Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2014 в 00:20, курсовая работа
Курстық жұмыс жалпы үш тараудан тұрады. Бірінші тарауда мемлекеттік бюджеттің экономикада алатын орны, мемлекеттік бюджет ұғымы және маңызы, мемлекеттік бюджет құрамы мен құрылымы, яғни республикалық және жергілікті бюджеттердің маңызы, мемлекеттік бюджеттің материалдық өндіріс саласындағы рөлі және т.б. қарастырылған. Екінші тарау бойынша бюджеттің қаржы жүйесінде алатын орны, мемлекеттік бюджеттердің кірістері мен шығыстары, мемлекеттік бюджет тапшылығы және оны жою жолдары, мемлекеттік қарыз, мемлекеттік борыш және де бюджеттен тыс қорлар туралы қарастырылған. Үшінші тарауда мемлекеттік бюджеттік қаржыландыру қорлары, нысандары қарастырылған.
Кіріспе...................................................................................................................3
1тарау Мемлекеттік бюджеттің экономикада алатын орны ...........................5
1.1 Мемлекеттік бюджет ұғымы және маңызы................................................5
1.2 Мемлекеттік бюджеттің құрамы мен құрылымы.......................................8
2тарау Мемлекеттік бюджеттің қаржы жүйесінде алатын орны..................17
2.1Мемлекеттік бюджеттің кірістері және шығыстары.................................17
2.2Мемлекеттік бюджет тапшылығы және оны жою жолдары....................26
3тарау Мемлекттік бюжеттің қаржы базасын жетілдіру...............................29
3.1 Мемлекеттік бюджеттік жоспарлауды жетілдіру.....................................29
3.2Мемлекеттік бюджеттің қаржы базасын жетілдіру..................................33
Қорытынды........................................................................................................37
Қолданылған әдебиеттер тізімі........................................................................39
Реттеуші салықтардан тұрақты нормативтерді бекіту аймақтар бюджеттерін негізді жоспарлаудың мәселелерін шешпеді. Осыған орай, 2001 жылдың аяғында «Бюджет жүйесі туралы» Заңға өзгерістер енгізіле бастады. Заң жобасы орталық және аймақтар арасындағы бюджеттік қатынастардың салықтық кірістерді қайта тарату арқылы, бюджеттік алып қоюлар және субвенциялар көлемін қайта қарастыру жолымен түзетулер жасауға негізделді. Саяси тұрғыдан өзгеріс кірістерді дұрыс дифференциалдап, жергілікті бюджет тұрақтылығына әкелетін, биліктерді орталықтандырмау мәселесін шешуге міндетті. Сонымен, 2002 жылы бюджет жобасына сәйкес үкімет бюджет жүйесіне өзгерістер енгізген: корпоративтік табыс салығы толығымен республикалық бюджетке беріліп, ішкі акциздер және қоршаған ортаны қорғаудан түскен табыстар толығымен жергілікті бюджет көзі болды. Өзгеріс енгізудің негізгі себебі, әртүрлі өзгерістерге ұшырауға икемді корпоративті табыс салығы облыстық деңгейдегі салықтық түсімдерге кедергі жасайтындықтан, салықты толығымен республикалық деңгейге беру жолымен салықтық түсімдердің тұрақтылығын қамтамасыз етуге болатындығы. Ал акциз сияқты проблемалы салықты әкімшіліктендіру жергілікті деңгейде жүргізу тиімділігінен акциздерді толығымен жергілікті бюджетке қалдыру қажеттілігі туады7[7].
Енгізілген өзгерістердің себептерін, олардың негізділігін тұжырымдайтын көзқарастарды қарастыра келе, келесідей орынды қайшылықтар туады:
1) өзгеріс орталықтандырмауды жүзеге асыру мақсатын көздеген. Бірақ мемлекеттік басқару деңгейлері арасында функцияларды нақты шектеу, жергілікті бюджеттің тұрақты кірістерін қамтамасыз ету, бюджеттің қаржылық дербестігі сияқты проблемалар шешілмейінше орталықтандырмау проблемасы шешілмейді;
2) корпоративтік табыс
салығынан бөлулерден
3) толық дербестікке реттеуші
салықтардан неғұрлым көп
4) жергілікті бюджеттерге
толығымен түсетін акциздер жергілікті
бюджеттердің кіріс базасын нығайта алмайды,
өйткені бұл түсімдер корпоративті табыс
салығы мен акциздер арасындағы айырмашылықтың
орнын толтыра алмайды.
2009 жылдан бастап ортақ қазына бюджетке салықтық түсімдер маңызды қарқынмен ұлғаюда. Осы жылы жалпы салықтық түсімдер 1,8 есе өсті. Корпоративтік табыс салығынан түскен табыс 5,2 есе және қосымша құн салығы бойынша 2,2 есеге ұлғайған. Бұл еліміздің экономикалық жағдайымен және салықтық базаның жақсаруымен, салық салудын заңды - құқықтық базасының дамуымен, сонымен қатар аталған салықтар бойынша жеңілдіктер енгізуімен байланысты болды. Оны 2009-2012 жылдардағы түрлі бюджетке негізгі салық түрлері бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетіне түскен түсімдерден көруге болады(кесте1).
ҚР 2009-2012 жж. мемлекеттік бюджетке түскен салықтық түсімдерінің құрылымы
№ |
Көрсеткіштер |
2009ж. |
2010ж. |
2011ж. |
2012 ж. |
1 |
Табыстар - барлығы |
100 |
100 |
100 |
100 |
2 |
Салықтық түсімдер |
86.9 |
88,2 |
91,1 |
93,3 |
3 |
Корпоративтік табыс салығы: |
31,2 |
32,8 |
33,1 |
34,4 |
4 |
Қосымша құн салығы |
21.5 |
20,8 |
21,78 |
21,13 |
5 |
Әлеуметтік салық |
18,9 |
19,3 |
19,8 |
20,1 |
6 |
Жеке табыс салығы |
9,7 |
10,1 |
10,8 |
11,9 |
7 |
Акциздер |
3,7 |
3,8 |
4,0 |
4,0 |
8 |
Мүлікке салық |
1,3 |
0,24 |
0,3 |
0,3 |
9 |
Жер салығы |
0,3 |
0,3 |
0,4 |
0,4 |
10 |
Көлік құралдарына салық |
0,65 |
0,70 |
0,74 |
0,82 |
11 |
Жер қойнауын пайдаланғаны үшін салық |
0,25 |
0,16 |
0,18 |
0,23 |
12 |
Басқа да табыстар |
12,5 |
11,8 |
8,9 |
6,72 |
ҚР Статистика Агенттігінің 2009-2012жж. мәліметтері бойынша құрастырлған.
Берілген мәліметтерден бюджетке салықтық төлемдер 4,6 ұлғайды, яғни 87,5 %- дан 92,1 %- ға көтерілді. Мұнда корпоративтік табыс салығының түсімдері орташа алғанда 6-7 %-ға, қосымша құн салығына түсімдер орташа 8-9 %-ға өсті. Корпоративтік табыс салығы мен қосымша құн салығы түсімдері мемлекеттік бюджетке түсетін барлық салықтың 80 % - ын құрады. Осыдан 2009-2012 жылдардағы ҚР мемлекеттік бюджет түсімдерінің құрылымында салықтың негізгі жоғары үлесін корпоративтік табыс салығы, қосымша құн салығы, әлеуметтік салық, жеке табыс салығы құрады.
Республикалық бюджеттің атқарылуын Қазақстан Республикасының Үкіметі ұйымдастырады.
Ұйымдар Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жанындағы қазынашылық беретін рұқсаттар негізінде бюджеттік мақсаттарға сәйкес шығыстар жұмсайды. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің тиісті қаржы жылына арналған шығыстар сметасын тапсырмаған және бөлінген қаржыларды мақсатқа сай емес немесе тиімсіз пайдаланған жағдайда бюджет қаржыларын бөлмеуге, қайтарып алуға және оларды жұмсауға тыйым салуға құқылы.
Барлық мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп әзірлеуге қажетті ақпаратты оларға белгіленген мерзімде табыс етуге міндетті.
Бюджеттің атқарылуы барысында бюджеттік ұйымдардың құрылымы мен қызметтерін жетілдіру жөніндегі шараларды жүзеге асыруға байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің бөлінген қаржыға мекемелер бойынша (бюджеттік жіктеуге сәйкес) өзгерістер енгізуге құқығы бар.
Республикалық бюджет есебінен ұсталатын ұйымдар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің келісімімен бір бағдарламадан, кіші бағдарламадан, айрықша саладан екіншілеріне қаржы аударуы мүмкін.
Жергілікті бюджеттердің және бюджеттен тыс мақсатты қорлардың есебінен ұсталатын ұйымдарға, қоғамдық және шығармашылық бірлестіктер мен ұйымдарға, сондай-ақ мемлекеттік қатысу үлесінсіз шаруашылық жүргізуші субъектілерге республикалық бюджеттен қаржы бөлуге жол берілмеуі керек.
Егер бюджеттің атқарылуы барысында Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарының нормативтік актілер қабылдаса, яғни құқықтық актілер, соларға сәйкес облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар бюджеттерінің шығыстары ұлғайса немесе кірістері азайса, олардың шығындары республикалық бюджет қаражаты есебінен өтеледі және керісінше, олардың шығыстары азайған немесе кірістері ұлғайған жағдайда субвенциялар азайтылады, ал субвенциялық емес салалар бойынша олар өзара есеп айырысуға жатқызылады.
Өткен жылғы кірістерді артығымен орындау нәтижесінде қаржы жылының басында алынған бюджет қаржыларының бос қалдықтарын, сондай-ақ ағымдағы жылдың бюджетін атқару барысында өткен кезең ішіндегі кірістерді артығымен орындау сомаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бюджетті атқару үстінде пайда болатын қосымша шығындарды қаржыландыруға жұмсауы мүмкін.
Республикалық бюджетте алдағы қаржы жылының басындағы республикалық бюджет бойынша қаражат қалдығының есебінен қолма – қол ақшаның айналым резерві құрылады, оны Қазақстан Республикасының Үкіметі қаржы жылы ішінде өтімділікті басқару үшін пайдаланады.
Жергілікті атқарушы органдар тиісті әкімшілік – аймақтық бөліністер бюджеттерінің атқарылуын, бюджет қаржыларының тиімді әрі мақсатты жұмсалуын ұйымдастырады. Жергілікті бюджеттерді атқару бекітілген бюджеттердің сомалары шегінде құралатын облыстық бюджеттердің, республикалық және облыстық маңызы бар қалалардың бюджеттерінің, аудан бюджеттерінің тоқсанға бөлінген кірістері мен шығыстарының жазбасы бойынша жүзеге асырылады. Жергілікті қаржы органдарының бөлінген бюджеттік қаржылар мақсатқа сай емес немесе тиімсіз пайдаланылған жағдайда қаржыландыруды тоқтата тұруға немесе қайтарып алуға құқығы бар.
Жергілікті бюджеттің есебінен ұсталатын ұйымдар жергілікті қаржы органдарының келісімімен қаржыларды, бекітілген бюджетте арнайы бөлінгендерінен басқа, бір бағдарламадан, кіші бағдарламадан және айрықша саладан екіншісіне аударуы мүмкін.
Республиканың әлемдік экономикалық қауымдастығына тез арада кіру мақсатында, халықаралық қаржы институттарының белгіленген ережелерін қабылдау үшін бұл бағытта алғашқы қадамдар атқарылды, соның ішінде нақтырақ айтқанда 2002 жылғы 19 қаңтарда «Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын бақылау туралы» ҚР заңы қабылданды.
2. Мемлекеттік бюджеттің қаржы жүйесінде алатын орны
2.1 Мемлекеттік бюджеттің кірістері және шығыстары
Мемлекеттің ақшалай
қаражаттарының
Кірістер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы мемлекеттің нақты әлеуметтік-экономикалық, тарихи жағдайда жүзеге асыратын бюджет және салық саясатын іске асыру бағыттарына байланысты. Соның өзінде мемлекет кірістерді қалыптастырып, шығындарды жұмсаудың нақты жағдайға сәйкес формалары мен әдістерін пайдаланады.
Мемлекеттік бюджет кірістері біріншіден орталық және жергілікті органдар жинайтын салықтардан, мемлекеттік қарыздардан, бюджеттен тыс немесе мақсатты қорлардың төлемдерінен құралады. Мұндай қорлардың құрылуы ірі қаржы ресурстарын нақты мақсаттарға, ең алдымен әлеуметтік-экономикалық сипаттағы мақсаттарға шоғырландыру қызметінен туады. Бұдардың қатарына әлеуметтік қамсыздандыру, жол құрылысы, қоршаған ортаны қорғау, жұмыс күшін даярлау, қайта даярлау және т.б. жатады. Мемлекеттік табыстың жалпы материалдық негізін ұлттық табыс құрайды, мұны бөлу және қайта бөлу негізінде бірқатар шаралар жүзеге асырылады.
Мемлекеттік бюджет түсімдерінің ең басты көзі – салықтар болып табылады. Өнеркәсібі дамыған елдердің бюджетіндегі салықтардың үлесі 90 процент9[11]. Қандай да болмасын мемлекетке салықтық қатынастарды реттеу өзекті де маңызды саяси және әлеуметтік-экономикалық ахуалдарға қатысты мәселелердің бірі болып табылады. Бұл қатынастар мемлекеттің салық салу аясында туындайды және олардың басты объектісі тиісті бюджеттерге түсетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдер болып есептелінеді. Осы салықтар мемлекеттің атрибуттары қатарынан көрініс табады және жалпы мемлекеттік мұқтаждықтарды қанағаттандыру, қамтамасыз ету мақсатында заңды негізде, заңда белгіленген мөлшерде және уақытта салық төлеушілерден мәжбүрлі түрде, қайтарымсыз, сондай-ақ жекелей ақысыз негізде тиісті бюджетке алынатын міндетті ақшалай төлемдер. Салықтардың экономикалық табиғатын ашып көрсететін мына келесідей белгілері болады: салық тек мемлекеттің тарапынан, біржақты өктем түрде белгіленетін төлем заңымен міндеттелген төлем, мәжбүрлі төлем, құқыққа сай төлем, тұрақты төлем, қайтарымсыз төлем, баламасыз төлем, ақшалай насындағы төлем, мөлшері анықталған төлем, субъектісі, объектісі айқындалған төлем10[12].
Қазақстан Республикасында салықтардан басқа міндетті төлемдер баждар, төлемдер және алымдар алынады. Салықтар мен өзге де міндетті төлемдердің арасындағы ерекшелік салықтар баламасыз болса, алымдар мен баждар және төлемдер біршама-баламалы (қызмет көрсетілгені немесе құқық берілгені үшін) болып табылады.
Мемлекеттің салық қызметінің басты мақсаты – салықтың көмегімен мемлекеттік бюджетке ақша қаражаттарын тарту арқылы әлеуметтік, экономикалық және саяси құрылыстың мемлекеттік бағдарламаларын ақшалай қамтамасыз ету.
Салықтың көмегімен мемлекет өзінің функцияларын жүзеге асыруға және халықтың мүдделері мен мұқтаждығын қамтамасыз етуге қажетті мемлекеттік қаржылардың ең мол базасын – бюджеттерді қалыптастырады.
Диаграмма 1.
2012 жылға мемлекеттік
бюджеттің табыс бөлігін
Информация о работе Мемлекттік бюжеттің қаржы базасын жетілдіру