Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2014 в 00:20, курсовая работа
Курстық жұмыс жалпы үш тараудан тұрады. Бірінші тарауда мемлекеттік бюджеттің экономикада алатын орны, мемлекеттік бюджет ұғымы және маңызы, мемлекеттік бюджет құрамы мен құрылымы, яғни республикалық және жергілікті бюджеттердің маңызы, мемлекеттік бюджеттің материалдық өндіріс саласындағы рөлі және т.б. қарастырылған. Екінші тарау бойынша бюджеттің қаржы жүйесінде алатын орны, мемлекеттік бюджеттердің кірістері мен шығыстары, мемлекеттік бюджет тапшылығы және оны жою жолдары, мемлекеттік қарыз, мемлекеттік борыш және де бюджеттен тыс қорлар туралы қарастырылған. Үшінші тарауда мемлекеттік бюджеттік қаржыландыру қорлары, нысандары қарастырылған.
Кіріспе...................................................................................................................3
1тарау Мемлекеттік бюджеттің экономикада алатын орны ...........................5
1.1 Мемлекеттік бюджет ұғымы және маңызы................................................5
1.2 Мемлекеттік бюджеттің құрамы мен құрылымы.......................................8
2тарау Мемлекеттік бюджеттің қаржы жүйесінде алатын орны..................17
2.1Мемлекеттік бюджеттің кірістері және шығыстары.................................17
2.2Мемлекеттік бюджет тапшылығы және оны жою жолдары....................26
3тарау Мемлекттік бюжеттің қаржы базасын жетілдіру...............................29
3.1 Мемлекеттік бюджеттік жоспарлауды жетілдіру.....................................29
3.2Мемлекеттік бюджеттің қаржы базасын жетілдіру..................................33
Қорытынды........................................................................................................37
Қолданылған әдебиеттер тізімі........................................................................39
- мемлекеттік бюджет жиынтығын
құрау және оны әлеуметтік
– экономикалық дамудың
- материалдық және ақшалай – мемлекеттік резервтер құру;
- бюджет алдында міндеттемелер
орындау және қаржы
Жиынтық бюджеттік жоспарлау – бюджеттік жоспарлаудың құрамдас бөлігі, мемлекеттің экономиканы басқарудағы қызметінің айрықша түрі.
Жиынтық бюджеттік жоспарлау процесінде қаржы және бюджет ресурстарының жиынтығы анықталып, халық шаруашылығындағы бөлу және қайта бөлу процестерін реттеу, экономиканың теңдестіріле дамуын қамтамасыз ету мақсатымен оларды пайдалану бағыттары айқындалады.
Бұл ұғым бюджетті құрау және орындау процесін білдіреді. Ол жоспарлаудың екі кезеңінен тұрады: біріншісінде жиынтық қаржы балансы әзірленеді, екіншісінде бюджет құрылып, орындау белгіленеді. Мұнда жиынтық бюджеттік жоспарлау жиынтық қаржы балансынан тікелей бюджетке көшудің үздік процесі ретінде экономиканы басқарудың барлық деңгейіне тән.
Жиынтық қаржы балансы халық шаруашылығындағы тұтас және мемлекеттік сектордағы барлық қаржы ресурстарын ескеріп, әлеуметтік – экономикалық даму бағдарламасының ақшалай көрінісі.
Мемлекеттік бюджет бұл бағдарламаны нақтылайды. Бұл құжаттар өзара тығыз байланысты, бір – бірін толықтыратын бір процестің екі қыры.
Жиынтық қаржы балансында ақпарат мол. Өйткені республиканың барлық бюджеттерінің және оның аумағындағы кәсіпорындардың, ұйымдардың қаржы ресурстарын, сондай-ақ бюджетке түсетін халықтың қаражаттарын қамтиды.
Жиынтық қаржы баланстың сызбасы бүкіл республикада және төменгі әкімшілік-территориялдық бірлестерде кең таралып, дамуы тиіс. Мемлекеттік бюджет барлық дербес бюджеттердің сомасы ретінде соңғы кезеңде бюджеттік жоспарлау үшін экономикалық талдау мақсатымен жинақталады. Әрбір басқару деңгейіндегі бюджеттер шынайы дербес сипат алады.
Бюджеттік жоспарлаудың теориялық жағынан жеткіліксіз зерттелуі еліміздің келешек бюджеттік жоспарларын құруға кедергілер келтіруде. Оның негізгі әсерлерінің бірі – бюджеттік жоспарлауды жүргізудің тиімді әдістерінің ғылыми жобасының жоқтығы. Бюджеттік жоспарлауға арналған әдебиеттерде жоспарлаудың барлық тәсілдері ашылмай, тек онда баланстық әдіске көңіл аударылады.
Жоспарлаудың нақтылығы, ақиқаттығы арнайы әдістерді қолдануды талап етеді. Бюджеттік жоспарлаудағы қолданылатын әдістер құбылмалы болып келеді, өйткені ол нарықтық экономикада тауарлар мен қызметтерді өткізетін нарыққа, оның негізгі механизмдері: ақшаға, бағаға, құн заңына, сұраныс пен ұсыныс заңына тәуелді.
Нарықтық экономика заңдарына сәйкес бюджетті жоспарлауда мынадай әдістерді қолдаған жөн:
Бұл әдістер бір мезгілде
Экономикалық талдау әдісі бюджеттік жоспарлаудың барлық сатыларында қолданылады. Бұл әдісті есеп беру нәтижелері мен жоспардың арасындағы ауытқуларды салыстырамыз деп қарауға болмайды. Талдау нәтижесінде жоспарланған ақша қаражаттарының бюджетке шоғырланып, бөлінген бюджеттік қаржыландырулардың үнемді қолданудың шектері тағайындалады.
Экономикалық
әдебиеттерде экономикалық
Нормативтік әдіс арнайы нормалар мен нормативтерді қолдануға негізделген. Бюджеттік нормалар ұйымдар мен мекемелердің шығындарын жоспарлау кезінде қолданылады. Шығындарды ғылыми негізде дұрыс нормалау, бюджеттік қаржыландырудың көлемін анықтап қана қоймай, қаражаттарды үнемдеуге, мақсатты және тиімді қолдануға септігін тигізеді. Көбінесе, нормативтік әдіс бюджеттік кірістердің көздерін жоспарлауға қолданылады. Бұл кіріс көздеріне салықтың барлық түрлері мен алым – салымдар және т.б. жатады. Нормативтік әдістерді ғылыми жетілдіру бюджеттік жоспарлаудың деңгейін көтеріп, қаржы қызметкерлерінің жұмысына экономика – математикалық әдістер және автоматтандырылған басқару жүйесін қолдануға жағдай жасайды.
Бюджеттік жоспарлау процесіне баланстық әдіс кеңінен қолданылады. Кез келген әкімшілік – аймақ бюджетінің кірістері мен шығыстарын теңестіру оның негізгі мәні болып табылады. Баланастық әдіс арқылы республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттер арасындағы бюджет қаражаттарының дұрыс бөлінуі қамтамасыз етіледі. Бюджеттің кірістері мен шығыстарының теңдігі оның тұрақтылығын анықтап, Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің табысты орындалуына алғы шарт жасайды.
Сонымен, бюджеттік жоспарлауды жетілдіру үшін мына шараларды ескерген жөн:
- біріншіден, кәсіпкерлікпен
айналысуға тілек білдірген
- екіншіден, салық
Кодексіне түзетулер мен
- үшіншіден, бюджеттік
мекемелердің жұмыскерлеріне
- төртіншіден, шетелдік инвестицияларды ұтымды және тиімді пайдалану керек. «Алашақтың да берешегі бар» демекші, инвестицияны өз орнына жұмсамау мемлекеттік борыштың өсуіне әкеледі;
- бесіншіден, бюджеттік жоспарлауды әрі қарай жетілдіру баланстық әдістің дамуына, экономика – математикалық әдістерді қолдануға және автоматтандырылған басқару жүйесін құруға байланысты. Экономика – математикалық әдістерді жоспарлауда қолдану, бюджеттік көрсеткіштерге әсер ететін факторларға қарамастан ұтымды шешімдер қабылдауға жол ашады. Ал есептеуіш машиналарды қолдану қабылданған шешімдерді салыстыра отырып, жоспардың көптеген есептік жобаларын дайындауға мүмкіндік береді.
3.2 Мемлекеттік бюджеттің қаржы базасын жетілдіру
Экономикалық, әлеуметтік және де басқа мәселелерді шешу үшін қажетті қаржы көлемімен мемлекетті толық қамтамасыз ету барлық кезеңнің, бар халықтың басты мәселесі болып келді. Бүгін, өкінішке орай, Қазақстанның мемлекеттік бюджетіне түсіп жатқан түсімнің жеткіліксіз екенін айтуға мәжбүрміз.
Мемлекеттік қазынаны молайту мәселесін салықтар мен төлемдердің жаңа түрлерін енгізу немесе қазіргі барларының мөлшері мен тарифтерін көтеру арқылы шешуге болар еді. Алайда, бұл ретте бір сәттік қана табысқа жетуге болатындықтан фискальдық саясат мәселелерінде мұндай шешім қауыпті. Салықты ауырлата төлеушілерді “көлеңкелі” бизнеске кетуге мәжбүр етеді және халықтың да, турасын айтсақ, мемлекетке деген сенімі жоғалады.
Біздің ойымызша, салықтың түсімдерді көбейту мәселесін шешудің жолы басқада, атап айтқанда, салықтың әкімшілік жүргізу ісін жетілдіруде. Салықтар мен бюджетке түсетін төлемдерді жинау жұмысын ұтымды ұйымдастырмай, барлық фискальдық органдар бірлесіп қызмет етпей мемлекеттік қазынаны жүйелі түрде толтырып отыруға қол жеткізу қиын.
Нарықтық экономика жағдайында дамып келе жатқан Қазақстанның бүгінгі болмысы мемлекеттік кіріс жүйесін реформалау мен қайта құру процесін жеделдету мәселесін алға қойып отыр. Мемлекеттік кірісті молайту жұмысын жетілдіру үшін респулика бюджетіне қаржы жинақтауға қатысты барлық мәселелердің басын бір ведомствоға шоғырландыру қажетболды. Мемлекеттің даму стратегиясын дүзеге асырудың маңызды шарты реттінде бұл мәселелерге ерекше мән берілуі Қазақстан Респуликасының Мемлекеттік кіріс министрлігінің құрылуынан оң көрініс тапты.
Министрліктің міндеті – салықтардың, алымдардың, кедендік төлемдердің бюджетке толық және уақытында түсіп тұруын қамтамасыз ету, мемлекет алдындағы бақа дақаржылық міндеттерді орындау, сонымен бірге еліміздің эканомикалық қауіпсіздігін нығайту, эканомикалық, қылмыспен күресудің тиімділігін арттыру.
Жаңадан құрылған министірліктің құрамына Салық комитеті, Салық полициясы комитеті, Кеден комитеті, Алкогольдік өнімдердің шығарылуы мен айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитет және “Кәсіпорындарды қайта құру және тарату жөніндегі агенттік “акционерлік қоғамы енді.
Қазақстан Респуликасының Мемлекеттік Кіріс министірлігі мемлекеттік кіріс саласындағы мемлекеттік басқару мен сала аралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқару органы бола отырып, өз қызметіндегі басымдылық ретінде мемлекеттік қазынаға қаржы жинаудың тиімділігін салық төлеушілердің заңдылық нормаларын еркті түрде сақтауының негізінде арттыру деп белгіленеді. Бұл ретте салық комитеті екі мәселені шешугу тиіс. Бір жағынан біздің біліміміз бен күш – жігеріміз салық заңдылықтарын сақтау үшін қажетті мемлекет алдындағы қаржылық міндеттердің орындалуына өте аз уақыт пен күш жұмсауды талап ететін қолайлы жағдай туғызу мақсатында салықтық әкімшілік жүргізу ісін жетілдіруге бағытталуы тиіс. Екінші жағынан заңды бұзушыларға ең қатал шешімді шара қолдана отырып, салық заңдылықтарының сақталуын қатаң бақылайтын боламыз.
Сарапшылардың бағалауынша, бюджетке түсіп жатқан төлемдер мен салықтардың шын мәніндегі көлемі мен потенциалды мүмкіндігінің сәйкессіздігінен байқалатындай, бүгінгі Қазақстан салық заңдылықтарының сақталуы төмен деңгейде. Бұндай жағдайдың бір себебі ретінде салық төлеушілердің салықтық міндеттемелерін орындаудағы мемлекетпен қарым қатынасында жеткілікті салық мәдениетінің жоқтығын айтуға болады. Көптеген кәсіпкерлердің заңды төлемдер мен салықтарды төлеуден жалтарылып, түрлі қулықтарда баратыны құпия емес. Бір өкініштісі заңды құрметтейтін төлемшілердің де жүрегін мұндай жәйттер ауыртпайды. Мұнымен бұдан былай келісуге болмайды. Сондықтан да, салық заңдылықтарын бұзғаны үшін жауапкершілікті арттыру, төлеушілердің бойында мемлекеттік қазынаға қаржы жинауды реттейтін нормаларғақұрметпен қарау сезімін тәрбиелеу мәселелері біздің тарапымыздан ең маңызды мәнге ие.
Қазір салық заңдылықтарын
бұзушылар туралы жан–жақты
Сонымен бірге ең
маңызды мәселе, мониторингті сөз
жүзінде емес, іс жүзінде ұйымдастыру.
Салық комитеті
Мемлекеттік кірісті жинау ісінде мониторингтің жоқтығы кейбір әдепсіз салық төлеушілер мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға тиімді. Бүгінгі күні шетелдік инвестициялардың жұмсалуы мен кәсіпорындарды сыртқы басқаруға берудің тиімділігіне мониторинг әлсіз жүргізілуде.
Бюджетке қарыз жеке меншіктегі кәсіпорындардың акцияларын мемлекеттің кірісіне күштеп тартып алу механизмін оңайлатуды тездеті керек. Тез арада қарыздарды өткізу мәселесі өткір тұр, өйткені бюджетке қарыздарының көптігінен төлеушілер банктік есептермен жұмыс істемей қойды. Сондай-ақ шығындарды ауыстыру жөніндегі жеңілдіктерді де қайта қарау керек. Өйткені таңғаларлық жағдай ғой: кәсіпорын іс жүзінде, қызмет көрсетушілер мен бюджеттің алдындағы қарызын өтемей-ақ қуатты, жылуды, байланысты және басқа да қызмет түрлерін тегін пайдаланады. Бір сөзбен айтқанда, салықтар мен төлемдерді өндіруге байланысты барлық мәселелер жөніндегі құқықтық-нормативтік базаларды жетілдіру ісін жалғастыра беру керек.
Бүгінгі таңда мемлекеттік кіріс саласында қордаланып қалған мәселелерді шешу үшін құрылған министрлікке қарайтын барлық құрылымдық салалардың өкілеттіктерінің потенциялын бірінен кейін бірін жүйелі түрде жүзеге асыру негізінде нақты шаралар жасалып және атқарылып жатыр.
Нарықтық экономиканың пайда болуы Қазақстанда бюджеттiк қаржыландырудың маңызды рөл атқаруына әсер еттi. Бюджеттiк қаржыландыру бюджеттiк мекемелердiң жоғарғы деңгейге көтерiлуінде аса үлкен рөл атқарады. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бюджеттiң негiзгi бөлiгi бюджеттiк мекемелердi қаржыландыруға бағытталады. Қаржы органдарының тапсырысы болып, бюджетте көрсетiлiп бекiтiлген барлық шаралардың толық қаржыландырылуы және қазiрге сай камтамасыз етулуі болып табылады.
Информация о работе Мемлекттік бюжеттің қаржы базасын жетілдіру