төленетін сыйақы мөлшерінің жоғары болуы еліміз тұрғындарының депозиттің осы түріне қызығушылығын тудырып отыр.

Әлемдік банк тәжірибесінде мерзімді депозиттер мен талап етілгенге дейінгі  депозиттер арасында жинақтаушы депозиттер орын алады. Депозиттің бұл түрі құнттылыққа  ынталандыратын арнайы ұмтылудың туындауымен  сипатталатын мақсатты сипаттағы қаражаттарды жинақтау үшін немесе ақша жинақтарын салуға қызмет етеді және табыстылық деңгейі жоғары болып келеді, дегенмен мерзімдік салымдарға қарағанда төмен болады. 

Банктердің  депозиттік базасын нығайту мәселесін  шешуде әртүрлі депозиттердің көлемін  ұлғайту ғана емес, сонымен қатар  депозиттік операциялардың ұйымдастырылуын  жақсарту және салымдарды тартуды ынталандыру  жүйесін арттырудың да үлкен маңызы бар. Бұған алдымен банктердің дәстүрлі емес банктік құралдарды: депозиттік және жинақтау сертификаттарды, чектік депозиттерді, банктік вексельдерді шығару есебінен қол жеткізілуі мүмкін. Әйтсе де, депозиттік сертификаттың елімізде кенже қалып отырған жайы бар.

1994-2011 жылдардағы  Қазақстандық депозиттік нарықты  талдай отырып бұл күндері  біздің республикамызда жеке  және заңды тұлғалардың салымдарын  тартудың жүйесі бар деуге  болады. 1996 жылдан бастап депозиттер  бойынша мөлшерлемелер оң болды,  бұл әлеуетті салымшылар үшін  тартымды бола бастады. 

Банктер арасында салымшылар үшін сондай-ақ сенімді, тиімді банк мәртебесі үшін бәсекелестік күресі күшейе түскендігі байқалады. Қайта  қаржыландырудың мөлшерлемесін  төмендету жалғасын табуда.

Қазақстандағы депозиттік нарықтың қазіргі жағдайына  дұрыс баға беруге болады. Әр банк бәсекелес  банктерден ерекшеленіп депозиттердің  жаңа түрлерін ұсынып келуде. Депозиттер бойынша өткізілетін ұтыс ойындары көпшілік қауымның көңілінен шығып отыр. Депозиттік операциялардың дамуын талдау депозиттік саясатты  жүргізуде оң нәтижелерге жеткізетін математикалық есептеулердің қажеті бар екенін дәлелдеді.

Бұл күндері  жеке және заңды тұлғалардың салымдары  бойынша тұрақты өсу байқалады. Бұл айғақ банктер таңдап алған  депозиттік саясаттың дұрыстығын көрсетеді, дегенмен ол әлі толық жетілді  деп айтуға ерте. Біздің банктердің оны жетілдіру қажеттігін түсінгені бұл мәселенің негізгісі, өйткені қазақстандық банктер жинақтаған тәжірибенің және банк жүйесінің зор әлеуетінің бұл мақсатқа жеткізетіні анық.

«Цеснабанк» АҚ бас офисі Астана қаласында орналасқан. Келесі жылы банктің Қазақстанның қаржы нарығында қызмет көрсетіп жатқанына 20 жыл толады. Банктің сырттан тартылған қаражаттарын негізгі бөлігі жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың депозиттері болып табылады.

Тұрғындардың бос ақша қаражатын тарту мәселесі бүгінгі күнде өзекті болып келеді. Бұл мәселеде «Цеснабанк» АҚ бүгінгі кезде ақша қаражатын тартуға және оларды ресурс ретінде қолдануға бағытталған белсенді саясат жүргізіп келеді. Бас ерекшелігі депозит бойынша сыйақылық төлем болып отыр, Ұлттық Банк пен Депозиттерге кепілдік беру қоры белгілеген шектен жоғары пайыз ұстанып отыр.

Банкте тұрақты түрде салымшылар арасында ұтыс ойындарын өткізіп тұрылады. Мысалы, банктің 15 жылдығына орай «Астанадан пәтер ұтып ал!», «Цеснабанктен машина парады!» акцияларын келтіруге болады. «Цесна – тең мүмкіндіктер» депозит шоттары  бойынша барлығы 20 рет ұтыс ойындары өткізілсе, «Цесна - құрмет» депозит шоты бойынша «Цеснабанктің» 75 салымшысы ақшалай ұтысқа ие болған, тағы 18 салымшы әртүрлі тұрмыстық техникаларды ұтып алды.

Еліміздегі  коммерциялық банктерде депозиттік саясат төңірегінде кездесіп отырған  мәселелер де баршылық. Қазір банктер  тек мерзімді салымдарға көп көңіл  бөлініп жатқанын көрдік. Оның себебі де айқын. Тұтынушылардың қаражатын  банкке тарту үшін жоғары пайызды  тек депозиттің аталған түрі ғана ұсына алады. Ал депозиттің басқа  түрлері бойынша жұмыс өте  нашар алып барылуда. Талап етілгенге  дейінгі депозитке тартылатын қаражат  банктің ағымдық операциялары үшін маңызды қалпында қалып отыр. Жинақ  салымдарының тұтынушылар үшін қызықты  болатын, сыйақылық мөлшерлемесі жоғарылатылған түрлерін жасап шығу мақсатқа лайық  болатыны сөзсіз.

Сонымен бірге ұлттық валюта мен шетел  валютасында ашылатын депозиттер бойынша  пайыздық мөлшерлеменің айырмасы да шетел валютасында ашылатын депозиттердің  кемуіне алып келіп отыр, сондықтан  да бұл мөлшерлемені бір деңгейге жеткізу керек.

Еліміздегі  коммерциялық банктер пайда табу мақсатында көбінесе несие саласына көп көңіл аударуда. Ал несие ресурсын депозиттер арқылы емес шетел банктерінен алып отыр. Бұл біздің банктердің еліміздің ішкі қаражат көздерін әлі толық пайдалана алмай отырғанын көрсетеді.

Депозиттік  нарықта кездесетін көптеген мәселелердің шешу жолдарын табу үшін оған терең  үңіліп, әрбіріне жеке–жеке тоқталып ашатындай етіп кешенді түрде  қарастыру қажет. Банктік қызметтердің дамуы мен перспективалары –  біздің еліміздегі арнайы ғылыми түрде  аз зерттелген мәселе болса да, банк саласында қызмет атқарып жүрген көптеген экономистердің көкейінде  жүрген маңызды сұрақтардың бірі болып қала береді.

Осылайша, еліміздегі депозиттік нарық – қызығушылық  тұрақты өсіп келе жатқан қаржы нарығының  маңызды және ажырамас бөлігі болып  отыр.

Зерттеулер  Қазақстанда халық өз қаражаттарын банктерге сенімді түрде салып, оны мерзімді депозиттер түрінде  ұстауға ұмтылатынын көрсетеді. Бұны тұтынушылардың отандық екінші деңгейлі банктерге деген сенімінің  арқасы деп түсінсек болады. Демек, елімізде қаржылық нарық қалыптасып келе жатыр, оған деген қажеттілік үнемі артып отыр деген қорытынды шығара аламыз.

Осы қарастырылып отырған кезеңдегі депозиттік нарықтың даму үрдісін бағамдау мынадай қорытынды  жасауға алып келді: инфляция қарқыны  бәсеңдеді, бұл банктердің салымдары  және депозиттері бойынша табыстылығына  қолайлы болды, жеке және заңды тұлғалардың  ақшалай қаражаттарының ағынын ұлғайтты, ал бұл өз тарапынан инвестициялық  ахуалдың оң қалыптасуына жағдай туғызатын  болады.

 


9-?ДЕБИЕТТЕР.docx

— 19.57 Кб (Просмотреть файл, Скачать файл)

Информация о работе Коммерциялық банктердің депозиттік саясаты: құрылу негіздері мен дамуы («Цеснабанк» АҚ мысалында)