Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жағдайындағы бюджеттін ролі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2014 в 21:29, дипломная работа

Описание работы

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бюджет мемлекеттің орталық-тандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалануға бағытталатын қаржылық қатынастардың жиынтығы. Қаржылық қатынастардың жиынтығы ретінде мемлекеттік бюджетке ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер тән.

Содержание работы

КІРІСПЕ………………………………………………..……………………............3
1. БЮДЖЕТТІҢ МЕМЛЕКЕТ ЭКОНОМИКАСЫНА ТИГІЗЕТІҢ ӘСЕРІ.....6
1.1 Бюджеттің әлеуметтік-экономикалық мәні, мазмұны және ролі................6
1.2 Бюджеттік саясаттың негізгі міндеттері мен жүйесін қалыптастыру қағидалары........................................................................................................22
2.ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БЮДЖЕТТІН РОЛІ..........................................................................................................................31
2.1 Қазақстан Республикасы бюджетінің құрылымы мен өсу қарқынын талдау..................................................................................................................31
2.2ҚазақстанРеспубликасының мемлекеттік бюджет түсімдері мен шығыстарының мақсаттылығы мен бағыттылығы..............................................40
2.3 Бюджет артықшылығының экономикаға тигізетін әсерi................................45
3.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖІТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ...........................................49
3.1 Қазақстан Республикасында бюджет жүйесін ұйымдастырудағы ерекшеліктері.........................................................................................................49
3.2 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін жетілдіру жолдары...............51
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................57
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................

Файлы: 1 файл

Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жағдайындағы бюджеттін ролі.docx

— 964.60 Кб (Скачать файл)

Бюджет шығыстарының функциялық сыныптамасының негізінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін, функциялық топтар мен бюджеттік бағдарламаларды (ішкі бағдарламаларды) топтастыру арқылы жасалатын бюджет шығыстарының ведомстволық сыныптамасы қалыптастырылуы мүмкін.

Мемлекеттік басқарудың функциялары мен мемлекеттік салауатты жүзеге асыру жөніндегі бюджеттің шығыстары бюджеттік бағдарлама деп аталады. Оның мақсаты бюджеттік бағдарламаны орындау кезінде қол жеткізуге тиіс белгілі бір түпкілікті нәтиже болып табылады.

Экономикалық нәтижелерге қарай бюджеттік бағдарламалар былайша ажыратылады:

- ағымдағы бюджеттік бағдарламалар, олар тұрақты сипаты бар немесе  дамудың бюджеттік бағдарламаларына  жатпайтын біржолғы шаралар өткізуді  көздейтін заңнамалық актілерге  сәйкес мемлекеттік басқарудың  функциялары мен мемлекет міндеттемелерінің  орындалуын қамтамасыз етуге  бағытталады;

- дамудың  бюджеттік бағдарламалары, олар  бюджеттік инвестицияларды жүзеге  асыруға бағытталады.

Белгілі бір функцияларды атқаратын мемлекеттік басқару деңгейіне қарай бюджеттік бағдарламалар республикалық бюджетте бекiтілетін республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламаларға бөлінеді.

Жузеге асыру тәсіліне қарай бюджеттік бағдарламалар бір әкімші жүзеге асыратын жеке-дара бюджеттік бағдарламалар және бюджеттік бағдарламалардың бір әкімшісі бойынша бюджетте бекітілетін және бюджеттік бағдарламалардың түрлі әкімшілері арасында қаржы жылы ішінде бөлінетін бюджеттік бағдарламалар болып бөлінеді.

Бюджеттiк бағдарламалардың тиімділігін бағалау үш стадияда - бюджеттің жобасын әзірлеу кезiнде, бюджетті атқару кезінде және бюджеттің атқарылуын бақылау кезінде жүзеге асырылады.

Жоғарғы және төменгі бюджеттердің бюджет процесіндегі қатынастары бюджетаралық қатынастар болып табылады.

Нарықтық экономика жағдайында бюджет процесінде жоғарғы және төменгі бюджет арасындағы бюджетаралық қатынастар және кірістер мен шығыстарды бюджеттер деңгейлері арасында бөлу аса маңызды проблемалардың бірі болып отыр.

Бюджет кодексіне сәйкес бюджет процесінде облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің басқа осындай бюджеттермен, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің бір-бірімен өзара қарым-қатынастарына жол берілмейді.

Бюджетаралық қатынастар мемлекеттік басқарудың деңгейлері арасында функциялар мен өкілеттіктердің ара жігін дәлме-дәл ажыратуға, бюджеттер деңгейлерінің арасында түсімдер мен шығыстарды бірыңғай бөлуге, сондай-ақ бюджетаралық қатынастарды айқындау едістерінің біртұтастығы мен ашықтығына негізделген.

Үкімет пен орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың жергілікті атқарушы органдарының тиісінше облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджет процесіне араласуына жол берілмейді.

Шығыстардың өкілеттіктерін немесе түсімдердің жекелеген түрлерін бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне беру бюджет кодексіне өзгертулер енгізгенде ғаңа жүзеге асырылады.

Бюджетаралық қатынастар мынадай қағидаттарға негізделеді:

  1. облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің республикалық бюджетпен өзара қатынастарда, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің жоғарғы облыстық бюджетпен өзара қатынастарда теңдігі;
  2. түсімдерді тиімді бөлу, ол түсімдердің ара жігін ажыратудың мынадай өлшемдерін бір мезгілде сақтауды ескереді: төменгі бюджеттерге тұрақты сипаты бар, сыртқы факторлардың әсеріне тәуелсіз салықтық және салықтық емес түсімдер бекітіледі;

мемлекеттік мекемелер көрсеткен қызметтер үшін төлемақы болып табылатын салықтық және салықтық емес түсімдер аталған қызметтер көрсету қаржыландырылатын бюджет кірісіне түседі;

қайта бөліну сипаты бар, сондай-ақ салық базасы әркелкі орналастырылатын салықтар бюджет жүйесінің неғұрлым жоғары деңгейлеріне бекітіледі;

салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді бекіткен кезде оларды жинаудың неғұрлым жоғары дәрежесін қамтамасыз ететін бюджет деңгейіне артықшылық беріледі;

нақты аумақтық байланыстылығы бар салықтық базадан алынатын салықтар жергілікті бюджеттерге бекітіледі;

  1. Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктерінің бюджеттік қамтамасыз етілу деңгейлерін теңестіру;
  2. жергілікті атқарушы органдардың бірдей деңгейде мемлекеттік қызмет көрсетуін қамтамасыз ету;
  3. мемлекеттік қызмет көрсетуде ұсынудың барынша тиімділігі мен нәтижелілігі - мемлекеттік қызмет көрсетудің неғүрлым тиімді және нәтижелі жүргізілуі мен ұсынылуын қамтамасыз ете алатын мемлекеттік басқару деңгейіне мемлекеттік кызметтер көрсетуді бекітіп беру;

6) мемлекеттік  қызмет көрсету деңгейін оны  алушыларға барынша жақындату-қызметтерді  алушылардың қажеттерін жақсылап  есепке алу және мемлекеттік  қызметтер көрсету сапасын арттыру  мақсатымен, көрсетілетін қызметтерді  атқаруды бюджет жүйесінің мүмкін  болғанша неғүрлым төмен деңгейіне  беру;

7) бюджеттің  әрбір деңгейінің алынған ресми  трансферттер мен кредиттердің  тиімді және нысаналы пайдаланылуы  үшін жауаптылығы.

Бюджетаралық қатынастар:

1) республикалық  және облыстық бюджет, республикалық  маңызы бар қала, астана бюджетінің  арасында:

- ресми трансферттермен;

- бюджеттік  кредиттермен;

2) облыстық  және аудандық (облыстық маңызы  бар қалалар) бюджеттер арасында:

- ресми трансферттермен;

- бюджеттік  кредиттермен;

- кірістерді  бөлу нормативтерімен реттеледі.

Ресми трансферттер жалпы сипаттағы трансферттер ағымдағы нысаналы трансферттер, дамуға арналған нысаналы трансферттер болып бөлінеді.

Бюджетаралық қатынастарды реттеу нысандарын айқындаған кезде бюджеттер деңгейлерінің әрқайсысының салықтық әлуеті, аймақтардың объективтік бюджеттік қажеттіліктерін бағалау нәтижелері, бекiтілген заттай нормалар ескеріледі. Бюджетаралық қатынастарды реттеу нысандары орта мерзімді фискалдық саясатқа сәйкес белгіленеді.

Нысаналы трансферттер мен кредиттерді жергілікті атқарушы органдар тек қана олардың нысаналы қызметіне сәйкес пайдаланады. Нысаналы трансферттер мен кредиттердің нысаналы мақсатқа сай пайдаланылмаған сомалары осы трансферттер мен кредиттерді бөлген жоғарғы бюджетке ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанына дейін міндетті түрде қайтарылуға жатады.[3]

Нысаналы трансферттер мен кредиттердің қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомалары осы трансферттер мен кредиттерді бөлген жоғарғы бюджетке қаржы жылы аяқталғаннан кейін он күн ішінде міндетті түрде қайтарылуға жатады.

Бюджетаралық реттеу - теңгерімділік мақсаттарында жоғарғы бюджет ресурстарының бір бөлігін төменгі бюджетке беруден тұратын және керісінше, ақша қаражаттарын бөлудің жүйесі. Реттеу механизміне бюджеттік субвенциялар, бюджеттік алынымдар, реттеуші кіріс көздері жатады.

Бюджеттік алынымдар - заңнамалық актілермен немесе мәслихаттардың шешімдерімен бекітілген сомалар шегінде төменгі бюджеттердің жоғарғы бюджеттерге беретін ресми трансферттері.

Субвенциялар-төменгі бюджеттердің жоғарғы бюджеттерден заңнамалық актілермен және маслихаттардың шешімдерімен бекітілген сомалар шегінде алатын ресми транферттері.

Реттеуші кіріс көздері бекітіліп берілген және реттеуші болып бөлінеді.

Бекітіп берілген кірістер - бұл түгелдей немесе ішінара белгілі бір бюджетке берілетін бюджет қаражаттары.

Реттеуші кірістер - жоғарғы бюджеттен төменгі бюджетке нығайту үшін бағытталатын қаражаттар.

Бекітіп берілген және реттеуші кірістердің тізбесі бюджет заңнамасында белгіленеді.

Егер биліктің әрбір деңгейінде жиынтық бюджеттердегі түсімдердің көлемі жалпы алғанда олардың функцияларын жүзеге асыру үшін жеткілікті болса бюджет жүйесi сатыластығы жағынан баланстандырылған деп есептеледі. Деңгейлес теңгерімділік - биліктің тиісті деңгейлерінің жеке аймақтары мен аумақтарының бюджеттеріндегі кірістер мен шығыстардың жалпы сәйкестігі.

Сатылас теңгерімділікке жету - жалпы теңгерімділіктін I-кезеңі, ал деңгейлес теңгерімділікке жету - теңдестірудің II-кезеңі, ол Қазақстанда бюджеттік алынымдар мен субвенциялар арқылы жүзеге асырылады.

Бюджетаралық қатынастарда түрлі деңгейлер бюджеттерінің қаржы өкілеттіктерінің келісілмегендік және олардың өкілеттіктері мен кірістерін қамтамасыз ету проблемалары бар: аумақтық бюджеттердің нашар салық базасы; қайта бөлу саясатындағы тұрлаусыздық. Бюджетаралық қатынастар жоғарғы бюджеттердің төменгі деңгейдің бюджеттерін орталықтандырылған нығайту негізінде қүрылады. Мұндай саясат аумақтарды шығыстардың неғұрлым жоғары нормативтерін қаққылауға бағдарлайды. Жоғарғы органдар “тағдырды шешушіге” айналады, бұл жемқорлыққа негіз қалайды. Бұл жағдаятта биліктің

жергілікті органдарының құқықтарын кеңейту қажет,ол үшін олардың үш топтағы өздерінің салықтары болуы керек:

1) негізгі  рөлдi ойнайтын салықтар:

а) тура салықтар: мүлік, жер салықтары, көлік құралдарына салынатын салық;

ә) жанама салықтар: сатып алуға салынатын салық, көпшілік тұтынатын тауарларға салынатын акциздер;

2) жергілікті  органдардың аумақтарында жиналатын  мемлекеттік салықтарға биліктін, орталық органдары белгілі бір  пайызбен белгілейтін салықтар;

3) басқадай  жергілікті салықтар, алымдар және  төлемдер, салықтық емес кірістер (жерді   жалға беру және   сату; орман массивтерін жалға  беру; басқадай түсімдер).

Жергілікті бюджеттерде салықтық және салықтық емес кірістер 85-70% құрайды. Нарықтың қалыптасуы кезеңіндегі бюджеттердің негізгі проблемалары мыналар:

1. Төленбеген төлемдер. Бұл  проблема мыналардан шығатын  айналым қаражаттарының жетіспеушілігі  салаларынан пайда болады:

- еркін баға  белгіленімін белгілеуден;

- кәсіпорындардың  өзара коммерциялық кредиттер  беруінің тоқтатылуынан;

- төлем және  есеп айырысу кредиттерінің күшін  жоюынан;

- өндіріс  тиімсіздігінен.

Төленбеген төлемдердің проблемасы мұндаға дейін қосымша төлем қаражаттарын шығару арқылы шешіліп келді.

2. Жалақы бойынша берешек. Ол мына себептердсн пайда  болады:

  1. ақша қаражатының жоқтығы;
  2. ақша қаражаттарын айналымға коммерциялық құрылымдарға қасақы жіберу;
  3. әр түрлі банктерде бірнеше есеп айырысу шоттарының болуы;

4) бюджеттер  жоспарланған деңгейдегі қаражаттарды  ала алмайды.

3. Заң бойынша тиісті  міндетті төлемдері жұмылдыруға  бейімсіз салық жүйесінің кемшіліктері. Бұл салық төлеуден жалтарынуға  “ілік” беретін салық заңнамасының  жетілдірілмегендігімен, салық механизмінін  салық төлеушілер үшін күрделілігімен, ондағы түзетулердің, толықтырулардың  көптігімен, салық службасы деңгейінің  төмендігімен байланысты.

4. Орталық пен жергілікті  жерлердің арасында айқын өкілеттіктің  жоғы. Бұл  бюджетаралық қатынастардың  негізгі белгілі бір идеяға  құрылуы үшін қажет: елге мемлекеттің  тіршілік әрекетінің басты бағыттарын: энергетиканы, көлікті, қорғанысты, стратегиялық  ресурстарды пайдалануды өзіне  ала алатын қуатты орталық  қажет. Басқа қалғандардың барлығын  жергілікті биліктер орындауы  тиіс.[2]

 Қаржылық  қатынастардың бұл жиынтығы «мемлекеттік бюджет» ұғымының экономикалық мазмұнын құрады. Бюджет мемлекеттің қажетті атрибуты және оның егемендігінің негізі. Бюджеттің көмегімен тиісті мемлекеттік және муниципалдық құрылымдардың ақшалай қаражаттарының қорлары құрылады, бұл қорлар олардың жалпы маңызды міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді, мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару орғандарының функцияларын жүзеге асырудың қаржылық негізін жасайды. Бюджеттерде мемлекеттің қаржылық ресурстарының аса ірі бөлігі шоғырландырылады, бұл мемлекеттің қаржылық саясатын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қажет. Экономикалық қатынастардың жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджеттің объективті сипаты болады. Мемлекеттік бюджеттің болуы мүлдем адамдардың субъективті қалауының (еркінің) нәтижесі емес, ұлғаймалы ұдайы өндірістің мұқтаждарымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен шарттасылған объективті қажеттігі.

Экономика дамуының қазіргі кезеңінде орталықтандырылған қаржылық ресурстар мемлекетке қоғамдық өндірістің қажетті қарқындары мен үйлесімдерін қамтамасыз етуге,оның салалық және аумақтық құрылымдарын жетілдіруге жетуге, экономика салаларын дамытудың бірінші кезектегі бағдарламалары үшін қажетті мөлшерлерде қаражаттарды қалыптастыруға, ірі әлеуметтік өзгертулер жүргізуге жағдай жасайды. Қаржыны орталықтандырудың аркасында ақшалай қаражаттар мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатын табысты іске асыру үшін жағдайлар жасай отырып, экономикалық және әлеуметтік дамудың шешуші учаскелеріне шоғырландырылады.

Информация о работе Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жағдайындағы бюджеттін ролі