Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2014 в 00:20, курсовая работа
Курстық жұмыс жалпы үш тараудан тұрады. Бірінші тарауда мемлекеттік бюджеттің экономикада алатын орны, мемлекеттік бюджет ұғымы және маңызы, мемлекеттік бюджет құрамы мен құрылымы, яғни республикалық және жергілікті бюджеттердің маңызы, мемлекеттік бюджеттің материалдық өндіріс саласындағы рөлі және т.б. қарастырылған. Екінші тарау бойынша бюджеттің қаржы жүйесінде алатын орны, мемлекеттік бюджеттердің кірістері мен шығыстары, мемлекеттік бюджет тапшылығы және оны жою жолдары, мемлекеттік қарыз, мемлекеттік борыш және де бюджеттен тыс қорлар туралы қарастырылған. Үшінші тарауда мемлекеттік бюджеттік қаржыландыру қорлары, нысандары қарастырылған.
Кіріспе...................................................................................................................3
1тарау Мемлекеттік бюджеттің экономикада алатын орны ...........................5
1.1 Мемлекеттік бюджет ұғымы және маңызы................................................5
1.2 Мемлекеттік бюджеттің құрамы мен құрылымы.......................................8
2тарау Мемлекеттік бюджеттің қаржы жүйесінде алатын орны..................17
2.1Мемлекеттік бюджеттің кірістері және шығыстары.................................17
2.2Мемлекеттік бюджет тапшылығы және оны жою жолдары....................26
3тарау Мемлекттік бюжеттің қаржы базасын жетілдіру...............................29
3.1 Мемлекеттік бюджеттік жоспарлауды жетілдіру.....................................29
3.2Мемлекеттік бюджеттің қаржы базасын жетілдіру..................................33
Қорытынды........................................................................................................37
Қолданылған әдебиеттер тізімі........................................................................39
Бюджеттiк мекемелерге бөлiнетiн қаражат тек қана бюджеттiң шығыстар сметасымен бекiтiлген шектi сома арқылы бекiтiледi. Бюджеттен бекiтiлген жекеленген шараларға бөлiнген шығын сомасы бюджеттiк шығын болып табылады. Бюджеттік қаржыландыру- дегеніміз бюджет бойынша бекiтiлген және таратушының шығындарына бюджеттен жұмсалған қаржыны айтамыз. Бюджет бойынша қарастырылған шараларды қарастыру, бекiтiлген және жеделдiк жоспарлар мен белгiлi бiр бюджеттiк мекеменiң орындау шараларының ұсыныстарын қатал сақталуына сай келуi керек.
Қаржылық жоспар бюджеттiк мекемелердiң төлем құжаттары бойынша қорлар көлемiн анықтап, мемлекеттiк мекемелердiң қаржы жұмсалуын сараптайды. Бюджетке түскен жалпылама жоспар және қаржыландыру төлем құжаттары бойынша бюджетке түсетін ақшаға, жыл бойы және әр ай бойы жыл басынан көтерiлетiн қорытындыға баланстырылған болуы керек. Қаржыландыруды құрастыру және жоспарларды бекiту процесінде бюджеттiк бағдарлама қаржыландыру жоспары мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттерi бойынша, мемлекеттiк мекемелердiң бюджет орындалу негiзiндегi негiзгi құжаттары болып табылады. Қаржыландыру жоспары бюджеттiк мекемелердiң мiндеттерi бойынша қорлардың көлемiн анықтайды.
Республикалық бюджеттегi жалпылама қаржылық жоспарды каржы министiрлiгiнiң бiрiншi жетекшiсi бекiтедi. Жетекшiмен тағайындалган жергiлiктi бюджет бойынша сәйкесiнше тағайындалган органның жетекшiсi, сол бөлiмнiң жетекшiсi өңделген жоспарға жауапты тұлға қол қойып, мөр басады. Тағайындалған жергiлiктi орган бiр данада бекiтiлген жалпылама қаржыландыру жоспарын жергiлiктi бюджет бойынша екi жұмыс күнінде қазынашылық банкiге беруi керек. Жалпылама қаржыландыру жоспары төлем бойынша мiндеттi бюджеттiк мекемелердiң бастығы және бас бухгалтер қол қойып, мөр басылып бюджет бағдарламасының әкiмшiлiгiне берiледi. Мемлекеттiк бюджет барлық дербес бюджеттердiң сомасы ретiнде сонғы кезеңде бюджеттiк жоспарлау үшiн экономикалық талдау мақсатымен жинақталады және әрбiр басқару деңгейіндегi бюджеттер шынайы дербес сипат алады.
Өзiн-өзi басқару және
өзiн-өзi қаржыландыру жағдайында
жиынтық бюджеттiк қағидалар
1) Бюджеттi құрау және орындау, қаржы ресурстарын пайдалану, ұйымдастыруға республикалық және жергілікті үкімет органдарының төмендегі бюджетті басқаруға араласпауы;
2) Бюджет жүйесі бiрлiгiнiң сақталуы бiрыңғай қаржы саясаты жүргізілуіненм жеке аймақтардың әлеуметтік – экономикалық дамуын теңдестіру үшін жоғары бюджеттен субвенсия бөлінуінен, барлық басқару деңгейлері ұшін артық бюджет жүйесі мен есеп схемасын құру принциптерін бірыңғай бюджет жіктемесі негізінде орындаудан көрінеді;
3) Нақты кіріс көздерінің әрбір деңгейінде ұзақ мерзімге заңды бекіті, бюджет шығындарын тиісінше басқару деңгейіндегі қызметін жіті ажырату;
4) Жергiлiктi әкiмшiлiктер мен мәслихаттардың жаңа кiрiс көздерiн ашу, бюджеттен тыс қорлар құру жолымен қаржы базасын нығайтуы үшiн құқықтарын кеңейту;
5) Қаржы ресурстарын аумақтық бөлiске салуға жаңа әдiстер енгiзу, төменгi бюджеттердiң дотацияларын алмастыру, жоғарғы бюджеттен нақты шараларды қаржыландырудың субвенция нысанына көшу. Мақсаттық қаржыландыру қоры мемлекеттiң қаржы жүйесiнiң маңызды буыны. Олар мемлекет белгiлi бiр мақсатқа пайдаланатын және заң жүзiнде бекiтілген қаржы ресурстарының жиынтығы. Экономикалық категория ретiнде мақсатты қаржыландыру қорлары мемлекеттiң нысаналы қажеттерiн қаржыландыруға жұмсалатын қаржы ресурстарын орталықтандырып, ұлттық табысты қайта бөлетiн қатынастар.
ҚОРЫТЫНДЫ
Осы курстық жұмысты қорытындылай келе мемлекеттік бюджет экономиканы реттеудің ең маңызды құралы десек, артық айтқандық емес. Оны тиімді де, икемді жұмсау білу көптеген қиын түйіндерді шешеді. Ол арқылы халық шаруашылығы, әлеуметтік сақтандыру, білім беру, ғылым, мәдениет, өнер, денсаулық сақтау, қорғаныс пен басқару шығындары қаржыландырылады.
Мемлекеттік бюджетте қаржы жоспарының барлық қажетті негіздері берілген. Ол кез келген қаржы жоспары сияқты кіріс және шығыс бөліктерінен тұрады. Ондағы кірістер (ақша қаражаттары қорларының құрылуы) нақты көздеріне, ал шығыстары (ақша қаражаттары қорларының) нақты бағыттары мен шараларына орай құрылған.
Бюджет кірістерінің щоғырланып, шығыстарының бағытталуы Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшіне енген «Салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы» жарлығына және Қазақстан Республикасының «Бюджет жүйесі туралы» Заңына сәйкес іске асады.
Үкіметтің жоспарланатын жыл ішінде қандай тауарлар мен қызметтер алатыны, қандай әлеуметтік жәрдемақылар төлейтіні, бұл шығындардың жиынтығын қандай салық түрлері мемлекеттік бюджет арқылы жабатыны анықталады. Бірақ, бүгінгі таңда салық түсімдері шығындарды толығымен жаппауда. Егер үкімет шығыстары кірістер деңгейінен асып кеткен болса, онда тапшылығына тап боламыз.
Мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабу үшін ақша қаражаттары қажет. Бұл ақша қаражаттарын мемлекеттік бағалы қағаздар шығару арқылы тартуға болады.
Егер де экономикада мемлекеттік бюджеттің тапшылығы немесе профициті (бюджетке келіп түсетін кірістер мен ресми трансферттер түсімдері жалпы соманың жалпы шығыстар көлемінен және қайтарымды негізде бөлінетін несиелерден асып түсуі) болғанда, жинақ ақшалар мен инвестициялар тең болмайды. Мысалы үшін, бюджет тапшылығы болғанда, үкімет нақты ақшаның бір бөлігін осы тапшылықты қаржыландыруға жұмсайды, яғни жинақ ақша сомасы инвестициялардан асып түседі.
Бюджеттік тапшылықтардың орын алуына байланысты мемлекет қарамағындағы қаржылық ресурстардың бір бөлігін бюджеттен тыс қорлар ретінде қалыптастыру бір жағынан бюджеттен жұмсалатын шығыстарды азайтса, екінші жағынан айтарлықтай мөлшерде бюджет тапшылығын жоюға ат салысады. Бюджеттен тыс мақсатты қорлардың басты сипаттамасы өтпелі кезеңде мемлекеттің қаржыларын тиімді және мақсатқа сай пайдалану болып табылады. Бюджеттен тыс қорлар тікелей пайдалануға қолайлы қаржылар болғандықтан, мемлекеттегі әлеуметтік – экономикалық инфрақұрылымға тигізер ықпалына қарай бірінші кезекте қоғам мүддесін қамтамасыз етуге бағытталған.
Жылдан жылға бюджет тапшылығы азайып отыруы тиіс. Тапшылық азаймаса, тынысымыз тарыла түспек. Ал мұның өзі бұрынғыдан да бетер қымбат несие алуға немесе стратегиялық маңызы бар мемлекеттік активтерімізді сатуға алып келеді. Мұның екеуі де біздің болашағымызға балта шабу екені айтпаса да түсінікті.
Республика екі қалаудың қасында тұр: қатаң бюджеттік шектеу саясатын жүргізіп, болашағымызды қорғап қалу керек немесе бүгін ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүріп өтіп, еліміздің ертеңін бұлыңғыр ету керек. Бұл міндетті шешу үшін бюджеттің шығыс бөлігін қысқартуға емес, кіріс бөлігін көбейтуге күш салу керек. Осыған орай, Мемлекеттік кіріс министрлігінің рөлі мен жауапкершілігі күшейіп отыр.
Экономикалық категория ретінде мемлекеттік бюджет қоғамдық өнім құнының мемлекеттің орталықтандырылған қаражат қорын құру жолымен жоспарлы түрде бөлу, қайта бөлу процесінде және оны ұдайы өндірісті ұлғайту, қоғамдық қажеттерді қанағаттандыруға пайдалану барысында мемлекет пен қоғамдық өндіріске басқа да қатысушылардың арасында қалыптасқан ақша қатынастарын бейнелейді.
Ал қаржы қатынастарының жиынтығы ретінде мемлекеттік бюджетте бюджет қатынастары бөлістік сипатта мақсатты ақша қорларын құрып, пайдалану арқылы жүреді.
Қоғамдық ұдайы өндірістегі мемлекеттік бюджеттің рөлі ең алдымен, өндірілген ұлттық табыстың, жалпы қоғамдық өнімнің бөлу және қайта бөлуінен көрінеді. Ол қаражатты елдің халық шаруашылығы салалары, қоғамдық қызмет саласы, өндіріс секторлары, экономикалық аудандары мен аумақтары арасында бөледі. Бүкіл халық шаруашылығының бюджеті болғандықтан, мемлекеттік бюджет экономикаға тұтас ықпал жасайды.
Бюджет байланыстарының мақсатты сипаты, мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қоры қозғалысының осыған ұқсас формасы бюджет байланыстарын тиісті қаржы құжаты - елдің негізгі қаржы жоспарында бейнеленетіндігіне жеткізеді. Онда бюджеттің экономикалық мазмұнын құрайтын бөліс процестері қарастырылады. Кірістер мен шығыстардың баптары мемлекеттің ақшалай қатынастарының орталықтандырылған қорын қалыптастыру көздері мен жұмсалу бағыттарын көрсетеді. Негізгі қаржы жоспары - мемлекеттің жоспарлы қызметінің нәтижесі; онда қоғамның барлық мүшелерінің мүдделерін бейнелейтін мемлекет еркі көрінеді.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. - Алматы: 1995ж.
2. Салық Кодексі. Алматы 2004ж.
3. «Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. – 2002ж 29 қаңтар.
4. Аубакиров Я. «Экономикалық теория негіздері» Алматы
5. Әкімбеков С. «Экономикалық теория» Астана 2002ж.
6. Әкішев К. «Қаржы ұқсатуға ұқыптылық керек». Орталық Қазақстан 25 желтоқсан 2003ж.
7. Баянов Е. «Мемлекет және құқық негіздері» Алматы 2002ж.
8. Белгібаева Қ.Қ. Мұханбетова Е.С. «Қаржы және банк системасы бойынша» Алматы 1999ж.
9. Дорнбуш Р. Фишер С. «Макроэкономика» Алматы 1997ж.
10. Жүнісов Б.А. «Нарықтық экономика негіздері» Ақтөбе 2001ж.
11. Жұмаев Б.А. «Экономиканың мемлекеттік реттелінуі» Алматы 2001ж.
12. Иктанов. Орманбеков.
«Экономиканы мемлекеттік
13. Ильясов К.К. Исахова Г.Б. «Расходы Государственного бюджета» Алматы 2003г.
14. Ильясов К.К. Исахова Г.Б. «Государственный бюджет» Алматы 1994г.
15. Қабдиев. Оралтаев. Ескендіров. «Экономикалық саясат» Алматы 2002ж
16. Кеулімжаев Қ.К. «Қаржылық есеп» Алматы 2001ж.
17. Мельников В.Д. Ильясов К.К. «Қаржы» Алматы 1994ж.
18. Осипова Г.М. «Экономикалық теория негіздері» Алматы 2002ж.
19. Ахметов Д. «Бюджетті
толықтыру – экономиканы
20. Есенгелдин Б. Орманбаев А. «Бюджеттік жоспарлауды жетілдірудің жолдары» Қаржы – Қаражат 1998 №8.
21. Тлеужанова. «Бюджетаралық
қатынастардың тұжырымдамалық
22. Статистический бюллетень №10 (58) 2003ж.
23. Транзитная экономика №5 2003ж
24. Экономическое обозрение Национального Банка №3 2003г.
25. Шайынғазы С. «Бюджет қаржысының жұмсалуындағы олқылықтар». Егемен Қазақстан №40 ақпан 2004ж.
Қосымша 1
2009-2012 жылдардағы түрлі
бюджетке негізгі салық
№ |
Көрсеткіштер |
2009ж. |
2010ж. |
2011ж. |
2012 ж. |
1 |
Табыстар - барлығы |
100 |
100 |
100 |
100 |
2 |
Салықтық түсімдер |
86.9 |
88,2 |
91,1 |
93,3 |
3 |
Корпоративтік табыс салығы: |
31,2 |
32,8 |
33,1 |
34,4 |
4 |
Қосымша құн салығы |
21.5 |
20,8 |
21,78 |
21,13 |
5 |
Әлеуметтік салық |
18,9 |
19,3 |
19,8 |
20,1 |
6 |
Жеке табыс салығы |
9,7 |
10,1 |
10,8 |
11,9 |
7 |
Акциздер |
3,7 |
3,8 |
4,0 |
4,0 |
8 |
Мүлікке салық |
1,3 |
0,24 |
0,3 |
0,3 |
9 |
Жер салығы |
0,3 |
0,3 |
0,4 |
0,4 |
10 |
Көлік құралдарына салық |
0,65 |
0,70 |
0,74 |
0,82 |
11 |
Жер қойнауын пайдаланғаны үшін салық |
0,25 |
0,16 |
0,18 |
0,23 |
12 |
Басқа да табыстар |
12,5 |
11,8 |
8,9 |
6,72 |
Информация о работе Мемлекттік бюжеттің қаржы базасын жетілдіру