Мемлекттік бюжеттің қаржы базасын жетілдіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2014 в 00:20, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыс жалпы үш тараудан тұрады. Бірінші тарауда мемлекеттік бюджеттің экономикада алатын орны, мемлекеттік бюджет ұғымы және маңызы, мемлекеттік бюджет құрамы мен құрылымы, яғни республикалық және жергілікті бюджеттердің маңызы, мемлекеттік бюджеттің материалдық өндіріс саласындағы рөлі және т.б. қарастырылған. Екінші тарау бойынша бюджеттің қаржы жүйесінде алатын орны, мемлекеттік бюджеттердің кірістері мен шығыстары, мемлекеттік бюджет тапшылығы және оны жою жолдары, мемлекеттік қарыз, мемлекеттік борыш және де бюджеттен тыс қорлар туралы қарастырылған. Үшінші тарауда мемлекеттік бюджеттік қаржыландыру қорлары, нысандары қарастырылған.

Содержание работы

Кіріспе...................................................................................................................3

1тарау Мемлекеттік бюджеттің экономикада алатын орны ...........................5
1.1 Мемлекеттік бюджет ұғымы және маңызы................................................5
1.2 Мемлекеттік бюджеттің құрамы мен құрылымы.......................................8

2тарау Мемлекеттік бюджеттің қаржы жүйесінде алатын орны..................17
2.1Мемлекеттік бюджеттің кірістері және шығыстары.................................17
2.2Мемлекеттік бюджет тапшылығы және оны жою жолдары....................26

3тарау Мемлекттік бюжеттің қаржы базасын жетілдіру...............................29
3.1 Мемлекеттік бюджеттік жоспарлауды жетілдіру.....................................29
3.2Мемлекеттік бюджеттің қаржы базасын жетілдіру..................................33

Қорытынды........................................................................................................37

Қолданылған әдебиеттер тізімі........................................................................39

Файлы: 1 файл

лашын кур жум.doc

— 402.50 Кб (Скачать файл)

салық төлемдер құрылымы %

 


Дерек көзі:

 

Диаграмма 1 бойынша мемлекеттік бюджетке түсетін салықтардың бюджеттің табыс бөлігін қалыптастырудағы құрылымы берілген. Бұл жерде айта кету керек, ең жоғарғы бюджеттің табыс көзін корпоративтік табыс салығы құраған (41,4%).  Қосылған құн салығы (29,6%) мен әлеуметтік салықтардың (20,1%) да үлесі  өте зор.

Бюджетте мемлекеттің кірістері мен қатар шығыстары да көрсетіледі. Шығыстар бюджеттік ассигнованиялардың бағыттары мен мақсаттарын көрсетеді11[13]. Өзінің құрылымы жағынан бюджеттің шығысы мынадай бөлімдерден тұрады: мемлекетті басқару шығындары, әскери шығындар, әлеуметтік– экономикалық мақсаттағы шығындар, мемлекеттік шаруашылық жұмыстарының шығындары, сыртқы экономикалық қызметтердің шығындары және т.б.  Бюджет шығындарының бірінші орнына ие болушы әлеуметтік баптар: әлеуметтік жәрдемдер, білім, денсаулық сақтау және басқалар. Бұл мемлекеттік экономикалық саясатының басты мақсатын дәлелдейді - әлеуметтік-экономикалық құрылысты тұрақтандыру, нығайту және оны өзгермелі жағдайлармен үйлестіру. Осы шығындар нарық шаруашылығына тән болатын әлеуметтік топтардың жіктелу зардаптарын жеңілдетуді, әл-ауқаты төмен топтардың лайықты білім алуын және медициналық қызметімен қамтамасыз етілуін көздейді. Олар тұрғындарға белгілі бір  тіршілік дәрежесін қамтамасыз етуге тиісті12[14].

Қазақстан Республикасының Конституциясы әр адамға жасы бойынша, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылған балалардың тәрбиесіне және т.б. жағдайларда әлеуметтік көмек көрсетуге міндетті.

Әлеуметтік жәрдем - бұл бөлу қатынастарының жүйесі. Ұлттық табыс көмегімен қоғамдық қор және азаматтарға қызмет көрсету ақшалай құралдардан тұрады. Әлеуметтік жәрдем бойынша шығыстардың негізгі түрі болып мемлекеттік жәрдемақылар табылады.

Мемлекеттік жәрдемақылар түрлері:

  1. жасына байланысты жәрдемақылар;
  2. мүгедектікке жәрдемақылар;
  3. әскеи қызмет орнында мерзімін өтеушілердің балаларына;
  4. жұмыссыздыққа жәрдемақылар және т.б.

Әлеуметтік жәрдемақылар төлеу және жағдайы нашар халыққы әлеуметтік көмек көрсетеді. Әлеуметтік сақтандыру өзінің экономикалық табиғаты бойынша адамның еңбек әрекетімен қарастырылады.

Әлеуметтік қажеттілікті қарастыру үшін 3 әдіс қарастырылады:

  1. сақтандыру;
  2. бюджеттік;
  3. қайырымдылық жарна.

Сақтандыру әдісі әлеуметтік төлем түрлерін қаржыландыру үшін қайта бөлу бойынша қызмет көрсетуге байланысты белгілі мөлшерде қайта қаржыландыруды болжайды, ал бюджеттік әдісте жалпы мемлекеттік қордағы ақша ресурстарын белгіленген мемлекеттің мүмкігдігін және бюджеттік саясаты мен әлеуметтік сақтандыру зейнетақымен қамтамасыз ету уақытша жұмысқа жарамсыздығы бойынша жәрдемақы төлеу жұмсалатын жағынан әлеуметтік қолдау көрсету медициналық сақтандыру жүйесі арқылы жүзеге асады.

Мемлекеттік шығындардың ішіндегі әлеуметтік көмекке шығындардың  әр облыс бойынша 2012 жылға  кеткен шығындарының үлес салмағын төмендегі диаграммадан көруге болады.

Диаграмма 2.

  

 

 

Диаграмма 2 бойынша айта кету керек, әлеуметтік көмек және әлеуметтік жәрдем негізінен республикалық бюджеттен қаржыланады. Бұл гистограммада бір тұрғынға шығындардың үлкен көлемі көрінеді. Мысалы, 2012 жылға Қостанай облысы бойынша бір тұрғынға шығыстар 1651 теңгені құрады, яғни аз көлемде, ал Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша максималды шығыс 3871 теңге. Қорыта айтқанда, республикалық бюджетте әлеуметтік көмекке кететін шығындардың алатын орны зор.

Шаруашылық қажеттеріне жұмсалатын шығындар, әдетте, аграрлық сектор үшін жасалатын шығындар жеке көрсетіледі, өйткені олардың әлеуметтік, саяси  маңызы бар.

Қарулануға, сыртқы саясатты материалдық қамтуға және әкімшілік басқаруға жұмсалатын шығындар көлемі жағынан елеулі болады.

Ішкі мемлекеттік қарыздарды өтеуге жұмсалатын шығындар реттеуді көздейді. Мысалы, қарыздың кейбір бөлігін мерзімінен бұрын өтеуге, жеке және мемлекеттік кәсіпорындар үшін несие мен субсидиялар шығындарының көлемі, ауыл шаруашылығына, инфрақұрылым объектілерін жасауға және оларды жетілдіруге, қару-жарақ сатып алуға және әскери құрылыстарға қажетті13[15].

Осы шығындардың көлемі сұраныс пен инвестициялар мөлшеріне елеулі әсер етеді. Дағдарыс және тоқырау кезінде шаруашылық жағдайларына жасалатын мемлекеттік бюджеттің шығындары әдетте, өсіп отырады, ал коньюнктура қыза түскен болса – төмендейді.

 Қазақстан Республикасында  білім беру қызметі мен жанұялық  тәрбиені  мектепке дейінгі тәрбие, жалпы орта білім беру, мектептен  тыс тәрбие беру мен оқыту, білікті – техникалық білім  беру, орта маманды білім беру, жоғарғы білім беру, жоғарғы оқудан кейінгі білім алу, жоғарғы квалификация мен кадрларды қайта дайындау және қосымша білім алуды дайындайтын мектептерінің жиынтығы – білім беру жүйесі болып табылады. Басқару және жоғары мемлекеттік билік органдарының қызметін парламент және республиканың жоғарғы орындау органдары, мемлекеттік басқарудың орталық органдарын  республиканың Білім беру министрлігі жүзеге асырады. Бюджеттен қаржыландырылатын білім беру мектептері мыналар:

  1. мектепке дейінгі балалар мекемесі;
  2. орта, толық емес, бастапқы мектептер;
  3. гимназия және лицей;
  4. арнайы мектептер;
  5. мектеп интернаттар, ерекше тәртіптегі мектеп интернаттар;
  6. балалар мен мектептен тыс жұмыс істеу мектептері;
  7. балалар үйі;
  8. кешкі және сырттай орта және жалпы білім беру мектептері;
  9. білікті техникалық училище;
  10. кадрларды дайындау бойынша оқу орны;
  11. жоғарғы оқу орындары;
  12. квалификацияны жоғарылату институты.

 

Кесте 2.

 

2011 – 2012 жылдардағы білім беруге кеткен шығындардың жалпы көлемінің үлес салмағы

 

 

Облыс аттары

2010ж

2011ж

2012ж

1 тұрғынға 2001ж

( теңге)

сомасы

үлес салмағы

сомасы

үлес салмағы

сомасы

үлес салмағы

1

2

3

4

5

6

7

8

Ақмола

3729

39,7

3908

35,5

4479

34,0

5355,3

Ақтөбе

3717

39,7

4086

32,0

4650

26,4

6812,6

Алматы

5544

53,1

6713

50,5

8659

41,5

18623,4

Атырау

2996

18,1

4352

10,8

4612

8,9

10475,0

Шығыс Қазақстан

 

6747

 

29,8

 

7115

 

21,8

 

8295

 

28,4

 

5417,9

Жамбыл

3068

46,4

3498

41,5

4780

39,3

4833,9

Батыс Қазақстан

 

3546

 

43,8

 

3838

 

38,7

 

5143

 

29,5

 

8338,2

Қарағанды

5364

31,3

6004

23,7

6682

20,7

4738,3

Қостанай

4213

41,4

3705

31,7

4324

29,8

4248,7

Қызылорда

2855

36,3

2964

28,3

3582

27,2

6007,9

Маңғыстау

2127

20,7

3180

16,7

3675

17,4

11678,9

Павлодар

3979

30,2

3893

31,3

4830

29,0

5985,3

Солтүстік Қазақстан

 

3278

 

40,6

 

3352

 

39,1

 

3844

 

35,2

 

5294,9

Оңтүстік Қазақстан

 

6408

 

48,6

 

8413

 

40,2

 

10799

 

42,6

 

5458,6

Алматы қаласы

 

4211

 

14,2

 

4337

 

10,7

 

6128

 

11,2

 

6504,4

Астана қаласы

 

3543

 

18,0

 

1738

 

7,4

 

2077

 

7,5

 

5426,1


 

 

Кесте 2 бойынша Білім беруге облыстар  бойынша бюджет шығыстарының жалпы мөлшері Ақмола облысы бойынша 2010 жылы 9375 млн. теңгені құрады, ал 2011 жылы – 11009 млн теңге және 2012 жылы 13175 млн. теңге. Осыған қарасты Ақтөбе облысы бойынша 2011 жылы 12801 млн. теңге, ал 2012 жылы 17595 млн. теңге. Қазақстанда 2012 жылы 1 тұрғынға шығын 4833 теңгеден – 18623 теңге арсында құбылып тұрады.

«Қазақстан Республикасының 2013 жылғы республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес жергілікті бюджеттен  Қазақстан Республикасының «Шектеулі мүмкіндікті балаларды әлеуметтік және медициналық педагогикалық қолдау туралы» бағдарламаға 510млн 517000 теңге сомасында ақша бөлінді. Бюджеттік саясат денсаулық сақтау саласында халыққа  сапалы медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз етеді.

Денсаулық сақтаудағы бюджеттің құлдырауы, елдің қаржы жүйесіндегі әлеуметтік бағдарламалардың аймақтануы, мемлекеттің қайта қарастыру рөлі халықты әлеуметтік қорғауда іс – тәжірибелік қызметтің болуын қажет етеді. Қазақстан денсаулық сақтауы үшін қазіргі уақытта халыққа сапалы медицина көмегі маңызды болып тұр.

Денсаулықты сақтауды қаржыландыру мемлекеттік бюджет есебінен жүргізіледі.

 

Диаграмма 3.

 

Диаграмма 3 бойынша қорытындылай келе аймақтар бойынша денсаулықты сақтауды қаржыландырудың орташа көрсеткіштері 1тұрғынға 4445 теңге. Сонымен қатар 8 облыс бар. Ақтөбе облысы бойыншы – 3291 теңге, Жамбыл облысы бойынша – 2940 теңге, Қарағанды облысы бойынша – 3705 теңге, Қостанай облысы бойынша – 3988 теңге, Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 4133 теңге, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 3841, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша – 2929 теңге, Алматы облысы бойынша – 3213 теңге.

Сонымен 6 облыс бойынша бұл көрсеткіш орташа дейгейден жоғары. Мысалы Ақмола облысы бойынша - 5185 теңге, Батыс Қазақстан облысы бойынша - 5693 теңге, Қызылорда облысы бойынша – 5720 теңге, Маңғыстау облысы бойынша – 8381, Астана қаласы бойынша – 4532 теңге, Алматы қаласы бойынша – 4708. Айта кету керек соңғы жылдары жергілікті бюджет шығыстарының азайғанын көреміз, бұл жерде бір тұрғынға нормативі төмен аймақтарға денсаулық сақтауды қаржыландыруды толықтыру қажет. 

Бюджеттiк шығындар мемлекеттiң қызмет етуiне байланысты жұмсалатын ақшалай шығындар. Бюджеттiк шығындар қоғамдық өндiрiстi дамыту мен жетiлдiру,   жалпы коғамдық өнiмдi бөлу, қайта бөлу және тұтынуға байланысты болатын экономикалық қатынастарды бiлдiредi.

  Мемлекеттiк шығындардың құрамына мемлекеттiк бюджеттiң шығыстары мен бюджеттiк кәсiпорындар мен ұйымдардың, өндiрiстiк емес сала  мекемелерiнің  шығындары кiредi. Бюджеттiк кәсiпорындардың  шығындарының  құрамына мыналар кіреді:

    1. өндiрiстiк, шаруашылық - пайдалану қызметiне байланысты шыгыстар;
    2. негiзгi және айналым қорларына жұмсалатын шығындар;
    3. бюджетке төленетiн төлемдер;
    4. сыйлық қорларына төленетiн төлемдер жатады.

 

Шығындардың бiрiншi тобы қорлардың айналымына байланысты. Ол өндiрiс шығындарының орнын толтырады және шығындарға шартты түрде жатады. Сондықтан бюджеттiк кәсiпорындар бойынша мемлекеттiк шығындар, шығындардың тек екiншi және үшiншi тобын қамтиды.  Бюджеттiк кәсiпорындар қаржыландыру шығындарының жеке түрлерiн анықтайтын баптар бойынша жүргiзiледi. Оларға:  еңбек ақы қоры, жалақы есебi, кеңсе және шаруашылық  шығындары, құрал жабдықтар сатып алу, күрделi жұмсалым, күрделi ғимараттарды жөндеу және т.б.

   Мемлекеттік шығындардың  жеке түрлері өзiнiң экономикалық мазмұны мен маңызы жағынан бiр тектi емес. Бұл шығындарды қаржыландыру көздерiнiң, нормаларының және әдiстерiнiң өзгешiлiгiмен  байланысты.

   Бюджеттік шығындар  қаражаттарды барынша тиiмдi пайдалана отырып, мемлекеттiк қажеттердi неғұрлым  толық қанағаттандыруды қамтамасыз етуi тиiс. Осыған байланысты шаруашылықты жүргiзудiң ерекшелiктерiмен анықталатын мемлекеттiк шығындардың негізгі мақсаты -  әдiстері бар шаруашылық есептегi бюджеттiк кәсiпорындарды қаржыландыру.   Сметалық бюджеттiк қаржыландыруға әдiс ретiнде айналысқа қолма қол ақша шығару және несие   эмиссиясы есебiнен қаржыландыру қолданылады. Бiрiншi жағдайда шығындар меншiктi ресурстар, банктік несиелер есебiнен табылады.

 Сметалык тәртiппен әлеуметтiк  мәдени шараларына мемлекеттiк билiк пен  басқару органдарын ұстауға, қорғанысқа жұмсалатын ерекше құжаттардың, яғни сметалардың негiзiнде анықталатын шығындар қаржыландырылады. Сметалық тәртiппен қаржыланатын мекемелер мен ұйымдар бюджеттiк деп аталады. Экономикалық соның iшiнде қаржылық әдiстi пайдалану мемлекетке әмiршiл  әкiмшiлiктен  (қоғамдық өндiрiстi дамытудың жоспарланған қарқынын қамтамасыз ететiн және оған тән бюджеттiк қаржыландыру мен жәрдемдiк қаржыландыру әдiстерiмен) бас тартуға және қаржы ресурстарын жұмсаудың бұрынғыға қарағанда  бюджеттiк механизiмдi түбiрлi қайта құру жолымен экономикалық қаржылық реттемесiне көшуге мүмкiндiк бередi. Экономикалық қаржылық реттемесiне көшу мемлекеттiк шығындарды айтарлықтай қарастыруға, олардың құрамы мен құрылымын өзгертуге мемлекеттiк кәсiпорындар мен бюджеттiк ұйымдардың  шығындарын көбейтуге мүмкiндiк бередi. Экономика саласындағы мемлекеттiк шығындардың халық шаруашылығы саласында  зор маңызы бар: олар қоғамдық құрылымын қайта құруға, ғылыми  техникалық салаларын қайта жарақтандыруға көмектеседi. Инвестициялық саясатты жүзеге асыруда, табиғатты қорғау шараларын жүргiзуде, экологиялық таза технологияларды тартуда белсендi рөл атқарады.

Информация о работе Мемлекттік бюжеттің қаржы базасын жетілдіру