Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2014 в 00:20, курсовая работа
Курстық жұмыс жалпы үш тараудан тұрады. Бірінші тарауда мемлекеттік бюджеттің экономикада алатын орны, мемлекеттік бюджет ұғымы және маңызы, мемлекеттік бюджет құрамы мен құрылымы, яғни республикалық және жергілікті бюджеттердің маңызы, мемлекеттік бюджеттің материалдық өндіріс саласындағы рөлі және т.б. қарастырылған. Екінші тарау бойынша бюджеттің қаржы жүйесінде алатын орны, мемлекеттік бюджеттердің кірістері мен шығыстары, мемлекеттік бюджет тапшылығы және оны жою жолдары, мемлекеттік қарыз, мемлекеттік борыш және де бюджеттен тыс қорлар туралы қарастырылған. Үшінші тарауда мемлекеттік бюджеттік қаржыландыру қорлары, нысандары қарастырылған.
Кіріспе...................................................................................................................3
1тарау Мемлекеттік бюджеттің экономикада алатын орны ...........................5
1.1 Мемлекеттік бюджет ұғымы және маңызы................................................5
1.2 Мемлекеттік бюджеттің құрамы мен құрылымы.......................................8
2тарау Мемлекеттік бюджеттің қаржы жүйесінде алатын орны..................17
2.1Мемлекеттік бюджеттің кірістері және шығыстары.................................17
2.2Мемлекеттік бюджет тапшылығы және оны жою жолдары....................26
3тарау Мемлекттік бюжеттің қаржы базасын жетілдіру...............................29
3.1 Мемлекеттік бюджеттік жоспарлауды жетілдіру.....................................29
3.2Мемлекеттік бюджеттің қаржы базасын жетілдіру..................................33
Қорытынды........................................................................................................37
Қолданылған әдебиеттер тізімі........................................................................39
Осы мәселе бойынша қаулы қабылданып, соған сәйкес Есеп комитетi көлiк және коммуникациялар министiрлiгiн, азаматтық авиация комитетiн және " Астана халықаралық әуежай " ЖАҚ - ды бюджеттiк заңнаманы және Қазақстан Республикасының "Мемлекеттiк сатып алулар туралы", "Лицензиялау туралы", "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы " заңдарын сақтау сыртқы қарыздар мен республикалық бюджет қаржысының мақсатты әрi тиiмдi пайдалануын қамтамасыз ету, анықталған кемшiлiктердi жою және оларға жол бермеу жөнiнде пәрмендi шаралар кешенiн әзiрлеуге мiндеттедi.
Мемлекеттік бюджеттің шығындарының құрылымы сұранысқа және капиталдар салымының көлеміне реттеушілік сипатта әсер етеді. Осындай ықпал экономиканың салалық және аймақтық құрамына, әлем нарықтарында ұлттық бәсекелестік қабілетіне жасалады.
Экспортты несиелендіру, бюджеттен қаржыландыратын экспорттық несиелер мен сыртқа шығарылатын капиталды сақтандыру экспортты ынталандырады және ұзақ мерзімді аспектіде төлем балансын жақсартады, ел экономикасы үшін жаңа шетел нарықтарын ашады, ұлттық валютаның нығаюын, шетелден ішкі нарыққа қажет тауарлардың келуін қамтамасыз етеді. Бұлар бюджеттік шығындар саясатының сыртқы экономикалық аспектілері болып табылады.
Бюджеттік шығындар арқылы жүргізілетін мемлекеттік реттеудің әсерлілігі мынадай жағдайларға тәуелді болады: біріншіден, жұмсалатын соманың салыстырмалы көлеміне (ЖІӨ-дегі олардың үлес салмағы); екіншіден, осы шығындардың құрылымына; үшіншіден, қаражаттардың әр бірлігінің пайдалануының тиімділігіне. Экономиканы мемлекеттік реттеу дәрежесінің, оның нақты мақсаттарының әр елдерде бірдей болмағандығынан, мемлекеттік меншіктің үлесін бағдарлаудың ұлттық тәжірибесі бірдей болмағандықтан, халық шаруашылығындағы бюджеттік шығындардың рөлі де бірдей болмайды.
Мемлекеттік бюджеттің толық орындалуы – табыстардың шығындардан артылуы, немесе, шығындардың табыстармен толық өтелуі және қаржылардың қалдығының болуы. Қалған қаражаттарды мемлекет болжамсыз жағдайлар туғанда, ұзақ мерзімді төлемдер жасауға немесе келесі жылдың бюджеттік табыстарына айналдыру үшін қолдана алады.
Мемлекет шығындарының басты тармағына экономиканың өндірістік секторының қызмет етуін қамтамасыз етуге байланысты шығындар жатады. Әлеуметтік инфрақұрылымдарға білім беру мен денсаулық сақтауға бөлінетін шығындардың да үлесі айтарлықтай.
Әскери шығындардың да үлесі қомақты. Әскери шығындарды айтқанда тек тікелей шығындарды ғана көрсетіп қоймай, жанама шығындарды да ескеру керек. Оларға әскери қарыздар бойынша проценттік төлемдер, зейнетақы, соғыс мүгедектеріне, ардагерлерге және т.б, көмек түрлері жатады14[16].
2.2 Мемлекеттік бюджет тапшылығы және оны жою жолдары
Шығындардың табыстардан артып кетуі, ішкі және сыртқы мемлекеттік заемдармен өтелетін бюджеттік тапшылықты тудырады. Мемлекеттік заемдар мемлекеттік құнды қағаздарды сату, бюджеттен тыс қорлардан заем алу (мысалы, жұмыссыздықтан сақтандыру қорынан немесе зейнетақы қорынан) және банктерден несие алу (бюджеттік тапшылықты қаржыландырудың осы нысанасын көбінесе жергілікті үкіметтер жиі қолданады) арқылы қамтамасыз етіледі15[18].
Мемлекеттік заемдар бюджет тапшылығын өтеудің жалғыз ғана жолы емес.
Нарық экономикасы дамыған елдерде бюджет тапшылығын өтеу үшін ақшаның қосымша эмиссиясы қолданылады.
Мемлекеттің жаңа заемдарының арқасында қарыз капиталдары нарығында несиеге сұраныстың өсуі, несиелік қымбаттауға, есепке алу ставкасының өсуіне әкеліп соғады.
Бюджет тапшылығы ұдайы өндіріс процесіндегі белгілі өзгерістерді көрсетеді, олардың нәтижесін белгілейді. Бюджет тапшылығының себептері аз болмайды: қоғамдық өндірістің құлдырауы, қоғамдық өндірістің шекті шығындарының өсуі, «бағасыз» ақшаны жаппай үдете шығару, жөнге келмейтін әлеуметтік бағдарламаларды қабылдау, әскери-өнеркәсіп кешенін қаржыландырудың өсуі, «көлеңкеленген» капитал айналымының өте үлкен масштабы, тиімсіз шығындар, артық қосып жазу, ұрлық-қымқыру, өндірілген өнім шығындары және т.б.
Бюджеттік процесс мемлекеттің кірістері мен шығыстарын теңестіреді, баланстайды. Бірақ қазіргі кезде барлық елдерде дерлік мемлекеттің шығындары оның кірістері мен табыстарына қарағанда тез өсуде. Бюджеттік шығындардың көбеюі салық түсімдері мен сәйкес келмейді, сондықтан бюджеттің тапшылығы үздіксіз өсіп, оның көлемі ұлғаяды. Бюджеттің тапшылығы барлық мемлекеттерде оның абсолютті мөлшері бойынша да және ЖҰӨ-ге қатынасынан да көрінеді.
Мемлекеттік бюджеттің тұрақты тапшылығының негізінде көптеген себептер жатыр. Оның қатарына жоғарыда көрсетілген құрылымдық факторларды да жатқызуға болады. Ол мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік қызметінің ұлғаюы және осы мақсатқа шығынның көбеюіне байланысты. Артық өндірудің циклдық дағдарыстары кезінде бюджетке түсетін салықтар азаяды. Ал, мемлекет болса әлеуметтік мұқтаждықтарға шығындарды көбейтуге тиіс (жұмыссыздарға көмек және т.б.), сонымен қатар экономиканың белгілі секторларын қолдауға, жалпы мемлекеттік маңызы бар салаларға инвестиция көлемін сақтауға да қаражат керек. Бюджеттік тапшылық мемлекеттік қаржылардың терең сәйкессіздігінің салдары. Сонымен қатар олар ақша айналысының айтарлықтай берекетсіздігімен де байланысты. Бюджеттік тапшылықтарды реттеу қазіргі мемлекеттің экономика саласындағы ең күрделі мәселесіне айналды16[20].
Бюджеттік тапшылықтарды қаржыландырудың басты жолы мемлекеттік несие. Мемлекеттік несие қаржы – экономикалық қатынастардың жиынтығы, мұнда мемлекет заем немесе кредитор – несие беруші рөлін атқарады. Егер әңгіме бюджеттік тапшылықты толықтыру жайында болса, онда мемлекеттің қызметі бізді заем беруші ретінде қызықтырады17[21].
Мемлекеттік қарыз (кредит) жеке адамның несие беруінен айтарлықтай ерекше. Соңғы жағдайда ол өндірістік мақсаттарға бағытталады. Бұл кредит бойынша процесс өндіріс процесіндегі құнның өсуімен байланысты төленеді. Бюджеттік дефицитті жоюға бағытталған мемлекеттік несие көп жағдайда өндірістік қызметпен байланысты емес. Сондықтан мемлекет өзінің борышын негізінен бюджетке келіп түскен төлемдердің есебінен төлейді. Мемлекеттік қаржы ресурстары негізінен түрлі мемлекеттік заемдарды шығару есебінен жиналады. Олар банктің сақтандыру және өнеркәсіп компанияларының уақытша бос ақшаларын пайдаланады. Ақша айналымы мен жалпы экономикалық қызмет істеу үшін оған қажетті ресурстарды мемлекет қандай көздерден алады? Егер қазынашылық міндеттемелері жеке секторларға орналасса, онда ақша ресурстары уақытша жеке адам иелігінен мемлекетке қайта бөлінеді. Ол үшін үкімет өзінің қағаздарын жоғарғы процентпен, капитал иелерін қызықтыратындай етіп шығаруға тиіс. Мемлекеттік борышты процентпен төлеу бюджет шығыстарының басты бөлігін алады. Мемлекеттік қарыздарды жеке секторды орналастыру өз кезегінде бюджеттік шығындардың одан әрі ұлғаюына жол береді. Бірақ үкімет өзінің қазынашылық міндеттемелерін тек жеке секторда ғана орналастырып қоймай, орталық банктердің (ақша шығаратын) есебінде де ұстайды. Үкіметтің қазынашылық міндеттемелерін есептей отырып, банк айналысқа көптеген қосымша төлем қаржыларын шығарады, бірақ олардың нақты тауар көлемдерімен еш байланысы жоқ. Мұндай жағдайда мемлекеттік бюджет ақша айналысына тікелей инфляциялық ықпал жасайды. Ақша көлемінің өсуі қоғам байлығын шын мәнінде ұлғайта алмайды. Мұндағы “мемлекеттік борыштың монеттенуі” көптеген елдерге тән жағдайда білдіреді, шексіз мемлекеттік шығындарды қаржыландыру ақша айналысын тұрақсыздандырудың тікелей себебі болады18[22].
Мемлекеттік несиенің дамуы мемлекеттің қарызын басқарудың құрлымын жасауды қажет етеді. Мұнда шаралардың негізгілеріне жаңа заемдардың көлемін шығарудың уақытын, қазынашылық міндеттеме бойынша проценттің мөлшерін, оларды орналастыруды анықтау жатады. Мемлекеттік заемдар әр түрлі мерзімге шығарылады, осы белгісіне қарай қысқа, орта және ұзақ мерзімді деп бөлінеді. Олардың айырмашылықтары шартты. Қысқа мерзімді заем, әдетте 1 жылдан 5 жылға, орта мерзімді 3-тен 5, ұзақ мерзімді 5 жылдан ұзақ уақытқа шығарылады.
Сонымен мемлекетік қарыз проблемасы ақша айналысының күрделі кешенімен, бюджет саясатымен, мемлекеттің экономикалық белсенділік ықпалымен және әлеуметтік процестермен тікелей байланысты. Сыртқы қарыз. Шаруашылық өмірді жаппай интернационалдандыру процесі халығаралық несиенің жедел дамуымен жүреді. Қажетті қаржыларды шоғырландыру үшін мемлекет ұлттық шекарадан тыс жерлердегі ақша көздерін де кеңінен пайдаланады. Мұның нәтижесінде сыртқы борыш пайда болады. Халықаралық несие қызметінің басты қатысушылары жеке компаниялар мен банктер, әр түрлі қорлар және т.б. Халықаралық несиенің тез өсуі, шаруашылық өмірдің интернационалдануы елдер арасындакапитал миграциясының аймақтар мен елдердің экономикалық өзара тәуелдігінің тереңдеуінің нәтижесі. Халықаралық несие қаржы ресурстары жеке сектордың қажетін өтеуге де, мемлекеттік бюджеттің дефицитін жоюға да мүмкіндік береді. Сонымен қатар сыртқы борыштың өсуі айтарлықтай проблема туғызады. Оның ең бастысы несие беруші елдер мен дебитор елдердің экономикасының сыртқы факторларға тәуелділігі.
Мемлекеттік бюджеттен тыс ақша қорлары еліміздің нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты мемлекеттік қаржылардың маңызды құрамдас элементі ретінде көрініс тауып отырғаны белгілі. Осы қорлардың құрылуы еліміздегі әлеуметтік-экономикалық даму процестерінің талаптарына сәйкес келеді.
Бюджеттік тапшылықтардың орын алуына байланысты мемлекет қарамағындағы қаржылық ресурстардың бір бөлігін бюджеттен тыс қорлар ретінде қалыптастыру бір жағынан бюджеттен жұмсалатын шығыстарды азайтса, екінші жағынан айтарлықтай мөлшерде бюджет тапшылығын жоюға ат салысады. Бюджеттен тыс мақсатты қорлардың басты сипаттамасы өтпелі кезеңде мемлекеттің қаржыларын тиімді және мақсатқа сай пайдалану болып табылады. Бюджеттен тыс қорлар тікелей пайдалануға қолайлы қаржылар болғандықтан, мемлекеттегі әлеуметтік – экономикалық инфрақұрылымға тигізер ықпалына қарай бірінші кезекте қоғам мүддесін қамтамасыз етуге бағытталған.
3. Мемлекеттік бюджеттің қаржы базасын жетілдіру
3. Мемлекеттік бюджеттік жоспарлауды жетілдіру
Бюджеттік жоспарлау – қаржылық жоспарлаудың құрамдас бөлігі. Бюджеттік жоспарлаудың негізі –республиканың әлеуметтік – экономикалық даму жоспарлары мен болжамдары және оның мақсатты бағдарламаларының көрсеткіштері мен болжамдары.
Бюджеттік жоспарлауға тегінде оның кең мағынасында тек бюджетті жоспарлау ғана емес, сонымен қатар оның атқарылуы да жатады. Өйткені бюджеттің құрылуы мен орындалуы бір принципке негізделгендіктен, бірін – бірі толықтырады, белгілі бір процестің өзара байланысты екі бұтағы. Алдағы жылға тікелей бюджет құрау ағымдағы жылдағы орындалу барысына қарай және шаруашылық органдарға жіберілген қаржы нормалары мен нормативтері негізінде жүргізіледі.
Бюджеттік жоспарлауды бюджет процесінен айыра білген жөн. Бюджет процесі – бюджеттің сан алуан жұмыстары кезеңінде құрылып, орындалу тәртібі, бұл жұмыстың орталық пен жергілікті жерлерде ұйымдастырылуының нақты формалары хақында, республиканың бүкіл аумағындағы мемлекеттің шаруашылық, басқару органдары, жоспарлау – қаржы органдары, банкілері, бірлестіктер, кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер арасында бюджетті құрау мен барлық қаржы жоспарларының теориясы және әдістемелік мәселелері енеді. Мемлекеттік бюджетті құраудың екі кезеңі бар:
Бюджеттік жоспарлау мынадай принциптермен жүзеге асырылады:
- бюджеттік және халық
шаруашылықтық жоспарлаудың
- ресурстарды салалық, ведомстволық,
аумақтық жоспарлауды
- еңбек, материал және
қаржы ресурстары шаруашылық
– мәдени құрылысының барлық
учаскелерінде пайдалану
- халық шаруашылығы, әлеуметтік
– мәдени, қорғаныс, басқару шараларын
қаржыландыру тәртібімен
Бюджеттік жоспарлауда оның кіріс және шығыс бөліктерінің нақтылық, біртұтастық, ауқымдылық негізінде баланс әдісі кең қолданылады.
Бюджеттік жоспарлаудың міндеттері;
- жалпы мемлекеттік мүдделерге сәйкес үнем тәртібін сақтап салалар, ведомстволар, шығындар түрлері бойынша бюджет шығындары көлемін айқындау;
- қарастырылған шараларды
уақтылы қаржыландыру
Информация о работе Мемлекттік бюжеттің қаржы базасын жетілдіру